Мерзімі: 2015ж Мұғалім: Сапаралиева Н. С нұркул сейдуалиевна



Дата11.01.2017
өлшемі76,47 Kb.
#7126
өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №96 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектеп Мерзімі: 2015ж

Мұғалім:Сапаралиева Н.С нұркул сейдуалиевна

Тақырып: Өнеге отбасынан басталады.

Құндылық:Сүйіспеншілік

Қасиеттері: «мейірімділік», «сыйластық» «қамқорлық», «ізеттілік», «кішіпейілділік», «тәкаппарлық», «бірлік», «махаббат».

Сабақтың мақсаты: Отбасынан, ата-анасын туыстарымен жақындарын бағалай білу, құрметтеу сезімдерін кеңейту. Отбасылық қарым-қатынас, отбасы беріктілігі. Ұрпақтар сабақтастығы туралы түсіндіру. Отбасы туралы түсінік бере отырып, «дұрыс әрекет» құндылығы негізінде «сыйластық», «ізеттілік», «құрметтеу», «кішіпейілділік», «тәкәппарлық», «сүйіспеншілік», «бірлік», «қақорлық», «мейірімділік», «махаббат» қасиеттері түсініктерін кеңейту.

Ресурстар:

(құралдар,

Мәліметтер,

Интербелсен

-ді тақта

плакат


Сабақтың міндеттері:

-отбасы қарым-қатынасы,отбасы бақыты,ұрпақтар сабақтастығы туралы білім беру;

-отбасында жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту үшін дұрыс әрекет жасауға дағдыландыру;

-туған үйлерімен отбасына деген сүйіспеншіліктерін дамыту;

-отбасында бір біріне деген мейірімділікке,бірін-бірі бағалайбілуге,қамқорлық жасап құрметпен кешіре білуге тәрбиелеу.



Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: «Нұрға бөлену»

Денемізді тік ұстап,орындықта еркін отырамыз.Қол мен аяқты айқастырмаймыз.Біз тыныс алуға шоғырланған кезде біздің санамыз тынышталады.Тынысты сыртқа шығарғанда біз өзімізге тыныштық пен қуанышты жинаймыз.Тыныстықты сыртқа шығарғанда біз барлық мазасыздықты сыртқа шығарамыз.Ал енді дайындаламыз.Көзімізді жұмамыз,арқамыз тік қолдарынды тізе үстіне коюларыңа болады.Тынысты ішке тартамыз,сыртқа шығарамыз.Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып,сабырлы болуға тырысыңыз.Қазір біз табиғатқа серуенге шығамыз.Көз алдымызға жайлы ауланы елестетеміз.Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз.Айналадағы бар нарсені бақылап гүлдер мен ағаштардың иісі,құстардың дауысы естіледі.Айналаңызға тағы бір қараңыз,таза ауаны терең жұтыңыз.Жүрегіңізді мейіріммен сүіспеншілікке және татулыққа баулып,тыныштық қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз.

Көзімізді ептеп жәймен ашайық(өз ойларыңызбен бөлісуге болады).





Үй тапсырмасын тексеру:

Үйге берілген «отбасы татулығы» аңыз әңгімесін әңгімелеп беріп, сұрақтарга жауап берейік.

-Отбасы татулығын ұстап тұрған қандай қасиеттер бар?

-Отбасы жарастығы дегенді қалай түсінесіңдер?

-Отбасының сыйластығына қалай жеткізуге болады?

-Отбасының татулығы қандай табыстарға жеткізеді?

-Отбасында сен қандай шаруаларды атқарасын?

Осы сұрақтарға жауап беру арқылы коптеген тапсырмалар орындаймыз.






Сабақтың дәйексөзі:

«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады.»Отанға деген ыстық сезім-жақындарына,туған-туысқандарына деген сүіспеншіліктен басталады.» Н.Ә.Назарбаев

«Әлемде өзгермейтін үш-ақ зат бар.Ол-ананың ақ сүті,күннің нұры,сәбидің күлкісі»

М.Горький

Білім алушылар өз ойларымен бөліседі.

Мұғалім:


-Мақалды қалай түсінесіңдер?

Оқушылар ойларын айтады/






Әңгімелеу:

Патриция Сент-Джонның әңгімесі(ағылшын жазушысы)



«Ақ орамал»

Автобус аялдамасы өтетін жол жиегінде отырған адам жолдағы тастарға тесіле қарап қалған.Оның қырынбаған бет-аузы,салбырап кеткен иықтары мен жыртық бәтеңкесі аялдамада топталып тұрған адамдардың назарын өзіне аударды,бірақ әлгі адамның өзіңе

қадалған жанарлармен еш шаруасы жоқ. Ештеңке елеместен ол өзі және өзінің өмірі туралы қалың ойға батып кеткен еді.

Ол өзінің қызыл кірпіштен салынған үйде тұрған кішкентай бала кезін есіне алды. Бөлмесінің терезесі алдындағы гүлді, әкесі бұған қарастырып берген әткеншекті, велосипед теуіп үйренген жолды сағынышпен есіне түсірді. Бұған велосипед алып беру үшін, ата-анасы еңбек – ақыларын бірнеше ай бойы жинаған еді.

Содан бері аттай жиырма жыл өтіпті! Мүмкін, үйді баяғыда бұзып тастаған шығыр....

Жігіттің бүкіл денесі дір етті, естеліктің айқындығы сондай, олар мұның жан дүниесін ауыртып, осыдан он жыл бұрынғы кезін бастан кешкендей сезімде болды.

Ол кезде бұл екі велосипедін мопедке ауыстырып, үйінде аз бола бастаған. Өйткені жұмысы мен көптеген достары бар еді. Әкесі мен шешесі бұған кері және мезі қыларлықтай көрінді, ол көбіне уақытын сыраханада көңілді өткізген еді.

Бірақ, ашығын айтқанда, оның жиылып қалаған қарыздары мұны ата-анасының үйіне қайтып оралуға мәжбүр еткен. Анасы баласының келгеніне қуанып, тамағын әзірлеп жүр. Ол ата-анасынан ақша сұрамақшы болғанын жасырды, бұдан шығудың оп-оңай қарапайым жолы табылды, бұл әкесінің ақшаны қайда сақтайтынын жақсы білетін, ата-анасының баққа шыққан сәтін пайдаланып, әкесінің жинаған ақшаларын қолына түсірді. Ол ата-анасын ең соңғы рет көруі еді, өзі істеген әрекеттен кейін ол үйіне келе алмайтын болды. Көп кешікпей шетелге кетті.

Ата-анасы оның ұзақ сергелдеңге түсіп сандалғандығы мен түрмеде өткізген жылдары жөнінде ештеңе білмеді. Бірақ ол түнде жатқанда, ата-анасы жайында көп ойланатын. Кейде оның жүрегін қайғы мұң басатын. Егер ата-анасы әлі тірі болса және мұны көргілері келсе, бостандыққа шыға салысымен олармен қайта кездесуді қандай армандады десеңші....

Жазасын өтеп, бостандыққа да шықты. Туған қаласына асығыс бет алды. Автобустан түскенде жол бойындағы гүлдерді, әткеншектегі немесе велосипед тепкен баланы қызыл кірпіштен салынған үйлерді көргенде мазасы кетті. Ол үйінде бір тиынсыз бос қалтамен келеді, сондықтан жолдың көп бөлігін жаяу жүріп өтті. Оның ертерек жетуі де мүмкін еді, бірақ туған қалашығына жиырма шақырымдай қалғанда, мұның бойын кенет бір күмән жайлап алды.

Ата-анасына осылайша оқыстан баруға мұның қандай қақысы бар?

Бірақ олар осы алба-жұлба кезбеден бір кездері өздері сүйген, бұлардың үміттерін қатігездікпен алдаған балаларын тани қояр ма екен? Осы күні бойы дерлік ағаш саясында отырды. Кешкісін өзіне қанша ауыр тисе де, ата-анасына қысқа ғана хатты бірнеше сағат отырып жазды. Хатта: «мені көргілерің келетініне ешқандай үмітім жоқ екенін білемін.... Шешім сіздерде. Мен бейсенбі күні көшенің аяғында таңертең ерте күтемін. Егер үйге келуімді қаласаңыздар, менің жататын бөлменің терезесіне ақ орамал іліп қойыңыздар. Оны сол жерден көрсем, үйге келемін, көрмесем ескі үйге «қош бол» деймін де, өз жолыммен кетемін ...», - деген сөздермен аяқталған еді.

Міне, бейсенбі күні де жетті. Адасқан ұл белгіленген жерге келді. Өзінің ескі көшесі! Не күтіп тұрғанын анықтағанша тағаты таусылып, төзімі жетпей барады. Ол жол бойына отырып, жолдағы тастарға көз тікті. Бұл істі кейінге ысыра беруге болмайды, тәуекел ету керек, түптеп келгенде, олардың көшіп кетуі де мүмкін ғой... Егер терезеден ақ орамалды көрмесе ше... Ал ата-анасы әлі бұрынғыдай осында болып, әншейін мұны көргісі келмейтіндей жағдайда болса... өзіңе не болатыны туралы ойлауға бата алмай, өзін-өзі жұбатуда. Орнынан әзер көтерілді, көпір астында өткізген түннен кейін денесінің бәрі қақсап ауыра бастады.

Суықтан дірілдеген кезбе баяу басып, ескі шынар ағашқа бет түзеді, сол жерден үй алақандағыдай айқын көрінетін. Ол ағашқа жеткенше үй жаққа қармаймын деп шешті. Шынар ағашының қасына таяғанда ғана тарс жұмды. Ақырында терең демалып, көзінашқанда,оның жанары құмарта алға тігілді.Қызыл кірпішті үйдің шатырына кун сәулесі түсіп тұр екен,оның жүрегі дүрсілдеп қоя берді....бірақ мынау не өзі?

Әрбір терезеге жастықтың тысы,сүлгі,дастархан,қол орамал және асхана салфеткалары ілінген.Шымылдық терезе желдеткішімен бүкіл шатырға созылған.Таңғы күн сәулесінде жарқыраған қар тәрізді.

Оқыс қателікке жол бермес үшін,ата-анасы қолдарынан келгеннің бәрін істепті!Ақшақардай аппақ болып жарқыраған өз үйін көрген ұлдың еңсесінен ауырлық түсіп,бойы жеңілдеп,кеудесін қуаныш кернеді.

Екі көзден парлап аққан жасқа ие бола алмаған жігіт орнынан тұра жүгіре,өз үйінің айқара ашылған есігіне қарай құстай ұшты.

Мәтін бойынша сұрақтар:

1.Ұлының ата-анасынан қол үзіп кетуінің себебі неде?

2.Оның сағынышын қалай түсіндірер едіңіз?

3.Ата-анасының ұлына деген сүйіспеншілігі сипаттап беріңіздер?

Төмендегі берілген тақырыптардың біреуі бойынша шағын эссе жазу:

1.«Менің үйім-менің қорғаным».

2.«Отбасы-адам баласының алтын діңгегі».

3.«Мен және отбасым»

Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс:Суреттер бойынша топтарға бөліну (3 минут ішінде берілген тақырыптары бойынша қысқаша жолдары жазу) «Менің отбасымның алтын ережесі» тақырыбында отбасындағы ізгі әдеттерді тізіп жазу. Отбасындағы жиі қайталанатын өсиетті сөздерді жазу:




Топпен ән айту:Н.Тілендиевтің «Әке туралы жыр» әнін топпен айту.
Әке туралы жыр

Сөзі:М.Шахановтікі

Әні:Н.Тілендиевтікі
Жас едім өмірге еркін бойламаған,

Күн ертен не боларын ойламаған.

Шарықтап кетсем-дағы қанат қағып,

Өзіңдей қамқор әке қайда маған.


Сүрінсем сынай қарап от жанарын,

Сен мені жақтамадың,ақтамадың.

Әрдайым осы қатал мінезіңнен,

Күш алып мақсатыма аттанамын.


Жан әке,шертіп сезім домбырасын,

Кеудемді қуанышқа толтырасын.

Арманның асқарына құлаш ұрсам,

Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.


Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын,

Кім мөлдір болса соның жолдасымын.

Қуан сен,қуана бер әкетайым,

Мен сенің өміріңнің жалғасымын.






Үйге тапсырма:

«Ата асқар тау,ана-бауырыңдағы жүрек,бала-жағасындағы құрақ», «Ата- бәйтерек,бала жапырақ»,мақалдары бойынша шағын шығарманы жұмыс дәптеріне жазып келу.






Түйіндеу:

Әке ақылы-бұлақ,Ана ақылы-шырақ,Аға ақылы-көмек,Іні ақылы-демеу,Бала ақылы-ұшқын,Өз ақылының басында,Іздегіш болсаң,қасыңда-дей отырып сабағымызды аяқтаймыз.Әр күндеріңіз нұрлы болсын!






Каталог: materialy -> ozin-ozi%20tanu
materialy -> Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмағалиев «Туған өлкем»
materialy -> Сабақтың тақырыбы : Нысанбай жыраудың «Кенесары Наурызбай» дастаны Сабақтың мақсаты
ozin-ozi%20tanu -> Сабақтың тақырыбы: «Өзімшілдік пен көпшілдік»
ozin-ozi%20tanu -> Құндылық: Дұрыс іс-әрекет
ozin-ozi%20tanu -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға тамыр және тамыр жүйесі және оның маңызын сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері
ozin-ozi%20tanu -> Бөрлі ауданы Ақсай қаласы жалпы орта білім беретін №4 мектептің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Сисенова Гулим Салимовна
ozin-ozi%20tanu -> Сабақ «Жақсылық жасай білейік»
ozin-ozi%20tanu -> Өзін өзі тану Өзімшілдік пен көпшілдік
ozin-ozi%20tanu -> Алматы облысы Талдықорған қаласы «Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ozin-ozi%20tanu -> Мерзім: 12. 11. 15. Сынып: 8 «а». Оқушылар саны


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет