Металдар және оның құймаларының жемірілуі қоршаған ортаның ластануының нәтижесі. Жемірілуді болдырмау шаралары



Дата19.02.2017
өлшемі55,12 Kb.
#10515
түріСабақ

Пән: Химия

9-сынып

Тақырыбы:



“Металдар және оның құймаларының жемірілуі қоршаған ортаның ластануының нәтижесі. Жемірілуді болдырмау шаралары”


Мақсаты:

Металдардың жемірілуі туралы ақпарат алу. Металдардың жемірілуімен күресу жолдарын білу.


Күтілетін нәтиже:

Металдардың жемірілуі туралы біледі. Жемірілумен күресу жолдарын үйренеді. Өз еркімен жұмыс жасай алады.


Керекті жабдықтар:

Cу, темір шеге, ас тұзы ерітіндісі, натрий гидроксиді ерітіндісі,мырыш, мыс сыммен оралған темір шеге,сынауықтар, постер, маркер, фломастер, стикерлер, бағалау парағы.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе.

1.Оқушылармен амандасады.

2. Сыныпты темір кендері: магнетит, гематит, пирит, лимонит бойынша 4 топқа бөледі.

3.Топ басшыларына бағалау парақтары береді.

4.Үй тапсырмасын тексеру мақсатында химиялық диктант өткізеді. Химиялық диктант 1)4-периодта II А топшада орналасқан металл 2)3-периодта III А топшада орналасқан металл 3)4-периодта VIII В топшада орналасқан металл 4)Сөндірілмеген әктің формуласы 5)Бокситтің формуласы 6)Гематит немесе қызыл теміртастың формуласы 7)Магнетит немесе магнитті теміртастың формуласы 8) Қызыл-қоңыр түсті темір гидроксидінің формуласы 9)Пириттің формуласы 10) Темір атомының электрон саны 11) Аl ионына сапалық реакция жасауға қажетті ион 12) Fe ионына сапалық реакция жасауға қажетті зат 13) Жер қыртысында ең көп таралған металл 14) Темірдің қоры бойынша Қазақстан нешінші орында? 15) Қазақстанның кен орындарын зерттеген ғалым кім?



Топтарға деңгейлік тапсырма береді.

  1. Айналымды жүзеге асырыңдар:

Fe2O3 → Fe → FeCl2 → Fe(OH)2

↓ ↓


FeO FeO

2) Темірді қай кеннен өндірген тиімдірек: гематит- Fe2O3, магнетит – Fe3O4 , пирит- FeS2.

3) 1 тонна магнетитті(Fe3O4 ) тотықсыздандырғанда 624 кг темір алынған болса, темірдің шығымын есептеңдер. (86%)

Тақтада 2 оқушы тапсырма орындайды.

1-тапсырма. Мүмкін болатын реакция теңдеулерін аяқта:

Fe + HCl →

Cu + HCl→

Zn + Pb(NO3)2 →

Al + CuSO4 →

Fe + HNO3 конц.

Hg + CuCl2 →

2-тапсырма

Құрамында 82% темір бар 50 грамм шойын түзілу үшін гематит (Fe2O3)минералының неше грамын тотықсыздандыру керек?



Мұғаліммен амандасады.

Топтарға бөлінеді.


Топ басшылары бағалау парақтарын толтырады.

Оқушылар бір-бірін тексереді, балл қояды.




Тұсаукесер

Металдардың белсенділігі бірдей ме? Қандай металдар тотықпайды? Темір белсенділігі бойынша қандай металға жатады? Металдар мен құймалар қоршаған ортада ненің әсерінен бүлінеді? Алдын ала қойылған тәжірибелер көрсетіледі.

1-сынауықта: су және темір шеге;

2-сынауықта: ас тұзының ерітіндісі және темір шеге;

3-сынауықта: NaCl ерітіндісі және мыс оралған темір шеге;

4-сынауықта: NaCl ерітіндісі және мырышпен жанасқан темір шеге;

5-сынауықта: NaCl, NaOH ерітіндісі және темір шеге. Темір қандай өзгеріске ұшыраған? Қандай заттар түзілді? Қай сынауықта тұнба көбірек түзілді? Қай сынауықта темір шеге көбірек бүлінген? Неге? Бұл сұрақтардың жауабын бүгінгі сабағымызда табасыздар. Сабақтың тақырыбы: “Металдар және оның құймаларының жемірілуі қоршаған ортаның ластануының нәтижесі. Жемірілуді болдырмау шаралары”.



Сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазады.




Негізгі бөлім.

Қорытынды.




Топтарға жаңа тақырыпты ашу үшін тапсырма беріледі. 1-топ. Металдардың жемірілуі деген не? Оның қандай түрлері бар? Тұрмыстағы металдың жемірілуіне мысалдар келтіріңдер.

2-топ . Химиялық жемірілу ненің әсерінен болады? Мысал келтіріңдер.

3-топ. Электрохимиялық жемірілу деген не? Мысал келтіріңдер.

4-топ. Металдар мен олардың құймаларын жемірілуден сақтаудың жолдарын көрсетіңдер



Сонымен,металдар коррозиясы деген не? Ол ненің әсерінен болады? Металдар коррозиясы қандай заттардың әсерінен күшейеді? Оны болдырмау үшін қандай шаралар жүзеге асырылады? Күнделікті өмірден мысал келтіріңдер.

Оқушылар оқулықпен жұмыс жасайды, постер дайындап, қорғайды, қойылған сұрақтарға жауап береді.
Топ басшыла-ры топ мүше-лерін бағалай-ды.Әр оқушы стикерлерге рефлексия жазып, өздерін бағалайды. Қабырғадағы кестеге стикерлерін өздерінің жаңа тақырыпты түсіну деңгей-леріне қарай жапсырады.


Сабақты өткізген: №5 ОЖББМ-нің химия және биология пәні мұғалімі Избасарова Құралай Мамбетовна
Каталог: docs -> kopilka -> chemicals
kopilka -> «Үш тілдің еліне саяхат» (Мектепке дейінгі ұйымның ересек топтарымен ұйымдастырылған оқу іс-әрекет)
kopilka -> Сыныбы: 7 а, б, в уақыты
kopilka -> Сабақ тақырыбы: Арифметикалық прогрессияның алқашқы n мүшесініңформуласы. Жалпы мақсат
chemicals -> Сабақтың тақырыбы Оттектің аллотропиясы. Озон және озонның жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы. Мақсаты
kopilka -> Пәні: Қазақстан тарихы Тақырыбы: Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы. Мақсаты
kopilka -> №37 жоббм бастауыш сынып мұғалімі
kopilka -> Сабақ № Сабақ тақырыбы «Жарық құбылыстары тарауын қайталау» сабағы. Жалпы мақсаты
kopilka -> Сабақ Тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуге есептер шығару
chemicals -> Сабақтың тақырыбы Хлордың периодтық жүйедегі орыны. Табиғатта таралуы және қасиеттері Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет