Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз



Дата21.01.2020
өлшемі24.85 Kb.
Тыңдалым Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Қытайдан бастауын алған сауда жолы Орта Азия арқылы бүкіл Еуропаға тарағаны белгілі. Шамамен осыдан 3-4 мың жыл бұрын Хан патшалығы кезінде өркендей бастаған Жібек Жолы алғашында Қытайдың Орта Азия халықтарымен достық байланысты нығайту үшін салынған жобасы делінеді. Аты айтып тұрғандай, керуен жолымен бүгінгі Қазақстан территориясына негізінен жібек маталары әкелінген. Сауда айналымы артып, керуен қатары өскен сайын жолдың бағыты да өзгере берді, яғни саудагерлер Қара теңіз арқылы батысқа бет алып, тауарын Еуропа халықтарына тасымалдады.


Кәрі құрлық халқына өркениеттің келетіні де осы кез. Ұлы Жібек Жолымен бірге Еуропаға тек сауда тауарлары жеткен жоқ, сондай-ақ, Азия халықтарының мәдениеті де қоса келді.
Жібек Жолының жандануымен қазақ даласындағы халықтың біразі отырықшылыққа өтіп, өңірде жаңа қалалар пайда бола бастады. Ал, Отырар, Испиджап, Суяб, Сауран, Тараз сынды үлкен шаһарлар гүлденіп, елдегі маңыздылығын арттыра түскен. Сауда жолының бойында орналасқандықтан аталмыш қалалар тез өркендеді, ондағы халықтың саны да күрт артқан болатын.

(142 сөз)

https://baq.kz/kk/news/orkeniet/zhibek-zholinin-boiindagi-kalalar-15836

1. Мәтіннен берілген сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріп жазыңыз
Отырықшылық___________________________________________________[1]
Ұлы Жібекжол_______________________________________________ [1]


  1. Кестедегі ақпараттардың шын / жалған екендігін анықтаңыз

Ақпаратты

Шын (+)

Жалған (-)

Жібек Жолының жандануымен қазақ даласындағы халықтың

біразі отырықшылыққа өтіп, өңірде жаңа қалалар пайда

бола бастады








Керуен жолымен бүгінгі Қазақстан территориясына негізінен

жібек көйлектер әкелінген.









Сауда жолының бойында орналасқандықтан аталмыш қалалар

тез өркендеді, ондағы халықтың саны да күрт артқан болатын









[3]

Оқылым


Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Салтанат Баймұхамедова

Ерекше сән  үлгісімен танылып жүрген жас дизайнерлердің бірі. Жастайынан Отандық сән индустриясының жарқын өкілі сән әлеміне 2000 жылы келген болатын. Ол алғашқы жобасын «F… you» желісімен жастарға арналған киім үлгілерін  тігіп  бастады.

«Кішкентай кезімде үйімізде киетиін киім түгілі – киім тігетін шүберек те табыла бермейтін. Мен табылған шүберектермен ерінбей киім тігіп киетінмін және отбасы мүшелеріме тігіп беретінмін. Тіккен киімдеріме барлығы қызығатын», – деп еске алды балалық шағын атақты дизайнер. Мені биікке жеткізген еңбек пен қажеттілік болды, – дейді.

Ол 2008 жылдың наурыз айында «Trend&Tendance» агенттігінің қолдауымен Париж қаласында алғашқы сән көрсетілімін жасады.  Шетелдік сән аренасы жас дизайнерге ерекше шабыт берген болатын.  Париждегі сапарынан кейін Салтанат Баймұханова «Salta»  брендімен нарықта таныла бастады.

Бүгінгі күні «Salta» сапалы, әрі қолжетімді бағадағы pret-a-porter әйелдер киімін шығарумен айналысады. Дизайнер @saltafashion Instagram парақшасында тұтынушыларымен тұрақты байланыс ұстап отырады.

https://kaz.nur.kz/1676863-qazaqstannynh-ataqty-dizaynerleri.html



  1. Мәтіннен кейіпкердің образын ашатын сөзді табыңыз

А) шебер

В) ақылды

С) еңбекқор

Д) дизайнер [1]



  1. Мәтіннен тиісті сөз тіркесін қойы жазыңыз.

Париждегі сапарынан кейін Салтанат Баймұханова _________________ нарықта таныла бастады.

Қажетті сөздер: pret-a-porter, «Salta»  брендімен, сән аренасында. [1]



  1. Мәтіндегі кейіпкердің іс-әрекеті мен образына талдау жасаңыз.

Кейіпкердің әрекеті

Кейіпкердің образын талдау



















[3]
Жазылым

«Спорт – денсаулық кепілі», «Менің туған өлкем» тақырыбында күрделі сөздер мен етістік шақтарының (бұрынғы және ауыспалы өткен шақ) түрлерін қолдана отырып, (150 сөз-ден тұратын) мәтін жазыңыз. _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[10]



Айтылым

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, (2 мин) монолог құрастырыңыз. Ауызша мәтіндер құрауда екпін түрлерін орынды қолданып айтыңыз.



  1. Спорт – денсаулық күтімінің кепілі.

  2. Ұлы Жібек жолындағы Қазақстанның ежелгі қалалары.

  3. Қазіргі таңда сән мен талғамға қаншалықты мән беріледі?

  4. Ұлы Жібек жолының Қазақстанның дамуына ықпалы. [10]

Балл қою кестесі

Тыңдалым, оқылым




Дағды



Жауап

Балл

Қосым-ша ақпарат

Жалпы балл

Тыңда-лым

1

Халықтың бір жерде тұрақты тұруы.

1



5 балл


2

Қытай мен Орта Азияны байланыстыратын сауда жолы

1




3

+

-

+



1

1

1






Оқылым




С

«Salta»  брендімен




Кейіпкер әрекеті

Кейіпкер образына талдау

Жастайынан сән әлеміне келеді.

Жас кезінде ерінбей киім тіге бастайды.

«Trend&Tendance» көмегімен Париже сән көрсетілімін жасады.

Шетелдік сән аренасы жас дизайнерге ерекшешабыт алады.

«Salta» сапалы, pret-a-porter әйелдер киімін шығарады

Өз еңбегімен әлемге танылған жас дизайнер




1

1
1


1

1




5 балл


Жалпы 10 балл

Жазылым



Балл

Мазмұны

(5 балл)


Тіл сапасы

(5 балл)


5



Өте жақсы

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс.



Өте жақсы

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.


4


Жақсы

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді.

Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс.


Жақсы

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.


3


Қанағаттанарлық

Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі.

Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.


Қанағаттанарлық

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер жібереді.

Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

2


Төмен

Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі.

Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.


Төмен

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп

болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді.

1


Өте төмен

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген.

Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес.

Ойын жеткізе алмаған. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі.



Өте төмен

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп, ойды түсіну өте қиын.


Айтылым


Балл

Негізгі ойды ашуы

(5 балл)


Сөз қолданысы

(5 балл)


5



Өте жақсы

Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді.




Өте жақсы

Лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді.



4


Жақсы

Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді.



Жақсы

Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.



3


Қанағаттанарлық

Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын

ойланып береді, ойын орынды жеткізеді.


Қанағаттанарлық

Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс.

Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.

2


Төмен

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде

қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі.


Төмен

Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.

Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді.

1


Өте төмен

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде

қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі.


Өте төмен

Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.



Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет