Методические рекомендации по совершенствованию краеведческой работы в общеобразовательных организациях в рамках реализации программы «Рухани жаңғыру»


Топографиялық əзірлік.Компостың құрлысы



бет2/4
Дата18.02.2018
өлшемі1,31 Mb.
#37803
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4

Топографиялық əзірлік.Компостың құрлысы.


Туристік жорықтарда көп қолданылатын компостың түрі Андрианов компосы. Айналаны бағдарлауға арналған құралдың түрлері: туристік компос, спорттық жəне тау компасы жəне оқулық компосы.

Қазір көп қолданылатын компостың түрі спорт – 4 суықтық компос



Компоспен жұмыс істеу əдісі.

  1. Ең қарапайым көкжиек тұстарын табу.

  2. Картаны компос арқылы бағдарлау.

  3. Дəл тіркеу (Прямая засечка)

  4. Кайтара тіркеу (Обратная засечка)

  5. Компосты қолдана білу ережесін жұмыс істегенде есте сақтау.
  1. Компос арқылы картамен жұыс жасау, картадан тұрған жеріңді табу. Масштаб арқылы ара қашықтықты анықтау.


Жорықтар кезінде бағдар жасау қозғалыс бағытын дұрыс таңдап алу жəне маршутқа байланысты дұрыс сақтау үшін қажет.

Топ серуен мезгілінде көкжиек жақтарын компос, күн, ай жұлдыздармен жергілікті тарихи табиғи кешендерге қарсы анықтауға болады.

Жергілікті заттардың көптеген ерекшелігі, олардың күнге байланысты орналасуына қарай. Мысалы: Ағаштардың қарағай қабығы солтүстік жағында кедір бұдырлы келеді мүктер қыналар өседі. т.б.

Жас бағдарлаушылар үшін көкжиек тұстарын бағдарлай білу, туристер үшін жорықтарды жарыстарда маңызы зор.


  1. Азимутты анықтау. Тұратын жерін бағдарлау.


Туристік жорықтарда қашықтықты қадаммен, көзбен, уақытпен, дыбыс арқылы өлшеуге болады.

Туристік жорықта қашықтықты қадаммен өлшеген қолайлы бірақ турист өз қадамының орташа ұзындығын білу қажет.

Мысалы: 2 орташа қадам 1 метр шамасындай, 15 минутта 1 км, 1 сағат 4 км жол жүреді. т.б.

Қашықтықты жоғарыда айтылған əдістермен анықтай, отырып жүрген бағытқа бағдарды ұстауға болады.



  1. Жорық кезіндегі бағдарлау және туристік карталар.

Қауіпсіздік ережелермен танысу. Жорық уақытында жергілікті жерді бағдарлап алу өте қажет. Географиялық жəне топографиялық картаның шартты белгілері. Масштаб, карта, компос жəне жергілікті кешендердің түрлі ерекшеліктері арқылы бағыт табу. Картадан өзін тұрған нүктені табу, картаның көшірмесін жасау жəне үлкейту. Жол бағытының сызбасын сызу. Жарыста, жорықта картаны пайдалана білу. Жол бағыты учаскесін, көз мөлшерімен түсіру. Картамен сызба нұсқаны жарық кезінде пайдалана білу.
  1. Туристік кедергілерден өтіп үйрену. Батпақтан тастар, альпеншток арқылы өту. Жіп арқылы өткелдерден өту. Шатыр құру жəне жинау. Рюкзак оның түрлері. Зембіл байлап үйрену.


Жеке жəне топтық жабдықтарды дайындау, бағыттың сызбасын сызу жəне оқи білу. Туристік сақтандыратын құралдармен жұмыс жасау. Бағдарды анықтау құралымен юұмыс жасау. Шатырды құру əдіс- тəсілдерін білу жəне туристік түйінді байлауды білу.
  1. Жорық ұйымдастыру.


Оқушыларды топтық жорықтың түрлерімен (экскурсия, демалыстық жорық, таным жорығы, бір күндік жəне екі күндік топ серуен, экспедиция, көп күндік жорық) таныстырып, жорыққа шыққанда сақталатын қауіпсіздік ережелерін айту. Топ серуен алдында оқушыларды міндетті түрде дəрігерлік тексеруден өткізіп, денсаулық жағдайларын біліп алу. Серуен уақытында топ мүшелерінің атқаратын міндеттерін белгілеу. Топ серуен аяталғаннан кейін күнделікті толтыру жолдарын айтып түсіндіру жəне т.б [5].

Жорық кезінде ықтималдылығы жоғары қауіп-қатерлерге от пен су, тау – тастар жатады.



Өрт – тілсіз жау. Абай болыңыз. Алау жаққан кезде балаларға ескертіп, оларды көзден таса қылуға болмайды. Жорыққа шығар алдында балаларға алауға байланысты рұқсат етілетін жəне рұқсат етілмейтін жағдайларды түсіндіру керек. Жанып жатқан ағаштармен ойнауға болмайды. Жанған алаудың қалдығы мен сол сияқты көп ұшқын беретін заттарды лақтыруға болмайды. Өйткені ұшқан ұшқын құрғақ орман-тоғайды айналадағы адамдардың бетіне ұшып немесе киімін өртеуі қауіпті. Күйіктен аулақ болу үшін кішкентай балаларға өздігінен алауда жанып жатқан нəрсені алуға, денесіне ыстық шай, тамақ төгуге жол бермеу кекрек. Ал, ересек балаларға үлкен адамның бақылауымен өрт қолғабын қолдану арқылы алау жағуға көмектесуге рұқсат беріледі. Балаларды үстел басына тамақ суыған кезде шақыру керек. Егер бала ыстық тамақты ішуге əдеттенген болса, оның тізесінің астына томарша қойып, оқыс қимыл кезінде бала ыстық тамақты үстіне құйып алмас үшін жағдай жасау керек. Ал, ыдыстың сапалылығын айтар болсақ, темір ыдыс қауырсын ыдысқа қарағанда біршіден тамақты тез суытады, екіншіден ыдыстағы тамақтың қалыпты температурасын сақтайды.

Тас үгінділер жəне құздар. Тас үгінділерінің болмауы тұраққа орын тандағанда жеткіліксіз жағдайлардың бірі екенін ескертеміз. Ал, үгінділер сіздерді көлікпен қозғалғанда немесе басқа да оқыс жағдайларда сақтайтыны мəлім. Ол үшін балаларға тізбектеліп қалай жүру, бірін-бірі тасқа сырғытып жібермеу үшін айтып отырудан жалықпаңыз. Құздармен жүрген кезде (соның ішінде төмен тусу кезінде) белгілі бір практикалық дағдының, теориялық экскурсияның аздығы қынжылтады. Балалар оған толық үйреніп, дағдылану үшін уақыт керек. Сондықтан оған əзір болыңыз. Жоғары көтерілу немесе төмен түсер алдында əрбір баланы альпенист таяғымен жарақтандыру керек. Ал, құзды меңгертуге көберек уақыт бөліңіз. Жоғарға көтерілетін немесе төмен түсетін тікшіл жерлерге траверс тəсілін қолдануын есте ұстаңыз.Тікшіл құздарға бетімен, ал орташа тікшіл болса жанымен жүру керектігін еске салыңыз.


Өзен (су қоймасы ) жағалауындағы тұрақ



Су – барлық баланы өзіне тартады. Олардың суға үздіксіз тас, таяқ лақтыруының өзі неге тұрады. Ал онымен күресудің пайдасы шамалы. Суға шомылу кезінде барлық балаларды, тіпті, үлкендерді де үздіксіз көзге көрінетін алаңда ұстау керек. Жорық кезінде балалардың суға тас плиталарынан сырғанайтыны ( балық аулау, өзенге қарау ыңғайлы дейтіндерге) да белгілі жағдай. Су астында орналасқан ірі тастар мен құз сынықшаларын басқан (мысалы суға тас лақтырам деп) баланың суға құлауы қауіпті. Суға лақтыруға оқталған тастың қауіптілігі, тас су емес қасындағы досына, сол сəтте тұрып немесе қатарласа тиіп кетуі мүмкін[5].

Оқушыларды отансүйгіштікке өлкетану арқылы тәрбиелеудің тағы бір қыры – жергілікті өңірдің археологиялық қазба байлықтарымен танысу. Еліміздің әр өңірлерінде табылған көлемді, үлкен жәдігерлер бар екені белгілі. Соларды көрсету, сондай ескерткіштер орналасқан өңірлерге экскурсиялар ұйымдастыру да өте пайдалы. Әрбір жас өз ауылында және ұлан-ғайыр қазақ елінің өзге де аймақтарында орналасқан мұндай асыл мұралардың мән-мағынасын, құндылығын біліп, көкейге түйіп өскені абзал. Өңірдегі ерекше нысандарды зерттеп, ол нысандардың қандай топқа жататынын анықтай білу керек. Нысандар мынадай топтарға бөлінеді:

1. Ерекше қорғалатын табиғи мұра ескерткіштері; ормандар, саябақтар, өзендер, көлдер, қорықтар мен қорықшалар.

2. Археологиялық және сәулет ескерткіштері; археологиялық кешендер, ежелгі қорғандар мен қалашықтар, ғұрыптық, мемориалдық ғимараттар мен құрылыстар.

3. Діни және ғибадат орындары; ежелгі тұрақтар, қоныстар, қорғандар, киелі орындар.

4. Тарихи тұлғаларға қатысты киелі орындар; белгілі адамдардың өмірі мен қызметіне байланысты орындар, мемориалды ескерткіштер, кесенелер мен кешендер.

5. Тарихи-саяси оқиғаларға қатысты киелі орындар; өлке өмірінде болған тарихи оқиғалармен, қоғаммен, мемлекеттің дамуымен байланысты орындар.
Осы нысандарды, табиғатты зерттеу үшін өлкетанушылық мақсаттағы саяхатшылар топтары сыныптық немесе үйірмелік түрде құрылады. Ең басты ескеретін жайт топ мүшелерінің еріктілігінде болуы керек. Оларды ортақ құндылықтарға деген қызығушылықтар біріктіруі тиіс.

Жер-су атауларын жинау, олардың шығу, пайда болу себебін анықтау, әрбір атаудың мән-мағынасын ашу, әсіресе, жастардың туған өлкеге деген ыстық ынта, патриоттық сезімін күшейтпек. Өлкетану жұмыстарын оқу барысында пәнаралық байланыс жүзеге асырылады. Оған бірнеше қызықты деректер айтуға болады.


Қазақстандағы жер-су аттарының құпиясы
Жер-су атауларын жинау, олардың шығу, пайда болу себебін анықтау, әрбір атаудың мән-мағынасын ашу, әсіресе, жастардың туған өлкеге деген ыстық ынта, патриоттық сезімін күшейтпек. Қазақстан аумағындағы кейбір жер-су аттарының шығу тарихына тоқталар болсақ:

Ботақара – елді мекені/көл/тау/. Орталық Қазақстандағы ұсақ төбелі тау. «Қара» сөзі көлемді көрсететін анықтауыш. Ал «бота» сөзі халықта ХVIII ғасырда өмір сүрген Нарбота батырдың есімімен байланысты. Ел ауызындағы аңыз бойынша осы таутөбешіктердің арасында қазақ пен қалмақтың ортасында шайқас болған. Қазақтың жауынгерлерінің басшысы Нарбота батыр, ал қалмақтар әскерінің басында – Шешен есімді қыз тұрды. Сондықтан, қазақтар бекінісі Ботақара, ал қалмақтар жағы Шешенқара деп аталады.

Осынау сан ғасыр баба тарихының куәсіндей аңыз-ақиқатқа ие Ботақара атауы бірнеше рет өзгертілді. Кейін осынау киелі жерге Санникова, Колхозная, Ворошилов, Ульянов деген атаулар берілген. 2001 жылы елді мекеннің


100 жылдық мерейтойына қарсы қайтадан ежелгі аты берілді.

Қарқаралы ауданындағы Пашенное көлі. Бұл көлдің ертедегі қазақша аты –Кішкене көл болыпты. Бірақ, ол ұмытылған. Көл сонау бір кезде Крешке көлі деп те аталыпты. Өйткені көлдің жағасында православье дініндегі адамдар ағаштан крест белгісін койған екен. Ал онда кімнің жерленгенін ешкім де білмейді. Көлдің Гришке көл деген де аты болған. Осында көшіп келіп, қоныс тепкеннен кейін, Қарқаралының казак-орыстары бұл жерді егістік алқап ретінде таңдап алған екен. Бірақ, егін шықпай қойған соң олардың көпшілігі жайына кетіпті. Тек Григорий есімді біреу ғана мол қайсарлықпен біраз жыл әуре болып, ақырында бұл маңайға егін шықпайтынына оның да көзі жетіпті. Ал соқа тістерінің ізі ұзақ сақталып, жергілікті түрғындарға айқын белгі болып қалған. Сөйтіп, иесіз алған егістік жер бірте-бірте «Пашенное» деген көлдің атына айналса керек.

Шайтанкөл – бұл көл алғашқы кезде «Әулие көл» атанған. Жағасына тастан қашалған крест қойылған. Бір кезде әлгі крест суға құлап кеткен. Содан кейін «Шайтанкөл» аталыпты.

Баяғыда бұл көлді әулие мекендеген, суына беті-қолын жуған деп жұрт киелі су санапты. Жұма сайын қожа-молдалар бастаған байлар келген екен. Жағасында құдайға арнап мал сойып, құран оқиды. Шаншар ішінде Торсықбай дейтін қу болған. Бірде сол әлгіндей топтың үстінен шығады, құрбанға шалынған малдың мол етінен қарбыта асап, сары қымыздан сылқыта жұтармын деп ойлайды. Бірақ жуандар жыртық шапанды кедейді табаққа жолатпайды. Бұған қорланған қу ішінен «тұра тұрыңдар, бәлем!» деп кете барады.

Бір күні әлгілер көлдің басына тағы жиналады. Шартық қарын, шүй желкелер мол табақты алдарына енді ала бергенде жақын жерден үрейлі үн шығады. Артынша тастардың бірінен сақалы сала құлаш, шашы жалбыраған бір мақұлық селтиіп шыға келеді. Үрейі ұшқан қожа-молдалар күбірлеп дұға оқиды, бірақ әлгі пәле тайсалмайды, дауысын құбылтып, құтырынып жақындай береді. Сол кезде қатты үрейі ұшқан бір бай орнынан ұшып тұрып, көзі алақтап:

- Ойбай, шайтан!- деп төмен қарай зыта жөнеледі. Қорқып отырған жұрт орындарынан қопарыла тұрып, тым-тырақай қашады. Оларды шайтан боп үркітіп жүрген Торсықбай ешкі терісінен жасаған кепті шешіп тастап, «бісмілла» деп, жайрап қалған асты қолға алады. Содан бері Әулиекөл осылай Шайтанкөл болып аталып кетіпті.

Ал бұл туралы орыстар басқаша айтады. Бірде аңшылар атып алған бұғыны кейін бір айналып кеп алмақ боп осы Шайтанкөл жағасында қалдырады. Қайта келгенде көлді таба алмай: «Шайтан алғыр-ай, қайда кетті?»-деп іздесе керек. Бертінде шіркеудегі поп көлді бұрынғысынша атайық деп тақтайға жаздырып қойса жұрт оны аулаққа лақтырып тастап, «Шайтанкөл» деп атапты .

Сонымен тарихи-мекендік әпсананың қызметі жер-суға байланысты туындаған халық прозасының түрін көркемдеп айту, оған ғибраттық сипат беру болып табылады. Мысалы, әпсана-хикаяттық сарында баяндалатын «Кәлкен» деген жер атын алып қарайық. Кезінде «Тұздыкөл» деп аталатын көлдің жағасын жайлаған бір байдың Кәлкен атты жалғыз қызы болады. Қыз бой жетіп, көрші рудың бір жігітіне ғашық болады. Екі жас көңіл қосып, үйленбекші болған кезінде қыздың әкесі қарсы болып, қызын үйінде қамап ұстап шығармаған екен. Сондағы себеп - жігіт бір байдың жылқышысы екен. Сүйгеніне қосыла алмаған Кәлкен сұлу көп қайғырып, құсадан қайтыс болады. Ал үш күн өткеннен соң, бай судың жиегіне барса, мөлдіреп жатқан көл қара суға айналыпты. Еш нәрсенің мәнісін түсіне алмаған бай бәйбішесіне айтып, жалшыларына суды батпақтан тазартуды бұйырады. Онысынан түк шықпай байдың өзі де, адамдары да батпақтың арасынан шыға алмай, өледі. Жалғыз қызының көз жасынан қорықпаған бай азаппен жаһаннамға аттанған жерді халық «Кәлкен» деп атап кеткен екен.

«Әулие» атаулар – спелеонимдердегі (үңгір атаулары) қорғау жөніндегі ақпарат «әулие», «ата», «қожа», «жеті» сөздерінің қатысуымен беріледі. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан Ақмешіт Әулие үңгірі Қаратау жотасының оңтүстік-шығыс беткейлеріндегі ізбетастарда пайда болған. Ұзындығы 150, ені 65 метрге жететін бұл табиғат ескерткіштерінің қазіргі кезде туристік-экскурсиялық маңызы зор.

Оңтүстік Қазақстандағы қарлығаш ата, Дуана қожа, Тамшы әулие, Жеті үңгір спелеонимдері де осы тектес атаулар қатарына жатады.

Шығыс Қазақстан облысындағы Баршатас ауылының маңында орналасқан темірлі, сульфатты, магнийлі минералды сулардың көзі әулиеқыз деп аталады. Судың емдік қасиеттерін бағалау тұрғысынан «әулиелік» ат берген қазақ халқы шипалы су көзін ластанудан сақтап, қорғау мақсатын да көздеген.

Аягөз ауданының (Шұбартау бөлігінде) «Үш қызыл», «Қызыл тас», «Еміл тау» деген жерлерінде тастардың ішіндегі ең бағалысы, ең әдемісі, ең берігі – габбро (қара гранит) көп кездеседі. «Үш қызылдағы» габбро кеніне «Әйгерім» деп ат қойған. Себебі өңделіп жалтыраған кезінде, габброға сәйкес келетіндей сұлу тас кемде-кем.

Елордамыздан 123 шақырым жерден осындай ортағасырлық «Бытығай» кесенесін айтуға болады. Бұл кесене 11-12 ғасырға тиесілі кесене. Еліміздің ерте заманнан келе жатқан бай мұрасы. Сондай-ақ, бұл кесене елімізде орта ғасырдан қалған жалғыз кесене. Көптеген ғалымдардың айтуынша кесене сәулет-құрылыс өнерінің ерекше үлгісі болған. 19 ғасырға дейін жақсы сақталып, кейіннен көнере бастаған. Бұл ескерткіш жайында деректер көптеген ғалымдардың еңбектерінде кездеседі, сол ғалымдардың бірі – Шоқан Уалиқанов.

Астананың іргесінде, Ильинка ауылы маңында «Бозоқ» қалашығының орны бар. бұл қалашық 8 ғасырдан бастау алып, 16-17 ғасырларға дейін қалашық болған. Ғалымдардың пайымдауынша, 8-15 ғасырларда Қазақстанның орталық аймақтары қалалардың пайда болуына, бекініс баспаналардың тұрғызылуына жақсы орын болған. Сондай–ақ, бұл қалашықтарда әскери бөлімшелер, жергілікті билеушілер отыратын орындар болған. Отырықшы тұрмыстың дамуына ыңғайлы орда болған[7].

Бұл аталып өткен қалашық-кесенелер тек бастамасы ғана. Бай мұрамызды зерттеу, тарихымызды білу, саналы ұрпақ тәрбиелеу ортақ мақсат. Сол мақсатқа жету жолында әрбір азамат өз үлесін қосуы да заңды.

Міне, келтірілген қызықты ақпараттардан тек география, биология, тарих, әдебиет, тілдер, музыка пәндері ғана емес, сонымен қатар химия, бейнелеу өнері, технология, дене шынықтыру пәндерімен де байланыс бар екенін білдік. Оқушылар табиғатқа саяхат кезінде жинақтаған материалдарын альбомда безендірген кезде, жүрген жолдың планын сызған кезде бейнелеу өнері мұғалімінің көмегі қажет. Ол альбомды әдемі безендіруге қажетті пайдалы кеңестер бере алады. Ал дене шынықтыру мұғалімі жүру ережелерімен таныстырады. Жетекші мұғалім осыларды ескере отырып пәндер бойынша тапсырмалар, сұрақтар беріп оқушының танымын дамытуы керек. Мәселен;

Тарих пәні бойынша: «Осы ауыл қашан пайда болды?», «Ауылдың негізін кімдер, қандай жағдайда қалады?», «Ауыл өз дәуірінде қандай оқиғаларды басынан кешірді?», «Ауылда қандай мықты әулеттер бар? Олардың даму тарихы қандай болды?» деген сұрақтарға бірге жауап іздеулері керек.

География пәні бойынша: «Ауылда қандай таулар, өзен-көлдер бар?», «Олар қалай пайда болған?», «Олар қанша жаста?», «Ауыл көшелері қалай пайда болған?», «Ауылдағы өзен сулар бастауын қайдан алып, қайда құяды?» деген сұрақтарға жауап іздейді.

Әдебиет пәні бойынша; «Ауылдың атауы неге осылай аталған?», «Көше атаулары кімнің құрметіне қойылған?» деген сияқты сауалдарға бірге жауап іздейді.

Биология пәні бойынша; «Ауылда қандай өсімдіктер өседі?», «Тек осы ауылда ғана өсетін өсімдіктер бар ма?», «Дәрілік шөптер кездеседі ме?», «ауылда жалпы саны қанша түрлі өсімдік бар?» деген сұрақтарға оқушылармен бірге жауап іздейді.

Химия пәні бойынша; «Жезді», «Теміртау», «Хромтау», «Сары өзен» атаулары нені білдіреді? деген сұрақтарға оқушылармен бірге жауап іздейді.

Осындай тәсілмен оқытылған сабақтар, жоғарыда айтылып өткендей оқушылар жадында жақсы қалады және балалардың оқуға да, туған өлкені зерттеуге де құлшынысын арттырады.

Бір күндік саяхаттар негізінен жексенбі күндері, нақты бір тақырыпта өткізіледі. Таңдап алынған тақырыпқа байланысты бұл саяхаттар оқушылардың географиялық немесе тарихи, әдеби білімдерін тереңдетуге көмектеседі. Бірнеше күндік саяхаттар негізінен каникул уақытында ұйымдастырылады. Оған өте жақсы дайындалу қажет. Бұндай саяхаттың танымдық, қоғамдық пайдалы, денсаулықты жақсарту сияқты мақсаттары болуы мүмкін. Танымдық мақсаты маршруттың жолындағы нысандармен танысуды және кешенді археологиялық зерттеу жүргізуді көздейді. Қоғамға пайдалы өлкетану материалдарын жинау немесе басқа ұйымдардың тапсырмаларын орындау. Денсаулықты жақсартудың мақсаты каникул кезінде оқушылар демалып, жаңа күшпен оқуға кірісуді көздейді.
3.2 Өлкетану жұмыстарды оқушылар ұйымы арқылы атқару
Тұңғыш Президентіміздің бастамасымен құрылған еліміздің оқушыларын біріктіретін «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы да ел болашағына бүгіннен өз үлесін қосуға дайын.

Мектептегі «Жас ұлан» оқушылар ұйымы арқылы өлкетану жұмыстарын кең масташбта жүргізуге болады. Құрамы ұйым жетекшісі, мектеп ұланбасы, топ ұланбасы, сынып ұланбасы деген мектеп белсенділерінен жасақталған.Ұйымның еңбек, білім, тәрбие, денсаулық, ақпарат министрі деп аталатын белсенділері әрбір сыныптан еріктілер жинайды. Осылайша оқушылар ұйымы мектептегі барлық оқушыларды қамтиды. Ұйымның, бекітілген өзіндік міндеттеріне, жарғысына өлкетанулық жұмыстар қайшылық тудырмайды. Керісінше өлкетанулық жұмыстар оқушылар ұйымының «Экоәлем», «Руханият», «Отан», «Еңбек», «Салауат» бағыттарымен үндеседі (3-кестені қараңыз). Бұдан ары өлкетану жұмыстарын жоспарлау міндеті шығады.

Жоспарлау механизмдері дегеніміз – бұл жоспарлы шешімдер қабылданатын және олардың жүзеге асырылуы қамтамасыз етілетін құралдардың, әдістердің, амалдардың жиынтығы.

3-кесте. Бағыттар бойынша тапсырмалары



сынып

бағыты

критерийі

5

«Отан»

Туған өлкедегі жер -су атауларының тарихын және оларға қатысты аңыз-ертегілерді біледі. Табиғи байлықтары, өсімдік жануарлары туралы бүктеме, суретті альбом шығарады.

6

«Руханият»

Өңірлік халық ауыз әдебиетінің мұраларын жинақтайды.

Туған өлкенің тарихына кірген билер, ақындар, батырлар мен палуандарды біледі. Белсенді іздестіру және оқу-зерттеу жұмысын жүргізеді.



7

«Экоәлем»

Оқушылар өздерінің туған өлкесінің табиғат кешенін, табиғат нысандары мен құбылыстарын, ресурстарын, олардың қазіргі жағдайын және оларды тиімді пайдалану жолдарын зерттеу жобасын қорғайды. Өлкеге саяхаттайды.Туризм негіздерін меңгереді.

8

«Салауат»

Өлкенің белгілі адамдармен кездесулер өткізеді. Олардың өмірлік тәжірибелерінен үлгі алып, өздерінің ересек шақтағы өмірлеріне психологиялық дайындықтан өтеді.Өлкедегі соғыс ардагерлерін қамқорлыққа алады, Жерлестерінің ерлік істері туралы альбомдар жасайды.

9 -10

«Еңбек»

Өлкетану тарихын, тарихи тұлғаларды, рухани құндылықтарды және қазақ халқының дәстүрлерін білу арқылы белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру

Өлкедегі мәдени, тарихи, табиғи ескерткіштерді экскурсия жасайды. Әр түрлі ұлттардың қолөнер туындыларының үлгілерін жинақтайды. Мектепте өлкетану мұражайын немесе бұрышын құрады. Деректер мен құжаттардан жинақ шығарады.


Бұл бағыттар бойынша әрбір сынып командалық бірлікте жұмыс жасайды. Кестеде сынып бойынша өлкетану жұмыстарының мақсаттары берілген. Жас ерекшеліктеріне сай тапсырмаларды орындау барысында түрлі іс шаралар өткізеді. Оқушылардың білімдерін дамытып, пікір қорғауға үйрету үшін кездесу, семинар, диспут, концерт, пресс-конференция сияқты сабақтардың берері мол. Шараны өткізу түрін ұйымның жауапты министрлері тобындағы еріктілермен бірлесе отырып бекітеді. Табиғат пен тарихқа, мәдениет пен музыкаға байланысты танымдық шараларын сынып немесе мектепаралық желілік жарыс түрінде өткізу білімдегі бәсекелестікті тудырады. Жоғары сынып оқушылары тарихи немесе киелі орындарға, ежелгі елді мекендерге экскурсияға шығып құнды жәдігерлерге зерттеу жүргізеді. Сипаттама беріп, білім сайыстарында жобаларын қорғайды. Мектеп мұражайына жәдігер жинайды. Мақсаттарға жету барысында оқушылар әртүрлі қиындықтарға кездеседі. Сол қиындықтармен біріге күреседі. Нәтижесінде қиындықты бірге жеңіп, достық, адамгершілік сияқты асыл қасиеттері дами түседі. Қоғамдық санасы айқындалып, мəдени деңгейін көтереді, еңбекке машықтанады, ілгерішіл тұлға ретінде қалыптасады.



Әрбір  сыныпта  экспедициялық  отряд  құрылып, демалыс күндері өлкетанулық саяхатқа шығады. Жинаған материалдарымен мектептегі өлкетану мұражайын қалыптастырады. Өңірлік меценаттардың «кіші Отанын» көркейту жұмыстарына сынып болып атсалысады. Дәстүрді, парызды, достықты түсінеді.

Оқушылар ұйымы атқарған жұмыстарын мектеп сайтына, журналдарына жариялап отырады. Мектеп әкімшілігі тоқсан аяғында көңілді кеш өткізіп үздік шыққан сыныптарды марапаттайды.



Қорытынды
Қазақ баласын ұлтжандылық, отаншылдық сезімде тәрбиелеу, білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен, жоғары оқу орнына дейінгі барлық ұйымдардың міндеті. ХХІ ғасырда өз ұлтын сүйген, бірлікте болған халық қана тұтастығын сақтап қалады[1].

Әдістеме өскелең ұрпаққа қоғамдық сана қалыптастыруда өлкетанулық жұмыстардың атқаратын рөлін, маңызын, әдістемелік негіздерін, жергілікті мәдени нысандарды оқытудағы әдістемелік ұсынымдамаларын анықтайды. Гуманитарлық пәндерге кіріктірілген тақырыптармен мазмұны ортақ өлкетанулық жұмыстарды өлкетанулық үйірмелер мен оқушылар ұйымдарында ұйымдастырудың жобалық жоспары ұсынылады, өткізудің әдіс – тәсілдеріне тоқталады.

Өлкетану жұмыстары арқылы жалпы білім беретін мектептерде рухани жаңғырған, қоғамдық санасы қалыптасқан, ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтай алатын, өлкенің көпұлттылық және көпмәдениеттілік жағдайына төзімді толерантты тұлға тәрбиелеу мақсатына жетеміз. Қазақстанда көпұлттылықтың кемшілік емес, керісінше жетістік екенін сезіндіреміз. Осындай жетістіктің кепілі ұлттардың татулық, ынтымақ, достық пейілдерімен келгенін ұқтырамыз.

«Туған жер» бағдарламасы мен «Қазақстанның 100 киелі орындары» жобаларына негізделген мектептегі өлкетану жұмыстары оқушыларға туған жерге деген перзенттік парызды қасиетін түсіндіреді деп сенеміз. «кіші Отанын» сүю арқылы біртұтас Қазақстанды сүю сезімін қалыптастырамыз. Жаһандану заманындағы ұлы мақсатымыз - бірегей ұлт болу жолында жансебіл еңбек етуге әрдайым дайынбыз.

Өскелең ұрпақ - болашақ Қазақстан азаматы. Олар өзімізді қоршаған ірі өркениет орталықтарын, түрлі мәдениетті меңгеріп, өзін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті болуы тиіс.

Бұл әдістемелік құрал білім беру ұйымдарында заманға сай, ілгерішіл ұрпақ тәрбиелеуге мүмкіндік беретін көмекші құрал болып табылады.



Қолданылған әдебиеттер
1. Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы. 2017 ж.

2. «Бірегейлік пен бірлік: Қазақстан жолы және Н.Назарбаев моделі» // халықаралық ғылыми практикалық-конференциясының тезистер жинағы. Астана, 2017 ж

3.Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің
тәрбие жұмысының тұжырымдамалық негіздері. Астана, 2014 ж.

4. М. Әлімбаев «Халық – ғажап тәлімгер». Алматы, «Рауан» баспасы 1994 ж. 62-бет.

5. Т.К. Жездібаев. «Жас туристерге кеңес» Алматы, 2001 ж.

6. Мазбаев О.Б. «Туризм жəне өлкетану негіздері» Алматы, Каз ҰПУ 2006 ж.

7. «Орта мектепте «Өлкетану» курсын оқытудың әдістемелік негіздері» // әдістемелік құрал. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Астана, 2013 ж. 39,40 - бет.


Мазмұны



Кіріспе ...………………………………………………………………...........

3

1

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында

білім беру ұйымдарында оқушыларға тәрбие беруде

өлкетанулық жұмыстардың рөлі ........................................................


5

2

Жалпы білім беретін ұйымдарда өлкетанулық жұмыстарды жоспарлаудың мазмұнын іріктеу және ұйымдастырудың

әдістемелік негіздері ...............................................................................



13

3

Туған өлкенің тарихын, оның ішінде мәдени – тарихи ескерткіштерді, жергілікті масштабтағы мәдени нысандарды оқытудағы әдістемелік ұсынымдамалар ................................................

18

3.1

Өлкетанулық жұмыстарды үйірмелер арқылы атқару ..........................

19

3.2

Өлкетанулық жұмыстарды оқушылар ұйымы арқылы атқару .............

32

4

Қорытынды ……………………………………………............................

35

5

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...........................................................

36

Введение
В Послании 2017 года Президент Н.А. Назарбаев объявил о начале Третьей модернизации в Казахстане, целью стала– войти в тридцатку развитых государств мира [1]. В условиях масштабной политической и экономической модернизации Глава государства поделился своим видением о том, что сердцевиной масштабных преобразований выступит опережающая модернизация общественного сознания.

Программной статьей «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания» определены 6 направлений модернизации общественного сознания:



  1. конкурентоспособность;

  2. прагматизм;

  3. сохранение национальной идентичности;

  4. культ знания;

  5. эволюционное, а не революционное развитие Казахстана;

  6. открытость сознания [2].

В рамках Программы «Рухани жаңғыру» реализуется шесть спецпроектов:

  • «Туған жер»;

  • «Сакральная география Казахстана»;

  • «Современная казахстанская культура в глобальном мире»;

  • «100 новых учебников»;

  • «100 новых лиц»;

  • «Перевод казахского языка на латинскую графику».

Өлкетану - Краеведение– это один из базовых проектов подпрограммы «Тәрбие және білім» спецпроекта «ТУҒАН ЖЕР».

Краеведение является основой духовного и нравственного возрождения общества.

Краеведение- составная часть патриотического воспитания. Воспитание сегодня рассматривается как одно из самых важных приоритетов государственной политики в сфере образования. Воспитывают государственный патриотизм, формируют гражданскую позицию, мобилизуют индивидуальную память учащихся, осуществляют связь поколений с опорой на природу, быт, культурные и духовные ценности, традиции Казахстана.

Совершенствование образовательного процесса по краеведению актуализирует широкое вовлечение современных школьников в изучение природы нашей страны, ее использование в хозяйственной деятельности, связанной с преобразованием всех отраслей экономики; изучение прошлого и настоящего родного края, его богатого культурного наследия.

Краеведческий компонент образования хорошо конкретизирует и иллюстрирует географические знания, многообразные межпредметные связи.

Однако сопричастность к прошлому и настоящему невозможно воспитать только словами или передачей знаний: нужны реальные более тонкие и эффективные подходы и средства, способные возбуждать, волновать, вызывать истинно высокие чувства и переживания, которые формируют эмоционально-ценностное отношение личности к действительности.

Предполагается наличие арсенала краеведческого воспитания и образования: механизмов, методов, способов, технологий, форм.

Успешность работы также во многом зависит от активного включения самого учителя и от того, как он сумеет заинтересовать краеведческой (поисковой) деятельностью своих учеников.

Учитель должен хорошо знать свой край (область, регион), систематически его изучать и владеть знаниями краеведческой работы со школьниками. Занимаясь краеведческой работой с детьми и подростками, учитель в первую очередь повышает свой интеллектуальный уровень и более глубоко овладевает профессиональной компетенцией.

Как организовать воспитательный процесс на основе краеведения в рамках реализации Программы «Рухани жаңғыру»? Каким содержанием его наполнить? На что обратить внимание при определении задач и видов деятельности, при планировании краеведческой работы со школьниками разных возрастов?

В решении этих вопросов заместителю директора по воспитательной работе, педагогу-организатору, старшему вожатому, классному руководителю, методисту, учителю-предметнику, специалисту системы дополнительного образования детей – всем, кто ведет воспитательную работу со школьниками призваны помочь «Методические рекомендации по совершенствованию краеведческой работы в общеобразовательных организациях в рамках реализации программы «Рухани жаңғыру».

1. Роль краеведческой работы в воспитании обучающихся в организациях образования в рамках реализации программы «Рухани жаңғыру»
Программа «Рухани жаңғыру» является мощным стимулом для подробного изучения краеведения и через него открытия новых фактов в истории и географии Казахстана.

Краеведение стало неотъемлемым элементом регионального компонента ГОСО РК, отражающим своеобразие края (географию, историю, биологию, экологию, русский и иностранные языки, художественную литературу и фольклор, искусство и другие), специфические потребности и интересы региона в области образования.

Краеведение как родиноведение - знание о своих родных местах- зародилось в далеком прошлом. У всех народов во все времена были люди, хорошо знающие окружающую их местность, особенности ее природы, истории и т. д. Эти знания передавались последующим поколениям устно, в различных документах, произведениях народного творчества.

Под термином «краеведение» сегодня понимается всестороннее изучение природы, населения, хозяйства, истории и культуры какой-либо части страны, административного или природного района, населенных пунктов с их ближайшим окружением.

Д.С. Лихачев относит краеведение к типу комплексных наук. «Оно соединяет в себе сведения природоведческие (в свою очередь комплексные), исторические, искусствоведческие, по истории литературы, науки и т.д. Объединяющее начало состоит в том, что все эти сведения относятся к одной местности. Последних может быть огромное множество. Ближе всего по своему типу краеведение к географии. Сведения в обеих науках объединяются по территориальному признаку. Но география, в отличие от краеведения, не придает такого большого значения отдельным замечательным людям, истории науки, истории литературы, истории искусства (в частности архитектуры). Краеведение ближе к истории вообще и ближе к изучению отдельных людей, разумеется в местной обстановке, чем география. В этом замечательная особенность и сила краеведения. Краеведение может стать в той или иной местности самым массовым видом науки. Это основа для развития добровольных обществ друзей того или иного памятника, той или иной темы, для объединения молодежи вокруг определенных тем или занятий, возрождения кустарных производств, разведения местных редких растений, животных и пр., создания заповедников, вообще — «добрососедства» с историей, культурой или природой... [3].

Краеведение есть комплекс научных дисциплин различных по содержанию и частным методам исследования, но ведущих к своей совокупности к научному и всестороннему познанию края.


Таблица 1. Области знаний краеведческих дисциплин


Дисциплина

Область знаний

История

Научное и всестороннее познание истории края.

Экономика

Основы экономической жизни общества.

Этнография

Изучение народностей и наций, их культуры и образа жизни.

География


Основные объекты природы, населения, хозяйства, проблемы родного края.

Биология

О признаках живых организмов, системе, многообразии и эволюции живой природы; взаимосвязях организмов и окружающей среды; человеке и его здоровье.

Литература

Конкретные жизненные явления, социально-исторические условия, изображенные писателями, поэтами в литературных произведениях.

Искусствоведение

Природные условия, экономику и хозяйство края, приведшие к возникновению народных художественных промыслов; специфику промыслов: материалы, технику, технологию; связи народного искусства с бытом, обычаями, культурными традициями; утилитарные и эстетические качества изделий, особенности их создания и использования; особенности развития современного народного искусства, традиции.


По содержанию в структуру краеведения входят:

- историческое

- географическое

- биологическое

- экологическое

- литературное

- экономическое и т.д.

По организационным формам краеведение делится на:

- государственное

- общественное

- школьное.



К государственному краеведению относится работа по изучению края, выполняемая краеведческими музеями, библиотеками, отделами культуры.

В общественном краеведении принимают участие общественные организации: Республиканское Общественное Объединение «Казахское Географическое Общество», Казахское общество охраны памятников истории и культуры, Казахское общество охраны природы (КООП), а также граждане, самостоятельно изучающие свой край, не объединенные в какие-либо организации.

Школьное краеведение осуществляется учащимся под руководством учителя.

Т.В. Имангулова [4] структуру школьного краеведения представляет таким образом:

- Программное (учебное)- задачи определяются учебной программой.

Учебное и внеучебное предполагает обязательное участие всех учащихся класса.

- Непрограммное (внеучебное) – задачи и содержание определяются учебно-воспитательным планом школы.

В его рамках организуются туристские походы (поход выходного дня, категорийный спортивный поход), экспедиции (Атамекен, моя родина Казахстан). Эти формы предполагают добровольное участие учащихся класса.



Объекты краеведения:

- изучение природы и всех ее элементов;

- историческое прошлое и демография (этнография города и селения, топонимика);

- экономическая жизнь, связь между природной средой и хозяйством;

- культурная и духовная жизнь, и творческая деятельность населения (народное искусство, фольклор, архитектура, художественные промыслы).

Источники изучения краеведения:

- Краеведческая библиография;

- Статистические источники;

- Картографические источники;

- Архивные источники;

- Устные источники.



Какова роль краеведения в учебно – воспитательном процессе общеобразовательных школ как ведущего фактора патриотизма?

Историческое краеведение.

Роль исторического краеведения в школе заключается:

- в сохранении культурного и духовного наследия родного края, где главным является уважение к родной истории, культуре, к судьбам родителей и дедов, что обеспечивает прочную связь поколений;

- в формировании знаний, воспитании любви к своим родным местам;

- в развитии интереса к истории, искусству, литературе, культуре, повышении культурного уровня учащихся.

На основе названных критериев осуществляется процесс воспитания гражданственности учащихся. Консолидирующая роль отводится изучению малой родины, так как это то общее, что объединяет людей разных национальностей в единую территориальную общность, делает ее жителей представителями единого округа - горожанами, односельчанами. «Любовь к Родине, чувство ответственности за судьбу родного края, потребность в «нравственной осёдлости» не возникают сами по себе, а воспитываются. И здесь курс краеведения обладает уникальной возможностью объединить население края, и прежде всего молодых людей, на общечеловеческой и гуманистической основе с помощью собранных краеведческих ресурсов и средств» [5].

Историческое краеведение подразделяется на историко-культурное, археологическое, этнографическое, архитектурное, искусствоведческое. Археология-наука, изучающая историческое прошлое по вещественным памятникам.

Этнология- наука, изучающая народы, их быт и культуру.

Архитектура- это искусство, проектировать и строить здания, сооружения и комплексы.

Географическое краеведение.

Роль географического краеведения в школьной практике заключается:

- в организации общения детей с окружающей природой и культурно-исторической средой родного края,

- в комплексном решении задач не только патриотического, гражданского воспитания, но и эстетических, здоровьесберегающих, совершенствующих трудовые навыки обучающихся;

- в изучении природы, населения и хозяйства родного края, его прошлого и настоящего с целью улучшения жизни местного сообщества;

- в обеспечении максимально эффективного всестороннего развития ребенка в соответствии с его индивидуальными способностями, интересами и с учетом перспектив развития территории (рынка труда, его запросов).

В условиях современного мира роль школьной дисциплины «География» возрастает. Наряду с философией, историей, иностранными языками географию на международном уровне признают одним из основных общеобразовательных предметов. Уроки географии дают школьникам знания о пространственном разнообразии жизни и деятельности людей, роли человека и человечества в географической среде, вкладе людей в развитие мировой цивилизации, т. е. жизни во всем ее разнообразии. Также это предмет, который дает знания о всей системе «природа – человек – хозяйство».

География кроме собственно географических знаний интегрирует в свое содержание сведения из естественных и общественных наук. Она охватывает дисциплины: астрономию, геологию, почвоведение, этнографию, историю, экономику и др.

Географическое краеведение [6] позволяет освоить коллективом школы социальную и природную среду, что оказывает воспитательное воздействие на обучающихся. С этой целью используются эффективные формы комплексного характера: КТД, итоговые краеведческие праздники, акции, экологические операции, конкурсы, краеведческие экспедиции, походы, конференции, видеозалы и т. д.

Положительные эффекты краеведческой урочной и внеурочной работы:

- увеличивается диапазон совместной деятельности педагогов, родителей, учащихся;

- повышается уровень профориентационной работы (расширяется кругозор ребят, увеличивается объем знаний о профессиях и т. д.).

- создаются условия для самореализации, самоутверждения личности учащегося, что, несомненно, способствует творческому росту, проявлению неповторимой индивидуальности.

- возрастает интерес учащихся к предмету география: многие выпускники школы выбирают экзамен по географии, на котором показывают хорошие знания, в том числе и по географическому краеведению.

В условиях модернизации казахстанской экономики географическое краеведение получило новый импульс, связанный с усилением региональной политики, с социальным и экономическим развитием территорий. Региональные факторы приобретают приоритетное значение в экономике, в жизни каждого человека. В среднем образовании также усиливается региональный компонент, что предъявляет повышенные требования к изучению географии своего края.

Географическое краеведение выполняет функцию подготовки молодого поколения к продуктивной преобразовательной деятельности и жизнетворчеству в государстве и обществе.



Биологическое краеведение.

Биологическое краеведение - это дисциплина, изучающая живую природу родного края.

Роль биологического краеведения в школе заключается:

- в обеспечении общеобразовательного уровня, способствовании интеллектуальному развитию школьников, стимулировании учащихся к постоянному пополнению знаний об окружающей среде;

- в систематическом наблюдении за сезонными явлениями в жизни животных и растений, выявлении закономерностей их распределения по изучаемой территории;

- в ознакомлении с биоразнообразием животного и растительного мира родного края для более глубокого представления о природных сообществах родного края, явлениях и процессах, происходящих в биосфере;

- в обучении проведению фенологических наблюдений за природными явлениями и выявлению влияния их на животный и растительный мир для понимания учащимися проблемы сохранения биологического разнообразия родного края;

- в изучении природных сообществ и их охраны;

- в формировании и развитии биолого - экологического мировоззрения школьников, для показа зависимости многих современных процессов в биосфере от взаимодействия общества и природы на конкретной территории;

- в создании представления у учащихся о взаимосвязанности и взаимозависимости природных процессов, о целостности природной системы Земли и о необходимости ответственного отношения человека к разработке любых проектов, связанных с нарушением природной среды вообще и биологической в частности;

- в обучении учащихся универсальным принципам исследовательского подхода, методам анализа полученных данных, ознакомление с современными методами исследований;

- в вовлечении учащихся в практическую деятельность по решению проблем окружающей среды местного значения (выявление редких и исчезающих видов, организация экологической тропы, защита природы от разрушения - лесовосстановление, пропаганда экологических знаний: лекции, беседы, листовки, плакаты и др.);

- в воспитании любви к родному краю, бережного отношения ко всему живому, что окружает нас.

Литературное краеведение.

Роль литературного краеведения в школе заключается в том, что оно:

- расширяя и обогащая знания школьников о родных местах, прививает им любовь и уважение к истории культуры родного края, помогает полнее ощутить и осознать связь литературы с жизнью;

- вызывает обостренное чувство красоты природы при посещении мест, воспетых в художественной литературе;



- имеет большое воспитательное и образовательное значение, так как школьниками изучаются литературно-краеведческие объекты, собираются материалы о писателях, литературных традициях края, фольклор, что помогает приобщиться к красоте языка, глубине мыслей и чувств писателей, поэтов, отражающих жизнь народа.

Литературное краеведение помогает обучающимся повысить свои знания в области литературы, определиться, что читать.
Схема 1. Межпредметная интеграция


Опыт работы по литературному краеведению с точки зрения практика Т.В. Ситниковой [7] можно представить как технологию интегрального взаимодействия на уровне предметов, каждый из которых имеет свои объекты для изучения края. Это дает комплексную картину регионального компонента.

Экономическое краеведение.

Роль экономического краеведения в школе заключается в том, что оно:



- рассматривает актуальные вопросы современной социально-экономической жизни края;

- организует личностное познание родного края от непосредственного восприятия, ощущения к осмыслению, обучающиеся как бы проживают явления экономики, пропуская их через собственное творчество;

- создает условия для работ исследовательского характера, что очень помогает развитию творческой инициативы и целенаправленному применению полученных знаний;

- ориентирует на исторический подход, так как важно знать не только современное состояние хозяйства, но и причины возникновения различных его отраслей.

Искусствоведческое краеведение.

Оно позволяет обучающимся изучать:

- природные условия, экономику и хозяйство края, приведшие к возникновению народных художественных промыслов;

- специфику промыслов: материалы, технику, технологию;

- связи народного искусства с бытом, обычаями, культурными традициями;

- утилитарные и эстетические качества изделий, особенности их создания и использования;

- особенности развития современного народного искусства, традиции.

Школьное краеведение находится в тесной взаимосвязи с научным.



Научное краеведение [8].

Во-первых, как школьное, так и научное краеведение, используют одни и те же источники, а именно: документальные материалы местных архивов / областных, городских, районных, текущих архивов предприятий, колхозов, совхозов, учреждений/, архивы частных лиц, материалы и документы краеведческих музеев, этнографических и исторических экспедиций, местные археологические памятники, краеведческую литературу, местную периодическую печать, воспоминания очевидцев исторических событий.

Во-вторых, научное и школьное краеведение занимаются одними и теми же объектами исследования: историй предприятий, сел, городов, колхозов, совхозов и.т.д.

В-третьих, многие методы познания в научном и школьном краеведении тождественны. К ним относятся методы исторического исследования, непосредственного наблюдения, сравнительно-исторический, описательный методы.

В-четвертых, школьное краеведение опирается на данные научного краеведения, в основе которого лежит исследовательский метод, заключающийся в самостоятельном поиске нового. Однако нельзя отождествлять исследовательскую работу ученых и учащихся. Различие ее состоит в том, что в школе центром внимания являются, прежде всего, учебные цели; в научном исследовании центром внимания является объект изучения. Обучение путем открытий - актуальная проблема нашего времени. Ею занимаются как в нашей стране, так и за ее пределами.

Школьное краеведение включает в себя не только приобретение учащимися готовых знаний на уроках или из учебных пособий, но и самостоятельную работу, поисково-исследовательскую деятельность под руководством учителя. Следовательно, особенностью краеведческой работы является то, что она ставит учителей и учащихся в положение исследователей. Поэтому обязательной ее частью является участие в поисково - исследовательской деятельности как учителя, так и учащихся. При этом преследуются цели: научное исследование краеведческого объекта, педагогическая - приобщение учащихся к исследовательской деятельности и использование собранных материалов в учебно-воспитательном процессе. Таким образом, используемый в школе исследовательский метод выдвигает краеведение, которое без поиска немыслимо.


Каталог: files -> blogs
blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blogs -> Программа по предмету «Русский язык»
blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет