Методические рекомендации «повышение эффективности деятельности общественных советов»



бет1/17
Дата02.07.2018
өлшемі92,99 Kb.
#45424
түріМетодические рекомендации
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Қазақстан Республикасында

«ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ»

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҒЫ

МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ

«ПОВЫШЕНИЕ ЭФФЕКТИВНОСТИ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ ОБЩЕСТВЕННЫХ СОВЕТОВ»

в Республике Казахстан

Астана қ


2017ж

КІРІСПЕ

Осы әдістемелік нұсқаулық «Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоры» Қоғамдық қоры Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің азаматтық қоғам жұмысы бойынша комитетінің тапсырмасы бойынша жасалды. Қоғамдық кеңес Республикалық Мәжіліс жобасының аясында барлық аудиторияға арналған.Әдістемелік нұсқаулық ұсыныстарының мақсаты Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруда атқарушы органдарының жанындағы Қоғамдық кеңес қызметін ұйымдастыру, ақпараттық және әдістемелік қолдау арқылы, Қоғамдық кеңес мүшелеріне насихаттау.

Әдістемелік 2017 жылғы қыркүйектегі Қоғамдық кеңес қызметінің анықталған мақсаты мен міндеттері атқаратын функциясы, олардың қызметі, негізгі ақпараттық және әдістемелік нормативтік құжаттарының талабының есебінде жасалған.

Әдістемелік ұсыныстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарының жанындағы Қоғамдық кеңес жұмысын ұйымдастыруда пайдалана алады.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ БАСТАУЫ



Қоғамдық кеңес қазіргі кезде қоғам мен үкімет арасындағы мемлекеттің қоғамдық маңызды сұрақтары бойынша азаматтық қоғам пікірінқоғамдықкеңестіңбастымақсатыретіндешешімдердіңашықтығын көрсетуде, қоғам мен биліктің өзара іс-қимылының жаңа формасы болып саналады. Қоғамдық кеңес алдыңғы қатарлы шетелдік табысты тәжірибелерге және 2015 жылы желтоқсан айында Алматы және Астана қалаларында ЕҚЫҰ өкілдерімен Мәжіліс депутатарының бірігіп өткізген оқыту семинарлары негізінде құрылды. Негізгі мақсаты Қоғамдық кеңес туралы заңнаманы тиімді іске асыру бойынша мүшелерінің әлеуетін көтеруде әкімшілік, мәслихат өкілдеріне және Кеңес төрағаларына семинар-кеңестер ұйымдастырылды. Әрі, ҚР «Қоғамдық кеңес туралы» 2015 жылы 2 қарашадағы №383-V Заңының күшіне енуіне байланысты, 2016 жылы қаңтарда республикалық және жергілікті деңгейде, оның ішінде аймақтық қоғамдық кеңес құрамын қалыптастыруға байланысты жұмыс топтары құрыла бастады. Қоғамдық кеңес жұмысы кеңес беру, бақылаушы орган болып ұсынылған. Қоғамдық кеңес тікелей Қазақстан Республикасы Президентіне ғана бағынатын және есеп беретін министрліктермен, сонымен бірге мемлекеттік жергілікті басқару органдарының осы сұрақ бойынша құзыреттілігімен коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен құрылды. ҚР «Қоғамдық кеңес туралы» Заңында мынадай ерекшеліктер қарастырылған, Қоғамдық кеңес құрамына: ҚР Жоғарғы Соты, ҚР Конституциялық Кеңесі, прокуратура органы, ҚР Президентінің әкімшілігі, ҚР Ұлттық банкі, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Президентінің ісін басқару басқармасы, ҚР Премьер- Министрінің кеңсесі, материальдық-техникалық қамтамассыз ету басқармасы, ҚР адам құқығы жөніндегі ұлттық орталық, республикалық бюджеттін орындалысын бақылау бойынша есеп комитеті, ҚР орталық сайлау комиссиясы, ҚР Жоғарғы Сот Кеңесі, ҚР арнайы мемлекеттік органдары кіре алмайды.

Қазіргі таңда Қазақстанда 200-ден артық қоғамдық кеңес

құрылған, олардың құрамында төрт мыңға жуық адам бар, олардың ішінде 75% азаматтық қоғам өкілдері. Осылайша аймақтық Қоғамдық кеңес қолданыстағы заңнама нормаларының негізінде, онда айтылғандай азаматтық қоғам, қоғамдық кеңестің мүшесінің жалпы санының кемінде үштен екі орнын алуға тиіс. Қоғамдық кеңестің құрамының 30% әйелдер. Қоғамдық кеңестің негізгі бөлігі (64%) бұл 30-59 жастағы азаматтар, Кеңес қызметіне белсенді қатысып жүргендер 60 жастан жоғары, жастар 5,5% құрайды. Осындай үрдіс республикалық және жергілікті жағдайларда да көрінеді.


  • «Қоғамдық кеңес туралы» ҚР 2015 жылы 2 қарашада 383 V Заңы төменгі заңнама баптарына жүгінеді:

  • -Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» 2001жыл 23 қаңтардағы №148 Заңына;

  • -Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015жыл 16 қарашадағы №401 Заңына;

  • -Қазақстан Республикасының «Коммерциялық ұйымдар емес» 2001жыл 16 қаңтардағы №142 Заңына;

  • -Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы». 2015 жылғы 31 жел- тоқсандағы №1194 қаулысына

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібіне қойылатын талаптарды ұйымдастыру туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1191 қаулысына .






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет