Методическое пособие (на казахском и русском языках) ббк 32. 8127 М92 Мухамбетжанова Сэуле Талапеденңызы



бет1/4
Дата04.08.2017
өлшемі1,06 Mb.
#22905
түріМетодическое пособие
  1   2   3   4
Мухамбетжанова С.Т.

ОРГАНИЗАЦИЯ УЧЕБНОГО ПРОЦЕССА В КАБИНЕТЕ ИНФОРМАТИКИ

Алматы 2004



Методическое пособие (на казахском и русском языках)


ББК 32.8127 М92

Мухамбетжанова Сэуле Талапеденңызы - ББЖ КБАРИ-ның информатика кабинетінің меңгерушісі, п.ғ.к.

Информатика кабинетінде оцу процесін уйымдастыру - Әдістемелік цурал Организация учебного процесса в кабинете информатики - Методическое пособие Алматы: РИПКСО, 2003 - 95 стр. ISBN 9965-22-066-2

Пікір жазгандар:

Балафанов Ермек Казбещлы, Сөтбаев атындағы ҚазҮТУ-і жанындағы "Білім беруді ақпараттандыру" ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, т.ғ.к., Білім беруді ақпараттандырудың Халықаралық академиясының академигі

Қыстыцбаева Анар Болатңызы, Алматы қаласы, № 13 мектебінің информатика мүғалімі

Смагулова Бацыт - Алматы қаласы, № 59 мектебінің информатика мүғалімі

Әдістемелік қүралда информатика кабинетінің мәні, кабинетте оқу процесін үйымдастыру ерекшеліктері, техника жабдықтарына қойылатын талаптар, кабинеттегі қүрал-жабдықтарға қойылатын талаптар, психологиялық-педагогикалық, санитарлық-гигиеналық, техникалық және эргономикалық талаптарды қанағаттандыратын информатика кабинетін жоспарлау үлгілері сипатталған. Сонымен қатар директордың білім беруді ақпараттандыру жөніндегі директордың орынбасарының, информатика мүғалімі мен лаборанттың мамандығына қойылатын талаптар келтірілген.

Бүл қүрал мектептің, кәсіптік мектептің, лицейдің және колледжінің информатика мүғалімдеріне пайдалануға үсынылады.

В методическом пособии описываются назначение кабинеты информатики, особенности организации учебной деятельности в нем, требования к его оборудованию, варианты планировки кабинета информатики, отвечающие психолого-педагогическим, санитарно-гигиеническим, техническим и эргономическим требованиям, а также приведены должностные обязанности заместитель директора по информатизации образования, учителей информатики и лаборанта.

Данное пособие предназначены для учителей информатики школ, ГШІ, ПЛ и колледжей.

ББК 32.8127 M1404000000

00(05)-03 ISBN 9965-22-066-2

Білім беру жүйесінің басшы жөне ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институттың "Білім беру жүйесіндегі менеджмент" кафедрасында талқыланып, бекітілді. (Хаттама № 16 «17» қараша 2003 ж.)

© Мухамбетжанова, 2003


МАЗМҮНЫ-СОДЕРЖАНИЕ



Кіріспе 3

Информатика кабинетінің мәні 4

Информатика оқу кабинетінің жабдықталуына қойылатын талаптар 5

Информатика кабинетіндегі жүмыс орындары мен қүралдарының 8

орналасуына қойылатын талаптар



Информатика кабинетіндегі жүмыстарды үйымдастыру 11

Информатика курсын оқыту қүралдарының жүйесі 12

Информатика кабинетіне қойылатын талаптар 13

Компьютермен жүмыс істеу кезінде оқушылардың дүрыс отыруына 14

қойылатын талаптар



Жарықтандыруға қойылатьш талаптар 14

Оқушылардың компьютермен жүмыс жасау режиміне қойылатын талаптар 15

Кабинетті қолдану ережесі 16

Информатика кабинетін безендіруге қойылатын талаптар 16

Базалық программалық қамсыздандыруға қойылатын талаптар 17

Техникалық қүралдар, оқу-көрнекілік қүралдар тізімі. Информатика 18

кабинетіндегі жиһаздар мен қүралдар



Қосымша_1'>Қосымша 1: Директордың оқу процесін ақпараттандыру бойынша 22

орынбасарының қызметіне қойылатын талаптар



Қосымша 2: Информатика мүғалімінің мамандығына қойылатын 24

талаптар


Қосымша 3: Көз жаттығулары 27

Қосымша 4: Дене шынықтыру жаттығуларының жиынтығы 28

Қосымша 5: Техника қауіпсіздігінің ережелері 29

Қосымша 6: Электр тогынан зақымдалғандарға алғашқы дөрігерлік 31

көмек көрсету



Қосымша 7: Алғашқы дәрігерлік көмек қорабындағы қажетті 32

заттар тізімі



Қосымша 8: Дербес компьютерде жүмысты үйымдастыру 33

Қосымша 9: Оқушыларға еңбек қауіпсіздігі жайлы мағлүмат беру 34

жайындағы үсыныстар



Қосымша 10: Информатика кабинетінде жүмыс жасайтын лаборанттың 36

қызметтік міндеттері



Информатика оқу кабинетінің қүжаты 37

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 48

Кіріспе

Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік Бағдарламасын орындау мақсатында оқушылардың жүйелік-ақпараттық әлем жайындағы түсінігін қалыптастыру, ақпараттық орта мен адамның арасындағы тиімді қарым-қатынас, ақпараттық технологияны қолданудың дағдыларын жетілдіру арқылы жалпы білім беру мекемелерінде информатика пәнін оқытудың ролі артады.

Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің практикада кең
қолданылуын, білім беру процесін жетілдіру бағытында дамыта оқыту
идеяларын пайдалану, оқу процесінің озық түрлері мен әдістерін
үйымдастыру, білімді игерудің механикалық түрғысынан өз бетімен білім
алу түріне өтуін қамтамасыз ететін білім беруді ақпараттандыру қазіргі
қоғамдағы ақпараттандыру процесінің негізгі бағыттарының бірі болып

табылады.



Білім беруді ақпараттандыру идеясын дербес компьютердің жетілдірілген модельдерін білім беру аясында қоддана отырып іске асыруға толық мүмкіндік бар. Біріншіден, ол оқушыларды қазіргі типтегі программалық жабдықтармен, жасанды ақыл-ой жүйесімен зор көлемдегі соның ішінде түрақты және ауыспалы аудиовизуалдық ақпаратпен жүмыс істейтін мультимедиа қүрылғысының жабдықтарымен таныстырады, екіншіден, арнайы қүралдармен қамтамасыз етеді; үшіншіден, ақпараттық қарым-қатынастарды телефондық, телевизиялық және спутниктік байланыс қүрылғылары мен компьютерлік желілер деңгейінде жетілдіру барысында телекоммуникациялық қүрылғылар пайдаланылады.

Жоғарыдағы айтылған мәселелерді негізге ала отырып, информатика курсы бойынша сабақтарды өткізетін информатика кабинетінің ролі ерекше мөнге ие.

/. ИНФОРМАТИКА КЛБИНЕТШЩ МӘНІ

Информатика кабинеті жалпы орта білім беретін және кәсіптік-техникалық білім мекемелері оқу-есептеу техникасының жиынтығымен, оқу-көрнекі қүралдары мен оқу қүрылғыларының және жиһаздармен, информатика курсы бойынша базалық және мамандандырылған курстардың теориялық жөне практикалық, сыныптық және сыныптан тыс жүмыстар жүргізу мүмкіншілігі бар және оргтехникалармен жабдықталған болуы тиіс. Сонымен бірге информатика кабинетінде түрлі оқу пәндерін, еңбек сабағын, қоғамдық пайдалы және оқушылардың оқу-төрбие процесін басқарудың өнеркәсіптік жүмысын жүргізуге болады.

Информатика кабинеті жан-жақты білім беруге сапалы түрде көмектесетін, оқушылармен мүғалімдердің қауіпсіздігін және денсаулығын сақтау талаптарын толық қамтамасыз еткен жағдайда информатика жөне ғылым негізі бойынша білім-білік дағдыларын және оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырып, ақыл-ойын дамытатын, барлық психологиялық, гигиеналық және эргономикалық талаптарға сай қүрылған орта.

Информатика кабинетіндегі өткізілетін сабақтар мына мүмкіндіктерге ие:

  • Оқушыларға соңғы үлгідегі компьютерлік техниканың қүрылғылары
    жөніндегі білімдерін, ДК көмегімен есептерді шығару әдіс-тәсілдерін
    программалық қамсыздандыруды қолдануды жөне ақпараттық
    ресурстармен жүмыс істеуді қалыптастырады;

  • Оқушыларға ғылыми мекемелерде, жобалау-конструкторлық
    өндірістерді, ғылыми мекемелерде, оқу процесі мен басқармасында
    компьютерлік техниканың қолданылу барысын таныстырады;

  • Мектептегі оқу әдістері мен оқу-тәрбие процестерін үйымдастыру ісі
    жетілдіріледі.

Информатика кабинетінде келесі жүмыстар өткізілетін болады:

  • Информатика мен басқа да оқу пәндерінің жеке тақырыптары бойынша
    жаңа ақпараттық технологиялық қүрылғыларды және оқу-көрнекілік
    қүралдарын пайдалану;

  • Мектеп сүранысын қанағаттандыруға бағытталған мектеп әкімшілігі мен мүғалім
    тапсырмалары бойынша оқушылардың қолданбалы программаларды қүрастыруы;

  • Жаңа ақпараттық технология қүралдарын пайдаланып өткізілетін кластан тыс
    сабақтар.

Оқушылар үшін жүмыс орнының саны сыныптағы оқушылардың толық санына байланысты 9, 12, 15 болуы мүмкін. Дербес компьютерде практикалық тапсырмалар орындау үшін жеке, үжымдық және топтық жүмыстар үйымдастыру үсынылады. Әдістемелік міндеттерді шешу барысында бір жүмыс орнында оқушыларды 1 -ден, не 2-ден отырғызып жүмыс жасауға болады.

//. Информатика оку кабинетінің жабдьщталуына қойылатын талаптар

1. Информатика курсы мен басқа да жалпы білім беретін жекелеген пөндерді оқытуда жаңа ақпараттық технологиялық қүрылғыларды пайдалану барысында информатика кабинетінің қүрамына келесі қүралдар енеді:

  • Психологиялық-педагогикалық, эргономикалық және техникалық талаптарды
    қанағаттандыратын оқу-есептеу техникасының жиынтығы;

  • Арнайы жиһаз бен оргтехника;

  • Информатика кабинетінде жүмыс істеу барысында техника қауіпсіздігін сақтауды
    қамтамасыз ететін қүрылғылар мен қүрал-жабдықтар;

  • "Информатика" курсы бойынша базалық және мамандыққа баулу бағыттарына
    негізделген программалық қүралдар;

  • компьютерде оқушылардың өзіндік жүмысы мен тапсырмаларды орындау
    жүмыстарын үйымдастыруға бағытталған тапсырмаларды қүрастыру;

  • ғылыми-танымдық, анықтамалық және өдістемелік өдебиеттер жиынтығы;

  • Жаңа ақпараттық технологиялық жабдықтарды қолдануға бағытталған
    және жалпы оқу пөндерінің қүрылымдық жүйеде жүргізуге арналған,
    игерілетін материалдың мақсаты мен міндеттеріне сөйкес оқу,
    демонстрациялау қүралдарының жекелеген түрлерін жинақтауға
    болатын оқу-әдістемелік жинағы;


  • Техника қауіпсіздігі бойынша оқушыларға нүсқаулар жүргізу мен оны мерзімді
    түрде тексеріп отыру журналы;

  • Компьютердің істен шығуы мен оны жөндеу журналы;

  • Оқушылардың жүмысын көрсететін кестелер мен қабырға материалдары;

  • Мектеп директоры бекіткен информатика кабинетінің жабдықталу жоспары,
    кабинеттегі қүрал-жабдықтардың есебі жазылған кітапша;

  • Алғашқы медициналық қызмет көрсетуге қажетті дөрі-дәрмектер қобдишасы;

  • Өрт сөндіруге қажетті қүрал-жабдықтар;

  • Техника қауіпсіздігі мен оның сақталуын қамтамасыз етуге арналған қүрал-
    жабдықтар.




  1. Жаңа ақпараттық технологиялық жабдықтарды қодданатын зерттеу-
    тәжірибе жүмыстарын өткізуте арналған зертхана (лаборатория)

  2. Болашақта әлемдік деңгейде және аймақтық телекоммуникациялық
    желілерді жүйелеуді қамтамасыз ететін қүрылғылар мен қүрал-жабдықтар
    (компьютерлік желілер мен телефондық, теледидарлық, спутниктік
    байланыс қүралдарының синтезі)

4.Информатикадан дидактикалық материалдар жүйесі

  1. Программалаудан (сыныптар бойынша) бақылау жүмысының
    материалдары.

  2. Әрбір тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалардан қүрастырылған
    таратпа материалдар.

  3. Сыныптар бойынша тест тапсырмалары (тақырыптық, тоқсандық,
    жарты жылдық, жылдық)

  4. 8-11 сыныптар үшін информатикадан олимпиада материалдары
    (мектепішілік, аудандық, қалалық (облыстық), республикалық).

  5. Сыныптар бойынша жүмыс дәптерлері

6. Информатикадан бақылау және жаттығу программалары

5. Нормативтік-үйымдастырушылық қүжаттары

  1. ҚР "Білім туралы" Заңы.

  2. Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың
    Мемлекеттік бағдарламасы

  3. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың аймақтық бағдарламасы.

  4. 7-11 сыныптарға арналған информатикадан мемлекеттік білім
    стандарты

  5. ҚР Білім және Ғылым министрлігінің әдістемелік нүсқау хаты.

  6. Сыныптар бойынша информатикадан оқу бағдарламалары

  7. 7-11 сыныптарға арналған информатикадан күнтізбелік-тақырыптық
    жоспар.

& 7-11 сыныптарға арналған информатикадан сабақ жоспарлары

9. Кабинет жүмысының жоспары

10. Кабинет жүмысына талдау

11 Кабинет активінің жүмыс жоспары

  1. Кабинетті дамытудың келешек жоспары

  2. Оқу процесін ақпараттандыруды дамытудың жоспары

б.Информатикадан оқу-әдістемелік кешендерінің тізімі

  1. 7-11 сыныптарға арналған информатикадан оқулықтар мен оқу
    қүралдары

  2. Мүғалімге арнлаған әдістемелік қүралдар

  3. 7-11 сыныптарға арналған информатикадан электрондық оқулықтар

  4. 7-11 сыныптарға арналған информатикадан деңгейлік тапсырмалардан
    қүрастырылған жүмыс дәптерлері

7.Кабинет кітапханасы

  1. Анықтамалық-ақпараттық әдебиеттер

  2. Сыныптан тыс жүмыстарға арналған әдебиеттер

  3. Мерзімдік басылымдар

  4. Мүғалім мен оқушының шығармашылық жүмыстары

8.Техника қауіпсіздігі

9.Санитарлық-гигиеналық нормалар

Ю.Информатика кабинеті мазмүнын зерттеу белгілері

Бағалау белгілері

үпайлар саны

Эксперт бағасы

1. Информатика кабинеті ережесінің талаптарына сай жабдықталуы мен безендірілуі. (Кабинеттің төлқүжаты, кабинеттің келешек жоспары, орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасын дамыту жоспары, кабинет кеңесінің жоспары, оқу кабинетінің жабдықталу тізімі).







2. Қүжаттар (төлқүжат, есепке алу кітабы, оқу жабдықтарының каталогы).







3. Жаңа типті техникалық қүрылғылармен жабдықталуы (компьютер, қолмен және дистанциялық басқарумен жабдықталған диапроекторлар, кинопроектор, телевизор, видеомагнитофон, видеокассеталар, лазерлік дискеталар, слайдтар жөне т.б.), оларды пайдалану тиімділігі.







4. Оқу-әдістемелік жинақтармен жабдықталуы (оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу-әдістемелік әдебиеттері, факультативтік курстарға арналған қүралдар, сөздіктер, тест жинақтары, дидактикалық материалдар, базалық программалық қамсыздандыру, электрондық оқулықтар, мультимедиялық программалар).







5. Алынған және өздігінен дайындалған оқыту қүралдары (көрнекі қүралдар, плакаттар, кестелер, кескіндер, деңгейлік тапсырмалардан қүралған карточкалар, сыныптар бойынша бақылау тестілері (тақырыптық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық), слайдтар, үйрету және бақылау программалары).

1 - 10




6. Оқу-көрнекі қүралдарын жүйелеу (электрондық картотекалар)

1 - 5

( / ^





7. Оқушылардың өзіндік шығармашылық жүмыстары (рефераттар, бағдарламалар, орындалған шығармашылық жүмыс үлгілері)

1 - 10




8. Информатикадан үйымдастырылған сыныптан тыс жүмыстар (олимпиада материалдары, ғылыми жобаларды қорғау, үйірмелер, факультативтер және оларды

1-5







сыныптар мен тақырыптар бойынша жүйелеу) .







9. Оқушылардың білім сапасының мониторингі (графиктік ақпарат түрінде)

1-5




10. Білім беру технологияларын енгізуді негіздеу, оларды сипаттау, дәстүрлі оқыту әдістерімен салыстыру нәтижелерінің көрсеткіштері

1-10




11. Педагогикалық іс-төжірибенің бөліктерін айқындайтын сандық жөне сапалық көрсеткіштері (сабақ жоспарлары, дидактикалық материалдар, технологиялық карта және т.б.)

1-10




12. Кабинетті жабдықтау: қазіргі талапқа сай болуы, үқыптылығы, оқытылатын материалдарға сай болуы, оқушы мен мүғалімнің оны жабдықтауға үлесі

1-10




13. Техника қауіпсіздігі мен санитарлық-гигиеналық норма ережелерін сақтау

1-5




Барлығы

100




11. Кабинет паспортын жабдықтаудың қүжаттар тізімі

  1. Сыртқы беті

  2. Оқу жылына информатика кабинетінің дайындық актісі

  3. Өртті сөндіруге арналған қүралдар

  4. Техника қауіпсіздігі мен оны сақтауды қамтамасыз етуге арналған қүралдар

  5. Жүмыс орнының жарықтылық деңгейі

6. Информатика кабинетіндегі оқу-көрнекі қүралдары мен жиһаздар жөне
техникалық қүралдар тізімі

  1. Информатика кабинетін жабдықтау шараларының жоспары

  2. Информатика кабинетінің жүмыс графигі

  3. Оқытудың техникалық қүралдары тіркелген инвентарлық журнал




  1. Білім мекемелерінде информатика кабинетінің орналасу кескіні

  2. Электр желілерінің жүргізілу кескіні

Информатика кабинетіндегі жумыс орындары мен к$ралдарының орналасуына қойылатын талаптар

Информатика кабинеті қатты дыбыстар шығатын орындардан (машина залы, гимнастикалық зал, шеберхана) аулақтау, бөлек орналасуы тиіс.



Информатика кабинетінде оқушылардың оқу қүралдарын қоятын арнайы шкаф болуы қажет.

Информатика кабинетінің ауданы 1 жүмыс орнына 6 шаршы метрден кем болмайтын аудандармен есептелінеді.

Дербес компьютер саны 10-нан кем емес информатика кабинетінің лаборанттық бөлме ауданы 18 шаршы метрден аз болмауы керек, ал кабинет биіктігі 4 метрден жоғары болуы тиіс.

Оқушылардың жумыс орны 1 үстелден және 1, не 2 орындықтан түрады. Дербес компьютер, оқулық орналасатын және оқулықпен жүмыс істеуге арналған үстел бетінің өлшемі 1300х700мм болуы керек. Оқушы үстелінде ДК барлық қүрылғыларымен орнатылады. Пернетақтаның алдында ЗОсм ендікте дәптер қоятын және жауырынның бүлшық еттеріне күш түспес үшін шынтақты тіреп отыратын орын болуға тиіс. Монитор қойылатын үстел беті жазық, ал пернетақта орналасатын үстел беті көлбеу (12-15° бүрышқа) болуы керек. Үстел жиегінің және орындықтың биіктігі бейнемонитормен жүмыс істеп отырған оқушы бойына сәйкес қойылуы керек. Үстелдерге ток көзі мен жергілікті желі кабельдер жүргізіледі. Информатика кабинеті үшін ток көзінің жалпы электрлік кескіні есептеуіш техникасының қүжаттарына сай қондырылады. Еден беті тегіс, ой-шүңқырсыз, сырғанамайтын жөне оңай тазаланатын, антистатикалық қасиеттері болуы қажет.

Оқушы бойына жиһаздар биіктігінің сәйкестілігі

1-кесте

Оқушы бойының биіктігі

Еденнен биіктігі (см), кем өлшеммен алганда

Үстел

Аяқ қоятын орын

Орындыц

145-160

650

530

380

161-175

700

590

420

175 жэне одан жогары

760

650

460

Мугалімнің жумыс орны үстелмен жөне басу қүрылғысы мен мультипроектор қоятын 2 тумбамен жабдықталады. Мүғалім үстелінің өлшемі 1300х700мм. Тумбада магниттік тасымалдаушы, күнделікті сабаққа қажетті транспаранттар салынатын 350х500х100мм өлшемдегі 1-2 жөшік болуы керек. Компьютерлік үстелдің дәптер, сыныптық журнал т.б. салынатын қалташасы болуы керек. Сабақ барысында оқушылардың жүмыс орындарына электр желілерін қосу мен оны өшіруді мүғалім өзі жүргізу қажет.

Информатика кабинетіндегі компьютерлердің орналасуы сабақ барысында оқушылар мен мүғалімнің емін-еркін жүріп-түруына ыңғайлы болуы қажет. Дербес компьютердің жүмыс орындарының орналасуы 3 вариантта болуы керек:

  1. Жағалай (периметриалдық);

  2. Қатарлық (1-3 қатар);

  3. Орталық.

Оқушылардың және мүғалімнің еңбек қауіпсіздігі, электрмен жүмыс жасау қауіпсіздігі жөне түрақты жарықтандыру деңгейі түрғысынан алғанда ДК-де жүмыс іщ^у орындарын жағалай орналастыру нүсқасы тиімді болып табылады.

Жүмыс орындарын жағалай орналастыру нүсқасы бойынша келесідей қашықтықтар белгіленген: Информатика кабинетінің ені бойынша: терезе жақтаулары бар

қабырғалардан үстелдер кем дегенде 0,8 м қашықтықта орналасуы

керек. Терезе жақтауларына қарсы қабырғалар мен оған жағалай

орналасқан ДК үстелдері 10 см қашықтықта орналасуы қажет, ал кейбір жағдайларда бейнемониторларға байланысты үстелдер мен қабырғалардың қашықтықтары өзгеруі мүмкін.

Информатика кабинетінің узындыгы бойынша: ДК-дің екіорындық


үстелдері қатар қойылады. Бір орынды үстелдердің арасы ашылып
қойылады, соған сәйкес үстелдердің арақашықтығы кабинет ауданы мен
ондағы оқушылардың жүмыс орындарының санына байланысты болады.

ДК-мен жүмыс істеу үстелдері жағалай орналасқанда теориялық сабақтарға, оқушылардың білімдерін тексеруге, жазба бақылау жүмыстарын орындауға, дәптерде программа қүру және есептер шығаруға арналған қажетті орындар оқушылардың санына байланысты оқушы үстелдерімен және орындықтарымен жабдықталуы тиіс. Екі орынды оқушы үстелдері біріктіріліп қойылмайды (олардың арақышықтығы кем дегенде 0,5 м).

Жүмыс орындарын 1-3 қатарлы етіп орналастыру нүсқасы бойынша келесідей қашықтықтар белгіленген:

  • Информатика кабжетінің үзындыгы бойынша: әрбір қатардағы жүмыс
    үстелдерінің арақашықтығы 1,0-1,1м, соңғы үстелдер мен қабырғаның
    арақышықтығы 0,8м-ден кем болмауға тиіс. Соңғы үстелдерден кейін
    информатика кабинетінің сыртқы есігі орналасқан жағдайда соңғы
    үстелдерден сыртқы қабырғаның қашықтығы 1,2м-ден кем болмауы
    керек.

  • Информатика кабинетінің ені бойынша: терезе жақтаулары бар
    қабырғалар мен бірінші қатардағы ДК үстелдерінің арақашықтығы —
    0,8-1,1м, жүмыс үстелдерінің арақашықтығы - 0,8-1,0м, үшінші
    қатардың қабырғамен (терезе жақтауларынан) қашықтығы- 0.8-0,9м.
    Информатика кабинетінің алдыңғы жақ қабырғасы сынып тақтасымен,


экранмен, оқу-көрнекілік қүралдары, ақпараттар тасымалдаушы және демонстрациялық теледидар қойылатын шкафтармен жабдықталады. Демонстрациялық теледидар сынып тақтасының сол жағына арнайы орында, еденнен 2м биіктікте орналасады. Тақта астына кесте салынатын жәшіктер болуы қажет. Тақтаның жоғары жақтауларында кестелер ілінетін үстағыштар болады.

Кабинетте оқыту қүралдары мен жабдықтары бағдарлама бөлімдері бойынша орналастырылады. Демонстрациялық көрнекіліктер және өздік жүмыстарға арналған қүралдар бөлек сақталады. Информатика кабинетіндегі оқыту көрнекілік қүралдары мен жабдықтары шкафтарда сақталады, ол лаборант бөлмесінде сақталуы да мүмкін.

Демонстрациялық қүралдар келесі үлгіде сақталады:



  • Программалармен қамсыздандыру дискілері әр сыныптарға және
    бағдарлама бөлімдеріне сәйкес шаң-тозаңнан және жарықтан қорғалған
    арнайы кішкене жәшіктерде сақталады, жәшіктер белгіленіп,
    шкафтарға салынады.

  • Кестелер бағдарлама бөлімдеріне және сыныптарға сәйкес өлшеміне
    қарай тақтаның астыңғы жағындағы жәшіктерге орналастырылады;

  • Аудиовизуальдық қүралдар шкаф сөрелерінде сақталынады;

ю

Анықтамалық, оқу-методикалық, ғылыми-танымдық әдебиеттер шкаф


сөрелерінде орналастырылады жөне мектеп кітапханасы арқылы
алынады.

Информатика кабинетінде қүрал-жабдықтар мен мүғалімнің жүмысын жеңілдететеін әдістемелік картотека және сабақ өткізуге дайындық қүралдарының тізімі болады.

Терезеге қарама-қарсы қабырғаларда түрақты анықтамалық кестелер, оқушыларды техника қауіпсіздігі ережелерімен таныстыратын, ДК-дің негізгі байланыстары жэне оның функциялары, алгоритм түрлері және т.б. жазылған қабырға материалдары ілінеді. Жекелеген бөлімдер мен тақырыптарды оқытуға қажетті қүралдар сынып тақтасына қарама-қарсы қабырғаға ілу үсынылады.

///. Информатика кабинетіндегі эщмыстарды уйымдастыру

Информатика кабинетіндегі үйымдастыру жүмыстарын кабинеттегі қүрал-жабдықтарға жауап беретін, информатика курсында компьютерлік технологияны оқу процесінде және жалпы білім беру пәндерінде оқушылардың қолдануын, ондағы мүғалімдер жүмысын үйымдастыратын информатика мүғалімдерінің арасынан сайланған кабинет меңгерушісі басқарады.

Кабинет меңгерушісі:



  • Кабинеттегі жабдықтардың сақталуына;

  • Инвентаризациялық тіркеу журналын жүргізуге;

  • Қүрылғылардың әрдайым дайын болуына, есептеуіш техниканың
    техникалық қызмет көрсетілуінің өз уақытында тыңғылықты
    орындалуына, машиналардың істен шығуын тіркеп отыру, оларды
    жөндеу және қалпына келтіру жүмыстарын реттеуге;




  • Апатты жағдайларда өрттен сақтану жөне алғашқы дәрігерлік көмек
    көрсету қүралдарының дайын болуына;

  • Оқушыларға техника қауіпсіздігі бойынша кіріспе және деңгейлі
    нүсқаулардың өтілуін қадағалауға;

  • Оқытушылар мен оқушылардың техникалық қауіпсіздік ережелерін
    сақтауына;

  • Сабақ басталғанда және аяқталғанда журналдың дүрыс тіркелуін қадағалау,
    электр көзіне қосуға жөне ажыратуға жауапты.

Оқушылар информатика кабинетіне алғаш кірген күні мүғалім оларды бойына, есту және көру жағдайына байланысты жүмыс орынын бекітіп беру керек, сонымен қатар техника қауіпсіздігі мен онда жүмыс істеу ережесімен таныстыру керек. Оқушылар жүмыс орынының реттілігіне және ондағы орналасқан қүрылғыларға жауап береді.

Оқушылар техника қауіпсіздігі және жүмыс жасау ережесі бойынша сыңақтан өтіп, "Техника қауіпсіздігі ережесі бойынша нүсқаудан өткізу мен оны тіркеу журналы" атаулы журналға белгілену керек. Онда нүсқаудан өткен күні жөне сынақтан өткені туралы белгі, нүсқауды өткізген мүғалімнің аты-жөні,

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет