Мезгілі жетіп туылған нәрестелер, анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері, КҮтімі



бет1/2
Дата12.09.2020
өлшемі25,73 Kb.
#78227
  1   2
Байланысты:
Мезгілі жетіп туылған нәрестелер, АФЕ, күтімі. Шала туылған нәрестелер, АФЕ, күтімі.
Мезгілі жетіп туылған нәрестелер, АФЕ, күтімі. Шала туылған нәрестелер, АФЕ, күтімі. , Сұрақтар

МЕЗГІЛІ ЖЕТІП ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕЛЕР, АНАТОМИЯЛЫҚ-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, КҮТІМІ
Жүктіліктің 38 - 41 аптаның арасында туылған бала мезгілі жетіп туылған деп саналады.

Мезгілі жетіп туылған нәрестенің белгілері:

1. Дене бітімі пропорционалды.

2. Тері ылғалды, иілімді, сипап қарағанда бархыт тәрізді.

3. Тері асты майы жақсы дамыған.

4. Шашы, кірпігі, қасы жақсы дамыған.

5. Бас көлемі кеуде көлемінен үлкенірек.

6. Тырнақтары тығыз.

7. Құлақ қалқанының шеміршегі серпімді.

8. Ќимылы артылған, ретсіз. Қол-аяқтары жиырылған, жұдырығы түйылған.

9. Кіндік сақинасы семсер тәрізді өсіндімен шат сүйектерінің қосылыс аралығының дәл ортасында орналасқан.

10. Айқайы қатты, жарық және дыбыстарға сезімталды келеді.

11. Физиологиялық рефлекстер (сору, жұту) жақсы дамыған.

12. Қыз балаларда үлкен жыныс ернеулері кіші жыныс ернеулерін жауып тұрады. Ұл балаларда аталық жыныс бездері уманың ішінде.


Мезгілі жетіп туылған нәрестенің жағдайын туылғаннан 1 мин және 5 мин кейін шкала Апгар бойынша бағалайды.

Мезгілі жетіп туылған сау нәрестелерде тыныс алу жиілігі 1 минутына 30-60 рет, жүрек соғуы 1 минутына 100-160 рет, дене температурасы 36,50 С- 37,50 С.

Егер туылғаннан кейін алғашқы 1 минутта шкала Апгар бойынша 7-10 балл жинаса, нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық деп есептеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет