Мұғалімдердің кәсіби-тұлғалық құзіреттілігін қалыптастырудағы педогогикалық технологиялардың ролі. С. Б. Кенжегозина



Дата10.03.2017
өлшемі57,46 Kb.
#11328
Мұғалімдердің кәсіби-тұлғалық құзіреттілігін қалыптастырудағы педогогикалық технологиялардың ролі.

С.Б.Кенжегозина.

Білім министрлігі тәлім-тәрбие тұжырымдамасында былай деп жазылған: «Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру,оның рухани байлығы мәдениеттілігін,ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру,сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігін,іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады.»Міне,осы тұрғыдан қоғамға жан-жақты білімді,жоғары мәдениетті,жұмысты шығармашылықпен істей білетін жеке адам қажет.Ондай адамды мектеп табалдырғынан бастап орта және жоғарғы оқу орындар дайындайды.Ол үшін оқушылардың алған білімдерін өмірге пайдалана білуге үйрету керек.Оның басты баспалдағы ҰБТ.Әр жылғы тест жүйесі мектепте біздің қалай оқытып жатқанымызбен,мектеп бітірушілердің нені талап ететіні арасындағы алшақтықты анықтап береді.Бұл жағдай әр мұғалімнен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін шебер меңгеруді талап етеді.Қазір тарих пәні мұғалімдері оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда тақырыптарды оқушыларға меңгертудің тиімді,ұзақ еске сақтауды қалыптастыратын жолдарын,әдіс-тәсілдерін жасауда.Мен де ҰБТ енгелі жоғарғы сынып оқушыларын тестке дайындап келемін.Үш жылдық ҰБТ көрсеткішіне тоқалып өтсем:2009-2010 оқу жылында – 85 пайыз;

2011-2012 оқу жылында – 93 пайыз;

2013-2014 оқу жылында – 85 пайыз көрсетті.Оқушылардың білім сапасын көтеруде,ҰБТ – да 100 пайызға жету мақсатында ҰБТ-ға дайындаудың жаңа әдіс-тәсілін жасап,биылғы оқу жылынан бастап қолданып келемін.Байқау тестерінде оқушыларым біршама жетістікке жетіп келеді.Өзімнің іс-тәжірибемді бөлісу мақсатында сіздерге ұсынып отырмын.



Мақсатым:

  • Оқушыларды Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға сапалы дайындау;

  • Теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана алуына әрекет жасау;

  • Кез-келген ортаға тез бейімделетін,белгілі бір ғылым саласынан білімін көрсете алатын;

  • Мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:Пәнді оқытудың жаңа педагогикалық, ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану формаларын тиімді пайдалана отырып, оқушылардың оқу жетістіктерінің жоғарлауына қол жеткізу,бұл ҰБТ-ға дайындауда басты роль атқарады.

Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың бір формасы. Оқытуды ұйымдастырудың формасы адамзат қоғамының дамуымен бірге қалыптасты. Оқыту үрдісін ұйымдастырдың ең ертеде қалыптасқан түрі жеке оқыту болды. Келесі кезең жеке-топтық оқыту әдісі болды. ХVІІ ғасырдың басына қарай бұл оқыту үрдісін ұйымдастырудың формалары қоғам қажеттілігін өтей алмай қалды. Осы кезеңнен бастап қазіргі кездегі сыныптық-сабақ жүйесінің негізі болып табылатын, алғашқы топтық оқыту әдісі пайда болды. Сыныптық-сабақ жүйенің авторы ретінде Я. А. Каменскийді атайды.

Оқытуды ұйымдастырудың бұл түрінің сипаттамалары мынандай:


  • оқудың негізгі бірлігі сабақ болып табылады;

  • оқушылар жастары бойынша сыныптарға бөлінеді;

  • мектептегі оқыту кезеңі;

  • сабаққа қатысу бәріне міндетті;

  • бір жылға арналған сабақ, үзіліс, каникул кестесі бар;

  • сыныптағы барлық оқушылардың жұмыстары бір тақырып және бәріне ортақ бір жоспар бойынша жүзеге асырылады;

Тарихта білімнің сыныптық-сабақ жүйесін жақсарту және жетілдірудің көптеген жағдайлары белгілі. Сабақ өткізудің кең тараған корпоративтік (cooperative learning) тәсілі XX ғасырдың 20 жылдарының өзінде Украинада қолданылды, бірақ оны ұжымдық (коллективный) деп атаған. Мұнда оқушылар жұпқа немесе топқа бөлініп, тақырыптың әр түрлі аспектілерін зерттеп, сосын өз ойлары мен білімдерімен бөліседі.

Қазіргі педагогикада оқушының іс-әрекетінің 4 негізгі формасын ерекшелейді:



  • жұптық (оқушы-оқушы, оқушы-мұғалім)

  • топтық (мұғалім-сынып)

  • кооперативтік (оқушылар бірін-бірі оқытады)

  • жекеше (оқушылардың өзіндік жұмысы).

Сабақтың типі мен құрылымына жаңаша көзқараспен келу. Сабақ – мұғалімнің шығармашылығы. Тіпті бірдей технологияны қолданатын, бір тақырыпқа арналған сабақ әр мұғалімде әр түрлі болып шығады. Кез-келген сабақтың анық мақсаты болу керек. Сондықтан қазіргі заманғы дидактикада сабақ типтерінің келесі классификациясы бар:

  • жаңа сабақ өту;

  • дағды мен біліктілігін қалыптастыру және дамыту;

  • білім, білік, дағдысын бекіту мен қолдану;

  • оқыту және білімді жүйелеу;

  • білім, білік, дағдысын бақылау және түзету;

  • аралас сабақ.

Мұғалім алдымен сабақта нені істейтінін жоспарлауы қажет, содан соң калай және қандай әдістермен жүзеге асыратынын анықтауы керек. Сабақтың құрылымы оқытылатын материалдың мазмұны мен мақсаты арқылы анықталады және кездейсоқ құрылуы мүмкін емес.

Педагогикадағы технология

Педагогиканың болашағы мына схема бойынша: Оқушы – технология – мұғалім. Мұғалім педагог, әдіскер, әрі технолог болуы қажет, ал оқушы оқыту үрдісінің белсенді қатысушысы болып табылады.

Педагогикалық технологияны мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетін жаңартатын және соңғы жоспарланған нәтижеге алып келетін көптеген процедуралар жиыны деп қарастыруға болады. Технология төмендегілерден құралады:



  • жоспарланған нәтижелерден;

  • түзету мен оқытудың тәсілдерін таңдау үшін бағалау тәсілдерінен;

  • оқыту моделінің жиыны мен оның негізгі критерийлерінен;

  • жүйелілік;

  • жетекшілік(оқыту жүйесін жоспарлау мүмкіндігі)

  • тиімділік;

  • басқа оқу орындарында бекіту.

Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл ұжымдық, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу үрдісіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту үрдісін ұйымдастыру.

Интерактивтік оқыту технологиясы

Бүгінгі күні әдіскерлер мен шығармашыл-ұстаздар топтық жұмыстың көптеген түрін жасап шығарды. Олардың ішіндегі кең таралғандары - «үлкен шеңбер», «аквариум», «миға шабул» (мозговой штурм), «дебаттар». Алдыңғы сабақтардағы білімдері немесе өмірде алған тәжірибелері негізінде аздаған хабары бар, қандай да бір мәселе толығымен талқыланатын болса ғана, интерактивті оқыту формасының тиімділігі жоғары болады. Сонымен қатар, қарастырылатын тақырып жабық немесе тар мағыналы болмау керек. Мысалы, ұрлық үшін жауапкершілік қандай болу керек немесе салық мөлшері қанша болу керек деген сияқты сұрақтарды топ алдында талқылаудың мағынасы жоқ. Талқыланатын мәселенің деңгейі тар экономикалық (құқықтық, саяси, тарихи, т.б.) сұрақтардан мәселені кеңінен қоюға көшуге мүмкіндік жасайтындай болу керек. Жоғарыда аталған топтық жұмыс түрлері:

1) Жұппен жұмыс.

2) Ротациялық (ауыспалы) үштік.

3) Үлкен шеңбер (карусель).

4) Шағын топтармен жұмыс.

5) Аквариум.



Аквариум технологиясы бойынша бірнеше оқушы шеңбер ішінде жағдаятты шешеді/разыгрывают/, ал қалғандары оларды бақылайды және талдау жасайды. Мұғалім мен оқушының интерактивті шығармашылығы шектелмейді. Оны қойылған білімдік мақсатқа жетуге дұрыс бағыттай білудің маңызы зор. Бүгінгі шығып жатқан әдістемелік инновациялар оқытудың интерактивті әдісімен байланыстырылған. Интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Оқыту барысында кем дегенде мазмұндық (нені оқыту), үрдістік (қалай оқыту), мотивациялық (оқушылар әрекетін қалай белсенді етуге болады) пәнге ұйымдастыру (оқушы мен мұғалім әрекетінің құрылымын қалай жасау керек) жағын бөліп қарауға болады. Осы жақтардың әрқайсысына бірқатар тұжырымдама сәйкес келеді. Сабақты қызықты,жаңа технологияларды пайдалана отырып өткізу жас ұрпақты болашақта ҰБТ-ға дайындауда ерекше орын алады. Сондықтанда әр мұғалім өзінің пәніне деген қызығушылығы жоғары болуы керек.
Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Қазақстан тарихы» әдістемелік журнал №10.2013ж.№11.2011ж.№12.2009ж.

  2. Т.Тұрлығұл.Қ.Адамбосынов.М.Райымбекова «Қазақстан тарихы»Әдістемелік нұсқау. Алматы. «Мектеп» 2011ж.

  3. «Қазақстан тарихы» жұмыс дәптері. Алматы. «Достық» 2013ж.

  4. 6-7-8-9 сыныптың «Қазақстан тарихы» оқулықтар.

Каталог: uploads -> doc -> 0d60
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d60 -> Шағын жинақталған мектепте пәндерді біріктіре оқыту тәжірибесі
0d60 -> Сабақ реті: 2 Сабақтың тақырыбы Әлемнің ақпараттық көрінісі Сабақтың мақсаты
0d60 -> «Сіздің мінезіңіз қандай?» «Оң ба, сол ма?» ойыны
0d60 -> Наурыз бақыттың бастамасы! Жүргізуші
0d60 -> Рецензенттер: Қанапина С.Ғ


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет