Мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг


«Лимон және марғау» эмоциялық қысымды босаңсытуға арналған жаттығу



бет3/7
Дата30.10.2019
өлшемі136,86 Kb.
#50768
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
malmderge-arnalan-treningter-sauat-ashu-pnnen-densaulyty-ktud-yrenu-star-aytty-t.moldaaliev
chuvstvavshkole5klass (1)
88.«Лимон және марғау» эмоциялық қысымды босаңсытуға арналған жаттығу

Басқарушы: көз алдарыңа елестетіңдер, оң қолымызға лимонды ұстап, оның шырыны шыққандай қатты сығуға тырысамыз. Жұдырығымызды түйіп қатты-қатты қысамыз. Шырынды шығардық! Ал енді бәріміз мысықтың баласы марғау сияқты боламыз, олар енді ғана оянды және керіліп жатыр. Жақсылап керіліп-созылды! Қолымызды жоғары көтеріп, оңға, солға, жоғары қарай тартыламыз, мойнымызды бұрып, арқамызды созамыз!

89.«Жел соғады...» жаттығуы

Басқарушы ойынды мына сөздермен бастайды: «Жел соғады..» Қатысушылар бірін-бірі жайлы көбірек білу үшін ойды келесідей сөздермен аяқтау қажет «Жел соғады қызыл түсті көйлек кигенге, немесе кімнің інісі, ағасы, апасы, сіңлісі барларға немесе тәттіні жақсы көретіндерге» Осы аталғандар топпен жиналып, жел соққан сияқты теңселіп, ағаштар сияқты қозғалып тұрады.

90.«Ыстық орындық» жаттығу

Барлық қатысушыларға кезекпен ортада тұрған орындыққа отыруды ұсынады, және әрбір адам ортада отырған адамға кезекпен жағымды сөздер, комплимент айтады. Жаттығу аяқталған соң басқарушы оларға комплимент, жағымды сөздер айтқанда өздерін қалай сезінгендерін сұрайды.

Рефлексиялық әңгіме.

91.«Бізге жақсы болған кезде...» жаттығу

Өткен жаттығудың жалғасы ретінде, қатысушыларға төмендегідей сәттер болғанда өзімізді қалай сезінетінімізді еске түсіріп, мимика және пантомимамен көрсету ұсынылады. Басқарушы көрсетуге көмектеседі.

  • Бізге ұрысып жатыр;

  • Бізді мақтап жатыр;

  • Бізге қорқынышты;

  • Бізге көңілді;

  • Тақтада жауап беріп тұрмыз;

  • «5» алдық;

  • «2» алдық;

Жұмысты аяқтау, нәтижесін пысықтау.

92.(Оралған жіпті бір- біріне беріп...) «Мен армандаймын...»

Рефлексиялық әңгіме «Қалай өзгерді , біз не істедік?»

93.«Дәннен бастап-ағашқа дейін»жаттығуы

Тыңдаушыларға, олардың әрқайсысы үлкен болып өсіп ағашқа айналғысы келетін- кішкентай дәндер екенін елестетуді ұсынады. Міне олар өсіп жатыр. Ол бірінші ісінеді, сосын жер астынан өніп шығады, сосын жапырақтарын жаяды, өсіп-өніп, үлкен ағаш болады- өкшесін көтеріп жоғары қарай созылу, қолдарын жайып сабақ сияқты жайқалу.

94.«Менің қиялымдағы ғажап құс» жаттығуы

Барлық тыңдаушыларға қағаздан ғажап –құстың фигурасын жасау ұсынылады. Бұл қиялдауға, бір нәрсе ойлап шығаруға үйретеді. Топтық жұмыс «Біздің қиялымыздың әлемі»

Қатысушылар ватманда қиял әлемін ойдан құрып онда өз құстарының фигурасын орналастырады. Өз құстарына ат қойып, қысқаша әңгіме құруды ұсынуға болады. Рефлексиялық әңгіме.

Аяқтау рәсімі.

95.«Алманы жұл» жаттығуы

Сенің алдыңда үлкен ғажайып алма өсіп тұр. Алмалар сенің нағыз төбеңде өсіп тұр –деп елестет., бірақ оны оңайлықпен алу мүмкін емес. Сенің оң жақ төбеңдегі үлкен алманы алу үшін, оң қолыңды неғұрлым жоғары көтеріп, аяғыңның ұшымен тұрып, тез терең тыныс ал, сосын алманы үзіп алып, жердегі шөптің үстіне қой да тынысыңды ақырын шығар. Келесі қолмен осыны орында.

96.«Басқа планета адамы» жаттығуы

Басқарушы басқа планета адамы рөлінде ойнайды. Ол сыныпта жүріп, бір затты көрсетеді (кітап, үстел, сөмке, көзілдірік т.б.) және бұл не екенін түсіндіруді сұрайды. Әрбір затқа түсініктеме қысқаша анықтамасын айтқанша жалғаса береді.

Басқарушы. Барлық жазушылардың қиялы өте бай болуы қажет. Сендер де қиялдап көріңдерші. Ұсынылған тақырыптың таңдаған біреуін алып, қиялдап, жаңа ертегі ойлап шығару. Ескі ертегінінің аяғын жаңаша аяқтау. (Мысалы: «Бауырсақ», «Шалқан», «Қасқыр және жеті лақ»)

97.Жан қуаты.Зейін, ес және оны дамыту жолдары

Мақсаты: Тыңдаушыларға жан қуаттары туралы түсінік беру. Зейін, ес жайлы мағлұматтарын кеңейту. Оқушылардың зейінін және есте сақтау қабілетін дамыту.Ұйымшылдыққа, кез келген жағдайды шеше білуге тәрбиелеу.

Іштегі қобалжу сезімдерін сыртқа шығаруға арналған жаттығу. Терең тыныс алып, мұрын арқылы кірген ауаны ауыз арқылы шығару екі рет. Мұрын арқылы кірген ауаны 10 дегенше іште ұстап, ха! деген дыбыспен сыртқа шығару. Зейінді сабаққа шоғырландыруға арналған жаттығу. Тақтадағы дөңгелек сары түстің ортасына 30-40 сек қарап, сосын көздерін жұмып, осы дөңгелекті көз алдарына 10 сек елестетіп тұру қажет.

Негізгі бөлім: Бүгіннен бастап жан қуаттар мұхитына саяхатқа шығамыз. Тақтадағы саяхат картасына назар аударыңдар.(Жан қуаттарын картада кескіндеп салынған) Жан қуаттар мұхиты, оның аралдары - түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, сезім, ерік, сөйлеу, шығармашылық. Бүгін біз Зейін, Ес аралдарына «Ақ желкен», «Тұлпар», «Сүңгуір» аттыкемелермен саяхатқа шығамыз.

Ең бірінші экипаж мүшелерімен танысамыз. Әркім өз есімін атау , МЕН... Біз мінетін кемеде әр түрлі адамдар кездеседі. Сондықтан мына жағдайларды шешіп алу керек.

1-кеменің экипаж мүшелеріне мынадай тапсырма: суреттегі адамдардың темперамент типіне мінездеме бер, темперамент дегеніміз не, типтеріне анықтама бер.

2-кеменің экипаж мүшелеріне: сендер адам мекендемейтін аралға тап боласыңдар. Сендер өздеріңмен бірге 3 адам және 3 затты таңдауларың керек.

Тапсырма: Сендер аралда тірі қалып, өмір сүруіңді қамтамасыз ету үшін, адамдардың қандай қабілеті болуы керек, ал заттар қандай болуы керек. Қабілет дегеніміз не?

3-кеменің экипаж мүшелеріне: сурет бойынша кісінің мінезін сипаттау. Мына суреттегі кісінің мінезін қандай деп ойлайсың? Мінезіндегі жақсы, жаман қасиеттері қандай, осы кемеде қандай қызмет атқарады деп ойлайсың? Тапсырмаға 3 минут уақыт беріледі. Ал, енді кеменің сапарға дайындығын тексерейік. Әркім кемедегі өз орнына отырып, әрбір айтылған бұйрықтан кейін иә деп, қимылды қайталап отыру қажет.

1.Саяхатқа дайындалыңдар. (йә!)

2.Контакт. (қолды созу)

3.Педальді тексер. (аяқты тарсылдату)

4.Локаторды тексер. (құлақты уқалау)

5.Желкенді тексер. (екі қолды көтеру)

6.Дүрбіні тексер. (көзді уқалау)

7.Экипаж мүшелерін тексер. (бірін-бірі құшақтау)

8.1-ден, 5-ке дейін санағанда у-у-у деңдер. 6-дан 10-ға дейін санағанда «ура!» деңдер.

1- тапсырма. Қандай да болмасын саяхатшылар ұзақ жол алдында жолға дайын екенін есіне түсіріп тізе бүгіп отырады. Қазір сендер де көздеріңді жұмып өздеріңе қалай ыңғайлы қалыпты сақтап, бос отырыңдар. Көз алдыңа менің айтқандарымды елестетіңдер.

Түн, Аспан толы самсаған жұлдыздар. Маңай қап-қараңғы. Жұлдыздардың көптігі сондай қолыңмен ұстауға болады. Ал, сен сол жұлдыздардың ішінен өзіңнің ең жарық, ең әдемі жұлдызыңды таңдап ал. Ол сенің де, сенің де, сенің де, ең әдемі жұлдызың, жұлдызды қолыңмен ал да, ішіңе жұт. Ол жұлдыз саған үлкен күш, энергия әкеледі. Аппақ ақ адал жұмысты бастауға өзін сыйға тартады. Содан алдағы жұмыстарды істеуге күш ал. Терең тыныс алыңдар, көздеріңді ашыңдар.

2-тапсырма «Әріптік мәтін»

Әріптік мәтіннің ішінде алдағы саяхатта сендерге ең қажетті қасиет туралы айтқан, Абайдың өлең шумағын оқи аласыңдар. Тапсырма: әріптік мәтінді тездетіп қарап, дәптерге өлең шумағын жазыңдар.

МӘТІНбсиренодіақылөңілдащеулдцузцьпдпқайратидрщеоғүшкщузцлақжүректіқзеркңіалещгобірдейхуривлушеитвлыдцөқңқіұстақтоькгңщіқьтігудасондалпдвжвөһәдвбютолықадвжыэаплокөіләдыболасыңһіоәұоывелденоушушуқірәлцущлцаабөлеквддущөәһғң(Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек)

3-тапсырма. «Балалар дабылы»

Біздің кемеден күнделікті қолданатын заттар жоғалды. Біз кемедегі экипаж мүшелерінің алақандарындағы дақтарға қарап, кім алғанын анықтауымыз қажет. (суреттегі алақан дақтарына қарап, қандай заттарды ұстағандарын ажырату) Қорыта келе, адамның қабілетін дамытуға зейіннің алатын орны өте зор. Саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз, келесі аралығымыз Ес. Ес деген сөзді естігенде, қандай сөздер ең бірінші ойға келеді. Ой шақыру стратегиясы. Ес сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында жатталып, сақталып қажет кезінде қайтадан жаңғыртуын бейнелейтін психологиялық процесс.

Естің түрлері:

1.Бейнелі ес (сурет, музыка мамандарына тән, олар бір көргенін, естігенін өмірде ұмытпайды)

2.Эмоциялық ес (қуаныш, реніш, қайғыға, байланысты)

3.Қозғалыс есі (еңбек әрекетіне байланысты коньки тебу, жазу, сызу т.б.)

4.Мағыналық ес (оқыған немесе естігенін ойда сақтау қайта жаңғырту)

1-тапсырма.Қысқа уақытта есте сақтау.

Аралда болған заттар. Қазір мен аралда болған заттарды оқимын сендер мұқият тыңдап, естеріңде сақтаңдар. Пальма, Тас, Маймыл, Банан, Қармақ, Садақ, Дүрбі, Карта, Компас, Сіріңке, Қарындаш, Тұз, Күрке, Кокос, Қайық, Қазан, Құмыра, Пышақ, Жаңғақ. Есіңде қалғанын дәптерге жазу. 3 топ бір-бірден атап шығу.

2-тапсырма. Бейнелі ес. Ес аралына келгенде мына үйге келіп түсіңдер. Жоғарыдағы суретті 1-минут қарап шығыңдар да, естеріңде сақтаңдар. Ал енді төмендегі суретте, сендер келіп қоныстанған соң өзгерістер енгіздіңдер, қандай өзгерістер бар, қай сурет артық қай сурет кем екенін табу қажет.

3-тапсырма. Қозғалыс есі. Музыка қойып, дөңгеленіп тұрады. 1 бала ортаға шығып билейді, басқалары қимылын қайталау керек.

4-тапсырма. Эмоциялық еске арналған жаттығу.Төмендегі берілген әрбір жағдайға өз өміріңдегі ұмытылмай қалған сәтті жазыңдар, не себептен бұл сәт есіңде қалғанын атап көрсет:

- Ұмытылмайтын мереке

- Ұмытылмайтын достар - Ұмытылмайтын саяхат - Ұмытылмайтын қонақ

- Ұмытылмайтын кеш

- Ұмытылмайтын табыс немесе жетістік.

Қорытынды:

Адам естігенінің 90 % ұмытады, көргендерінің 50%, ал өзі істегенінің 10 % ұмытады екен. Сондықтан мақсаттарыңа жету үшін әр уақытта өз қолдарыңмен істеуге тырысыңдар.

Қиял және шығармашылық қабілетін дамыту.

Мақсаты: Дарынды балалардың танымдық процестерін ойлау, елестету, қиялдау, сөйлеу және шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерін дамыту;

98.“Шапалақ”( саусақ -қол қимылдары)жаттығуы.

бір”-бас бармақ “2”-2 саусақ “екілік”- екі шеткі саусақ “3” -3 саусақ “үштік”-бас бармақпен қос



4”-4 саусақ “төрттік”- бас бармақпен қоса “5”- бес саусақтың барлығы (саусақ ұштарын сілкілеу, дірілдету, билету)

99.“Оркестр”жаттығуы Мен - дирижер, тыңдаушылар - оркестр. Қолымды төмендетсем ақырын шапалақтайды , жоғарылатқан сайын қатты шапалақтайды.

100.Қиял және шығармашылық қабілеттерін дамыту тапсырмалары

1-ші тапсырма «Киностудия» деп аталады.

3 топ суретшілер, 2 адам режиссер. Фильмнің музыкасы дайын, музыкаға байланысты әрбір топ 1 кадрдан сурет салу қажет. Кадрдың тақырыбын қойып, 4 минут уақыт ішінде әрбір топ кадр нұсқасын өткізуге тиісті. Ал, режиссерлер ұжымдық фильмге қай кадрды алуға болатынын талдап, өз шешімдерін шығарады.

2-тапсырма. Жаңа тақырыпқа байланысты ми клеткаларын қозғалысқа келтіруге арналған миға шабуыл. “Жапқыш қақпақтар”

Біздің мектепті материалдық жағынан өркендету үшін демеушілер қажет. Бір фирма біздің мектепке көмек ретінде миллион ( пробка) жапқыш-қақпақтар берді. Мектеп жапқыш-қақпақтарды қайда, қалай қолданады? Сендер қалай ойлайсыңдар. (идеялар құру) Ситуация жауабы оқылып, ұсыныстар қабылданады.

Денені босаңсытуға арналған жаттығу: 3 рет тыныс алу; 10 рет санағанша ауаны іште ұстап, “ха” деген дыбыс арқылы сыртқа шығару;

3- тапсырма “Ертегіні өңдеу” ойыны

Тыңдаушыларға психологиялық терминдерді атау ұсынылады. Мыс:-жеке тұлға-темперамент-мінез-ес-зейін-ойлау-коррекция-қабылдау және т.б. Осы психологиялық терминдерді пайдаланып:

1-ші топ “Шалқан”,

2-ші топ “Қызыл телпек”,

3-ші топ ”Бауырсақ” ертегілерін өңдеп сахналық үзінді көрсету. Дайындыққа 4 минут, үзінді 2 минуттан аспау керек. Режиссерлар ертегіні таңдап, қорытындылайды.

4-ші тапсырма “Әңгімені аяқта”

Түн. Аспан бұлттанып, жаңбыр сіркіреп жауып тұр. Автобус аялдамасында бір қолшатырдың астында өзара күбірлесе сөйлесіп екі қыз тұр. Маңайда басқа ешкім жоқ. Бір кезде...

5-ші тапсырма Қызықты суреттер. Суретке қарап сұрақ-жауап жазу

6-шы тапсырма Суреттерді аяқта және атын қой.

Қорытынды: “Шығармашылық- тек ізденген адамға ғана кезігетін қонақ. Жалқау адамға шығармашылық жуымайды”-деп, Шәкәрім атамыз айтқандай әрқашан ізденіп, шығармашылық табысқа жету сендердің қолдарыңда.

101.«Сенімділік жолында» жаттығуы

Мақсаты: Тыңдаушылардың қарым-қатынасқа түсу дағдыларын және коммуникативтік мәдениетін дамыту. Қақтығыстық жағдаяттарда түсінісушілік дағдыларын қалыптастыру.

1 - кезең Танысу:

1.Әркім өз атына өзінің жақсы қасиетін қосып айту. Келесі адам көршісінің атын қосып, өз атын айту. Мыс: Сен әдемі Әйгерім болсаң, мен...

2. Өмірде қандай да топта, ұйымда болмасын сенімділік ең үлкен фактор болып есептеледі. Тренингтің тақырыбы «Сенімділік жолында». Тренинг болған соң оның ережесі болады. Егер келіссек, қол соғамыз, келіспесек аяқты тарсылдатамыз. Барлық жаттығу уақытпен істелінеді.

1.Осында және қазір.

2.Бағаламау.

3. Белсенділік.

4.Сабақтан соң талқыламау.

5.Біреудің сөзін бөлмеу, біреуді кемітпеу.

2-кезең «Нөмірлер»

Барлығы дөңгеленіп тұрады. Әрбір тыңдаушының арқасына нөмір ілінеді. Сендердің міндеттерің тез-тез 1-ден соңғы нөмірге дейін сапқа тұру қажет.

Өз нөмірін алып қарауға, басқалардың нөмірін айтуға, саусақпен көрсетуге болмайды. Ережені бұзса 10 сек.

Бастаңдар! деген бұйрық бойынша бастайды. Жаттығудан соң, өз сезімдерімен бөліседі.

-Қандай сезімдесің?

- Неліктен ұзақ сапқа тұрдыңдар?

3-кезең «Бұзылған телефон»

Тыңдаушылар сапқа тұрады. Басқарушы соңғы тыңдаушыға бір сөзді мыс. «волейбол» деген сөзді сыбырлап айтып, қимылмен көрсетеді. Ол бала алдындағы балаға қимылмен көрсетеді, ойын осылай жалғаса береді. Соңғы баладан қандай сөз екенін сұрайды.

Сезіммен бөлісу

-Неліктен соңғы бала сөзді қате айтты?

-Бұл ойыннан қандай қорытынды жасауға болады? Топтың бір-біріне деген сенімділігіне кедергі келтіретін қасиеттің бірі бірін-бірі дұрыс түсініспеушіліктің әсерінен.

4-кезең «Мүсіндейміз»

7 топқа бөлініп тақырыптар бойынша мүсін жасайды. Тақырыптар: «Жауапкершілік», «Жек көрушілік», «Шешім қабылдау», «Сенімділік», «Қорғансыздық», «Шыншылдық» тақырыптарына мүсін құрастыру тапсырылады.

Талқылау. Неліктен мүсінді осылай құрдыңдар? Осындай жағдайлар өмірде кездесе ме? Ондай жағдайлар болғанда қандай кеңестер айтар едің?

Рефлексия.

III-аялдама. «Менің 3 қасиетім» жаттығуы. Тыңдаушылар дөңгеленіп тұрады. (жақсы,жаман қасиетін анықтайтын белгілер таратылады) Егер,жаман қасиетін анықтайтын белгі болса 3 бала,жақсы қасиетін анықтайтын белгі 3 тыңдаушы бір-бірден қасиетін айтады.

IY-аялдама. Өз-өмірімнің шеңбері-ойын.

Бұл ойын өз өміріміз және қасыңдағы адамның өмірі жайлы ойлануға жағдай туғызады (тақтада шеңбер 4-ке бөлінген, әрбір бөлігіне 6 сағат -ұйқыға- -сабаққа- -достарыңа- -үй тапсырмасына-

-үй шаруасына- -басқа істерге.

Әрқайсысына қанша уақыт кетеді,уақытын қойып шығыңдар.

Сұрақтар:

-Бір күн осылай өткеніне қанағаттанасың ба?

-Осы шеңберде қай шекараны өзгерткің келеді?

-Саған өз өміріңде нені өзгерту оңай және қиын?

-Өмірден өзгерістерді неліктен күтесің және не үшін талпынасың?

Y-аялдама. Уақыт машинасы (топпен жұмыс)

Қазір өз өмірлерің жайлы және оны басқаша өзгерту жайлы қиялдап, алдағы мақсатқа жету үшін өзгерткілері келетін белгілі өмір уақытын көз алдарыңа елестетіп,осы іс-әрекетті сурет арқылы бейнелеңдер.

YI-аялдама. Коллаж “Менің таңбам”

ХY ғасырдың ортасынан адамдарда өзінің қоғамдағы орнын,жеке ерекшеліктерін, қасиеттерін, жетістіктерін анықтайтын таңбалары болған, бүгін сендер өздерің үшін әрқайсыларың таңба дайындайсыңдар. Мұның бәрін сөз, суреттер, белгілер арқылы дайындаңдар.

Таңбаның негіздері салынған парақтар таратылып, 10 мин уақыт беріледі. Жұмыс аяқталған соң,оқушылардың өз еріктері бойынша таңбалары жайлы айтады.

-Өздерің дайындаған таңбаларың сендерге көңілсіз, өздеріңе сенімсіз, қорқынышты, біреуге өкпелеген кездеріңде көмек, қолдау көрсететінін есімізде сақтауымыз керек.

YII -аялдама. Ал, енді таңбалармен шеру ұйымдастырамыз. Бірінің артынан бірі таңбаларын жоғары көтеріп, дөңгеленіп тұрады, бірінші тыңдаушы өзі туралы сөзді дауыстап айтады, қалғандары кезекпен жалғастырады.

- Өзің туралы сөзді айтқанда қандай сезімде болдыңдар?

- Қалай ойлайсыңдар, осы сөзге лайықты болу үшін не істеу қажет? YIII-аялдама. Кері байланыс “Алақан” Тақтадағы алақан суретіндегі сұрақтарға жауапты таңбаларының артына жазу. Қоштасу.

102. «Өмірдің мәні неде?» жаттығуы

Мақсаты: Өмірдің мәнін және қымбаттылығын түсініп, эмоционалдық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру

Ойынның барысы: Басқарушы кіріспе сөзінде өмірдің мәні , адамзаттық құндылықтар туралы , осы мәселенің жасөспірімдер арасында өзектілігі жайлы айтып кетеді. Ойынның түрін анықтау аргументациясы. Адам өміріндегі ойынның ролі. Команда құру. (5-7 адамнан). Әртүрлі жетондар таңдау арқылы командаға бөлуге болады.

Ойынның ережесімен таныстыру.

  • Сіздер әртүлі планеталардан келген қонақсыздар. Өмірдің мәні жайлы сіздердің планеталарыңыздың түсініктері әртүрлі. Сіздер осы маңызды мәселені талқылауға жиналып отырсыздар. Қазір сіздерге сіздердің планеталарыңызда өмірдің мәні мен құндылықтарын анықтайтын әртүрлі түсініктер ұсынылады. (қатысушыларға «отбасы» «махаббат», «мамандық», «шығармашылық», «қанағаттану», «достық» «қоғамға қызмет ету», т.б. сөздер, сонымен қатар өмірдің мәні мен құндылығы жайлы айтылған данышпан адамдардың қанатты сөздері ұсынылады)

  • 5-10 минут аралығында әрбір топ өз планетасының атын, тұрғындарының өмір салты туралы талқылайды. Қанатты сөздерге сүйене отырып, өз пікірлерін айтады. Ең маңыздысы қандай адамдар, олар ең маңыздысы қандай заңмен өмір сүретіндігін баяндап берулері қажет.

  • Қатысушылар өз командасын таныстырады, басқа командалар сұрақ қойып, нақтылауға, сынауға болады. Дисскуссия жүргізуге болады. Тыңдаушыларды мақсатты түрде топтық дискуссия, диалог жүргізу ережесімен таныстырып отыру қажет.

  • Ойынды қорытындылау. Жетондар жинау арқылы «Қай планетаға ұшып барғыңыз келеді?» деген сияқты сұрақтар қою арқылы ұнаған топты анықтауға болады.

Қорытынды. Өмірдің мәнін іздеу үшін әркім өз өміріне жауапкершілікпен, саналылықпен қарау қажеттігін айту.

103.Кедергілерді жеңуге арналған ситуациялық ойын «Өмір неткен керемет!»

Мақсаты: Қатысушыларға жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде рухани -адамгершілік қасиеттері мен мінез-құлық нормаларын меңгертіп, өзі әрекет ететін тұлғалармен табиғи жағымды қарым-қатынас жасап, өмірдің мәнін түсіне білуге, өмірді сүйе білуге деген сыни көзқарасын қалыптастыру

(Көңілді музыка ойнайды. Ортаға қатысушылар шығады)

Өмір гүлі: Зеңгір көктем

Нұрын төккен

Ортақ біздің күніміз.

Жайнап өскен,

Жайдары өскен,

Біз өмірдің гүліміз!

Табиғатымыз, жеріміз қандай тамаша!

Неткен сұлулық,әсемдік! Өмір сүру қандай керемет!!!

Ұнатамын өмірдің ой-қырларын,

Сауық құрып, сайрандап, той қыламын.

Өмір керек көлеңке, шуағымен,

Өмір керек! Өмір керек қызығымен!

Мұғалім: Балалар, Тынышталыңдар! Біздің сыныбымызға жаңадан оқушы келді. Есімі Жания болады. Танысып қойыңдар. (пауза) сабаққа дайындалып отырыңдар. Жания бос орынға отыра ғой. (Мұғалім шығып кетеді. Оқушылар Жанияға кекесінмен қарайды, бос орынға отырғалы жатқанда оған, бір оқушы «Бұл жер бос емес»-деп, сөмкесін қоя салады, екінші оқушы «бұл жер де бос емес» деп, отырғызбайды, сосын қоңырау соғылған соң, Жания бір орынға отырады). Үзіліс кезі.

1-оқушы: О-О, мына біздің Қыз Жібегімізді қараңдар! (Өрілген шашына тиіседі)

2-оқушы: Не ұнамай қалды ма? Сен өзіңді ерекшемін деп ойлама. Бізден асып ешқайда бармайсың.

Жания: Мен өзімді біреуден артық көруді мақсат етпеймін!

3-оқушы: Мына «Ботаниктің түрін қараңдар, өзінше, ия?»

Мұғалім: Ал, балалар, сабағымызды бастаймыз. Бүгін « Өмірдің мәні неде?» деген тақырыпта дискуссия өткіземіз. Әрине, осы сөздердің мағынасын әр қайсысымыз әртүрлі түсінеміз. Ойымызды, пікірімізді толық айтуға тырысайықшы.

1-оқушы: (қолын көтеріп) Меніңше, өмірдің мәні - молшылықта, ал, молшылықтың кілті - байлықта, дер едім. Бай адамның алдында барлық есік ашық. Ол үшін алынбайтын қамал, аспайтын асу жоқ.

Мұғалім: Жарайды, келесі пікірді тыңдайық

2-оқушы: Ал, мен әнші болуды армандаймын. Егер болашақта «жұлдыз» болсам, есімім халық аузында болады. Жүрген жерімде құрмет, қошемет! Атақ-даңқың жер жаһанға тараса, меніңше өмірдің мәні де осында. Мұғалім: Түсінікті...

3-оқушы ( қолын көтеріп) Ал, меніңше өмірдің мәні-билікте. Қолында билігі бар адамның сөзі де өтімді, ісі де өнімді. Билік-сиқырлы таяқша сияқты, сілтеп қалсаң, айтқаның орындалады.

Мұғалім: Жания! Сен үндемей отырсың ғой. Сені де тыңдайық. Жания : Өмірдің мәні-жақсылық істеуде деп ойлаймын. Тек жақсылық қана адамға әрқашан қуаныш әкеледі. Бар ғұмырын тек жақсылық істеумен өткізгендер ғана, рақат өмір сүретін сияқты. Тек жақсылық істейтіндердің ғана әрқашанда жүздері жарқын, көңілдері шат болмақ. Біз барлығымыз бір-бірімізге махаббат, жылы сезім сыйлауымыз керек. (Барлығы күледі)Жания: Мұғалім, кешіріңіз, мені мына сыныпта ешкім түсінбейді,-деп шығып кетеді.

Мұғалім: Балалар! Жанияны бекер, босқа ренжіттіңдер ғой. Бұларың не? Ал, шынына келсек, Жанияның сөзі нағыз ақыл болды, сендер құлақ салмадыңдар. Ақыл адамға мәнді өмір сүру үшін берілген, балалар. Ойланыңдар! (Мұғалім шығып кетеді. Қоңырау, оқушылар сахнадан кетеді.) Сахнаға Жанияның әкесі және анасы шығады. Соңдарынан Жания келеді.Әкесі: (газет оқып отыр) Жания балам, бүгін ерте келдің ғой? Не болып қалды?

Жания : Әке! Мен жаңа мектепке барғым келмейді. Дискуссия жүріп жатқанда, мен өз пікірімді айтқанда, барлығы күлді. Сыныптастарым мені түсінбейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет