Мұғалімдерге арналған тапсырмалар Эссе тақырыптары: «Ұлы Жеңіс күнінің парақтарымен»



Дата21.04.2017
өлшемі171 Kb.
Мұғалімдерге арналған тапсырмалар


  1. Эссе тақырыптары: «Ұлы Жеңіс күнінің парақтарымен»; «Өткенге қарайлау»... (Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай)

  2. Бағалау критерийлері:

  1. мазмұнның өзектілігі;

  2. тақырыпты кеңінен және тереңінен ашылуы;

  3. мазмұн креативтілігі;

  4. тілдік көркемдеу мәдениеті

Эссені а.ж. 7 сәуіріне дейін ұйымдастыру комитетінің мына мекен-жайына жіберуге болады: gulden.berdenova.76@mail.ru

3. Визиткалық карточка «Мен – Жасампазбын!»

Музыка, театр, поэзия, сурет өнерінде, көркемөнер құралдары арқылы өзі-өзі презентациялау.

Орындау уақыты – 5 мин.

Бағалау критерийлері:

- ерекшелігі;

- мәнерлілігі;

- әсерлілігі.



4. Таңдау бойынша педагогикалық жобаларды қорғау: «Педагогикалық шеберлік шеберханасы»; «Менің педагогикалық жаңалығым».

Мұғалім жобасын көрсетіп оның мәнін ашады, нәтижесін көрсетеді. Жоба кез-келген курстың оқу әдістемесін әзірлеуге, оның оқытудағы ерекшеліктеріне арналуы мүмкін. Бұл әзірлеме педагог қойған мәселелерді шешуге қабілетті, қойылған мақсатты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін технологиялық карталар, оқу сабақтарының топтамаларынан, сыныптан тыс іс-шаралардан тұруы мүмкін.

Жобаны әзірлеуге:


  • педагогикалық мәселе туындаған жағдайды сипаттау;

  • мәселенің қойылымы;

  • жобаның мақсаты технология қызметі мен уақыт кезеңінің аясында қарастырылуы керек;

  • мәселені шешу тәсілдерін айқындау (мәселені шешудің танымал тәсілдерінің болуы да жеткілікті, немесе ұқсас мәселені шешудің икемделу нәтижесі);

  • іс-әрекеттің жоспары мен міндеттері;

  • жоспарланған білім беру нәтижесі;

  • нәтиже жетістіктерінің көрсеткішін және диагностика тәсілдерін сипаттау;

  • алынған білім нәтижесін, оның жетістігін бейнелеу және жоба нәтижесін талдау.

Мұнда жобалық және әдістемелік іскерлікті қалыптастыру деңгейін дәлелдейтін, жоба қосымшасының мазмұны мен сипаты маңызды болып келеді. Қосымшада оқу-бағдарламалық құжат, оқу-тәрбие процесін нормативті, әдістемелік қамтамасыз ету көрсетіліп, қолданылатын технологиялар сипатталуы мүмкін.

Сөз сөйлеуде компьютерлік презентацияны қолданған дұрыс.

Жоба ауызша қорғалады (10 мин.).



5. Талқылау.

Тақырыбы байқау күні айтылады. Ақпараттың кез-келген түрін қолдануға болады.

Тақырыптар:


  1. «Тарих және жаңашылдық: Қазақ хандығының 550-жылдығына»

  2. «Қазақстанның төзімділігі мен бірлігінің үлгісін қалыптастыруда Қазақстан халқы ассамблеясының рөлі»

  3. «Адамдар, мұны ешқашан ұмытпайық!» Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналады...

Бағалау критерийлері:

-педагогикалық эрудиция; - мәселенің мәнін түсіну; - мәселе бойынша өз ойын еркін жеткізе алуы;

- қазіргі педагогикалық терминологияларды меңгеруі.

6. Педагогика, педагогикалық психология және білім саласындағы нормативті-құқықтық құжаттар бойынша тест тапсырмалары.

Ұйымдастырушы -педагогтар мен тәлімгерлер үшін (лагерьлер, орталықтар)
Олимпиадада балалар оқу-сауықтыру лагерьлерінде, орталықтарда, мектепішілік алаңдарда тәлімгер, тәрбиеші (ұйымдастырушы-педагог), қызметінде жұмыс өтілі 2 жыл, жас шамасында шектеу жоқ мамандар, ЖОО-ның студенттері қатыса алады


  1. Таңдауға арналған эссе тақырыптары:

    1. «Қазақстанның төзімділігі мен бірлігінің үлгісін қалыптастыруда Қазақстан халқы ассамблеясының рөлі»;

    2. «Естелік уақыттан да қымбат», Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналады,

    3. Қазақ хандығының қалыптасуының 550 – жылдығына арналады

Бағалаудың критерийлері:

  1. мазмұнның өзектілігі;

  2. тақырыпты кеңінен және тереңінен ашылуы;

  3. мазмұн креативтілігі;

  4. тілдік көркемдеу мәдениеті

Эссені а.ж. 7 сәуіріне дейін ұйымдастыру комитетінің мына мекен-жайына жіберуге болады: gulden.berdenova.76@mail.ru

2. Визит карточкасы «Мен балалық шақтың штурманымын»

Өзі жайында ерекше әңгіме немесе музыка, театр, поэзия, көркемөнер, сурет өнері түрінде өзіндік тұсаукесер. Уақыты – 5 мин.

Бағалаудың критерийлері:


  • ерекшелігі;

  • мәнерлілігі;

  • әсерлілігі.

3. Педагогикалық идеяны қорғау «Бір шаңырақ астында», Қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына арналады.

Жобаны қорғау уақыты – 10 мин.



Байқаудың мақсаты – таңдаған мәселе бойынша сөз сөйлеуде, логикалық құрастыруда шеберлігін айқындау, әсіресе: тақырыптың негізгі бөлігін толық аша білу және оны тұжырыммен аяқтау; ғылыми терминологиямен дұрыс пайдалана білу; таңдаған мәселе бойынша қажетті және күрделі сұрақтарға жауап беру, өзекті дисскуссиялық тақырыптарға пікірлесу; өздерінің педагогикалық ұстанымдарын ашық көрсете білетін студенттердің шығармашылық әлеуетін айқындауда уақыт пен кеңістікте мамандықты өзіне жайғастыру қабілеттерін анықтау.

Көркем-музыкалық, мультимедиялық құралдардың сүйемелдеуімен, театрландырылған педагогиканың элементтерін пайдалануға болады. Педагогикалық идеяны ұсынғаннан кейін команда қазылар алқасының сұрақтарына жауап береді.



Конкурсты бағалаудың критериилері:

  1. ұсынылған педагогикалық идеяның өзектілігі;

  2. тақырыпты түсінудің баламалылығы;

  3. педагогиканың ұғыну құрылғысына сүйену;

  4. гуманистік идеяларға сүйену арқылы педагогикалық, психологиялық, философиялық білімнің кіріктірілуі;

  5. қарастырылған мәселеге өзіндік көзқарастың негізділігі және дәлелділігі;

  6. безендірудің эстетикалылығы және көркемді бейнелілігі, ашықтығы (мультимедиялық және көркем бейнелеу құралдарын қолдану);

  7. баяндаманың ерекшелігі мен көрнекілігі, мазмұндылығы;

  8. ойлаудың креативтілігі.

  1. «Адамдар, мұны ешқашан ұмытпайық!» Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналады...

экспресс-шығармашылық сайысы. (10 мин)

Бұл номинацияда:



  • авторлық, эстрадалық, классикалық, халықтық, фольклорлық әндер, рэп-композициялар орындалады;

  • аспаптық орындаушылық;

  • әдеби шығармашылық;

  • актерлық шеберлік: миниатюра, пантомима, конферанс.

Қатысушылардың сахналық костюмдерінің болуы шарт.
Гуманитарлық колледж студенттері үшін
1. «Визит карточкасы» сайысы. Ұзақтығы – 5 минут.

Сайыстың мақсаты – педагогикалық мамандықты таңдауда колледж оқушыларының бағдарлау мәселесінде шешімдері, өз оқу орнының имиджін ұсыну. Өз факультеті туралы ерекше презентация көрсету (музыка, театр, пантомима, поэзия, көркемөнер және т.б. құралдарын қолдануға болады).



Бағалау критерийлері:

1) колледж ерекшелігін сипаттау (ашылу тарихы, жетістіктері, даму перспективасы);

2) сөз сөйлеу мазмұны;

3) безендіру (топтың аты, ұран, эмблема, киім үлгісі);

4) шеберлік, айқындылық, сезімталдық, әртістік;

5) регламенттің орындалуы.



2. Психологиялық-педагогикалық экспромт «Педагогикалық жағдаятты талдау». Сөз сөйлеу уақыты – 5 минут.

Әр топқа педагогикалық жағдаяттар ұсынылатын болады.



Бағалау критерийлері:

1) педагогикалық жағдаяттың мәнін түсіну;

2) өзара әрекет ету субъектілерінің ұстанымын түсіну;

3) педагогикалық мәселелердің құрылымы;

4) мәселені шешудің мүмкін болатын тәсілдерін анықтау;

5) өз шешім нұсқасын дәлелдеу;

6) педагогикалық эрудиция.

Педагогикалық колледж оқушылары үшін жаднама:

1. Бөлшектерді қолдана отырып жағдайды сипаттаңыз.

2. Педагогикалық жағдаят қатысушыларын көрсетіп, олардың ұстанымын анықтаңыз.

3. Әр қатысушы нені ойлады, нені көрсеткісі келді, нені көрсетті, нені сезінді?

4. Бұл мәселені шешудің қандай нұсқалары болуы мүмкін? Осы мәселені шешудің барлық нұсқасын сипаттап беріңіз.

5. Осы мәселені шешудегі өзіңіздің жауабыңызды дәлелдеңіз.



3. Педагогикалық жобаны қорғау.

Тақырыбы «Бір шаңырақ астында», Қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына арналады.

Жобаны қорғау уақыты – 10 мин.

Конкурс қазылар алқасына жобаның қысқаша нұсқасы тапсырылады, онда көрсетілу керек: жоба аясында шешілетін мәселе, жобаның концептуалды негіздері, жобаны іске асыру формалары, күтілетін нәтиже (көлемі 2 баспа беттен аспауы керек).



Бағалау критерийлері:

1) жобалау бағытын таңдауда өзінің педагогикалық ұстанымын және нақты педагогикалық мәселелерді шешу үшін топтың жобаның мәнін ашу іскерлігі;

2) топпен қазіргі мәселелердің педагогикалық ерекшеліктерін және білім жүйесінде даму шарттарын түсіну;

3) педагогикалық жобаның жүйелілігі және толықтығы;

4) ауызша хабарлауда және сұрақтарға жауап беруде жоба ерекшеліктерін топпен аша білу іскерлігі;

4. Ұжымдық-шығармашылық жұмыстың жоспарын жасау сайысы (ҰШЖ) (үзінді көрсетумен) - 5-7 минут. Әр топ «Адамдар, мұны ешқашан ұмытпайық!» Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналады...тақырыбында ҰШЖ толық әзірлемесін көрсетеді.

Бағалау критерийлері:

1) әзірлеменің қазіргі талартарға сай болуы;

2) ҰШЖ оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру деңгейі;

3) ҰШЖ таңдап алынған мазмұнның сапасы;

4) ҰШЖ педагогикалық мәнін ашу, жалпы педагогикалық және психологиялық эрудицияны қолдану;

5) әдістемелік талаптарға сай болу, көрсетілген әзірлемеде ҰШЖ негізгі құрылымдық компонеттерінің болуы;

6) ҰШЖ безендіру сапасы;

7) ҰШЖ негізгі компонеттерінің сапасы.



Мектеп психологтары үшін
1. Сайыс жұмыстарының (эссе) тақырыптары:

1. "Соғысты есіңде сақта!» Бұл тіпті таңқаларлық емес»



  1. "«Тарих және жаңашылдық: Қазақ хандығының 550-жылдығына»

  2. «Бір шаңырақ астында», Қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына арналады.


Бағалау критерийлері:

  1. мазмұнның өзектілігі;

  2. тақырыпты кеңінен және тереңінен ашылуы;

  3. мазмұн креативтілігі;

  4. тілдік көркемдеу мәдениеті

Эссені а.ж. 7 сәуіріне дейін ұйымдастыру комитетінің мына мекен-жайына жіберуге

болады: gulden.berdenova.76@mail.ru



2. Визиткалық карточка «Менің кәсіби шеберлігім».

Өзі жайында ерекше әңгімені музыка, театр, поэзия, көркемдеу, өнер құралдары арқылы ұсыну. Сөз сөйлеу уақыты – 5 мин.



Бағалау критерийлері:

-ерекшелігі;

-нақтылығы;

-сезімталдығы.


3. Психологияның элективті курс бағдарламасын немесе авторлық коррекциялық-дамыту бағдарламасы бойынша қорғау.

Сөз сөйлеу уақыты – 7-10 мин.


Бағалау критерийлері:

  • Бағдарлама тұтастығы,

  • Тапсырмалар мен жаттығулардың кешенін таңдаудағы ғылыми негіздеме,

  • Тапсырмалар мен жаттығудың бағдарлама мақсатына сәйкес келуі (курстың),

  • Бағдарлама тиімділігі (курстың).


4. «Ата-аналарға арналған психологиялық практикум».

Ата-аналарға арналған психологиялық іс-шараның авторлық әзірлемесін ұсыну.

Сөз сөйлеу уақыты – 5-7 мин.

Бағалау критерийлері:


  • Іс-шараның ерекшелігі, жаңалығы,

  • тиімділігі,

  • тәжірибеде қолдану мүмкіндігі.

Регламент – 5-7 минут.

.

5. Психология бойынша тест тапсырмалары.



Волонтер- педагог стажеры – балалар сауықтыру орталығының (лагерьдің) ұйымдастырушысы (тәлімгері) номинациялары бойынша

олимпиадаға қатысушылар үшін
Олимпиадаға жазғы демалыстарда мектеп жанындағы алаңда тәрбиешінің көмекшісі, балалар сауықтыру орталықтарының (лагерлердің) ұйымдастырушысылары (тәлімгерлері) болуға дайын жалпы білім беретін мектептердің 8-10 сынып оқушылары қатыса алады.

  1. «Тәлімгер – мамандығы-құс!»

Бағалау критерийлері:

  1. мазмұнның өзектілігі;

  2. тақырыпты кеңінен және тереңінен ашылуы;

  3. мазмұн креативтілігі;

  4. тілдік көркемдеу мәдениеті

Эссені а.ж. 7 сәуіріне дейін ұйымдастыру комитетінің мына мекен-жайына жіберуге болады: gulden.berdenova.76@mail.ru
2. «Менің отбасымның тағдыры-елімнің тағдыры» авторлық идеясын қорғау.

Слайдттар көрсету арқылы авторлық идеяны 7 минут ішінде ұсыну.

Бағалау критерийлері:


  1. ұсынылған тақырыптың аша білу іскерлігі;

  2. баяндаманың ерекшелігі;

  3. сөз сөйлеудің мәнерлілігі, білгірлігі мен әртістілік шеберлігі.


3.«Естелік уақыттан да қымбат», Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналады,

экспресс-шығармашылық сайысы.

Номинацияда:



- фольклорлық, халық, классикалық, эстрадалық, авторлық әндерді, рэп-композицияларын орындау;

- аспапта орындау;

- ерекше жанр;

- әдеби шығарма;

- актерлық щеберлік: миниатюралар, пантомималар, конферанс.

Қатысушыларда сахналық киім үлгісі болуы керек.
5. Конкурсантта мектептегі балалар ұйымының атрибутикасы болуы керек (галстук, белгі және т.с.с.).


Жоғары сынып оқушыларына арналған тапсырмалар

(командадағы оқушылар саны 5 адамнан аспауы қажет)


  1. Конкурс жұмысының (эссе) тақырыптары:

«Өзіміз жақсы көрген нәрсені жасау....., бұл нағыз бақыт болып табылады»,

«Мен неге ..... болғым келеді»,

«Мен балаларға сенемін»

«Егер мен мектеп директоры болсам....»



Бағалау критерийлері:

  1. мазмұнның өзектілігі;

  2. тақырыпты кеңінен және тереңінен ашылуы;

  3. мазмұн креативтілігі;

  4. тілдік көркемдеу мәдениеті

Эссені а.ж. 7 сәуіріне дейін ұйымдастыру комитетінің мына мекен-жайына жіберуге болады: gulden.berdenova.76@mail.ru
«Визит карточкасы» байқауы. Сайыстың уақыты – 5 минут.

Конкурстың мақсаты – педагогикалық мамандықты таңдаудағы бағдарына, шешім қабылдауына оның қызметі, өз мектебінің имиджін ұсыну.

Бағалау критерийі:

  1. өз мектебінің ерекшелігінің мінездемесі (ашылу тарихы, жетістіктері, даму болашағы);

  2. баяндаманың мазмұндылығы мен композициялығы;

  3. безендіру (топтың атауы, девизы, эмблемасы, киім үлгілері);

  4. сөз сөйлеудің мәдениеті, әртістігі;

  5. регламент сақтау.

  1. Педагогикалық шеберлік сайысы (мектеп туралы балалар әндері және мектеп өмірінен сахналық қойылым). Ұзақтығы – 5 мин.

  2. Плакат түріндегі үй тапсырмасы. Тақырыбы «Бір шаңырақ астында», Қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына арналады. Плакатты қорғау уақыты – 6-8 минут.

Бағалау критерийлері:

  1. топтың плакат арқылы берілген тақырып мазмұнын аша білуі;

  2. плакатты безендірудің ерекшелігі;

  3. плакат мазмұнын ашуда команданың шеберлігі мен мәнерлілігі;

  4. топтың дербестігі мен білімділік деңгейі.

  1. «Адамдар, мұны ешқашан ұмытпайық!» Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналады.. тақырыбына үй тапсырмасы. Уақыты – 5 минут. Әр команда коллективтік-шығармашылық жағдайының (КШЖ) толық әзірлемесін ұсынады. КШЖ үзінді көрсетіледі.

Бағалау критерийі:

  1. ұсыну формасының ерекшелігі;

  2. сөз сөйлеудің әсерлілігі;

  3. орындаушылық мәдениет.




  1. Топ басшылар сайысы. Әр топ басшы «Патриот болу дегенді қалай түсінесің?» тақырыбына бір сұрақтан дайындайды.


Студенттер мен магистранттар үшін


  1. «Визит карточкасы» сайысы. Ұзақтылығы – 5 мин.


Сайыстың мақсаты – өзінің оқу орныны имиджін ұсыну (институт, университет), студенттердің педагогикалық мамандықты таңдаудағы бағдарына шешім қабылдауында оның қызметі. Өзінің факультеті жайындағы ерекше әңгімелерін ұсыну (музыка, театр, пантомима, поэзия, көркем өнер құралдарын пайдалануға болады).
Бағалау критерийі:

  1. өзінің оқу орнының ерекшелігінің мінездемесі (ашылу тарихы, жетістіктері, даму болашағы);

  2. баяндаманың мазмұндылығы мен композициялығы;

  3. безендіру (топтың атауы, девизі, эмблемасы, киім үлгілері);

  4. ерекшелігі, мәнерлілігі, әртістігі, шеберлігі;

  5. регламент сақтау.




  1. «Педагогикалық басылымның жарнамасы» сайысы

Сайыстың мақсаты – кәсіби қызығушылықты дамыту үшін (кітаптар, журналдар, әдістемелік құралдар т.б.) аудиторияға педагогикалық басылымдарды ұсынудың шеберлігін анықтау.

Топ басшыларына жарнама жасау үшін педагогикалық басылымдар салынған пакеттер тапсырылады (4-5). Топтар жарнама жасау үшін ұсынылған басылымдардың біреуін таңдап сахнаға дайын жарнаманың жобасын ұсынады. Уақыты -5 минут.




  1. Бағалау критерийлері:

  • басылымда қарастырылған сұрақтардың негізгі мәнін ашу;

  • басылымда пайдаланатын тәсілдер мен орта жайлы ұсыныстардың негізділігі;

  • жарнаманың ерекшелігі (аудиторияға ықпал етудің тәсілдері);

  • сөйлеу мәдениеті мен техникасы;

  • тілдік құралдар мен үйлесімдегі таңбалы айқындылығының құралын пайдаланудағы педагогикалық мақсаттылығы мен реттілігі;

  • орындау шеберлігі, шығармашылығы, жаңалығы, ерекшелігі;

  • жарнаманың көркемдігі және эстетикалылығы.




  1. «Бір шаңырақ астында», Қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына арналады, педагогикалық идеяның қорғауы.

Уақыты – 10 минут.

Сайыстың мақсаты- таңдаған мәселе бойынша сөз сөйлеуді қисынды құрастыруды анықтай білу, әсіресе: тақырыптың негізгі бөлігін толық және мазмұнды аша білу және оны қорытындымен аяқтау; ғылыми терминологияны дұрыс пайдалана білу, таңдаған мәселе бойынша қажетті және күрделі сұрақтарға жауап беру шеберлігін анықтау, өзекті пікірталастық тақырыптарға әңгімелесу; таңдаған мамандықта қабілетін анықтау, өзінің педагогикалық кредосын айқын көрсететін студенттердің шығармашылық әлеуетін таныту.
Музыкалық-көркем, мультимедиялық құралдардың, театралдық педагогиканың элементтерін пайдалануға болады. Педагогикалық идеяны ұсынғаннан кейін топтар қазылар алқасының сұрақтарына жауап беруі тиіс.

Сайыстың бағалау критерийлері:

  1. ұсынылған педагогикалық идеяның өзектілігі;

  2. тақырыпты түсінудің баламалылығы;

  3. педагогиканың түсінік аппараттына сүйемелдеме;

  4. гуманистік идеяларға сүйену арқылы педагогикалық, психологиялық, философиялық білімнің кіріктірілуі;

  5. қарастырылған мәселеге өзіндік көзқарастың негізділігі және дәлелділігі;

  6. безендірудің эстетикалылығы және көркемді бейнелілігі, ашықтығы (мультимедиялық және көркем бейнелеу құралдарын қолдану);

  7. баяндаманың ерекшелігі мен көрнекілігі, мазмұндылығы;

  8. ойлаудың креативтілігі.

Жобаның қысқаша аңдатпасы сайыстың қазылар алқасына тапсырылады (көлемі 2 баспа бетінен аспайтын).




  1. Интерактивті оқыту әдістемесін пайдалана отырып Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына, халқы ассамблеясының 20-жылдығына, Қазақ хандығының 500 жылдығына арнап интерактивті тәсілдерді пайдаланып өткізген сабақ жоспарының әзірлемесі сайысы (сабақ үзіндісін көрсете отырып: инновациялық технологияларды пайдалану алгоритмі, шығармашылық есеп, видеосабақ, шебер-сынып) 5-7 минут. Әр топ коллективтік-шығармашылық жағдайының (КШЖ) толық әзірлемесін ұсынады. КШЖ үзінді көрсетіледі.

Бағалаудың критерийлері:

  1. Әзірлеменің талапқа сәйкестігі;

  2. Сабақтың дидактика принципіне сәйкестігі;

  3. Сабақ үстінде дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді пайдалану;

  4. Сабақ үстінде оқушылардың ұйымдастыру қызметінің деңгейі;

  5. Таңдалған сабақ мазмұнының сапасы;

  6. Танымдық қызметінің жандану әдістері мен оқушылардың өзіндік жұмыстардың болуы;

  7. Шығармашылық үй тапсырмаларының болуы.

Каталог: files -> blogs
blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blogs -> Программа по предмету «Русский язык»
blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет