«Мұғалімге ақпарат» бұл «Біртұтас педагогикалық процесті технологияландыру»



бет1/23
Дата06.07.2018
өлшемі237,46 Kb.
#47461
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
«Біртұтас педагогикалық процесті технологияландыру»
Исмайлова Кенжегүл Сарықызы,

Қазақстан Республикасының оқу ісінің үздігі,

№ 58 мектеп-гимназиясының мұғалімі
Ұсынылып отырған «Мұғалімге ақпарат» бұл «Біртұтас педагогикалық процесті технологияландыру» атты жоба бойынша жасалған күнделікті сабақ жоспарының жобасы. Бұны мұғалімнің СТК-сы деп (сабақтың технологиялық картасы) қысқаша атау қабылданған.

Бұл технологияның негізгі мақсаты: математикалық білім, білік дағдыларды игеру арқылы танымдық іс-әрекетке, сондай-ақ өздігінен білім алуға дайындығын қалыптастырып, баланы тұлға ретінде дамыту.

Сабақтың құрлымы бес блоктан тұрады және оқулықтың негізінде жасалған. Әрбір жаңа ұғымды енгізгенде оның жоспары, маңызы мен мазмұнын ашып – көрсетуге мүмкіндік беретін белгілі бір іс-әрекет жүзеге асырылып отырады.

Оқушыларға берілетін тапсырмалар алдымен жеңілдеуден, одан кейін біртіндеп күрделілерін (тапсырмалар оқулық пен қосымша әдебиеттерден алынған) орындауда оқушылар сәйкес білім мен білікті меңгеретіндей етіп құрылған. Сонымен қатар оқушылар өз ұсыныстарын негіздеуіне, өз ойларын дәл, түсінікті және тиянақты етіп жеткізе алуына мән берілді



38 сабақ


МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ




Тақырыбы:




Тригонометриялық теңдеулер жүйесін шешу әдістері

Мақсат:

Білімдік

Жаңа білім

•Әр түрлі тригонометриялық теңдеулер жүйесінің түрлерімен танысып, оларды шешу әдістерін біледі.

Жаңа түсінік

• Есептердің шартына байланысты тригонометриялық теңдеулер жүйелерін шешу әдісін терең түсінеді.

Құзырлылық

Қолданым әрекеті

• Тригонометриялық теңдеулер жүйесін шешудің төрттүрлі әдістерін қолдану арқылы теңдеулер жүйесіне берілген есептерді шешуді меңгереді.

Талдау әрекеті

•Берілген тригонометриялық теңдеулер жүйесінің түрін ажырата алады; шығару жолын талдайды және әр қадамды орындау барысында ақпарат блогының ерекшелігін анықтайды.

Шығармашылық әрекет

•Берілген тапсырмаға сәйкес өздігінен есептер құрастыра алады соған сәйкес қажетті әдісті дұрыс таңдауға дағдыланады.

Құндылық

Бағамдау әрекеті

• Тригонометриялық теңдеулерді шешу барысында барлық формулаларды білудің маңыздылығын бағалайды.



Сабақ құрылымы:

І. Ақпарат алмасу (14 мин.).




ІІ.Алғашқы бекіту (6 мин.).

ІІІ.Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).

ІV.Шығармашылық қалыптастыру ( 6 мин.).

V.Бағамдау-бағалау ( 4 мин.).

Сабақ типі:




• Жаңа сабақ

Оқыту әдісі:




• Репродуктивті, ішінара ізденушілік.

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:




• Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді.

Негізгі ұғымдар мен терминдер:




Негізгі тірек ұғымдары: қарапайым тригонометриялық теңдеулердің формулалары, дербес шешімдері.

Оқушыда дағды қалыптастыру:




•Өзін-өзі дамыту дағдылары – өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып қанағаттану.

Ақпарат көздері:




1.Алгебра және анализ бастамалары: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық./ А.Е. Әбілқасымова, К.Д. Шойынбеков, В.Е. Корчевский, З.А. Жұмағұлова – Алматы: Мектеп, 2010.

2. Алгебра және анализ бастамалары :Есептер жинағы. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқу құралы / А.Е. Әбілқасымова, В.Е. Корчевский, З.А. Жұмағұлова – Алматы: “Мектеп” баспасы, 2010.

3. Алгебра және анализ бастамалары :Дидактикалық материалдар. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқу құралы / А.Е. Әбілқасымова, В.Е. Корчевский, З.А. Жұмағұлова – Алматы: “Мектеп” баспасы, 2006.

4.Шыныбеков Ә. Н.



Алгебра және анализ бастамалары: Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2005.

5. Шыныбеков Ә. Н.



Алгебра және анализ бастамалары. Оқу әдістемесі . Жалпы білім беретін мектептің 10-сынып мұғалімдеріне арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2005.

6. Шыныбеков Ә. Н.



Алгебра және анализ бастамалары. Дидактикалық материалдар. Жалпы білім беретін мектептің 10-сынып мұғалімдеріне арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2006.

7.Алгебра және анализ бастамалары : Орта мектептің 10-11-сыныптарына арналған оқулық. /А.Н. Колмогоров, А.М. Абраманов, Ю.Д. Дудницын және басқалар. 4-басылым, - Республикалық мемлекеттік Рауан баспасы, Алматы, 1998.

Оқушы жетістігін бағалау:




• Негізгі баға ҚӘ блогының тапсырмаларын орындағаны үшін, ал қосымша (бонус) баға ШӘ блогы үшін беріледі.

Үй тапсырмасы:




•§ 10. 75-77 бет.




• № 118 (б), № 135 (б).




САБАҚ БЛОКТАРЫ







і. аҚПАРАТ алмасу




Тақырып жоспары:

1. Тригонометриялық теңдеулер жүйесінің анықтамасы.

2. Әр түрлі тригонометриялық теңдеулер жүйесінін шешу әдістері.

Слайдтар:

1-слайд

Тригонометриялық теңдеулер жүйесінің анықтамасы

Қандай жүйені тригонометриялық теңдеулер жүйесі деп атаймыз?

Анықтама. Тригонометриялық теңдеуі бар жүйені тригонометриялық теңдеулер жүйесі деп аталады.

Әр түрлі тригонометриялық теңдеулерді шешу алгебралық теңдеулерді шешу әдістеріне негізделіп шешіледі.


Теңдеулер жүйесін шешу әдістері



Алмастыру әдісі

Жаңа айнымалыны енгізу әдісі

Алгебралық қосу (азайту) әдісі

Тригонометриялық теңдеулер жүйесін шешкенде осы әдістерді және тригонометриялық тепе-теңдіктер мен негізгі формулаларды қолданамыз.







2-слайд

Әр түрлі тригонометриялық теңдеулер жүйесінін шешу әдістері

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет