МҰхтар әуезов пен сәбит мұҚанов



бет1/2
Дата27.12.2016
өлшемі467,76 Kb.
#6244
  1   2
МҰХТАР ӘУЕЗОВ ПЕН СӘБИТ МҰҚАНОВ
Өнер адамдарының арасындағы қарым-қатынас, достық тілек-ниеттер әртүрлі жағдайда қалыптасып, өмір өзегіне айналады. Тіпті, қиын-қысталаңы мол, қарбалас күндердің өзінде де жомарт жүректі жандар бір-біріне қол ұшын беріп, қолтығынан демеп жатады. Ондай ізгі қадамдар қашанда жан сүйсінтеді. Алайда олардың көзқарасы үнемі ұштаса бермейді. Әсіресе, өнер адамдарының жолы өзге мамандықтың иелеріне қарағанда бұралаңы мен бұрмасы көп, «соқтықпалы, соқпақсыз» болып келеді. Сондықтан да қазақтың екі ой алыбы – Мұхтар мен Сәбиттің бір-біріне деген пейіл-ықыласының кейде риясыз ашық болуы, кейде көлеңке түсіп отыруы заңды. Біздің ойымызша, ол үшін қос дегдардың бірін қаралап, екіншісін ақтаудың реті жоқ. Олардың әр қайсысы өзінің өмірлік мұратын, өнердегі ілхамын қорғады. Қазір: «Мұхтар мен Сәбит үнемі айтысып келді. Олар – бітіспейтін дұшпандар еді» - дегенді жиі естиміз. Рас, араларына от жағып, араздастырушылардың ырқында кетіп, қатты-қатты сөз айтып, қабақ шытысқан тұстары да кездесті. Әсіресе 1951 жылғы «қара дауылда» екеуінің егесі шыңына жеткен. Бірақ та, олар өзінің жеке басының араздығын қиын сәттерде ұмытып, халық мүддесін тізе қоса отырып, ортақтаса көтерген. Біз, бұл шағын мақалада Мұхтар мен Сәбиттің «жаулығына» емес, – достығына, күйіндіретін емес – сүйіндіретін мінездеріне тоқталғымыз келеді. Осының өзінен қос алыптың өмірінен тәлім-тағылым алатын біраз жай аңғарылса керек-ті.

Ашығын айтсақ, олар өздерінің қатар өткізген отыз жылғы ғұмырында бір-бірімен тіл табысуға ұмтылыпты. Соның бір кепілі – араларына салқындық түскен кезде өзара жазысқан хаттары. Хат жазушы – Сәбит. Барлық хатты Москвадан жолдаған. Соның ішіндегі ең маңыздысы – 1932 жылы Мұхтар түрмеден шыққаннан кейінгі Сәбиттің жолдаған достық сәлемі. Өзге-өзге, бұл ізгі тілек Мұхтарды ерекше қуантып, серпілткені анық. Өйткені...



I

Сол кезде Мұхтарға ауып соққан жайдың бірі – ұзақ жылдар бойы өмірдің ащы-тұщысын татқан достарынан, пікірлестерінен көз жазып қалуы еді. Оның үстіне Ахмет Байтұрсынов сияқты рухани ұстазын, Жүсіпбек пен Мағжан іспетті абзал жандардың орынын кім баса алсын. Ілияс пен Қалибек қана қасынан табылды. Дегенменде, өзге жазушылардың барлығы оны сыртқа тепті десек – шындыққа қайшы келеді. Соның ішінде он жылдай газет беттеріндегі мақалалары арқылы айтысып келген, Мұхтар түрмеден шыққаннан кейінгі жазушылар үйіндегі жиналыста танысқан Сәбит Мұқанов та жәрдем қолын созды. Сәбит сол кезде Москвада оқуда болатын. Сонда жүріп Мұхтарға хат жазды. Өзге емес, тура Сәбит Мұқановтың достық көңіл бөлуінің маңызы ерекше болатын. Өйткені, КазАПП-тың лидері болған Сәбиттің беделі үлкен және оның пікірімен өкімет те, өнер иелері де санасатын.



Әрине, уақыт талабы, өнерге деген көзқарас өзгерді. Мұхтар да, Сәбит те «ет қызуымен» айтылған пікірлерінен қайтып, Абайдың қаралаушысынан насихаттаушысына, зерттеушісіне айналды. Сәбең Мағжанды да Мұхтарды да мойындады. Оған 1933 жылы 21 февральда Мұхтарға, 1934 жылы ноябрьдің екісі күні М. Горький мен оның әйелі Пешкованың көмегімен түрмеден босанған Мағжанға жазған хаттары дәлел. Екі хатта да Сәбит пікір таластыра отырып, ойын ашық айтады. Біз, сол кездегі саяси және әдеби ортаның жай-күйін толық білдіру мақсатымен хатты қысқартпай, сол қалпында келтіреміз және Мұхтарға тағылған айыптардың біразы осында қамтылған. Сондай-ақ, екі алыптың қарым-қатынасы жөнінде орынды-орынсыз, дәлелді-дәлелсіз айтылып жүрген қауесетті жоққа шығару үшін де керек. Сәбит өз өмірінде үш рет Мұхтарға хат жолдапты. Соның ең біріншісі төмендегідей.
«21 февраль, 1933 ж. Москва.

Мұхтар!

Бұдан бірер жыл бұрын біз екеуміз екі таптың жыршысы ек. Марксизм объекті мен субьектіні бірінен-бірі айырмайды. Объективно тап тартысында бір-бірімізбен майдандасқан адам болғандықтан, сені білмеймін, менің өз қара басымды алсақ, сені субъективно да ұнатпайтын ем. Сөйткен саған менің осы хатты жазуымның өзі көлденең қараған адамға ұқпайтын нәрсе сықылды көрінуі мүмкін. Өйткені тап тартысы біз майдандасатын кезде күшеймесе кеміген жоқ. Таптар біткенмен, тап өкілдерінің татулығы болу мәселесі әлі ерте. Және қарсы таппен біз татуласып жақындаспаймыз, жоямыз.

Сенің газеттерге жазған хатыңды, Жазушылар ұйымының жиылысында айтқан сөзіңді оқыған адам, марксизмге таныс адам, әрине, бұл хаттағы жазғанға таңданбайды. Бұл заңды хат. Адам тас емес. Адамның дүние тануы тұнған су емес. Бүгін дұрыс деп санаған пікір ертең қата болуы, қата пікірден адамның қайтып, жаңа, дұрыс пікірге көшуі адамның адамдың қасиетіне сыйымды нәрсе. Марксизмнің идеализмнен, дөкір (грубый) материализмнен айырмасы: әр нәрсені қозғалыс түрінде (в движении) алады, ой-сананы тұрмысқа, материалды өмірге тірейді. Адам баласының өмір тануы ретінде, өзгермейтін ең соңғы ғылыми-марксизм болатын себебі де осы. Марксизм өмірді танудың дұрыс әдісі (метод). Сондықтан ол: барлық өмірдің өркендеуін диалектикалық материализм көзімен танығаны сықылды, өзінің өркендеуін де осылай таниды. Марксизмді ленинизм өркендетуі, ленинизмді, Сталиннің ілгерлетуі осы дұрыс әдіс, дұрыс ғылымнан туған нәрсе.

Олай болса, сенің хатыңды, сөзіңді көріп марксшіл адам таңданбайды. Бұл заңды, табиғи нәрсе деп табады. Бір таптың жоқшысы болып жүріп, екінші тапқа көшу, тарихта бірінші рет болған нәрсе емес. Әрине, мұндай көшудің екі түрі бар:

1. Устряловшылдық.!1 Бұндай әдіс бізде Жүсіпбек те, тағы басқалар да болды. 2. Шын ықыласымен, ескі жолының қателігін танып, жаңа жолға айқын түсініп келгендер.

Біз сені қас күніңде де бағалайтын ек. Өйткені Мағжан мен сен кеңес үкіметіне қастықтарыңды ашып айтатын едіңдер. Сондықтан сенің пролетариат тілегіне келуіңді де адал келу деп ойлаймын. Бұл сенің көңіліңді көтеру емес, шыным. Біреулер сенің жазаға тартылғаныңа байланыстыруы мүмкін. Оған повод бар да. Өйткені Достоевский жазаға тартылғаннан кейін, төңкеріс пікірінен пышақ кескендей айрылып, барып тұрған реакқионер болғаны мәлім. Күшке көнетін кісі де, көнбейтін кісі де болады. Ескі пікірінде шын қатқан тұрақты адам, жазаның ауыры – өлімге бара алады. Менің де өз қара басым сені қорқудан емес, ұяттан келген адам (не перед страхом, а совестью) деп ойлаймын. Олай болса, күдіктің орны болмауға тиіс. Және болуға мүмкін де емес. Өйткені әрбір адамгершілік санасы бар адамның негізгі ойы біреуді біреу құлданбауда, адам баласы теңдес өсуде болу керек. Бұған сөз жүзінде: Каутский де, Чемберлен де қарсы емес. Кәтте, «Пуанкаревойна» атын алған Пуанкаре де қарсы емес. Лига нақияны Пуанкаре құрған. Лига сөзде қару тастауды кеңес қылғалы қанша болды? Бірақ әңгіме сөзде емес, істе. Марксизм сөз бен істі қатар алады. Олай болса, іс жүзінде адамды адаммен теңдестіруге қандай жол дұрыс апара алады? Қай топ оны істеуге әлі келеді?

«Өндіріс құралы жеке меншікте тұрғанда, біреуді біреу құлдану қалмайды» – деген Маркс. Бұл марксизмнің негізгі жолының мықты бір бұтағы. Адам – қоғамдас мақұлұқ. Жеке адам өзін-өзі ешуақытта асырай алмайды. Қоғам мүшесі біріне бірі көмектесіп, бірінің жоғын бірі табады. Олай болса, олардың бірлесіп жұмсайтын құралы ортақ және өндірушінің өз еріктерінде болу керек. Пролетариатқа шейінгі тап, біреуді біреу құлдану негізінде құралған тап болғандықтан, бұны істе жүзеге асыра алмайды. Жүзеге асырса өзін-өзі жою керек. Өзін-өзі жою олардың қолынан келмейді.

Маркс неге пролетариатты басқа таптан таңдап алды? Қара шаруаның да біразы еңбек иелері, оларды неге алмады? Маркстің пролетариатты таңдауы олардың өзгеше боп жаралғандығы емес, олар да адам баласы. Олардың өзге таптан өзгешелігі жекешілдік бағыт, меншік жоқ. Оларда еңбек ортақ. Олар ортақ тұрмысқа үйренген, сондықтан олардың ортақ қоғам жасауға әлі келеді. Энгельс: «капитализмнің пайдасы, өндіріс құралына ортақ, меншіксіз адамдарды өндіріске жиып, ортақ қоғам жасауға способный пролетариат жасап берді» - дейді. Маркс адамға қарсы емес. Ол адамды адам жеуге қарсы. Ол қанаушыны жоюға ұран тастаушы. Осы шын мағынасындағы адамшылық өмір жасауға әлі келетін тап пролетариат. Оған пролетариаттың тұрмысы куә. Маркстың пролетариатқа сүйенуі, марксизмнің пролетариат иделогиясы екенідігі осыдан.

Маркстің еңбекшіл қара шаруаға сүйенбегені онда жекешілдік бағыт күші. Қара шаруа, пролетариатпен одақтасқан күнде ғана соқиализмге бара алады. Іс жүзінде адамды теңдестіру, пролетариаттың қолынан келсе, кім де кім пролетариатқа қарсы болса, сөзінде пәленмін дегенмен, ол адамгершілікке қарсы. Бұны түсінген адам сөз жоқ пролетариат тілегіне көшеді. Марксизм адам баласының миллиондаған жылдар жасаған күресінің, өркендеуінің ең жоғарғы мұнарасы. Кім де кім осы мұнараға шықпаса, биік мұнарасы, коммунизмді көре алмайды. Сондықтан, сен сықылды адамдардың марксизмге келуі, ең алдымен адамгершілігін өтегендігі.

Сенің бұдан былайғы әдебиет шығарма жұмыстарында біраз қиындықтар болуы мүмкін, өйткені, сен пролетариат тілегіне қарсы болған адамсың, сондықтан пролетариат саған біразға дейін сене алмайды. Сен, «қателесем бе» деп, біразға шейін жалтақтық істеуің мүмкін, «жасасын» жағын басыңқырауың мүмкін. Пролетариат, әрине, сенен оны тілемейді және ондай шарт қоймайды. Пролетариат сынды өзара сынды жақсы көретін тап. Кемшілігін жасырмайтын тап. Ол кемшілікті ашуды тілейді. Бірақ қалай ашады? Мәселе осында. Біздің тұрмыстың жарық жағымен қатар күңгірт жағы да бар. Ол күңгірт пролетариатқа законмерный емес, ол ескі таптан қалған мұралар. Оларды ашу (жолы) соқиалистік реализм. Бірақ ашқанда пролетариатша ашу керек.

Қазақстанның былтырдан бергі жағдайында перегип арқылы біраз қиындықтар болды. Бұл қиындық, пролетариаттың таптың тілегінен туған қиындық емес, жеке адамдардың дұрыс басқара алмағанынан туған қиындық. Осы қиындық біраз адамдардың ішіне күдік салуы: «марксизм ұсақ ұлттардың жүрер жолы бола алмайды» деген ойға келтіруі мүмкін. Әрине, ол марксизм ғылымына піспеген адамның ойы. Марксизм дұғалық емес, істің құралы. Төңкерісшіл пролетариат төмен қалған ұлттарды соқиализмге апара алады. Ол біздің Одақта дәлелденді де. Ал Қазақстан жайында болған перегиптерге, марксшіл адам сын көзімен қараумен бірге, перегипті жоюға жәрдемдеседі. Марксизм төңкерісшілдікті іс жүзінде сынайды.

Бұл сөздер, әрине, үгіт, емес, (сен сықылды пікірі ержеткен адамды үгіттеудің өзі бір жағынан қарағанда балалық болар еді) марксизмнің негізін айтқандық.

Мен өзім партияға өтірік кірген адам емеспін. Бірақ, басында ақылмен емес, жүрекпен кірген адаммын. (Бұл демагогия емес). Өйткені мен партияға кіргенде марксизм ғылымының негізін шала білетін адам едім. Бірақ партияға кірдім. Осының өзі странно көрінуі мүмкін. Бірақ онда түк таңдану жоқ. Бұл марксизмнің құрғақ теория еместігіне, марксизмнің тамыры еңбекші халықтың ішінде өсетіндігіне дәлел. Марксті білмеген еңбекшілер толып жатыр. Марксизм солардың ішінен өскен. Біреулер шен үшін партияға кірді. Біреулер күн көріске кірді. Мақтануын ішіне ала сөйлегенде, менде мұның бірі де болған жоқ. Білім кемдігінен болған қаталықты былай қойғанда, мен өз қара басымды, таза, пролетариаттің ісіне берілген адаммын деп санаймын. Күңгірт жақтарым болды. Бірақ мен қоғам ісіне қатынасқан, бір жолда келем деп тарих алдында мақтана алам. Келешек өз алдына.

Өскен сайын (ой өсуін айтам) адам, әрине, обьективно бола бастайды. Мен өз қара басым тұрмысқа обьективно қарай алғаным сықылды, (осы күнде) Қазақстан жағдайының қазіргі күйіне обьективно қарай алам. Қазақстандағы қазіргі еңбекші таптың перегиптен көрген қиындығына іші ауырмаған адам коммунист емес. Олар баққұмар, арамтамақтар. Бірақ, құр іші ауырып қою, күрестен қол тарту болар еді. Оның арты кеңес үкіметінен, социалды идеядан қайту болар еді. Оған өз қара басым бара алмаймын. Партияның бұл перегипті түзетуге әлі келуіне сенем. Құр сенім де ешнәрсе болмайды. Біздің мақсат перегипті түзеуін көмектесу. Көмекке әркімнің мамандығынан құралы бар. Біздің құрал көркем әдебиет. Сондықтан біздің мақсат көркем әдебиетпен қазақ еңбекшілерінің тұрмысын түзесуге жәрдемдесу, партияның кәсіпке, колхозды ұстап отырған жолын түсіндіру.

Біз Алматыда көріскенде жөнді сөйлесе алғамыз жоқ. Біздің сенімен сөйлескендегі мақсатымыз сені үгіттеу емес, түзелем деп алған бетіне жолдастық көмек көрсету. Сол көмек, кеңес ретінде осы хатты жазуға тура келді. Хатта толық пікірді айту мүмкін емес, менің бұл хаттағы міндетім, бар мәселені айтып бітіру емес, бірінші сөзіңе сенгендігімді білдіру, екінші пікірімді айту.

Егер сен бұрынғы Мұхтар болсаң, «қанжығада көрісермізбен» айдай берер ек. Қазір ол пікірден, әрине, аулақпыз. Түзелуіңе бізден керекті жәрдем болса қолдан келгенше аянбаймыз. Сенің міндетің біздің алдымызда емес, пролетариаттың алдында (біз де соның ішіндеміз ғой) сөзіңді іс жүзінде ақтау.

Жолдастықпен: Сәбит Мұқан ұлы.»
Біздің ойымызша Сәбиттің бұл сенімін Мұхтар толық ақтап шықты. Саяси-таптық қарсыласын бауырына тартқан Сәбеңнің осы қадамын нағыз азаматтық қасиет ретінде бағалауға толық негіз бар. Әрине, олардың араз боп, айтысып жүрген кездері де болды. Бірақ оған әлі талай жыл бар еді. Ең бастысы – Мұхтардың басына күн түскенде Сәбиттің жанынан табылуы.

Мұның өзі Мұхтарға дәл уақытында, ділгір шағында жасалған ұмытылмас жақсылық еді.


II
Араға үш жыл салып Сәбит өзінің «пролетарлық уәдесін» орындады. 1943 жылы Жазушылардың бірінші съезі өтті. Онда, әсіре солшыл РААП таратылып, тұңғыш рет «ұйымсыз жазушыларды» қатарға тартып, оларға творчестволық еркіндік берілді. Мұхтар ол съезге қонақ ретінде шақырылды. Қайтып келгеннен кейін, өзінің бұрынғы шығармаларын қайта бастыруға мүмкіндік алды. Ал, тәуекелге бел буып, жариялауға ешкімнің дәті бармады. Сенімді, беделді адамның сәт сапары қажет еді. Ондай мүмкіндіктің ретін табу да қиын, ал барлық жауапкершілікті бір адамның мойнына алуы – одан да қиямет еді. Соған қарамастан, Сәбит Мұқанов «бәйгеге басын тігіп», редакторлықты өз мойнына алды. Әңгімелердің қайта басылуының мақсатын оқырмандарға түсіндіру үшін екі бірдей алғы сөз жазуға тура келді. «Ескілік көлеңкесінде» атты шағын жинаққа «Жазушыдан» түсінік, дәлірек айтсақ, «өзін-өзі ақтау» сөзі берілді.

Ерлікті – тәуекел тудырады. «Тәуекел түбі жел қайық – өтесің де кетесің» - дейді халық даналығы. Дұрыс пайымдау, Алайда, заман көшіндегі тарихи қажеттілікпенен шыңдалған осы сөз бүгінгі идеологияның түсінігіндегі ескірген термин. Мемлекеттік саясаттың қатпары қалың, торабы тоқсан тарау. Әрбір тұжырым, ұғым, еркін пікір – өте нәзік талданған. Істің, сөздің мың түрлі астары суыртпақталып шығады. Соны көре, біле тұрып, автордың өзі кібіртіктеп, тосырқай ұсынған қолжазбаға редактор болып, оны барлық «айыбынан» ақтап алу – шын ерлік, рухани тәуекел, адал достық еді. Бұл – Мұхтардың алдын орап, «айналып» үйіріліп шырмала берген «ескішілдіктің» шапанын жамылып, Сәбиттің өзі де «қара тақтаға жазылуға» бел буды деген сөз. Араға екі жыл салып сол «ерлігі үшін» «халық жауының қалпағын киерін»» білген жоқ, әрине. Ол үшін ең басты мақсат халықтың аяулы азаматын қатарға қосып, әдебиетті Мұхтарсыз, Мұхтарды әдебиетсіз қалдырып, жетімсіретпеу еді.

Міне, Сәбит Мұқановтың, Сәбиттің, Сәбеңнің азаматтығы осында. Сол үшін Мұхтар Әуезов, Мұхтар, ұлы Мұқаң оған қарыздар. Себебі – сол бір отамалы тұста Мұхтар бері өтпей, ескі жағалауда қалып қойса, онда кейінгі творчестволық тағдырдың желкені көтерілмей, алыста қол бұлғап қала берер еді. Бүгінгі күнге, яғни келешекке кешігіп жеткен рухани кеменің бірі ғана боп қалу қаупі төніп тұрды. Сондай сынақ шағында Сәбит қол ұшын беріп, жағаға шығарып алды. Заман ағысының толқынына ағып кетпес үшін Мұхтарға «бір-екі сөз», жылы сөз жетпеді. Сол лебізді «Ескінің көлеңкесі» жинағының беташары ретінде Сәбит Мұқанов айтты.

Екі алыптың арасындағы адамдық, пендешілік байланыстар хақындағы алып қашты сөз, тіпті өсек-аяң көп. Бірақ олардың бір біріне жасаған азаматтықтары туралы айтуға келгенде сараңси қалады. Баспасөз, хат-қағаз беттері де бұл ретте жомарттық танытпайды. Сондықтанда, «өзгеге қисада өлімге қимаған» иықтас жандардың иірімі мол өміріндегі шуақты шақтарының белгісі есебінде, жинаққа жазылған Сәбит Мұқановтың «Бір-екі сөзін» толықтай келтіруді парыз деп санадық.



Ондағы сынның да, сырдың да астарын, зиялы жан «ішпен сезер»... Сыртқа итергенсіп отырып, бауырына тарту да қырғи қабақты, көлденең сөзді алдамсыратқан өзінше бір «із тастау» еді. Онсыз мақсатқа жете алмайтын.
Сол «із тастау мынадай»:

«Жолдас Мұхтар Әуез ұлының бұл жинағына төңкерістің бастапқы кезде жазған әңгімелері кірген. Идеологиялық жағынан бұл шығармалар тұрмысқа пролетариат көз қарасымен қарап жазылған шығарма деп айта алмаймыз.

Дегенмен, бұл әңгімелерді басу қажет. Өйткені өткен өмірдің мұраларынан пролетариат түгел жерімейді, «адамның ақылы тапқан заттардың бәріне сын көзбен қарап, керектісін алады» (Ленин). Мына әңгімелер де сондай сын көзбен қарап, бүгінгі өмірдің пайдасына жарататын құралдың бірі. Олай дейтін себебіміз: бұл әңгімеде Мұхтар тұрмысқа байлар, феодалдар табының көзімен қарай отыра, солардың идеологиясына арқа тірей отыра, сол кездегі бірсыпыра шындықты ашады.

«Қорғансыздың күніндегі» қараниет болыстың әлсізге істеген айуандығы, «Оқыған азаматтығы» «ақ жүрекпін» дейтін оқыған жігіттің барып тұрған қара жүректегі аз да болса сол заманның шындығын ашқандық. Әрине, Мұхтар ол кезде, болыс пен оқығанды сынап, шірігін ашқанда, қиянатшылды жою, түбірімен құрту, солар сүйенген негізді құрту керек деген қорытынды айтқысы келген жоқ. Осы кемістіктерді көрсетіп, шіріген тұрмысты бүтіндегісі, өңдеп жамағысы келді. Бірақ әңгіме Мұхтардың мұндай субъектілік пікірінде емес, обьектілік шынықта.

«Лев Толстой орыс төңкерісінің айнасы» деген тарихи еңбегінде Ленин: «Егер шын суретші болса, төңкерістің ең болмаса белгілі бұтағын көрсетпей отыра алмайды» деген. Шекспир, Гете, Пушкин сықылды жер жүзіне атақты классиктердің пролетариатқа қасиеті идеологиясында емес, өз дәуірлерінің шындығын азда болса көрсетіп кеткендігінде. Пролетариат өткен өмірінің біраз шындығын солардың шығармалары арқылы біледі. Өткен өмірінің шындығын дұрыс ұғумен бұрынғы өмірдің күресі тығыз байланысты.

Олай болса, идеология жағынан пролетариаттың болмағанмен, Мұхтардың бұл әңгімелері арқылы ескі ауылдың кей бір шындықтарын, қанағыш таптың еңбекшіге істеген зорлығын аз да болса көреміз. Қанағыш тапты бүгін жойып жатқан бізге бұл әңгімелер обьективно жәрдем істейді.

Бұл әңгімелер пролетариатың қандай сабақ болса да, жазушы Мұхтардың өзіне де сондай сабақ. Мұхтар қазір байшылдық бағыттың залалдығын түсініп, кеңес тілегіне көшіп отырған жазушы. Осы басып шығарған әңгімелер болсын, басқа еңбектері болсын, идеологиясын былай қойғанда, Мұхтардың ірі суретші екеніне айқын дәлел. Сондай ірі талантын бұдан бірнеше жыл шірік тұрмысты түзеуге жұмсаса, енді нағыз, жас, күшті, келешегі бай тұрмысты құрысуға жұмсауға тиісті. Сондықтан өткен қатасы мен бүгінгі түзелуін салыстырып, содан сабақ алуға, бұл әңгімелер Мұхтардың өзіне де көп көмек істеуге тиісті.

Сәбит Мұқан ұлы.

Алматы 8.VІ.35 ж.
Кітап шықты. Мұхтардың беті ашылды. Бірақ тағдыр талқысы мұнымен аяқталған жоқ. «Ескілік көлеңкесіне» жазылған алғы сөз бір жылдан соң Сәбиттің өзіне оқ боп атылды. Әйгілі отыз жетінші жылдың «қара дауылы» тұсында Сәбит Мұқанов та зауалға ұшырап, орнынан алынды. Іле партия қатарынан шығарылды. Оған себеп болған нәрсе, «Казахстанская правда» газетінің сентябрь айының ортасындағы санында жарияланған белгілі мақаладағы мына жолдар:

«Қазақ даласын совет келгеннен бері қара пәле қаптаған деп суреттеу, ақ боран астындағы өліктей суреттеу ұлтшыл жазушының шығармаларындағы негізгі идеялық мотиві болған. Әуезовтың бұл әңгімесінің сарыны да сол ізбен кеткен сарын. Совет үкіметінің жолына, саясатына қарсы жазылған бұл әңгімелердің бүгінгі жұртшылыққа қаншалықты керек екенін автор Әуезов те, кіріспе сөз жазған Мұқанов та, редактор Жаманқұлов та түсінсе керек еді. Бірақ, практикада бұлай болмай шықты, ұлтшыл бағыттағы әңгімелерді басып шығарды.

Әуезовтың бұл жинағына кіріспе сөз жазған Мұқанов жолдас былай дейді: «Олай болса идеология жағынан пролетариаттық болмағанмен, Мұхтардың бұл әңгімелері арқылы ескі ауылдың кейбір шындықтарын, еңбекшіге істеген зорлығын аз да болса көреміз... Осы басып отырған әңгімелер болсын, басқа еңбектері болсын, идеологиясын былай қойғанда Мұхтардың ірі суретші екеніне айқын дәлел» (5-бет). «Өзі идеология жағынан жат, зиянды болсын, сүйтсе де, ол бізге пайдалы, керек нәрсе» - дейді. Осындайда жауапсыз сүрініп, жағынған пікір бола ма екен? Мұқановтың бұл сөзінің баяғы Сұлтанбек Қожановтың алашорда ақыны Жұмабаевтың контрреволюцияшыл өлеңдері жинағына жазған сөз басынан несі кем?

Егер, шығарма пікір, идея жағынан бізге қарсы, залалды болса, ол шығармада ешбір шындық жоқ, ондағы көркемдік жат идеяға бағынулы болады. Идеясыз, пікірсіз ешбір көркемдік – көркемдік болып танылмайды. Мұқанов жолдас Әуезовтің шығармаларының зиянды пікірлерін ашып, алдын ала жұртшылыққа ескертіп айтамын деп, өзі теріс пікірлер ұсынып отыр. Мұқанов шын қырағы болса – Әуезовтың бұл әңгімелерін бастырмауы керек еді. Бірақ бұл Мұқановтың да, Жаманқұловтың да большевиктік батылы жетпеген. Жазушылар ұйымы бұл сорақылықты да көрмеді, бұл жайында жұмған аузын ашпай отыр».

Мынадай айыптаудан кейін «жұмған ауыздар» ашылмай қоймады. Сыншы – идеолог өзіне қажетті сөздерді де дәл тауып, логикалық тұрғыдан сондай шебер қиыстыра білген. Бұл да «мақсат жолындағы күрестің» бір оңтайлы тәсілі. Ең пысық, опасыз түрі. Әуезовтың «шаруасын бітіріп» алған соң, Ілиясқа, Сәбитке ауысып, Р. Жаманқұловтың сыбағасын берді. Оларға тағылған айыптың құны тым қымбатқа түсті. Ілиястың өлеңдерінің идеялық «контрабанда» екендігін дәлелдей келіп: «Жау» деген өлеңінде, Әуезовтің әңгімелеріндегідей, ескі феодалдық ауылды көксеп, арман қылады» - деп тұжырым жасады. Бұл мақала – Ілияс пен Р. Жаманқұловтың қылмысын әшкерелеген, олардың «жапон империализмінің агенттері» екендігін дәлелдейтін» «үш айғақтың» бірі ретінде тіркеліп, үкім есебінде қабылданды. Сәбит Мұқановтың партиядан шығарылуына «септігін» тигізді.

Өзге-өзге, бүкіл саналы өмірін пролетариатқа қызмет етуге жұмсаған Сәбит үшін партия қатарынан шығарылудан артық әділетсіздік жоқ еді. Осындай ауыр жазаға ұшырауына Мұхтарға жасаған жақсылығының «себі» тиді.

Бұны Сәбит Мұқановтың азаматтық ерлігі деп те бағалауға болады.

Қашанда дананың орны толмайды. Сондықтан оларды даныпшан деп атайды. Бірақ оны мойындау да, мойындату да оңай емес.

Егерде: Мұхтардың өмірі кіл жақсылықтан құралды, үнемі жазықсыз жапа шекті, оған жасалмаған жауыздық, көрсетпеген қиянат қалмады, дос таба алмады, халық қолдамады және оны өзі сезінбеді, тұрмыста да жарым көңіл күй кешті, ылғи да от пен судың ортасында жүрді, жалғыз қалды десек – өкінішке орай оның тұлғасын биіктетемін десек – бір кесе шайының өзін күдіктене ішетін секемшіл, жапа шеккен жасқаншақ жан етіп көрсеткісі келген дүниелердің пайда болғаны да рас – онда шындықтың бетін шымылдықпен бүркегеніміз –және бұдан асқан қиянат, бұдан асқан сұрқиялық, бұдан асқан жала болмайды. Мұхтарды қорлаудың ең оңай жолы бұл! Мұхтарды ешкімнің мүсіркеуге хақысы жоқ және мүсіркетпеген де. Еркелесе-еркелеткен шығар. Бірақ басына шығарып, басындыртпаған. Өз есесін емін-еркін алып, емін-еркін төрде отырған. Қатты ренжітіп, өкпелесіп, ұзақ сілкілескен кездері бар. Ол – дұшпандықтан, өшпенділіктен ада, таза пендешіліктен туған ұсақ реніштер. Мүмкін, кейбірінің тым ушығып барып басылуы да. Ал, Мұхтардың көзін жойып, атын өшіру үшін исі қауым бірігіп, қасақана қастандық әрекет жүргізді деу – оқиғаны өз ыңғайына қарай бұра, әдейі өршіте түсу үшін әрекеттенгендердің далбасасы.

Рас, Сәбит Мұқановпен біраз уақыт ренжісіп, араларын суытып алғаны шындық. Оны жасыру – екеуін де жала мен өсектің өртінде қалдыру деген сөз. Әуелі де әзіл-қалжыңнан басталған өкпе-наз біразға дейін түсініспеушілікке итермелеген. Кейбір мәжілісте, отырыста Сәбит те шалған. Мұхтар да қарымтасын қайырған. Бірақ бұл реніш екеуінің өзара жеке бастарының кірбіңінен асқан жоқ. 1949 жылы «Абай» романының екі кітабын бірінші дәрежелі Сталиндік (Мемлекеттік – Т. Ж.) сыйлыққа және 1959 жылы Лениндік сыйлыққа ұсынған өзге емес тура Сәбит Мұқанов болатын. Мұндай кесек мінезді адамдар халық игілігіне қуанбаса, кері тартпайды. Ал, екі алыптың араздығынан пайда тауып, қасақана өрт қоюшылар болған. Және көбінің аты қазір ұмытылған, еске түсірудің өзі қиын, кім екені белгісіз жандар. «Кешке жақын Мұхтарды пәлен мен түген қисайтып кетеді, оны таңертең ана адам барып қайта түзейді» - деген Айқын Нұрқатовтың қанатты мысқылы содан шыққан.

«Иә, «пәлен мен түгендердің» кесірі көп тиді. Олардың атын атаудың өзі артық. Бұдан былай Сәбитпен арадағы түсініспеушіліктеріне ашық тоқталамыз. Өйткені бұл мәселені анық айтып, бағасын беріп, өз орнына қоятын кез жетті. Олар – бітіспейтін дұшпандар емес-тін. Заман ағымында, уақыт екпініндегі өтпелі жайларды екі түрлі көзқараспен қабылдаған, алайда мақсаттары ортақ халықтық тұлғалар. Қысылған сәттерінде қол ұшын беріп, бір-бірін демеп отырған. Сондықтан да Мұхтардың өміріне көлеңке түсіріп, жүрегіне жара салғандардың әрқайсысының атын атап, түрін түстемей-ақ, халқымыздың тауып қойған «пәленше мен түгенше» деген емеуірін есімін пайдаландық. Дегенмен де қисынсыз қазымырлықтан, орынсыз алакөзділіктен арылып, ой желісінен адасып кетпес үшін жинақтап алдық. Сондай-ақ, сол «пәленше мен түгеншелер» кейін кешірім өтінген және олардың балаларының бетіне шіркеу түсіру – шындыққа жаны ашығандық деуге жатпайды. Уақыт оларға өз үкімін шығарып үлгерді. Ал, әркім оқиға ілігінен «пәленшені» танып жатса ақтап ала алмаймыз. Өйткені бықсық әңгіменің біразы әлі өшкен жоқ. «Түгеншенің» арасынан:




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет