Microsoft Word -мәтіндік процессорының графикалық мүмкіндіктері Жоспар



бет3/4
Дата05.05.2020
өлшемі296,87 Kb.
#65996
1   2   3   4
Байланысты:
12ca0013-e21a-478e-9998-44ed8af56eb5

Mіcrosoft Clіp Gallery сұхбаттық терезесі

Құжат бетіне сурет салып не басқа графикалық редакторлардан суреттер енгізгенде оның оң не сол жақтауларына сөйлемдер тізбегін енгізу керек болады. Себебі сурет құжатқа енгізілгенде автоматты түрде ол жазу жолдарын ығыстырып, курсор тұрған жерге енгізіледі. Сондықтан сурет жақтауларына жазу жолдарын енгізу үшін төмендегі тәсілдердің бірін қолдануымыз керек:

Бірінші тәсіл:


  • суретті шертіп(таңдап), масштабын келтіріп, қажетті орынға орналастыруымыз керек;

  • суретті қайта шертіп(таңдап), тышқанның оң жақ түймесін басу арқылы жанама мәзірден Автофигуралар форматы... (Форматы автофигуры.. ) бөлімін таңдау;

  • ашылған сұхбаттық терезенің Обтекание пунктінен вокруг рамки бөлімін таңдап, ОК түймесін шерту;

  • Екінші тәсіл:

  • суретті шертіп(таңдап), масштабын келтіріп, қажетті орынға орналастыруымыз керек;

  • сурет салуға арналған саймандар панелінен Жазба(Надпись) белгішесін басып, суреттің оң не сол жақтауына жазба жолын орналастырамыз;

Диаграмма сандық мәліметтердің өзгеруін айқындап көрсетуге мүмкіндік береді.
Диаграмма – бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі.
1. Диаграмманы құру үшін: Қою менюдегі Диаграмма командасын таңдау
2. Стандарт аспаптар тақтасындағы
Диаграмма шеберінің жұмысы төрт қадамнан тұрады, батырманы шерткеннен кейін оның
бірінші қадамы экранға шығады:
Стандартты ішкі бетіндегі Тип өрісінен қажетті диаграмма типін, ал Вид(түр) өрісінен түрін таңдаймыз және оны Нәтижені көру (Просмотр результата) батырмасы басулы күйде қарауға болады. Дөңгелек диаграмма бүтін нәрсенің бөліктерге бөлінуін көрнекі көрсететін болғандықтан және әр бөлік бүтіннің қандай бөлігін құрайтыны анық көрінетіндіктен оқушылардың таңдауы бойынша осы тип алынды.
Диаграмма құрудың екінші қадамы – мәліметтер аралығын енгізу. Біздің мысалымызда мәліметтерді таңдау әрекеті оларды белгілеу арқылы орындалған еді.
Диаграмма шеберінің үшінші қадамында оған түрлі түсініктемелер (легенда) енгізіп, осьтерді белгілеуге, диаграмманың тақырыбын жазуға, мәліметтерді диаграммада көрсетіп жазып қоюға, т. б. әрекеттер орындауға болады.
Егер диаграмма дұрыс құрылған болса, оның қандай мақсатқа арналғанын анықтау оңай болады. Ол үшін оған берілген, енгізілген мәліметтер анық әрі түсінікті болуы керек.
Диаграмманың орналасуын таңдау үшін төртінші қадамды пайдаланамыз. Диаграмманы орналастырудың екі мүмкіндігі бар: біріншісі – жеке бетке орналастыру, екіншісі – кесте тұрған бетке қатар орналастыру.
Біздің мысалымызда көрнекілігі үшін қатар орналастыру мүмкіндігін таңдаймыз.
Диаграмма құру барысында Кері (Далее), соңынан Дайын (Готово) батырмасын басу арқылы жасап отырған диаграммамызды аламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет