Мыңжанова Гүлнұр Көкенқызы Зеренді ауданы «Бөбек» балабақшасы



Дата25.08.2017
өлшемі25,69 Kb.
#26174
ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мыңжанова Гүлнұр Көкенқызы

Зеренді ауданы

«Бөбек» балабақшасы.
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан – жақты дамыған сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі балабақшадан басталғандықтан, жас бүлдіршіндердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы баланы тәрбие алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар балалардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, алған білімдерін тереңдете түсуді әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың сабаққа қызығушылығын оятып, ынта – ықылас қоюына баулиды және балалардың зейінін, ойлау, зерде, үрділерін дамытады. Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруді үйретіп, жүйке жүйесін тыныштандырады. Міне, сондықтан да ойын оқу әрекетінде жетекші рөл атқарады. Мектепке дейінгі ұйымдарда ойын технологиясын пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтап, тіл сабақтарында жүргізілетін дидактикалық ойын түрлерінің жүйесін жасауға тырыстым. Ойын технологиялары – оқу-тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған негізгі тәсіл. Дидактикалық ойындардың түрлері: ойын-саяхаттар, ойын-жұмбақтар, ойын-әңгімелер, ойын-өлеңдер. Ойынды өткізу түрлері: жалпы, топтық, жекелей. Ойынның атқаратын қызметтері: коммуникативтік немесе қарым-қатынастық, ойын-сауық, әлеуметтендіру. Дидактикалық ойындардың үш топқа бөлінуі: заттық, үстел үстінде ойналатын, сөздік..

Ойынға қойылатын талаптар: көрнекіліктер, материалдар, балалардың ойынға түгел қатысуы, ойын тәртібінің түсіндірілуі, шешім қабылдауға, ойлана білуге жетелеуі.

Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына сәйкес төмендегідей түрлерін қолдануға болады.

Ойын – жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі – логикалық астарлы болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар шешу, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді,бала қиялының дамуына әсер етеді.

Ойын – саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі. Мысалы: «Бауырсақ» ертегісінің желісімен орманға саяхат жасай отырып, кездесетін аңдарды атап, оның ерекше қабілеттерін сипаттап көрсетеді.

Ойын – әңгімелер. Ол тәрбиешінің балалармен, балалардың тәрбиешімен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым – қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие. Ойынның құндылығы – олар эмоциональдық түрде белсендіруге, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік туғызады.

Ойын – өлеңдер. Ойын барысында өзгеріссіз жиі кездесетін шағын өлең түрі. Олар ойынның бір шарттарына байланысты орындалады.

Мысалы, «Қаламақ», «Ақ серек, көк серек» ойнаушының қалауын тақпақтата білдіретін ойын – өлеңдер қатарына жатады. Сондықтан біз ойын технологияларын барлық сабақтарда түрлендіріп пайдаланамыз. «Ойын – негізгі тәжірибе мен терең ойлаудың көпірі» - деп педагог С.Пинжи айтқандай, ойын – ақпарат алмастыру құралы,өмірлік проблемаларды жеңе білуді үйрену. Баланың өмірдегі түсінігі, еліктеуі, бақылауы осы ойын үстінде көрініс табады.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Игры и упражнения по развитию умственных способностей у детей дошкольного возраста. Сост Л.А.Венгер, О.М.Дьяченко. – М: Просвещения, 1989-212.

  2. Косанов Б.М., Өміртаева Р.К. Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар – Алматы: Атамұра, 1998-48б.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет