Микроэкономика пәні және оның әдістері Орындаған: Өтеген Н. Ө



Дата17.12.2019
өлшемі370,68 Kb.
#53719
Байланысты:
Өтеген Н. Ө.(Микроэкономика)
Өтеген Н. Ө.(Микроэкономика)

МИКРОЭКОНОМИКА пәні және оның әдістері

Орындаған: Өтеген Н. Ө.

Тобы: Фин(фм)-19-21

Пәні: Микроэкономика

Жоспар:

1. Микроэкономиканың зерттеу пәні, объектісі және субъектісі

2. Микроэкономикалық талдаудың әдіснамасы мен негізгі әдістері

3. Микроэкономиканың базалық түсініктері: қажеттіліктер, технологиялар, игіліктер

Микроэкономиканың зерттеу пәні, объектісі және субъектісі

Микроэкономика – адамдардың арасындағы экономикалық қарым қатынастарды зерттейтін және олардың әрекет ету заңдылықтарын қарастыратын экономикалық теорияның құрамдас бөлігі.

Микроэкономика – бұл экономикалық субъектілердің нарықтағы тәртіптері мен мінез-құлықтарын зерттейтін ғылым.

Микроэкономиканың зерттеу объектісі – бұл адамдардың экономикалық іс-әрекеттері және олардың жүзеге асырылуында туындайтын жалпы экономикалық мәселелері. Микроэкономиканың зерттеу субъектілері – жекеленген индивидтер, үй шаруашылықтары, фирмалар, өндірістік ресурстардың иелері елдің ішіндегі және сыртындағы басқа фирмалармен байланысқан ірі корпорациялар, сондай-ақ біртұтас саласы.

Микроэкономикалық талдаудың әдіснамасы мен негізгі әдістері

Жекелеген экономикалық субъектілердің тәртіптері мен мінез- құлықтарын түсіндірудің бағыттарына байланысты микроэкономикалық теория позитивті және нормативті микроэкономика болып бөлінеді. Позитивті микроэконмикалық теорияның нақты іс әрекеттігін зерттеудің негізгі әдістері мыналар:

1. Шекті талдау

2. Функционалды талдау

3. Теорияның тексерушілік әдісі

Микроэкономиканың базалық түсініктері: қажеттіліктер, технологиялар, игіліктер

  • Қажеттіліктер дегеніміз- микроэкономиканың субъектілеріне белгілі бір экономикалық қызметті атқаруға итермелейтін ішкі ниеттер мен ынта-жігерлер.
  • Игіліктер дегеніміз- қажеттіліктерді қанағаттандыратын құралдар;өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық қызметінің объектісі.
  • Ресурстар дегеніміз- қандайда бір экономикалық қажеттілікті қанағаттандыру қажет экономикалық игіліктерді өндіруде қолданылатын ресурстардың барлық түрлері немесе басқа игіліктерді өндіруде қолданылатын игіліктер.

Микроэкономика – келесілердің экономикалық қызметін зерттейді:


Үй шаруашылықтары

Үй шаруашылықтары



фирмалар

фирмалар

Микроэкономика келесі негізгі бағыттарды зерттейді:

Микроэкономиканың негізгі сұрақтары:

  • НЕ өндіру керек?
  • Қалай өндіру керек ?
  • Кім үшін өндіру керек?

Микроэкономиканың зерттеу пәні

  • Микроэкономиканың зерттеу пәні – жеке экономикалық субъектілердің қызметі болып табылады.
  • Микроэкономиканың зерттеу пәні – Шектеулі ресурстарды тиімді қолданумен және экономикалық таңдау жағдайында шешім қабылдаумен байланысты экономикалық қатынастар.

Микроэкономикалық талдау мақсаттары

  • Экономикалық агенттердің мінез – әрекеттеріндегі заңдылықтарды түсіндіру
  • Нарықтық механизм қалай қызмет ететінін түсіндіру
  • Нарықтардың ерекшеліктері мен олардағы баға құрылуын түсіндіру

Экономикалық теорияның жалпы әдістеріне мыналар жатады:

  • 1. Ғылыми абстракция – бұл зерттеліп отырған құбылыстар-дың ең маңызды жақтарына және қасиеттеріне көңіл бөлу.
  • 2. Анализ – бұл зерттеліп отырған объектіні жекелеген бөлік-терге бөліп талдап көрсету.
  • 3. Синтез – бұл зерттеліп отырған объектінің жекелеген элементтерін біртұтас жүйеге біріктіріп көрсету.
  • 4. Индукция – бұл жекелеген құбылыстар мен деректерден жалпы қорытынды шығару.
  • 5. Дедукция – бұл жалпыдан жекеге қарай өту.
  • 6. Эксперимент – бұл сараптама жүргізу.
  • 7. Гипотеза – бұл алдағы уақытқа ғылыми болжам жасай алу.
  • 8. Аналогия – бұл экономикалық құбылыстарды басқа экономи-калық емес мысалдар арқылы түсіндіру және ұқсату.
  • 9. «Әртүрлі тең жағдайларда» әдісі – бұл қандай да бір құбы-лысқа бір фактор әсер еткенде басқа факторларды тұрақты деп қарастыру.

Микродеңгейдегі (солай макродеңгейдегі де) экономикалық талдау оң немесе нормативті тәсілді үйғарады.

  • Оң талдаудың мәні мынада: ол сипаттайтын болып келеді, яғни нақты болып жатқан экономикалық құбылыстардың зерделеуін, олардың себеп-салдар байланыстарын жобалайды.
  • Нормативті талдау – бұл үдерістер мен құбылыстар қандай болу керек екені жөніндегі бағалау пікірлер, ол мақсаттық нұсқамаларды дамытуға бағдар береді. Тұтастай алғанда, микроэкономика үшін экономика теориясына сияқты бірдей тану әдістері қолданады: формальды логика, диалектикалық логика, математикалық модельдеу.

Микроэкономикалық талдау әдістері

  • Шекті талдау
  • Функционалды талдау
  • Экономикалық-математикалық модельдеу

Ресурстардың шектеулігі проблемасы қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі

  • Ресурстардың шектеулігі проблемасы қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі
  • Ресурстардың шектеулілігі дегеніміз – барлық экономикалық қажеттіліктерді бір мезетте қанағаттандыру мүмкін еместігінің көрсеткіші

3. Ресустардың шектеулігі мен таңдаудың альтернативтілігі мәселелері.

Таңдау мәселесі:

Таңдау мәселесі:


баламалы (альтернативті) шығындар дегеніміз – жіберіп алған немесе қолданыла алмаған мүмкіндіктер шығындары, бір өнімді өндіру барысында құрбан болған және таңдауға ие болмаған балама нұсқалардың сол өнімді өндірудің құнымен өлшенген шығындары.

өндірістік мүмкіндіктер қисығы

  • Енді баламалы (альтернативті) шығындарды график арқылы, яғни өндірістік мүмкіндіктер қисығы арқылы көрсетуге болады. Бұл қисық – екі секторлы экономикалық модель. Берілген өндірістік ресурстар қорын және белгілі деңгейдегі технологияны пайдаланып, осы ресурстан дайын өнім өндіргенде бір ғана баламалы игіліктің өндірісін кеңейтуге болады, бірақ осы уақытта басқа игіліктің өндірісі азаяды. Және де бұл кезде ресурстардың өндірістік құрылымдарының баламалы мүмкіндіктері өте көп болады.

Өндірістік мүмкіндіктер

  • Өндірістік мүмкіндіктер дегеніміз – технологиялық дамудың белгілі бір деңгейінде қолдағы бар ресурстардың барлығын аса толық және тиімді пайдалана отырып экономикалық игіліктерді өндірудегі қоғамның мүмкіндіктері

өндірістік мүмкіндіктер қисығы

А нүктесінде – ресурстардың барлығы тұтыну заттарын өндіруге жұмсалады. Е нүктесінде – ресурстардың барлығы инвестициялық тауарларды өндіруге жұмсалады. D нүктесі – тиімсіз өндірісті білдіреді. N нүктесі – мүмкін емес өндірісті сипаттайды. А, В, С, Е нүктелерінен өтетін қисықты біз өндірістік мүмкіндіктер қисығы.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет