Микроэкономика



бет1/63
Дата15.09.2017
өлшемі10,07 Mb.
#33181
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІП

Т. РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ

Н.Қ. МАМЫРОВ Қ.С. ЕСЕНҒАЛИЕВА М.Ә. ТІЛЕУЖАНОВА

МИКРОЭКОНОМИКА



Оқу құралы

АЛМАТЫ


ЭКОНОМИКА

2000


ББК 65.9 (2) 262 я 73 М 18

М18 Мамыров Н.Қ., Есенғалиева ҚС, Тілеужанова М.Ә. Микроэкономика /Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2000. - 420 бет.

Оқу құралында микроэкономиканың негізгі сұрақтары мен модельдері жинақы және жүйелі түрде жазылған. Бас-ты микроэкономикалық түсініктер теория жүзінде ғана емес, сонымен қатар кестелер, графиктер, математикалық функциялар көмегімен түсіндіріледі. Әр тараудың соңында жаттығулар, есептер, тест сұрақтары және олардың шешуі берілген.



Оқу құралы экономистер даярлайтын жоғары оқу ор-нының студенттеріне, аспиранттарға, оқытушыларға және микроэкономиканы өз бетімен оқып-үйренушілерге ар-налған.

МАЗМҰНЫ

Алғы сөз

1-ТАРАУ. МИКРОЭКОНОМИКАҒА КІРІСПЕ

1.1. Негізгі экономикалық түсініктер
1.2. Экономикадағы таңдау және шектеу

1.3 Әр түрлі экономикалық жүйелердегі

ұштастыру мәселелері. Айналым моделі
Жаттығулар

Есептер

Сұрақтардың дұрыс жауабын табыңыз
Жаттығулардың жауабы

Есептердің жауабы

Сұрақтардың жауабы
2-ТАРАУ. СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕПЗДЕРІ

2.1.Сұраныс
2.2.Сұраныс көлемінің және сұраныстың

өзгеруі
2.3. Ұсныс туралы түсініктер

2.4. Ұсныс көлемінің және ұсныстың өзгеруі

2.5. Нарықтағи тепе-теңдік
Жаттығулар

Есептер
Сұрақтардың дұрыс жауабын табыңыз

Жаттығулардың жауабы

Есептердің жауабы

Сұрақтардың жауабы

3-ТАРАУ. СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ

3.1. Сұраныстың бағалық икемділігі
3.2. Сұраныстың табыстық икемділігі

3.3. Сұраныстың қиылысқан икемділігі
3.4. Ұсыныс икемділігі

Жаттығулар

Есептер
Сұрақтардың дұрыс жауабын табыңыз

Жаттығулардың жауабы

Есептердің жауабы

Сұрақтардың жауабы

4-ТАРАУ. ТҰТЫНУШЫЛАР ТАЛҒАМЫ

4.1. Тұтынушылар қалауы
4.2. Бюджеттің шектеулілігі

4.3. Тұтынушылар таңдауы

4.4. “Табыс-тұтыну” және “бағатұтыну”

қисықтары
4.5. Табыс және алмастыру әсері

Жаттығулар

Есептер
Сұрақтардың дұрыс жауабын табыңыз

Жаттығулардың жауабы

Есептердің жауабы

Сұрақтардың жауабы

5-ТАРАУ. ӨНДІРІС ТЕОРИЯСЫ

5.1. Өндірістік функцияның кейбір жалпы қасиеттері
5.2.Жалпы, орташа және шекті өнімдерді түсінігі

5.3.Орташа және шекті өнімдердің арасындағы өзара байланыс

5.4.Факторлар икемділігі

5.5. Изокванта. Өндіріс факторларының өзар; алмасуы
5.6. Өндіріс ауқымының өсу тиімділігі

5.7. Өндіріс функциясының түрлері

Жаттығулар

Есептер

Сұрақтардың дұрыс жауабып табыңыз

Жаттығулардың жауабы

Есептердің жауабы
Сұрақтардың жауабы

6-ТАРАУ. ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАР

6.1. Өндірістің қысқа мерзім кезеңіндегі шығындары
6.2. Орташа және шекті шығындар

6.3. Шекті, орташа айнымалы және орташа жалпы шығындар арасындағы қатынас

6.4. Изокоста және ең кіші шығындар принципі

6.5. Өсу траекториясы

6.6. Ұзақ мерзім кезеңіндегі өндрістік

шығындар

Жаттығулар

Есептер
Сұрақтардың дұрыс жауабын табыңыз

Жаттығулардың жауабы

Есептердің жауабы
Сұрақтардың жауабы

7-ТАРАУ. ПАЙДАНЫ МЕЙЛШШЕ АРТТЫРУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛГЕН БӘСЕКЕ НАРЫҚТАРЫНДАҒЫ ҰСЫНЫС

7.1. Жетілген бәсекелес нарығының негізгі сипаттамалары
7.2. Жетілген бәсекелес фирманың қысқа

мерзімді кезенде пайданы мейлінше арттыруы
7.3. Жетілтен бәсекелес фирманың зиянын мейлінше азайту

7.4.Қысқа мерзімді кезенде фирманың қызметін тоқтатуы

7.5.Қысқа мерзімдегі жетілген бәсекелес фирманың және жалпы саланың сұраныс қи-

сықтары
7.6. Ұзақ мерзімді бәсекелестік теңдестік және тауарлар ұсынысы

7.7. Бәсекелес нарықты талдауда тұтынушы мен өндірушілер ұтымы концепциясын қолдану
Жаттығулар

Есептер

Сұрақтардың дұрыс жауабын табыңыз

Жаттығулардың жауабы
Есептердің жауабы

Сұрақтардың жауабы
8-ТАРАУ. МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯЛЫҚ

БИЛІК
8.1. Монополистің өнім көлемін белгілеуі

8.2. Монополиялық биліктің көрсеткіштері

8.3. Нарықты монополиялаудың белгілері

8.4. Монополиялық бағаны калыптастыру

ережелері
8.5. Ұзақ мерзімді кезеңдегі монополиялық тепе-теңдік

8.6. Бір зауытпен жұмыс істейтін монополия
8.7. Монополиялық биліктің әлеуметтік

шығындары

8.8. Мемлекет тарапынан монополияны реттеу
8.9. Бағалық дискриминация

Жаттығулар

Есептер
Сұрақтардың дұрыс жауабын табыңыз

Жаттығулардың жауабы

Есептердің жауабы
Сұрақтардың жауабы

9-ТАРАУ. МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ

9.1.Монополиялық бәсеке нарьнының

ерекшелкітері

9.2. Монополиялық бәсекелес фирманың қысқа мерзім кезеңіндегі жұмысын талдау
9.3. Монополиялық бәсекелес фирмалардын ұзақ мерзімдік кезеңі

9.4. Монополиялық бәсеке нарығындағы

баға құру саясаты
Жаттығулар

Есептер

Сұрақтардың дұрыс жауабын табыңыз
Жаттығулардың жауабы

Есептердің жауабы

Сұрақтардың жауабы
10-ТАРАУ. ОЛИГОПОЛИЯ

10.1. Курно дуополиясының моделі

10.2. Олигополия кезіндегі фирмалардың стратегиясы және ойын теориясы

10.3. Картельдің құрылуы

10.4. Баға белгілеудегі лидерлік

Жаттығулар

Есептер
Сұрақтардың дұрыс жауабын табыңыз

Жаттығулардың жауабы

Есептердің жауабы

Сұрақтардың жауабы
 

Пікір жазғандар: э.ғ.д., профессор Қ.О. Оқаев

э.ғ.д., профессор О.Т. Төлемісов



ҚР Білім және ғылым министрлігі, К.Р жоғары оқу орындарының экономикалық мамандықтар бойынша ОӘБ және ҚазМБА-нъщ Ғылыми кеңесі ұсынған.

Мамыров Н.Қ, Есенғалиева Қ.С., Тілеужанова М.Ә. 2000ж. “Экономика” баспасы, 2000ж.

АЛҒЫ СӨЗ

Қазақстан Республикасында жоғары мектепті қайта құру кезеңінде оқу бағдарламасында біршама өзгерістер болды. Соның нәтижесінде экономистер дайындайтын барлық жоғары оқу орындарында “Микро-экономика” пәні оқытыла бастады. Өйткені нарықтық экономика кезінде енген бұл пән - негізгі базалық курс болып есептеледі.

Ұсынылып отырған оқу құралы ана тілінде жазылған тұңғыш басылым. Курс 10 тараудан тұрады және әр тараудың құрылымы жалпы қабылданған дүниежүзілік практикаға сәйкес: теориялық бөлімнен, жаттығулардан, есептерден және олардың шешуінен, тест сұрақтарынан тұрады. Оқу құралында берілген теориялық және

оқу-әдістемелік материалдар негізгі микроэкономикалық терминдерді түсіндірумен қатар, микроэкономикалық модельдермен практикалық жұмыс істеуге қажетті дағды береді. Әрбір мәселе ауызша, кесте түрінде, аналитикалық, әдіспен және график бойынша түсіндіріледі.

Оқу құралы мүмкіндігінше түсінікті, жатық тілмен жазылған және берілген есептер мен оның шешулері студенттерге “Микроэкономика” курсын өздігінен оқып, меңгерулеріне көп көмегін тигізері сөзсіз.

3

Алғы сөз

Оқу құралын дайындау барысында көптеген әдебиеттер, соның ішінде көбіне, орыс тіліне аударылған шетелдік және Ресей оқулықтары мен материалдары пайдаланылды. Сондай-ақ, авторлардың Қазақ мемлекеттік басқару академиясында және басқа да Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында, сонымен қатар халықаралық семинарларда оқылған лещиялар мен жүргізілген практикалық сабацтардың 6- 7 жылдық тәжірибесінің нәтижесі де жинақталған.

Авторлар тобы оқырман қауымның әділетті сын-ескертпе, пікірлеріне күні бұрын ризалығын білдіріп, өз ұсыныстарын мына мекен-жайға жіберулерін сұрайды:

480035, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 55 үй; “Макро-микроэкономика” кафедрасы.

4

МИКРОЭКОНОМИКАҒА КІРІСПЕ



1Т А Р А У

1. НЕГІЗГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ

ТҮСІНІКТЕР 6

2. ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТАҢДАУ

ЖӘНЕ ШЕКТЕУ 11

3. ӘР ТҮРЛІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ

ЖҮЙЕЛЕРДЕП ҮШТАСТЫРУ

МӘСЕЛЕЛЕРІ. АЙНАЛЫМ МОДЕЛІ 16

5

1-тарау. Микроэкономикага кіріспе



Микроэкономикоға кіріспе

1.1. Негізгі экономикалық түсініктер

Микроэкономика - экономикалық теорияның негізгі

бір бөлігі болып табылады. Микроэкономика теориясы

адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардың

жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді. Адамдардың

экономикалық іс-әрекеті өз қажеттіліктерін қанағаттан-

дыруға бағытталады және бұларды құрайтын:

қажеттілік, ресурстар, технология, өнімдер және оларды

пайдалану бір-бірімен тығыз байланысты болады.

Бұлардың өзара байланысын төмендегі сызбадан көреміз.



Бұдан мынадай экономикалық проолемалар туын-

дайды.

“Қажеттілік” бойынша - не өндіреміз?



“Ресурстар және технология” бойынша — қалай

өндіреміз?

6

1.1. Негізгі экономикалық түсініктер

“Өнімдер және қолданылулар” бойынша - кім үшін өндіреміз?

Адамдардың экономикалық іс-әрекеті белгілі нақты экономикалық тәртіппен жүріп отырады. Олар адамдардың арасындағы өзара әр түрлі байланысына тәуелді

болады және белгілі нысандарда жүзеге асырылатын экономикалық тәртіптің шарты болып есептеледі. Мұндай өзара байланыстар мен қарым-қатынастар қайталанып отырады әрі тұрақты болады және экономикалық тәртіптің тәсілі, нормасы, ережесі болып өздеріне сәйкес институттар

мен қоғамдық құрылымдарда бекітіледі. Мұндай институттар мен олардың құрылымдары белгілі әлеуметтік жүйеге негізделіп, экономикалық іс-әрекет пен экономикалық тәртіптерге толықтай әсер етеді. Әрине, нақты зерттеу мәселесіне және экономикалық теорияның белгілі бағыттарына байланысты оларды талдау әр түрлі деңгейде болады. Дегенмен де нарық, меншік, мемлекет сияқты негізгі институттарды ескермесе болмайды.

Сонымен, адамдардың экономикалық іс-әрекеттерін, оларды жүргізу барысында пайда болатын және өздеріне сәйкес институттар мен олардың жүйелерінде шешілетін жалпы экономикалътқ проблемаларды микроэкономика-ның зерттеу объектісі деп айтамыз.

Осы объектіні зерттеу арқылы микроэкономика өзінің пәнін анықтайды. Бүған экономикалық субъектілер, экономика-лық игіліктер және экономикалық іс-әрекеттер (қызметтер) жатады. Экономикалық субъектілер - бұл экономикада жеке қызмет атқаратын кез келген бірліктер. Бұндай бірліктер адамдар, сонымен қатар олардың тобы, қоғамдастықтар болуы мүмкін. Кез келген қоғамдастық микроэкономикада субъект болып қарастырылмайды. Ол үшін адамдардың белгілі тобы бірігіп, қызмет істеп, алдарына қойған мақсаттарына бірге жетуі тиіс.

7

1- тарау. Микроэкономикаға кріспе



Тіршілік әрекетінің жалпы экономюсалық процесте-ріне қатысушылары ретінде барлық экономикалық субъ-ектілер екі түрлі қызметпен шұғылдануы мүмкін: бір объектіні басқа объектіге айналдыру (өзгерту) және оларды өз қажетгіліктеріне пайдалану. Бірінші жағдайда, олар өндірушілер, ал екінші жағдайда, тұтынушылар болып есептеледі.

Тұтынушылар мен өндірушілердің экономикалық қызметтерінің объектісі игіліктер больш табылады. Игілік — кез келген зат, ол материалдық, сонымен қатар материалдық емес болады және тұтынушының белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырады немесе өндірушінің, көздеген мақсатына сәйкес қолданылуы мүмкін. Нарықтық экономикада олар тауарлар мен қызметтер деп аталады. Қызметтердің түріне байланысты игіліктер 2 түрге бөлінеді: өндірістік ресурстар және олардың негізінде өндірілетін тұтыну игіліктері.

Зертгеліп отырған экономикалық субъектінің


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет