Милы орта мектебі Үндінің сұлу сазды рагасы (ашық сабақ) Музыка пәні мұғалімі



Дата22.06.2017
өлшемі185,23 Kb.
#19809

Милы орта мектебі

Үндінің сұлу сазды рагасы

(ашық сабақ)

Музыка пәні мұғалімі: Абайбек А.А

Сыныбы: 5
2016-2017 оқу жылы

Анықтама
3-ақпан күні 5-сыныпта музыка пәнінен «Үндінің сұлу сазды рагасы» тақырыбында ашық сабақ өтті.



Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Оқушыларды үнді халықтарының музыкасы мен аспаптарымен таныстыру.

Тәрбиелік. Үнді дәстүрлі музыкасын тыңдау арқылы эстетикалық тәрбие беру.

Дамытушылық. Оқушыларды әлемдік мәдениет туралы көзқарастары мен дүниетанымдарын кеңейту.

Күтілетін нәтиже:

1. Оқушыларда үнді халқының музыкасы мен аспаптары туралы түсінік қалыптасады.

2. Үнді дәстүрлі музыкасын тыңдау арқылы эстетикалық тәрбие алады.

3. Әлемдік мәдениет туралы көзқарастары мен дүниетанымдары кеңейеді.



Пән мұғалімі: Абайбек А.А



Пәні: Музыка

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Үндінің сұлу сазды рагасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Оқушыларды үнді халықтарының музыкасы мен аспаптарымен таныстыру.

Тәрбиелік. Үнді дәстүрлі музыкасын тыңдау арқылы эстетикалық тәрбие беру.

Дамытушылық. Оқушыларды әлемдік мәдениет туралы көзқарастары мен дүниетанымдарын кеңейту.
Сабақтың типі: Ашық сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, география
Барысы:
Ұйымдастырукезеңі:

а)Амандасу. (1 слайд)

Мұғалім: Саламатпа балалар ?(әуенмен орындау).

Оқушылар: Саламатсызба апай? (әуенмен орындау)

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Қош келіпсіз ұстаздар,

Саламатсыз ба?(әуенмен оқушылар орындауында)

ә)Түгелдеу.Сабаққа назарын аудару
Балаларға үнді музыкасынан үзінді жіберу. Біз әлем халықтарының мәдениеті туралы тақырыбымыздың «үнділер» бөліміндеміз. Әуелі өткен тақырыптарымызға бір шолу жасап алайық.
Үй тапсырмасын қайталау.
- Тақтадағы суреттерге назар аударып ондағы суреттер қай халыққа тән екендігін табыңдар. (2 слайд)
Башқұрт халқының үлкен құрметке ие аспабы бұл – қурай аспабы.
Қурай аспабы оларда тек аспап қана емес ол Башқұрт мемлекетінің символы ретінде аса қадірлі аспап болып саналады екен.
- Қурай аспабын неден жасайды балалар?

Ұзындығы қанша болады?

-Қазақ халқында қурайға ұқсас қандай аспаптар бар?
- «Мағантаныс». (7-8 слайд)

Өзіңе таныс актерлерді атапшық.


- Ал, енді бізҮнді актерларымен қаншалықты таныспыз. Мына суреттерден кімдерді жақсы танимыз?
Авики Гор, ШакРукх Хан, Айшвария Рай, Аамир Кхан, Хеми Малини, Митхун Чакраборти, Салман Кхан,

Сөзжұмбақ «Рага». (9 слайд)


Жаңа сабақ:

«Үндінің сұлу сазды рагасы». (10-12 слайд)


Үндінің Рагасы – үнді классикалық музыкасы. Тарихи тақырыпқа құрылған. Жеке дауыспен орындауға арналған баяу музыка. Рага бірнеше мунуттарға созыла беруі мүмкін.
Үнді биі – екі мың жылдан астам тарихы бар өте көне өнер. Үнді мифологиясы бойынша, ең алғашқы биші Шива құдай болды деп саналады. (13-14 слайд) Осы аңызда Шива өзінің әртүрлі қимылдардан құралған биі мен түпсіз тұңғиықтан мына жарық әлемді жаратты делінеді.
Негізі, үнді биі классикалық, тайпалық және халық билері болып үш топқа бөлінеді.

Театр, музыка мен би өнері жөніндегі «Натьяшастра» (II ғасыр) трактатында би негізгі бөлім ретінде ерекше қарастырылады. Осы еңбекте бидің бүкіл қағидалары, қимылдары, кейіпкерлері, тіпті, костюмдеріне дейін қандай болу керек екендігі жазылған. Үнді классикалық биінің 8 стилі бар. (15 слайд) Олар: Тамилнаду штатында – Бхаратанатьям, Уттар - Прадеш, Раджастан штаттарында – Катхак, Керала штатында – Катхакали (ерлербиі) және Мохини - аттам (әйелдербиі), Андхра – Прадеш штатында – Кучипуди, Манипур штатында – Манипури, Орисса штатында – Одисси, Ассам штатында – сатрия билері. Бұлардың барлығының орындалу техникасы түрліше болғанымен, философиялық мәні бірдей. Әр стилдің өзінің терең тарихы, өзіндік заңдылықтары бар.


– Үнді классикалық биінің ең негізгі ерекшелігі – әдебиет пен байланыстылығында. Билердің барлығы белгілі бір шығармаға, эпостардың ішіндегі мифтерге қойылады. Қимыл – қозғалыстар арқылы оқиғаның мазмұны жеткізіледі. Сосын үнді би қимылдарының өзі бір ғылым сияқты. Олар да әр қимылдың белгілі бір мән - мағынасы бар, яғни, әр қозғалыс сөйлеп тұрады.
Халық билері. Олардың мазмұндары бірдей болып келеді, әлеуметтік өмірді суреттейді, классикалық билер секілді арнайы оқиғаға құрылмайды. Тайпа билері де дәл солай.
XVII ғасырға дейінгі, яғни ежелгіжәне орта ғасырлар кезең. Ол кездері биді ғибадатханаларда билейтін болған. Сол үшін қыздарды арнайы ғибадатханаларда тәрбиелеген, оларды девадаси деп атаған. Олар жақсы билеп қана қоймай, ән айтып, музыкалық аспапта ойнаған, жақсы киініп, актерлік шеберлікке те үйренген, әдемі сөйлеп, түрлі ұлттық салт – дәстүрлерді жетік меңгеріп шыққан. Әр бір ата – ана өзінің бір қызын бишілікті оқыту үшін ғибадатханаға беріп отырған. Өйткені олардың қоғамдағы дәрежесі өте биік болатын, оларды қатты сыйлайтын.

Сергіту сәті:

Катхакали театрына тек ерлерді ғана алған. Олардың киімі мен бет бояулары да ерекше болған. Тек қимыл ғана емес, беттің мимикасын өзгертіп отыруда маңызға ие. Ал, қыздары ұлттық Бхаратанатьям биін былай билейді: Видеодан Бхартанатьям биін тамашалау.(19 слайд)


Жаңа ән үйрену:
Дауыс жаттығуын до мажор гаммасында орындаймыз: (20 слайд)

1. До-ре-ми-фа-соль-ля-си-до

До-си-ля-соль-фа-ми-ре-до

2. До-ре-до

До-ре-ми-ре-до

До-ре-ми-фа-ми-ре-до

До-ре-ми-фа-соль-фа-ми-ре-до

Енді балалар,әнді үйренбес бұрын оны біз тыңдап алайық!

- Балалар,бүгін біз Абайдың «Көзімнің қарасы»әнін үйренеміз.(21 слайд)

Әнді үйренбес бұрын біз не жасаймыз? Ия, дауыс жаттығуларын жасаймыз.

Әнді жеке және топпен орындау.
Музыка тыңдау: (22 слайд) Рави Шанкар орындауында үндінің «Рагасынан»үзінді тыңдап көрейік!

Ситар аспабында орындаушы Рави Шанкар-дүние жүзінде белгілі музыканттардың бірі.Үндінің классикалық музыкасын әлем халықтарына таныстаруға Рави Шанкар зор үлес қосты.Батыс Еуропаның көптеген музыканттары Рави Шанкардың дәріс алған .Солардың бірі «Тhe beatles» тобының гетаршысы Джордж Харрисон Равви Шанкардан ситар аспабын үйренген . Алпыс жылдан астам әлем сахналарында өнер көрсеткен Рави Шанкардан Гиннесс кітабына енді



Біліп ал: (23 слайд)

Үнді халқының музыкалық аспаптары.

Рага түрлі аспаптардың сүйемелдеуінде орындалады. Олар: вина,ситар ,саранги және табла. Вина мен ситар –шертпелі, саранги- ыспалы, ал табла-үрмелі аспап.

Үндістандағы ең танымал аспаптар- вина мен ситар. Вина аспабын нәзік үні және бай тембрі үшін «ішікті аспаптардың патшайымы » деп бағалайды. Бұл аспаптың екі жағында резонаторы болады. Оның бірін ойылған ағаштан, ал екіншісін асқабақтың кепкен қауашағынан жасап, аспаптың мойынына бекітеді. Екінші резонатор аспаптың үнін күшейтіп, көлемді дыбыс береді. Ситар аспабы құрылысы жағынан вина аспабына өте ұқсас.

Кеңінен қолданылатын үрмалы аспап табла деп аталады. Бұл аспаптың ерекшілігі- міндетті түрде екі табла бірінен-бірі ажырамай қатар қойылып орындалады. Табланы алақанның буынымен және саусақтардың ұшымен теріп ойнайды.

Үндінің ыспалы аспаптарының ішінен саранги аспабы кең танымал. Саранги аспабының беті терімен қапталады. Саранги аспабының ойналатын негізгі төрт ішегі бар. Мойнының артында аспапқа қосымша үн беретін 25-30 ішегі болады. Саранги аспабы адамның үнімен үндес келеді.


Түсінгенін тексеру:
Семантикалық картамен жұмыс. (28 слайд)

- Сендер үнділер туралы қандай мәліметтер алдыңдар, қандай жаңа терминмен таныс болдыңдар ?


- Ендеше сабақ бойынша сұрақтарға жауап берейік. (29 слайд)
1. Үнді биінің классикалық және жеке дауыспен орындауға арналған баяу музыкасы қалай аталады?

2. Үнділердің мифалогиясы бойынша ең алғашқы бишіні ата?

3. Үнді биі неше топқа бөлінеді? Оларды ата?

4. Үнді биінің қанша жылдық тарихы бар?

5. Қай ғасырдың ежелгі және орта кезеңдерінде

бишілер биді ғибадатханаларда билейтін болған?

6. Арнайы ғибадатханаларда тәрбиелеген қыздарды не деп атаған?

7. Ситар аспабын орындаушы дүние жүзінде белгілі музыканттардың бірі?

8. Рави Шанкардан ситар аспабын үйренген

«The beatles» тобының гитарашы кім?

9.Алпыс жылдан астам әлем сахналарында өнер көрсеткен Рави Шанкар қандай кітапқа енді?

Қорытынды. (30 слайд)
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.

Семантикалық картамен жұмыс.

Жаңа сабақ бойынша оқушыларға «класстер» қорғату.

Әнді қайталап орындау


Үйге тапсырма:
Әннің сөзін әуенімен жатқа айту.Тақырыпты оқу

Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!
Каталог: uploads -> doc -> 09d7
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09d7 -> Сабақ Пәні: Еңбекке баулу Уақыты: Сабақтың тақырыбы; Мерекеңізбен! Панно. Наурыз мерекесі құтты болсын! Аппликация
09d7 -> Сабақтың тақырыбы: адамның тірі ағзалар жүйесіндегі алатын орны. Сабақтың мақсаты
09d7 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Үстеу туралы толық мағлұмат беріп, үстеудің етістікпен байланысты екенін түсіндіру
09d7 -> Атыңнан айналайын қазақ деген


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет