Министерство внутренних дел



бет1/6
Дата31.01.2018
өлшемі2,26 Mb.
#36878
  1   2   3   4   5   6



ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ІШКІ ІСТЕР

МИНИСТРЛІГІ

БҰЙРЫҚ



МИНИСТЕРСТВО

ВНУТРЕННИХ ДЕЛ

РЕСПУБЛИКИ

КАЗАХСТАН

ПРИКАЗ


010000, Астана қ., Тәуелсіздік данғылы, 1 010000, г. Астана, проспект Тәуелсіздік, 1
2016 ж. _ 31.05_ №__583__

Жеке басты куәландыратын құжаттарды

(босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін

формулярдың нысанын және оны ресімдеу,

толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау,

жою қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярды ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидалары бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарын дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 649 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12054 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 қарашада «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті:

1) осы бұйрықты заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды;

4) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен осы бұйрықтың көшірмесін алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;

5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

     


Министр

полиция генерал-полковнигі                          Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2016 жылғы ___________

№ ________ бұйрығына

1-қосымша

Нысан

Формуляр

ПАСПОРТ |_|   ЖЕКЕ КУӘЛIК |_|  

1 ПАСПОРТ, ЖЕКЕ КУӘЛIГI БЕРIЛЕДI |_||_||_||_||_||_||_|  * 123456789 *

2|___________________| 3|____________________| 4|___________________|


         ТЕГI                     АТЫ           ӘКЕСIНIҢ АТЫ(ол болған кезде)

5|___________________| 6|__|_|_|  |7 жынысы _   8|_______________|_|


БҰРЫНҒЫ/ТЕГІ ТУҒАН ЖЫЛЫ,АЙЫ,КҮНІ ЕР - 1 |_|  ҰЛТЫ

|ӘЙЕЛ-2   |_|

9 ПАСПОРТ (ЖЕКЕ КУӘЛIГI) БЕРIЛГЕН НЕГIЗI
|_|_|___________________|10|_|_|_|_||_|_|   11|_________________________|
                          БЕРIЛГЕН КҮНI БЕРГЕН МЕКЕМЕ
____________________________________________________________________
12 ТУҒАН ЖЕРI _  |13 ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРI _  |14 БҰРЫНҒЫ ТҰРҒАН ЖЕРI _
|____________|_| |__________________|_| |______________________|_|
|ЕЛ           _  |ЕЛ                 _  |ҚАЙ ЕЛДЕН КЕЛДI        _
|____________|_| |__________________|_| |______________________|_|
|АВТОНОМИЯЛЫ     |ОБЛЫС                 |АВТОНОМИЯЛЫ               
|РЕСПУБЛИКА,ӨЛКЕ,ОБЛЫС                  |РЕСПУБЛИКА ӨЛКЕ, ОБЛЫС     С|_______________|_| |______________|_| |_______________________|_| 
|АУДАН              |АУДАН             |АУДАН                      
|___________________||________________||_______________________| 
|ЕЛДI МЕКЕН          |ЕЛДI МЕКЕН       |ЕЛДI МЕКЕН               
|___________________||________________||_______________________| 

15 БҰРЫН ҚАЙ ЕЛДIҢ    ЕЛДIҢ ОРНАЛАСҚАН  ЕЛДIҢ ОРНАЛАСҚАН   


   АЗАМАТТЫҒЫНДА ТҰРҒАН    МЕКЕНI               МЕКЕНI             
|___________________||________________| |____________________| 
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИ-| КӨШЕ              |КӨШЕ                  
|КАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҒЫН |_|_|_|_|_|_|_|_| |_|_|  |_|_|_|_|_|_|  
| |_|_|_|ҮЙ КОРПУС ПӘТЕР ҮЙ КОРПУС ПӘТЕР ҚАБЫЛДАҒАН КҮНI |_|_|_|_|_|_|_|_|  |_|_|_|_|_|_|_|_|
| КЕЛУ МЕРЗІМІ КЕТУ МЕРЗІМІ
_____________________                                       
|     |  | __________________                                      
|   _______  | | | СУРЕТ
|    |СУРЕТ|         |__________________|                                  
|    |  | |    АЗАМАТТЫҢ ҚОЛЫ    | ҚАЛТАСЫ                
|    |  |  |                                                        
|    |  |  |         ҚАБЫЛДАНҒАН КҮНІ |_|_|_|_|_|_||_|_|            
| ______                                       

Х---------------------------------------------------------------------------

ПАСПОРТ, ЖЕКЕ КУӘЛIГIН АЛУҒА АРНАЛҒАН ТҮБIРТЕК:          ӨТIНIШ
                       N 12345678

      ПАСПОРТ |_| ЖЕКЕ КУӘЛIК |_|


АЗАМАТ/ША
|____________________| |____________________| |____________________|
ТЕГI                    АТЫ             ӘКЕСIНIҢ АТЫ(ол болған кезде)
ПАСПОРТ, ЖЕКЕ КУӘЛIГIН АЛУҒА АРНАЛҒАН |____________| ТЕҢГЕ
ӨТIНIШ ҚАБЫЛДАНДЫ ЖӘНЕ ТЕҢГЕ АЛЫНДЫ СОМАСЫ

ӨТIНIШ ҚАБЫЛДАНҒАН КҮН |_|_|_|_|_|_|_|_||___________________________________|


      ӨЗ ҚОЛЫ    ҚЫЗМЕТКЕРДIҢ ТЕГI

     


(Формулярдың сыртқы беті)
16 ОТБАСЫ |_|1-ҮЙЛЕНБЕГЕН      /2-ҮЙЛЕНГЕН      /3-ТҰЛ /4-АЖЫРАСҚАН
ЖАҒДАЙЫ      ТҰРМЫСҚА ШЫҚПАҒАН /ТҰРМЫСҚА ШЫҚҚАН /ЖЕСIР
|____________________| |___________________| |______________________|
ЗАЙЫБЫНЫҢ ТЕГI          АТЫ                   ӘКЕСIНIҢ АТЫ(ол болған кезде)
|____________________| |_______________________| |_|_|_|_|_|_|_|_|_|
ТҰРМЫСҚА ШЫҚҚАНҒА       АХАЖ МЕКЕМЕСI             НЕКЕ ТIРКЕЛГЕН КҮНI
ДЕЙIНГI БҰРЫНҒЫ ТЕГI
17 16 ЖАСҚА ТОЛМАҒАН БАЛАЛАР
|___________________| ||___________________| ||_____________________|
ТЕГI                  || ТЕГI                 | ТЕГI
|___________________| ||___________________| ||_____________________|
АТЫ                   || АТЫ                  | АТЫ
|___________________| ||___________________| ||_____________________|
ӘКЕСIНIҢ АТЫ(ол болған кезде)||ӘКЕСIНIҢ АТЫ(ол болған кезде)|ӘКЕСIНIҢ АТЫ(ол болған кезде)
|_|_|_|_|_|_|_|_|      |_|_|_|_|_|_|_|_|      |_|_|_|_|_|_|_|_|
ТУҒАН КҮНI, АЙЫ, ЖЫЛЫ| ТУҒАН КҮНI, АЙЫ, ЖЫЛЫ| |ТУҒАН КҮНI, АЙЫ, ЖЫЛЫ

___________________| |______________________| |______________________


ҚОСЫМША МӘЛIМЕТТЕР | |18 ӘКЕСI           |      19 АНАСЫ
ҮШIН                ||______________________|||_____________________|
                     | ТЕГI                   | ТЕГI
                    ||______________________|||_____________________|
                     | АТЫ                    | АТЫ
                    ||______________________|||_____________________|
                     |ӘКЕСIНIҢ АТЫ(ол болған кезде)ӘКЕСIНIҢ АТЫ(ол болған кезде)|
                    ||_|_|_|_|_|_|_|_|        |_|_|_|_|_|_|_|_|
                     |ТУҒАН КҮНI, АЙЫ, ЖЫЛЫ   |ТУҒАН КҮНI, АЙЫ, ЖЫЛЫ

______________________ ______________________


ҚЫЗМЕТКЕРДIҢ  ҚЫЗМЕТКЕРДIҢ  ҚЫЗМЕТКЕРДIҢ
КОДЫ        ӨЗ         ТЕГI

_______________________________________________________

20  «__»________ 20__ж ДАЙЫНДАЛҒАН N |________| ПАСПОРТТЫ
     «__»________ 20__ж ДАЙЫНДАЛҒАН N |________| ЖЕКЕ КУӘЛIК
      «__»________ 20__ж АЛДЫМ _________________________
                                               ӨЗ ҚОЛЫ

БЕРIЛДI ___________________________________________________


        ЛАУАЗЫМЫ    ТЕГI        ӨЗ ҚОЛЫ

Х--------------------------------------------------------------------

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2016 жылғы ___________

№ ________ бұйрығына

2-қосымша

Жеке басты куәландыратын (босқын куәлігінен басқа)

құжаттарды дайындау үшін формулярды ресімдеу, толтыру,

есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярды ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) әзірлеу үшін формулярды ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) формуляр – нөмірі мен штрихты коды бар қатаң есептегі баспаханалық бланк, ол Қазақстан Республикасының құжаттандырылған халқының орталықтандырылған ақпараттық деректер базасына (бұдан әрі – деректер базасы) енгізілетін ақпаратты тасымалдағыш болып табылады және одан әрі берілген құжаттармен жеке тұлғаны сәйкестендіру мақсатында пайдаланылады.

2) электрондық формуляр – Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарын әзірлеу үшін нөмірі мен штрихты коды бар бланк, «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» (бұдан әрі – ХҚТ ТП) және «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» (бұдан әрі – ШҚТ ТП) ақпараттық жүйелері арқылы ресімделеді және толтырылады.




2-тарау. Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярлар бланкісін ресімдеу, толтыру, есепке алу, жұмсау тәртібі




1-параграф. Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярлар бланкісін ресімдеу, толтыру, есепке алу, жұмсау

3. Формулярды ресімдеуді және толтыруды құжатталушы адам жеке басын сәйкестендіру және жеке қолын қою үшін жеке жүгінген кезде көші-қон полициясы бөлінісінің уәкілетті қызметкері (бұдан әрі – уәкілетті қызметкер) жүзеге асырады.

4.  Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алуға формулярды жоғалтуына, жарамдық мерзімінің аяқталуына, некеге тұру, бұзу бойынша тегін ауыстыруына, одан әрі пайдалануға жарамсыз болып қалуына, құжаттарының түрлерінің өзгеруіне, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі негізінде бірінші рет Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуына байланысты паспортын және (немесе) жеке куәлігін ауыстырған жағдайда құжатталушы адамның тұрақты тіркелу орны, сондай-ақ оның нақты тұрғылықты орны бойынша уәкілетті қызметкер толтырады.

Құжатталушы адамның тұрақты тұрғылықты орны болмаған жағдайда (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоспағанда), уәкілетті қызметкер формулярды Қазақстан Республикасы азаматтарына ішкі істер органдары растаған нақты болу орны бойынша (белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған оңалту және бейімдеу орталығы, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері, тергеу изоляторлары, уақытша ұстау изоляторлары, белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған қабылдау-тарату орындары) толтырады.

Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлігін алуға формулярды қатаң түрде құжатталушы адамның тұрақты тұрғылықты тіркелген орны бойынша уәкілетті қызметкер толтырады.

Бланкіде формуляр мынадай жағдайларда:



  1. тергеу қамауындағыларға және бас бостандығынан айыру орындарда

жазасын өтеп жатқан адамдарға;

2) өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағдарлау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан адамдарға 1414 бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне шыға отырып;

3) 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспортын ауыстыруына және

оларды жоғалтуы бойынша қалпына келтіруіне байланысты өтініш білдірген азаматтарға, сондай-ақ туу туралы куәліктің негізінде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алғаш рет алуға уақтылы өтініш білдірмеген Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының азаматтығына немесе басқа да мемлекеттің азаматтығына тиесілігі ішкі істер органдарымен анықталмаған адамдарға;

4) «ХҚТ ТП» және «ШҚТ ТП» тіркеу пункттері болмаған жағдайда;
5)  ХҚТ ТП-мен, ШҚТ ТП-мен байланысу арналары бұзылған немесе олардың құрал- жабдықтары істен шыққан жағдайларда;

6) республикадан тыс жерлерде тұрақты тұрып жатқан және оның аумағында уақытша жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (бұдан әрі – ІІМ КҚПД) құжаттандыру мәселелері бойынша өтініш білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарына толтырылады (формулярларды толтыруды және дайын құжаттарды беруді ІІМ КҚПД жүргізеді).

5. Формулярлардың бланкілері № 2 нысанды жеке куәліктерді, паспорттарды дайындауға арналған формулярларды есепке алу кітаптарындағы реттік нөмірлері бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі – 2-нысандағы кітап) есепке алынады және жұмсалады.

6. Формуляр қара, қара-көк немесе күлгін түсті сиялы шарикті қаламмен толтырылады. Формулярдағы деректерді түзету туралы жазба формулярдың сыртқы бетіндегі бос орынға «№..... жолдағы түзету дұрыс (дұрыс деректерді көрсете отырып)» деп жүргізіледі, уәкілетті қызметкердің қолымен және паспорттық елтаңбалы мөрмен расталады.

7. Қағаз формулярларды толтырған кезде құжатталушы адамнан өлшемі 3,5х4,5 сантиметр болатын түрлі-түсті екi фотосурет талап етіледі, фотосурет азаматтың құжат ресiмдеу кезiндегi жасына сәйкес болуы тиіс.

Фотосуреттер бір негативтен тығыз фотоқағазға басып шығару әдісімен, қатаң жарық жерде алдынан түсірілген, адамның бейтарап және аузын жауып түскен, беті фотосуреттің жалпы ауданының 75 % жуығын алатындай етіп орындалады. Компьютерлiк сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшiрме әдiсiмен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді.

Фотосурет:

формулярдың алдыңғы бетiнде арнайы бөлiнген орынға;

формулярдың сыртқы бетiнде 18-жолдың қасына жапсырылып, паспорттық елтаңбалы мөрмен куәландырылады. Мөр бедерi анық, еркiн оқылатын болуы тиіс, бұл ретте мөрдің нөмiрi бланкiге (фотосуретке емес) қойылуы тиіс;

8. Формулярда құжатталушы адамның қолы өз қолымен қара, көк немесе күлгін түсті сиялы шарикті қаламмен қойылады. Сия және капилляр (гельді) қаламдарды пайдалануға жол берілмейді.

Формулярларды толтыру кезінде:

16 жасқа толмаған балаларға;

сауатсыздығы, мүгедектігі бойынша әрекетке қабілетсіз адамдарға;

ерекше жағдайларда, құжатталушы адам (тергеу-қамауға алынғандар, тергеудегi адамдар) жеке қолын қоюдан бас тартқан жағдайларда қол қоймауларына болады.

Көрсетілген жағдайларда қол қоюға арналған баған бос қалдырылады, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес берілген растайтын құжаттың көшірмесі (мүгедектігі бойынша зейнеткерлік куәлігі, құқық қорғау органының хаттамасы, денсаулық сақтау органының анықтамасы) алынады. Формулярдың сыртқы бетіндегі бос орында қолтаңбаның жоқтығының себебі көрсетіледі, ол уәкілетті қызметкердің қолтаңбасымен және елтаңбалық мөрмен расталады.

9. Формулярды толтыру кезінде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (бұдан әрі – Т.А.Ә. (ол болған кезде) және басқа да деректер, жергілікті жердің атауы, құжаттарды берген орган формулярды толтыру үшін негіз болып табылатын құжаттардағы жазбаларға сәйкес жазылады, бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан елді мекендердің атауы қолданыстағы әкімшілік-аумақтық бөлініске сәйкес жазылады.

10. Жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеу кезінде құжатталатын адамның тегі мен аты ұсынған құжаттары (шақыру-шақырту, неке туралы куәлік, ғылыми еңбектер, монограммалар және т.б.) бойынша оған қажетті ағылшынша жазумен басылады. Ішкі істер органдарына құжатталушы адам жоғарыда көрсетілген құжаттарға сәйкес тегі мен атының ағылшын тілінде жазылуын көрсете отырып, еркін нысанда жазбаша өтініш береді. Аумақтық ішкі істер органы басшысының бұрыштамасы бар өтініш - «транскрипция» формулярдың сыртқы бетіне жабсырылып, ІІМ КҚПД-ге құжат дайындау үшін жолданады.

Азаматтың тегі мен аты қажетті транскрипцияда формулярдағы 2, 3-жолдардың астында көрсетіледі. Құжатталушы адамның өтінішінің тіркеу нөмірі мен күні формулярдың сыртқы бетінде көрсетіледі және паспорттық елтаңбалық мөрмен расталады.

11. Барлық кодтар, сондай-ақ тiркелген жерiнiң мекенжайлары және олар бойынша қабылданған қысқартулар кодтар мен қысқартулардың анықтамалықтарына сәйкес осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетiледi.

6, 10, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19-жолдардағы мерзімдер сандармен мынадай ретпен қойылады: жылы, айы, күнi.

Формулярды толтыру кезінде:

«ПАСПОРТ, ЖЕКЕ КУӘЛІК БЕРІЛЕДІ» деген нөмірі жоқ жол тапсырыс берілген құжаттың түріне сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспорты үшін - «N», азаматтығы жоқ адамның куәлігі үшін – «А», Қазақстан Республикасында тұратын шетелдіктің ықтиярхаты үшін – «І» латынша бас әріптерін қою арқылы толтырылады. Егер Қазақстан Республикасының азаматы тек жеке куәлік немесе тек паспорт алатын болса, екінші жолда сызықша қойылады.

«ПАСПОРТ, ЖЕКЕ КУӘЛІГІ БЕРІЛЕДІ» деген 1-жолда формулярды толтырудың бір немесе бірнеше себептерінің коды (7 кодқа дейін) көрсетіледі, мысалы, тегін өзгерту - «04», жеке куәліктің жоғалуы - «09», заңды мекенжайын ауыстыру - «10» және т. б.

12. Ақпараттық 1-жолда кодтар мынадай тәртiпте көрсетiледi:

1) Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру кезінде:

«00» коды формулярды Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін 16 жасқа дейінгі балаларға беруге толтыру кезінде көрсетіледі, бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда туу туралы куәлігінің деректері жазылады, формулярдың сыртқы бетіндегі бос орынға бар болса баланың тұрғылықты жері бойынша тіркеуде болуына тексеру жүргізілген жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) көрсетіледі.

Балалардың жеке басын сәйкестендіру үшін жеке өздерінің болуы міндетті.

Жеке басты куәландыратын құжаттары жоқ және туу туралы куәліктерінде ЖСН-ы көрсетілмеген 16 жасқа толмаған адамдарға оны генерациялау ХҚТ ТП, ШҚТ ТП ақпараттық жүйелері арқылы жүргізіледі.

Балаларға ЖСН генерациялау үшін ата-аналарының (заңды өкілдерінің) біреуі баланың туу туралы куәлігін (шетелдіктердің балаларына ЖСН генерациялағанда бар болған жағдайда ұлттық паспортын), ата-анасының (заңды өкілдерінің) біреуінің жеке куәлігін ұсынады. Баланың тұрғылықты жері бойынша тіркеуде болуын уәкілетті қызметкер ХҚТ ТП, ШҚТ ТП арқылы тексереді.

Шетел тілінде жазылған құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуы тиіс. Аудармашы қолтаңбасының түпнұсқалығы нотариалды куәландырылады.

Балалардың анықтамалық деректері туу туралы куәлігіне (ұлттық паспортына) сәйкес жазылады, берген күні, нөмірі және оны берген органның атауы көрсетіледі.


Каталог: portal -> page -> portal -> mvd -> mvd page -> mvd norm baza current -> mvd nb doc
mvd nb doc -> № исх: 39-6-06/1547-И/вн от: 07. 09. 2015 Қазақстан Республикасы
mvd nb doc -> Ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына
mvd nb doc -> Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау
mvd nb doc -> Ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасы
mvd page -> Көлiк құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау, азаматтарға жүргiзушi куәлiгiн беру тәртiбi туралы ережелерді” бекiту туралы
mvd nb doc -> № исх: 8-5-47/2450-И/вн от: 07. 12. 2015 Қазақстан Республикасы
mvd nb doc -> Көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу, қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келген көшіп келушілер туралы ақпаратты беру, көші-қон карточкаларын жасау және беру, көшіп келушілердің орын ауыстыру
mvd nb doc -> № исх: 8-5-47/2450-И/вн от: 07. 12. 2015 Қазақстан Республикасы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет