Мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасымен жұмысындағы сауаттандыру технологиялары Бибигул Сапарғалиқызы Жумалиева Атырау қалалық №20 «Алтын балық»



Дата07.05.2017
өлшемі128,15 Kb.
#15970


Мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасымен жұмысындағы сауаттандыру технологиялары

Бибигул Сапарғалиқызы Жумалиева

Атырау қалалық №20 «Алтын балық» мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балабақшасы аға логопед

Баланың дамып жетілуі арнайы (түзету) білім беру ұйым мамандарының отбасымен бірлескен жұмысы дұрыс жолға қойылуы және үйдегі ата-ананың белсенділігі дұрыс ұйымдастырылғанда ғана нәтижелі болмақ. Ұйым мен ата-аналардың арасындағы қазіргі заманға сай жүргізілетін ынтымақтастықты ұйымдастыру – баланың даму қалыптасу кезеңінде сәбиге берілетін тиімді жәрдем.

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу, оқыту барысындағы отбасы мен арнайы білім беру ұйымдарының бірлескен жұмыстың түрлері алуан түрлі. Ұйымдарда отбасымен ынтымақтастықты көбінесе дефектолог, психолог, әлеуметтік педагог, тәрбие ісінің меңгерушісі жоспарлы түрде атқарады.

Мамандар ата-аналармен тығыз қатынаста жұмыс істеуі керек. Маманның ұсыныстары ата-анаға өз баласын жақсы түсінуге көмектеседі, онымен өз қарым-қатынасын құруды үйретеді және оған қоршаған өмірде толық бейімделуіне көмектеседі.

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу және дамыту барысындағы отбасы мен арнайы білім беру ұйымдарының бірлескен жұмысы басты бағыттары- баланың отбасымен психологиялық жұмыс жүргізу, сауаттандыру, баланың коммуникативті іс-әрекетін дамыту және сөйлеу тілін қарым-қатынас құралы ретінде қолдануға үйрету болады. Балаларды дамытуда ата-аналар мен педагогтардың көмегі арқасында көп жетістікке жетуге болады.

Бала бойындағы қандай да болмасын кемістікті түзету бағытында жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін баланың отбасының барлық мүшелерін психологиялық қолдау және сауаттандыруды маңызды орынға қою қажет.

Үш таған: маман, бала және ата-ана өзара бірлескен жағдайда ғана жеке тұлғаны жан-жақты дамытып жақсы нәтижелерге жететіні сөзсіз! Мүмкіндігі шектелген балаларды оқыту және тәрбиелеуде жанұя ерекше роль атқарады. Себебі, ата-аналар баланың алғашқы тәрбиешілері болып табылады, олардан бала қоршаған дүние туралы алғашқы түсініктерін алады, әртүрлі іскерліктер мен дағдыларын игереді. Ата-ана баланың кемістігін ертерек сезіп, дәрігерге көрсетіп, емдеп, өз тарапынан дамыту жұмыстарын жүргізсе баланың даму қабілеті жоғары болар еді.

Белгілі Ресей психологы В.Запорожец «Ауытқуды білу – баланың дұрыс даму заңдылықтарын жақсы түсінуге мүмкіндік береді» деген. Осының негізінде ерекше балаларды, ең алдымен мектепке дейінгі жаста баланың әлеуметенуі үшін қолайлы жағдай жасауға көмектесу үшін оқытудың тиімді әдістемелерін жасау қажеттілігі туады.

Ата-ананы сауаттандыру технологиялары- ата-анаға сауалнама, ата-аналар жиналысы семинар тренинг, педагогикалық-медициналық консилиум, ашық есік күндері, ата-анамен конкурс, жарыстар.

Баланың психо-моторикалық дамуының жағымды динамикасының тәуелді шешуші факторлары бұл жанұяда тәрбиелеудің пара-пар жағдайлары және комплексті реабилитацияны ерте бастауды ата-анаға жеткізіп түсіндіру.

Ата-анаға психологиялық көмек көрсете отырып, өз баласының кемістігін түзету жолында сауаттандыру - қысқа мерзімде жоғары нәтижелерге жетудің негізі.

Ата-аналардың белсенділіктерін арттыру, олардың назарын балалармен жүргізілетін түзету жұмысының міндетін іске асыру барысына аудару мақсатында «Ана, бала және маман», «Тіл кемістігінің түрлері» атты семинарлар, «Үй тапсырмаларын орындау», «Танымдық процестерін дамыту» тренингілер, түрлі қызықты жарыстар: «Сөз мерген», «Мен және ана – спорттық жанұя», медико-педагогикалық консилиум, сауалнама сұрақтарына жауап беру сияқты шаралар өткізуге болады.

Осы шараларда өткізудегі басты мақсат- ата-ананың өз баласы туралы, оның сензитивтік кезегіндегі мүмкіншіліктері жөнінде мағлұматын кең түрде таныстыру, Л.С.Выготский айтқандағыдай баланың жақындағы даму аймағын анықтауға ( «зона ближайшего развития») көмектесу.

Ата-аналар жиналыстарының көтеретін мәселелері мынадай болуы мүмкін:



  • Отбасының баланың тілін дамытудағы көмегі.

  • Баланы емдеу шаралары не үшін қажет?

  • Баланың сөздік қорын қалай молайтуға болады?

  • Баланың танымдық қызметін дамыту.

  • Баланы қалай тыныштандыруға болады


Ата-аналар жиналысының мазмұны





Баланың сөйлеу тілін, танымдыққызметін зерттеу қорытындысы



Сөйлеу тілі

анатомо-

физиологиялық

механизмі





Артикуляция гимнастикасы, саусаққимылы, тыныс алу жаттығуының пайдасы






Аптаның әр жұмасында «Ашық есік күні» ата-ананы сабақтарға қатыстырып, үй тапсырмасын түсіндіріп отыру қажет. Артикуляциялық гимнастика, ұсақ қол моторикасын, тыныс алу жаттығуларын, үй жағдайында жүргізетін дамыту ойындарын үнемі көрсетіп үйретіледі. Топтағы, сыныптағы «Ата-анаға кеңес», «Логопед көмегі» стенділерден өтіп жатқан тақырыптарға байланысты ата-аналар апта сайын мағлұмат алып тұрады, үй тапсырмасының орындалу үлгілерімен танысады. Сенсорлық бөлмемен таныстырып, оның пайдасы, қызметі туралы және ой-тіл дамытудың түрлі технологиялар жөнінде жан-жақты сауаттандыру керек. Топтық және жеке дара әңгімелесу негізінде ата-аналарға ақыл кеңес беруде үй жағдайында көптеген қызықты артикуляциялық, ұсақ саусақ қимыл жаттығуларды, баланың танымдық процестерін дамыту ойындарын ойнатуды ұсынып отыру қажет.


Балалардың сөйлеуге қызығушылығын арттыру және ынта-зейінің дамыту тәсілдерінің бірі - қуыршақ театры. Өтіп жатқан сабақ тақырыптарына байланысты қуыршақ театр қойылымдарына ата-ананың белсенді қатысуын талап ету керек



Педиатр- невропатологтың

кеңесі

Сылау-сипау Физиомен емдеу



Емдік препараттар



Сауықтыру орталығына жолдама

Ең алдымен, баласының кемістігі туралы ата-ана көп мағлұмат жинау қажет. Баланы невропатолог, психолог, логопед, сурдолог мамандарына көрсетіп, ақыл- кеңес алуы керек. Бір ата-аналар баласы сөйлей алмаса, оны еркелік деп ұғады, әлі алты жасқа дейін уақыт бар деп асықпайды. Ал кейбір ата-аналар баласының құлағының нашар еститінін байқамай да қалады.

Мүмкіншілігі шектелген балалардың көбі өте тынымсыз, ашуланшақ келеді. Олар мезгілімен ұйқыға ерте жатып, мезгілімен тұру керек. Ұйықтаған баланың нерв жүйесі демалады, сабақта жұмыс белсенділігі артады. Ата-аналарға осындай дағдыны сақтап, қолдау жасап сөйлеуін қадағалап отыруды міндеттеу керек. Ата-аналарға логопед баланың барлық күш жігерін салып тырысып істеп тындырған болар-болмас жұмысына аса ынталылықпен көңіл бөліп мақтап қою керек екендігін түсіндіру қажет. Ғалымдар қол қимылымен сөйлеудің байланысын 1928 жылы анықтаған. Осының негізінде арнайы зерттеулерде саусақтың қимылы орталық жүйке жүйесінің жетілуін қалыптастырады және баланың сөйлеу тілі дамуын жылдамдатады деп анықтаған. Бұл мағлұмат баланың жалпы және қол қызметінің дамуымен бірге логопедиялық жұмыс жүргізу керек екенін есепке алу қажет.

Ата-аналарды сауаттандыру жұмыстарының бірі-арнайы әдебиеттер,әдістемелік құралдар,ойын-жаттығулар жөніндегі басылымдардан үзінді келтіріп,шолу жасау.Оларға Б.Д. Корсунская, 1970;Э.И. Леонгард,Е.Г. Самсонова,1991;Н.Д.Шматко,Т.В.Пелымская,1995;Қ.Өмірбекова,Қ.Серкебев,1996;Н.Н. Омарова,2006;Л.В. Нейман,1978;В.В. Коморов,1988; т.б. сияқты басылымдардан сенсорлық тәрбилеу,ойын түрлерін үйрету,қоршаған ортамен танысу әдістерін теріп алып ата-аналарға тарату керек.

Логоритмикалық ырғақ сабақтары-мектеп алды және мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеуімен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерінің бірі. Фонетикалық ырғақты өткізуде дыбыстарды, буындарды, сөздерді, фразаларды айту белгілі қимылдармен бірге жүргізіледі. Ата-аналар фонетикалық ырғақтың міндеттерімен және оны өткізу әдістерімен танысу үшін Т.А Власова, И.Н Пфафенродт, 1989, 1998, Н.Д Шматко, Т.В Пелымская, 1991, 1993, 1995 т.б әдебиеттерді қолданса болады.

2012 жылы балабақшада дамыта оқу процессының міндеттердің бірі- тіл кемістігі бар балалардың сөйлеу тілінің құрылымын жетілдіру әдістерін ата-анамен бірлесе дамыту. Осы міндетті орындаудаӘдістемелік семинар өтті.

Мақсаты:

Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың ерекшелектері және оны түзету жолдары бағытында жаңа техналогиялық және ғылыми жаңалытарды,әдістерді қолдану туралы бағыт беру.

Балабақшада оқу жылынын басында, сонында ата-аналар жалпы жиналысы өткізіліп отырады ал топтарда логопедтер тексеру қорытындысын таныстыру,арнайы бағдарламаның мақсаттары мен ата-ананың белсенділігін белгілеу мақсатында тоқсан сайын өтеді.Осы оқу жылының басында «Түзете дамыту жұмыс мәселелері», бала біздің болашағымыз тақырыбында ата-аналар жиналыстары өтті. Баланың дамып жетілуі балабақшаның мамандарының нәтижелі жұмысымен бірге үйдегі ата-ананың белсенділігіне байланысты. Сондықтан да ата-ана аптаның әр жұмасында логопедтің сабағына қатысып, үй тапсырмасын анықтап артикуляциялық жаттығу жұмыстарын, үй жағдайында өткізілетін дамыту ойындарын үйренуге мүмкіндік алады.

Тәжірибеге жүктелетін болсақ, егер сөйлеу кемістікті уақытымен түзетіп игертпесе, бала бастауыш мектепте қиындыққа кездеседі. Бала үшін жанұя не істеуі керек? Ең алдымен өз баласына тән қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін анықтап алу керек. Бұл тиімді емдеу мен реабилитация жолын таңдауға көмектеседі, баланың жанұяда жеке өмірге бейімделу мүмкіндіктерін анықтайды. Дамуында ерекшеліктері бар балаға ең жақсы реабилитация- бұл оларды күнделікті өмірге тарту екенін ата-анаға түсіндіретін де , ұйым мен отбасының бірлескен қарым-қатынасын жүзеге асыратын да педагог мамандар, яғни сіз бен біз!

Әдебиеттер жиынтығы:

1.Өмірбекова Қ.Қ. , Өмірбекова С.Ж. Логопедия-Алматы 1996.

2.Ерсарина А.К. Дети с трудностями в обучении. Алматы, 2007

3.Катаева А.А. Стребелева Е.А. Доминальная олигрофенапедагогика. М. 1988.



4.Тілашар. Логопед.> Республикалық әдістемелік журнал. №4. 2011.

5.№ 6. 2011.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет