Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы. Сабақтың мақсаты : Білімділік



Дата04.08.2017
өлшемі87,86 Kb.
#22953
Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: ХІІІ ғ. Басында монғол империясының құрылуы, қоғамдық құрылысы, империяның басқыншылық саясатының зардаптары, жаулап алушыларға қарсы халықтар күресі жайлы жан-жақты түсінік беру.

Тәрбиелік: Елжандылыққа тәрбиелеу. Тәуелсіздікті құрметпен

сезінуге баулу.



Дамытушылық: Өзіндік жұмыстарды жүргіздіру дағдысын жетілдіру,

ой-өрістерін дамыту.



Көрнекілігі: Карта. Техникалық құрал (компютер, Интерактивт ітақта,) оқулық, т.б.

Сабақбарысы:

І. Ұйымдастыру 3 мин

-оқушылармен амандасу, түгендеу, зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (Зымыран сұрақтар) 10 мин

а) 1. Қожа Ахмет Иассауи қай қалада дүниеге келген. (Сайрам)

2. Дүние жүзіне белгілі ғалым Әл-Фараби қай жылдары өмір сүрген.

(870 -950)

3. Түрік тілін алғаш зерттеген ғалым кім. (Махмуд Қашқари)

4. Жазба әдебиетінің көрнекті өкілі, Қарахан мемлекеті кезінде өмір сүрген ақын кім. (Ахмет Игүнеки)

5. Қожа Ахмет Иассауидің қандай шығармаларын білесіңдер.

(«Диуани – и хикмет »)

6.Ахмет Иүгнекидің кітабы: (Ақиқат сыйы”)

7.Ахмет Яссауи кесенесі кімнің бұйрығымен салынды? (Әмір Темірдің)

8.Жүсіп Баласағұнның қандай еңбегін білесіңдер? (Құдатғу білік)

б)Тарау бойынша қорытындылау. Ой қозғау стратегиясы бойынша сауалдар.

1.Қолөнердің қандай түрлерін білесіңдер? (Ұсталық, зергерлік, тас өңдеу, құмырашы көзешілік)

2. Зергерлер не жасаумен айналысады? (Сән-салтанатты, әсем зергерлік бұйымдарды жасаумен)

3. Егіншіліктің дамуына не әсер етті? (Қала санының өсуі және оның тұрғындарының сұраныстарына байланысты дамыды.)

4. Ортағасырлық дамыған қалаларды ата? (Отырар, Тараз, Талғар Баба-ата, Құйрықтөбе)

5. Ислам дініне дейін Қазақстанда қандай діни нанымдар болды? (Қойға табыну салты, отқа табыну дәстүрі)

6. Мешіт дегеніміз не? (Мұсылман дінінің әдет-ғұрып, салт-дәстүрі орындалатын қасиетті ғимарат.

Сергіту сәті (би Қарлығаш) 2 мин

III. Жаңа сабақты меңгерту. (Жаңа сабақтың жоспары слайдттың көмегімен интерактивті тақтадан 20 минут көрсетіледі)

Жоспары:

1. Монғол империясының құрылуы

2. Монғол империясының қоғамдық құрылысы.

3. Монғолдардың Қазақстанды жаулап алуы.

4. Жаулап алудың зардаптары.

5. Ұлыстардың құрылуы.



Монғол ипериясының құрылуы Монғол империясының негізін қалаушы Темүжін 1155 жылы Монғолияның Кендітау аймағындағы Онан өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде дүниеге келген. Теміжүн 9 жасқа толған кезінде әкесі Есугай батырды татарлар қастандықпен өлтіреді. 1206 жылы өткен құрылтайда Темүжінді хан етіп сайлап, Монғол империясын құрады. «Монғолдың құпия шежіресінде» бұл жағдайды керей ханы Торыға барып айтқанда, ол «Монғолдарды жеңіске жеткізетін Жеңісхан болсын» деп бата берген. Сол «жеңісхан» деген сөз монғолша «шыңғысхан» болып аталып кеткен.

Қоғамдық құрылысы 95 түмен Мыңдық Жүздік Ондық 10 мың әскер 1000 әскер 100 әскер 10 әскер Түменбасы Мыңбасы Жүзбасы Онбасы

Барунгар Оң қанат

Жоңғар Сол қанат

Кул Орталық қанат
Мемлекеттің басты заңы «Жасақ» (Яса) деп аталды. «Жасақ» бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы құрылтай болды.

1207-1208 ж 1207-1209 ж 1211-1215 ж

Жошы Енесей қырғыздары мен теріскей Сібір халықтарын басып алады. Шыңғысхан таңғұттардың мемлекетін, одан кейін Тұрфан кінәздіктерін өзіне қаратып, ұйғырларды бағындырады. Қытай жерін басып алып, олардың тас атып дуал құлататын, от лақтырып өрт шығаратын соғыс техникаларын қолға түсіреді. Күшіліктің Жетісудғы иеліктерін басып алуға Жебе ноянды аттандырады. Монғолдардың Жетісу жеріне енуі 150 мың әскерді Ертіс, Сырдарияға аттандырып. Отырарды қоршап алуы Сыр бойындағы қалалардың толығымен монғолдарға бағынуы Қазақстан мен Орта Азияны монғолдар толық жаулап алды.

1217 ж 1218 ж 1219 ж 1219-1220 ж 1219-1224 ж

Жетісу аймағында шапқыншылыққа дейін 200-ден астам елді-мекендер болса, одан кейінгі ХІІІ-ХІҮ ғасырларда 20 жуық елді-мекендер қалған; Баласағұн қаласының орны мүлдем жоғалып кеткен; Егін шаруашылығының жүйесі бұзылды ; Халықтардың этникалық құрамы мүлде бұзылды; Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы 200 жылға кешеуілдеді; Мәдениеттің дамуына кедергі болды.

Қазақстан аумағында Ұлыстардың құрылуы

Жошы ұлысы

Шағатай ұлысы

Үгедей ұлысы

Шығысы Ертіс өзенінен батысы Еуропа жеріне дейінгі аумақ, қазақ жерінен Шығыс Дешті Қыпшақ, Арал, Сырдың төменгі ағысы, Жетісудің солтүстікшығысы қарады.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан (Жетісу аймағы) мен Орта Азия жерлері қарады.

Батыс Монғолия мен Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғары ағысы бойындағы жерлер қарады.




Осы тайпалардың ішінде жалпы монғол тайпасы Шыңғысханның шыққан тегін білдіреді.

2. Монғол мемлекетінің құрылуы, хронологиялық талдау.

1155ж. (1162ж.) Темучиннің тууы.

1189 – 1206ж.Көршілес тайпаларды бағындыру жорықтары.

1206ж. монғол мемлекетінің құрылуы. Темучиннің Шыңғысхан атануы. Жаңа тақырыпты бекіту 2 мин

Бағалау: 2 мин

Үй тапсырмасы: 1 мин
Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Діннің қоғамдағы ролі»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері Сабақ тақырыбы
sabaktar -> Жайна ахмет асқарқызы М. Маметова атындағы жалпы орта мектебінің тәлімгері. Созақ ауданы Бабата ауылы Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгілік жыр»
sabaktar -> Сабақтың эпиграфы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Өзіңсің поэзия Пайғамбары
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет