Мүсіндеу 1-сабақ. Тақырыбы: Күн мен бұлт Оқу



бет1/3
Дата27.12.2016
өлшемі0,53 Mb.
#5678
  1   2   3
Мүсіндеу 1-сабақ. Тақырыбы: Күн мен бұлт

Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: мүсіндеу жұмысында қолданылатын материалдармен, құралдармен таныстыру; мүсіндеудің негізгі: жұмсарту, созу, құрастыру, жаю, тегістеу, жалпақтау, домалақтау тәсілдерімен таныстыру; қатырма қағазға бедерлеу тәсілін орындау дағдыларын қалыптастыру.

Керекті құралдар мен материалдар:

Күннің және бұлттың суреттері, бедерлі мүсіннің үлгісі, тақтайша, ермек саз, арнайы кескіш таяқша, қол орамал.

балалар үшін: жұмыс дөптері, тақтайша, көк немесе көгілдір түсті қатырма қағаз ,ермек саз, кескіш таяқша, қол орамал.



Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме:Ұстаз балаларға жұмыс істейтін орындарын дайындап, құрал-саймандарының - тақтайша, ермек саз, таяқша, қол орамалдарының ретімен түру керектігін айтады. Үстел үстін, киімін бүлдірмей материалмен ұқыпты жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру мақсатында тақтайшада мүсіндеу үшін қажетті материалды қалай қолдану керектігін түсіндіреді. Ермек сазбен жұмыс аяқталғаннан кейін, қолды орамалмен сүртіп, сабынмен тазалап жуу керектігін ұғындырады. Балалар жұмыс орындарын дайындайды.

2.Түсіндіру:Ұстаз балаларды мүсіндеудің негізгі жұмсарту және есу тәсілдерімен таныстырады. Бүтін ермек сазды жұмсарту, есу қиын болатындықтан ермек сазды кесетін арнайы кескіш таяқшамен бірнеше бөлікке бөліп алып, алдымен алақанға салып жұмсартып, сосын тақтайшада ұзын жіңішке шиыршық пайда болғанша есу керектігін көрсете отырып түсіндіреді. Балалар педагогтың көрсеткені бойынша өздері қайталап мүсіндеу жұмысын орындайды.

3. Балалардың өзіндік жұмысы: Балаларға бедерлі мүсіндеу тәсілімен жұмыс жасау жолын түсіндіру:

Көк түсті қатырма қағазға жай қарындаштың көмегімен күн мен бұлттың суретін салып шығамыз.

Ақ және сары түсті ермек саздың кесегін жұмсартамыз.

Ермек сазды бірнеше бөлікке бөліп алып, әр бөлігін тақтайшаның үстіне салып ұзынша, жіңішке ширатпалар есеміз.

Ширатпаларды сұлбаның өн бойына салып, қатырма қағазға жабыстыра бастырамыз.

Күн мен бұлттың ішін сәйкес түсті ермек сазбен толтырып, бетін тегістеп шығамыз. Жекелеген ширатпалардан күннің сәулелерін жасап шығамыз.

Балалар жұмыс дәптерінің көмегімен өз бетінше жұмысты орындайды.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Жасаған мүсіндеу жұмыстарынан көрме ұйымдастыру. Талдау, бағалау.

Ұстаз дұрыс өрі тиянақты орындалған жұмыстарды атап көрсетеді.

2-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақты алқап.

Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балалардың бірнеше бөліктен тұратын заттарды біріктіріп мүсіндей алу дағдыларын бекіту; оларға мазмұн беру; мүсіндеуге деген қызығушылықтарын арттыру.

Керекті құралдар мен материалдар:

Саңырауқұлақ суреттері, тақтайша, ермек саз, арнайы кескіш таяқша.

балалар үшін: тақтайша, ермек саз, кескіш таяқша, қол орамал.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Ұйымдастыру:Кіріспе әңгіме: Балаларға саңырауқұлақ, олардың түрлері туралы түсінік беріп, қайда өсетіні, атауы, оның тамақ ретінде пайдаланатыны, улы түрінің болатыны жайында мағлұматтар береді. Балалардан кімнің саңырауқұлақты өз көзімен көргені, жинағаны туралы сұрау.

2.Түсіндіру:Жұмыс дәптеріндегі саңырауқұлақты мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін көрсете отырып түсіндіреді.

Алдымен ақ және қоңыр түсті ермек саз кесегін екіге бөліп, алақан арасына салып жұмсартамыз.

Қоңыр түсті кесегін алақан арасына салып домалақтап, шарик жасаймыз. Оның ортасын басбармағымызбен басып, саңырауқұлақтың қалпағының пішініне келтіреміз.

Ақ түсті ермек сазды цилиндр - шұжық пішініне келтіреміз, ол саңырауқұлақтың аяғы болады.

Енді екі бөлікті бір-біріне біріктіріп, олардың сырттарын тегістейміз.

Саңырауқұлақты жасыл түске боялған қатырма қағаздың үстіне орнатамыз.

3.Өзіндік жұмыс:Балалар үлгіге қар»ап отырып мүсіндеу жұмысын орындайды. Аяқталған жұмыстардың орындалуына талдау жасап, ең жақсы жасалғандарын атап өту.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Жұмыстың орындалу сапасына назар аудару. Балалар жұмыстарын бағалау, мадақтау.

3-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Тасбақалар.

Оқу іс-әрекетінің гүрі: мүсіндеу.



Оқу іс-әрекетінің мақсаты: бүтін бөліктен созу тәсілі арқылы тасбақаны мүсіндеуді үйрету; мүсіндеу дағдыларын жетілдіру.

Керекті құралдар шен материалдар:



Тасбақа бейнеленген суреттер, ермек саздан жасалған дайын үлгі, тақтайша, ермек саз, таяқша.

балалар үшін: жұмыс дәптері, ермек саз, тақтайша,таяқша, қол орамал.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Ұйымдастыру: Кіріспе әңгіме.Балаларға тасбақа туралы жұмбақ жасырады. Балалардың дұрыс жауабынан кейін тасбақаның суретін немесе ойыншық тасбақаны көрсету арқылы оның құрылысына, дене бітіміне назарларын аударады.

Ермек саздың бүтін кесегінен созу тәсілі арқылы мүсіндеу жұмысының барысымен таныстыру.

2.Түсіндіру: үлгіні көрсете отырып, балаларға тасбақаның жасалу жолын көрсетеді.

Қоңыр ермек саз кесегін жұмсартып аламыз.

Үлкен домалақ жасаймыз.

Созу тәсілімен басын, мойнын жөне аяқтарын шығарып аламыз.

Жіңішке ширатпалар дайындап аламыз.

Тасбақаның сауытын ширатпалармен безендіреміз.

3.Өзіндік жұмыс: жұмыс дәптеріндегі үлгіге қарай отырып, тасбақаны мүсіндеуге кіріседі. Көрсетілген созу тәсілін қолдана отырып, жұмысты орындайды.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Дайын мүсіндерден шағын көрме ұйымдастыру, балалар жұмысын бағалау, талдау.


4-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Киттің балалары.

Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларға ермек саздың бүтін бөлігінен созу тәсілін қолдану арқылы мүсіндеу жұмыстарын үйрету; тиянақтылыққа, ұқыптылыққа баулу.

Керекті құралдар мен материалдар:

Киттер жөне олардың балалары бейнеленген суреттер, ермек саздан жасалған дайын үлгі, тақтайша, ермек саз , таяқша.

балалар үшін: жұмыс дөптері, ермек саз , тақтайша, таяқша, қол орамал.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Ұйымдастыру: Кіріспе әңгіме .Балаларға кит, басқа да балықтар туралы жұмбақ жасырады. Балалардың жауабынан кейін киттердің баласының суретін көрсетіп олардың дене мүшесінің құрылысына басы, қанаттары, құйрығының орналасу ретіне назарларын аудартады. Ермексаздың бүтін бөлігінен созу тәсілі арқылы мүсіндеу жұмысын тағы көрсете отырып түсіндіреді.

2.Түсіндіру: Үлгіні басшылыққа ала отырып, киттің баласын жасау жолын көрсету,түсіндіру.

Көк түсті ермексаз кесегін жұмсартамыз.

Үлкен домалақ жасаймыз.

Созу тәсілімен киттің құйрығын шығарып аламыз.

Құйрығының дәл ортасынан тілік жасаймыз да, үшін сүйірлеп, тегістеп, пішінін келтіреміз.

Тіс шұқығыш шидің көмегімен көзі мен аузын белгілейміз.

3.Өзіндік жұмыс: жұмыс дәптеріндегі үлгіге қарай отырып, киттің баласын мүсіндеуге кіріседі. Шымшу, созу тәсілдерін қолданып, жұмысты орындайды.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Дайын мүсіндерден шағын көрме ұйымдастырып, балалар жұмысын бағалап, талдау.

5 -сабақ. Сабақтың тақырыбы: Көкөністер.

Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу



Оқу іс-әрекетінің мақсаты: күз айлары молшылық, береке сыйлайтын мезгіл екенін, көкөністер мен жемістердің пісіп, жиын-терін болатынын түсіндіру; заттың нұсқасына қарай отырып мүсіндеу дағдыларын бекіту; ермек сазды көкөністің түсіне сәйкес таңдай алуға үйрету.

Керекті құралдар мен материалдар:

Жемістер мен көкөністер муляждары, дайын үлгі ретіндегі көкөністер, ермек саздар, тақтайша, таяқша, қол орамал.

балалар үшін: түрді түсті ермек саз , тақтайша, таяқша, қол орамал.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Ұйымдастыру: Кіріспе.Ойын:«Көкөністер мен жемістерді ажырат» дидактикалық ойынын ойнату. Ойын ойнау арқылы балалар көкөністер мен жемістерді ажыратады. Балалардан жылдың қай мезгілі екенін, күз мезгілі несімен басқа жыл мезгілдерінен ерекшеленетінін сұрап білу. Күзде барлық жеміс-жидектер, көкөністер пісіп, оларды жинау науқаны басталады. Күз айларын молшылық, береке, мереке сыйлайтын мезгілге жатқызатынымызды айтып түсіндіру. Бүгін көкөністерді ермек саздан жасайтынымыз туралы айту. Жұмыс барысында қай бала көкөністердің кей түрін жасайтынын айтады. Көкөністің ол түрін жасау үшін ермек саздың қандай түсін таңдайтынын көрсетеді. Көкөністердің пішіндері әртүрлі болатындықтан, балалардан сәбіздің пішіні қай геометриялық фигураға ұқсайтынын, сондай-ақ картоп, қызылша, шалқандардың пішіндері неге ұқсайтынын сұрап анықтау.

Балалар мүсіндеу кезінде қандай тәсілді қолданатынын айту.

2.Түсіндіру: Көкөністердің жұмыс дәптеріндегі жасалу жолын көрсетіп, түсіндіріп береді.Қызыл, күрең қызыл, жасыл, қызыл сары ермек саз кесектерін жұмсартып аламыз.Көкөністің түріне қарай шарик немесе цилиндр пішіндерді мүсіндеп аламыз.

3.Өзіндік жұмыс:Көкөністі жасау.

қызанақ - қызыл домалақталған ермек саздың жоғарғы бөлігіне саусағымызбен батырып баса отырып шағын ойықша жасау,ойықшаға жасыл ермексаздан жасалған сабағы мен жапырағын орналастыру.

қияр - жасыл ермек саздан жасалған цилиндрдің екі шетін домалақтап тегістейміз, тіс шұқығыш шидің көмегімен қиярдың бетіне бүртіктер саламыз;

қызылша - күрең қызыл домалақтанған ермек саздың бір бүйірін созу тәсілімен тамырын шығарамыз, жоғарғы бөлігіне жасыл ермек саздан немесе түсті қағаздан жасалған жапырағын бекітеміз;

сәбіз - цилиндр пішінді ермек саздың бір ұшын аздап со- зып, тіс шұқығыш шидің көмегімен үстіне жіңішке сызықтар түсіреміз, жоғарғы бөлігіне жасыл ермек саздан немесе түсті қағаздан жасалған жапырағын біріктіреміз;

бұрыш - жасыл түсті ермек саздың бір ұшын аздап созып, домалақтап тегістейміз, жоғарғы бөлігін саусағымызды батыра басып, шағын ойықша жасаймыз да, оған ермек саздан жасалған жапырақтың сағағын бекітеміз.

Балалардың жұмыстарын қадағалап, бақылау.



Оқу іс-әрекетін қорыту.

Дайын болған көкөністердің мүсінін үстел үстіне қойып, «Біздің өнім» атты көрме ұйымдастырады. Балалармен бірге жұмыстарды бағалап, кімнің жұмысы сәтті шыққанын қарап, сабақты қорытындылау.

6-сабақ Тақырыбы: Кеселер

Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.



Оқу іс-әрекетінің мақсаты: ширату тәсілі арқылы ыдыс мүсінін жасау тәсілін үйрету; заттың сыртын ою-өрнекпен безендіруді меңгерту; жұмыс барысында өзін дұрыс ұстап, жұмысты тиянақты орындауға дағдыландыру.

Керекті құралдар мен материалдар:

Үлгі ретінде алдын ала дайындалған кесе, ермек саз, тақтайша,таяқша.

балалар үшін: ермек саз, тақтайша, таяқша, қол орамал.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Ұйымдастыру:

1.Кіріспе : Балаларға ыдыстар туралы жұмбақ жасырады. Балалардың жауабынан кейін ыдыстардың неден жасалатыны туралы түсінік беріп өту.

Үлгі ретінде дайындалған кесені көрсетіп, оның пішінінің ерекшеліктеріне тоқталады. Кесенің өте ертеде жасалып, қолданылып келе жатқаны туралы түсіндіріледі. Мүсін жасау үшін қолданылатын айналып тұратын құрал жоқ кезде адамдар сазбалшықтардан ширатпалар есіп, ыдыс жасаудың оңай тәсілін ойлап тапқандығы туралы айтылады. Педагог жасалу жолын жұмыс дәптерінен көрсете отырып түсіндіреді. Ширату тәсілінің орындалуын еске түсіреді.

2.Өзіндік жұмыс:Бір кесек ақ түсті ермексазды және жарты кесек түсті ермек - сазды илеп жұмсартып аламыз.

Ақ түсті ермексаздың бір кесегі мен түсті кесектің жартысын жұмсартамыз.

Ақ түсті жұмсартылған ермексаздың шағын бөлігін домалақтап, оны алақанға салып жалпақтап, тақтайшаға қойып, кесенің дөңгелек түбін жасау.

Ақ түсті ермексаздың қалған бөлігінен есу арқылы орташа қалып тықта ширатпалар жасаймыз.

Тақтайшадағы кесенің түбіне ақ түсті ширатпаларды айналдыра орай отырып, кесенің пішініне келтіреміз.

Кесенің сыртын саусақпен тегістеп шығамыз.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Жасаған мүсіндерді бағалайды, талдау. Кесемен жұмыстың келесі сабақта жалғасатынын хабарлау.



7-сабақ.Сабақтың тақырыбы : Кеселер.

Оқу іс - әрекетінің түрін мүсіндеу.



Оқу іс-әрекетінің мақсаты: дайын мүсінделген кесені сәндік ою-өрнектермен безендіруді үйрету; мүсіндеу барысында балаларды өз ісіне ұқыпты және шыдамды болуна тәрбиелеу; шы- ғармашылық қабілеттерін арттыру.

Сабақтың түрі:Қайталау сабақ

Керекті құралдар мен материалдар:

Алдын ала дайындалған кесе, ермексаз , ою өрнектердің суреті, тақтайша, таяқшалар, қолорамал , т.б.

балалар үшін: жұмыс дәптері, алдыңғы сабақта жасалған кесе, ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал, т.б.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Ұйымдастыру: Кіріспе.Балаларға кесені безендіруге болатын ою-өрнек түрлеріне қарауды ұсынады. Ою-өрнектің таныс емес түрлеріне назар аударуды сұрайды.

2. Түсіндіру:Кесені ою-өрнекпен безендіру тәсілін түсіндіреді.

Тіс шұқығыш шидің көмегімен кесеге ою-өрнек саламыз.

Түрлі түсті ермек саз кесегінен жіңішке ширатпалар жасаймыз.

Жіңішке ширатпаларды кесеге салынған ою-өрнектің үстіне жүргізіп, жайлап бастырып жапсырамыз.

3.Қайталап түсіндіру:Бір кесек ақ түсті ермексазды және жарты кесек түсті ермексазды илеп жұмсартып аламыз.

Ақ түсті ермек саздың бір кесегі мен түсті кесектің жартысын жұмсартамыз.

Ақ түсті жұмсартылған ермек саздың шағын бөлігін домалақтап, оны алақанға салып жалпақтап, тақтайшаға қойып, кесенің дөңгелек түбін жасау.

Ақ түсті ермек саздың қалған бөлігінен есу арқылы орташа қалып тықта ширатпалар жасаймыз.

Тақтайшадағы кесенің түбіне ақ түсті ширатпаларды айналдыра орай отырып, кесенің пішініне келтіреміз.

Кесенің сыртын саусақпен тегістеп шығамыз.

4.Балалардың өзіндік жұмыстары.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Сабақты қорытындылау кезінде балалар кесені қандай тәсілмен жасағандарын, жұмыстың орындалу барысын айтады. Бір - бірінің жұмыстарына қарап,бағалайды.

8-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Кірпілер.

Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.



Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларға табиғи материалдар мен ермек сазды пайдаланып, кірпінің мүсінін жасауды үйрету; шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Керекті құралдар мен материалдар:

Кірпінің дайын үлгісі, шырша қылқандары, ермек саз, тақтайша,таяқша, қол орамал

балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, шырша қылқандары, тақтайша,таяқша, қол орамал, т.б.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Ұйымдастыру:

1.Кіріспе:Балаларға кірпі туралы ертегі немесе әңгіме оқып беріп, оның тіршілігі, немен қоректенетіні туралы түсінік беру. Балалардан кірпі туралы не білетіндерін сұрап, әңгімеге тарту.

2. Түсіндіру: Балаларға кірпінің дайын жасалған үлгісін көрсете отырып, оны ермек саздан мүсіндеу тәсілін көрсетеді. Балалар кірпінің жасалу жолын еске сақтап, өз беттерінше орындайды.

3.Өзіндік жұмыс:Қоңыр түсті ермек саздың бір кесегін жұмсартып, оның кішкене бөлігін үзіп аламыз.

Үлкен бөлігінен домалақ жасаймыз. Созу тәсілімен кірпінің тұмсығын жасаймыз.

Ермек саздың кішкентай бөлігін төртке бөліп, цилиндр тәрізді пішіндер жасаймыз, бүл - кірпінің аяқтары.

Аяқтарын денесіне біріктіреміз.

Кірпінің инелерін шыршаның не қарағайдың қылқандарынан жасаймыз.

Қара түсті ермек сазды домалақтап кірпінің мұрнын, көздерін жасап, оны бас бөлігіне жапсырып біріктіреміз.

Жұмыс дәптерден орындалу ретін көрсетіп, жасалу жолын түсіндіру.

4.Дәптермен жұмыс:Балалар өз беттерінше кірпіні мүсіндеу жұмысына кіріседі. Балалардың жасап жатқан жұмыстарын бақылап, қиналған балаларға көмектесіп, бағыт-бағдар беру.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Дайын болған мүсіндерді қарап шығып, жақсы, дұрыс орындалған жұмыстарды үлгі ретінде балаларға көрсетіп, бағалау.

9-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Балықтар.

Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: кесек ермек саздан созу тәсілі ар- қылы мүсіндеу дағдыларын жетілдіру; әртүрлі әдіс-тәсілдермен балықтың сыртын безендіру; мүсіндеу дағдыларын жетілдіру; бейненің сипатын аша білуге бағыт беру; ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Керекті құралдар мен материалдар:

Аквариумдағы балықтар, әртүрлі балықтардың суреттері, ермек саз, тақтайша, таяқша, қол орамал.

балалар үшін: жұмыс дәптері, ермек саз, тақтайша, таяқша, қол орамал, т.б.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Ұйымдастыру:

Кіріспе: Балаларға балық туралы жұмбақ жасырып, балалардың балық туралы не білетіндерін анықтау.

Жұмбақ:Қанаты бар,ұшпайды,

Жұрт айламен ұстайды.( балық)

Содан соң балаларды аквариумдағы балықтардың қасына шақырып, оның дене құрылысындағы ерекшеліктерге назарларын аударады. Балалар балықтың қандай түрін мүсіндегісі келетінін өздері анықтайды. Жұмыстың орындалу ретін көрсетіп, созу тәсілімен балықтың жүзбе қанаттары мен құйрығын қалай шығарып алуға болатынын көрсету. Әртүрлі тәсілдермен безендіру жолдарын үйретеді.

2. Түсіндіру Көк түсті ермек саз кесегін жұмсартып аламыз.

Ермек сазды домалақтап алып, аздап жаншып, жалпайтамыз.

Созу тәсілін пайдаланып, құйрығы мен жүзбе қанаттарын жасаймыз.

Ермек саздың бірнеше түсін пайдаланып,жіңішке ширатпалар мен домалақтар жасап аламыз.

Балықтың дене бөлігін ширатпалар және домалақтармен әшекейлейміз.



Көздерін мүсіндеп алып, бас бөлігіне бекітеміз.

Таяқшаның көмегімен аузын белгілейміз.

3.Өзіндік жұмыс Балалар жұмыс дәптеріндегі реттік орындау үлгісіне қарап отырып, әдемі балықтарды мүсіндейді.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Балалардың жасаған жұмыстарынан шағын көрме ұйымдастырылады.

10-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Көңілді күшік.

Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.



Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларды әртүрлі көлемдегі цилиндрді біріктіру арқылы мүсіндеу жұмысын жасауды үйрету; ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Керекті құралдар мен материалдар:

Күшіктердің суреті мен фотосуреттері, үлгі ретінде жасалған күшік, тақтайша, ермексаз, таяқша.

балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме:Балаларға жұмбақ жасырып, жауабын дұрыс тапқаннан кейін, күшіктің суретін көрсетіп, балалармен бірге күшіктің дене құрылысын анықтайды. Денесін, басын, аяқтарын әртүрлі көлемдегі цилиндрден мүсіндеуге болатынын түсіндіру.

2.Түсіндіру:Ермексаздан күшіктің жасалу жолдарын рет-ретімен түсіндіріп көрсете отырып, мүсіндеу жұмысын орындайды.

3.Өзіндік жұмыс: Бір кесек ақ ермексазды және жарты кесек қоңыр ермексазды жұмсартып алып, ақ ермексазды бірнеше бөлікке бөліп аламыз.

Ақ ермексаздан домалақтап басын, цилиндр пішінінде мойын, денесін, шүжық пішінінде аяқтарын (4 дана), құйрығын,

сопақша пішінде құлақтарын, түрлі түсті ермексаздан денесіндегі дақтарын мүсіндейміз.

Домалақтап жасалған басын аздап созып, күшіктің тұмсығының пішінін келтіреміз.

Кеудесіне күшіктің мойнын, басын біріктіріп, біріктірілген жігін тегістейміз.

Аяқтарын денесіне біріктіріп, төмен жағын аздап иіп, табанын шығарып аламыз.

Құйрығын жапсырып біріктіреміз.

Денесіндегі дақтарын жапсырамыз.

Қара ермексаздан мұрны мен көзін жасап алып, бас бөлігіне жапсырамыз.

Жұмыс барысында балаларға көмектеседі, жұмыс дәптеріндегі суреттердің орындалу кезеңіне назарларын аударады.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Дайын жұмыстарды бадалармен талдап, бағасын беру, кемшіліктерді түзету жолын өздерінен сұрау.

11-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ою-өрнек.

Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.



Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларға ермексаздан ширату әдісін қолдану арқылы ұлттық ою-өрнектерді жеңіл түрдегі бедермен орындауға үйрету; қазақтың ою-өрнектерінің элементтерімен таныстыру; балалардың көркемдік талғамын қалыптастыру; ою-өрнектегі түс үйлесімділігін сезінуге, әсемдікті қабылдай білуге тәрбиелеу.

Керекті құралдар мен материалдар:

Қазақтың сәндік - қолданбалы өнер бұйымдары, ұлттық ою-өрнектер үлгілері, ермексаз, тақтайша , таяқша.

балалар үшін: ермексаздар, тақтайша, таяқша, қолорамал.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: балаларға қазақ халқының күнделікті тұтынатын тұрмыстық бұйымдарының үлгісін көрсетіп„ олардың ою-өрнектеріне көңілдерін аударады.

Балалар қандай ою-өрнектерді көріп отырсыңдар?

Қошқар мүйіз, қызғалдақ, құсқанаты (балалар білетін ұлттық ою-өрнектерінің атын айтады).

Бұл өрнектер неге ұқсайды?

Құстардың қанатына, гүлге, малдың мүйізіне (жауаптарды тыңдау, түзету).

2.Түсіндіру: балаларға бүгінгі оқу іс-әрекетінде осындай ұлттық оюларды ермексаздан ширату тәсілін пайдаланып, бедерлейтіндерін айту. Бұл сабақ екі сағатқа есептелген, сондықтан бедерлеп мүсіндеудің бірінші кезеңі қалай орындалатынын көрсете отырып түсіндіру.

3.Өзіндік жұмыс:Ақ және қоңыр түсті ермексаз кесектерін жұмсартып аламыз.

Ермексаздың үлкен кесегін алдымен домалақтап алып, содан соң алақанға салып жалпақтаймыз, содан кейін тақтайшаға жапсырып, ою-өрнек салынатын негізгі өң бетін дайындап аламыз.

Саусағымыздың көмегімен ермексазды тегістейміз.

Өң бетіне тіс шұқығыш таяқшамен оюдың үлгісін сызып саламыз.

Балалар жұмыс дәптеріндегі үлгіні басшылыққа ала отырып, жұмыстың алғашқы кезеңін орындайды.

4. Қорыту:Сабақ соңында балалардың жұмыстарының орындалу барысын қадағалап, бедерлеп мүсіндеу жұмысы келесі сабақта жалғасатындығын айту.

12-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ою-өрнектер.

Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет