Мүсіндеу. Тақырыптық күнтізбелік жоспар(аптасына 1 сағат,барлығы 32 сағат)



бет1/2
Дата10.04.2017
өлшемі2,35 Mb.
#13618
  1   2
Мүсіндеу.Тақырыптық - күнтізбелік жоспар(аптасына 1 сағат,барлығы 32 сағат)

Н.А.Королькова, А.А.Оналбаева

Алматыкітап,2013




Іс-әрекет түрі

Іс-әрекеттің тақырыбы

Іс-әрекеттің мақсаты

Сағат саны

Күні

1

Мүсіндеу

Күн мен бұлт

Қатырмақағазға түрлі түсті ермексаз-дан өте биік емес бедер құру (ермексаз, қатырмақағаз)

1

3.09


2

Мүсіндеу

Саңырауқұлақты алқап

Екі бөліктен құрастыру тәсілімен затты мүсіндеу (ермексаз).

1

10.09


3

Мүсіндеу

Тасбақалар

Бүтін ермексаз бөлігін созу тәсілімен мүсіндеу (ермексаз).

1

17.09


4

Мүсіндеу

Киттің балалары

Ермексаздан бүтін бөлікті созу тәсілімен мүсіндеу (ермексаз).

1

24.09


5

Мүсіндеу

Көкөністер

Көкөністердің пішіні мен ерекшелігін көрсете отырып,нұсқасына қарап мүсіндеу (ермексаз).

1

1.10


6

Мүсіндеу

Кеселер

Шиыршақталған ермексаздан мүсіндеу.Ыдысты мүсіндеу тәсілін үйрену (ермексаз).

1

8.10


7

Мүсіндеу

Кеселер

Кесені оюмен безендіру.Ою жапсырылған кесені сәндік өрнектермен безендіру (ермексаз).

1

15.10


8

Мүсіндеу

Кірпілер

Ермексаз бен табиғи материалдардың көмегімен тікенек-ті кірпінің бейнесін жасау(ермексаз, шырша тікенектері).

1

22.10


9

Мүсіндеу

Балықтар

Үлкен ермексаз бөлігін созу тәсілімен мүсіндеу. Безендірудің әртүрлі тәсілдері (ермексаз).

1

29.10


10

Мүсіндеу

Көңілді күшік

Әртүрлі өлшемдегі циллиндр пішіндерден мүсіндеу тәсілі (ермексаз).

1

12.11


11

Мүсіндеу

Ұлттық ою-өрнек

Ұлттық өрнектермен безендірілген бедерлер құру. Шиыршақталған ермексаздан мүсіндеу (ермексаз).

1

19.11


12

Мүсіндеу

Ұлттық ою-өрнектер

Ұлттық өрнектермен безендірілген бедерлер құру. Шиыршақталған ермексаздан мүсіндеу (ермексаз.

1

26.11


13

Мүсіндеу

Көжектер

Әртүрлі өлшемдегі циллиндр пішіндерден мүсіндеу тәсілі (ермексаз).

1

3.12


14

Мүсіндеу

Түлкі

Әртүрлі өлшемдегі циллиндр пішіндерден мүсіндеу тәсілі (ермексаз).

1

10.12


15

Мүсіндеу

Аяз ата мен ақшақар


Әртүрлі әрлеу тәсілімен айқын бейне құрастыру арқылы мүсіндеу (ермексаз).

1

17.12


16

Мүсіндеу

Портрет

Бет-әлпеттің өзіндік ерекшелігін бере отырып бедерлі мүсіндеу (тұзды қамыр)

1

24.12


17

Мүсіндеу

Қысқы ойындар

Жеке мүсінделген фигуралардан сюжетті композиция құрастыру (ермексаз)

1

14.01


18

Мүсіндеу

Қысқы ойындар

Жеке мүсінделген фигуралардан сюжетті композиция құрастыру (ермексаз)

1

21.01


19

Мүсіндеу

Ұйқыдағы мысықтар

Әртүрлі өлшемдегі циллиндр пішіндерден мүсіндеу тәсілі (ермексаз).

1

28.01


20

Мүсіндеу

Қой

Қойды бедерлі мүсіндеу.Қой жүнінің түсін беру (тұзды қамыр).

1

11.02


21

Мүсіндеу

Ұлттық ою-өрнек-пен безендірілген тәрелке

Қағаз немесе пластика тәрелкені ою-өрнекпен сәндік безендіру (ермексаз).

1

18.02


22

Мүсіндеу

Тышқандар

Қаңқасы умаждалған фольга болатын тышқандарды тұзды қамырдан мүсіндеу (тұзды қамыр).

1

25.02


23

Мүсіндеу

Ұлттық киімдегі арулар

Ұлттық киімдермен танысу.Қоңырау пішінді белдемшенің негізінде қыз баланың тұлғасын мүсіндеу (ермексаз).

1

4.03


24

Мүсіндеу

Жылға

Түсті жаймарлау арқылы (су,аспан) бедерлі мүсіндеу тәсілімен танысу. Тақырыптың түстік шешімі және түстік айқындылықты күшейту (ермексаз).

1

11.03


25

Мүсіндеу

Алдаркөсе

Өзіндік келбет ерекшелігін бере отырып,ертегі кейіпкерінің бейнесін құрастыру (ермексаз).

1

18.03


26

Мүсіндеу

Сиырлар

Ұжымдық жұмыс.Жеке мүсінделген фигуралардан сюжетті композиция құрастыру (ермексаз).

1

8.04


27

Мүсіндеу

Қойлар

Ұжымдық жұмыс.Жеке мүсінделген фигуралардан сюжетті композиция құрастыру (ермексаз).

1

15.04


28

Мүсіндеу

Тауық және оның балапандары

Жинақталған пішіндерден – әртүрлі өлшемдегі шарлардан мүсіндер құрастыру (ермексаз).

1

22.04


29

Мүсіндеу

Ұлттық ыдыстар

Ұжымдық жұмыс. Ұлттық ыдыстар мүсіндеу.Жеке мүсінделген фигуралардан сюжетті композиция құрастыру (ермексаз).

1

29.04


30

Мүсіндеу

Менің отбасым

Сюжеттік мүсіндеу.Кейіпкерлер арасындағықарым-қатынасты беру (ермексаз).

1

6.05


31

Мүсіндеу

Менің отбасым

Сюжеттік мүсіндеу.Кейіпкерлер арасындағықарым-қатынасты беру (ермексаз).

1

15.05


32

Мүсіндеу


Шығармашылық сабақ

Өткенді қайталау. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

1

20.05



2-сабақ

Оқу іс- әрекетінің түрі:мүсіндеу
Оқу іс- әрекетінің тақырыбы: Саңырауқұлақты алқап.
Оқу іс -әрекетінің мақсаты:Балалардың бірнеше бөліктен тұратын заттарды біріктіріп, мүсіндей алу дағдыларын бекіту;оларға мазмұн беру;мүсіндеуге деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекі құралдар мен материалдар:
Педагог үшін: саңырауқұлақ суреттері,тақтайша,ермексаз,арнайы кескіш таяқша.
Балалар үшін:тақтайша,ермексаз,арнайы кескіш таяқша,қолорамал.

Оқу іс -әрекетін ұйымдастыру.

Балаларға саңырауқұлақ,олардың түрлері туралы түсінік беріп,қайда өсетіні,атауы,оның тамақ ретінде пайдаланылатыны,улы түрінің болатыны жайында мағлұматтар беру.Балалардан кімнің саңырауқұлақты өз көздерімен көргендігі,жинағандығы туралы сұрау.Педагог жұмыс дәптеріндегісаңырауқұлақты мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін көрсете отырып түсіндіреді.

Алдымен ақ және қоңыр түсті ермексаз кесегін екіге бөліп,алақан арасына салып жұмсартамыз.

Қоңыр түсті кесегін алақан арасына салып домалақтап,шарик жасаймыз.

Оның ортасын басбармағымызбен басып,саңырауқұлақтың қалпағының пішініне келтіреміз.Ақ түсті ермексазды цилиндр-шұжық пішініне келтіреміз,ол саңырауқұлақтың аяғы болады.

Енді екі бөлікті бір-біріне біріктіріп,олардың сырттарын тегістейміз.

Саңырауқұлақты жасыл түске боялған қатырма қағаздың үстіне орнатамыз.

Балалар үлгіге қарап отырып мүсіндеу жұмысын орындайды. Аяқталған жұмыстардың орындалуына талдау жасап,ең жақсы жасалғанын атап өту.


Оқу іс- әрекетін қорыту.

Жұмыстың орындалу сапасына назар аудару.Балалардың жұмыстарын бағалау,мадақтау.



3-сабақ

Оқу іс- әрекетінің түрі:мүсіндеу

Оқу іс- әрекетінің тақырыбы: Тасбақалар
Оқу іс -әрекетінің мақсаты:Бүтін ермексаз бөлігін созу тәсілі арқылы тасбақаны мүсіндеуді үйрету;мүсіндеу дағдыларын жетілдіру.
Көрнекі құралдар мен материалдар:
Педагог үшін: тасбақа бейнеленген суреттер,ермексаздан жасалған дайын үлгі,тақтайша,ермексаз, таяқша.
Балалар үшін:жұмыс дәптері,тақтайша,ермексаз, таяқша,қолорамал.

Оқу іс -әрекетін ұйымдастыру.

Балаларға тасбақа туралы жұмбақ жасыру.

Тастамайды бір елі,
Үйін сүйреп жүреді.
(Тасбақа)

Дұрыс жауаптан кейін тасбақаның суретін немесе ойыншықтасбақаны көрсету арқылы оның құрылысына , дене бітіміне назар аудару.

Бүтін ермексаз бөлігін созу тәсілі арқылы мүсіндеу жұмысының барысымен таныстыру.Үлгіні көрсете отырып,балаларға тасбақаның жасалу жолдарын көрсету.

Қоңыр ермексаз кесегін жұмсартып аламыз.

Үлкен домалақ жасаймыз.

Созу тәсілімен басын,мойнын және аяқтарын шығарып аламыз.

Жіңішке ширатпалар дайындап аламыз.

Тасбақаның сауытын ширатпалармен безендіреміз.

Балалар жұмыс дәптерлеріндегі үлгіге қарай отырып, тасбақаны мүсіндеуге кіріседі. Көрсетілген созу тәсілін қолдана отырып,жұмысты орындайды.
Оқу іс- әрекетін қорыту.

Дайын мүсіндерден шағын көрме ұйымдастыру,балалардың жұмыстарын бағалау,талдау.




4-сабақ

Оқу іс- әрекетінің түрі:мүсіндеу

Оқу іс- әрекетінің тақырыбы: Киттің балалары
Оқу іс -әрекетінің мақсаты: балаларға ермексаздың бүтін бөлігінен созу тәсілін қолдану арқылы мүсіндеу жұмыстарын үйрету;тиянақтылыққа,ұқыптылыққа баулу.
Көрнекі құралдар мен материалдар:
Педагог үшін: кит және олардың балалары бейнеленген суреттер,ермексаздан жасалған дайын үлгі,тақтайша,ермексаз, таяқша.
Балалар үшін:жұмыс дәптері,тақтайша,ермексаз, таяқша,қолорамал.

Оқу іс -әрекетін ұйымдастыру.

Балаларға кит,басқа да балықтар туралы жұмбақ жасыру.Балалардың жауабынан кейін киттердің баласының суретін көрсетіп, олардың дене мүшесінің құрылысына басы,құйрығы,қанаттарының орналасу ретіне назар аударылады.Етмексаздың бүтін бөлігінен созу тәсілі арқылы мүсіндеу жұмысын тағы көрсете отырып түсіндіреді. Үлгіні басшылыққа ала отырып, киттің баласын жасау жолын көрсетеді.

Көк түсті ермексаз кесегін жұмсартады.

Үлкен домалақ жасаймыз.

Созу тәсілімен киттің құйрығын шығарып аламыз.

Құйрығының дәл ортасынан тілік жасаймыз да,ұшын сүйірлеп,тегістеп,пішінін келтіреміз.

Тісшұқығыш шидің көмегімен көзі мен аузын белгілейміз.

Балалар жұмыс дәптердегі үлгіге қарай отырып, киттің баласын мүсіндеуге кіріседі. Шымшу, созу тәсілдерін қолданып,жұмысты орындайды.


Оқу іс- әрекетін қорыту.

Дайын мүсіндерден шағын көрме ұйымдастырып,балалар жұмыстарын бағалап,талдау.






Каталог: uploads -> doc -> 0c39
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c39 -> Қолдану кезеңі “ Ой қозғау ”
0c39 -> Сабақ жоспары Қайыңбаева Альмира Әділқанқызы Мариногорка орта мектебінің
0c39 -> Сабақтың тақырыбы: Периодтық заң және периодтық жүйе Сабақтың мақсаты
0c39 -> ТақырСабақ тақырыбы: Speaking about continents and countries of the world


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет