Мухамеджанова Сымбат Сайлауовна



Дата08.06.2018
өлшемі1,97 Mb.
#41694

Мухамеджанова Сымбат Сайлауовна,

Академик Е.А.Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі.

Солтүстік Қазақстан облысы,Сергеевка қаласы

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:

Мемлекеттік Рәміздер – Тұрақтылық пен Тәуелсіздіктің негізі

Государственные символы – основа стабильности и независимости


Сабақтың мақсаты:

Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру,балаларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.


Әдісі: сұрақ - жауап
Көрнекілігі: ҚР - ның рәміздері, Президент портреті,слайдтар.
Сабақтың барысы:
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі біздің «Мемлекеттік Рәміздер – Тұрақтылық пен Тәуелсіздіктің негізі» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.
Оқушылар орындарынан тұрып, ҚР - ның Әнұранын орындайды.
Оқушы:_Батырлықтың_уызына_жарыған,_Ер_түркіні_байрағынан_таныған_Өзі_ақын,_өзі_әнші_халықта,_Кім_айта_алар_болмаған_деп_Әнұран._Мұғалім'>Оқушы:
Батырлықтың уызына жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған
Өзі ақын, өзі әнші халықта,
Кім айта алар болмаған деп Әнұран.
Мұғалім: Шыныменен,Қазақстанның Әнұраны нені білдіретінін ұғып алайық.

Гректің «гимн» сөзі қазақша «ұран», «ұран салу» деген ұғымды білдіреді. Басқа ұлттар секілді қазақ елінің де әрбір ру - тайпасының таңба белгілері, жалауымен қатар, Әнұраны да болған. Елді жау шапқанда жер - жердегі сарбаздарды жинауға ат шаптырып, ұран салады, хабар береді. Кезінде сарбаздарға рух берген, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырған.



Сұрақ:_-_Балалар,_қазақ_халқының_«Бізді_таныдыңдар_ма»_деп,_әлемге_жар_салған_Әнұранның_әнін_жазған,_сөзін_жазғандар_кімдер_Жауабы'>Сұрақ:
- Балалар, қазақ халқының «Бізді таныдыңдар ма?» деп, әлемге жар салған Әнұранның әнін жазған, сөзін жазғандар кімдер?
Жауабы: Әні: Шәмші Қалдаяқов. Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов
Оқушы: ҚР - ның Әнұранында адамға зор рухани әсер ететін күш, өйткені Әнұранда халықтың, ұлттың, мемлекеттің, елдің бірлігінің нышаны бар.

Оқушы:
Бәрі болған,ертеректе көне де
Ел белгі де, ерлік өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді «Ту болмады» дегенге?
Мұғалім: Ту бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жаугершілік кезде ғана шығарылып отырған. Тудан айырылу - өліммен тең болған. Өздерімізге белгілі қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған.Сондай бір қиын - қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ордабасында кездескеннен кейін, Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан екен.
1

1992 жыл 4 - маусым - тарихи күн. Сол кезде Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз ҚР - ның мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті.


1992 жылы маусым айында тұңғыш президент Н. Ә. Назарбаев ұлт Туына тағзым етті.
Ту ортасында күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран, Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн шұғыла, қыран, өрнек бейнесі алтын түстес.
Оқушы:
Бас білгізіп жер тарпығын тарпаңға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.
Қалай оның Елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ен - таңба.
Оқушы:
Енді бүгін өлген Туым тірілді,
Әнұраным жалғап алды ғұмырды.
Босағада қалып кеткен Елтаңбам,
Баяғыша төріме кеп ілінді.
Ән: «Атамекен»
Мұғалім:

Егеменді еліміз жер әлеміндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті,ол өзінің Елтаңбасы мен Әнұранын,Туын белгілеп,осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, әдептілік рәсімдерін орындау борышымыз деп санауын көздейді.


Сұрақ:

Ал, балалар, ҚР - ның Елтаңбасында нелер бейнеленген?


Жауабы:

Күн сәулесі,көк аспан,шаңырақ,жұлдыз,қанатты тұлпар,бидай сабақтары.


Мұғалім:

Олар қандай мағынаны білдіреді?



Оқушы:

Көк аспан – кеншіліктің, тыныштық пен биіктіктің белгісі. Ашық аспанға тараған күн сәулелері сәулетті өмір санатын көрсетіп тұрғандай, биіктегі жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын білдіреді.



Оқушы:

Елтаңбадағы алтын шаңырақ Қазақстанның «қара шаңырақ» деген қасиетті сөзінен алынып, шаңырақ астындағы халықтар бірлігін талап етіп, халықтың қасиетті шаңырағы биіктеп, отбасына күн ананың жарығын шашып,бақыт жұлдызының нұрын төгіп тұр.


Оқушы:

Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз - ертегісінен алынған. Аңыз бойынша, қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп, халықты қасіреттен азат еткен.

2

Оқушы:

Бидай сабақтары – молшылықтың нышаны. Аспан ашық, жұлдызы жарқыраған, шаңырағы биік, жеңімпаз, молшылық елінің перзенті болу.

Қорытынды.
Оқушы:

Алдағы уақытта тәуелсіз еліміздің шаңырағынан күн сәулесі тарап, кең даласы нанға толып, көлдері көкке күмістер шашып, тілінің мәртебесі биік болсын!


Мұғалім:

Сонымен қорыта келгенде, өзіміздің жерімізді, Рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық!

Туған жер киелі ұғымды әр Қазақстандық құрмет тұтуға,оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық.

«Ел ерімен мақтанар, жер кенімен мақтанар» деген, елімізді қорғар ер - азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл - қыздар молая берсін.



- Слайд көру.

- Оқушылар тілектер жазады.

-Ашық сабақ нәтижесін тексеру мақсатында тест тапсырмасы алынады.
3

Тест тапсырмасы

1) Мемлекеттік рәміздерге не жатады?
А) Әнұран, рәміз, Президент

Б) Әнұран, ту, гимн
Ә) Әнұран, елтаңба, ту

2) Елтаңбаның авторлары?
А) Шәмші Қалдаяқов, Жандарбек Мәлібеков
Ә) Шәкен Ниязбеков, Шотаман Уәлиханов
Б) Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов

3) Тудың авторы?
А) Шотаман Уәлиханов
Ә) Шәкен Ниязбеков
Б) Жандарбек Мәлібеков

4) Елтаңбаның негізі...
А) Шаңырақ Ә) Тұлпар Б) Бес бұрышты жұлдыз

5) Мемлекеттік тудың түсі қандай?
А) Көк түсті Ә) Көгілдір түсті Б) Сары түсті

6) Тудың ортасында не бейнеленген?
А) Ою өрнек, арайлы күн Ә) Арайлы күн, қыран Б) Алтын түсті ою өрнек

7) Тудың ені ұзындығының жартысына тең.
А) Дұрыс Ә) Дұрыс емес

8) Қанатты тұлпар қай рәмізде бейнеленген?
А) Туда Ә) Елтаңбада Б) Әнұранда

9) Әнұранның әнін жазған автор?
А) Жұмекен Нәжімеденов
Ә) Шәмші Қалдаяқов
Б) Нұрсұлтан Назарбаев

10) Сөзін жазған авторлар?
А) Шәмші қалдаяқов, Нұрсұлтан Назарбаев
Ә) Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов
Б) Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

11) Елтаңбаның төменгі жағында қандай жазу бар?
А) Республика Ә) Рәміз Б) Қазақстан

12) Күн, арай, қыран және ою - өрнек қандай түсті?
А) Алтын түсті Ә) Көк түсті Б) Қызғылт түсті
13) Мемлекеттік әнұранның жаңа нұсқасы қай жылы қабылданды?
А) 2006 жыл Ә) 1992 Б) 2007

14) «Әнұран» терминінің өзі нені білдіреді?
А) Салтанатты өлең Ә) Әскери өлең Б) Бірінші өлең

15) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні қашан?
А) 4 маусым Ә) 4 шілде Б) 4 мамыр

16) Әнұран орындалған кезде қандай тәртіп болу керек?
А) Ресми салтанатты жиындарда әнұран орындалған кезінде қатысып отырғандар тұрып және сол жақ кеудесіне оң қол алақанын қою керек.
Ә) Ресми салтанатты жиындарда әнұран орындалған кезінде қатысып отырғандар сол жақ кеудесіне оң қол алақанын қою керек.
Б) Ресми салтанатты жиындарда әнұран орындалған кезінде сол жақ кеудесіне оң қол алақанын қою керек.

4
Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Діннің қоғамдағы ролі»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері Сабақ тақырыбы
sabaktar -> Жайна ахмет асқарқызы М. Маметова атындағы жалпы орта мектебінің тәлімгері. Созақ ауданы Бабата ауылы Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгілік жыр»
sabaktar -> Сабақтың эпиграфы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Өзіңсің поэзия Пайғамбары
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет