Музыка и жизнь Музыка: изучение и преподавание



Дата08.06.2018
өлшемі16,8 Kb.
#41273
Музыка и жизнь/1.Музыка: изучение и преподавание
Ормалдаева А. К., Рахимжанова Г. Т.

Қазақстан Карағанды ҚМҚК № 3 Балалар музыка мектебі

Қазақтының күй өнері

«Домбыра мұнша шешен болдың неге?

Күй толған көкірегің шежіре ме?

Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесін

Саусағым тиіп кетсе ішегіңе»

(Қ. Аманжолов)

Қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің ұлттық музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, қадырлеп көзінің қарашығындай сақталып, кымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Бұл мұра ғасырдан ғасырға іріктеліп, сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отырған. Байырғы кезде қазақ үйнің төрінде әрдайым домбыра ілулі тұрған немесе үй –ішінің біреуі домбырада күй шертпейтін отбасы қазақ арасында кемде-кем болған.

Құдайберген Жұбановтың еңбегінде «күй» сөзіне мынадай пікірін білдіреді: «Қазақта «күй» түрінде айтылатын шағатай, ұйғыр тілдерінде, анатоль түрік тілінде «көк» болып айтылуы тиіс. Қазақтың «и» дыбысының бір қатары шағатай тілінде, ескі ұйғыр тілінде, түркімен, әзірбайжан, анатоль түріктерінің тілінде к, г-ге айналады. Қазақша «байламақ» деген сөз оларша «бағламақ» болады; қазақша «тімек» деген сөз оларша «текмеқ» болады ...сондықтан «күй» деген сөз оларда «кок» болуы табиғи нәрсе», - дейді. Сондай –ақ Ақселеу Сейдімбек те осы пікір жайлы «Күй деп басталатын қай сөздің де сезіммен астасып жатыр. Сол сөз көшпенділердің ең киелі сезімі - тәңірлік наным сеніммен ұштасып жатады. Демек, «күй» деген сөз әу баста Тәңірлік құбылысты білдірген. Тәңірдің дыбысы деген сенімдегі мағынамен шендес болғаны аңғарылады», - деп Құдайберген Жұбановтың пікіріне қосылған.

«Күй» сөзі түрік тілдерінің деректерінде XI ғасырдан бері белгілі. Махмұд Қашқаридің әйгілі еңбегі «Дивани лұғат ит түрік» атты сөздігіндегі «көк» ( қазақта күй болып айтылады) деген атау аспапты музыканы да, әнді де білдіреді. Осы күнгі татар тілінде де «күй» сөзі аспапты музыка мен вокалдық музыкаға ортақ қолданылады. XVI ғасырдан бермен қарай «күй» сөзі тек аспапты музыканы ғана білдіретін мағынаға ие болады.

Ен далада күн кешкен елдің аузынан шыққан «күй» деген сөздің аспаптық музыкаға тән атау екені, оның түп – тамыры одан да аргы замандарда жатқаны он төртінші ғасырдан бері белгілі. Осыған дәлел байырғы заманда 600 жыл бұрын тасқа салынған суреттін табылуы. Сондай ақ «күй» сөзінің көнелігін білдіретін тағы бір дерек қазақта «Ақсақ құлан» атты күй болуы. Туу тарихы жағынан бұл күй Шыңгыс хан жорықтарымен тұстасады. Қазақ халкының басына қара заман боп орнаған XIII – XIV ғасырдың тарихи оқиғаларын баяндайтын шығармаларды алсақ, олардағы музыкалық тілдің тереңдігі, асқан шеберлікті керек ететін ойнау әдіс – амалының молдығы, аңыз хикаяларды суреттеудегі бағдарламалық жүйесі Қазақстан жерінде аспаптық музыка мәдениеті аса жоғарғы дәрежеде ертеде – ақ дамығанына бірден бір айғақ. Қазақ халқының тұрмыс – харекетімен, өмір тіршілігімен әрқашанда тығыз байланыста болатын күй - жүздеген жылдардан бері қанат жайып, өркендеп келе жатқан жанр. Халқымыздың музыкалық қазынасында сары алтындай сандалкер күйлер жүздеп саналады. Оларды хатқа түсіретін нота мәдениеті жоқ болса да, сыры мен сымбатын жоғалтпай, қайта ажарлана, әрлене түсіп, ауыздан ауызға көшіп, атадан балаға мирас боп қала берді. Әлбетте, құм басқан қалалардай, бізге жетпей, уақыт шыңының астына көміліп қалған күйлер де есепсіз екені және даусыз.

Ол қазақ халқының дәстүрлі талғам – танымы бойынша күй атаулы өзінің саз – сарынына орай «қоныр қүй», «тік күй», және «бойлаулық қүй» үшке бөледі. Осы атаулардың әрбірі жеке күйдың саз – сарынын да анықтайды. Мысалы, қоныр күйлер философиялық ойға құрылып, көбінесе өмірдің ойлы, мұңлы сәттерін толғайды. Сол арқылы тындаушыны сабырға шақырады немесе өмірдің мән – мағынасын зердеге ұялатады. Айталық Ықыластың "Коңыр», Тәттимбеттің «Көкейкесті», Қазанғаптың «Көкіл», Дәулеткерейдің «Жігер» сияқты күйлерін айтуға болады. Тік күйлер болса, өмір құбылыстарын тындаушысына елестетіп отырады. Тік күйлер әмірдің қызық да күрделі құбылыстары туралы дыбыспен сурет салады, дыбыспен баяндап береді. Әрі қарай тындаушысы өз өресі, өз сезім түйсігі жеткен жерге байлам жасайды, белгілі бір әсерге бөленеді. Тік күйдың классикалық үлгілері ретінде Құрманғазының «Ақсақ киік», Әшімтайдың «Қоңыр қаз», Нұрғисаның «Аққу» сияқты күйлерін атаған жөн. Бойлаулық күйлер көбінесе жоқтау сарынымен өмірдің қайғылы, зарлы сәттерін бейнелейді. Мәселен Ықластың «Ерден», Әбдидің «Қосбасар» күйлері.

Сан ғасырлар бойы күйшілер қолында дамып, ұлттық ерекшеліктерді бойына жинаған күй өнері, қазақтың сезімі мен ойын кең ауқымда суреттей келе, оның шын мәнінде қазақтың музыкалық құдіретіне айналды.



Дәстүрлі музыка өнері еліміздің тарихимен байбайласысты. Тарих қойнауына терең бойлап, өткен күннің үзік сырларын ой сүзгісінен өткізіп қарасақ, әрідегі Огыз, Қапшақ, Сақ пен Ғұн, берідегі Түріқ нәсілінің белінен тараған халықтың ілкілдегі баба өнері қазақ жерінің күрең топырағында тамырын тереңге тарыпты. Кейін түркі тілдес туысқан елдер шартарапқа тарыдай шышылып қазақ елі дербес ұлт болып жеке дара шықты. Өзінің тілін, діңін, мәдениетін қалыптастырды. Бірақ қалай дегенде де біздің ұлттық музыкамыз туыс халықтарымен байланысты. Басты айырмашылық оларда бәрі, яғни ән де, музыка да, би де «Күй» деген бір – ақ сөзбен атаған.

Көне ғасырда Қорқыт, XII ғасырда Кетбұға, XIV - XV ғасырларда Асанқайғы, XV ғасырда Қазтуған, XVI – XVII ғасырларда Байжігіт, XVIII ғасырда Абылайхан, XIX ғасырдың бас кезінде Боғда, Махамбет, Тәттимбет, Құрманғазы, Абыл, Тоқа, Сармалай, Ықылас, Қазанғап, Байсерке, Шортанбай, Тіленді, Дайрабай, Өскенбай, Мамен, Дина, Сүгір, Сейтек т.б. секілді дарынды күйші, дәулескер домбырашылар - қазақ күй өнерінің туын әр ғасыр, әр жылдарда биікке көтерген тума таланттар еді. Солар арқылы ұлттық музыка өнеріміз өзіндік бет – бедерін сақтап қалды.
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет