Н. Назарбаев. Астрахан №1 орта мектебі



бет1/8
Дата17.04.2017
өлшемі1,64 Mb.
#14137
  1   2   3   4   5   6   7   8
Біздің қоғамда адал еңбекті терең біліммен ұштастырған ғана

табысқа жете алатынын қаперден шығармаған абзал.  

Н.Назарбаев.

Астрахан №1 орта мектебі

оқу-әдістемелік жұмыстың

2014-2015 оқу жылының І жартыжылдығық талдамасы

Шығармашыл ұстаздан- талантты шәкірт
2014-2015 оқу жылы.Педагогтардың шығармашылық әлеуетін жетілдіру, дамыту мақсатында мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен ізденушілік, зерттеушілік, ғылыми байланысын орнату.

Мектептің педагог мамандармен қамтамасыз етілуі




Барлық педагог мамандар саны -36




Мамандығы, санаты бойынша

саны

%

1

Жоғары

34

94%

2

Орта

2

6%

3

Жоғары біліктілік санатты

7

19%

4

І біліктілік санатты

13

36%

5

ІІ біліктілік санатты

10

28 %

6

Санаты жоқ

6

17%


Білім сапасының салыстырмалы көрсеткіштері

Мектептің жалпы білім сапасы

І тоқсан

Оқушы саны

ІІ тоқсан

Оқушы саны

%

54

318/36

59

319/36


Байқаулар

Байқау тақырыбы

Марапаттау түрі

деңгейі

мерзімі

Жазғы демалысты ұйымдастырудағы белсенділігі үшін

диплом


Ақмола облыстық кәсіподақ федерациясы

2014 жыл

Кәсіби сайыстар, 2014-2015 о.ж. І ж.ж.



Мұғалім аты- жөні

лауазымы

сайыс тақырыбы,

деңгейі

нәтижесі

1

Курганбаева Перизат

психолог

«Үздік жыл психологы-2014», аудандық байқау,


ІІорын Диплом



2

Ахыт Еркегүл

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Қашықтық интернет олимпиадасы, республикалық

Аудандық «Үздік нәтиже»

3

Кагенов Сейлбек

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Қашықтық интернет олимпиадасы, республикалық

Аудандық «Үздік нәтиже»

4

Ақылбеков Серік

Қазақстан тарихы

Қашықтық интернет олимпиадасы, республикалық

Аудандық «Үздік нәтиже»

5

Жусупова Жанна

Ағылшын тілі

Қашықтық интернет олимпиадасы, республикалық

Аудандық «Үздік нәтиже»

Іс-тәжірибе таратылуы, баспа әрекеті

мұғалім

тақырыбы

түрі

мерзімі

Басылым атауы

Баспаға шығарған жер

Балабева С.А.

«Жаңа ғасырға жаңашыл ұстаз»

Кластан тыс шара

2014ж.

«Әлем өзгеруімен біз өзгереміз»

кітап.


Республикалық NIS орталығы Астана қаласы ПШО

Өтениязова А.А.

Т.Молдағалиев «Ғарыш айлағы»

ашық сабақ

2014, №1

«Бастауыш сынып оқыту әдістемелігі»

Республикалық журнал, Алматы қаласы

Өтениязова А.А.

ХХІ ғасыр көшбасшысы

Сыныптан тыс іс-шара

2014, №3

«Бастауыш сынып оқыту әдістемелігі»

Республикалық журнал, Алматы қаласы

Койбагарова А.А.

Қос сөздер

4 сынып



Ашық сабақ

2014, №4

«Бастауыш сынып оқыту әдістемелігі»

Республикалық журнал, Алматы қаласы

Казанбаева А.А.

Абай «Қыс» өлеңі

Ашық сабақ

2014, №6

«Бастауыш сынып оқыту әдістемелігі»

Республикалық журнал, Алматы қаласы

Махан Манке

10-сыныптың қазақ әдебиетіне арналған жырлар топтамасы

(қосымша материал)

2014 ж

«Халықаралық әлеуметтік-педагогикалық жәрмеңке материалдары» жинақ.

«Өрлеу» БА ҰО АҚ филиалы

«Көкшетау ОБПҚБАИ»





Кәсіби біліктілігін көтеру курстары, 2014-2015 о.ж. Іж.ж.



Аты- жөні

Сертификат №, мерзімі, орны

Пәні (бағыты)

Тақырыбы

1

Өмірзақ Ермұхамбет Қалелұлы

«Өрлеу» БА ҰО АҚ филиалы

«АОБПҚБАИ», Көкшетау қ (24.10.2014ж.), № 0018162



География,

PISA халықаралық зерттеу-оқыту функционалдық сауаттылығын арттыру

2

Келденбек Хуанған

«Өрлеу» БА ҰО АҚ филиалы

«АОБПҚБАИ», Көкшетау қ (10.10.2014 ж), № 0017734



Математика

PISA халықаралық зерттеу-оқыту функционалдық сауаттылығын арттыру

3

Ерсейтова Жумагүл Уалихановна

«Өрлеу» БА ҰО АҚ филиалы

«АОБПҚБАИ», № 0046552



дінтану

«Дінтану негіздері» факультатвтік курс сабағында дінаралық толернаттық тәрбие

Кембридж тәсілі бойынша курстан өткен мұғалімдер туралы мәлімет

Аты- жөні

санаты

пәні

мамандығы

Өткен жері

Сертификат №

деңгей

Кагенов Сейлбек Қазбекұлы

бірінші

Қазақ тілі, әдебиеті

«Өрлеу» БА ҰО АҚ филиалы

«АОБПҚБАИ», Көкшетау қ



ІІІ№ 0011484, 08.12.2014 ж.


ІІІ

Утеева Зерегүл Жұбандыққызы

бірінші

Бастауыш класс

«Өрлеу» БА ҰО АҚ филиалы

«АОБПҚБАИ», Көкшетау қ



ІІІ№ 001151, 08.12.2014 ж.


ІІІ

Ибекенова Самал Габдулманаповна

екінші

Химия, биология

Ақмола облысы ПШО, Көкшетау

І№ 00003887 17.11.2014 ж.


І

Касымова Салтанат Шортанбаевна

бірінші

Химия, биология

ПШО, Көкшетау (26.08-29.11.13ж.)

ІІ № 0002816, 22.12.2014 ж.


ІІ

Казанбаева Анаргүл Абаевна

жоғары

Бастауыш класс

Алматы

(9.09-10.12.13 ж.)



ІІ 96№ 00004214, 15.12.2014 ж.

ІІ

2014-2015 оқу жылының І жартыжылдығында 5 мұғалім Кембридждік бағдарлама негізінде оқу курстарын ойдағыдай аяқтады. Барлығы да тестен жоғары ұпайлар алды.Ал мектеп басшыларына арналған Кембридж бағдарлама негізіндегі 9 айлық курста мектеп басшысы Балабаева С.А. оқуын жалғастыруда.

Тәжірибе алмасу, жетілдіу:

2014 жылдың қыркүйек айында Астрахан №1 орта мектебінде Ақмола облысы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалы ұйымдастыруымен деңгейлік курс бағдаламасы бойынша облыстық семинар өтті. Семинарда мектебімізден ІІ деңгейді аяқтаған мұғалім Абишева С.Б. «Lesson study-оқыту әдісі» тақырыбында барлық аудан мұғалімдері алдында коучинг жүргізді. Аталмыш әдістің шығу тарихына, тиімділігіне тоқтала келе, «Lesson study» бойынша қалай жұмыс жасауға болатынын қатысушы мұғалімдер өз бойынан өткізіп, терең мағлұмат алды. Абишева С.Б. осы семинарда физика пәнінен 7 «а» сыныбында мастер класс берді. Сабақ барысында топтық жұмыстың, бағалаудың озық үлгілерін көрсетті.

2014 жылдың қараша айында Астрахан №1 орта мектебі базасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Ақмола облысы филиалы ұйымдастыруымен «Оқытудағы тиімді бағалаудың түрлері» тақырыбындағы облыстық семинар өтті. Семинарда ІІІ деңгей бағдарламасын аяқтаған бастаушы сынып мұғалімі Отениязова А.А. мен тарих пәні мұғалімі Ерсейтова Ж.У. «Оқытудағы тиімді бағалаудың тиімділігі» тақырыбында масттер класс берді. Мастер класс қатысушылар тарапынан өте жоғары бағаланды, себебі бағалаудың түрлеріне және оқушылармен жұмыстарынан таныстырылым көрсетуімен ерекшеленді.

Мектепте І жарты жылдықта дене шынықтыру және АӘД пәні, ағылшын тілі, орыс тілі мен әдебиеті, тарих пәні апталықтары өтті. Пән апталықтарында дене шынықтыру пәні мұғалімдері Ашкенов В.Қ., Рахман А, АӘД мұғалімі Абдрахманов Б.А., ағылшын тілі мұғалімдері Жусупова Ж.К., Баймуканова С.Ж, орыс тілі мұғалімдері Құттыбаева Б.Е, Кусаинова Б.Т, тарих пәні мұғалімдері Ақылбеков С.А., Ерсейтова Ж.У. ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. Қабырға газеттері сайыстары, сурет көрмесі т.б. оқушылардың шығармашылығын дамытуға ықпалын тигізді. Бірақ, апталықтарында өтетін сыныптан тыс іс-шаралардың сапасын жетілдіру пән мұғалімдеріне ұсыныс ретінде айтылды.

Қыркүйек айынан бері І деңгейді бітірген Ибекенова С.Г. және Ақылбеков С.А. ұйымдастыруымен 8 «а», 5 «а», 7 «ә» сыныптарында пән мұғалімдерінің қатысуымен «Lesson study» оқыту әдісі бойынша сабақтар циклі құрылып тәжірибеден өтілуде. І жарты жылдықта І цикл аяқталып қорытындыланды. Зерттеу жүргізген сыныптардағы бақылауға алынған оқушыларда оқуға деген оң өзгеріс байқалғаны көрсетілген дәлелдемелер жинақталды. Бастауыш сынып мұғалімдері қатысуымен сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу өтуде. Зерттеуге қатысқан мұғалімдер ашық сабақтар беріп, нысаналы оқушылар зерттелуде. Тәжірибеден өтіп жатқан жаңаша оқу әдісі мектептегі білім сапасының артуына ықпал етіп, жаңа технологиядағы 7 модульді ықпалдастырудың тиімді жолдары насихатталуда.

ІІ деңгейді бітірген Абишева С.Б, Ахыт Е, Касымова С.Ш, Қазанбаева А.А. Кембридждік бағдарламасы негізінде 7 модульді қолданудың жолдарын көрсететін оқыту коучингтерін тоқсан сайын өткізіп отыр. Нәтижесінде мұғалімдер сыныптарда топпен жұмысты жандандыруда.



Жас және жаңадан келген мамандармен жұмыс жүйесі

Астрахан №1 орта мектебінде 2 жас маман бар. Баймуканова Салтанат Жанатқызы, 3 жыл ағылшын тілі маманы ретінде жұмыс жасауда. Өткен оқу жылындағы тәлімгері Еңсебаева С.С. ауысуына байланысты жас маманға тәлімгер ретінде әдістемелік жетекшісі Құттыбаева Бақыт Ержановна бекітілді. Жұмыс жоспарлары құрылған.

Жаңадан келген маман музыка пәні мұғалімі Ибрагимова А.М. Еңбек өлілі 12 жыл. Жас мамандар мен жаңадан келген мұғалімдер жоспар бойынша сабақтарға қатысып, әдістемелік кеңестер алып отырады. Әрбір жас маман педагогикалық идеялар папкасын жинақтайды. Онда өздеріне әдіскер, тәлімгер тарапынан, өздерінің іздеулері бойынша қажетті нұсқаулықтар, сабақ жоспарларының үлгілері, жазылған кеңестер т.б. жинақтайды. Жас мамандарға тәжірибелі мамандардың сабақтарына көбірек қатысуға кеңестер берілді.

Алдабергенов Толқын Жаңбырбайұлы педагогикалық өтілін енді бастаған маман. Білімі жоғары, технология пәні мұғалімі мамандығы бойынша биыл бітірген. Тәлімгері ретінде бірінші санатты мұғалім Абишева Сәрия Беккожиновна бекітілді.


ІI тоқсан бойынша оқу-әдістеме жұмысына талдама

Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр.

Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші.

Сауаттылық тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатындықтан, функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір білім-біліктерден көрініс табады. Өйткені функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді.

Функционалдық сауаттылық оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты, оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі, оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі, әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі, білім, білік, дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы. Ол оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін табу құзыреттіліктерінің бірлігінен құралады.

Оқушылардың функционалдық сауаттылық мазмұны келесі құзыреттіліктерден көрінеді:



  • оқу, жазу сауаттылығынан;

  • жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығынан;

  • математикалық сауаттылығынан;

  • компьютерлік сауаттылықтан;

  • денсаулық мәселесіндегі сауаттылықтан;

  • құқықтық сауаттылығынан.

2014-2015 оқу жылының ІІ тоқсанын 319 білім алушы аяқтады. Барлығы 1-11 кластар аралығында 17 класс- комплект бар. 1-4 сыныптар арасында 6 класс-Мектепалды комплект, 5-9 сыныптар арасында 9 класс-комплект, 10-11 сыныптар арасында3 класс-комплект бар. Даярлық тобында 2 класс-комплект бар, 36 бала тәрбиеленуде.

сыныптар

Сапа І тоқсан

Оқушы саны

Сапа ІІ тоқсан

Оқушы саны

1- 4 сыныптар

68%

124

78%

126

5-9 сыныптар

47%

161

49%

160

10-11 сыныптар

48%

33

48%

33

Жалпы


53%

318

59%

319

2-тоқсан қорытындысы бойынша бастауыш сатыда (1-4 сынып) 126 оқушы оқыды, оның ішінде 35-і үздіктер қатарында, 34-і екпінділер қатарында аяқтады. Үлгермеуші оқушы жоқ. Оқу үлгерімі – 100 %; білім сапасы – 78%; Ең жоғарғы білім сапасын 2 сынып (сынып жетекшісі Оспанова Г) – 86 % көрсетті.



Негізгі сатыда (5-9 сынып) 160 оқушы оқыды, оның ішінде 30-сы үздіктер қатарында, 49-ы екпінділер қатарында аяқтады. Үлгермеуші оқушы жоқ. Оқу үлгерімі – 100 %; білім сапасы – 49%; Ең жоғарғы білім сапасын 6ә сыныбы (сынып жетекшісі Абишева С.Б.) – 60 % көрсетті. Ең төменгі білім сапасын (26 %) 8ә сыныбы (Құттыбаева Б.Е..) көрсетті.



Жоғарғы сатыда (10-11 сынып) 33 оқушы оқыды, оның ішінде 9-ы үздіктер қатарында,10-ы екпінділер қатарында аяқтады. Үлгермеуші оқушы жоқ. Оқу үлгерімі – 100%; білім сапасы – 57%;


Каталог: 887344EE9999D2F9
887344EE9999D2F9 -> «Менің тұңғыш Президентім» (1 желтоқсан – тұңғыш Президент күніне арналған тақырыптық әңгіме) Мақсаты
887344EE9999D2F9 -> «математикалық сандық» ойыны
887344EE9999D2F9 -> Астрахан №1 орта мектебінің мектеп жанындағы жазғы «Күншуақ» лагерінің II кезеңінің жұмыс жоспары 2014-2015 оқу жылы
887344EE9999D2F9 -> Сабақтың түрі: Сабақтың өту барысы: Аралас сабақ Оқушыларды ұйымдастыру
887344EE9999D2F9 -> Ата аналарға арналған сауалнама
887344EE9999D2F9 -> Орта мерзімді сабақ жоспары
887344EE9999D2F9 -> Педагогтың шығармашылық Өсу картасы
887344EE9999D2F9 -> 7 модуль бойынша білім беруді көздейді
887344EE9999D2F9 -> Сабақ тақырыбы Сағат Зертханалық сарамандық жұмыстар Кіріспе


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет