Н. У. Шаяхметов, тарих ғылымдарының докторы



бет9/23
Дата27.11.2016
өлшемі10,94 Mb.
#2594
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

ЛИТЕРАТУРА


  1. Аристов Н.А. Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности. СПб, 1897.

  2. Бичурин Н.Я (Иакинф). Собрание о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. І-ІІІ т. Спб., 1851.

  3. Блок Марк. Апология истории или ремесло историка. Пер.Е.М.Лисенко. Прим.А.Я.Гуревича. М., 1973.

4. Валиханов Ч.Ч. О формах казахской народной поэзии. //Собр. соч. в 5-ти т. т.1. Алма-Ата, 1984, с. 280-286.

5. Источниковедение Африканской истории. М., 1977.



  1. Кашгари М. Түрік тілінің сөздігі: /Диуан лұғат – ат -түрік/ 3 томдық шығармалар жинағы. Ауд. А. Егеубай. Алматы, 1997.

7. Көпейұлы М.Ж. Шығармалары. 1-13 томдар. Павлодар, 2001-2008.

8. Ксенофонтов Г.В. Пастушеский быт и мифологические воззрения классического Востока//Шаманизм. Якутск, 1992.с. 268.



  1. Молчанова О.Т. Топонимический словарь Горного Алтая. Горно-Алтайск, 1979

  2. Толстов С.П. По следам древнехорезмийской цивилизации. М.,-Л., 1948.

  3. Томпсон П. Голос прошлого. Устная история. Пер. с. анг. М., 2003.

  4. Vansina J. Orаl Tradition. A Study in historikal metodoloqy. Chicaqo, 1965.

  5. Октябрьская И.В. Стратегии взаимодействия в пограничных районах Южной Сибири сквозь призму этнического сознания//Народонаселение Сибири: стратегия и практика межкультурной коммуникации ХУІІ-начала ХХ века. Новосибирск, 2008.



И.Н. Байназаров

г. Уфа, Башкортостан
НЕКОТОРЫЕ ВОПРОСЫ ИЗУЧЕНИЯ И СОСТАВЛЕНИЯ

ШЕЖЕРЕ БАШКИР
Составление родословных есть дело чрезвычайно трудоемкое, общественно ответственное и важное явление в жизнелюбии, в восприятии человеческой жизни как непрерывного творческого подхода.

С древних времен у многих народов сложился обычай изустной передачи, а позже – и письменной фиксации истории родов и племен. На этой основе возникли у европейских народов скандинавские саги, славянские летописи, историко-летописные памятники тюркских и других восточных народов – исторические предания, книги событий и шежере (родословные).

Башкирские шежере – своеобразные письменные памятники, относящиеся к XVI – XIX вв., а некоторые из них – и к более ранним периодам. В эти записи башкиры вносили имена предводителей своих родов, наряду с перечнем имен включали сведения об исторических событиях, имевших место при том или ином родоплеменном вожде, о фактах из жизни родов и племен.

С точки зрения возникновения и бытования шежере представляют собой древнее явление. Знание родовых шежере, поколений предков считалось обязательным при патриархально-родовых устоях. Сведения о наиболее авторитетных аксакалах, о самых значительных событиях в жизни рода передавались из поколения в поколение, сохранялись в памяти как неписаная история рода. Позднее, с распространением среди башкир письменной культуры, шежере получили свое письменное оформление (самые ранние, возможно, возникли в булгарскую эпоху или чуть позднее).

Во времена Золотой Орды и позднее борьба башкирских родов за сохранение патриархально-родовых отношений и своей самостоятельности превратила шежере из простого родового атрибута в полифункциональный документ, они становились своеобразными родовыми ярлыками. С этим связано возведение истоков некоторых шежере к Чингисхану. Башкирские шежере в какой-то мере отразили борьбу с казанскими, сибирскими ханами и ногайскими мурзами за землю и свободу.

После добровольного вхождения Башкирского народа к России и получения жалованных грамот от Ивана Грозного на земельные владения шежере и приобретают часто характер официального документа.

По своему типу они разнообразны. Есть шежере, представляющие собой только генеалогическое древо рода, шежере с текстовым описанием основных событий и личностей сочетается с легендами и преданиями, подробным освещением событий.

Шежере в известной степени носят энциклопедический характер: в них содержатся различные сведения по истории и быту народа в целом и отдельных родов, описание нравов, обычаев, юридических и морально-этических норм.

Структура шежере следующая: они состоят из генеалогии списка имен поколений рода, подобного ветвям и листьям единого ствола; перед этим списком и после него приводится описание событий, вошедших в историю данного рода и составляющих текст шежере. В некоторых шежере возможно и отсутствие отдельного текста. В таких случаях существует обычай введения краткого сопутствующего текста.

Изложение текста в шежере обычно начинается с легенды религиозного или полуфантастического мифологического характера, затем генеалогическая запись нередко сочетается с описанием событий, исторических фактов, связанных с той или иной исторической личностью.

Шежере можно разбить на несколько групп:

- генеалогическая схема; генеалогическая схема с пояснительным текстом различного характера: исторические события, известные личности, миграции, основания деревень, сведения социально-экономического характера и пр.;

- генеалогическая схема, сопровождаемая легендарными преданиями относительно происхождения того или иного рода, племени;

- фамильное шежере;

- история деревень;

- шежере в стихотворной форме.



Ж. Бейсенбайұлы

Астана қ., Қазақстан
ШЕЖІРЕТАНУ ЖӘНЕ ДНК-ГЕНЕАЛОГИЯ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ РУ-ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ЭТНОТЕКТІК НЕГІЗДЕРІ
1990 жылдың 22-наурызында тұңғыш саны жарық көрген «Ана тілі» газетінің алғашқы кезекте қолға алған шаруаларының бірі – қазақ шежіресін жинақтау болғаны ғылыми ортаға жақсы мәлім. Кеңестік өктем саясаттың салдарынан талай уақыт бойы қазақ топырағында шетқақпай күй кешу мәжбүрлігіне ұшыраған шежіретану саласын жаңғырту мүддесін алға қойған бұл бастама жұртшылық тарапынан кәдімгідей қолдау тапты. «Ана тілі» апталығының шежіре жолдаушыларға дұрыс бағдар беру мәселесін ойлап, соған дейін жарық көрген еңбектердің ғылыми тұрғыдағы ең сүбелілері қатарында саналатын - 1925 жылы Ташкентте басылған Мұқаметжан Тынышбайұлының «Қазақ халқының тарихына қатысты материалдар» («Материалы к истории киргиз-кайсацкого народа») атты кітабындағы «Қазақ руларының шежіресі» атты тарауын қазақшаға ықшамдап аударып, оған қоса ғылыми айналыста бар басқа мәліметтерді қатарластыра беріп, сызба-кесте түрінде тарқатып жариялауы ұтымды тәсіл болып шықты. Сондай-ақ деректердің қате тұстары болса, түзетуді өтінген ұсынысымыз да ел көңілінен табылды. Қалың жұртшылық өздерінде бар шежірелерді жүйе-жүйесімен реттеп, газетімізге жіберу үстінде көптеген түзетулер де жасады. Шежірелер әсіресе «Ана тілі» газетінің 1991 жылдың қаңтарында 111 мың тираж жинап республикалық қазақша апталықтар ішінде суырылып алға шыққан жылы тіптен мол түсті. (Сол кезеңдерде газетке жолданған 2 мыңдай шежіре бүгінде осы жолдар авторының жеке мұрағатында сақтаулы). Осы орайда қолымызға бұрын зерттеушілерге мәлімсіз талай құнды мұралар да іліккен еді. Бұл ретте әсіресе Сейдаққожа Жүсіпұлы сынды даңғайыр шежірешінің 1885 жылы Бұхарада жарық көрген «Қазақ тайпаларының тарихы» атты сүбелі еңбегін ерекше атау ләзім [1, 92-107 б.].

1991 жылдың Наурыз мейрамы күні «Ана тілі» апталығы тарапынан қазақ шежіресін жинақтау ісінде тағы да бір зор шаруа атқарылды. Мейрамға арнайы шығарылған мерекелік нөмірдің ортаңғы айқара бетін алып Ақселеу Сейдімбектің көп уақыт көз майын тауысып түзген «Қазақтың төр шежіресі» атты белгілі плакатының газеттік нұсқасы жарық көрді [2]. Төр шежіреге газет бетінде берген түсіндірмесінде, сол кезде М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты қолжазба бөлімінің меңгерушісі болып істейтін А. Сейдімбек қазақ шежіресін жинақтаудың ғылыми салмағын арттыруға септігін тигізетін біраз ұсыныстарды да ортаға тартқан еді. Онда ел ішінен жолданатын шежірелерді тарқату барысында белгілі тұлғаларға қатысты мәліметтерді де бере кету, олардың өмір сүрген ғасырын, туған және өлген жылдарын көрсету, әр рудың патша заманында қанша болыс болғаны, қай жерде қоныстанғаны туралы деректер, рулардың ұраны, таңбасын қоса беру, әрбір ру туралы айтылатын мәтел сөздер, теңеу сөздер, сол рудың пайда болуы, белгілі аталарға есімін берген аналар туралы аңыз-әңгімелер, ру тарихындағы елеулі оқиғаларды арнайы жазу, шежірелердің кімдерден жеткені, ол кісілердің қай кезде өмір сүргені, руы көрсетілуі керектігі, төрелер мен қожалар шежіресінің де жіберілгені жөн болатыны туралы мәселелерге де назар аударылған болатын.

Осы төр шежірені «Ана тілі» газеті бетінде жариялау және жеке плакат түрінде шығару арқылы жинақталған мол мәліметтің А. Сейдімбектің 17 жылдан кейін, 2008 жылы жарық көрген «Қазақтың ауызша тарихы» [3], атты үлкен зерттеуіне қажетті құнды дереккөздерге айналғаны да мәлім. Оны автордың өзі аталған кітабында «қолға түскен сол шежірелік айғақ-деректерді хал-қадірімше жүйелеп, хатқа түсіру қажеттігіне күн өткен сайын көз жетіп, көңіл құлшына түсті. Ақыры, өз тарихы туралы халықтың өз айтқанын жинап-теріп өзіне қайтаруға бел буған жай бар» [3, 4-5], деп атап та көрсетеді. Осы орайда шежірелік дәйектерге ерекше мән беретін автордың өз атына келген ол мәліметтермен ғана шектеліп қалмай, кезінде біздің қолымызда жинақталған екі мыңдай шежірені де түгелдей қарап шыққанын қаперге сала кеткіміз келеді. Бұл ретте өз басымыздың да Алматы қаласында кіреберісі бір үйде он жылдай көрші боп тұрған уақыттарда Ақаңның бай кітапханасын мейлінше мол пайдаланғанымызды айта кетсек те артықтық етпес. Ол кісінің үйінде үлкен кітапханалардың өзінен де табыла қоймайтын талай құнды әдебиеттердің кездесетіндігі Ақаңмен таныс-біліс біраз жұртқа жақсы белгілі. Көне тарихқа қатысты шығармашылық ізденістеріміз барысында, сол қалың дереккөздердің ішінен қалағанымызды алып, оқып тұру мүмкіндігіне ие болған артықшалау жайымызды да жасыра алмаймыз. Әсіресе «Қазақ шежіресі» [1] кітабын дайындау кезінде мұның көп пайдасын көрдік. Бұл орайда бір ғана патшалық Ресей тарапынан 1896-1903 жылдары Далалық өлкені зерттеу үшін арнайы жүргізілген Щербина экспедициясының мәліметтері жинақталған 13 томдық құнды еңбектің Ақаңның үйінде болғанын айтсақ та жеткілікті. Ондағы Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейхан жинақтаған шежірелік мәліметтер, ата тарқатудың сызба-кестелері біздің жұмысымызға ерекше көмегін тигізген еді. Олардың арасынан ашаршылық жылдары үрім-бұтақтары қырғынға ұшыраған, сол себепті ата тарқатулары табылмай отырған бірқатар рулардың сілемдерін де жолықтырған болатынбыз...

А. Сейдімбектің қазақтың этногездік тарихына қатысты қыруар ғылыми әдебиет бен шежірелік айғақ-деректерді кең көлемде пайдалану арқылы, оларды осы заманғы зерттеу әдістерінің талғам-талабына сай зерделеген «Қазақтың ауызша тарихы» еңбегінің құндылығы туралы сөз ету барысында, бүгінгі күні шежірелік мәліметтерді халқымыздың шынайы ғылыми тарихымен сабақтастыра қарастыруда жаңа мүмкіндіктер туындап отырғандығына да мән беру аса маңызды. Бұл ретте соңғы жылдары халықтардың түпкі тарихын қайта пайымдауға зор үлес қосып жатқан ДНҚ-генеалогия зерттеулерінің нәтижелеріне арқа сүйеу - қазақтың этникалық тарихының көптеген түйткіл тұстарының ақиқатын ашуға сүбелі септігін тигізер еді деп ойлаймыз.



* * *

Соңғы жылдары ғана сенімді ғылыми дәйектер қатарына қосылған ДНҚ (дезоксирибо-нуклеин қышқылы) зерттеулерінің жаңа сипатты әдіс-тәсілдері арқасында түрк текті жұрттардың талай мыңжылдықтарға кететін тарихының даусыз нақтылана басталуының шежіретануға да тікелей қатысы бар. Молекулалық генетика саласының кейінгі жойқын жетістіктері жалғыз қазақ ғана емес, күллі түрк жұрттарына ортақ ежелгі тайпалар тарихын қайтадан жаңаша пайымдау, шынайы дәйектеу ісіне зор үлес қосары күмәнсіз.



Қазір ДНҚ мәліметтерінің аталық, аналық гаплотоптарының талай мың жылдық түзілу тарихын қаузаған генетикалық зерттеулер нәтижесінде, адамзаттың ең алғашқы қауымдарының бұдан 80 мың жылдай уақыт бұрын Араб түбегінің оңтүстік-батыс мүйісіндегі қысаң Баб әл-Мандаб бұғазы арқылы Африка құрлығынан азиялық бетке, қазіргі Йемен жаққа қарай өткені ғылыми түрде дәлелденіп отыр [4]. Әдетте ер адамдарға тән Ү-хромосома гаплотобы әліпбилік тәртіп бойынша А әрпінен Т әрпіне дейін белгіленетіні белгілі. Генетиктер Африкадағы алғашқы һомо сапиенстерге А гаплотобы тән болса, оған кіндіктес өрбіген ВТ гаплотобы Африканың солтүстік-шығыс жағында құралды деп есептейді. Азия құрлығына қарай 80 мың жыл бұрын өткен адамдарға сол В зәузатынан тараған қосарлы СF және D, E гаплотоптары тән болыпты. Осылардың арасындағы F бұтағынан кейіннен G, H, IJK өскіндері тармақталады. 55-50 мың жылдай бұрын Месопотамияның, бүгінгі Иран мен Үндістанның оңтүстік аумақтарында түзілген IJK құрама тобынан алдымен I және J гаплотоптары бөлініп, I тармағына қатысы бар жұрттар кейіннен Еуропаға қарай беттесе, J бұтағынан тарайтын қауымдар сол аймақтың оңтүстік бетінде қоныстанып қалыпты. K зәузатты жұрттар әуелі Парсы теңізінің теріскей бетін Үнді түбегіне дейін мекендейді. Әрі қарай Үнді (Инд) өзенін өрлей келіп, Хайбер асуы арқылы Памир мен Тәңіртаудың (Тяньшань) батысына шығып, Әмудария мен Сырдария алаптарына жетеді. Осы K бұтағы соңыра кәдімгідей өнімді ұрпақтың басына айналады. 50-45 мың жылдай уақыт бұрын одан тараған NOP құрама гаплотобына ие қауымдар Арал теңізінен шығысқа қарай жатқан байтақ аймақтарды қоныс етеді. Бұл құрама зәузаттың әрі қарай бөлінуі барысында O бұтағының біраз бөлігі оңтүстік-шығыс Азияға, N гаплотобы шығысқа қарай бағыт алады. Ал Р гаплотобы болса, Орталық Азияны жайлап қалады. Ол осы аймақта ағайындас Q және R топтарына таралады. Американдық үндістердің негізгі аталық гаплотобы да осы - Q. Оның жақын туысы, еуропеоид тұрпатты R бұтағы бұдан 20 мыңдай жылдай шамасы бұрын R1а, R1b тармақтарына бөлінеді. АҚШ-тың биохимия профессоры А. А. Клесов осы R1акейіннен протоүндіеуропалық тілде, ал R1b - прототүрк тілінде сөйлеген жұрттардың ең әуелгі тектері еді, деп дәлелдейді [5]. R гаплотобынан тараған қауымдардың әуелгіде түпкітүрктер болғандығын пайымдауға – ол зәузаттың Тәңіртау мен Шығыс Түркістаннан Байкөлге дейінгі аймақтағы әуелгі түзілген мекенінде бүгінгі күндері де ғұмыр кешіп жатқан түрк тілінде сөйлейтін жұрттар молекуласында осы гаплотоптың байырғы R1b1 бұтағына тән белгілердің ұйыса ұшырасуы бұлтартпас айғақ боп табылған-ды.

Ал жоғарыда аталған ежелгі F гаплотобының сыңары, әуелгі түп-тегі Араб түбегінің күнгейінде бұдан 70-60 мың жыл бұрынғы шамада түзілген С діңгегі қауымдарына тән кейінгі көші-қон сілемдерінің бір бағыты - Үнді өзенін өрлей Кашмир арқылы Қашғар жазығына шығып, Тәңіртауды шығысынан айналып Ұлы Дала кеңістігіне беттегені нақтыланған. С3 гаплотобы ретінде таңбаланған ол зәузат кейіннен моңғол, тұңғыс-мәнжу, бірқатар түрк халықтары, жапон және корей жұрттарына тән генетикалық белгілердің біріне айналды [4]. С гаплотобының оңтүстік теңіздерді жағалай жылжыған келесі қауымдары - Қытай, Австралияға дейін жетіп сол аймақтардың автохтондары ретінде танылды.



Аталық Ү-ДНҚ гаплотоптары бұтақтарының сызбасы
Әйел жыныстылардың тектік жүйесін құрайтын «митохондриалды ДНҚ” (мт- ДНҚ) гаплотоптары да осындай күрделі түзілімдерден тұрады. Ол бойынша адамзаттың ілкі африкалық дәуірлерінде L таңбасымен белгіленген әлденеше түпкі гаплотоптар болыпты. Соның L3 зәузаты ғана Африкадан Азияға өтіп, 80-70 жылдай уақыт бұрын, одан M макротобы және 67 мың жылдай бұрын екінші N макротобы таралыпты. Африка құрлығынан тыс гаплотоптардың бәрі осы екі бұтақтың ұрпақтары. Генетиктер арасында аналық мтДНҚ-ның М зәузат тобынан C, Z, D, E, G, Q; N тобынан B, F, H, V, J, T,U, K, A, S, X, Y, W гаплотоптарынан тарайтындығы жүйеленген. Осылардың ішінде Азияның моңғол тұрпаттыларында - A, B, C, D, E, F, G, Y, Z тектері тән. Американдық үндіс жұртының аналық мтДНҚ-сы да дәл осы тізбекте бар A, B, C, D және X түрлерінен түзілген. Бұл гаплотоптар қазіргі түрк текті халықтардың да негізгі аналық зәузаттарын құрайды.

Һомо сапиенстердің Орталық Азия аумағына 50 мың жылдай бұрынғы шамаларда алғаш аяқ басуын олардан қалған археологиялық сілемдер де жоққа шығармайды. Тәңіртаудың батысындағы Обирахмат, Құлбұлақ, Ходжакент, Худжи; Алтай өңіріндегі Қарабом, Усть-кан, Қаракөл, Денисов, Окладников үңгірлеріндегі ежелгі адамдар пайдаланған тас құралдар түзілімінде де төл нышандарымен байқалып жатыр. Археологтар оларды осы өңірлерде 45-40 мың жылдар аралығында бір-бірімен сабақтаса пайда болған, жасалу тәсілдері біркелкі леваллуалық құралдар деп табады. Олардың нағыз һомо сапиенстерден қалған жәдігерлер екендігін соңғы жылдарда Денисов, Обирахмат тұрақтарынан табылған ежелгі адам қаңқалары да даусыз дәлелдеп берді. Адам сүйектерінің жасы сол 45-40 мың жылдай бұрынғы дәуірлерге дөп келетін болып шықты [6; 7; 8].

Егер бұл деректерді ДНҚ-генеалогиялық мәліметтермен сәйкестендіре қарар болсақ, ол әлгінде ғана сөз еткен К-ден тарайтын NOP гаплотопты қауымдардың Орталық Азия аймағы бойынша жылжыған бағытымен кәдімгідей үйлеседі. Осындағы Р зәузатынан Тәңіртау мен Алтай-Саян аралығындағы ұланғайыр аймақта 36-30 мың жылдай бұрын бір-біріне кіндіктес түпкітүрктік Q, R гаплотоптары өреді. Олар кейіннен іргелес өңірлердегі аталық жағынан ағайындас С3, О, N, D; аналық А, В, D, F, Х гаплотоптарымен аралас-құраластыққа түсіп, алтайлық жұрттар бірлестігінің алғашқы негіздерін қалады.

Гаплотоптар түзілімін бұлайша жеке-жеке атауларымен тәптіштей жіктеп жатуымыз да бекер емес. Өйткені қазақ шежіресіне енген тайпалар мен рулардың әрқайсысына тән гаплотоптар туралы сөз ету барысында, осы жоғарыда тілге тиек болған зәузаттық атауларды да қайтадан ұшырастырамыз. Сонда қазақ халқының құрамындағы жұрттардың түп-тегінің қайдан өрбігендігі, қайдан пайда болғандығы да өз-өзінен шым-шымдап тарқатылады.
* * *

Бұл орайда қазақ руларының ДНҚ-генеалогиялық белгілерін нақтылау барысында қазақстандық бір топ жас зерттеушілердің ұйымдастыруымен бірер жылдардан бері қолға алынған «Қазақтың ДНҚ жобасы» атты қызметтің көп шаруаларды атқарып жатқанын атап өтуге тиіспіз [9]. Өздерінің ДНҚ мәліметін білгісі келген әрбір адамның тілегін орындауға, олардың анализдік жұқпаларын Американың Хьюстон қаласындағы Family TreeDNA компаниясының зертханаларына жіберу мәселесін жүйелеу арқылы, қай зәузаттың қай гаплотипке жататынын анықтау ісін жолға қойған осы қызметтің арқасында, қазақтың бірталай рулары мен аталарының түпкі генетикалық тектері де айқындалып жатыр [10].

Мәселен, биылғы жылғы қыркүйек айының соңына таманғы мәлімет бойынша, осы ДНҚ жобасы бойынша қазақ ұлтына жататын 225 адамның аталық Ү-хромосомалық тексеруден өткені көрсетіліпті. Олардың арасында Ұлы жүзден 76, Орта жүзден 28, Кіші жүзден 49, жүзге жатпайтын рулар, төрелер мен қожалардан 43 адам болыпты. Осы кейінгі мәліметтерді одан бұрын да жүргізілген әртүрлі ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен сабақтастыра байыптағанда, қазақ халқының құрамының түбі азиялық, орталықазиялық әртүрлі гаплотоптардан құралған рулар мен тайпалар бірлестігі екендігіне көз жеткіземіз.

Ұлы жүзге жататын албандар арасында аталық С3 гаплотобы да, С да, еуропалық R1a1 гаплотипі де кездесіпті. Дулаттың жаныс, шымыр, сиқым руларының тексеруден өткен азаматтарына С, С3, С3d тән болса, жаныстың бір азаматының гаплотипі еуропалық J2 екені анықталыпты. Ысты, ошақты, шапырашты, шанышқылылардың да көбіне С3, сондай-ақ С зәузаттылар екені нақтыланыпты. Шанышқылыға жататын қатағанның бір азаматына J2, жалайырдың балғалы және мырза аталарының тексеруден өткен екі өкіліне еуропеоидтық R1a1а гаплотиптері тән болыпты. Қарақалпақ жерінде тұратын қаңлылардың біраз өкілдерінің R1b1a1, сондай-ақ R1a1 гаплотипті болуларына қарағанда [11], қазақтың Ұлы жүзіне енетін қаңлылар мен жалайырларды да еуропеоидтық R гаплотобынан өрген ұрпақтар ретінде жорамалдауға болатын сияқты.



Орта жүзге жататын арғындардың генетикалық зәузаты тосын нәтижелерге қол жеткізгені біраздан белгілі. Олар негізінен G1а гаплотипінен тұратын боп шықты. Арғынның мадияр руының тексеруден өткен адамдарының 87 пайызын осы зәузат құрапты. G негізінен жоғарыда көрсетілгендей, Оңтүстік-Батыс Азияда (кей болжамдар бойынша Үндістанның Кашмир өңірінде) пайда болған, жыл санауымыздың бастапқы ғасырларында сарматтардың зәузат түзілімінде, бүгіндері осетин, грузин, қарашай, балқар, венгрлерде молырақ ұшырасатын гаплотоп ретінде есептеледі [5, 309-310]. Бұл зәузаттың арғындарға тән болуының жай-жапсарын қаузау - зерттеушілерді қызықты тақырыптарға жетелері анық. Арғындарда сонымен бірге С3, С, О, R1a, R1b гаплотоптары да кездеседі екен. Атығай руының бабасан атасынан тарағандардың көбі R1a1а түрін құрапты. Ал бұлардың бәрі әуелгіде Орталық Азияда өркен жайған этнотектерге жатады. Мұндағы R1b - біз жоғарыда сөз еткен түпкітүрктік гаплотоптың нақ өзі. Қазақ ішінде осы зәузаттың R1b1a1 нұсқасының негізінен қыпшақтарға көбірек ұшырасатыны анықталды. Бұл дәйек арғы жазба тарихы жыл санауға дейінгі дәуірлерден басталып, көне түрк заманында билеуші тайпа атанған, кейіннен Дешті Қыпшақ ұлысының іргесін нығайтқан қыпшақтардың Ұлы Дала аумағындағы автохтондық орнын да аңдатады. Қыпшақтарда сондай-ақ түбі орталықазиялық О3 те, арғындарға тән G1 гаплотобының да кездесетіні айқындалды. Наймандардың басты зәузаттары ретінде түбі арғығұндық, арғыалтайлық С3, О зәузаттары танылып отыр. Өкіреш (Белгібай) наймандарға О3а3с1; ергенекті, елата тармақтарына С3с гаплотиптері тән келетін сыңайлы. Керей мен уақта негізінен С, С3, C3d, О кездеседі екен. Осындағы C3d қоңыраттардың да басты зәузаты.

Кіші жүз руларының негізінен С, С3, С3с гаплотоптарынан тұратыны байқалады. ДНҚ-генеалогиялық тексеруен өткен әлім, табын, беріш руларының өкілдеріне С3, адай мен жаппасқа С, шеркеш, байбақты, алашаға С3с гаплотипі тән болыпты [9; 10].

Қазақ руларының өкілдеріне жүргізілген ДНҚ зерттеулерінің нәтижелерін парықтағанда, Ұлы жүздің қаңлы, жалайырдан басқалары мен Кіші жүзде, сондай-ақ керей мен уақта С, С3, С3с гаплотоптарының көбірек ұшырасатынын, яки олардың әуелгі түп тектерінің туыс екендігін байқау қиын емес. Оларға қарағанда Орта жүз рулары әр сипаттылығымен көзге түседі. Арғындарға - G1а болса, найманға - О3а3с1, О3а3с1; қоңыратқа - C3d, қыпшаққа - түпкітүрктік R1b1a1 зәузаттары тән болғанына қарап, қазақтың ру-тайпалары да негізінен осы аталған ірі гаплотоптардан құралатыны бағамдалады.

Бұлардың дені (арғындардың G1а зәузатынан басқалары) бұдан 50 мың жылдай бұрын Үнді түбегі жақтан: бір қанаты - Тәңіртау мен Памирді батысынан айнала өтіп Орталық Азия аумағында өркен жайған NOP құрама гаплотобынан тараған (N-нен - угро-фин жұрттары, P-тен - Q, R бұтақтары) жұрттар болса, екінші қанаты – Тәңіртауды шығысынан айналып, мамонтты өрістерге қадам басқан, арғығұндық, жалпыалтайлық С3 өскіндерінің ұрпақтарына жатады. Ұлы Даланы екі жақтан қаусырған бұл жұрттар талай мыңжылдықтар бойы араласа-құраласа, талай айқастар мен шайқастарды бастарынан кеше жүріп, бір-бірлеріне ықпал-әсерлері тиген өзектес мәдениеттердің негізін қалады. Ақырын-ақырын арғыалтайлық, түпкітүрктік тілдердің түзілімдерін құруға атсалысты.

* * *


Бұл ретте Сібірде Зырян мұз дәуірінің екінші кезеңі ретінде танылатын ызғарлы Сартан мұз дәуірі (ж. с. д. 22000-10000) заманында Орталық Азия мен оған жапсарлас өңірлерде өткен этникалық үдерсітерге қатысты да сөз ете кеткен жөн секілді көрінеді. Аталған мұз дәуірінің адамзат қауымы үшін алапат қиындықтарды алып келгені мәлім. Сірескен суықтан Сібірдің ірі өзендерінің Солтүстік мұхитқа құяр салалары биіктігі 30-40 метрлік мұз жоталарымен бітеліп қалуына байланысты, жойқын судың ілгері өте алмай, кейін қарай лықсуы салдарынан Енесей мен Оралтаудың арасын түгел көмкерген зор Батыс Сібір теңізі пайда болғаны мәлім. Ақыры ол теңізге де сыймаған су Торғай иіні арқылы Тұран ойпатына ақтарылып, Каспий мен Арал теңіздері ұшы-қиырсыз Тұран мұхитының астында қалады [12]. Бүгінгі Қазақ жерінің батысы мен теріскей тұстарын, Алтай-Саян жағын мекен еткен қауымдарға мұзды топан су мен сұрапыл аяздан күнгейге қашып құтылғаннан басқа амал да жоқ еді. Батыс беттегі жұрттардың дер кезінде қозғалып үлгергендері Мұғалжар, Үстірт жоталары арқылы Көпетдағтың қойнауларына іліксе, солтүстік-шығыс жақтың ызғарлы суығынан ыққан қауымдар Сарыарқа төсі, бүгінгі Шығыс Түркістан (Шыңжаң) жері арқылы климаты жұмсақтау Іле, Тарим алаптарына, Жетісуға, Сырдария, Зеравшан мен Әмударияның бас сағаларындағы жазықтарға, Тәңіртау, Памир тауларының ықтасынды қойнауларына жетіп жан сақтайды.

Сол ыққан жұрттардың қатарында аталық R1а, R1b, С3, О гаплотоптары да бар еді. ДНҚ-генеалогия саласының ірі маманы, профессор А. Клесовтың дәлелдеуінше, R1а зәузатының біраз бөлігі сол дәуірлердегі бірнеше мың жылдық көші-қон барысында Тибет арқылы Гималай айнала, Үндістан түбегіне дейін жетіпті. 12-11 мың жылдай бұрын Иран үстіртін жайлаған олар, 11-10 мың жыл аралығында Анадолы түбегін қоныс етіпті. 10 мың жылдай бұрын Босфор мойнағы арқылы Еуропаға қарай өздерімен бірге алғашқы түпкіүндіеуропалық тіл сипаттарын алып өтіпті. Кейінгі ғылыми зерттеулер осы R1а гаплотобы да әуелде түпкітүрк тілінде сөйлеуі мүмкін деген болжамды алға тартады. Қытай зерттеушілері соңғы жылдары аталған гаплотоптың Шығыс Түркістанда қалған ең ежелгі гаплотиптерін тексерген кезде, олардың тек түрк және алтайлық жұрттар арасында кездесетінін нақтылады. Бұл бір жағынан, R гаплотобынан тараған қауымдарға әуелде түпкітүрктік, түпкіалтайлық тілдер тән болғанын көрсетеді. А.Клесовтың пайымдауынша, R1а зәузатының жұрттары үндіеуропалық тілге кейіннен ауысқан. Олар оны Еуропаға беттеген жолында, шамасы 10-11 мың жыл бұрын Иран мен Анадолы аймақтарында басқа жұрттардан қабылдап алған немесе Балқан түбегіне жеткеннен кейін ғана сол тілдің бастапқы түзілімдері дүниеге келген [13].

Осы Сартан мұз дәуірінің басталуынан туындаған жөңкіліс кезінде R1b түпкітүрктік гаплотобы да дербестелу үдерісін бастан өткереді. Бұл зәузаттылардың дені жаңа ғана айтып өткен Орталық Азияның күнгейіне қарай қоныс аударғандар қатарында болған еді. Оңтүстік аймақтарда әлденеше мың жыл тіршілік кешкен бұл түпкітүрктік жұрттар Көпетдағтың теріскей баурайлары мен Каспийдің оңтүстік-шығысын қаусыра жатқан Елбурс тауларының бөктерлерінде мезолит, неолитте өркен жайған Бельт, Хоту, Жейтун сынды әйгілі мәдениеттердің әуелгі негізін қалауға да араласады. Кезінде Кембридж (Ұлыбритания) университетінің археология профессоры К. Ренфрюдің жыл санауға дейінгі ХІІ мыңжылдық шамасында осы өңірлерде түпкіалтайлықтардың өмір сүруі мүмкін деген болжамы [14] бүгіндері осылайша ДНҚ-генеалогия арқылы да дәлелденіп отыр. Сондай-ақ белгілі орыс археологы Г. Коробкованың күнгей-шығыс Каспийдегі Гари-Хамарбанд, Хоту, Балқантау мәдениеттерінің жыл санауға дейінгі 11-10 мың жылдардағы тас құралдарына тән геометриялық микролит әдістерін кейінгі мезолиттік мыңжылдықтарда Солтүстік Каспий, Жайық пен Жем алаптарынан табылған құралдар түзілімімен ұқсатып, оларды этникалық тегі жағынан туыс қауымдар жасаған болуы керек [15], деп дәйектегені де (әрине, кеңестік кезде оларды арғыалтайлықтар, арғытүрктер деп айта қою қиын еді) біз тілге тиек етіп отырған сол түпкітүрктік негізге меңзейді.

Мұз дәуірінің сұрапыл суығы қайтып, Тұран теңізі тартылғаннан кейін, саны көбейген түпкітүрктік R1b жұрттары қайтадан тоң құрсауынан босаған оты шүйгін қоныстарды қуалай теріскейге беттейді. ДНҚ-генеалогия мәліметтері бойынша, сол кері миграция барысында олардың 13 мың жыл бұрын Солтүстік Каспий ойпатына жеткен бөліктері туралы А.Клесов өз еңбектерінде: «олар сероглазов мәдениетінің (13-11 мың жыл бұрын), ортаеділ мәдениетінің (8-7 мың жыл бұрын), самар (7 мың жыл бұрын), ортастог (7500-5500 жыл бұрын), хвалын (7-6 мың жыл бұрын), кама мәдениеттерінің (7-5 мың жыл бұрын) негіздерін қалады. Соңыра олар көнешұңқыр мәдениетін (6500-4300 жыл бұрын) түзген соң, қосалқы R1b1b2-М269 тармағын құрап, бірнеше бағыттарға тарады» [16] деп жазды. Белгілі ғалымның осы ретте R1b қауымдарының бір бөлігі Көкшетау өңірінде «бұдан 6500-5500 жыл бұрын жылқыны қолға үйреткен Ботай мәдениетін түзді», дейтін тұжырымының да маңызы аса зор. Әлемде бірінші боп жылқыны бас білдірген бұл мәдениеттің түпкітүрктік сипаты бұрын еуропа ғалымдары тарапынан айтылған емес. Ғылыми әдебиеттерде Ботайды және жаңағы Сероглазов мәдениетінен бастау алатын еділ-жайықтық, ұлыдалалық археологиялық үрдістерді әдетте «үндіеуропалық» жұрттарға телуге бейіл беріліп жататын. ДНҚ-генеалогиялық мәліметтер бұл біржақты ұстанымның да қате екенін нақтылады. Сөйтсе бұл мәдениеттер дүниеге келген замандарда Орталық Азияның осы аймақтарына «үндіеуропалық» тілде сөйлейтін «арилерге» тән гаплотиптер әлі Балқан жақтан жетпеген болып шықты. ДНҚ мәліметтері бойынша, олар Еділ-Жайық өңіріне ж. с. д. дейінгі 2000 жылдар шамасында ғана аяқ іліктіре бастапты. Сол себепті де Көкшетау аймағындағы Ботай мәдениетін ғана емес, Сарыарқа мен Карпат арасындағы далалық өңірлерді қамтыған көнешұңқыр мәдениетін (ж. с. д. 4500-2300) де арилік R1а гаплотобына телуге еш келмейді екен.

Ал осы мәдениеттерді құрушы түпткітүрктік R1b қауымдарының батысқа қарай жылжыған бірер толқыны сол замандарда-ақ Қара теңіздің теріскейі арқылы бүгінгі Польша мен Германия жеріне жетсе, оңтүстікке беттеген екінші тармағы 6000 жыл бұрын-ақ Кавказ арқылы Анадолыға қадам басып, 5500 жыл бұрын шумерлерге айналып (шумер ұрпақтарының 40 пайызы R1b1b2 гаплотипі), 5000 жыл бұрын Африкаға асып, 4800 жыл бұрын Гибралтар арқылы Пиренейге өтіп, Франция арқылы Ла-Манш бұғазына дейін жетіп, Еуропаны батыс жақтан қаусыра бастаған еді. Олар осы жылжыған бағыттарында өздерімен бірге түпкітүрктерге (түпкіалтайлықтарға) тән агглютинативті (жалғамалы) тілдерді алып жүрді. Олардан қалған нышандар қатарында агглютинативті шумер, баск тілдерін атауға болады. R1b қауымдары ұғынысқан сол жалғамалы түпкітүрктік тіл Еуропаның кей жерлерінде жыл санауымыздың 10-шы ғасырларына дейін қолданыста болыпты. Алайда сол замандардан бастап, біртін-біртін R1а қолданған үндіеуропалық тіл де қатар пайдаланылып, ақыр соңында үстемдікке сол жетіпті. Тілдері өзгергенмен, қазіргі Еуропа халықтарының арасында осы R1b гаплотобынан тараған ұрпақтар көптеп кездеседі. Мәселен, ол зәузат генеалогиялық тексеруден өткен баскілердің — 88,1 %, испандардың — 70 %, бельгиялықтардың 63 %, итальяндықтардың — 40 %-іне тән екен [5, 727-773].

ДНК-генеалогиялық зерттеулердің еліміз жұртшылығы арасында әлі кең көлемде жүргізіле қоймағанына қарамастан, қазіргі кезде осы R1b зәузатынан тарайтын R1b1a1 гаплотибінің қазақ арасында негізінен қыпшақтарға, ішінара қаңлыларға тән болуы, талай мыңжылдықтар бойы атамекенімізде ұласқан бірыңғай этнотектік сабақтастықты да паш етеді. Бұл ретте осы гаплотиптің көршілес башқұрт, түрікмен, өзбек, ұйғыр, қазақ, татар, тыба, шұбаш халықтарының зәузаттарында да біршама кездесетінін айта кеткен жөн. Осы түпкітүрктік түзілім және оған ағайындас R1a1а, арғығұндық, жалпыалтайлық, орталықазиялық С, С3, С3с, О3а3с1, О3а3с1, C3d, N гаплотипті жұрттар нешеме жүздеген ғасырлар бойына қатар тіршілік кеше жүріп, орта ғасырларда қазақ халқы атауымен топтасқан тайпалар бірлестігінің негізін құрады. Қазақ ордасы атанған осы ұлыстың көкірегі даңғыл, санасы сергек тұлғаларының қолға алуымен, басқа жұрттардың көбінде ұшыраса бермейтін тайпалар мен рулар шежіресі - «қазақтың ауызша тарихының» (А.Сейдімбек) дәстүрлері орнығып, ол сипаты мен сынын көп бұза қоймастан бүгінгі күнге дейін жетті. Ол қазір әр қырынан зерделенетін ғылыми еңбектердің тақырыптарына да айналып жатыр. Осы орайда шежіретануға ДНҚ-генеалогиялық зерттеулер тұрғысынан келу де қазақ тарихы үшін тосын түйіндер ұсынуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет