Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина


Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны



бет5/17
Дата05.11.2016
өлшемі3,94 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны

12.10-сыныпта «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуға 34 сағат бөлінген, оның ішінде, шығармаларды оқып, талдауға – 30 сағат, шығармашылық жұмыстарға -2 сағат, сыныптан тыс оқуға – 2 сағат.

13. Курстың мазмұны мынадай тақырыптарды қамтиды:

1) XIX ғасырдың I жартысындағы әдебиет жалпы шолу -1 сағат (XIX ғасырдың I жартысындағы қазақ елінің тарихи-әлеуметтік жағдайы. Кенесары Қасымов, Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістер және оның әдебиетте жырлануы. Қазақ еліндегі тарихи-әлеуметтік жағдайлардың қоғамдық санаға ықпалы. Қазақ даласындағы қоғамдық өзгерістер мен өмір құбылыстарын өлең, жыр, толғауларына арқау еткен қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері Байтоқ, Жанұзақ, Шернияз, Алмажан сияқты ақындардың шығармашылықтары. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті тарихында әртүрлі ағымдардың пайда болуы. «Зар заман» ақындарының шығармаларына ортақ сарындар);

әдебиет теориясы: романтизм;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, орыс әдебиеті;

2) Дулат Бабатайұлы «Еспембет» дастаны- 2 сағат (Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы. Дулат – ХІХ ғасырдың орта кезіндегі қазақ поэзиясын мазмұн, тақырып, түр жағынан байыта түскен, көркемдік тәсіл тұрғысынан жаңа сатыға көтерген ірі ақын.Дулат өлеңдеріндегі адам образдары, табиғат бейнесі. «Еспембет» дастанының тақырыбы мен сюжеттік желісі. Дастандағы Еспембет образын сомдаудағы ақынның шеберлігі (жанама мінездеу, суреттеу). Еспембет дастанындағы соғыстың жалпы панорамасы, сол сияқты жеке көріністерді, жекпе-жек ұрыстарды сипаттаудағы ақындық шеберлік. Дастандағы Ақбөрте тұлпардың образы. Дулат жырларының көркемдік ерекшеліктері);

әдебиет теориясы: мінездеу, суреттеу;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;

өзіндік ізденіс жұмыстары: «Бес ғасыр жырлайды» кітабы;

3) Махамбет Өтемісұлы «Ереулі атқа ер салмай», «Мұнар күн» өлеңдері -2 сағат (Ақынның өмір сүрген дәуірі, ақын өлеңдерінен көрініс табатын халықтың арман-тілегі. Махамбет жырларындағы Исатай мен ақынның өз бейнесі. Поэзиясындағы реалистік, романтикалық сипат. Көркемдік ерекшелігі мен жанры. Ақын шығармаларының қазақ әдебиеті тарихындағы орны.

Махамбеттің «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн» өлеңдері – ұрпақтан-ұрпаққа ұлттық сана-сезім мен отаншылдықты жалғастыратын, елдік пен ерлікті суреттейтін шығармалар. Өлеңдеріндегі өзінің ақындық, батырлық болмысы, жан дүниесі, мақсат-мұратының жан-жақты көрінуі. Өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері мен тіл айшықтары);

әдебиет теориясы: ассонанс, символ, аллитерация, параллелизм, метафора, риторикалық сұрақ;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка (Құрманғазы. «Кішкентай» күйі), электрондық оқулық (Махамбет туралы телесабақ);

өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Шаханов. «Нарынқұм зауалы» поэмасы;

4)Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» толғауы -1 сағат (Түркістан қаласы маңында дүниеге келген суырыпсалма ақынның шығармаларында ХІХ ғасырдың орта тұсындағы патша үкіметінің қазақ даласын отарлау саясатынан туындаған әлеуметтік өмірдің шынайы суреттелуі. Шортанбай – еңбекші бұқараның азапты ауыр тұрмысын, әділетсіз билік өкілдерінің зұлымдығын әшкерелеген ақынның бірі. Ақынның өзінен бұрын өткен игі жақсылардың іс-әрекетін аңсап, тәлім-тәрбие мәселесін ескі салт-жоба, шариғат тұрғысынан қарастыруы. «Зар заман» толғауында шарасыздық күйге түсу, келер күннен жамандық күту, болашақтан үміт үзу идеясының басымдығы);

әдебиет теориясы: эпитет, теңеу, метафора, синекдоха;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;

5)Сүйінбай Аронұлы «Бөрілі менің байрағым» өлеңі -2 сағат (Сүйінбай Аронұлы – қазақтың ХІХ ғасырдағы көрнекті ақындарының бірі, ақындық айтыстың ірі өкілі.Сүйінбай – қазақ поэзиясын мазмұны, түрі, тақырыбы жағынан байытуда өзіндік орны бар ақын. Ол – халық мұңын мұңдап, үстем тап өкілдерінің әділетсіздігін бетіне басып әшкерелеп отырған батыл да, әділ сыншы. «Бөрілі менің байрағым» - елдік рух пен ерлік тақырыбына арналған, ерліктің әнұраны іспеттес өлеңі);

әдебиет теориясы: теңеу, әсірелеу;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;

өзіндік ізденіс жұмыстары: М. Жолдасбеков. Асыл сөздің атасы. - Алматы, 1996;

6)Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Қашаған Күржіманұлы, Алмажан Азаматқызы, Мұрат Мөңкеұлы шығармашылықтары -1 сағат (ХІХ ғасыр поэзиясы – өз дәуірінің шындық жайларын жинақтап қамтыған көркемдік шежіре. Осы кезеңде өмір сүрген ақындар шығармаларында замана шындығының көрінісі, елдік, ізгілік, адамгершілік тақырыптары, сарындастық пен талант ерекшеліктері. Ақындар шығармаларынан көрінетін терең ойшылдық пен өткір сықақшылдық. Ең бастысы, қоғамдағы әділдікті, халықтың бақытты болашақ өмірін аңсауы);

әдебиет теориясы: троп түрлері;

пәнаралық байланыс: музыка өнері, Қазақстан тарихы;

7) Шоқан Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері»- 2 сағат (Шоқанның өмірі мен шығармашылығы. Шоқан – қазақ халқының тұңғыш талантты ғалымы, әдебиет зерттеушісі. Шоқан – қазақ, қырғыз ауыз әдебиетін жинап зерттеуші, тұңғыш ғалым, публицист, саяхатшы-географ. «Ыстықкөл күнделігі» - қырғыз елін жете зерттеуге қатысуынан, Ыстықкөл аймағының картасын түсіруге тиіс болған экспедициясы нәтижесінде туған еңбегі);

әдебиет теориясы: әдебиеттің қоғам өміріндегі маңызы;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, орыс әдебиеті, театр (С.Мұқанов. «Шоқан Уәлиханов» пьесасы);

8)Ыбырай Алтынсарин «Өнер, білім бар жұрттар» өлеңі, «Әке мен бала», «Талаптың пайдасы» әңгімелері -2 сағат (Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі. Жазушылық өмірінің ағартушылық идеясына өзектестігі, демократиялық-ағартушылық көзқарасының қалыптасуы. «Өнер, білім бар жұрттар» өлеңінде оқудың, ғылым-білімнің пайдасының баяндалуы.

Ыбырай – қазақ балалар жазба әдебиетін дамытушы және қазақ әңгіме жанрының негізін қалаушы. «Әке мен бала» әңгімесінің тәрбиелік және тәлімдік мәні. Мазмұнының өнегелік жағына ерекше мән берілуі. Әңгімелерінің көркемдік ерекшелігі);

әдебиет теориясы: әңгіме туралы түсінікті дамыту.

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.

9)Абай Құнанбайұлы «Әсемпаз болма әр неге», «Білімдіден шыққан сөз», «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?» өлеңдері, «Қараңғы түнде тау қалғып», «Теректің сыйы», «Татьянаның хаты», «Онегиннің хаты» аудармалары, -6 сағат (Абайдың өмірі мен шығармашылық жолы. Ұлы ақын өлеңдерінің құдіреті туралы, Абайдың қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтары. Ақынның тіл байлығы. «Әсемпаз болма әр неге», «Білімдіден шыққан сөз», «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?» - жас ұрпаққа деген аталық мейірден, үміт пен сенімнен туған өсиет өлеңдері. Өлеңдерінің негізгі идеясы - ғылымды меңгеру, адам бойында қайырымдылық пен адалдық, қайрат пен ақылдың болуын насихаттау және жат қылықтардан бойын аулақ ұстау. Абай шығармашылығындағы аударманың орны. Абай өзі өте жоғары бағалап, сүйіп оқыған Пушкин, Лермонтов, Крылов туындыларын қазақша сөйлетуі);

әдебиет теориясы: лирика ұғымын кеңейту;

пәнаралық байланыс: электрондық оқулық («Дара Абай – Дана Абай» телесабақ), музыка («Абай» операсынан фрагменттер), бейнелеу өнері (Ә.Қастеев. Жас Абай), орыс әдебиеті (А.С. Пушкин шығармалары);

10)Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны -1 сағат (Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылық жолы. Түрік, араб, парсы, орыс тілдерін жетік меңгеруі, дүниежүзі мәдениетімен таныс болуы. Шәкәрімнің өнер-білім, адамгершілік, болашақ, махаббат туралы лирикалық өлеңдері. «Еңлік-Кебек» дастаны – эпикалық жанрда жазылған көлемді шығармасының бірі. Дастанда ақынның демократиялық-гуманистік көзқарасының көрінуі. Кейіпкерлер бейнесін даралап берудегі шеберлігі, поэма оқиғасының терең драматизмге құрылуы. Ел ішіндегі оқиға желісінің поэмаға арқау болуы. Дастандағы батыр Кебек пен сұлу қыз Еңліктің бейнелері);

әдебиет теориясы: дастан туралы ұғым;

пәнаралық байланыс: театр («Еңлік-Кебек» пьесасы), кино («Шәкәрімнің соңғы күзі»);

өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Мағауин «Бес арыс» кітабы;

11)Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. «Сарыарқаның кімдікі екендігі» -2 сағат (Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы – ақын, ақылгөй, данышпан, философ. Шығармаларында орын алған білім, жер мәселесі, сөз бостандығы және халық бостандығы мәселелері. Өлеңдерінің басты тақырыбы мен идеясы – жастарды оқуға, білім алуға, мәдениетті мықты ел болуға үндеу. Мәшһүр Жүсіптің халық ауыз әдебиетінің көптеген үлгілерін – дастандар мен хикаяларды, тарихи жырларды («Ер Көкше», «Сайын батыр», т.б.) жинап, Бұқар жырау, Шортанбай, Шөже, т.б. ақын-жыраулардың әдеби мұрасын хатқа түсіріп қалдыруы);

әдебиет теориясы: дастан туралы ұғымды дамыту, рторикалық сұрау;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, орыс әдебиеті;

12) Мағауия Құнанбаев «Медғат – Қасым» поэмалары -1 сағат (Өмірі мен шығармашылығы. Әкесі Абайдың әсерімен орыстың классикалық әдебиетін оқып, үлгі алуы. Абайдың берген материалдары және кеңесі бойынша «Еңілік – Кебек», «Медғат – Қасым» поэмаларын жазуы. Мағауия қазақ әдебиетіне романтикалық поэманың үлгісін енгізуші. «Медғат–Қасым» - қазақ жазба әдебиетіндегі өзге халық өмірінен алып жазған көркемдігі жоғары, алғашқы романтикалық поэма. Поэманың композициясы, бейне жасау тәсілдері, тілдік кестесі);

әдебиет теориясы: романтизм;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, орыс әдебиеті;

13) Жамбыл Жабаев «Шағым» өлеңі -2 сағат (Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы туралы. Өлеңдерінің көркемдік сипаты. Сыншылдық-сатиралық сарын. «Шағым» – Жамбылдың ақындық жолындағы кедергілерді жеңуге деген қайсарлығын, ақындық айтқыштығын танытатын алғашқы өлеңдерінің бірі);

әдебиет теориясы: сатира туралы ұғымды кеңейту;

пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, кино «Жамбылдың жастық шағы», 1996 ж., сценарий авторы М.Жолдасбеков; режиссері Қ.Қасымбеков;

14. ХІХ ғасырдағы әнші-ақындар шығармашылығы жалпы шолу - 4 сағат (ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі әнші-ақындар шоғыры. Жаяу Мұса, Мұхит, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақтар – тума талант, табиғи дарын иелері. Олардың поэзия, музыка саласындағы мол мұрасы. Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Мұхит, Әсет, Үкілі Ыбырай, Естайлардың әрқайсысы әуен-сазын өзі шығарған аса көрнекті сазгер, өзі орындайтын ұлы әнші, өлеңдерін де өзі тудырған тамаша ақындар Біржан сал: «Ләйлім», «Жанбота», «Көкек», «Жамбас сипар» өлеңдері;

Ақан сері: «Сырымбет», «Балқадиша», «Маңмаңгер», «Жайықтың ақ түлкісі», «Ақ көйлек», «Жақсы мен жаман», «Ләйлім шырақ», «Құлагер»;

Жаяу Мұса: «Сұрша қыз», «Ақ сиса», «Көгершін», «Хаулау».

Балуан Шолақ: «Ғалия», «Желп-желп», «Кенже қоңыр», «Дікілдек».

Үкілі Ыбырай: «Гәкку», «Шалқыма», «Қалдырған».

Әсет Найманбаев: «Арғынмын, атым – Әсет арындаған», «Тоты», «Қор болмас зерек адам ақылы бар», «Адамның жасы жөнінде»);

пәнаралық байланыс: музыка, электрондық оқулық.

14. Қорытынды – 1 сағат.

15. Шығармаларды оқып, талдауға – 30 сағат Шығармашылық жұмыстарға – 2 сағат. Сыныптан тыс оқыған шығармалар туралы әңгіме – 2 сағат .





  1. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны

16. 11-сыныпта «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуға 34 сағат бөлінген, оның ішінде, шығармаларды оқып, талдауға – 30 сағат, шығармашылық жұмыстарға -2 сағат, сыныптан тыс оқуға – 2 сағат.

17. Курстың мазмұны мынадай тақырыптарды қамтиды:

1) ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті, жалпы шолу -1 сағат (ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанның тарихи-әлеуметтік жағдайы. 1905-1907 жылдардағы революция мен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ел өміріне әсері, әдебиет пен мәдениеттің дамуына ықпалы. ХХ ғасыр басындағы әдебиетте жаңа жанрлардың пайда болуы. Қазақ тіліндегі басылымдардың жарық көруі және елдің рухани дамуына әсері. Алғашқы қазақ романының өмірге келуі. Проза жанрының классикалық үлгіде дамуы. Әдеби бағыттардың пайда болуы); Әдебиет теориясы: әдеби ағымдар мен бағыттар туралы түсінік;

2) Ахмет Байтұрсынұлы «Қырық мысал», «Маса» жинақтары -2 сағат (Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әдебиеті, мәдениеті, тарихындағы ірі тұлға, аса көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, ақын, аудармашы. «Маса» жинағындағы өлеңдердің мазмұны мен мәні. Аудармалары. «Қырық мысал»);

әдебиет теориясы: әдеби жанр туралы түсінік;



пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, электрондық оқулық: А.Байтұрсынов (мұражайлық телесабақ, 2009);

  1. Міржақып Дулатұлы «Шәкірт», «Таза бұлақ», «Оян, қазақ» өлеңдері, -1 сағат (Өмірі мен қоғамдық қызметі. «Оян, қазақ» жинағына кірген өлеңдеріндегі азаттық идеясы);

әдебиет теориясы: роман, эпикалық жанр;

  1. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шәкірт ойы», «Бір адамға» өлеңдері -1 сағат (Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен ақындық жолы. ХХ ғасыр басындағы демократтық-ағартушылық әдебиеттің көрнекті өкілі. Ақын лирикасындағы азаматтық сарын және әлеуметтік қайшылықтарды суреттеуі. «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы», «Бір адамға» өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі. Өлеңдеріндегі оқу-білім тақырыбы);

әдебиет теориясы: ирония мен сатира туралы түсінік;

  1. Сәкен Сейфуллин. «Ақсақ киік» өлеңі -1 сағат (С.Сейфуллиннің шығармашылығына шолу. Өлеңдерінің реалистік сипаты, демократтық-ағартушылық бағытта және Қазан төңкерісі туралы жазылған шығармалары. Ақынның табиғат лирикасы. Суреткерлік шеберлігі. Сәкен – қазақ мәдениеті мен тарихында қайталанбас өзіндік орны бар азамат, күрескер ақын, тоталитарлық қоғам құрбаны. «Ақсақ киік» өлеңінде табиғатты, оның аңдарын қорғау мәселесінің басты проблема болып көтерілуі);

әдебиет теориясы: аллегория;

  1. Мағжан Жұмабаев «Туған жер», «Сен сұлу», «Жұлдызды жүзік, айды алқа қып берейін» өлеңдері-1 сағат (Өмірі мен шығармашылық жолы. Мағжан өлеңдеріндегі халықтық рух, азаматтық әуен, ағартушылық-демократтық сарын. Мағжанның табиғат, махаббат лирикасы. Мағжан лирикасындағы ақындық «мен». Поэзиясындағы бейнелілік, суреттілік. Метафоралық қолданыстар. Ақын поэзиясының романтикалық, реалистік сипаты);

әдебиет теориясы: лирика жанры;

  1. Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы -1 сағат (Ж.Аймауытовтың шығармашылығына шолу. Ж.Аймауытов – дарынды жазушы, драматург, ғалым, аудармашы, көсемсөз шебері. «Ақбілек» романы. Романның тақырыбы – ХХ ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік жағдай және өмір шындығы. Адамдар тағдырындағы өзгерістерді берудегі жазушының суреткерлік шеберлігі. Ақбілек образының ұлттық сипаты және психологиялық күйзелісінің шығармада көркем жинақталуы. Романдағы басқа да кейіпкерлер. Жазушының пейзаж бен портрет жасау ерекшелігі)

әдебиет теориясы: мінездеу;

  1. Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі» хикаяты -1 сағат (Б.Майлиннің шығармашылығына шолу. Ақын поэзиясының тақырыптары мен көркемдік ерекшеліктері. Б.Майлиннің прозасы. Шығармашылығының басты тақырыбы – қарапайым еңбек адамы, қазақтың қалың бұқарасының қоғамдық-әлеуметтік өмірдегі жаңалықтарға байланысты сана-сезіміндегі өзгерістері. Майлин – әңгіме жанрының шебері. Б.Майлин – драматург. Роман, хикаяттарына жалпы шолу. «Шұғаның белгісі» - проза жанрындағы тұңғыш туындысы. «Шұғаның белгісі» - жастардың теңдік, еркіндікті аңсап, әлеуметтік әділетсіздіктерге қарсы үн көтере бастағанын шынайы бейнелеген шығарма. Хикаяттағы басты мәселе – әйел теңсіздігі, бірін-бірі сүйген жастардың махаббат бостандығы. Хикаятта аяулы Шұға мен кедейден шыққан мақтаулы, оқыған жігіт Әбдірахманның қайғылы тағдырларының суреттелуі);

әдебиет теориясы: көркем шығарма құрылысы (сюжет, композиция);

  1. Ілияс Жансүгіров. «Құлагер» поэмасы -1 сағат (І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы. Ілияс лирикасының негізгі тақырыптары. Табиғат лирикасы. Ақын лирикасындағы суреттілік, бейнелілік. «Құлагер» поэмасының тақырыбы. Поэмада қазақ өмірінің тыныс-тіршілігі, әлеуметтік тартыс-күресі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, үстем таптың озбырлығы, заманынан өгейлік көрген ақын қайғысы, ақынның тіл шеберлігі, айшықты сөз өрнегі арқылы биікке көтерілуі. Поэманың сюжеттік желісі мен композициялық құрылымы. Көркемдігі мен тіл айшығы);

әдебиет теориясы: градация туралы түсінік;

пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті, кино («Ақан сері»);

10) Жамбыл Жабаев «Ленинградтық өренім» өлеңі -1 сағат (Ж. Жабаевтың шығармашылығына шолу. Ж.Жабаев – шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. «Ленинградтық өренім» – халық басына күн туған Ұлы Отан соғысы жылдарында қарт ақын жауынгерлерді жігерлендіретін жалынды өлеңімен Ұлы Жеңіске үлес қосуы арқылы туындаған өлеңі. Өлеңдегі халықтар достығы мен ерліктің жырлануы);

әдебиет теориясы: айтыс өнері туралы түсінік, портрет;



  1. Сәбит Мұқанов «Балуан Шолақ» повесі -1 сағат (С.Мұқановтың шығармашылық жолы. Әдебиеттің барлық жанрында сүбелі туындылар берген ірі суреткер. «Балуан Шолақ» повесінің тақырыбы. Нұрмағанбеттің Шолақ атануы. Балуанның бойындағы күш-қайраттың бала кезден-ақ байқала бастауы. Балуан Шолақтың күш сынасқан палуандары. Шығарманың сюжеттік желісі мен композициялық құрылымы. Шығарманың объективті идеясы);

әдебиет теориясы: ақындық тұлға немесе лирикалық қаһарман туралы.

  1. Мұхтар Әуезов. «Абай жолы» роман-эпопеясы -1 сағат (М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына шолу. Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі. Проза және драматургия жанрларын өркендетуге қосқан үлесі. «Абай жолы» роман-эпопеясы - әлемдік әдебиеттің алтын қорына енген шығарма. Эпопеяның тарихилық, этнографиялық сипаты. Романдағы Абайдың азаматтық, ақындық бейнесі);

әдебиет теориясы: образ туралы түсінік.

13) Ғабит Мүсірепов «Қазақ солдаты» романы -1 сағат (Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы. «Қазақ солдаты» - Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ жауынгерінің ерлігін көркем бейнелеген патриоттық шығарма. Қаламгердің соғыс тақырыбын меңгеру жолындағы ізденістері. Жазушының роман кейіпкері Қайроштың балалық шағынан қанды соғысқа қатысқанына дейінгі өмірін шебер суреттеуі. Шығарманың сюжеттік желісі мен композициялық құрылымы. Жазушының адам портретін жасау шеберлігі, тіл көркемдігі, стилі. Шығарманың өн бойындағы халқымыздың адамгершілік, азаматтық, батырлық, ерлік болмысының жарқын көріністері. Әдебиет теориясы: баллада туралы. Баяндау, суреттеу, диалог туралы түсінік); пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, орыс әдебиеті, электрондық оқулық (Ғ.Мүсірепов мұражайы);

14) Ғабиден Мұстафин «Шығанақ» повесі -1 сағат (Ғ. Мұстафиннің жазушылық қызметі туралы. Тарихи тақырыптағы және өндіріс тақырыбындағы шығармаларын шолу. Шығармасындағы еңбек адамының образы. Шығанақ бейнесі. Жазушының стилі, сөз қолдану ерекшелігі);

әдебиет теориясы: стиль туралы ұғым;

15) Қасым Аманжолов «Дүниеге жар» өлеңі -1 сағат (Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы. Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңдегі шығармашылық ізденістері. Ұлы Отан соғысы кезінде туған шығармалары. Соғыстан кейінгі жылдары жазылған өлеңдері. Лирикасы. Поэмалары. Ақын поэзиясындағы романтизм мен реализм. Поэзиясындағы достық пен махаббат, елдік пен ерлік мәселелерінің көркем жинақталуы. «Дүниеге жар» өлеңі тақырыптарының алуан түрлілігі. Ақын өз өлеңдерінде ақынның қоғамдағы орны мен парызы, поэзияның құдіретті күші, ерлік пен елдік туралы сөз қозғауы);

әдебиет теориясы: поэма туралы ұғымды тереңдету;

16) Әбділда Тәжібаев «Монологтар» поэмасы -1 сағат (Ә.Тәжібаевтың шығармашылық жолы. Жазушының поэзия, драматургия және әдебиеттану саласында қатар еңбек етуі. Лирикасы, поэмалары. Толғауларындағы замана жайлы ірі ойлары. Шығармаларының тақырыптық ерекшеліктері. «Монологтар» поэмасының көркемдік ерекшелігі);

әдебиет теориясы: образды жинақтау және даралау тәсілдері;

17) Ілияс Есенберлин «Қаһар» романы -1 сағат (І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығына жалпы шолу. Жазушы шығармашылығындағы тарихи тағылым. Тарихи роман жазуға барудағы мақсаты. Тоталитарлық кезеңдегі қазақ тарихы мәселесі. «Қаһар» романының тақырыбы мен оқиғалар сабақтастығы. Қаламгердің ұлт санасын оятудағы ізденістері. Кенесары бейнесі. Шығарманың көркемдігіне қатысты ойлар. Романдағы өмірдің өзекті мәселелері, тақырыптық ерекшеліктері және ізденіс арналары. Әдебиет теориясы: тарихи роман);

пәнаралық байланыс: тарих, «Көшпенділер» фильмі;

18) Сырбай Мәуленов «Сырласу сағасында», «Сәкен» өлеңдері -1 сағат (Сырбай Мәуленовтің өмірі мен шығармашылық жолы. С.Мәуленов қазақ поэзиясына өзінің сыршыл да әуенді лирикасымен келген жыр алыбы. Табиғат лирикасы. Ақын өлеңдеріндегі соғыс суреттері. Сырбай өлеңдеріндегі сыршыл сезім. Сырбай өлеңдеріндегі ұйқас, ырғақ, тіл көркемдігі.С.Мәуленов өлеңдері тақырыптарының жан-жақтылығы мен сан қырлылығы: Отан, өмір тұрмысы, туған жер табиғаты);

Әдебиет теориясы: силлабикалық өлең;

19) Жұбан Молдағалиев «Мен - қазақпын» поэмасы -1 сағат (Ж.Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығына шолу. «Мен – қазақпын» поэмасының жанры, ондағы публицистикалық сарын, эпикалық кеңдік, елжандылық, асқақтық рух. Поэманың негізгі тақырыбы. Ақынның өз елі алдында халқын, ұлтын таныта білуі. Тіл көркемдігі, сюжеттік даму сипаты, ұйқас үйлесімі, екпін мен ырғақ ерекшелігі. Поэманың идеялық мұраты); әдебиет теориясы: екпін;

20) Тахауи Ахтанов «Шырағың сөнбесін» романы -1 сағат (Т.Ахтановтың өмірі мен шығармашылығы туралы. «Шырағың сөнбесін» романының тақырыбы, идеясы. Романдағы өмір сүйгіштік рух. Нәзира бейнесі. Шығарманың реалистік сипаты. Жазушының тілі);

әдебиет теориясы: тақырып пен идея;

21) Әбдіжәміл Нұрпейісов «Қан мен тер» трилогиясына шолу -1 сағат (Ә.Нұрпейісовтің өмірі мен шығармашылығына шолу. Ә.Нұрпейісов – төл әдебиетіміздің дамуына, қалыптасуына үлкен үлес қосқан қазақ жазушысы. «Қан мен тер» трилогиясы – жазушының күрделі туындысы. Трилогиясының көтерген тақырыбы – ХХ ғасыр басындағы Арал балықшыларының өмірі, қазақ даласындағы қоғамдық-саяси өзгерістер. Шығарманың жанрлық сипаты. Шығармадағы Еламан, Ақбала, Тәңірберген, Судыр Ахмет образдары – типтік бейне. Романдағы тартыс. Жазушының мінез сомдау шеберлігі. Әдебиет теориясы: сарказм, ирония);

пәнаралық байланыс: география, экология, кино («Қан мен тер»);

22) Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым» өлеңі, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы -1 сағат (М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылық қызметі. Қазақ поэзиясына қосқан үлесі. Лирикасы мен поэмалары. Мұқағали өлеңдерінің өзге ақындар шығармаларынан өзгешелігі. Поэзиясының негізгі тақырыбы. Поэмаларының тақырыптары. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының сюжеті, композициялық құрылымы. Ұйқас, ырғақ ерекшелігі. Табиғат лирикасы. Тілінің көркемдігі, оралымдығы, тілге жеңілдігі, ойға тереңдігі, айшықты суреттілігі); әдебиет теориясы: троптың түрлерін дамыту, электрондық оқулық («Бір өлеңі бір елдің мұрасындай» телесабақ);

23) Қадір Мырза Әли мен Тұманбай Молдағалиев «Домбыра» өлеңі, «Студент дәптері» жинағы -1 сағат (Ақындар шығармашылықтарына шолу. Олардың қазақ поэзиясындағы философиялық лириканың аса ірі өкілдері екендігі. Қ.Мырзалиев – қазақ поэзиясындағы фәлсафалық лириканың аса ірі өкілі. Ақын өлеңдеріндегі адам өмірі, әлем тағдыры, табиғат тіршілігі, келешек ұрпақ қамы мәселелерінің өзара үйлесімі. Поэзиясының көркемдік ерекшелігі. Ақынның тапқыр ой, тың теңеу, соны сурет салуға шеберлігі. Өлеңдерінің тәрбиелік мәні. «Домбыра» өлеңінің идеялық мұраты мен көркемдік ерекшеліктері. Тіл оралымы мен айшықты суреттелуі. Қадыр поэзиясының ұлттық сипаты. Т.Молдағалиев - махаббат, жастық, көктем жыршысы. Т. Молдағалиев – қазақ поэзиясындағы сыршыл лиризмді дамытушы. «Студент дәптері» - алғашқы өлеңдер жинағы. Лирикалық шығармаларындағы нәзік сезім, асқақ арман, кіршіксіз сезім мен ынтық жүрек жылуы);

әдебиет теориясы: теңеу, риторикалық сұраулы сөйлем ұғымын тереңдету;

24) Қабдеш Жұмаділов «Соңғы көш» дилогиясына шолу 1 сағат (Қ.Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылық жолына шолу. «Соңғы көш» дилогиясы. Шығармада көтерілген негізгі мәселелер, бодан ел тағдырының көркем жинақталуы. Романдағы Қанағат би және Естай образдары. Шығарманың жанрлық сипаты. Жазушының тіл көркемдігі);

әдебиет теориясы: пейзаж бен портрет;

25) Олжас Сүлейменов «Қасқырдың бөлтіріктері» өлеңі -1 сағат (Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығына шолу. О.Сүлейменов – XX ғасырдың аса көрнекті ақындарының бірі. Ақын өз шығармаларын орыс тілінде жазуы. Ақын өлеңдеріндегі ұлттық рух, қазаққа тән дүниетаным көріністері); пәнаралық байланыс: қазақ, орыс тілдері;

26) Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат» -1 сағат (О. Бөкеевтің өмірі мен қызметі туралы мәлімет. Қаламгердің алғашқы әңгімелері мен повестері. «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесіндегі реалистік сипат. Әңгімедегі образдар жүйесі. Сюжеті мен композициясы. Шығарманың тіл көркемдігіне қатысты ой-пікірлер. Жазушы шығармаларындағы адам мен табиғат тұтастығы);

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы (екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақ халқының тылдағы ерліктері);

27) Мұхтар Шаханов «Танакөз» поэмасы -1 сағат (Мұхтар Шахановтың шығармашылығына шолу. «Танакөз» поэмасындағы биік адамгершілік, мораль мәселесі. Поэмадағы шынайы достық, адал махаббат пен қайырымдылықтың суреттелуі. Танакөз бейнесі. Сюжеті мен композициялық құрылымы);

әдебиет теориясы: метонимиялық қолданыстар;

28) Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті -2 сағат (Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде еліміздің экономикасымен қатар ұлттық идеологиясы да тұрақтап, қалыптасуы. Ақын-жазушыларымыз өз шығармаларында тәуелсіздік жеңістерін, сондай-ақ егемендікті нығайту үшін күресіп жүрген адамдар тағдырын суреттеп, бейнелеуі. Қазіргі жас ақын-жазушылардың әр бағытта ой толғап, әр алуан тақырыптарға қалам тартуы. Мысалы, таза ұлттық дәстүрді жырлау, батыс үлгісіне еліктеушілер);

әдебиет теориясы: әдеби ағымдар;

29) қорытынды – 1 сағат.





  1. Пәндік нәтижелер
    Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық мазмұны
    Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны

    Каталог: files -> blogs
    blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
    blogs -> Программа по предмету «Русский язык»
    blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
    blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
    blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
    blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
    blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
    blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
    blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
    blogs -> ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) Ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу