Құнанбайдың тірі кезінде болған уақиғалар болатын



бет1/8
Дата04.11.2016
өлшемі1,27 Mb.
#300
  1   2   3   4   5   6   7   8
Іле-шала, араға екі ай салып барып 1951 жылдың 30 қаңтары күні сол «Правда» газетінде Мұхтар Әуезов пен Сәбит Мұқанов туралы «Сынау орнына мадақтағандық» атты П.Кузнецовтың мақаласы шықты. Екі тұлғаның да жеке басына шынымен қауіп төнгені анық болды.

П.Кузнецов: Осы романның үшінші кітабы – 1951 жылы «Знамя» журналында жарияланған «Абай жолы» әлі де жете талдап шығуды керек етеді, (очеркте ол туралы жанамалап қана айтылған). Қазір жазушы біртұтас циклдің төртінші кітабын жазуда. М. Әуезовтің ірі шығармасы әлі аяқталмаса да, сыншы ол шығармадағы кемшіліктерді автордың жете айтпағанын немесе оның теріс айтқанын көрсетуге міндетті еді. Мұндай көмекті, объективті бағаны М.Әуезов сыншыдан алған жоқ. Мұның орнына 3.Кедрина шығарманы «көшпелі қазақ даласының тарихы, этнографиясы, экономикасы және правосы жөніндегі күрделі ғылыми еңбек» деп жариялауға асыққан. Мұндай сөздердің тек таңдандыруы ғана мүмкін, ал роман авторының өзін қолайсыз жағдайда қалдыруы ықтимал. Мысалы, қазақ және орыс халықтарының қас жауы Кенесары ханның он жыл бойы қан төгіп ойран салғаны сияқты Қазақстан тарихындағы қасіретті кезең М. Әуезовтің романында бейнеленбегендігі жұртқа мәлім. Ал шынында мұның өзі романдағы басты кейіпкерлердің бірі, Абайдың әкесі Құнанбайдың тірі кезінде болған уақиғалар болатын» .

Сыншы П.Кузнецовтың «Абай жолы» романдарында Кенесарының бейнеленбегеніне шын өкініп отыр ма, жоқ, жорта арандатқысы келген бе? Өйткені осының алдында ғана шығармада Кенесарының аты аталғаны ғана үшін ұлтшыл саналып, ол тұстарды қысқартқан болатын.

ҚЫЗЫЛӨҢЕШ КЕЗЕҢ


Ешқашанда идеологиялық еркіндікке жібермейтін, жарылқау мен жазалау саясатын қиыстыра жүргізетін, алғысы мен қарғысы айырғысыз кеңестік тәсіл – мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақты құралына айналды. Ел басына күн туған шақта Сталин әр ұлт өкілдерінің намысын ояту үшін кәдімгідей әруақ шақырып, ұран тастады. Соның нәтижесінде барлық халықтық батырлар қайтадан тарих сахнасына шығып, сананы баурап, ұлттық рухты күшейтті. Қазақтар да Қобыланды мен Алпамысты, Абылай мен Кенесарыны еске алып, олардың әруақтарынан қолдау іздеді.

1943 жылы кеңес шекарасы жаудан азат етілген соң есін жиған идеологтар патриоттық-ұлтшылдықтың майдандағы жауынгерлермен бірге елге ілесе келіп, ұлттық сананың күшеюінен сескеніп, астыртын идеологиялық жазалау саясатын ойластыра бастады. «Едіге» жыры мен «ел қамын жеген Едігенің бейнесі» әсіре дәріптеліп, ұлтшыл сезімді қоздырғаны, оның буржуазияшыл-ұлтшылдық екені туралы СОКП-ның орталық комитетінің қаулысы шығып, тарихи-эпостық мұралар жаппай сүзгіден өтті. Содан кейін «Звезда» журналы мен А.Ахматова мен М.Зощенко шығармашылығындағы идеясыздық туралы, В.Сосюраның «Украинаны сүй» атты өлеңіндегі ұлтшылдық сезім туралы, Маррдың тіл ғылымындағы «ой ағымы» мансұқталған қаулы-қарарлар арт-артынан шығып, идеологиялық жазалау науқаны басталды да кетті.

«Қазақ ССР тарихы» кітабының екінші басылуын әзірлеу туралы» Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің 1945 жылғы 14 тамыздағы қарары шықты.

Қазақстан К (б)П Орталық Комитетінің 1947 жылғы «Қазақ ССР Ғылым Академиясы Тіл және Әдебиет институты жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы» қаулысына орай академик Сақтаған Бәйішевтің «Профессор М.Әуезов ескіліктің шырмауында» атты әшкерелеуші мақаласы «Социалистік Қазақстан» газетінде жарияланып, онда «Қазақ әдебиетінің тарихына» қатысты сындар жаппай жарияланып жатты. Бұл науқанның екпіні қанша қатты болғанымен соғыстан кейінгі ауыртпашылық, тұтқынға түскендерді және репрессияға ұшырағандарды жазалау сияқты әскери, саяси қысыммен шектелді. Зиялылар қауымының етегін өрт шалды, бірақ, қаулап кете алмады. «Дәрігерлердің ісі» деген науқан көтеріліп, Сталиннің ең сенімді серігі Ждановтың өзі халық жауы ретінде әшкереленгенде, халықаралық шпиондарды әшкерелеу мемлекеттің ішіне ойранын сала бастады.

Ал Қазақстанда бұл ерекше екпін алып, құйындата жөнелді. Сөйтіп, «қызыл өңешке сүйенген» жандайшап әшкерелеулер жаныға қарқын алды. Басында ғылыми мекемелерде ғылыми немесе шығармашылық мәселе ретінде талқыланған «идеясыздық» пен «буржуазияшыл, феодалшыл ұлтшылдықтар» зиялылардың жеке басын қатерге тігіп, сотталып, қуғынға ұшыратты. Қазақстанда солардың алғашқысы болып қарауылға Мұхтар Әуезов және оның осыдан жиырма жылдай бұрын жазылған «Хан Кене» пьесасы ілінді. Соңы қызылкеңірдекке ұласып, ұлт көсемдері дәрежесіне көтерілген тұлғалардың өзі бірін-бірі көрсете бастады.

Кімді қолдаса, сол жақтың пікірі басым болған Ғабит Мүсірепов өзінің қашанғы әдетімен бұл майданда да тұлғалардың сілкілесуін сырттан бақылап, миығын тартып, соңында өзі де араласқансып сыздықтай сөйледі. Бұл – мысқыл емес, нақты өмір көрінісі. Соның нәтижесінде бейбіт өмірде – батыл, саяси науқанда – баспақ, Мұқанов пен Әуезовті теңшей салмақтаған таразы қалпын 1947 – 1953 жылдар арасындағы аласапыранда да сақтап қалды. Бұл жолы да екі арыстанның жұлқысуын қостамағандай көрінгенімен, «партияны және көпшілік бұқараны» жаңа қауіптен «сақтандырды». Олардың 1947 – 1953 жылдардың арасындағы Ғ.Мүсірепов араласқан сөздері үнемі төмендегі сипатта өтті және осындағы аталған шығармаларға қарап әңгіме қай тақырыпта қозғалып отырғаны (проза, драма, эпос, т.б.) туралы бірден аңғаруға болады. Біз сол пікірлердің бір парасын ғана, драматургия туралы пленумдағы шарпысуларды берумен шектелеміз.

Ғ.Мүсірепов: «Алайда, Жазушылар одағы тарапынан ұлтшылдықпен күресу барысында кеткен өрескел қателер мен үлкен кемшіліктерді Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің соңғы шешімі орынды көрсетіп отыр. Егерде, біз өзімізге өзіміз сын көзімен есеп берсек, өкінішке орай, біз ұлтшылдықпен күресе отырып, сол ұлтшылдықтың жандануына жағдай жасаппыз. Бұған, ең бірінші Одақтың төрағасы ретінде Мұқанов кінәлі, сонымен қатар, коллегиялды түрде басқаруға атсалысуға тиісті Төралқаның мүшелері – біздің де кінәміз аз емес.

Қазақстан жазушылар одағы бір уақытта ұлтшылдықпен күресе отырып, оның жандануына жағдай жасауы кездейсоқтық па? Жоқ, бұл кездейсоқтық емес. Бұл біздің күресіміздің әлсіздігін, қатаң партиялық тәртіпті сақтай отырып жүйелі түрде, батыл және ашық күресе алмағанымызды танытады... Ұлтшыл қателікті сынаудың орынына сынды мещандық күрестің құралына айналдыру дегеніміз, біріншіден, сынның бүкіл саяси мәнін жою болып табылады, екіншіден, бұл пайда болып келе жатқан топшылдықтың отын қоздырудың жасырын амалы, егерде топшылдық жоқ болса, оны қолдан жасайды!», – деді (263 – іс, 29-30 бет).

Бұл – Ғабит Мүсіреповтің жеке басының ғана көрегендігі емес, кеңес өкіметінің партияның басшылығымен қақпайлап әкеле жатқан идеологиялық арандату саясаты еді. Әрине, мұнда алдыңғы тарауда айтылған үш топтың еңбегі ерекше. Пәленше мен түгеншелердің күнделікті сыпсыңы үлкен пікір ретінде қорытылып, жазалау саясатының құралына айналды.



Өкінішке орай, олар «жайланып отырып» сөйлесе алмаған сияқты. Ғабит Мүсірепов те ара ағайын бола алмады. Қайта ол түйіншік шиеленісе берді. Әуезов пен Мүсіреповтің оңаша үйде өткен әйгілі талқыласуы тура осы күндері өтті. Бірақ ол да 1:2- нің, 2:1-дің ойнақы ойынын тоқтата алған жоқ. Сәбит Мұқанов сол мінбеден:

«Мұхтар, менің білуімше, екеуміздің арамызда ешқандай түсініспестік жоқ сияқты. Мен сізді жазушы, үлкен талант иесі, мәдениет қайраткері ретінде силаймын, бірақ, драматургиядағы жаңа тақырыпты игере алмай жатқанда, ал бұл аса үлкен мәселе, ол аспан мен жердің арасында ілініп тұрғанда, қашан жаңа тақырыпты қамтитын шығарма жазғанша, бұл бізге, әсіресе, оқиғаны жақсы құра алатын, жақсы бейнелер жасайтын, тілі тұщымды драматург саған кешірім жоқ. Тіл жөніне келсек, сен маған көптеген сын-ескертпелер айттың, бұл жағаынан алғанда сенің бүгінгі күннің тақырыбына арнап жазған пьесаңның оқиғасы дағ ондағы адаамдардың бейнесі де, тілі де өте жұтаң. Бұл ретте Мүсіреповтің жетістігі бар. Бірақ сіз «Орыс адамдары» мен «Майдан» сияқты пьесалардың деңгейіне жеткен жоқсыз. Өйткені...», – деп (сонда, №198 іс, 87-бет) тыныс алып, – «өткендегі ұлтшылдық сананы жеңе алмай жүрсіз – дегенге саятын пікірмен түйрей отырып сөзін аяқтайтауды әдетке айналдырды.
Мұның түбі жақсылыққа әкелмейтінін зиялылардың бәрі де жақсы білді, біле тұрып, өзіне бөлінген саяси сақнадағы ролін ерікті-еріксіз ойнауға мәжбүр болды. Мысалы, осы сөзінде Ғ.Мүсірепов өзінің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесасындағы қателіктерді тізіп шығып, оны түзетуге уәде берді. Сол қателіктерді Ғ.Мүсірепов шынымен қате деп мойындады ма, түзетілді ме?!. М.Әуезов те уәде берді және өзгертті. Ал одан шығарма ұқты ма, ұтылды ма? Көтібардың – Басыбар, Жиреншені – Қалша деуден шығарманың мазмұны, идеясы өзгерді ме? Сәбит Мұқанов өзінің шығармаларын қайта парақтаған да жоқ. Демек, бұл майдан – көркем әдебиет үшін ашылған майдан емес, топшылдықты қоздыра отырып жоқ ұлтшылдықты «әшкерелеу», сөйтіп, тұлғаларды үрей құрсауында ұстау науқанына айналды. Мұны М.Әуезов қана тап басып ашық айта алды:

М.Әуезов: «Сәбиттің бойында қалыптасқан қате түсінікті айта кетуім керек. Қалай екенін білмеймін, бізде әлі күнге дейін солақай сын ғана бар да, талдау жоқ. Бұл өзі Тоғжановтан басталып, Қаратаевпен аяқталған зиянды сұғанақтық болатын. Олар шығармадан бастап, автормен аяқтайтын және міндетті түрде авторға қылмыстық айып тағумен аяқталатын. Егерде әдеби шығармада қате кетсе, оның әдеби қате екенін олар түсінбейтін, мұны автор қасақана істеп отыр деп айып тағатын. Мен олардың біздің адамдарға әдебиетке де, сынға да еш қатысы жоқ, мүлдем сыртқары жарлықтар таққанын білемін. Енді, міне, қазақ әдебиетінің төселген шебері нақты мәселеден бастамай, дөрекі сөйлеп, автор бұл зиянды мәселені саналы түрде қайта көтеріп отыр – дегісі келеді. Орыстарда: «Дауысың қалай шықса, жаңғырық та солай шығады» («Как аукнется, так и отклекнется») – деген мәтел бар, ол маған қандай саяси айып тақса, мен де оған тура сондай жауап бере аламын. Жә, бұл туралы кейін жайланып отырып айтайық...» (№68 іс, 86-бет).
Бұл науқанның Қазақстанда ерекше екпін алуына Т.Шойынбаев, Х.Айдарова, А.Якунин бірігіп жазған «Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын» деген «Правда» газетінің 1950 жылғы 26 желтоқсанында шыққан аты шулы мақаласы ерекше қарқын берді. Қазақстан зиялылары жаппай және жағаласа жау іздеуге көшті. Мақаладағы басты пікір: Кенесары Қасымовтың ұлт-азаттық көтерілісі қазақ халқын орыс халқына қарсы қойды, ол хандықты көксеген қозғалыс, қазақ ғалымдары мен шығармашылық иелері Кенесарыны ұлттық қаһарман ретінде әсіре мадақтайды – дегенге сайды. Онда:

«Еще в первом издании «Истории Казахской ССР» под редакцией А. Панкратовой и М. Абдыкалыкова (1943 г.) идеализировались реакционные феодально-ханские порядки, возвеличивалась деятельность ханов и султанов. ЦК КП (б) Казахстана, признав порочность этой книги, вынес решение о подготовке нового издания. Однако ошибки буржуазно-националистического характера были повторены в вышедшей в 1947 году книге Е.Бекмаханова «Казахстан в 20-40 годы ХІХ века» под редакцией проф. М.И.Вяткина. В ней идеализировалось феодально-монархическое движение султана Кенесары Касымова. Неверная оценка движению Кенесары дана в втором издании «Истории Казахской ССР», вышедшем уже в 1949 году под реакцией И.О.Омарова и А.М.Панкратовой. Движение Кенесары здесь признается прогрессивным «по тем политическим требованием, которые выставлял Кенесары…» (стр.296). Между тем политические требование Кенесары сводилась к возрождению средневековый ханской власти, к отторжению Казахстана и России» .

(...) Известно, что национальный вопрос в разные времена служат различным интересам и принимает различные оттенки, в зависимости от того, какой класс и когда выдвигает его. Кенесары Касымов и окружавшая его феодальная верхушка, увидев как невыгодно было им потерять старые привилегии и могучество начали борьбу за возрождение средневекового ханства. Все исторические данные говорят о том, что движение Кенесары не было ни революционным, ни прогрессивным. Это было реакционное движение, которые тянуло казахский народ назад, к укреплению патрихально-феодальных устоев, и реставрации средневековой ханской власти, и отрыву Казахстана от России и великого русского народа», – деп (әдейі түпнұсқалық мәтін алынды) пікір білдірді.

«Правданың» мақаласы – сот үкімінен де пәрменді еді және Орталық комитеттің бірінші хатшысы да оның күшін жоя алмайтын. Сол үкім енді Қазақстанның тағдырын ұршықтай иірді. Міне, осыдан қарқын алған «қызылкеңірдек кезең» үш жылға созылды. Бұл екі орталықта мұқым кеңес елі, бүкіл Қазақстан қауымын үрей билеп, басында жалпы сала бойынша басталған әшкерелеу енді жеке адамға бағытталып, «жан алып, жан беруге көшті».


1.
Өмір мен өлімнің шын мағынасындағы шекарасын анықтаған үш жылдық қызылкеңірдек науқанның алғашқы жаппай дүрлігуі 1951 сәуір айының алғашқы күндерінде Қазақ ССР Ғылым академиясының тарих институтында басталды. Онда «Правда» газетіндегі мақала толықтай мақұлданып, Кенесары қозғалысы және тарихшы Е.Бекмаханов «қазақ халқының жауы» болып жарияланды («Лениншіл жас», 1951, 4 сәуір). Соның негізінде 10 сәуір күні «Правда» газетінде басылған «Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын» деген мақала туралы» қаулысы шықты. Онда:

«Правда» газетінде 1950 жылы 26 декабрьде жарияланған «Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын» деген мақаланың хан Кенесары Қасымовтың реакциялық, феодалдық-монархиялық қозғалысына баға берерде Е.Бекмахановтың жіберген өрескел саяси қателерін дұрыс ашатындығын Қазақстан К(б)П Орталық Комитеті атап көрсетті» (...)

«Ф.Энгельс 1851 жылы 23 майда К.Маркске жазған хатында «Россия Шығыс жөнінде шын мәнінде прогресшіл роль атқарып отыр... Россияның үстемдігі Қара теңіз бен Каспий теңіздері және Орталық Азия үшін, башқұрттар мен татарлар үшін цивилизацияландырушы роль атқарып отыр...» деп жазды (Шығармалар, ХХІ том, 211-бет)».

«(...) Мұның өзі қазақ еңбекшілерінің патша отаршылары мен қазақ феодалдарына қарсы ұлт-азаттық қозғалысының өсуін тудырды; бұл қозғалыс езілген орыс шаруаларының күресімен тығыз байланысты болды».

«(...) Сонымен Кенесары қозғалысы халықтық қозғалыс та емес, бұқаралық қозғалыс та емес, азаттық қозғалыс та емес, реакциялық қозғалыс болды».

«(...) Ғылым және партия жұртшылығы Е.Бекмахановтың саяси қателерін оған сан рет көрсетті. Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің «Қазақ ССР тарихының» екінші басылуын әзірлеу туралы» 1945 жылы 14 августтағы қарары ол үшін үлкен ескерту болуға тиіс еді. Бірақ Е.Бекмаханов ғылым және партия жұртшылығының пікірімен санаспады және партияға қарсы, буржуазиялық-ұлтшылдық позицияларда қасарысып қалып келеді.

Қазақстан К(б)П Орталық Комитеті мынаны да атап көрсетті «Қазақ ССР тарихы» кітабының екінші басылуын әзірлеу туралы» Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің 1945 жылғы 14 августтағы қарарын орындамады және хан Кенесары Қасымовтың қозғалысына баға беруде кітаптың бірінші басылуында жіберген саяси қателерді тағы да жіберді.

Қазақстан К(б)П Орталық Комитеті «Правда» газетінің «Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын» деген 1950 жылы 26 декабрьде басылған мақаласын дұрыс деп таныды және маркстік-лениндік ілім негізінде Қазақстан тарихын терең және шын баяндауды, совет дәуірінің тарихын жасауға айрықша көңіл бөлуді, қазақ халқының тарихын, оның ұлы орыс халқымен берік достығының тарихын бұрмалауға тырысқан әрекеттің қандайына болса да қарсы батыл күрес жүргізуді республика тарихшыларының алдында өте маңызды міндет етіп қойды.

Қазақстан К(б)П Орталық Комитеті Қазақ ССР Академиясының Пезидиумын мына жұмыстарды істеуге міндеттеді: «Қазақ ССР тарихының» бірінші томы түзетіліп, 1952 жылы қайта басылсын, онда бұл кітаптың екінші басылуында жіберілген саяси қателер жойылсын; Қазақстандағы ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы ұлттық қозғалыстар туралы мәселе халықтық, азаттық қозғалыстарды реакциялық, феодалдық-монорхиялық қозғалыстардан айыру тұрғысынан шешілсін;

Кенесары Қасымов қозғалысының реакциялық, феодалдық-монархиялық қозғалыс екендігі туралы мәселе «Қазақ ССР тарихының» көп томдығында, «Қазақ әдебиетінің тарихында» және басқада кітаптарда көрсетілсін.

Қазақ ССР Академиясының тарих, археология және этнография институты мен тіл және әдебиет институтының директорларына, республикалық газеттер мен журналдардың редакторларына Кенесары Қасымовтың реакциялық қозғалысын әшкерелейтін бірнеше мақалалар әзірлеп, басып шығару тапсырылды.

Қазақстан К(б)П облыстық комитеттеріне, аудандық комитеттеріне және қалалық комитеттеріне «Правда» газетінің «Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын» деген мақаласын Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің бұл мәселе жөніндегі қаулысын республиканың жоғары оқу орындарының пария ұйымдары мен барлық орта оқу орындарының педогог коллективтерінің ашық жиналыстарында талқылау тапсырылды.

Осы жылдың апрель айында Алматы қаласы мен облыс орталықтарында интеллигенцияның жиналысын өткізіп, ол жиналыста «Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан баяндау туралы» баяндама жасау белгіленді...» («Ленишіл жас»,1951, 21 сәуір).
Осы қаулының шешімдерін табыспен жүзеге асыру мақсатында 20-көкек күні жазушылар одағында «Кенесары – халықтың қас жауы» атты тақырыпта партия ұйымының ашық жиналысы өтті. Онда одақтың жауапты хатшысы Қ.Жармағамбетов ҚКП(б) Орталық комитеті бюросының 10 көкек күнгі Қаулысы мен «Правда» газетіндегі «Қазақстан тарихы мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан зерттелсін» деген мақалаға орай көлемді баяндама жасап, қазақ әдебиетіндегі Кенесары бейнесінің сомдалуы тарихына барынша кең тоқталып өтті. Ол:

«Кенесары Қасымовтың реакцияшыл қозғалысын әдебиетте дәріптеудің жаңа толқыны 1939-жылдардан басталады. Бұл мәселеге ССРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалының сол кездегі әдеби секторы ұйытқы болды да, сол сектордың сол кездегі басшысы Е.Исмаилов ұйымдастырушы болды. Е.Исмаилов 1940 жылы Кенесарының қырғыз халқына жасаған басқыншылық шабуылын ақтап, арнаулы монография жазды. Әдебиет секторының сол кездегі ғылыми қызметкері X.Бекхожин «Әдебиет және искусство» журналының 1941 жылғы 5 номерінде «Қазақ әдебиетіндегі Кенесары мен Наурызбай бейнелері» деген мақаласын жариялады, Исмаилов пен Бекхожиннің бұл еңбектерінде Кенесары Қасымовтың реакцияшыл-монархиялық қозғалысы прогрессивтік, ұлт-азаттық қозғалыс деп танылып, Кенесары мен оның төңірегіндегі қарақшылары – халық батырлары дәрежесінде дәріптелді. Дәлірек айтқанда, Кенесары жөніндегі ұлтшыл-алашордашылардың ескі сандырағын қайталады.

1940 жылы Исмаиловтың басшылығымен Кенесарыға арналған поэмалар мен өлеңдерден жинақ құрастырылып, 1941 жылы Қазақтың Мемлекеттік Баспасына өткізілді. Исмаиловтың басшылығындағы әдебиет секторы бұл шараларға да қанағаттанбай, Кенесары мен оның нөкерлері туралы ақындарға шығармалар жаздырды. X.Бекхожин «Науан батыр» деген поэма жазып, қандыбалақ Наурызбайды халық батыры деп көтермеледі. А. Тоқмағамбетов Кенесарының әскери басшыларының бірі, қырғыз халқына қарсы басқыншылық соғыста жауыздығымен көзге түскен Бұқарбай туралы поэма жазды. Қ.Аманжолов «Көкшетау» деген поэма жазып, Кенесарының Көкшетауда болған кезін аңсайтындығын баяндады. Исмаиловтың тапсыруымен халық ақындары Саяділ Керімбеков, Доскей Әлімбаев, Иманжан Жылқайдаров Кенесарыны мақтап поэмалар шығарды. Бұл поэмалардың бәрін де әдебиет секторы сатып алып, Исмаиловтың басшылығымен Кенесары туралы екінші кітап әзірленді.

Исмаилов 1944 жылы «ССРО Ғылым Академиясы Қазақ филиалының хабарларында» жарияланған «Соғыс жылдарындағы казақ поэзиясының жайы мен міндеттері» деген (53-бет) мақаласында Шамиль мен Кенесарыны бояулы сөздермен мадақтай келіп, олардың тарихтағы орнын Суворов, Кутузов, Амангелді, Щорс, Чапаевтарға теңейді.

1946 жылғы «Қазақ әдебиеті» деген кітабында (орта мектеп оқу құралы) Исмаилов Кенесарыны халық батыры, ұлт-азаттық қозғалысының көсемі деп бағалайды.

1949 жылы М.Әуезовтің редакциясымен шыққан қазақ әдебиеті тарихының бірінші томындағы «Тарихи жырлар» деген бөлімде Исмаилов «ХІХ-ғасырда болған ұлт-азаттық қозғалысының ішіндегі ең көрнектісі Кенесары Қасымовтың басшылығымен болған халық көтерілісі» (311-бет) деп түйеді.

Осының барлығы әдебиетші Исмаиловтың Кенесарының реакцияшыл-ұлтшыл қозғалысының әдебиеттегі адвокаты болып келгендігін дәлелдейді.

С. Мұқанов 20 жыл бойына Кенесары Қасымовтың қозғалысын халыққа қарсы реакцияшыл деп келді. 1923 жылы жазған «Шешендер қара тақтаға жазылмаңдар!» деген мақаласында С.Мұқанов Кенесары қозғалысының реакцияшыл мәнін дұрыс әшкереледі. Одан кейінгі жылдарда «Қызыл Қазақстан», «Жаңа әдебиет» журналдарында жарияланған қазақ әдебиеті тарихының мәселелері жөніндегі мақалаларында да алғашқы айтқан пікірінде қалып отырды.

1942 жылы жазған «XVIII және ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті тарихының очерктері» деген кітабында С.Мұқанов бұрынғы пікірлерінен безіп, Кенесарының реакцияшыл қозғалысын прогрессивтік, ұлт-азаттық қозғалысы деп таниды.

Қазақ халқы тарихының даулы мәселесі болып келген Кенесары қозғалысына көзқарасының тым шұғыл өэгеруінің себебін Мұқанов жолдас осы жиналыста ашып айтуы керек.

Профессор Жұмалиевтің көзқарасында да дәл осындай тұрақсыздық болғанын көреміз. 1938 жылы жарияланған «Махамбет Өтемісовтің творчествосы» деген еңбегінде Кенесары қозғалысын халыққа қарсы қозғалыс деп таныса, 1941 жылы «XVIII және ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы» (орта мектеп үшін оқу құралы) деген кітабында Нысанбай творчествосын талдай келіп, Кенесары қозғалысын прогрессивтік деп түсіндірді. 1948-49-50 жылдары шыққан орта мектептің оқу құралы кітаптарында да осы пікірін қайталайды. Өз көзқарасының өзгеру себебін Жұмалиевтің де ашып айтуы керек.

Абай шәкірттері туралы мәселе, дәлірек айтқанда, Абайдың ақындық мектебі туралы мәселе қазіргі кезде әдебиетшілеріміз арасында талас тудырып жүрген мәселе екендігін ескерте келіп, баяндамашы бұл мәселе жөнінде пікір алысу керек деген ұсыныс жасады. Кенесары Қасымовтың реакцияшыл-монархиялық, феодалшыл-ұлтшыл қозғалысына баға беруде әдебиет тарихында жіберілген саяси өрескел қателерді жоюдың шараларына тоқтала келіп, баяндамашы осы жылғы апрельдің 4 күні «Социалистік Қазақстан» газетінде жарияланған «Әдебиетте Кенесары қозғалысын дәріптеуге карсы күресейік» деген Ғұмарова жолдастың мақаласы, сондай-ақ апрельдің 19 күні «Ленинская смена» газетінде жарияланған осы мәселе жөніндегі Ә.Тәжібаев жолдастың мақаласы өте маңызды пікірлерді көтеріп, X.Бекхожин, Е.Исмаилов, X.Жұмалиев, М.Әуезов, С.Мұқановтардың Кенесары қозғалысын бағалаудағы қателіктерін дұрыс ашатындығына атап тоқтады», («Әдебиет және искусство», 1951, №8).
Баяндамадан алынған осы ұзақ үзіндіден қазақ әдебиетінің басына қандай қауіп төнгенін анық байқауға болады. Аты аталған адамдардың партиялық жазадан құтылуы екіталай болатын. Талқылау барысында әлі жарияланбаған дастандар да сынға ілініп кетті. Оған Қ.Жармағамбетов өзінің қорытынды сөзінде:

«Иә, Асқар Тоқмағамбетовтің дастаны жарияланбаған, бірақ ол ақынның Кенесары қозғалысына көзқарасын білдіреді. Сондықтан да шындықты атап өттім. Ал Кенесары туралы шығармалар бұл жиналыста талқылана ма дегенге келсек, ҚКП(б) қаулысы Кенесары қозғалысы туралы мақалалар шоғырын жариялауды міндеттейді, ондай мақалаларды алдағы уақытта жариялаймыз», – деді.
Иә, кеңестік жазалау идеологиясы атқарған ісіңді ғана емес, ойлаған ойыңды да жазаға тартуға бағытталды. Өжет ойлы Қайнекей оны ескермесе, өзіне мін тағылатынын біліп, тізімге қосқан. Өкінішке орай, осы бір науқандағы жанталас кезінде оның азаматтық өзегі өртеніп кетті. Аса қуатты ой иесі өзінің арымен өзі арпалысып, ақыры өмірін жалғыздықпен аяқтады.

Партияның оқшантайындағы үмітті тұлғалар ғана емес, ғылыммен, шығармашылықпен айналысатын зиялылар да мінез көрсетіп қалды. Беймәлім әрі тұрпайы көрінетін жайлардың астарын кейінгі оқырман дұрыс түсінсін деген ниетпен, сол айтыста басты айыпкерлердің қатарына қосылған және өзара пікірлес, айтар сөзін алдын ала келісіп алған Е.Исмаиылов пен Қ.Бекхожиннің, Қ.Аманжоловпен Қ.Бекхожиннің арасындағы мына оқиғаның көрінісін әдейі алдын-ала келтіреміз.

Е.Исмаиылов (осы талқыдағы сөйлеген сөзінен): «Мына бір жай еріксіз есіме түсіп тұр. Бірде Бекхожин маған: «Сен ЦК-ның қаулысына ілінген адамсың, сондықтан да үндеме. Сен соғылған (битый, мәселесі шешілген) адамсың, ешқашанда оларды сынап қарсы шықпа, күйіп кетесің. Сені кінәлау оңай, өйткені сенің атың қаулының барлық жерінде көрсетілген», – деді» (Орталық мұрағат, 36-іс, 84-бет).
Кенесары мен Наурызбайды ұлт-азаттық көтерілістің көсемі, тәуелсіздіктің туы, намыстың көк семсері ретінде арғы атасы – Шыңғыс хан мен Жошыдан, бергі атасы – Абылай мен Қасымнан бастап жырлаған, «Ақсақ құлан», «Қаз оты», «Наурызбай – Қаншайым» атты дастандардың авторы, Кенесары көтерілісі туралы қазақ ақындарына тікелей тапсырма берген Х.Бекхожинды Ә.Тәжібаев өзінің сөзінде «төрелердің толғаушысы» атандырып, Е.Бекмаханов, М.Әуезов, Е.Исмайыловтан кейінгі төртінші орынды алатын халық жауы ретінде айыптады. Ол сөздің астарында саяси астармен қоса ақындық бақас бәсеке де қылтиып тұрды. Осы пікір таласы туралы естелігін тыңдап, «Наурызбай – Қаншайым» дастанын «Жұлдыз» журналына жариялауға алғанымызда да арыстан ақынның жүректегі үрейі қайратты қою мұртын тікірейтіп шыға келді. Сонда ол Е.Исмаиылов айтқан жоғарыдағы жаймен қоса, өзінің:




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет