Насыбайдың зияны 25 Мамыр 2013, 14: 43 Қарап шығу: 4775 Түсiнiктер: 11



Дата26.06.2018
өлшемі86 Kb.
#44303
Насыбайдың зияны

25 Мамыр 2013, 14:43 Қарап шығу: 4775 Түсiнiктер: 11

Насыбай құрамында есірткі бар алконас тұқымдасына жататын темекі өсімдігінен жасалатын, құмарлық үшін ататын (пайдаланылатын) зат. Қазақ даласына темекі келгеннен кейін насыбай жасау, оны ату етек жайған. Насыбайды дайындауды далада көшіп-қонып жүрген қазақтар әу баста өзгелерден үйренген. Насыбай түйіршік және ұнтақ түрінде кездеседі. Бұрындары тек кәрі шалдар насыбайды атса, қазір жастар, оқушылар мен студенттер арасында насыбай ату кең тарап отыр. Насыбай арзан және барлық жерде сатыла береді. Бұрындары негізінен шалдар атқандықтан, елімізде насыбайға тыйым салынбаған.

Насыбайды үйде дайындайды.

Насыбайдың құрамында махорка немесе табак бар, оған әктің суын, түйенің тезегін немесе тауықтың саңғырығын, қара ағаштың смоласын және түрлі ағаштардың күлін қосады. Түсі көк, иісі тауық қорадан шыққан иіс сияқты. Бұлардың қай-қайсысы да зиянды. Тіпті, жай ғана тауықтың саңғырығын жеп қойған қойлар да бір сағаттың ішінде өліп қалғандығы өмірде болған. Қара ағаштың смоласының зияны да тауықтың саңғырығының уынан кем емес. Соған қарамастан, кәрі де, жас та насыбайды еріннің астына салып атады. Сол себепті насыбай ататындардың 80% ауыз қуысы, ас қорыту жүйесі ісікке ұшырап ауырады. Әуелі қызық үшін насыбай ататындар кейін оған әбден әуестеніп, үйреніп кетеді де насыбай атпаса басы ауырып айналады. Тамаққа зауқы соқпайды. Сөйтіп, насыбайға тәуелді болып қалады. Қазір насыбай ататын жастар аз емес. Себебі, насыбайдың бір орамының бағасы ап-арзан. Ал, оның орнына темекі алайын десе тиын-тебені жетпейді. Әрі насыбайды кім көрінген сұрай бермейді.

Насыбайды ату-темекі тарту, араққа салыну, нашақорлық тәрізді дерт болғандықтан, оған үйренгендер бір мезет насыбай атпаса, басы ауырып, жүрегі соғып, қан қысымы көтеріліп, ұйқысы қашып мазасыз күйге түседі. Ондайда насыбайды атып жіберсе, жаны жадырап, көңіл күйі көтеріліп, басының ауырғаны тыйылып қоя береді. Мұны «бас жазу» тәрізді қылық екенін түсінбейтіндер насыбайда сондай күш бар деп айтады.

Насыбай неге зиянды?

Оның зиянды болатын себебі, құрамында никотин, синель қышқылы, көмір және сірке қышқылдары, азот, эфир майы және өкпе ісігіне (рак) ұшырататын әртүрлі радиоактивті элементтер бар және оған қосылған заттардың улы қосындылары кездеседі. Жасыратыны жоқ, бүгінде жастар жағы насыбай атуды әдетке айналдырған.

Насыбай ататындардың есіне мыналарды саламыз. Насыбай ату адам жасын қысқартады; Ауыз қуысы, ас қорыту жүйесінің қатерлі ісігіне ұшыратады; Өмір сүруге, еңбек етуге, отбасын асырауға деген ынтасы азаяды; Әйелдер насыбай атса, ішіндегі баласының денсаулығына зияны тиеді; Тыныс жолдары қабынады; Мезгілінен ерте қартаяды; Ұйқысыздыққа апарады; Аузынан, айналасынан сасық иіс шығады; Рухани күйзеліске ұшырайды; Тамаққа деген тәбеті жойылады, адам ағзасы әлсірейді; Қан қысымы көтеріледі.

Қазір елімізде денсаулық сақ-тау министрлігінің бастамасымен насыбай атуды шектеу, оны жасөспірімдерден аластату жөнінде маңызды мәселе көтерілуде.

Денім сау болсын десеңіздер, мұндай жаман әдеттен аулақ жүрі-ңіздер, спортпен шынығыңыздар!

И. ИСКАНДЕРОВ,

ауданның нарколог дәрігері.

17 Ақпан 2014, 01:25

ШҚО-да насыбайдың кесiрiнен обыр дертiне шалдыққандар көбейiп барады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығысқазақстандық нарколог дәрiгерлер есiрткiге тәуелдi және насыбайдан обыр дертiне шалдыққан жасөспiрiмдердiң саны артып барады деп дабыл соғуда.

Облыстық наркологиялық диспансердiң дәрiгерi Манап Қалиев анаша, темекi, арақ, насыбай, героин заттарын қабылдайтын жастардың қарасы көп деп отыр. 2013 жылы қауiптi топ санатына 268 жасөспiрiм тiркелген. Олардың iшiнде 67 адам арақ ішкен, 63 адам есiрткi, 138 адам токсикоматикалық заттар, яғни темекi, желiм, насыбай және тағы басқаларын қабылдағандар бар.

Олардың басым бөлiгi психолог пен арнайы мамандардың көмегiмен тәуелдiлiктен айыққан. Дегенмен Манап Қалиев тағдырлары қиылған талай жастың болғанын да айтуда. 2011 жылы 13 жасар Марат есімді жасөспірім бiр жарым жыл насыбай атқан. Кейiн ауыз қуысының обырына шалдыққан. Дәрiгерлерге оның ернiн, жақ асты бұлшықеттерiн алып тастауға тура келдi. Салдарынан ондаған мың долларға пластикалық операциялар жасалды.

«Бұл әрине ең ауыр зардаптар. Бiрақ адамдар насыбайдың бұндай зиянын бiле бермейдi. Жасөспiрiмдер насыбайды көп атқаннан өкпеде құрт шығатынын да қаперге алмайды», - дейдi Манап Слямұлы.

«Жылына бiз альвеококкоздың - өкпе паразиттарыныңт бiр-екi оқиғасын тiркеймiз. Насыбай неден жасалатынын бiлесiздер ме? Темекi, әк және тауық нәжiсiнен тұрады. Кейде сиыр, шошқа және жылқы нәжiсi де қосылып кетедi. Гельминт жұмыртқалары содан өкпеге, iшекке, асқазанға түсiп, дами бастайды. Мұндай балаларды бiз медициналық тексеруге жiберемiз. Осындай тексерiстердiң арқасында наркологтар жастардан альвеококкоз, туберкулез, венерологиялық ауруларды жиi анықтайды. Тiптi АҚТҚ мен обыр да табылып жатады. Сондықтан мектептерде балаларды мiндеттi наркологиялық тексеруден өткiзу туралы ұсыныстың қисыны бар», - дейдi ол.

Айта кетейiк, былтыр облыс бойынша 405 бала медициналық сынақтан өткен. Олардың 52-сi есiрткi заттарын тұтынғандары анықталған, деп жазады yk-news.kz.

Желтоқсан

«Желтоқсан желі желбіреткен тәуелсіздік туы!»

Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру арқылы қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Өз елін, жерін қорғайтын елжандылық рухқа тәрбиелеу.

Көрнекілігі :Желтоқсан жаңғырығы тақырыбында шығарылған плакат, нақыл сөздер жазылған плакат, желтоқсан оқиғасының құрбандарына, желтоқсан оқиғасына байланысты жасалған буклеттер, слайдтар,видеороликтер, «Көшпенділер» кинофильмы

Нұржан: Отан-ол ең қымбат,ең маңызды сөз.Кез-келген адамның өз Отаны бар.Отан деген сөз арқылы біз бәрін түсінеміз.Мектеп,тамаша қалаларымыз,күллі Қазақстан Республикасын Отан деген сөзден танып білуге болады.

Ангелина: Родина – это самое важное, самое дорогое и всеми любимое слово. У каждого человека есть своя Родина. Под этим словом мы понимаем нашу школу, свою семью, свой прекрасный город, всю нашу огромную Республику Казахстан.

Нұржан : Құрметті ұстаздар және оқушылар! Сіздерді бүгінгі Тәуелсіздік күніне 20 жыл толумен құттықтаймын! Бүгінгі біздің «Желтоқсан желі желбіреткен тәуелсіздік туы!» атты тәрбие сағатымыздың негізгі мақсаты 1986 жылғы 16 желтоқсанда болған елеулі оқиғаны еске түсіру. Дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның желтоқсаны туралы шындық аз айтылып жүрген жоқ. Қанша жыл өтсе де бұл ұмытылмайтын оқиға.

Ангелина: Добрый день, дорогие ребята, учителя и гости! 16 декабря День Независимости Республики Казахстан. Главный государственный праздник. В честь национального праздника этот день в Республике является нерабочим. 20 лет независимости. Все это наша история, оставляющая неизгладимый след в сознании и памяти людей. В стране происходят добрые перемены, вселяющие радость и надежду. Обретя независимость, наш народ на демократической основе впервые избрал своего Президента. Была принята новая Конституция. Казахский язык обрел статус государственного языка.

Исполнение Гимна Республики КАЗАХСТАН.

Нұржан : «Желтоқсан желі желбіреткен тәуелсіздік туы!» атты әдеби – сазды кешімізді ашық деп жариялаймыз. Қадірлі қауым, тарихтың ойлы-қырлы белестерінде халықтың жүрегінде сақталып, жадында жатталып қалатын, қоғамдық дамуға айрықша әсер етіп, ұлттық сана сезімге қозғау салатын аса маңызды оқиғалар болады. Қазақ халқы үшін осындай оқиғалардың бірі – 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы.

Ангелина: Казахский народ подобен могучему дереву, чьи корни глубоко проникли в толщину земли. Это древний народ, перенёсший немало свирепых бурь и стойко выдержавший все испытания. Путь независимости казахского народа был тернистым и долгим.

Нұржан: Иә, күллі әлемді дүр сілкінткен 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы Қазақ топырағына ұлттық санасы, намысы жетелеген жаңа, әрі қайсар буынның келгенін әйгіледі. 1986 жылы 17-желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, «Тәуелсіздік керек, қазақ халқының өз көсемі сайлансын» деген ұранмен шеруге шықты.

Ангелина: 16 декабря 1986 год, Алматы. Пленум ЦК Компартии Казахстана, на котором был снят с должности Первый секретарь ЦК Кунаев и на его место поставлен Колбин, прибывший из Москвы, который имел поверхностное представление о республике. Но в этот раз диктат Центра при решении вопросов, затрагивающих жизненные интересы населения республики, встретил открытое, решительное сопротивление, которое потрясло весь Советский Союз. Его проявлением стало выступление молодежи: утром 17 декабря на площади у ЦК партии, на этой площади, где собрались сотни людей, чтобы выразить свой протест против откровенного попирания элементарных гражданских прав. Демонстрация была мирной, не содержала призывов к свержению государственного строя. Люди лишь выражали свое несогласие с решением верхов, они просили объяснений от партийного руководства. Напряжение росло, народ прибывал, число демонстрантов достигло нескольких тысяч. «Мы – казахи, издревле мечтавшие о свободе»» – эти слова выражали помыслы и дух народа. Но на площадь были брошены танки... Демонстрация была подавлена силой: применялись саперные лопатки, служебные собаки, брандспойты, задержанных избивали, вывозили зимой за город, помещали без санкции прокуратуры в следственные изоляторы на несколько суток.

Нұржан: Жастарға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға: «Бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.1986 жылы 19-желтоқсан күні Қазақстанды басқарып келген Дінмұхаммед Қонаевтың орнына Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ Генадий Колбинді қойған еді. Қонаевтың орнынан алып тасталу себебін білгісі келген қазақ жастары, оқу орындарының студенттері алаңға шықты. Ширек ғасыр Қазақстанды басқарған ел ағасының өз орнына қайта келуін талап етті.

Нұржан:


Көтерілді жастарымыз алаңға,

Көтерілді студент қыз, балаң да.

Қан төгілді намысы үшін қазақтың,

Ерліктері жайылды кең ғаламға.

Қаһарманын ұмытпайды халықтар,

Өткен күнді тарихымыз анықтар.

Ерлігіңе тағзым еттім қашанда,

Тәуелсіздік алып берген алыптар!

Ангелина: Этим событиям и участи молодых людей посвятила стихотворение Канжигалиева:

Наташа … Мы те, которых вы не знали,

Которые пытались лишь сказать,

Остановить от необдуманных решений,

И навсегда свободу удержать!

Ты поклонись же до земли

Тем, кому ты должен быть обязан

За день, что вырван кровью был в борьбе,

Чтобы сейчас ты независимость обрел

И чувствовал себя всегда свободным!

Алматы – это был твой туранский мятеж!

Гены духа свободы не смять!

На коленях хотели б казахов – увидеть, –

Ну как же, – степняк, – как его не обидеть…

Нет! – не бывает братства – по крови.–

У всех – у людей – одинаковы ль брови?…

Родство – в этом мире – лишь только по Духу!–

Мне братство дороже – от сердца – по слуху!

Ангелина: Декабрьские события 1986 года стали катализатором демонстрации политических сил, в огромной советской стране начала формироваться новая общественная система, направленная на демократию.

Елдос :Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың

Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың,

Желтоқсан – Қайрат,ләззат пен Сабира,

Құрбаны болған жаланың

Желтоқсан жастық қазбалап тегін сұрама

Анартау тектес атылмай бір күн тұра ма?

Осылай халқым созылған туру үш ғасыр

Ойланып бітті драма.

Желтоқсан – Жеңіс,Желтоқсан - Ұлы жаңалық,

Нохат деп,оны нәубетке қойған саналық.

Жәнібек,Бұқар,Абылайдан қалған бар болсын,

Азаттық.Елдік.Даналық.

Куаныш :Ашу-ыза қайнауының жетті болар шегіне,

Көтерілді бүкіл жастар жалын болар еліне.

Мың тоғыз жүз сексен алты боялды жастар қанымен,

Желтоқсанның он алтысы есте жастар қанымен,

Алматының алаңына бар студенттер жиналды,

Ақсақалы қазағымның амал таппай қиналдыы.

Қырылды жастар,аямай ұрды ұл-қызына қарамай,

Апарып шықты абақтыға ешқайсысын аямай.

Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,

Қазағымның өркендеді ерлігі,

Құрбан болған Тәуелсіздік жолында,

Ағалардың ұмытылмас ерлігі.

Қайрат сынды қазағымның ұлдары,

Ләззат нәзік жандар теңдігі,

Қарсы шықты жауыздарға тай салмай,

Басын қорғап,бұқпантайлап тұрмады.

Бірде шырқап,бірде төмен құлаған,

Өмір жолы болған қиын бұралан.

Қазағымды жарқын жолға бастады,

Ел басы боп сайланды да Нұрағам.

Диляра:


Халқым менің.Саған қарап жұбанам,

Тарих беті қатпар-қатпар бұралан,

Талай зардап қайғы мұңының соңынан,

Егемендік алғаныма қуанам.

Біздің тарих,бұл дегенің шежіре,

Азап пенен бақ сыйлаған еліме.

Көп болдығой көз алартқан пенделер,

Қазағымның ұлан байтақ жеріне.

Тәуелсіздік бұл менің парасатым,

Күншілменен де тіл жарасатын.

Қорғайтын Елдігінді ерлігімен,

Қазақтың шығаратын Алаш атын.

Тәуелсіздік-Арымдай аңсар әңім,

Тау-тасымдай жан-самалын.

Қазақтың қанына жат пиғылдарға,

Қамығып қара судай қарсы ағамын.

Мадлен: (Ләззат Асановаға арнау).

Мынау неткен зар заман

Жүректегі тар заман

Сені өлтірген дұшпанға

Зауал келсін алладан.

Асыл едің мыс болдың

Ізің жатыр, өзің жоқ,

Бейнең барда, көзің жоқ

Қайдасың, қайда қарағым?

Ел көзінше жыламай,

Көздің жасын бұламай

Анашыңның жасырын

Өксігенін білдің бе?

Тар құрсақты кеңіткен

Тай құлындай тебіскен

Бауырыңның сені іздеп

Боздағанын білдің бе?

Өзіңдей қыздың қазақта,

Бір туарын білдің бе?

Руслан: (Сабира Асановаға арнау).

Бұлдыр да бұлдыр, бұлдыр күн,

Қан жылатқан құрғыр күн.

Медет болмай алладан

Қызығымды жалмаған

Тұнжыраған тұлдыр күн.

Ақбілекті сүйрігім

Алаштан озған жүйрігім,

Алтын діңгек қазығым,

Аққудай аппақ нәзігім

Сабирам опат болған күн.

«Желтоқсан желі» әні орындалады

Сахнада өмірден ерте кеткен жерлес әдебиеттанушы ғалым, ақын Мүсілім Қапан Айтқазыұлының (1967-1994)

Көркем шығармаларының бірі «Зауал» пьесасынан көрініс

Қайрат – 22 жастағы жігіт

Мұхит – 22 жастағы Қайраттың досы

Шешесі – 44 жаста

1-солдат – 20 жаста

2-солдат – 20 жаста

Тергеушы – 30-35 шамасында

Бірінші көрініс :

(Бөлме, Қайрат жалғыз.Қайрат үйіне хат жазып отыр. Осы кезде аяғын сылти басып досы Мұхит жүгіріп келеді)

Мұхит : (Қайратты қолынан жұлқи бере) Қайрат,досым,кәне тұршы оныңнан.

Қайрат: (Сасып қалып,бірақ ойынан айыға алмай) Не болды?

Мұхит ( шошына)

Бір сұмдықты көріп келдім алаңнан,

Дәл мұндайды көрмеп едім ешқашан

Қаруланған шоқпарменен солдаттар,

Жас қыздарды сүйретіп жүр бұрымнан

Қайрат : (Тұра бере) иә, иә

Мұхит :


Аямады қара көзді жастарды

Аямайды қиғаш қара қастарды

Шоқпарменен төпелеп жүр ұялмай,

Қарсылықсыз басын бұққан қыздарды

Қайрат : (өңі өзгеріп кетеді)

Ой сұмдық –ай,мынау неткен зобалаң

Жеткені ме ел басына, Ақтабан

Мұхит: ( басын изей)

Иә, иә, емес одан өзгеше,

Қан сасиды қазір шықсаң бар көше (Қолымен сыртты нұсқағандай)

Қасқыр итпен талатып жүр япыр-ай,

Аяушылық ұмытыпты бәрі де.

Қайрат: (киімін ала бере ұмтылып, ызылана)

Неге тұрсың, неге тұрсың ендеше

Жүр шығайық қазір бізде көшеге.

Қайрат: (көзі жалт етіп ызалана қарай,сыртты нұсқап кекете)

Екеуіміз, ей сен қара қалаға,

Көше толы қара көзді жандарға.

Біздердің де артық па екен жынымыз,

Қосыламызқазір шықсақ соларға.

Мұхит: ( орнында қалып койып) Қайратжан,Қайрат! Деп қолын алдына соза тоқтайды, қайта Қайраттың орнына келіп отырады)

Сорлы басым, несін айтым мен бәрің,(ойланып)

Жоқ, жоқ мен де сол алаңға барамын,

Керек болса сонда қаза болармын.

Қара қаны саулап аққан бойынан,

Қыздарыма жәрдем беріп құлармын (ол да Қайраттың артынан жүгіре жөнеледі).

Екінші көрініс: “Алаң”

(Елді ұрып соққан солдат дауысы).

1-ші солдат: (Елді ұрып жүріп) Мә, сендерге, мә сендерге ендеше,

Ей жігіттер аямаңдар, тепкіле.

Қансын енді қолдарыңның қышуы.

Стадионға құлағанын тепкіле.

2-ші солдат: (меңменсіздеп)

Өліп қалса, өзім жауап беремін,

Дәл бұлардан келген керді көрермін.

Жығып алып шаштарынан сүйреле,

Қарсыласса қайта жығып тепкіле.

Мұхит:Қайратжан-ау, Қайратжан-ау, қайдасың,

Қайда кеттің досым – арысым.

Жас қыздардың ар- үятын таптаған

Тоқтатыңдар мынау жүрген сұмдарды.

Тоқтатындар....

Тоқтатындар.... ( деп барып қолын алдына соза құлайды)

( Қайратты бір теуіп)

Сүйретіндер мынау итті түрмеге,

Талатайын жас денесін бүргеге.

Көрсетейін асып тасқан бұларға,

Қалай қарау керектігін біздерге.

Үшінші көрініс : “Тергеу”

Тергеуші: (Кірген екі милицияға қадала қарап)

Бір милиция кешегісін өліпті

Қане, қайсың, кім ұрғанын көріпсін?

2-ші содат:

Көрген едім дәл қасынан өліктің ,

Қияқ мұртты аласалау жігітті.

Тергеуші:

Қияқ мұртты, бір тұтқынды,

Мында алып келіңдер

Тергеуші: ( жігірленіп, әрі-бері адымдап)

Мойнына бұл кінәні, кімді әкелсін тығармын,

Қанын ішіп кез-келгенінң, бұл билікті тиярмын.

Қолға түссін қияқ мұртты бір жігіт,

Айттым бітті не атқызып, не түрмеге тығармын.

(Осы кезде Қайратты желкелеп екі солдат алып келеді)

Тергеуші: (менсінбеген пішінмен)

Мынау ма батыр, не дейін,

Былай қарай ( нұсқайды) желкеле!

Өлімі үшін адал жанды біреудің,

Тура келеді саған жауап беруге.

Қайрат: ( жұлқынып)

Ой, залымдар, арым таза, кінәм жоқ,

Мойындамаймын, мейлі ұр, мейлі соқ!

Тергеуші:( мығызданып)

Мойындатам, көргендер бар, біледі,

Киімін шеш қазір соғып тіледі.

(Қайратты алып кетеді. Соңынан балағаттаған дауыстар естіледі).

Хабарлаушы: ( Салтанатты)

Тұрындар тез, сот келеді,

Әділеттің естіледі үкімі,

Қорғаушыдан кім сөйлейді,

Ешкім жоқ па, мейлі.

Өлімі үшін милицияның

Қазір жауап береді.

Рысқұлов Қайрат деген

Жамбыл-Бірлік жігіті.

Сот:


Шешімі үлкен қиын еді бұл істің,

Кінәлісін тауып алдық бүліктің.

Қашсадағы құтылмады қанішер,

Ендігі жаза ел дүрлігер көбілер.

Дәлелім бар, көргендер бар милицияны ұрғанды,

Тыныш елге тастап журген көтеріл деп ұранды.

Ауыр жаза кесіледі Рысқұлов Қайратқа

Шешім шықты бұйырамын атуды.

Атыңдар да , істі-болды, жабындар,

Сот кесімі бітті, енді тарқандар.

Бірақ, бірақ бұл шешімді мәңгілік

Естеріңде жиылған жұрт сақтандар,

Мүмкін енді қияқылар ойланар.

Шешесі: Қайрат, ұлым ( алдына құлап, басын ұстап) Мені кімге тапсырдың? Қайрат ұлым қай күнәңа батырдың?

Қайрат: ( артына қарай бере)

- Кешір ана, кешірімшіл едің ғой.

( екі милиция екі жақтан шешесі мен баласын алып келеді.Ортада көлденеңінен стол, келіп отыра бере аңасы, жылай)

Шешесі: (қолын соза ) Ұлым! ( үстелге басын тигізе жылайды)

Қайрат: ( артына карай бере)

- Сау бол, ана!

Ақталып елге қайтам жаз шыққанша!

( Екі тұтқын кіріп Қайратты соға бастайды)

Қайрат: Болды, жетер, қандай жаза бар менде?

Тұтқын: Аяма итті, міне былай тепкіле ( жығып тепкілейді)

Қайрат: Ой, жаным- ай

Пасық жаңдар, мұның не?

Тұтқын: Сөзін қара, мә, мә, саған ендеше ( ұрып тебеді).Ұлтыңменен ату керек иттерше.

Қайрат: (Жұлқынып босанып кетеді)

Болды,тоқтат көрген күнім осы ма?

Қатты батты-ау бәлағатың жаныма.

Өлсем мен-ақ өлейінші, еліме

Тигізбеңдер тілдерінді, ұқтың ба? ( жүгіріп барып біреуін ұрып құлатады. Екіншісі жабыла кетеді).

Тұтқын:

Мынау қайтеді, намысшылдын шіріктің,

Ұзақ емес күшік сенің өмірің.

Қарға менен құзғындарға жем болып,

Түбінде сен біздің қолдан өлерсің.

Желтоқсан құрбандары туралы:

Нұржан Қайрат Рысқұлбековтің өмірбаянына қатысты деректерді оқып береді

Халық қаһарманына айналған Қайрат Рысқұлбековтың өлімінің сыры ашылмады

Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан Қайрат Рысқұлбековтың зиратының басындағы ескерткіш. Семей, желтоқсан, 2009 жыл.

Желтоқсан оқиғасына қатысқан Қайрат Рысқұлбековтың есімімен байланысты орындар Семейде санаулы ғана. Алматыда сотталған соң Семей түрмесіне әкелінген Қайрат осында қаза болды. Семейде оның атында мектеп пен мұражай бар.

ТҮРМЕДЕГІ ҚАЗА ЖАЙЛЫ ЖОРАМАЛ

1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазір тарих қойнауына енді, оған қатысқандар тәуелсіз Қазақстанның шежіресіне алғашқы болып қолтаңбаларын қалдырды. Ату жазасына кесіліп, артынан үкімі 20 жыл бойы түрмеде отыруға өзгертілген, бірақ Семей түрмесінде бар болғаны 21 жасында қаза болған Қайрат Рысқұлбековтың өлімі Желтоқсан оқиғасына байланысты ең үлкен құпиялардың бірі болып қалды.

Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін сот Қайратты ату жазасына кесуге үкім шығарған соң ол Семей түрмесіне жеткізілген.

Солдан оңға қарай: Е.Көпесбаев, Т.Тәшенов, Қ.Рысқұлбеков және К.Күзембаев өздеріне шығарылған сот үкімін тыңдап тұр. Алматы, 16 маусым 1987 жыл.

Батыс қауымдастығының қысымынан соң Советтер одағының басшысы Михаил Горбачев Желтоқсан оқиғасына қатысқан Қайрат Рысқұлбековке шығарылған ату жазасын 20 жыл түрме жазасымен ауыстырғаны мәлім. Совет тергеушілерінің болжамы бойынша, Қайрат үшін 20 жыл түрмеде отыру деген ату жазасымен пара-пар боп көрініп, ол өзімен камералас кәнігі қылмыскердің жейдесіне асылып өлген. Бірақ кейін Қайраттың заттарының арасынан оның таза жейдесі табылған. Бұл туралы көптеген зерттеулерде жеткілікті суреттелген.

Семейдегі Қайрат Рысқұлбеков атындағы мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Қайнигүл Ерахметова, Азаттық тілшісіне берген сұхбатында, оқушы балаларға Қайраттың қазасы туралы сабақта қалай түсіндірілетіндігін айтып берді:

– Біз балаларға Қайрат Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күресіп, ел үшін опат болды деп оқытамыз. Ол кезде елдегі билеуші жүйемен күресу өте қиын болғандығын, Қайрат бастаған студенттер басын тәуекелге байлап халқы үшін күресуден тайынбады, өз мақсаттарынан бас тартқан жоқ. Біз оны түрмеде қаза тапты деп санаймыз, – дейді Қайнигүл Ерахметова.

ҚАЙРАТ РЫСҚҰЛБЕКОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП

Семейдегі мектеп жанынан Қайрат Рысқұлбеков атындағы мұражайдың ашылғанына үш жыл болды. Содан бері мұнда жиналған заттар да көп емес. Негізінен онда Қайраттың түрмеден анасына жазған хаттары мен Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы мектепте оқыған кезіндегі дәптерлері бар. Қайнигүл Ерахметова бұл мұражайдың қашан ашылғаны және мектепке Қайраттың есімінің қалай берілгендігі туралы әңгімелеп берді.

– Ол Жамбыл облысында мектепті тәмамдап, онан соң Алматыдағы құрылыс техникумына оқуға түскен. Әйгілі Желтоқсан оқиғасынан кейін оны тұтқындап осында, Семейге әкелді. Ал түрмеде қаза болғаннан кейін оны осында жерледі, оның зираты біздің мектептен онша алыс емес, – дейді Қайнигүл Ерахметова.

Содан бері мұғалімдер мен оқушылар Қайраттың зиратын өз қамқорлығына алып, оның маңайын таза ұстап, гүл шоқтарын қоюды дәстүрге айналдырған.

– Уақыт өте келе оның анасымен және бауырларымен байланыс орнаттық. Онан кейін, біздің өтінішіміз бойынша, 2003 жылы мектепке Қайрат Рысқұлбековтың есімін беру туралы үкімет қаулысы шықты. Оның есімі мектепке ресми түрде 2006 жылы берілді. Сол жылы мектепте оның мұражайын ашу туралы идея пайда болды, – дейді Қайнигүл Ерахметова.

Кейінірек Семей қаласының билік орындары Қайрат Рысқұлбековтың ескерткішін орнатты.

ҚАЙРАТТЫҢ МҰРАЖАЙЫ

Мектеп директоры орынбасарының айтуынша, мұражай ашу туралы идеяға мұғалімдер ғана емес, Қайрат Рысқұлбековтың туысқандары да қолдау білдірген. Олар мұражайға Қайраттың хаттары мен кейбір жеке заттарын сыйлаған. Қайрат оқыған мектептің директоры да мұражайға экспонаттар берген.

– Қайраттың әкесі өмірден озған, ал анасы әлі тірі. Ол кісі бізге Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығында, 2006 жылы Қайраттың

Қайнигүл Ерахметова, Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан Қайрат Рысқұлбековтың атындағы мектеп директорының орынбасары, мектеп мұражайындағы Қайраттың галстугін көрсетіп тұр. Семей, желтоқсан, 2009 жыл.

Қайрат оқыған мектептің директоры да келіп, біздің мұражайға оның дәптерлерін сыйға тартты, – дейді Семей қаласындағы Қайрат Рысқұлбеков атындағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Қайрат Рысқұлбеков атындағы мектептің дирекциясы жыл сайын желтоқсан айында концерттер ұйымдастырады. Ондағы көптеген қойылымдардың кейіпкері – балғын Қайрат. Бұл күндері сондай-ақ волейболдан Қайрат Рысқұлбеков атындағы ауыспалы кубок жарысы өтеді.

бауыры Алтаймен бірге келіп кетті. Мұражайға Қайраттың оқушы кезінде таққан пионер галстугін әкеліп берді. Сондай-ақ, Онан соң мектептегі «Жас Қайрат» тобының қатарына оқушы балаларды қабылдау рәсімі өткізіледі. Бұл топтың ұраны ретінде Қайрат Рысқұлбековтың сотта сөйлеген: «Мен қазақпын, менің арым таза, менің мақсатым – еркін Қазақстан» деген сөздері алынған. Зерттеушілер ол сотта дәл осылай айтқан дейді.

Осылайша, қазасының шынайы себептеріне қатысты жекелеген күмәнді сауалдарға нақты жауап табылмаған Қайрат Рысқұлбековтың бейнесі бүгінде қаһарман тұлғаға айналып отыр.

2 – жүргізуші: Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары – Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сабитова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаевтарды 1 минут еске алып, олардың рухтарына тағзым ету біздің парызымыз. (1 минут үнсіздік).

1вед: Прошу почтить минутой молчания студентов Алматинских институтов Қайрата Рысқұлбекова, Ләззат Асанову, Жансаю Сабитову, Сәбиру Мұхамеджанову, Ербола Сыпатаева и многих других.

Ән: «ӨЗ елім» орындайтын 11 сынып оқушылары Руслан ,Елдос,Нұржан,Мадлен

Ән «Туған жер» орындайтын Кудрявцева Настя

«Көшпенділіер» киносынан үзінді.Мониторда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөзі «Елім менің» әнімен аяқтау



Нұржан: Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған мерекелік шарамыз осымен аяқталды. Сіздерге тек бақыт мен ашық аспан тілейміз. Тәуелсіздігіміз нығая берсін!

Ангелина.: Праздничная программа, посвящённая 20-летию Независимости Республики Казахстан подошла к концу. Желаем вам мира, независимости и благополучия. До новых встреч!
Каталог: cms -> uploads
uploads -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль-жол академиясы
uploads -> «келісілді» «бекітілді» Спорт және дене шынықтыру Алматы қаласы Шаңырақ ш/а істері комитетінің төрағасы оррммик рмм директоры
uploads -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль жол институты
uploads -> Досай кенжетай: «Аллаға оралу мекені Сирияда емес, әркімнің жүрегінде, өз Отанында»
uploads -> Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
uploads -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль жол институты күндізгі және сырттай оқыту нысандары бойынша экономикалық мамандықтар студенттері үшін диплом
uploads -> Крымская геморрагическая лихорадка (кгл) профессор, д м. н


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет