«Наурыз- жыл басы»



Дата08.09.2017
өлшемі17.86 Kb.
«Наурыз- жыл басы»
Наурыз — қазақша жыл басы. Бұрыңғы кезде әр елде наурыз туғанда мейрам қылып, бас асып, қазан-қазан көже ішіп ауылдан-ауылға, үйден-үйге жүріп кәрі-жас, қатын-қалаш бәрі де мәз болып көрісіп, араласып қалушы еді. Біздің Жаңа жылымыз — Наурыз .Күн жылынып, қар еріп, жан-жануар жаздың жақындағанын сезіп көңілденген кез.

Осындай мерекеге орай «Малтабар орта мектебі» КММ-нде «Наурыз-жыл басы» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекеге ауылымыздың ардақты да, сыйлы ата-әжелері мен келген қонақтар қатысты.

Мерекені мектеп директоры Р.Хамзин өзінің ізгі тілектерімен ашып берді. Мереке 1-сынып оқушылары дайындаған «Наурыз-шашу» биімен бастау алып, 2-4 сынып қыздарының орындауында «Қамажай» биімен жалғасты.

Би соңында сахнаға ұлттық киім киінген 4 сынып ұлдары сахнаға шығып бір –бірімен амандасып, төс қағысып, бір- бірін құттықтап, жылы сөздер айтты. Сонымен қатар, мерекеге Қыдыр ата келіп, көрерменге ақ батасын берді. Мектебіміздің жас бүлдіршіндері, яғни шағын орталық пен даярлық сыныбы дайындаған өнерлерін ортаға салып, келген қонақтарды бір қуантып тастады. 4- сынып оқушысы Жантаев Әділеттінң орындауында «Наурыз-думан» және 5-сынып оқушыларының орындауындағы «Көктем келді» әні көрермендерді бір серпілтіп, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталғандықтан, көрермендер 7-сынып оқушыларының дайындаған «Қауышу» салт-дәстүрін , және де наурыз мерекесіне әкелегн би шашуыларын тамшалады.



Екі ішектің бірін қағып,

бірін сәл-сәл кем бұра,

нағыз қазақ –қазақ емес,

нағыз қазақ –домбыра- деп қазақ атам айтқандай, мектебіміздің 9-сынып оқушылары Жанар мен Айнұрдың орындауларында «Қосалқа» күйі барша көрерменді тәнті етті.

Кешіміз «Балауса» тобының « Қыз ғұмыры » биімен және 8 сынып оқушыларының дайындаған «Тұсау кесер» салт-дәстүрімен жалғасын тапты. Кеш соңында ауылымыздың ақсақалы Әбілов Сағымбай атамыз оқушыларға өзінің ақ батасын беріп, тілектерін білдірді.

Наурыз құтты болсын!!!  Қазақстанымыз гүлдей берсін!



Барлықтарыңызға көңіл-күй, ашық аспан тілейміз! Өмірлеріңізде куантатын сәттер көп болсын!!


Каталог: F3689512BDDBB434
F3689512BDDBB434 -> Ііі. Сурет салу, көрме ұйымдастыру
F3689512BDDBB434 -> Сабақ мақсаты : Оқушыларға темекінің зияны, оның таралу тарихы және темекі түтінінің
F3689512BDDBB434 -> Сабақтың тақырыбы: Кесіндіге есептер шығару. Сабақтың мақсаты
F3689512BDDBB434 -> Тақырыбы: «Ұстаз ұлы тұлға» Сабақтың мақсаты: Білімділік
F3689512BDDBB434 -> Сабақ тақырыбы: Сабақ мақсаты
F3689512BDDBB434 -> Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) Сабақтың мақсаты: Білімділік
F3689512BDDBB434 -> Сабақ жұмысының есебі 16-желтоқсан мерекесіне орай 1сыныбында ата-аналармен бірге
F3689512BDDBB434 -> Ырыбы: «М ені ң ма қ танышым-мемлекеттік р ә міздерім»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет