Наурыз – көктем мерекесі! 1-жүргізуші



Дата20.06.2018
өлшемі37,5 Kb.
#43898
Наурыз – көктем мерекесі!

1-жүргізуші: - Армысыздар қонақтар, ата – аналар, ұстаздар, оқушылар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!

2-жүргізуші: Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!

1 – жүргізуші: Наурыз – көктем мерекесі.

Наурыз – жыл басы.

Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.

2 - жүргізуші: Наурыз – қуаныш мерекесі,

Бақыт пен шаттық мерекесі.

1 - жүргізуші: Наурыз – шаруаның мерекесі.

Наурыз – еңбек мерекесі.

2 - жүргізуші: Армысыңдар, халайық,

Бармысыңдар, халайық.

Наурыз тойын жұп жазбай

Жылда қарсы алайық.

1 - жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,

Әндетейік жырлайық!

Ортамызды ашайық,

Ырыс тілеп бұл жылға,

Жырдан шашу шашайық!

Монтаж: «Наурыз той» 3-сынып оқушылары

1-жүргізуші: Қыс өтіп қар кетті,

Жырлайық жаз жетті.

Мейрамы ежелден

Құтты болсын Наурыз!

Кабденова Аяулым мен Жоломанова Асылжанның орындауында «Отырардағы той» әні

2-жүргізуші: Әнім де саған, биім де,

Құт қонақ өзің үйімде.

Қуаныш сыйлар еліме,

Күлімде, Наурыз, күлімде.

«Балапан» шағын орталықғының тәрбиеленушілерінің орындауында «Қара жорға» биі, «Көктем келді» әні

1-жүргізуші: Күн менен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді,

Қуанышта ел енді.

Наурыз келді салтымыз:

Көгерсін деп халқымыз

Көшеге тал егеді.

Наурыз тойы - береке,

Наурыз тойы – жыр – аңыз.

«Тұсау кесер» салт-дәстүрінен көрініс.

Айгүл Сағидуллаевнаның орындауында «Ата дәстүрлері» әні

2-жүргізуші: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.

Алдарыңызда 3-сынып оқушыларының орындауында «Қуанышым қазынам» әні

1-жүргізуші: Наурызым ғажап туысың,

Ұлыстың ұлы күнісің.

Жылыттың жердің жүрегін,

Жүрегі елдің жылысын.

3-сынып қыздарының «Құстар» биі

2-жүргізуші: Наурызым - тойлы нұрлы күн,

Мерейің асып тұр бүгін.

Жерімнің жүзін жылыттың,

Елімнің сақта бірлігін!

Мақсұтқанова Аяулымның орындауында «Туған жер» әні

1 - жүргізуші: Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда.

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатыр жолында.

Сайыста ән салайық, би билейік,

Өнермен өрге басып кідірмейік.

«Томирис» би тобының орындауында қазақ биі

2-жүргізуші: Арда өсіп, адал емген ақ уызың,

Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.

Көк бөрілі байрағын желбіретіп,

Көк түріктер тойлаған Наурызым.

Шәріпбай Еламанның орындауында «Жаным қазақ» әні

1-жүргізуші: Наурыз – достық, Наурыз – күн,

Барша халық бірлігі.

Тағы келді Ұлыс күн,

Жалғасып ғалам тірлігі.

Елнұр мен Айғанымның орындауында «Қыдырып қайтайық» әні

2-жүргізуші: Наурыз тойы – береке,

Наурыз тойы – жыр – аңыз.

Қызық думан - мереке,

Қызық думан құрамыз.

Кабденова Аяулымның орындауында «Мереке» әні

1-жүргізуші: Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды,

Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.

Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,

Ризығың болсын көл – көсір!

Болат Жусуповтың орындауында «Кружева» вальсі авторлық шығармашылығы

2-жүргізуші: Ерітіп қарын даланың,

Жинатып гүлін саланың.

Жетелеп жұмсақ самалын,

Келді Наурыз – жыл басы.

Ақнұр Хамитовна мен Жоламанова Асылжанның орындауында «Қазақ елі осындай» әні.

2-жүргізуші: - Ал құрметті қонақтар, сіздер үшін әзірленген наурыз көжеден дәм татып, қазақтың ұлттық ойындарын ойнауға шақырамыз.

1-жүргізуші: 1. Асық ойынынан жарыс 2. Арқан тартыстан жарыс 3. Қол күрестен жарыс өткізіледі.

2-жүргізуші: Күлімдеп қарап күміс күн,

Аспаның бүркіп пүліш түн.

Ұлы күні Ұлыстың,

Келді Наурыз – жыл басы!

1 -жүргізуші: Қашанда құт – береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу - салты елімнің.

Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,

Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!

Қош сау болыңыздар!
Каталог: EC7B705FA331990F
EC7B705FA331990F -> Сабақтың жоспары: Кіріспе. Сабақтың тақырыбымен, барысымен таныстыру Пысықтау сұрақтары
EC7B705FA331990F -> Сабақтың тақырыбы: Көліктер Сабақтың мақсаты
EC7B705FA331990F -> Тәрбиешінің жұмыс жүйесінің тиімділігі мен нәтижесі
EC7B705FA331990F -> Сабақтың тақырыбы: Оқушыларды адамдар жүретін көліктермен, олардың түрлерімен, жолаушылардың жол ережесімен таныстыру
EC7B705FA331990F -> Сабақ ұзақтығы 35 минут 1-сынып Оқушылар саны 6 Сабақтың мақсаты
EC7B705FA331990F -> Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ Мерзiмі: 15. 01. 15. №17 Cынып: 11 Оқушылар саны
EC7B705FA331990F -> Сабақтың мақсаты: Білімберушілік: Жай бөлшектерге қосу, азайту, көбейту және бөлу
EC7B705FA331990F -> Сабақ жоспары Өткізілетін орны Первомай орта мектебі ғимараты, қазақ тілі кабинеті


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет