Наурыз мерекесі – кешегісі мен бүгінгісі Нұркен Әбдіғалиұлы Әбдіғали



Дата12.03.2018
өлшемі61,5 Kb.
#39166
Наурыз мерекесі – кешегісі мен бүгінгісі

Нұркен Әбдіғалиұлы Әбдіғали

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

Ғылыми жетекші: Зылиха Өмірбекқызы Ибадуллаева


  • Аяулы отандастарым, қадірменді қауым! Күн мен түннің теңелген, малдың аузы көкке тиген, адам аузы аққа тиген, түннің күнге бет бұрған, табиғаттың гүлденіп құлпырған қуаныш кезеңі – Наурыз мейрамы баршаңызға құтты болсын! Жаңа жылды 1 қаңтарда атап өтуді І Петр патша Ресейге Еуропадан алып келсе, одан бізге жеткен. Қытайдың өзінде бұл мереке ақпанның ортасына таман бір апта бойы тойланады. Шығыс халықтарының барлығында дерлік солай. Түбінде біз де өз мерекемізге оралатын шығармыз. Бұл – халықтығымыздың, тәуелсіздігіміздің негізгі тамырының бірі.

Н.Ә.Назарбаев

2009ж. 22 наурыз, «Астана-Бәйтерек» алаңы
Бүгінде Наурыз мейрамы- дүниенің әр тарабына түрлі этнографиялық, фольклорлық дәстүр мен ғұрыптардың, ұғымдардың шашыраған көрінісі болып отыр. Наурыз мейрамы қазіргі күнтізбе бойынша күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.

Қазақ халқы Наурыз мерекесін атам заманнан бері Жаңа жыл басы ретінде тойлап келген. Мәшһүр Жүсіп: "Қазақтың қазақ болғанда өзіне арналған, сыбағасына тиген жалғыз мейрамы Наурыздама" — деген.[1,36-б.] Негізі Қазақстанда  ресми түрде Наурыз 1988 жылдан бері тойланып келеді.

Дегенмен, Наурызды мыңдаған жылдар бойы үзбей мерекелеп келе жатқан басты екі нәсіл бар: парсылар мен түркілер. Парсылық Наурызға негізінен мерекенің сипаты тән болса, түркілік Наурызға оның танымы мен мәні тән.

Наурыз мейрамының шығуы туралы И.С.Брагинский («Праздник весны- Ноуруз и отражение в нем древнейших общих культурных традиций народов советского востоко») « Легенды связывают введение этого праздника с именами мифических царей – то ли Джамшида, то ли Каюмарса. Ввиду того, что образ Каюмарса связан с представлением о первочеловеке (древнеиранское его название в Авесте – Гайа Мартан, т.е. «живой смертный», иначе «человек»; позже это название превратилось в «Гайомард», «Гайомарт», «Каюмарс»), который принес людям блага культуры, то можно считать, что легенда, связывающая возникновение праздника с Каюмарсом, более древнего происхождения»,-дейді. [2,27-б]. Бұл пайымнан Наурыздың есте жоқ ескі замандағы мифтік арқауды негіз еткенін де байқауға болады Али Акбар Деххудо Наурыздың пайда болуын мифтік тұрғыдан ғаламдық немесе жербетілік өмірдің туындауы деп, «Навруз» деген кітабында былай келтіреді: «Говорят, что Всевышний создал мир в этот день, все семь планет находились в апогее своего движения. Считаеться, также, что Адам был сотворен в этот день, поэтому этот день называется Навруз»[2,19-б].Наурыздың тарихы туралы Омар Һайам: «Аптап (Күн) Ақырап айына енгенде кабиса қылуды (төрт жылда бір келетін 366 күндік жыл, мұндай жылда ақпан айы 28 емес, 29 күн болады) бұйырды. Мұның нәтижесінде Күн Саратан айына енгеннен бастап фарвардин мейрамдала бастады. Гүштасп: «Наурызды, міне, осы күні мерекелеу керек, себебі, Саратан шаруа үшін молшылық айы, диқандар мен кәріп кәсірлерге алым-салық төлеу үшін қолайлы ай»,-деп, мейрамды осы күнше белгіледі. Кейін, ол жылдар анық болсын, әрі адамдар өз уақыттарын ыстықта да, суықта да біліп отырсын деп әр жүз жиырма жылда кабиса қылуға бұйырды. ... Ардашер Бабақан заманына дейін осылай болды. Ол таққа отырысымен кабисаны қайта жалғастырып, үлкен мерекелер өткізді. Бұл жайында арнайы анықтама жариялап, осы күнді Наурыз деп белгіледі. Адамдар бұл мейрамды Нушинраван Әділ заманына дейін атап өтті. Мадайын күні біткенде, Нушинраван Наурызды сол заман әдет-ғұрыптары бойынша өткізді. Бірақ ол кабсаны әрі жалғастырмады. Ол «Күн өзінің айналу кезеңінің ақырында Саратаның бірінші күніне жетпейінше адамдар бұл іспен айналыспасын, бұлай болмаса, Каюмарс пен Жәмшидтің анықтамалары арадан алынып тасталады» деді», - деген.[3,33-34 б.] Бұдан наурыз мейрамының ертеден бастап тойланғанын, күн өзінің өсін бір рет толық айналып шыққан кезде, яғни жыл басы ретінде тойланғанын көруге болады. Осы себепті, Наурыз мейрамы жыл басы аталып кеткен.

Қазақ халқында «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған наурыз мейрамы жыл басы ретінде тойланады. «Ұлыстың ұлы күні» деп аталу себебі аңызға сүйенер болсақ: «Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татыпты. Содан бұл күнді – Ұлыстың Ұлы күні деп жариялайды».[4] 22 наурыз бүкіл Шығыс халықтарының бас мерекесі. Ахмет Байтұрсынов наурыз сөзіне: «Наурыз – парсы сөзі. Бұл қазақша айтқанда «жаңа күн» - деген сөз»,-деп түсінік береді.[5, 35-б.] Сонда бұл жаңа күннің, жаңа жылдың басталғанын білдіреді. Орта Азия халықтары мен Қазақ халқы Наурыз мерекесін «Самарқанның көк тасы жібіген күн» деп те дәріптейді. Егер этнограф Сейіт Кенжеахметовтың деректеріне сүйенсек «Самарқанның көк тасы жібіген күн» деп аталу себебі мына аңызға негізделген: «Самарқандағы Ұлықбектің обсерва­ториясындағы аспан денелерін бел­гілеген үлкен көк тасқа Ұлыстың Ұлы күні күн сәулесі тікелей түскенде әлгі тас бірер сәтке ериді екен»[6].

Наурыз күні халық таза киініп бірін-бірі құттықтап, қуаныш дастарханын мол жаяды. Адамдар бір-біріне игі тілектер айтып, қателіктерін кешіріп, татуласады, оның аяғы ойын-сауық, ән-жырға жалғасады. Халықта бұл күнге лайық салт-дәстүрлер де бар.Олар «Наурыз тойы», «Наурыз жыры», «Наурыз көже», «Наурыз батасы» деп аталады. Салт бойынша бұл айда туылған баланың аты да Наурызбай, Наурызгүл деп қойылған. Наурыз мерекесі кезінде ажырамас бір белгісі - наурыз көже дайындау. «Наурыз көже азықтың жеті түрінен жасалады. Жеті түрлі азық халықтық дәстүрден шыққан... Қазақ тіліндегі жеті ата, жеті қазына, жеті қат жер, жеті қарақшы, жеті түн, Жеті жарғы, т.б. тұрақты тіркестер халықтың ежелгі наным-сенімдерінен, мифологиялық, астрологиялық түсініктерінен туған. Сондықтан кей жерлерде наурыз көженің құрамы өзгергенмен, ондағы азық түліктің жеті түрі болы мұқият сақталған[5,36-б]. Міржақып Дулатұлы наурыз турасында: «Наурыз – қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы. Наурызды қазақтан басқа күншығыс жұрттарының көбі мейрам етеді. Бірақ бұлардың бәрін салыстырғанда Наурызды біздің қазақтың мейрамы етуі айрықша сыйымды, артықша дәлелді. Неге десеңіз, марттың ескіше 9-ында, жаңаша 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, жаз жетіп, шаруа кенеледі»,-дейді[4].

Халық мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Қазақ халқының ежелгі наным-сенімі бойынша, Ұлыс келер түні әр үйді Қызыр (Қыдыр) ата келіп аралайды. Бұл жайында Ақселеу Сейдімбек: «Байырғы салт-жора бойынша қазақ арасында Ұлыс тойы түн ортасы ауа басталады. Бұл түн «Қызыр түні» деп аталады. Халықтың наным-сенімінде Қызыр қасы көзін жапқан қарт адам болса керек. Қызыр атаны Бақ жетелеп жүреді екен дейді. Ұлыс тойының таңын көзімен атыру үшін Қызыр ата түн ортасы ауа дала кезеді...

Қызыр түнін ұйықтамай өткеру үшін ауыл жастары алуан түрлі ойын ұйымдастырып, Қызыр атаның назарын аударып бақытты боламыз деп, небір тосын тамаша-қызықтар көрсетеді...», - деп жазады[7,228-б]. Қыдыр атадан бата тілеп, бас таңды көз ілдірмей өткізу бүгінде түрлі адамзаттық ғұрыпқа айналды.

«Наурыз» ел мерекесі бола тұрса да кешегі Кеңес өкіметі діни салт есебінде оны «ескілік сарқыншақ» деп танып тойлауға 1926 жылдан бастап 62 жыл бойы тиым салып келді, бірақ Қазақстанның бар аумақтарында жасырын түрде сақталып қалды. Мағжан Жұмабаев: «Қазақ Жаңа жылы жазғытұрғы күн мен түннің теңелген күні болады. Жаңа жылдың ертеңіне жарық, жылы күн қараңғы суық түннен ұзара бастайды. Бұл реттен қазақ Жаңа жылы ғылым қойнына да басып кіріп қалады. Қазақ Жаңа жылын «Наурыз» дейді. Наурыз әулиенің, әнбиенің аты болмаса керек. Сондықтан қазақтың Наурызы – дін мейрамы емес, тұрмыс мейрамы...»,-деп наурыздың діни салт емес екендігін айтады[4]. Наурыз мейрамы Қазақстанда 1988 жылдан бері қайтадан ресми тойланатын болды. 2010 жылдан бастап БҰҰ-ның Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз «Халықаралық Наурыз» күні болып қабылданды[8]. Бүгінде Наурыз мерекесі халықаралық дәрежеде тойланады.

Наурызға бір ғана ежелгі жаңажылдық мереке ретінде қарау жеткіліксіз. Ол- ежелгі дәуірдегі бірегей және біртұтас дүниетаным мен дүниеқабылдама туындысы.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Қазақ Тарихы. 1 кітап.

  2. Ерғали С. Нау мен Ырыс: Пайымдама. Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2011. – 184 бет.

  3. Наурызнама: Аталы ойлар. – Алматы: Жалын,1993. -112 бет.

  4. Исаева Ж. Наурыз қандай мереке? Ана тілі газеті, 20.03.2013 ж.

  5. Кенжеахметұлы С. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары: көпшілік оқырман қауымға арналған. Алматы, «Ана тілі», 1994 –80 бет.

  6.  Әліпұлы Т.Самарқанның көк тасы ери ме? Айқын газеті, 20.03.2012 ж.

  7. Сейдімбек А. Қазақ әлемі. Этно-мәдени пайымдау: оқу құралы. - Алматы : Санат, 1997. - 464 б.

  8. Бапанов Е. Қазақтың төл мерекесі. Президент және Халық газеті. 26.03.2012 ж.


Каталог: media -> upload
upload -> Хайрулдаева А. М. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және «Ғылым ордасы»
upload -> Жандарбек з
upload -> Ауызша тарих: деректемелік талдау мәселелері ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Тарихнама, деректану және заманауи методология
upload -> Ханкелді Әбжанов, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры
upload -> Боранбаева б. С
upload -> А. А. Оралова ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері жеңіс үшін күрескен азаматқа тағзым
upload -> Кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
upload -> Қазақстан тарихы
upload -> Мақалада Мәскеу мұрағаттарында және Санкт-Петербор шаһарларында жинақталған Қазақ халқының тарихи-этнографиялық жәдігерлері туралы деректер сөз болады
upload -> Сапакова К. Н. 2 курс магистранты ХХ ғасыр басындағЫ Ұлттық элитаның Қалыптасу тарихынан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет