Наурзакова Ұлданой Хушвахтовна Химия пәнінің мұғалімі БҚО, Бөкей Ордасы ауданы



Дата08.06.2018
өлшемі51,5 Kb.
#41417
Наурзакова Ұлданой Хушвахтовна

Химия пәнінің мұғалімі

БҚО, Бөкей Ордасы ауданы

Қ.Сағырбаев атындағы ЖОББМ-Б
Химия пәнінен 7-9 сынып аралық «Химия және біз»

атты сайысты кештің бағдарламасы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сабақта алған білімдерін өмірде дұрыс пайдалана

алуға және қажетті ақпаратты таба білуге баулу.


Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен ізденуге, білімін шығармашылық

тұрғыдан дамытуға, пікір таласып, ой-өрісін кеңейтуге, өз

бетімен қорытындылауға үйрету.
Тәрбиелік: Оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттыру, ұжымдыққа,

Жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


1- жүргізуші: Қош келіпсіздер, құрметті оқушылармен көрермен қауым! Сіздерді біз күтіп қалдық. Химия елін табу қиынға соқты ма?

2-жүргізуші: Химия елі өзін оңайлықпен аңғарта қоя ма? Жолда біраз кедергі болып, тәжірибе жүргізгеніміздің арқасында мына қонған «химия және біз» елін әзер таптық.

1- жүргізуші: Жараған екенсіздер! Онда мына құрметті орындарымызға жайғасыңыздар. Химия еліндегі «химия және біз» ауылындағы сайысымыздың көз айымы болыңыздар.

Салем бердік халайық баршаңызға

Беріктігін білдіріп салтымызға

Жеңіс деген біздерге сол емес пе,

Үлгі,өнеге қалдырсақ артымызда!

Көруге бұл сайысқа жиылғандар,

Д.И.Менделеевке құрметпен сиынғандар.

Қош келдіңіздер,бүгінгідей ғажайыпты

Тамашалау бақыты бұйырғандар.

2- жүргізуші: Тапқыр,білгір дарынды

Жарыс бар бүгін арынды

Химия пәнін сүйсең сен

Ортаға сал барыңды.

Кел, келіңдер, сайыскер

Көрермендер жанкүйер.

Әділдікпен жарысайық

Бұл сайыстан қалыспайық.

Өнерлі топтар бүгін ортамызда

Камандалар салем берер баршамызға.

Қол соғып біз оларды қарсы алайық

Айтқандарын тыныштықпен біз тыңдайық!-деп сайысқа түсетін командалармен таныс болайық.


1-жүргізуші: «Қышқылдар» тобын қарсы алайық.

2-жүргізуші: «Оксидтер» тобы
1-жүргізуші: «Негіздер» тобы.

Ал енді сайыстың кезеңдерімен таныс болайық:



«Сәлем сөздің анасы» (топтың аты, ұраны және эмблеманы түсіндіреді

I «Мықты болсаң, жеңіп көр»

II «Алтын сандығымыз, біздің ұя»

III «Сөз тапқанға»

IV «Жеті жұрттың тілін біл»

V «Шпаргалка»

VI «Бұл қай химик?»

VII Қорыту ұпай саны бойына:

Әділқазылар алқасымен таныс болайық.

1.

2.

3.



4.

2-жүргізуші: Тауды бұзып тас жарып,

Үңгіртауды пойызға

Салып берген химия.

Дұшпандарды талқандап

Тәубасына келтіріп

Жеңіс туын халқыма

Алып берген химия.

Тік ұшақпен аспанға

Жарып ұшқан химия.

Тоқтар менТалғатты

Ғаламшарға көтеріп

Алып ұшқан химия.


1-жүргізуші: Ұйқың қашып түнімен,

Сыздағанда қарның,

Аш күзендей бүгіліп,

Ауырғанда бауырың

Дертке дауа химия.

Жұпар йісін аңқытып

Жауқазындай жастарды

Жарқылдатқан химия.

Алтын дәннен мол өнім

Алып беріп жұртыма

Қарқылдатқан химия.

Ыбырай атам айтқандай:

Көзді ашып жұмғанша

Жылдам хабар шетелден

Алып берген химия-деп ортаға әр команда шығып өз топтарын таныстырады, ұраны және эмблемаларын қорғайды.

2-жүргізуші:

Ақындарымыз жырлағанындай:



Қызық думан, өміріміз ғаламат!

Қас- қаққанша жаңа қала, жаңа бақ.

Қыруар істің қайсысында болса да,

Құрметті химия жүр аралап.

Жарқырап күн көзінде болашағы

Химия қиындықпен таласады.

Химия-ырыс-құтты көкке шырқай

Ертеңгі болашаққа жол ашады.

1- жүргізуші: I бөлім. «Мықты болсаң, жеңіп көр». (1 ұпай)

Шарты: Әр топқа 10 сұрақтан қойылады

«Қышқылдар» тобына

1. Оттектің физикалық қасиеттері қандай? (дәмсіз, иіссіз, түссіз газ)

2. Сутек ауадан неше есе жеңіл? (14,5)

3. Қандай реакция экзотермиялық реакция деп аталады? (жылу бөле жүретін реакция)

4. Жер қыртысындағы сутектің массалық үлесі? (1%)

5. Метелдардың физикалық қасиеттері. (созылмалы, серпімді, металдық жылтыры бар және электр тогы мен жылуды жақсы өткізеді.)

6. Нейтрон санын қалай анықтаймыз? (N=Ar-Z)

7. Химиялық реакциялардың белгілері. (жылудың бөлінуі, түстің өзгеруі, тұнба мен газдың түзілуі)

8. Кристалдық торлар жіктеледі. (иондық, атомдық, молекулалық)

9. Металдық та, бейметалдық та химиялық қасиет көрсетеді. (Екідайлы элементтер)

10. Қышқылдық оксид сумен әрекеттескенде түзіледі. (Қышқыл)
2- жүргізуші: «Оксидтер» тобына

1. Сутектің физикалық қасиеттері қандай? (түссіз, иіссіз газ)

2. Оттекті қандай ыдыста сақтайды? (Дьюар)

3. Қандай реакция эндотермиялық реакция деп аталады? (жылу сіңіре жүретін реакция)

4. Француз ғалымы сутекті жай зат екенін анықтады, ол қай ғалым? (А.Лавуазье)

5. Бейметалдардың физикалық қасиеттері. (әртүрлі агрегаттық күйде болады)

6. Күрделі зат дегеніміз не? (әр түрлі атомдардан тұрады)

7. Химиялық реакциялардың типтері. (қосылу,айырылу,алмасу, орынбасу)

8. Тұздар дегеніміз не? (металл атомы мен қышқыл қылдығынан тұратын күрделі қосылыс)

9. (CI2, O2, H2) Химиялық байланыстың қай түріне жатады? (ковалентті полюссіз)

10. Оттектің латынша атауы, ол қазақша қандай мағына береді? («оксигениум», «қышқыл тудырушы»)

1- жүргізуші: «Негіздер» тобына

1. Химиялық байланыстардың негізгі түрлері. (Коваленттік, иондық)

2. Оксидтер дегеніміз не?(біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған қосылыстар)

3. Сутектің латынша атауы, ол қазақша қандай мағына береді? («гидрогениум», «су тудырушы»)

4. Периодтық жүйеде элементтердердің жіктелуі. (металдар, бейметелдар)

5. Жай зат дегеніміз не? (бір атомнан тұрады)

6. Атом нелерден тұрады. (ядро мен электрон)

7. Негіздер дегеніміз не? (металл атомы мен бір немесе бірнеше гидроксил тобынан тұратын күрделі қосылыс)

8. (HCI, HBr, HI, HF) Химиялық байланыстың қай түріне жатады? (ковалентті полюсті)

9. Негіздік оксидтер сумен әрекеттескенде түзеді? (негіз)

10. I, II, VI, VII, VIII топ элементтерінің аталуы. (I сілтілік металдар, II сілтілік жер металдар, VI халькогендер, VII галогендер, VIII инертті газдар н/е асыл газдар)

2- жүргізуші: II бөлім: «Білім деген қиын шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер»

Жастықтың ойы қайдасын,

Жүректі түртіп қозғамай.

Ғылымның біліп пайдасын,

Дүниенің көркін болжамай,- деген ұлы Абай атамыздың өлең жолдары арқылы келесі кезеңіміз «Алтын сандығымыз, біздің ұя» сайысымызды бастаймыз.



1- жүргізуші:



10

20

30

10

20

30

10

20

30

10. Авогадроның тұрақты саны. Жауабы: (6,02 ∙ 1023)

10. Жер қыртысындағы оттектің массалық үлесі. Жауабы: (49,13%)

10. Сутектің судағы массалық үлесі. Жауабы: (11%)


20. Сутекті ашқан ағылшын химигі. (Г. Кавендиш)

20. Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым? Жауабы: (С. Аррениус)

20. Атом құрылысын қай жылы, қай елдің ғалымы және ол қандай моделін ұсынды? Жауабы: (1911ж. Ағылшын ғалымы Э.Резерфорд; «планетарлық»
30. Зат мөлшері 3 моль (H2SO4) күкірт қышқылының массасы нешеге тең. Жауабы: (294г)

30. KMnO4 –калий перманганатындағы оттектің массалық үлесі. Жауабы: (40,5%)

30. Темір (III) оксидіндегі темірдің массалық үлесі. Жауабы: 70%
2- жүргізуші: III бөлім: «Білімменен ашасың жол ғылымға

От боп лаула, су боп кейде құйыл да!

Домалақ жер, аспан көгі, өзен де,

Айтылыпты ақындардың жырында» -деп ақын аталарымыз жырлағандай кезекті «Сөз тапқанға» береміз 5 ұпайды.

Шарты: Үш топқа әріптер үлестіріпберіледі, содан әр топ өздеріне берілген әріптер бойынша химиялық элементтердің аттарын тез жазу керек немесе айтуы, әрі соның ішінен біреуінен бірнеше сөз құрауы қажет. Жылдам, нақты жауап беруі қажет.

Мәселен:



А әрпі бойынша (азот, алтын, алюминий, аргон, астат т.б.)

Азот- аз, от, таза, ота, ата, зат т.б.

С әрпі бойынша (скандий, стронций, сурьма, селен т.б.)

Селен-ел, ен, сел, сен, елес т.б.

К әрпі бойынша (күкірт, көміртек, калий, кальций)

Көміртек- көмір, өмір, көк, кек.
1- жүргізуші: IV бөлім: Біреуінің жүрегінің түгі бар

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар

Біреуінің күмбірлеген күйі бар

Біреуінің қатты істейтін миы бар

Кезекте «Жеті жұрттың тілін біл» сайысымыз 5 ұпайдан. Жасырын қойылған элементтің үш тілдегі: қазақша –орысша –латынша атауларын тауып айтады. Au Cu Ag


2- жүргізуші: V бөлім:

Көңілді тапқыштар білімділер

Бар өнерін алдарына салады

Кім білімді, көп оқыған болса егер

Бүгінгі күннің жеңілпазы болады

Келесі кезекте «Шпаргалка» сайысы. (5 ұпай)



Шарты: табылған шпаргалкада реакция теңдеуінің оң жақ бөлігі бар, сол бөлігі жыртылып қалған. Әр топ бір минут ішінде сол жақ бөлігін жазып шығуы керек.

….+…→Na2O

….+…→NaOH

…+…→ P2O5

…+…→ H3PO4

…+…→CaO


…+…→Ca(OH)2

1- жүргізуші: VI бөлім: Сөз жұмбақ «Бұл қай химик?» 10 ұпай

Шарты: Көлденең торшаларға берілген сұрақтың жауабын дұрыс толтырып, жазсаңыздар, тігінен ерекшеленген қатардан итальяндық ғалымы мен ағылшын ғалымдарының аты –жөнін оқи аласыздар.



(Авогадро)

  1. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшек. (атом)

  2. Химиялық байланыстардың негізгі түрлерінің бірі. (ковалентті)

  3. Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшек. (молекула)

  4. Ag –мына элементтің латынша атауы (аргентум)

  5. Калий перманганаты (KMnO4) тұрмыста қандай атпен белгілі. (марганцовка)

  6. 6 период, 9 қатар, 8 топтың негізгі топшасында орналасқан элемент. (радон)

  7. 2 период, 2 қатар, 3 топтың негізгі топшасында орналасқан элемент. (бор)

  8. Зат массасының сақталу заңын ашқан орыстың ұлы ғалымы. (Ломоносов)

(Кавендиш)

  1. Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшек. (молекула)

  2. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшек. (атом)

  3. Химиялық байланыстардың негізгі түрлерінің бірі. (ковалентті)

  4. Ag –мына элементтің латынша атауы (аргентум)

  5. Зат массасының сақталу заңын ашқан орыстың ұлы ғалымы. (Ломоносов)

  6. 6 период, 9 қатар, 8 топтың негізгі топшасында орналасқан элемент. (радон)

  7. Химиялық байланыстардың негізгі түрлерінің бірі. (иондық)

  8. 1772 жылы швед ғалымы оттекті бос күйінде алды, ол қай ғалым? (шелле)

(Пристли)

  1. HCI; HI; HBr –мына берілген коваленттінің қайсысына жіктеледі. (полюсті)

  2. Жылу бөле жүретін реакция. (экзотермия)

  3. Химиялық байланыстардың негізгі түрлерінің бірі. (иондық)

  4. Зат массасының сақталу заңын ашқан орыстың ұлы ғалымы. (Ломоносов)

  5. Ag –мына элементтің латынша атауы (аргентум)

  6. Химиялық байланыстардың негізгі түрлерінің бірі. (ковалентті)

  7. 4 период, 4 қатар, 1 топтың негізгі топшасында орналасқан элемент. (калий)

2- жүргізуші: VII бөлім: Қорыту –ұпай саны бойына:

Мықты болса іргетас

Құламайды үйлерің

Химияға тәжім ет

Белді бекем будағы.

Химиясыз өмір жоқ,

Ән мен бүгін көңіл тоқ

Терең білім алуға,

Талпынайық сіз, біз боп, -

деп, әділ қазылар алқасы жеңген топтарды анықтап белсене қатысқан оқушыларды марапаттайды.



2-жүргізуші:Химия-ел ырысы,ғасыр үні

Ғылымға қазіргі зор басын иді.

Талай жыл адамзатқа жұмбақ болған

Ашылды табиғаттың жасырыны.



1-жүргізуші:Тыңайтқыш молайған соң ауылымда

Дән өсті туған өлке сауырында.

Ішсең-ас,кисең-киім,үй жиһазы

Химия дәру болған сауығуға.



2-жүргізуші: Осы сайысқа қатысқан оқушыларға,ұстаздарға алғысымызды айтамыз.Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!
1-жүргізуші: Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!




Каталог: 2018
2018 -> Сабақ: Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері. Aқтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк селосы
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> «дизайн» бойынша Қалалық олимпиадасы
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың мақсаты: ден 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту тәсідерін қайталау. Апта күндерін ретімен меңгерту
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет