Назарбаев зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Текеева Жанша Тажибаевна



бет1/5
Дата23.08.2017
өлшемі393,22 Kb.
#25466
  1   2   3   4   5
Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы

Назарбаев зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі Текеева Жанша Тажибаевна

Бұл сабақ кіріктірілген сабақтың үлгісі.Тақырып жағынан

орыс тілі мен Қазақстан тарихы пәндерімен үйлесім тауып

өткізілді.

Мұғалімдер: ЛезоваГ.К ,.(орыс тілі) Садихова Ж.Қ.(тарих)


Сабақтың тақырыбы: Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым Сынып 7 Т1

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары:

Т/А5 Әлеуметтік және іскерлік ортадағы тіл мәдениеті.

О8 Мәтіндердің салыстырмалы анализі

ақпараттарға өз сезімін көрсете отырып, диалог және монолог құрастырады.

  • Қысқа көркем шығармалардың тақырыптары мен идеяларын анықтайды, бас кейіпкерлерді сипаттайды.

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар :

  • Әлеуметтік ортадағы белгілі тақырыптан ақпараттарды жинай алады.

  • Ол ақпарттардағы ойға өз көзқарасын білдіреді.

  • Көпшілік талқыға салған тақырыптарға диалог пен монолог құрастырады.

  • Берілген шығармалардағы кейіпкерлерге сипаттама береді.

Оқушылардың көбісі:

  • Көпшілік қозғаған тақырыптардағы мәліметтерді таба алады.Оған өз сезімін көрсете отырып, шағын монолог жасайды.

  • Көркем шығармадағы бас кейіпкер туралы мәліметтер тауып,ол туралы дәлелді ойларды орынды айта алады.

Тілдік міндеттер: Түйін сөздер: сөз тіркестерін құрып, сөйлей білу, еркін сөзді қалыптастыру, ауыспалы мағынадағы сөздерді таба алады.

Алдыңғы білім: Жеңіс күні. Ерлік ешқашан өлмейді.Мәтінмен жұмыс түрлері.

Жоспар

Жоспарланған іс - әрекеттер:

Оқушылармен сәлемдесу.Сыныптың сабаққа белсенділігін арттыру.


Қызығушылығын ояту.

Ән «Бейбіт күн тілегі» Сөзі:Ж.Нәжімеденовтікі, әні: Ш.Қалдаяқовтікі) 1 шумағы айтылады.

Ортаға балаларды жинап алу, әнді жалғастырып айтқызу.

Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген

Оқ даусы мәңгілік жойылсын

Бомбаның орнын тегістеген

Күректер музейге қойылсын

Қ-сы

Кел, достарым,Ән бастайық!

Көтеріп жаңғыртық!

Даласын дана,баласын ана

Жоқтамасын мәңгілік !

Әнді айта жүріп,топқа бөлу.Сыныпты құлып бауының түстерімен бөлу.



Ортаға сұрақ

Оқушылар, бұл әнді бұрын естідіңдер ме?

Ән жалпы не туралы? Кімдер жайлы деп ойлайсыңдар?

Сіздерге ән мәтінінің қай тұсы ұнады? Бүгінгі сабақ не туралы білдік пе? Әннің жалғасын жаттап алу тапсырылады.



"Әлемнің бар сәби балалары

Тұрсын тек ұйқысы қанған соң"

Осы сөзді сұрақ етіп тастау.



Пікір білдір, ой айт, сұрақ қой, талдау жаса

Өз ойларын айтады. Пікірлерін ортаға салады.



Жеңіс күні, ешкімде, ешқашанда ұмытылмайды, мәңгілік алау туралы ойларын "Иә, бірақ... деген оймен жалғастыра айту.

Бағалау "Бір жұлдыз, бір тілек"
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады (Слайдтан)

а) Ақпарат жинаймыз

ә) ол үшін дерек көздерінен мәлімет аламыз.

б) мәлімет үшін бұрын білетіндерімізді еске түсіреміз.


Сабаққа орыс тілі мұғалімі кіріседі. Жұптық жұмыс.

Оқушыларға тақырыпқа сай сұрақтар алдында ілулі тұрған шарға жапсырылады.



Тапсырма 1.Жұптық жұмыс.Диалог (орыс тілінде) құрастыру.

Представь, что ты ребенок военного времени. О чем ты мог бы мечтать?

Ты ребенок настоящего, о чем мечтаешь ты?

Назови ключевые слова современности - мирного времени.

Назови ключевые слова военного времени.

Как по-твоему, место ли детям на войне?

Ты ребенок из прошлого – из военного времени. Ты оказался в нашей школе.

Перед твоими глазами – наши школьные будни. Вырази свои чувства и эмоции.



Ты играешь в компьютерные игры, где нужно убивать. Что ты должен помнить в реальной жизни?

Бағалау.Смайликтермен.
Тапсырма 1

Осы тақырыпқа монолог (қазақ тілінде) құрып көру.



Тапсырма 2

4 топқа 1 мәтіннен үзінді беріледі.

1.Үзінді қандай көркем шығармадан алынған?

2. Шағын үзіндінің тақырыбын анықтаңыз.

3.Бас кейіпкерді 3 сөзді пайдалана отырып сипаттаңыз.

4.Ауыспалы мағынадағы сөздерді тауып көріңіз.



Осы сұрақтың бірі кеудесіндегі таққан лентаның астына жапсырылады.
"Желкең қиылғырлар-ай, соғыс аздай, бұл атысып ойнады дегенді қайдан шығарды осылар, басқа ойын аз ба-ей!..» - деп ұрсып тастайды.Бірақ олар кетісімен қайта жиналамыз.Қайта атысамыз."

***

"Әрине, майдандағы әке-ағамызға хат жазу бәріміздің де көкейіміздегі асыл арман еді. Бас-аяғы бірер айдың ішінде әріптерді тегіс жаттап, бірлі-жарым сөздерді құрап жаза алатындай халге жеттік. «Аса жаннан артық көретін аға…» деп бастап, хат жазатын болды."

***

"Көктем шыға колхоз жұмысына біз де араласқанбыз. Ортасына сым темір салып өртеген бір-бір дойыр қамшыны қолымызға алып, өгіз жеккен соқаның басына міндік.Жер жыртуға көмектесеміз."

Бағалау.ТАМАША! КЕРЕМЕТ! РИЗАМЫН!

Каталог: wp-content -> uploads -> filesRef
filesRef -> Студенттерді ғылыми-зерттеушілік қызметіне дайындау жолдары
filesRef -> Компьютерлік технология
filesRef -> Таукент 2016ж Дайындаған: Ж. Аженова
filesRef -> Қазақтың ұлттық ойыны – «Тәуекел» Бауржанов Азамат Бауржанулы «Рыков атындағы орта мектебі»
filesRef -> Ойын арқылы балалардың ой—өрісін жетілдіру. Халық даналығындағы: «Ойнай білмеген,ойлай да білмейді»
filesRef -> Сабақ жоспары: Химия. 11 сынып Сабақ тақырыбы: «Спирттер» тақырыбын сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту
filesRef -> Сабақтың тақырыбы Санды өрнек. Санды теңдік (теңсіздік), айнымалысы бар өрнек, теңдеу
filesRef -> Қысқа мерзімді жоспарлау, орта мерзімді жоспарлаудың негізінде, күнтізбе және пәндік бағдарлама бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет