«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ аоо «Назарбаев Интеллектуальные школы»


санының барлық бөлгіштерінің қосындысын табыңыз



бет2/3
Дата25.01.2017
өлшемі418,67 Kb.
#7683
1   2   3

12. 12 санының барлық бөлгіштерінің қосындысын табыңыз.

  1. 15

  2. 16

  3. 27

  4. 28


13. Ұзындығы 1120 см лентадан ұзындықтары 80 см болатын бөліктер біртіндеп қиып алынды. Лента қанша рет кесілді?

  1. 10

  2. 12

  3. 13

  4. 14


14. бөлшегін процентпен өрнектеңіз:

  1. 0,25

  2. 2,5

  3. 25

  4. 250


15. Сыйымдылығы 40 л болатын автокөліктің багі 80% бензинмен толтырылды. Жол жүргенде бензиннің 25%-ті жұмсалды. Бакте қанша литр бензин қалды?

  1. 10

  2. 24

  3. 30

  4. 32


16. Сыныптағы ұлдар санының қыздар санына қатынасы ­8:5. Ұлдар саны қыздар санынан қанша процентке артық?

  1. 16

  2. 37,5

  3. 60

  4. 62,5



17. АВС жазыңқы бұрышында ВD сәулесі жүргізілген, ол жазыңқы бұрышты градустық өлшемдері 4:11 қатынасындай болатын екі бұрышқа бөледі. Үлкен бұрыштың шамасын табыңыз.

  1. 1100

  2. 1280

  3. 1320

  4. 1400


18. Текше суретте көрсетілгендей қағаз бетінің тор көзінде орналасқан. Текшені стрелкамен көрсетілген бағытта, қыры бойынша домалатады. Текше жұлдызша салынған тор көзге түскенде, текшенің жоғарғы бетінде неше нүкте болады ? Текшенің қарама-қарсы жақтарындағы нүктелердің қосындысы 7-ге тең.

  1. 1

  2. 3

  3. 4

  4. 6



19. Тіктөртбұрыш өзара тең үш квадраттан тұрады. Егер бір квадраттың ауданы 16 см2 болса, онда тіктөртбұрыштың периметрін табыңыз.

  1. 16 см

  2. 24 см

  3. 32 см

  4. 48 см


20. Теңсіздіктің натурал шешімдерінің қосындысын табыңыз:

  1. -10

  2. 0

  3. 1

  4. 10



Дұрыс жауаптыр қалың шрифтпен белгіленген

Қазақ тілі


Текст 1
Қыз күндердің күнінде серуендеп жүріп, қарлығаштың өлі денесін көріп қалады. Қыз күн батқанда қарлығаштың жанына келіп, үстіне көрпе жауып, денесін жылытпақшы болады. Міне ғажап, құс тіріліп кетеді! Қыз оның жүрегі соға бастағанын естиді. Ол құсты қыс бойы бағып,күтеді. Бір-біріне бауыр басып кетеді.

Г.Х.Андерсен. «Түймеқыз» ертегісінен.



1. Құс неліктен тірілді?

A) Қызды аяғаннан

B) Қыздың жан жылуынан

C) Дыбыстан шошығаннан


Текст 2
Судың емі

Жапон ғалымы Масару Эмото судың қасиеттерін зерттеген. Су барлық эмоциямызды, сезімімізді, сөзіміз бен дұғамызды, музыканы қабылдайтынын дәлелдеген. Дәрігерлердің айтуынша, сумен емделудің әдіс-тәсілдері көп. Мәселен, суды алдымен ... , кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіңгі қабатын төгіп тастау керек. Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі. Осы суды адам күнде аш қарынға ішіп отырса, емдік қасиеті зор. Адам ағзасы бірден жұмысқа кіріседі.

«Ертіс өңірі» газеті

2. Көп нүктенің орнына қай сөз қойылады ?

A) алып


B) қайнатып

C) қатырып

D) құйып
Текст 3
Қазақ циркінің даму қарқынына көңілі толмаған қазақтың жап-жас бес жігіті өз алдына топ құрып, өнерлерін өсіретін орта іздейді. Сөйтіп Швейцариядан бір-ақ шығады. Бірінші гастроль. Шет тілін білмеу деген де сұмдық кедергі. Тепсе темір үзетін шақ. 8 айда неміс тілін әжептәуір игеріп, цирк тәсілдерін үйреніп, елге оралады.

«Айгөлек» журналы


3. Қазақ жігіттері шетелге не үшін барды?

A) Тіл үйрену үшін

B) Ел көру үшін

C) Өнер көрсету үшін

D) Тәжірибеден өту үшін
Текст 4
Алғашқы журнал

Ең алғашқы журналдар, негізінен, Еуропада басылып шыққан. Дүниежүзіндегі тұңғыш журнал Францияда 1665 жылы 5 қаңтарда «Журнал де Саван» деген атпен жарық көрді. Дәл осы жылы Англияда, 1668 жылы Италияда, 1682 жылы Германияда журналдар шығарыла бастады. Алғашқы журналдар түрлі кітаптарға шолу жасап, көркем әдебиет, ғылым, көркемөнер, дін салаларындағы жаңалықтарды баяндаумен ғана шектелді.

Қазақ тіліндегі алғашқы журнал – «Айқап». 1911-1915 жылдар аралығында оның 88 нөмірі жарық көрген. Шығармаларының дені ғылыми әрі көркем туынды түрінде жарияланған.

«Ертіс өңірі» газеті



4. «Дәл осы жылы Англияда» қай жыл?

A) 1665


B) 1668

C) 1682


D) 1911

Текст 5
Марқакөл – Шығыс Қазақстан облысында орналасқан әдемі көлдердің бірі. Суының мөлдірлігі мен көлді айналдыра қоршаған биік таулардың және әсем шыршалардың келбеті табиғатқа керемет көрініс береді. Осы көлге 100-ге жуық шағын өзендер мен бұлақтар келіп құяды, бірақ одан бір ғана Қалжыр өзені бастау алады. Көл Азутау және Күршім жоталарының аралығында, теңіз деңгейінен 1449,3 метр биіктікте орналасқан. Көл жағасының оңтүстік жағы тік құлама жартасты, ал шағын өзен-жылғалар құятын тұстары батпақты. Төңірегінің климаты континенттік: қыс мезгілінде ауа температурасы кейде –55°С-қа дейін төмендейді. Қазан – мамыр айлары аралығында көл қатады. Көлге құятын өзендердің ірілері – Қарабұлақ, Матабай, Жиренбайтал, т.б. Суы тұщы, мөлдір, минералдылығы 0,07 г/л, құрамында: йод, фтор, бром, т.б. бар. Жағалауын қайың, қарағай, шырша өскен орманды алқап алып жатыр.

http://kk.wikipedia.org/wiki/



5. Мәтінге қайсысы сәйкес емес?

A) Көл теңіз деңгейінен биік орналасқан.

B) Қыс мезгілінде ауа температурасы –55°С-қа дейін төмендейді.

C) Марқакөл Қазақстанның ең жазық алқабы болып табылады.

D) Суы тұщы, мөлдір, құрамында: йод, фтор, бром бар.

Текст 6
Сегіз жастық

Бірде Дінмұхамед Ахметұлы ел аралайын деп жолға шығады. Орта жолда олардың машинасына бір әйел қол көтереді. Димаш ата машинасын тоқтатқызады. Оның да баратын жері Шелек болған соң, бірге алып кетеді.Машина үйінің алдына тоқтағаны сол еді, әлгі әйел Дінмұхамед Ахметұлына:

- Үйге кіріңіз, шаңырағымнан дәм татыңыз, – деп қоймайды.

Сонда Дінмұхамед Ахметұлы:

- Жақсы, онда дәмнен үлкен емеспіз, кіріп өтейік, – дейді.

Осы сөзді естігенде әйелдің қуанғаны сондай, үйіне жүгіре жөнеледі. Үйге кіргенде, әйел сегіз жастықты Қонаевтың жолына қаз-қатар тізіп қойған екен. Дінмұхамед Ахметұлы осыған таң қалып, жастықтан өте алмай дағдарып тұрғанда:

- Менің сегіз балам бар. Мына жастықтарды солар жастанады. Сіз осы жастықтардан аттап өтіп төрге озсаңыз. Сонда мен бұл сіз аттаған қасиетті жастықтар екенін елге, балаларыма айтып, мақтаныш көріп жүрер едім, – дейді.

Сонда Дінмұхамед Ахметұлы:

- Жо-жоқ! Сіздің сегіз балаңыз жатқан бұл жастықтарды аттамаймын. Қайта әрқайсысын маңдайыма тигізіп, тәу етейін. Балаларыңыз мақтаныш көріп жатсын, – деп жол тауып кетіпті.

«Ақжелкен» журналы


6. Мәтінде Дінмұхамед Қонаевтың қандай қасиеті ерекшеленеді?

A) Батылдығы

B) Даналығы

C) Сабырлығы

D) Сенімділігі


Текст 7

Қарлығаш аспанда неше түрлі акробатикалық қимыл жасай алады. Жыл құсы болғандықтан, күзде жылы жаққа ұшып, көктемде қайтып оралады. Қарлығаштың әндеткенді жақсы көретіні сонша – ұшып жүріп те, қонып отырып та әндете береді. Қарлығаш адамдарға жақын жүргенді қалайды. Егер қарлығаштың балапандары күзге қарай алыс жаққа ұшып баруға әзір болмаса, ата- анасы оның қанаты қатайғанша жанында қалады.


7. Мәтін қай үлгіде жазылған?

A) Аңыз


B) Әңгіме

C) Ертегі

D) Эссе
Текст 8

- Дархан, жолдамаңыз құтты болсын!

- Рахмет. Барлығы бапкерлеріміздің арқасы ғой. Жарысқа дейінгі дайындығымыз өте жақсы өтті. Өзіме де сенімді болдым. Сенім бар жерде нәтиже болады. Жарысқа шыққанда да еш қобалжу деген болған жоқ. Өзімді еркін сезіндім. Бір жағы өз елімізде өтіп жатыр. Жанкүйерлеріміз де жақсы қолдады, ...... тек жеңіс үшін күрестім.



- Қарсыластарыңыздың ішінде кайсысы ең мықты болды?

- Қарсыластарымның әлсізі болған жоқ, барлығы мықты болды. Барлығы да Олимпиада ойындарынан үміткер балуандар. Әркімнің көкейіндегі жалғыз мақсат – Лондонға жолдама алу.



- Сіз, талай бәсекелерде ел намысын абыроймен қорғап келе жатқан азаматсыз. Жалпы осы бәсеке туралы тоқтала кетсеңіз?

- Жалпы жарыс өте жоғары деңгейде өтті.Өзіме жолдама берілгенімен, жерлестерімнің тоғыз жолдаманың төртеуін ала алмай қалғанына кішкене көңілім толмады. Бірақ алда Әлем кубогы бар. Жолдама ала алмай қалған әріптестеріме жігерлерің мұқалмасын дегім келеді.



- Әңгімеңізге рахмет!

Интернет, жаңалықтар




  1. Мәтінге қайсысы сәйкес емес?

Дархан –

1. әлем кубогының жеңімпазы.

2. жерлестерінің жанашыр жанкүйері.

3. қазақтың мақтан тұтар жас балуаны.

4. Лондон олимпиадасының жүлдегері.
A) 1,2

B) 2,3


C) 3,4

D) 1,4


9. Көп нүктенің орнына қай сөз қойылады?

A) болмаса

B) өйткені

C) себебі

D) сондықтан

Текст 9
Күз. Күн көкжиекке таянған кез. Жайық өзенінің жағасында бір топ бала асық ойнап жүреді. Оларға ұшыраса кеткен салт атты жолаушылар жол сұрайды. Сонда топ ішіндегі кішкене бала:

- Ағайлар, ендігі ауыл алыс, осында қонғандарыңыз жөн болар, – дейді.

- Сенен ақыл сұрамаймыз, шырағым, тек алдымыздағы ауылды айт, - дейді жолаушы.

- Ендігі ауыл қашық, көнбесеңіз жол ашық! Алдыңызда ауыл көп. «Көрінеменің» ауылы бар. Одан әрмен «Ойпыр-ай», «Әттеген-ай» дегендер де бар. Қайсысын сұрайсыз?

«Баламен бала болып тұрамыз ба?» – деп жолаушылар аттарына қамшы басып, жорта жөнеледі. Олар күн батып, қас қарая қырқадан ойға түседі. Сонда кәрі жолаушы:

- «Көрінеменің» аулы көріне ме? – деп сұрайды.

Қария әрі-бері жүрген соң тағы да «Ойпыр-ай, тым болмаса ошақ оты көрінуі керек еді ғой!» – дейді.

Күздің кей түні суық болмай ма? Сондай түнге кезіккен жолаушылар тоңып, әбден шаршайды, әрі бағытынан айырылады. Сонда: « .... , баланың қон деген ақылы дұрыс екен», –депті.

«Айгөйлек» журналы
«Көрінеменің» ауылы бар.

10. Ауыл аты нені білдіреді?

A) аздығын

B) алыстығын

C) жақындығын

D) көптігін


«Баламен бала болып тұрамыз ба?»

11. Жолаушылардың бұл сөзі нені білдіреді?

A) әдептілікті

B) менсінбегендікті

C) сенбегендікті

D) тапқырлықты

12. Көп нүктенің орнына қай сөз қойылады?

A) Еш


B) Қап

C) Не


D) Тәйт

13. Мәтіндегі оқиғалар тізбегіне қайсысы сәйкес?

1. Адасу


2. Кездесу

3. Өкініш

4. Ұсыныс
A) 2 4 1 3

B) 4 2 1 3

C) 1 2 3 4

D) 3 2 1 4



14. Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес ?

A) Баланы бала деме, ақылы болса – аға болар.

B) Бала кезде нені әдет етсең, соның шырмауында қаласың.

C) Бала жүгірсе, қарттың қарап отырып аяғы ауырады.

D) Бейбастақ балаға күле қарасаң, бас киімінді ала қашады.

Текст 10
Қазақтың тұңғыш ұлы ғалымы, шығыстанушы, саяхатшы, тарихшы, этнограф, географ, фольклорист, аудармашы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылы Қостанай маңындағы Құсмұрын бекінісінде өмірге келген. Оның балалық шағы әжесі Айғанымның ..... , Сырымбеттегі мекенінде өтеді. Шоқанның әкесі – Шыңғыс аға сұлтан да, атасы – Уәлихан. Ал арғы атасы Абылай хан еді.

12 жасында Шоқан Сібірдегі ең таңдаулы оқу орындарының бірі Омбы қаласындағы кадет корпусына(әскери) оқуға түседі. Бұл жерде Шоқан қай жағынан болсын тез өсіп, 2 жылда өз құрбыларының алды болады.

«Менің Отаным- тәуелсіз Қазақстан» энциклопедиясы, 2009ж
15. Қай абзацта Шоқанның зеректігі көрінеді?

A) Біріншісінде

B) Екеуінде де

C) Екіншісінде

D) Ешқайсысында

16. Көп нүктенің орнына қай сөз сәйкес?

A) жолында

B) қолында

C) шетінде



17. Мәтінге қай тақырып сәйкес?

A) Ойланған опық жемес.

B) Ойы түзудің сөзі түзу.

C) Оқу инемен құдық қазғандай.

D) Оқығанның ойы озық.
Текст 11
Елордада ет асылады

Астанадағы Хан шатырында Тәуелсіздіктің 20 жылдық құрметіне жалпы салмағы 300 келі болатын ет асылмақшы. Акция 16 желтоқсанда «Хан Шатырында» Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өткізіледі. Бұл туралы кеше «ҚАЗБРЕНД» қоғамдық қоры мәлімдеді.

Жобаның мақсаты – жастар атынан Отанымызға Тәуелсіздік күніне арналған сый тарту.Келешекте дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды әлемдік қауымдастық алдында ерекше әдіспен – «Гиннестің рекордтар кітабы» арқылы таныта түсу.

Тағамның құрамдары алдын ала өлшеніп, аспазшылар оны диаметрі 4 метрлік тостаққа салып, содан соң жұртқа ұсынбақшы. Арнайы пісірілген қамыр үстіне піскен жылқы еті туралады. Туралған пияз бен аскөк үстіне құйылған ыстық сорпасымен ұсынылған қазақша етке астаналықтар мен қала қонақтары риза болмасына күмән жоқ. Сол күні балбырап піскен еттен мыңнан астам адам дәм татып, жаппай «Қара жорға» биін билеуге де мүмкіндігі бар.

«Айқын» газеті, 10.12.11

18. Мәтінде қай ақпарат кездеспейді?

A) Акцияның қолдаушысы

B) Ет жеген соң биленетін би атауы

C) Ет салатын тостақ диаметрі

D) Пияз бен аскөктің мөлшері

19. Кіріспе қай сөздермен аяқталады?

A) ет асылмақшы

B) мәлімдеді

C) өткізіледі



20. Мәтін қандай үлгіде жазылған?

A) Аңыз


B) Мақала

C) Шығарма

D) Эссе

Орыс тілі
Текст 1

Осел и лошадь

У одного человека были осел и лошадь. Шли они по дороге; осел сказал лошади:

- Мне тяжело, не дотащу я всего, возьми с меня хоть немного.

Лошадь не послушалась. Осел упал и умер.

Хозяин наложил все с осла на лошадь, да еще и шкуру ослиную, лошадь и взвыла:

- Ох, горе мне, бедной, горюшко мне, несчастной! Не хотела я ему помочь, теперь все тащу, да еще и шкуру!

Л. Толстой
1. О чём идёт речь в этом тексте?

А) о том, что каждый должен делать свое дело

В) о том, что нужно помогать друг другу

С) о том, что хозяин обычно прав



Текст 2
Японские дети встречают Новый год в новой одежде – это приносит здоровье и удачу.

В новогоднюю ночь они прячут под подушку картинку с парусником. На нем плывут семь покровителей счастья. В первые секунды Нового года надо засмеяться – это принесет удачу. Чтобы счастье пришло в дом, японцы украшают входную дверь веточками бамбука, сосны и сливы, которые являются символами долголетия, верности и жизнелюбия.


2. О чём идёт речь в этом тексте?

А) об украшениях японцев

В) о встрече Нового года

С) о символах долголетия




Текст 3

Если аисты устроили гнездо на крыше дома, сарая или на большом дереве, то это к счастью для хозяев. Поэтому аистов любили и берегли. К людям они привыкают, как будто знают, что их не обидят. Иногда дело доходит до ... .

В одном городке аисты много лет прилетали к своему гнезду на крыше дома одного жителя. Однажды весной аист стал подбирать веточки хвороста для своего гнезда. А потом вся улица могла видеть, как хозяин дома стоял на лестнице и подавал аисту ветки, а аист брал их и обновлял своё гнездо.

По И.Заянчковскому



3. Какое слово лучше вставить вместо многоточия?

А) настоящей верности

В) настоящей дружбы

С) настоящей искренности



Текст 4

Папы всякие нужны, папы всякие важны

Главным членом семьи млекопитающих, несомненно, является мать. Не только потому, что именно она дает жизнь потомству, детям. Без матери большинство малышей просто не выживет. Им необходимо диетическое питание: молоко. А кто кроме матери может обеспечить молоком малышей? Вот почему в семьях млекопитающих присутствие матери обязательно, а без отца семья легко может обойтись.

В семьях хищников матери в одиночку трудно охотиться и ухаживать за детьми. Да и малышей опасно надолго оставлять одних.
4. Для каких животных отцы нужнее?

А) для копытных животных

В) для млекопитающих

С) для травоядных

D) для хищников
Текст 5

Чтобы каждый день делать зарядку, ее нужно полюбить! Утренняя гимнастика – это разминка перед рабочим днем. Лучше всего делать зарядку каждый день. Десяти-пятнадцати минут вполне достаточно. Всего десять минут зарядки способны снизить риск заболеваний сердца, суставов и лёгких, привести в тонус тело и настроить мозг на работу в течение дня. Выберите просторную одежду, не сковывающую движений. Упражнения должны носить разминочный характер, поочерёдно разминайте все части тела. По окончании зарядки примите контрастный душ.


5. О чем идет речь в тексте?

A) о контрастном душе

B) о пользе занятий спортом

C) о пользе утренней зарядки

D) о профилактике заболеваний

Текст 6

Муравей и голубка

Муравей спустился к ручью: захотел напиться. Волна захлестнула его и чуть не потопила. Голубка несла ветку; она увидела — муравей тонет, и бросила ему ветку в ручей. Муравей сел на ветку и спасся. Потом охотник расставил сеть на голубку и хотел захлопнуть. Муравей подполз к охотнику и укусил его за ногу. Охотник охнул и уронил сеть. Голубка вспорхнула и улетела.

К. Ушинский

Чиж и Голубь

Чижа захлопнула злодейка - западня:

Бедняжка в ней и рвался и метался,

А Голубь молодой над ним же издевался.

"Не стыдно ль, - говорит, - средь бела дня

Попался!


Не провели бы так меня:

За это я ручаюсь смело".

Ан, смотришь, тут же сам запутался в силок.

И дело!


Вперед чужой беде не смейся, Голубок…

И.A) Крылов


6. Как соотносятся друг с другом тексты «Муравей и голубка» и «Чиж и голубь»?

A) Они выражают одинаковые взгляды на одну и ту же тему.

B) Они написаны в одном стиле, но посвящены разным темам.

C) Они посвящены одной теме, но приходят к различным выводам.


Текст 7

Дорогие читатели! Наступил второй месяц зимы, а начало месяца - это время подведения итогов нашего ежемесячного фотоконкурса. На наш взгляд, лучшие фотографии декабря были присланы из Павлодара Сериком Ибраевым. Свой приз от компании CRAFT победитель может получить после новогодних праздников. А наш конкурс тем временем продолжается. Присылайте свои фото, и уже через месяц, в начале февраля, мы подведем очередные итоги и вручим призы!

По материалам Интернета




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет