Құндылық: дұрыс әрекет Қасиеттер: жауапкершілік, қамқорлық Сабақ мақсаты



бет1/4
Дата19.02.2017
өлшемі1,32 Mb.
#10685
түріСабақ
  1   2   3   4
Лебяжі ауданы Мерғалым ауылы Б.Уахатов атындағы орта мектебі «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі:Исагалиева Айгуль Сабыржановна Сынып: 4

Тақырып: Денсаулық құпиялары

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: жауапкершілік, қамқорлық

Сабақ мақсаты: Оқушылардың денсаулық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.:Жан сұлулығының тән сұлулығына әсері туралы түсінік беру. Өмір-өзегі денсаулық екенін ұғыну

Міндеттері:

-Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

-Денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамыту.

-Денсаулықты күтуге, бағалауға тәрбиелеу.



Сәлемдесу:

Амансың ба, күн,

Амансың ба дос.

Амансың ба, қонақтар,

Баршамызға сәлем!

Тыныштық сәті:

Балалар, жақсылап жайғасып отырыңдар, енді көздеріңді жұмып, әркім өзін адамға денсалық сыйлайтын, балаларды аурудан қорғайтын қорғаныш қасиеті бар нұр ретінде сезініңдер. Сендер нұрларыңда шашқан сайын айнала нұрланып, нұры тиген адамдар аурудан сауығады. Көзі көрмейтіндер әлемді көріп куанса, есту қабілетінен айырылғандар барша дауыстарды ести алады, қатерлі аурумен ауыратындар жазылып, бәрі де сауыққандарына қуанып, шаттықтың нұрына бөленді. Сен де сол адамдарға жақсылық сыйлағаныңа риза болдың. Енді көздеріңді ашыңдар. Адамдарға денсаулық сыйлағанда қандай сезімде болдыңдар?



Үй тапсырмасын тексеру

Дәйексөз

Жаны саудың –тәні сау



Пікірлесу:

  • "Денсаулық- өмір негізі" дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Денсаулықтың адам өмірінде қандай маңызы бар?

Әңгімелеу Мәтінмен жұмыс

«Тәтті алма»

М. Әбдірашева

Баян бақты аралап келе жатқан. Бір кезде алдынан топ етіп алма түсті. Өзі қып-қызыл, үп-үлкен. Баян қуанып кетті. Қызығып қолына алды.

Дереу жемек болып, аузына апара бергенде алма оған:

-Баян, сен алдымен мені жу – деді қолынан сусып түсіп.

-Неге?-деді Баян таңырқап.

-Жумай жесең, ішің ауырады,деді алма сілкініп қалып.

-Міне, көрмейсің бе, үсті-басың шаң-тозаң.

Баян ұялып қалды. Апасы да ылғи «қолыңды жу» дейтін. Енді соны өзіне мына алма да айтып тұр. Баян ақылды алманың айтқанын істеді.

-Сендерде осындай жағдай болды ма?


-Тазалықтың денсаулыққа қандай әсері бар?

Ойын «Ойлан тап» Денсаулықтың он құпиясын кім біледі? 1/ денсаулықтың негізі-ақыл-ой

2/ тыныс алу

3/шынығу 4/дұрыс тамақтану. 5/ күлкі 6/демалу 7/тұлғаны түзу ұстай білу 8/таза қоршаған орта 9/ сенім 10/ сүйіспеншілік.

Балалар сау дене,азат ақыл,адал көңіл болса үшеуімен болады бақытты өмір

Қазір біз есімізге түсірейік денсаулыққа пайдалы не еді? Бұл ойындағы он құпияның маңызы туралы әңгімелейді.

-Дені сау адам бақытты.қуанышты,жаны да тәні де сұлу,көңілді адам. Өмірге деген құлшынысы зор екенін жеткізеді.
Шығармашылық тапсырма:(өлең жазу)
1- топ:
…………………………………баламыз,
………………………………….аламыз.
……………………………………….
……………………………………санамыз.

2- топ:
…………………………………күлеміз,


……………………………………жүреміз,
…………………………………………
……………………………………сүреміз.
Топпен ән айту
(«Қошақаным» әнінің әуеніне салып орындау)

Денсаулықты сақтайық

Шынығайық, баптайық.

Жаны саудың-дені сау

Жаман жолға баспайық

Тән саулығы-тазалық

Таза бала болалық.

Бойымызды күтеміз

Қалсын бізде балалық.
Үй тапсырмасы:

Жұмыс дәптерлеріңе «Денсаулық» тақырыбына мақал-мәтелдер жазып келіңдер.

Әйтеке бидің «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен болады бақытты өмір...» деген нақыл сөзінің негізінде өз ойыңды тұжырымдап жазып келу.
Оқулықтағы «Аппақ бала»мәтінін оқып, Асанның кебетін суретке бейнелеу.

Тыныштық сәті:

Сергіту сәті.Күлкі терапия.

Балаларға денсаулықтың он құпиясының ішінде ұнағаны күлкі. Ендеше ортаға шығып шеңбер жасап отырып күлкі тереапиясын жасайық.Менің айтқандарымды тыңдап орындап шығасыңдар.Орындыққа бастарыңды шалқайтып, еркін отырып, көздеріңді жұмыңдар.Күн шекелеріңді қыздырып, рахаттанып аяқтарыңды созып жатырсыңдар.Кенет мұрныңның ұшына көбелек қонды. Қолыңмен тиіспей аузыңды, мұрныңды, ерніңді жыбырлатып көбелекті ұшырып жібер


Қорытындылау. Шығу парағын балаларға таратып беремін Олар әр кім өздері сабақтан алған білімдерін жазады.
Мен бүгін.....................................білдім.
Сабақтың....................................қызықты болды, ал...........................қиындық туғызды. Мен..........................тапсырмаларды орындадым. Өмір үшін бұл сабақ маған ........................берді.Енді мен..............................................орындай аламын.
Жүректен жүрекке

                                     1тарау. Өзін-өзі тану бақыты.   

                                    

Сабақтың тақырыбы:    Біз осындай баламыз         

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: 

-2-сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану»пәнінің мазмұнымен таныстыру; 

-өзін және айналасын тануға деген қызығушылықтарын арттыру; 

-ізгілікке тәрбиелеу. 



Мақсаты«Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы  туралы  түсініктерін кеңейту. 

Көрнекі  құралдарүнтаспа,сюжетті суреттер. 

Шаттық шеңбері 

-Қош келдіңдер, балалар!Міне жазғы  демалысымызда аяқталып,жаңа оқу жылы басталды.Балалар, енді сендер екінші сынып оқушысысыңдар.Ер жетіп,ақылдарыңа ақыл қосылды.Сендерді алда қызығы мен шаттығына,жақсылығы мен жаңалығына толы «Өзін-өзі тану»сабақтары күтіп  тұр.Олсабақтарда  өз бойларыңдағы жақсы қасиеттерің мен жаңа мүмкіншіліктеріңді білетін боласыңдар,сондайақ адами қарымқатынасташыншылдықпентанылып,адамгершілік құндылықтар мен денсаулықты бағалай білесіңдер.Табиғат перзенті,Отан ұланы екендеріңді мақтан тұтасыңдар. 



Сабақтың жақсы көңіл-күймен басталуы үшін,оқушыларға шеңбер айналасында  көңілді ән айту 

ұсынылады: 

                                        Жас дәуірдің түлегіміз     



Сөзі:Е.Өтетілеуов                                             Әні:И.Нүсіпбаев   

Бау,бақша,белдер,                                  Көңілді ауыл,қаламыз. 

Орман,тау,көлдер-                                 Қайырмасы:               

Көрікті шексіз даламыз.                        Жадырап күндей, 

Дәулеті тасқан,                                        Жайнаған гүлдей- 

Сәулеті асқан-                                          Бақытты біздер баламыз!(2 рет

Өзіміз туған,                                             Жалықпай оқып, 

Көбелек қуған-                                        Көңілге тоқып- 

Өлкеде өсіп,толамыз.                      Білімді аджам боламыз. 

Тапсырма       Оқушыларға суреттерге қарап, «Менің жазғы демалысым»тақырыбына әңгіме 

құрастыру. 



Әңгімелесу     Оқушылардың ,өзін-өзі тану сабақтарына қызығушылықтарын арттырып,оларды 

танып білуге баулу мақсатында әңгімелесу әдісі қолданылады. 

Өзін-өзі тану сабақтарында не үйрендіңдер? 

Өзіңе,өзгеге,табиғатқа құрмет дегенді қалай түсінесіңдер? 

Өз бойыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсың? 

Жаңа ақпарат       Оқушылар оқулықтан «Өзін-өзі тану сабақтары арқылы өзін,басқа адамдарды 

және қоршаған ортаны тани алады.Сүйіспеншілік,отбасы,жақсылық,достық,бақыт,білім сияқты 

құндылықтармен танысады» деген жаңа ақпаратты оқу. 

Мәтінмен жұмыс    Оқушылардың «Өзін-өзі тану»пәні туралы білімдерін дамыту мақсатында 

өлең оқылады. «Мен қандаймын?», «Жақсы болу- өзіңнен»-деген өлең жолдарындағы  ойларды 

айқындай түсу үшін сұрақ қоюға болады.     

                                       Өзіңді тану.    Ө.Ақыпбеков 



Тапсырма          Тапсырма бойынша оқушылар суреттегі алма ағашында көрсетілген өзін-өзі 

танудан  үйренген құндылықтар туралы түсініктерін айтып береді. 



Дәптермен жұмыс     Оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жолдарын 

түсіндіру.Тапсырма: Кіші шеңберлердің ішінднгі әрәптерден   



мейірім,қамқорлық,тазалық,денсаулық,рахмет,кешіріңіз деген сөздерді құрап жазу. 

Жүректен жүрекке              Балалар шеңберге жиналып ән салады. 

                                      Біз бақытты балдырғандар.  

                                                                                              Сөзі:М.Әлімбаев 

                                                                                               Әні:Ө.Байділдаев 

 

 

 



Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы

«Опорный орта мектебі» мемлекеттік мекемесі бастауыш сынып мұғалімі

Сапарова Гаухардың 4 сыныпқа арналған өзін-өзі тану пәнінен

қысқа мерзімді жоспары
Сабақтың тақырыбы: Жақсылықтан жақсылыққа

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың «жақсылық» құндылығы туралы ұғымдарын кеңейту.

Міндеті:

-жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;

-имандылыққа,ізгілікке тәрбиелеу.



Оқытудың нәтижелері:

  1. Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады.

  2. Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсінеді.

  3. Топпен пікірлесіп, тапсырмаларды орындайды.

  4. Өз ойын еркін жеткізе алады.

Сілтеме: Оқулық,өзін-өзі тану әдістемесі,слайд, постер, кеспе парақшалар, суретті парақшалар, тамшылар, жүрекшелер.

Қамтылған модульдер:

1-модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс), 2-модуль сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (ассоциация, мозайка құрастыру, мақал-мәтелдер), 3-модуль – бағалау,

4-модуль – АКТ пайдалану,7-модуль – көшбасшылық ( топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру)

Қадамдар:


  1. Өткенді қайталау

  2. Интерактивті тақтамен жұмыс

  3. Топпен жұмыс

  4. Рефлексия

  5. Бағалау

Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

  1. Ұйымдастыру

  2. Оқушының зейінін сабаққа аудару

  3. Топқа бөлу

  4. Тапсырма беру


Оқушының іс-әрекеті:

Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері

Балалар шеңбер құрып тұрады. Бір-біріне жақсы тілектер тілейді. Бәрі қосылып көңілді ән шырқайды. «Достық әні»

1-тапсырма. Модуль АКТ (топтық жұмыс)

Топқа бөлу

Музыка ақырын ойнап тұрады. Оқушылар көздерін жұмады.

-Балалар, бүгін біз таңданарлық сапарға шығамыз. Денелеріңді түзу ұстап, орындыққа ыңғайланып отырыңдар. Біз ертегілер еліне сендермен барамыз.Ол ел өте ерекше, себебі
ол елде жамандық деген мүлдем жоқ. Ол елде көп сиқыршылар тұрады. Ақырын көздеріңді ашыңдар.

-Балалар, сендер ертегі елінің сиқыршысымын деп сезіндіңдер ме?

-Сиқыршылар кеудесінде қандай сезім пайда болды?

–Мына әлем неліктен сиқырлы? (Бұл әлемде жамандық болмайды. Адамдар да, жануарлар да көңілді.)

-Бұл қандай ел деп ойлайсыңдар?

Жасыл, қызыл, сары стикерлер арқылы оқушыларды топқа бөлінеді.

3 топқа 3 сурет беріледі. Сурет бойынша жұмыс

2-тапсырма. Ассоциация (постерде қорғалады)

- Жақсылық жасау үшін адам бойында қандай сезімдер, қасиеттер болу керек?




жақсылықққжақсылыққ

Адамдарға қуаныш сыйлайтын сендер сияқты мейірімді қайырымды сиқыршылар болған қандай керемет! Жақсы жандар адамдарға қажет, әлемге өте қажет, біз өмір сүретін ғаламшарға қажет.



3-тапсырма. Жаңа сабақтың мазмұнын ашу. Модуль. Диалогтық оқыту

Мәтінмен жұмыс.

Бұлақ сылдыры. М. Көккөзов.

Ойланайық, пікірлесейік. /топпен жұмыс/



«Қызылдар» тобы

1.Шалдың әрекеті туралы не айта аласыңдар?



«Сарылар» тобы

1.Сендер солай жасай алар ма едіңдер?



«Жасылдар» тобы

1.Шалдың жасаған жақсылығы қандай жақсылық боп оралды?



Дәйексөз.

« Ешқандай жақсылық зая кетпейді» дегенді қалай түсінесіңер?



4-тапсырма. Модуль СТО, әдісі: мозайка құрастыру

Оқушылар топқа бөлінеді. Әр топқа /мозайка құрастыру/ қима қағаздарды құрастыру. Құрастырған қағаздағы тапсырманы орындау. Сюжетті суреттерге әңгіме құрастыру. Топтан бір оқушы қорғайды.



5-тапсырма.

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып мақал-мәтелдерді оқыңдар.



«Адамгершілік» тобы

1.Жақсы -...,

Әлемге бірдей.

«Мейірімділік» тобы

2. Жақсыкелдідегенше,

... келдідесейші.

... нышанын

Алыпкелдідесейші.

«Қайырымдылық» тобы

3. ... үлгісі

Жаныптұрған ... .

... – ортақ, ... – ортақ, ... – ортақ.



Керекті сөздер: жақсылардың, күн, ай, шамдай, жақсы, жарық, ай мен күндей, жақсылықтың.
Жаңа ақпарат. Суреттер көрсету

Жақсылық жасау-әр адамның қолынан келеді. Жылы жүрек, ақ ниет, нәзік сезім адамды жақсылыққа бастайды. Жақсылықтан жақсылыққа ұмтылу адамды игілікке жеткізеді.



Тапсырма/Оқушыларға тамшылар үлестіріледі./

Өздерің жасаған жақсылықтарың туралы тамшы қиындысына жазып, тақтаға іліңдер.

-Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналады. Яғни , әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.

Рефлексия (смайликтер арқылы)

Мадақтау

Жүректен жүрекке. Ортада қобдиша тұр. Онда түрлі-түсті жүрекшелер бар. Кімге қай түсті жүрекше ұнайды, соны алайық. Шеңберге шақырамын.

Қызыл-адамгершілік, сары-адалдық, қызғылт-мейірімділік, көгілдір- сүйіспеншілік, жасыл-әдептілік, көк-ізеттілік, ақ- қайырымдылық. Осы қасиеттер бойымызда дари берсін.

 

Сабақтың тақырыбы:  Денің сау болсын десе       



Мақсаты:Оқушыларға денсаулықтың қымбаттылығын, өмір сүру қажеттілігінің бағалы байлық екенін түсіндіру. Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелей отырып, білім беру, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру

Міндеттері: мақсаты:жан сұлулығының тән сұлулығына әсері туралы түсінік беру


Шаттық шеңбері

Сабақтың тақырыбы:  Денің сау болсын десе       

Мақсаты:Оқушыларға денсаулықтың қымбаттылығын, өмір сүру қажеттілігінің бағалы байлық екенін түсіндіру. Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелей отырып, білім беру, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру

Міндеттері: мақсаты:жан сұлулығының тән сұлулығына әсері туралы түсінік беру


Шаттық шеңбері

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Өскен негізгі мектебі

Ашық сабақ

Мейірімділік-асыл қасиет

(Өзін-өзі тану 3- сынып)

Өткізген: Сулейменова Улдай

Койшыбаевна

2013-2014 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Мейірімділік-асыл қасиет

Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:


  • Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

  • Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.

  • Мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдары: үнтаспа, түрлі-түсті қағаздар, гүлдің суреті, парақшалар

Шаттық шеңбері

Мейірімділік-асыл қасиетіміз,

Жүректегі таза ақ ниетіміз.

Жан дүние кілті,

Шаттық пенен күлкі.

Биік ұстап соны,

Қадірлейік біз!

Суретпен жұмыс


  • Барлығымыз экрандағы көріністерге назар аударайық. (экраннан атыс,

жарылыс, зорлық-зомбылық сияқты суреттер көрсетіледі.)

  • Сендерге мына көріністер қалай әсер етті?

  • Осындай қатыгездік, соғыс, зорлық-зомбылықтың туындау себебі неде деп ойлайсындар? Мейірімділік байқала ма?

(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)

- Олай болса, бүгінгі сабағымызда адамның бойындағы жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз.



(тақырып хабарланады)

Ойланайық, пікірлесейік



  • Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?

  • Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

Адамдар бір-біріне жылы сезімдерін білдіріп, айналасындағыларға тек жақсылық ойлап, игілікті істер жасау арқылы ғана мейірімділікті таныта алады. Адамдардың бір-біріне деген мейірім шапағаты-әдептіліктің белгісі.

Мәтінмен жұмыс

«Сары тауық және оның балапандары» мәтінін оқып, түсіндіру. Сұрақтарға жауап алу.


  • Сары тауық балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?

  • Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?

  • «Күн ашылып ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Ал сендер мейіріміділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіндер?

(оқушылардың жауаптары тыңдалады)

Дәйексөз


Мейірімділікті анадан үйрен. Халық даналығы

Ана –халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірімен берілген мейірімділігін сақтап қалу өз қолында.

Шығармашылық тапсырма

І топ: «Мейірімділік гүлін» құрастыру

Оқушылар түрлі-түсті қағаздан әртүрлі гүлдерді қиып, жапсырмалайды.

ІІ топ: «Құстың баласын құрастыру»



(оқушылардың жұмыстары тыңдалады)

Жағдаятты талдау



(оқушылар сөйлемдерді өз ойларымен аяқтайды)

Слайд


Ойын: «Мен қандаймын?»

Қабырғада адам бойындағы қасиеттер жазылған. Оқушылар берілген қасиеттерді таңдап, өз бойларында бар болса, сол сөздер арқылы дәлелдейді.



(оқушыларды тыңдау)

Жүректен жүрекке

- Кәне, барлығымыз шеңберге тұрып, кімнің немесе ненің мейірімді екенін кезектесіп айтып шығайық.


  • Күлімдеген күн мейірімді!

  • Кіршіксіз ақ қар мейірімді!

  • Таза мөлдір су мейірімді!

  • Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!

  • Аяулы анам мейірімді!

  • Қамқоршы апам мейірімді! т.б.

Қыздардың орындауында «Көктем шуағы» биі

- Жүрегіміздегі мейірім шуағы өшпесін деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.



4 cынып
Тақырып: Ақылды тыңдай білу де өнеге
Мақсаты:
Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-ақылды тыңдай білудің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;
-ақылды тыңдай білу іскерліктерін дамыту;
-ақыл,өнеге, өсиеттерді тыңдауға, бағалауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, оқулық, дәптер, «Даналық сөздер» сандығы, үлестірмелі кеспе қағаздар, «Бақытты балалық шақ» көрме суреттер, Данышпан ата
Әдіс тәсілдері :Интербелсенді тақтамен жұмыс, көрме стратегиясы, автор орындығы ,топпен жұм ыс.
Шаттық шеңбері:
Балалар шеңбер құрып, қол ұстасып тұрады.
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба,көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам.
Орындарына отырып ән айту «Бала тілегі»
Қызығушылығын ояту
Тақтада балалардың салған суреттерінен көрме ұйымдастыру. Суреттен ұнаған суреті туралы топпен жазу. Соны топтың спикері әңгімелеп береді .
- Балалар суретті біз қай уақытта саламыз?
-Біз қандаймыз?/бақыттымыз
-Бақытты қалай түсінесіңдер? /Әке-шешеміз қасымызда, бейбітшілікте өмір сүреміз, мектепке келеміз деген сияқты сөздерді балалар айтады.
-Әке- шешеміз,үлкендер, ұстаздар бізге не айтады?/ақыл
Олай болса бізбүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
(Балалар өздері шешеді, мақсатын да айтады)
Мәтінмен жұмыс
Сабақ тақырыбының мәнін ашу мақсатында үнтаспадан тыңдатамын «Қорада малың болса , көшеде талың болсын» С.Ақаев Түсінгендерін топқа салады . Топтан бір оқушы автор орындығына келіп айтады.
- Балаларына айтқан әке өсиетінің мәні неде ?
- Балалардың әке сөзін тыңдай білгеннің арқасындақандай дәрежеге жете білгендері туралы өз ойыңдыбілдіріп көр.
- Әңгімедегі әке өсиетін мүлтіксіз орындаған балалары өмірде ештеңеден қиындық көрмей , жақсы өмір сүрген екен. Ал өсиет сөзге құлақ түріп тыңдамайтын адамның ісі алға баспай ,сол күйі қалады.Ата сөзін, әке сөзін ұстаз сөзін, үлкендер сөзін, халық даналығын , өсиетін дұрыс ақылға салып тыңдай білген адамның ақылы толыса түседі, адаспайды. Ақылды тыңдайтын бала да ақылды атанады. Сондықтан да халық:
«Ата-анаңның ақылы-
Сайрап жатқан жол мен тең.
Ақылдының ақылы-
Сарқылмайтын көлмен тең» -деп айтқан .Интербелсенді тақтадан қарап дәптерлерін ашып жазады .
Қаламсап қолға аламыз
Дәптерді қиғаш қоямыз
Денемізді тік ұстап,
Әдемі етіп жазамыз.
Итербелсенді тақтадағы халық даналығын жазу
Сергіту сәті
Қырға шықсаң өрлеп /Қолдарын кезек-кезек жоғары көтереді/
Мұның аты еңбек /Екі қолын жаяды /
Кесте тіксең, зерлеп, /Оң қолымен ине ұстап, тіккен қимылды көрсетеді / Мұның аты еңбек /Екі қолын жаяды /
Сабағыңа жөндеп /Жанындағы көршісіне қарап сол қолын жаяды. /
Әзірленсең еңбек.
Қиындықтың бәрін /Құшағын ашады /
Еңбек қана жеңбек. /Екі қолын жаяды /
Интербелсенді тақтамен жұмыс
Жағдаятты шешу. Суреттердегі балаларға қандай ақыл-кеңес берер едіңдер деген тапсырма берілген./3(үш ) түрлі жағдаят балалар өздері қандай ақыл беретінін тақтаға жазады,сосын оның түйінін тақтадан оқиды,өздерінің айтқанына келістіме соны талдайды.
Жаттығу Данышпан ата қонаққа келеді.
Айтылған ойларды бекіте түсу үшін жаттығу жұмыстары беріледі . Қоржынның ішінен алынған даналық сөздерді ,жария етіп дәптерлеріне жазады.
Тапсырма
Өздеріңе айтылған үлкендердің ақыл сөздерін естеріңе түсіріп, айтып беріңдер.
Дәптермен жұмыс
Тапсырма:Дәптерде берілген бұлбылдың , күйшінің, ұстаздың, баланың, әженің суреттері тұстарына қалдырған бос орынға олардың қандай ақыл сөздерін тыңдағыларың келеді соны жазыңдар.
Қорытындылау
Бүгінгі сабақта не білдік? Нені үйрендік? Көңіл күйлерін белгімен көрсету.
Жүректен жүрекке
Бәрі шеңберге тұрады. Үнтаспаға қосылып ән шырқайды.«Біздің тілек»
Қосымша

Данышпан атаның өсиеттері

Адамдарға ізет білдіріңдер !


Түсінбегеніңді сұрап алыңдар!


Айтылған сөзге мән беріңдер!


Әңгімені мұқият тыңдаңдар!


Сөйлеушінің сөзін бөлмеңдер!


Сөйлеп тұрған адамға көңіл бөліңдер!


Бабалар өсиетін тыңдаңдар!



«Бақытты балалық шақ»көрмесін қарап өздеріне сурет таңдап отыр



Үнтаспадан мәтінді тыңдап « автор орындығына» келіп талдауда


Каталог: uploads -> doc -> 10f7
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
10f7 -> Сабақтың міндеттері: Білімділік: Сурет бойынша сөйлем құрай білу. Мамандықтар туралы әңгімелей білу. Дамытушылық
10f7 -> Өз білімін жетілдіру. «Дәстүрлі емес сурет салу техникасы» тақырыбына перспективтік жоспар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет