Негізгі бөлім Менің жұмыс тақырыбым



Дата26.08.2017
өлшемі123,18 Kb.
#28303



Кіріспе

Қазақ тілінен өтілетін сабақтар мазмұнына қарай мына сияқты тілдік материалдар негізінде іске асырылады : фонетика , лексика, морфология, орфография, синтаксис , мәтіндер, тіл ұстарту бойынша өтілетін сабақ болып жіктеледі . Сабақ процесінде оқушыларға теориялық білім мен практикалық дағды беруге көп көңіл бөлінеді . Сонымен бірге, әр сабақта оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын , білімге деген ықыласы мен ынтасын арттыруға көп көңіл бөлінеді .Өміріміздегі болып жатқан оң өзгерістермен жаңарулар – мектепке де өзінің айтарлықтай әсерін тигізуде

Жан-жақты сапалы білімді,тәрбиені ең алдымен ана тілі арқылы, ана тілінің қыр - сырын меңгерту арқылы беруге болатындығын өмірдің өзі дәлелдеуде . Осындай қажеттіліктен туып ,жер –жерде өркен жайып келе жатқан қазақ тілі мен әдебиетін теориялық ж/е практикалық жағынан оқыту мұғалімдерге жүктелер жауапкершіліктер де жоғары . Осыған орай түрлі көрнекіліктер, оқулықтар , қосымша оқу –құралдары жоқтығы да сапалы оқытуға қолбайлау болатындығын ескерсек , күнделікті сабаққа дайындық мұғалімдерге көп ізденуді ,оқыту мен тәрбиелеудің тиімді жолдарын қарастыруды қажет етеді. Шәкірттерге ана тілінің қасиетін танытып , әдебиетке құштарлығын ояту ж/е ойлана білуге үйрету міндеті менің алдымда да тұрды . Сондықтан , қолдағы бар мүмкіндіктерді пайдаланып, оқытудың әдіс –тәсілдерін түрлендіруге , оның ішінде көрнекілікке ерекше мән бердім .

Оқушылардың жаңа материалдардың құрылымын тұтастай қабылдауы үшін сол тақырып бойынша тірек схемасын пайдалану қажеттігі туды . Тірек схемасын пайдалану жаңа теориялық білімді аз уақыт ішінде игертіп, көбірек біліктілік дағды қалыптастыруға мүмкіндік берді , яғни теорияны оқытудан үнемделген уақыт , берілген білімді бекіту , нығайту , тексеру мақсатында жұмсалады . Тірек схемасын пайдалану оқытудың оқушыларды жаттандылықтан сақтандыруға , іскерлік дағды қалыптас-тыруға себі тиеді .



Негізгі бөлім

Менің жұмыс тақырыбым «Қазақ тілі сабағында тірек схемаларын пайдалану»

Негізгі мақсатым : әр оқушының ойлау қабілетін дамыту , тіл байлығын арттыру, ойын жүйелі айтуға дағдыландыру .

Осы мақсатқа жету барысында алдыма мынадай міндеттер қойдым :

  • Өз бетімен жұмыс істеуге үйрету .

  • Іскерлік пен біліктілік дағдысын қалыптастыру .

  • Ана тілінің қадір –қасиетін , терең сырын түсінуге тәрбиелеу .

Бұл тақырыппен жұмыс жасауды 2000- жылы бастадым . Тақырып үш жылға бөлініп алынды .

1 жыл. 1) Тірек конспектісін қолдану негіздерімен танысу, апробациялау.

2) Барлық оқу материалдарын пысықтап, оны оқу бірліктеріне, тұтас тарауға немесе мазмұны бойынша жақын тақырыптар блогіне бөлу.



2 жыл. Тақырыптың негізгі түйінді ұғымдарынан тірек сызба – конспект құрастыру.

3 жыл.1)Оқушылардың білім, білік дағдыларындағы кемшіліктерді қорытындылау.

2) Білім, білік дағдыларды түзетуге арналған тапсырмалар дайындау.

Бірінші жылы тірек – сызба, белгі үлгілері негізінде оқыту тәсілдерімен таныстым. Бұл жерде В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясын, жалпы Қазақстандағы ғалымдардың оқыту технологиясынмен таныстым. Жекелеген элементтерін сабақта қолдана бастадым.Бірнеше сағатқа бөлінген теориялық материалдарды ірі блокпен оқыту әдісін қолға алдым.Оқушылардың жаңа материалдың құрылымын тұтастай қабылдауы үшін сол тақырып бойынша тірек конспектісін пайдалану қажеттігі туды. Тірек схемаларын пайдалану жаңа теориялық білімді аз уақыт ішінде игер-тіп, көбірек біліктілік дағды қалыптастыруға мүмкіндік берді,яғни теорияны оқытудан үнемделген білімді бекіту, нығайту,тексеру мақсатында жұмсалады. Со-нымен бірге әрбір оқушы жауапкершілікті сезініп, дәрістік әдіске де бейімделеді. Тірек схемалары бесінші сыныпта ,,Лексика,, , ,,Фонетика,, , ,,Сөзжасам,, бойынша үш үлкен тақырыпты қамтиды.6- сыныпта ,,Сөзжасам,, және ,,Сөз таптары,, тарауы бойынша, ал 7-сыныпта синтаксис тарауы бойынша сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлерінің әрқайсысына жеке-жеке сағат берілген.Бірақ бұл екі тақырып бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, ірі блокты сабақ түрінде өтуге өте қолайлы. Сондықтан мен өз сабақтарымда мынадай тірек схемасын жасап,пайдаланып жүрмін.

Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері

Қосымша интонация қосымшасыз септеулік шылау

арқылы арқылы арқылы арқылы

меңгеру матасу қиысу қабысу

матасу қиысу жанасу жанасу

қиысу қабысу

септік септік + тәу жіктік іргелес

Б.Т.Ж.К. Іс +тәу ж жалғау алшақ

Бұл схемадан қосымша арқылы байланысу тәсілінен меңгеру, матасу, қиысу; қосымшасыз байланысуынан қабысу мен жанасу,ал, септеулік шылау арқылы байланысу тәсілінен жанасу түрлері шығатынын және олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері анық көрініп тұр. Байланыстың бес түрін мен өзімше шартты белгімен белгіледім. Ү - бұл белгіні түйінге, байланыстырылған жіпке ұқсатып, сөздердің байланысуы да осындай бір-біріне жалғанған жіпке ұқсайды деп таңдадым. Ретіне қарай нөмірледім: қиысу ү1,меңгеру ү2,матасу ү3, қабысу ү4 жанасу ү5. Балалар тапсырмадағы берілген сөйлемдегі сөз тіркестерін тауып, шартты белгілерімен байланыс түрін ажыратады. Тірек – схема жаттығу сабақтар-ында ілулі тұрады.Алғашқы күнгі сабақты жылжымалы тақтада жазылған сөз тіркестерін талдау арқылы бекітуге болады : Менің ү3 елім . Ол ү1 азамат . Халықты ү2 сүй . Ақ ү4 отау . Әкеңнің ү5 тілегі . Адал ү4 адам . Ертең ү5 тап т.с.с Қалған сағаттардың 1-2 –еуін оқулықтағы жаттығуға арнаған дұрыс . Жаттығу сабақтарында халықтық тәрбиені жүзеге асыруға да мүмкіндік жасауға болады Қазақтың тыйым сөздері көп-ақ. Соларды еске түсіре отырып,әрі мағынасын ашып, әрі синтаксистік талдау жасалады. Мысалы:Табалдырықты баспа ү2. Молаға қарай қолыңды шошайтпа ү5 . Кірдің суын баспа ү3 . Өтірік жыламаү4 . Жер таянба ү2 . Үйдегі ү4 адамды ү2 санама т.с.с. Мұндай сабақ өте қызық өтеді, балалар тыйым салынған сөздердің байланысын табуға, оның мағынасын ашуға құлшына кіріседі. Кеспе кәртішкелер арқылы да түрліше жұмыс түрлерін жүргізуге болады . Сөйлемнен тіркестерді тауып , байланысын табуға ; сөз таптарын атап , одан тіркес жасап , ажыратуға тек жалғауды ғана көрсетіп , тіркес жасатып , талдауға тапсырмалар беруге болады . Сабақтың ең соңғы сағатын шығармашылық диктант түрінде өткіздім . Балаларды екі топқа бөліп , түрлі тапсырмалар беріледі . Онда оқушылар байланыс түрлерінің ережелерін жазады , мысал келтіреді , өздері тіркес жасап , талдайды , берілген тіркестерді байланысу түріне ажыратады . Бұл сабақтарда ойын элементтерін пайдалануға да өте қолайлы . Мен сабақты «Эстафета « ж/е « Лото « ойындары арқылы өткіземін .

« Эстафета « ойынында оқушылар қатар бойынша ең артқы оқушыдан бастап алға қарай кәртішкені ілгері жылжыта отырып жұмыс жасайды . Кәртішкеде қатардағы оқушы санымен сәйкес берілген . Мысалы , 5-оқушы –5-сөйлемді немесе тіркесті талдап , ілгері жылжытады . Жұмыс төмендегідей мазмұнда беріледі .

1-қатар 2-қатар

1. Ол айтады . 1. Сен келесің .

2. Бейбіт ел . 2. Қалың кітап .

3. Менің елім . 3. Біздің Отанымыз .

4. Малды теппе . 4. Аққуды атпа .

5. Күн сайын оқы . 5. Үйге таман бар .

Тірек схема 8-сыныптағы ,,Жай сөйлем синтаксисі,, бойынша үш үлкен тақырыпты қамтиды.

1.Сөйлем мүшелері 2. Оқшау сөз 3.Жай сөйлем

9-сыныптағы қазақ тілін оқытуға арналған тірек схемасы 4 кестеге бөлінген.

1.Салалас құрмалас сөйлем 2. Сабақтас кұрмалас сөйлем

3 .Аралас құрмалас сөйлем 4 .Төл сөзбен төлеу сөз

Ондағы шартты белгілер, қысқартулар, түстер бәріде алдын-ала оқушы-лармен келісілген.Бұл тірек схемалары білім беру пысықтау, бекіту, қорытынды, жинақтау, білімді сынау сабақтарында пайдаланылады. Мысалы ,,Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері,, тақырыбын өткенде 1,2 тірек схемаларын қолдандым. Алдымен сөйлем мүшелері жайлы не білетіндері төмендегі сұрақтар төңірегінде сұрақ – жауап әдісі арқылы оқушылардың білімдерін жинақтаймыз.

1.Сөйлем мүшелері қызметіне қарай неше түрге бөлінеді ?

2. Бастауыш дегеніміз не ?

3. Баяндауыш дегеніміз не ?

4. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін атаңдар ?

Екі оқушы тақтаға мына сөйлемдерді жазып талдайды.



Жаршылықтың жаршысы жолдан адаспайды. Қарттарды тыңда, өмірден алған ақылы мен нақылы бар.

Мұнан соң оқушылардың өздеріне сөйлемдер ойлатып, бастауышы мен баяндауышын тапқызып, тұрлаусыз мүшелердің өздеріне тән ерекшелік-терін жинақтай келе, бастауыштың :

-Атау септік тұлғасында тұруы


  • Іс-оқиғаның иесі

  • Кім? Не? Кімі? Несі? деген сұрақтарға жауап беретіндігі

  • Баяндауыш пен жақ-жағынан жекеше, көпше түрде қиыса байланысатындығы

Баяндауыштың

  • Бастауыштың қимылын, ісін, жай-күйін білдіретіндігі

  • Сөйлемді тиянақтап тұратындығы

  • Кейде бастауышсыз-ақ сөйлемге ұйытқы болатындығы

  • Бастауышпен қиыса байланысатындығы

  • Іс-оқиғаның қай шақта көрсететіндігі,

  • қай сөз табынан болса, соның сұрауына жауап беретіндігін, жасалу

жолдарын, құрамына қарай дара,күрделі болып бөлінетіндігін салыстыра отырып тірек схемалары арқылы бастауыш пен баяндауыш туралы алған білімдерін тиянақтау.Сонымен бірге, сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін өткенде де алғашқы сабақта 3, 4, 5 тірек схемаларын қолдану арқылы өткіземін.Мұндағы тұрлаусыз мүшелердің сұрақтары,ережесі, құрамдық түрі, байланысы сияқты тақырыптарды түсіндіруде ұзақ уақыт кетпейді оқушыға бұрыннан таныс материалдар.Баса түсіндіруді ,,Тұрлаусыз мүшелердің жасалуы,, , ,,Күрделі тұрлаусыз мүшелердің жасалуы,, деген тақырыптар қажет етеді.Екінші сабақты – семинар сабақ түрінде өткізген жөн.Оны топтық жұмыс етіп өткізген тиімді. Бұл сабақта оқушылар топтастырылып кестедегі теорияны өз мысалдарымен дәлелдейді Үшінші сабақ – практикалық сабақ. Мұнда практикадан теория қорытылып шығарылады. Мәселен, төмендегі сөйлемді оқушы былай талдайды.

Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді.

  1. Нешеге толған еді.? Он үшке.

  2. Құрамына қарай күрделі, оның ішінде күрделі сан есім.

  3. Жанама толықтауышү.

  4. Меңгеріле байланысып тұр.

    1. Қашан толған еді? Биыл.

2.Құрамына қарай дара, оның ішінде дара үстеу.

3.Мезгіл пысықтауыш.

4.Жанаса байланысып тұр.

Соңғы білімді тексеру сабағында оқушылардың өзін-өзі басқаруына ерік берілді.Алдымен топ жетекшілерінің сынағы өтті. Олар тақтада тірек конспектісін сыза отырып сұраққа жауап береді, сөйлем талдайды.Басқа оқушылар олардың жауабын тірек жетекшісі болып қадағалап отырады.

Оқушыларға білім мен дағды беруде қазақ тілін оқыту түрлерінің мәні үлкен . Сабақ ісін ұйымдастырудың негізгі формасы болып табылады . Оқытушының жүргізілетін жұмыстары сабақ бойынша алып қаралады

Оқушылардың сабаққа ынтасын, шығармашылық белсенділігін арттыруда сабақты түрлендіріп , әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана өткізудің маңызы өте зор . Осы аталған жұмыстарды жыл бойына қолдана отырып төмендегідей көрсеткіштерге жеттім .Сабақ беріп жүрген сыныптарымдағы оқушылардың білім сапасы 50 пайыздан төмен түскен жоқ. Сабақ сапасы жоғары әрі оның нәтижесінің жақсы болуы – сабақтың ғылыми тұрғыдан , теориялық жағынан жоғары дәрежеде болуынан , мазмұны қазіргі қол жеткен ғылыми жаңалықтарға сай болуынан көрініс береді . Әр сабақты мүмкіндігіне қарай түрлендіре жүргізу бүгінгі сабақ, бүгінгі оқытудың да басты белгілері болып табылады . Өз тәжірибемде дәстүрлі сабақтармен қоса, мынадай сабақ түрлерін жиі пайдаланамын : дәріс сабақ, сот сабақ, іздену сабағы, пікірталас сабағы, есеп- сынақ сабақтары және т. б

Бұл сабақтардың тиімділігі мынада:


  • Мол материалдарды беріп үлгереді ;

  • Өздік жұмыстарға баулиды ;

  • Баяндама жасауға дағдыланады ;

  • Қосымша материалдар іріктеуге , үзінділер оқуға баулиды ;

  • Пікір айтуға, айтыса білуге үйретеді .

Сыныпта берілетін жұмыстар тың жұмыс емес, ол өткен сабақ пен бүгінгі сабақтың қосымшасы ғана . Ендеше бір сабақ бір сабақты толықтырып отыруы керек . Оқушының білім қабілеті, қызығуы, икем –дағдысы мұғалім мен оқушының бірлескен жұмысына байланысты болғандықтан , ол көп ізденісті талап етеді .

Қорытынды бөлімі

Осылайша тірек конспектісін пайдалана отырып оқытудың оқушыларды жаттанылықтан сақтандыруға, іскерлік дағды қалыптастыруға себі тиеді. Оқығандарының ішінен ең негізгі мәселені айыра ір-іктей білуге қалып-тасып, жүйелей сөйлей білуге дағдыландырады. Оқулықпен, көркем әдебиетпен жұмыс істеу белсенділігі артып, қосымша оқу құралдарын іздеп табу, пайдалана білуге үйренді.

Мұндай сабақтар оқушының танымдық еңбегін ұйымдастыруға, өз бетінше оқу, еңбек ете білу қызметіне жетелейді. Сабақ процесінде тірек сигналдары эле-менттерін қолдану мұғалімнен шығармашылық ізденісті , іскерлік шеберлікті , эстетикалық талғамды , психологиялық үйлесімді-лікті қажет ете отырып , өз пәніне деген қызығушылығын арттырса , оқушының өз бетімен іздену ауызекі сөйлеу тілін дамыту , есте сақтау қабілетін арттыру , тұжырымдап топшылау , дағдыларын қалыптастыру сияқты ,бірқатар іскерлік мүмкіндіктері деңгейін арттыруға қол жеткізеді . Тірек сигналдарын қолдану оқушыны үнемі шығармашылық әрекетке шыңдай отырып , өзін -өзі дамытуға жетелейді , яғни оқушыны үнемі оқу –тәрбие нысаны ғана емес өзін-өзі дамытатын субьект ретінде қарастырып , екі жақтың да жасампаздығы артады . Топпен жұмыс істей отырып, олар тек білімді игеріп қана қоймайды, ұжымдыққа, бір-бірін тыңдай білуге, істі ақылдасып кеңесіп шешуге үйренеді.

Осындай ізденістің нәтижесінде әрбір тілдік тарауларды, тақырыптарды өткеннен кейінгі білімді тексеру, сынақ алу са-бақтарын оқушылардың өздері топ болып дайындап өткізетін болды.

Әрбір топ өздеріне сенім артып еркіндік бергендіктен сабақты өткізуді өзінше ойластырады, сынақ сұрақтарын дайындайды. Бұл арқылы оқушы іздене жүріп, білімді саналы меңгеруге дағдыланады. Өздік ойлау қабілетін, түйсігін дамытады ой-өрісін кеңейтеді.Өз бетімен еңбек етуге дағдыланған оқушылар өз ойын кеңірек айтуға мүмкіндік беретін әңгіме, сұхбат, дайындайды .

Сонымен, сөзімізді қорытар болсақ, тәжірибеде көрсеткендей, тірек конспектісін пайдаланып оқытудың өзіндік ерекшелігі жөніндегі түйінді пікір мынадай болмақ;

1. Тілдік материалдың теориялық жағын ірілендірген блок арқылы меңгерту жаттығу жұмыстарына уақыт үнемдеуге мүмкіндік туғызады.

2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытады,тіл байлығын арттырады. Ойын жүйелі айтуға дағдыландырады.

3.Өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді, іскерлік пен дағды қалыптастырады

4.Тек жалаң білім алу ғана емес,ана тілінің қадір-қасиетін,терең сырын түсінуге, ұйымшылдыққа, бір-біріне көмек көрсетуге,құрметпен қарай білуге,сыйластыққа тәрбиелейді.

5. Мұғалімге де, оқушыға да шығармашылықпен жұмыс істеу еркіндігі тиеді. Жалпы алғанда, жан-жақты ойластырылған тірек схемасын пайдалану –мұғалімге де, оқушыға да аса қажет, қазақ тілін сапалы меңгертудің тиімді жолдарының бірі.

Пайдаланылған әдебиеттер
1 . ,,Қазақ тілі және әдебиеті ,, журналы .

2 . М .Шәбжентайқызы ,,Ана тілім – азығым , адастырмас – қазығым .

/Тірек схемалары /

3 . Мұғалімнің өз іс тәжірибесінен туындаған тірек схемалары .



4. М.Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы
Каталог: uploads -> doc -> 0a56
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a56 -> Семинар сабағы Тақырыбы: «Күй әлемінің жарық жұлдызы»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет