Негізгі орта білім беру деңгейінің «Тіл және әдебиет» білім саласы пәндерінің



бет6/16
Дата26.06.2018
өлшемі1,23 Mb.
#44383
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

«ХІХ ғасыр әдебиетіне шолу» (3 сағат). XIX ғасырдағы саяси-әлеуметтік және қалыптасқан тарихи жағдай. Орыс отаршыл үкіметінің басты нысанасы. Ұлт-азаттық көтерілістердің белең алуы. Қазақ жерлерінің әкімшілік бөлінісі. Ұлт-азаттық идеяларының Дулат, Шортанбай, Махамбет, Нысанбай жырау шығармаларында көрініс табуы;

  • «Махамбет Өтемісұлы. «Баймағанбет сұлтанға айтқаны», «Мен, мен, мен едім», «Арқаның қызыл изені-ай», «Бағаналы терек» өлеңдері» (2 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы. М.Өтемісұлы жырларындағы романтикалық сарын. Махамбет шығармаларындағы ақындық «мен». Махамбет жырларындағы Исатай батыр образы. Өлеңдерінің ұйқас ерекшелігі, тіл көркемдігі. Әдебиет теориясы: ерікті ұйқас;

  • «Нысанбай жырау (1822-1883 жж.). «Кенесары-Наурызбай» жыры» (2 сағат). Нысанбай Жаманқұлұлының өмірі мен жыраулық өнері. Оның ұлт-азаттық көтеріліс туралы «Кенесары-Наурызбай» жыры және ондағы тарихи шындық пен көркемдік шешім. Жырдағы Кенесары мен Наурызбай образдары. Көркемдік ерекшелігі. Жанрлық сипаты. Нысанбай жырау шығармашылығының зерттелуі. Әдебиет теориясы: тарихи жыр;

  • «Ыбырай Алтынсарин. «Қазақ хрестоматиясы» (2 сағат). Ы.Алтынсариннің педагогикалық қызметі. Ы.Алтынсарин мектебіндегі оқудың ескі діни оқудан айырмашылығы. Ұлы ұстаздың қазақ балаларына арнап жазған оқулықтары және оның мәні мен маңызы. Ыбырайдың поэзиясы және оның адамгершілік, ғибраттық мәні. Ы.Алтынсарин қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы. Ыбырайдың прозалық шығармалары мен аудармалары. Әдебиет теориясы: архаизм, историзм;

  • «Абай Құнанбайұлы. «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек», «Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол», «Жазғытұры». «Ескендір» поэмасы» (4 сағат). Қарасөздері. Абайдың өмірі мен шығармашылығы. Абай поэзиясы. Ақын өлеңдеріндегі көркемдік ерекшеліктері, ой мен сізім иірімдері. «Ескендір» поэмасы, тақырыбы мен идеялық-көркемдік маңызы. Поэмасындағы шығыстық сарын. Қарасөздеріндегі философиялық түйіндер және оның ұлттық дүниетаныммен сәйкестігі. Абайдың адам өмірі оның мәні мен маңызы туралы толғамдары. Өнер, еңбек, талап, ынта, ықылас, терең ой, қайрат, жігер т.б. адами қасиеттер турасындағы ойлары. Қазақ өлең жүйесіне енгізген жаңалықтары. Әдебиет теориясы: көп мағыналы сөздер.

  • «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» (28 сағат):

    1. «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне шолу» (2 сағат). ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жай-күйі, тарихи жағдай. Әдеби бағыттар туралы жалпы түсінік. Қазақ әдебиетінің қоғам өміріне тигізетін ықпалы мен әсері. Әдебиеттегі азатшылдық ұран. Алашорда әдебиетінің тәуелсіздік үшін жүргізген күресі. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің даму бағыттары. Діни-ағартушылық бағыт өкілдері. Ағартушы демократтық бағыт өкілдері;

    2. «Жамбыл Жабаев. «Зілді бұйрық», «Ленинградтық өренім», «Ата жаумен айқастық» өлеңдері» (2 сағат). «Зілді бұйрық». 1916 жылғы Ресей патшасының жарлығына ақынның қарсылығы, жан күйзелісі, жастарға деген жанашырлығы. Жамбыл жырларының қоғамдық мәні. Басқа тілдерге аударылуы. «Ленинградтық өренім», «Ата жаумен айқастық» өлеңдеріндегі туған елге, туған жерге деген біртұтас сүйіспеншілік сезімнің жырлануы. Әдебиет теориясы: дастан жанры;

    3. «Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Таныстыру» поэмасы, «Алаш ұраны» өлеңі» (2 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы. Ақын лирикасындағы азаматтық сарын және әлеуметтік қайшылықтарды суреттеуі. Өлеңдеріндегі оқу-білім тақырыбы. «Таныстыру» поэмасының саяси мәні. Тақырып ерекшелігі. Көркемдігі. «Алаш ұраны» өлеңінің идеялық мұраты. Өлеңдегі азаматтық пафос, өршіл рух. Әдебиет теориясы: арнау;

    4. «1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиетіне шолу» (2 сағат). 1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиетінің даму бағыттары. Саяси-әлеуметтік жағдай. Кеңес үкіметінің идеологиялық нысанасы. Социалистік реализм әдісі;

    5. «Жүсіпбек Аймауытов. «Қартқожа» романы» (3 сағат). Ж.Аймауытов – прозашы, драматург, ғалым, публицист. «Қартқожа» романы. Шығармада ХХ ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік қайшылықтардың жан-жақты бейнеленуі. Романдағы Қартқожа бейнесінің көркем жинақталуы. Романның көтерген тақырыбы, идеялық маңызы, композициялық құрылымы, сюжеттік желісі. Әдебиет теориясы: қара өлең;

    6. «Мағжан Жұмабаев» (2 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы. Мағжан поэзиясындағы халық тарихы, ұлт тағдыры мәселесі. Ақын лирикасындағы азаматтық әуен, отаншылдық сезім. Мағжан поэзиясының тақырыптық-идеялық ерекшеліктері. Махаббат лирикасы. «От», «Пайғамбар» өлеңдері, т.б. Әдебиет теориясы: силлабикалық өлең жүйесі;

    7. «Ілияс Жансүгіров. «Күйші» поэмасы (үзінді)» (2 сағат). І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы. Оның эпикалық туындылары. «Күйші» поэмасының тақырыбы. Поэманың тарихи оқиғамен байланысы. Күйші бейнесі. Оның психологиялық болмысы. Шығармадағы тартыс. Сюжеттің шарықтау шегі мен көркемдік шешімі. Ақын тіліндегі бейнелеуіш құралдардың қолданылуы. Әдебиет теориясы: өлеңдегі буын мен бунақ;

    8. «Мұхтар Әуезов. «Абай жолы» роман-эпопеясы (үзінді)» (5 сағат). М.Әуезовтің шығармашылық жолы. Романның жанрлық ерекшелігі. Шығарманың сюжеті мен композициясы. Роман-эпопеяда суреттелетін Абайдың азаматтық, ақындық келбеті және замана бейнесі. Романның тараулары, пейзаж бен портрет, тартыс және мінез. Шығармада суреттелетін қазақ халқының өмірі, тұрмыс-салты, әдет-ғұрыптары. Жазушының әлем әдебиетіне қосқан үлесі. Әдебиет теориясы: кең көлемді эпикалық жанр. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, электрондық оқулық;

    9. «Ғабит Мүсірепов. «Ұлпан» повесінен үзінді» (2 сағат). Ғ.Мүсірепов – сөз зергері. Шығармаларындағы аналар бейнесінің сомдалуы. Ана бейнесін эпикалық жанрда сомдау жолындағы ізденістері. Ұлпан образындағы қазақ қыздарына тән ұлттық мінез сипаты. Есеней образы. Жазушының сөз саптау ерекшелігі. Роман сюжетінің даму сатылары. Есеней мен Ұлпан арасындағы адамгершілік, достық қатынастар. Жазушы стиліне тән юморлық иірімдер. Әдебиет теориясы: юмор және сатира;

    10. «Ілияс Есенберлин. «Көшпенділер» трилогиясынан үзінді» (3 сағат). І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы. Трилогияда қазақ тарихын көркем бейнелеп көрсетуі. «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» романдары арасындағы ортақ желі. Шығармадағы тарихи тұлғалар (қазақ хандары, би-шешендері және батырлары) бейнесі. Тарихи романға тән ерекшеліктер. Тарихи шындық пен көркемдік шешім. Әдебиет теориясы: тарихи роман;

    11. «Тәкен Әлімқұлов. «Қараой» әңгімесі (үзінді)» (1 сағат). Т.Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығы. Жазушы шығармашылығындағы өнер тақырыбы. Эпикалық туындылары. «Қараой» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы. Әңгімедегі образдар жүйесі. Махамбет образы. Сюжеттік желісі, композициялық құрылымы. Әңгіменің көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: әңгіме жанры;

    12. «Мұқағали Мақатаев. «Райымбек, Райымбек!» поэмасы (үзінді)» (2 сағат). М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы. Мұқағалидың қазақ поэзиясындағы орны. «Райымбек, Райымбек!» поэмасының тақырыбы мен идеясы. Шығарманың тарихи негізі. Оның тарихи поэма екендігі. Поэманың сюжеті мен композициясы. Поэмадағы ақындық рух, елжандылық сезім. Көркемдігі. Әдебиет теориясы: стиль. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, электрондық оқулық («Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай»).

  • «Сатира» (1 сағат). Қазақ әдебиетінде сатира жанрының даму, қалыптасу кезеңдері. Абайдың сатирасына шолу. Кеңес дәуіріндегі сатираның дамуы. Сатираның жанрлық ерекшелігі. Сатира мен юмордың ортақ қасиеттері мен өзгешеліктері. Тәуелсіздік жылдарындағы сатира (А.Тоқмағамбетов, Ш.Смаханұлы, О.Әубәкіров, С.Адамбеков, Ү.Уайдин, С.Кенжахметов, К.Әмірбеков). Әдебиет теориясы: суреткер қиялы.

  • «Фантастика және детектив жанрлары» (1 сағат). Қазақ әдебиетінде фантастика және детектив жанрларының пайда болуы мен қалыптасу кезеңдері. Олардың әлі күнге дейін ұлттық әдебиетімізде нық тұрып, жеке жанр ретінде толық кемелдене алмау себептері. Фантастика мен детективтің жанрлық ерекшеліктері. Оларды көркем әдебиетке жатқызамыз ба, жоқ па, сол мәселе төңірегіндегі пікірталастар. Қазақ әдебиетіндегі алғашқы детективті шығарма С.Сейфуллиннің «Бандыны қуған Хамит» повесі екендігі, бұл жанрды К.Тоқаевтың («Сарғабандағы оқиға») дамытуы, фантастика жанрында Ә.Мархабаевтың қалам тартуы («Күнге тағы дақ түсті» повесі). Әдебиет теориясы: жанрдың пайда болуы.

  • «Түбі бір түркі әдебиеті» (2 сағат):

    1. «Мақтымқұлы Фраги. «Түрікмен тағдыры», «Ақырзаман», «Боларсың» (1 сағат). Мақтымқұлының өмірі туралы мәлімет. Шығармаларында халықтың береке-бірлігін, тұтастығын жырлауы. Өмір туралы толғаныстары. Түрікмен әдебиеті тарихындағы биік тұлға, ұлы ақын екендігі. Қазақ әдебиетімен байланысы. Әдебиет теориясы: мотив. Өмір және көркемдік шындық;

    2. «Шыңғыс Айтматов. «Шынарым менің, шырайлым менің» (1 сағат). Шыңғыс Айтматовтың шығармашылық өмірбаяны. Шыңғыс көтерген жалпыадамзаттық құндылық мәселелері. Шыңғыс шығармаларының дүниежүзілік әдебиеттің тарихи фактісіне айналуы. «Шынарым менің, шырайлым менің» хикаяты оқырмандардың жүрегін шымырлататын, тебіреніске түсіретін көркем шығарма екендігі. Шығармадағы шынайы адамгершілік қасиеттер, достық мейірім. Әдебиет теориясы: аударма шығармалар ұғымы

  • Әдеби-теориялық ұғымдарды оқытуға 1 сағат бөлінген.



    7. 5-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар


    1. Пәндік нәтижелер бойынша 5-сыныптың соңында оқушылар:

      1. халық ауыз әдебиетінің үлгілерін, әдеби мәтінді, өлеңдерді дұрыс, тез және мәнерлеп оқи білуі;

      2. көркем мәтіндерді ауызша мазмұндап айта білуі;

      3. бағдарламаға сәйкес 8-9 өлең мен (бұған поэмалардан үзінділер де кіреді), 3-4 прозалық туындылардан үзінділерді жатқа айта білуі;

      4. әдеби шығармада бейнеленген оқиғалар мен кейіпкерлер әрекетіне өзіндік көзқарасын білдіре алуы;

      5. отаңдық және шетелдік классикалық балалар әдебиеті үлгілерін мұғалім басшылығымен және өз бетімен ізденіп оқи білуі;

      6. оқыған туындының тектік, жанрлық сипатын; әдебиет және фольклор туралы жалпы ұғымдарды анықтай білуі;

    1. қазақ ауыз әдебиетінің басты жанрларының (тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер, эпостық жырлар, лиро-эпостық жырлар) негізгі белгілерін;

    2. мәтінге қысқаша жоспар құра білуі;

    3. оқыған шығарма сюжетінің ізімен немесе еркін тақырыпта әртүрлі шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең, шағын әңгіме, ертегі, т.б.) құрастыра білуі тиіс.



    8. 6-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
    52. Пәндік нәтижелер бойынша 6-сыныптың соңында оқушылар:

    1. әдеби шығармада бейнеленген оқиғалар мен кейіпкерлер әрекетіне өзіндік көзқарасын білдіре білуі;

    2. балалар әдебиеті үлгілерін мұғалім басшылығымен және өз бетімен ізденіп оқи білуі;

    3. оқыған туындының тектік, жанрлық сипатын, әдебиет және фольклор туралы жалпы ұғымдарды анықтай білуі;

    4. өлең сөздің құрылымдық элементтерінің (өлшем, ырғақ, ұйқас, шумақ) мән-мағынасын, негізгі ұғымдарын ажырата білуі;

    5. мәнерлеп оқудың барлық элементтерін;

    6. ұлттық мұра ретінде танылған үздік шығармалардың тарихи сипатын, маңызын көркемдік шындық тұрғысынан суреттей білуі;

    7. әдебиеттің басқа өнер түрлерімен (бейнелеу, сәулет, саз, мүсін, театр, кино, т.б.) байланысын;

    8. бағдарламаға сәйкес 9-10 өлең мен (бұған поэмалардан үзінділер де кіреді), 5-6 прозалық туындыдан үзінділерді жатқа айта алуы;

    9. сыныптан тыс және қосымша оқуға ұсынылған әдеби-көркем шығармаларды өздігінен оқи білуі;

    10. берілген мәтіндерді баяндалу тәсіліне қарай жүйелеп, толықтырулар енгізе білуі/меңгеруі тиіс.



    9. 7-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
    53. Пәндік нәтижелер бойынша 7-сыныптың соңында оқушылар:

    1. әдеби көркем туындыларды ұлттық құндылық ретінде бағалай білуі;

    2. халық ауыз әдебиеті, XIX-XX ғасыр әдебиетінің үлгілерін, жанрларын талдай білуі;

    3. көркем шығарманың негізгі мазмұнын, идеялық-тақырыптық мәнін айқындай алуы;

    4. көркем шығармадағы негізгі ойды, авторлық ұстанымды анықтай білуі;

    5. көркем туынды бойынша шығармашылық жұмыстарды (эссе, шығарма, т.б.) орындай алуы;

    6. өз ойын еркін әрі түсінікті жеткізе білуі;

    7. көркем шығармадағы оқиғаға, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне өз көзқарасын білдіре алуы;

    8. шығарманың кейіпкерлеріне мінездеме жаза алуы;

    9. бағдарламаға сәйкес 10-12 өлең мен (бұған поэмалардан үзінділер де кіреді), 6-7 прозалық туындыдан үзінділерді жатқа айта білуі тиіс.



    1. 8-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

    54. Пәндік нәтижелер бойынша 8-сыныптың соңында оқушылар:



    1. білім мазмұны бойынша ұсынылған шығармалардың негізгі мазмұнын, авторлары туралы мағлұматты білуі;

    2. оқылған шығарманың тақырыптық, идеялық негізін, мәтіндік, жанрлық сипатын білуі;

    3. мәтінге жай және күрделі мазмұндық жоспар құруы;

    4. мәтінді образға кіріп, жатқа оқи алуы;

    5. шығармаға, шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беріп, өз бағасын жүйелі, сауатты айта алуы;

    6. әдеби туындыдағы көркем сөз қолданыстарын есте сақтап, сөздік қорына қосып, сөйлеу барысында қолдана білуі;

    7. тақырыптас, идеялас туындылардың ортақ ерекшеліктерін анықтай, талдай білуі;

    8. өтілген тақырыпты театр қойылымдарымен, кинофильм, деректі, тағы басқа теледидар туындыларымен салыстырып, өз көзқарасымен, алған әсері негізінде әңгімелеп бере алуы;

    9. мәтінге немесе өтілген тақырыптың білімдік негізіне сауатты сұрақтар мен тапсырмалар дайындай алуы;

    10. оқылған туынды және оның кейіпкері туралы проблемалық сұрақтарға ауызша, жазбаша ойтолғау түрінде жауап бере алуы;

    11. жай жоспармен ұсынылған тақырыпқа шығарма жаза алуы;

    12. белгілі бір тақырыпқа реферат, хронологиялық кесте, конспект жаза алуы;

    13. бағдарламаға сәйкес 10-нан артық өлең мен (бұған поэмалардан үзінділер де кіреді), 8-ден кем емес прозалық туындылардан үзінділерді жатқа айта білуі тиіс.



    11. 9-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
    55. Пәндік нәтижелер бойынша 9-сыныптың соңында оқушылар:

    1. ауыз әдебиеті, ежелгі дәуір әдебиеті, ХV-ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар поэиясы, ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақтың классикалық әдебиеті, қазіргі кезең әдебиетінің үлгілерін, шетел әдебиетінің жекелеген үздік туындыларын оқып, мұғалім басшылығымен зерделеп білуі;

    2. шығарманы терең пайымдап, зерделеп оқи білуі;

    3. түрлі сөздіктермен сауатты жұмыс істей алуы;

    4. өз бетімен оқыған туындының негізгі, тақырыптық, идеялық мазмұнын, жанрлық сипатын біліп, саралай алуы;

    5. шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беріп, олардың іс-әрекеттерін бағалай білуі;

    6. бас кейіпкерлер мінезінің тарихи, жалпыадамзаттық мәнін түсіндіре білуі;

    7. шығармадағы авторлық позицияны түсінгендігін таныта алуы;

    8. көркем шығармаға қатысты тақырып, идея, сюжет, композиция, көркем бейне, типтік образ, әдеби мінез, көркем бейнелеу құралдары секілді ұғымдарды білуі, олардың көркем туындыдағы қызметін танып, талдай алуы;

    9. сұрақтар мен тапсырмалар жүйесін түзуі;

    10. бірнеше туындылардың кейіпкерлерін салыстырып, жинақтап, даралап баға бере алуы;

    11. мұғалім ұсынған жағдаятты сұрақтар төңірегінде ауызша, жазбаша пікір алмасу дағдыларын жетілдіруі;

    12. ұсынылған тақырыпқа күрделі жоспармен шығарма жаза алуы;

    13. әдеби сын мақалаларға конспект жасай алуы, тақырыпқа лайық реферат жаза білуі;

    14. бағдарламаға сәйкес 15-ке жуық өлең мен (бұған поэмалардан үзінділер де кіреді), 10 шақты прозалық туындыдан үзінділерді жатқа айта білуі тиіс.

    56. Тұлғалық нәтижелер 5-9-сынып оқушыларының:

    1. Қазақстан Республикасы Конституциясына, заңдарына құрмет көрсетуінен;

    2. азаматтық жауапкершілік пен жоғары патриоттық сезім және Отанды қорғау мен оған қызмет етуден;

    3. көркем шығармашылықпен жете таныс тәрбиелі азамат ретінде белсенді азаматтық ұстанымын, жоғары патриоттық сезімін көрсете білуінен, өз Отанына қызмет етуге және оның мүддесін қорғауға дайын болуынан;

    4. мемлекеттік және ана тілін меңгеру, Қазақстан территориясында тұратын халықтардың, басқа да этностардың құндылықтарын, мәдениеті мен дәстүрін құрметтеуден;

    5. қазақ әдебиетін оқу нәтижесінде өз ана тілін білуінен, қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан;

    6. өз елінің, туған өлкесінің табиғатын сақтауға және көркейтуге ұмтылуынан, қоршаған ортаны сақтауда белсенділік танытуынан;

    7. тіл мен әдебиетті меңгергендігін қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуынан, этикалық нормаларды сақтай білуінен;

    8. өздігінен білімін арттыруға, өмірден өз орнын табуға және жасампаз шығармашылық еңбекке қабілеттілігінен;

    9. рухани жетілген тұлға ретінде үлкендерге құрметпен, кішілерге қамқорлықпен қарап, айналасына мейірімді, кішіпейілді бола білуінен;

    10. әдебиет пен тілді жете меңгергендігін мазмұны жат діни ағымдарға және заңды бұзушылық әрекетке қарсы тұра білуінен көрініс табуы тиіс.

    57. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер бойынша 5-9-сынып оқушылары:

    1. ғылым негіздері және адамзат қоғамының дамуы үшін қажетті ғылыми жетістіктер бойынша игерген жүйелі білімді қазақ әдебиетінен алған білімдерін шығармашылық жұмыстарына пайдалана алуы;

    2. қазақ әдебиетінен алған білімдерін басқа салаларда ақпарат көзі ретінде қолдана білуі;

    3. әдеби шығармашылық сипатта жазба жұмыстарын (эссе, ойтолғау, репортаж, т.б.) орындай алуы;

    4. өз бетінше сыныптан тыс оқыған әдебиеттерді, БАҚ мәліметтерін, жаңа технологияларды;

    5. әдебиеттану терминдері мен фразеологиялық сөздіктерді, энциклопедияларды;

    6. жоғары коммуникативтік қабілеттілік пен көптілді мәдениеттілікті;

    7. компьютермен, техникалық құралдармен жұмыс істеп, интернеттен қажетті дүниелерді күнделікті өмірде қолдана білуі тиіс.



    «Орыс тілі» пәнінен оқу бағдарламасы

    (оқыту орыс тілінде емес)
    1. Пояснительная записка


    1. Учебная программа составлена в соответствии с Государственным общеобязательным стандартом среднего образования (начального, основного среднего, общего среднего образования), утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 августа 2012 года №1080.

    2. Целями обучения предмету являются:

    1. формирование посредством языкового и речевого материала коммуникативной компетенции учащихся, основанной на владении системой разноуровневых языковых средств, соблюдении норм русского литературного языка, правил речевого этикета и употребления семантически связанных языковых единиц в речевой деятельности, ориентированной на ситуацию общения, осведомленности о культуре и реалиях жизни русского и казахского народов, умении пользоваться русской речью при параллельном двуязычии/полиязычии;

    2. воспитание в учащихся на основе тематического содержания речевого материала языковой личности, придерживающейся активной гражданской позиции, ориентирующейся на нравственно-духовные ценности, проявляющей толерантное отношение к другим культурам, готовой к сохранению и приумножению природного богатства, ведущей и пропагандирующей здоровый образ жизни, имеющей навыки творческой деятельности и обладающей технологической культурой.

    1. Задачами обучения предмету являются:

      1. формирование языковой компетенции, проявляющейся в умении учащихся системно характеризовать языковые средства на фонетическом, лексико-фразеологическом, морфемико-словообразовательном, морфологи-ческом и синтаксическом уровнях;

      2. формирование и совершенствование речевой компетенции, отражающейся в умении учащихся понимать смысл высказываний на русском языке в устной и письменной формах, читать на русском языке с соблюдением орфоэпических и акцентологических норм, оформлять речь в соответствии с нормами и правилами русского литературного языка, создавать структурно и содержательно правильное речевое высказывание на уровне предложения, текста;

      3. формирование и совершенствование коммуникативной компетенции, включающей умения учащихся реализовывать стратегию и соответствующие ей тактики общения средствами русского языка на основе учета ситуации общения и заданных сфер деятельности (учебной, социально-бытовой, социально-культурной, профессионально-трудовой); соблюдать правила речевого этикета в общении на русском языке;

      4. формирование этнокультуроведческой компетенции, проявляющейся во владении основными сведениями о национальных особенностях лингвокультуры русского и казахского народов;

      5. формирование страноведческой компетенции, выражающейся в знании о Казахстане и России как государствах, на территории которых функционирует русский язык в качестве средства межнациональной и межкультурной коммуникации или /и родного языка, о специфике русского речевого этикета;

      6. формирование толерантного отношения к языкам и культурам разных народов, определяющегося перспективами развития дву-/полиязычной и поликультурной личности;

      7. развитие языковой личности, характеризующейся вербальными, когнитивными, энциклопедическими, прагматическими, коммуникативными знаниями и умениями выражать патриотические чувства к Родине и родной природе, проявлять стремление к созидательности и процветанию, пропагандировать духовно-нравственные ценности и здоровый образ жизни;

      8. формирование у учащихся умений пользоваться современными информационно-коммуникационными и компьютерными технологиями на основе интегрированных уроков по русскому языку.

    1. Содержание программы учитывает межпредметные связи предмета «Русский язык»:

    1. «Русская литература» (совершенствование умений и навыков культуры устной и письменной речи на текстовой основе, через изучение художественных произведений русской, казахской и зарубежной литературы);

    2. «Казахский язык», «Иностранный язык» (формирование языковой личности на основе изучения языков, проведение параллелей при изучении языковых фактов, раскрытие диалога культур в глобальном культурном контексте);

    3. «История Казахстана», «Всемирная история» и «Человек, общество, право» (понимание роли языка в государстве, в развитии и становлении государственности, получение сведений о языках народов мира, месте русского языка в славянских языках, статусе русского и казахского языков в Республике Казахстан);

    4. «Информатика» (понимание коммуникативной функции языка в сети Интернет, формирование умений обрабатывать, систематизировать, сохранять и транслировать информацию путем использования новейших информационных технологий).

    1. Объем учебной нагрузки составляет:

    1. в 5 классе – в неделю 2 часа, всего – 68 часов;

    2. в 6 классе – в неделю 2 часа, всего – 68 часов;

    3. в 7 классе – в неделю 2 часа , всего – 68 часов;

    4. в 8 классе – в неделю 2 часа , всего – 68 часов;

    5. в 9 классе – в неделю 2 часа, всего – 68 часов.

    6. Тематический минимум представлен тремя блоками:

    1. «Человек» (Человек и жизнь: физическое и внутреннее состояние, эмоциональный мир. Психологические и нравственные качества человека. Моральные качества человека. Поступки. Поведение. Оценка действий человека. Способности, склонности, увлечения, интересы человека. Здоровый образ жизни. Человек в языке и речи. Речь человека. Эмоциональный мир человека. Внешний вид человека. Воспитать в себе человека. Призвание – быть человеком. О возможностях человека. Человек и его окружение);

    2. «Общество» (Сферы жизни общества: социальная, государственная, экономическая, политическая, культурная. Социальная сфера жизни. Общественное питание. Сфера обслуживания: ателье, парикмахерский салон, фотостудия, химчистка. Государственная сфера жизни. Города, деревни. Мой Казахстан. Россия и Казахстан. Золотое кольцо России. Древнейшие города Казахстана. Экономическая сфера: промышленность, сельское хозяйство. Денежная система. Здравоохранение. Язык – история народа. Роль языка в жизни человека. О взаимосвязи разных языков. Любовь к своей стране немыслима без любви к своему языку. Казахский язык – государственный язык Республики Казахстан. Русский язык в Казахстане. Русский язык – язык межнационального общения. Мир в зеркале русского языка. Русский язык и мировые языки. Казахско-русское двуязычие как основа полиязычия. Из истории тюркской и славянской письменности. Образование. Роль знаний в жизни человека. Образованный человек. Образование – условие прогресса. Мир знаний. Образование в Казахстане. Образование за рубежом. Родина. Мир науки. Наука и техника. Наука и жизнь. Нет предела научным открытиям. Наука и фантастика. Ученый – человек науки. Известные ученые: образ жизни. Человек и научно-технический прогресс. Культура. Народные обычаи, обряды и традиции. Музеи. Культурное наследие. Национально-культурные ценности. Искусство. Живопись, графика. Музыка. Театр и кино. Цирк. Хореография. Скульптура, архитектура. Декоративное прикладное искусство. Литература. Роль литературы в жизни человека. Труд писателя. Стиль писателя. В мире слов. Книга – источник знаний. Труд. Техника вокруг нас. В мире профессий. Современные профессии. Профессиональная ориентация. Физическая культура и спорт. Здоровый образ жизни. Олимпийские и неолимпийские виды спорта. Известные спортсмены. Из истории спорта. Путешествие и туризм. Вокруг света. Чудеса света. Средства массовой информации. Эпоха информационного общества. О технологиях: биотехнологии, нанотехнологии, агротехнологии, химтехнологии и др.);

    3. «Природа» (Времена года. Осень. Зима. Весна. Лето. Животный мир. Растительный мир. Погода и климат. Загадки и тайны природы. Прекрасное в природе. Люди и среда обитания. Охрана природы. Земное пространство. Водное пространство. Роль воды в жизни человека. Экологические проблемы. Экологическая культура и грамотность).

    1. В 5-9 классах система русского языка представлена линейно-концентрическим способом.

    2. Систематическая взаимосвязь разноуровневого языкового материала на семантической основе позволяет формировать не только языковую, но и речевую и коммуникативную компетенции.

    3. Для достижения указанных уровней владения русским языком в каждом классе определено содержание материала, обеспечивающее следующие виды компетенции:

    1. языковая компетенция находит отражение в способности учащихся анализировать изученные языковые средства как в описательном аспекте (разряд, форма и т.д.), так и в функциональном плане (стилистическая маркированность, эмоциональная окраска, этикетная значимость);

    2. речевая компетенция обнаруживается в умениях аудирования, чтения, говорения, письма;

    3. коммуникативная компетенция выявляется на основе умений учитывать статус собеседника, обстановку общения, соблюдать правила речевого этикета, вступать свободно в коммуникативный процесс в рамках заданного тематического минимума;

    4. этнокультуроведческая компетенция учащихся формируется на основе представления соответствующего материала в рамках каждой речевой темы: активизируются в речи пословицы и поговорки, высказывания известных личностей России, приводятся сведения из истории и культуры страны изучаемого языка.

    10. Соответственно Европейской системе уровней владения языком (А – элементарное владение; В – самостоятельное владение; С – свободное владение) и в соответствии с государственной задачей развития полиязычия в Казахстане владение русским языком как вторым должно быть на базовом уровне – 5-7 классы и среднем уровне – 8-9 классы.

    11. Базовый уровень подразделяется на 3 подуровня: 1 подуровень (А 2 – А 2.2) – 5 класс; 2 подуровень (А 2 – А 2.2.1 и А 2.2.2) – 6 класс; 3 подуровень (А 2+) – 7 класс.



    12. Средний уровень также разделяется на 3 подуровня: 1 подуровень (В1 – В.1 и В. 1.2) – 8 класс; 2 подуровень (В1 + --- В .1 +) – 9 класс.

    Каталог: files -> blogs
    blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
    blogs -> Программа по предмету «Русский язык»
    blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
    blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
    blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
    blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
    blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
    blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
    blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
    blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет