Неолит ескерткіштерінің шоғырланған аймақтары, олардың негізгі белгілері. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдаңы



бет2/7
Дата08.10.2019
өлшемі124,82 Kb.
#49385
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 билет Неолит ескерткіштерінің шоғырланған аймақтары
fd5gd1s4f, fd5gd1s4f

  • 7-билет 1. Үйсіндер тарихы (қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы) 2. «Мəңгілік Ел» - ұлттық идеясының негізгі мақсаты жəне тарихи маңызын анықтаңыз. 3. ХVІ- ХVІІІ ғғ. Қазақ хандығының астаналарын карта бойынша көрсетіңіз. Жауабы: 1.Үйсіндердің тарихы (қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы) Үйсіндер атауы б.з.б. ІІ ғасыр қытай жазбаларында кездесе бастады. Қытай жазбаларында үйсіндер «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» деп бейнеледі.Үйсіндердің мекендеген жері Жетісу,шығыс шекарасы Қытайдың солтүстік-батысы Бесбалық ауданына жетіп, батыста Шу мен Талас өзендеріне дейін созылып жатты. Астанасы- Қызыл Аңғар (Чигучен) қаласы Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауында орналасқан. Үйсіндердің қоғамдық құрылысы: • Үйсіндер мемлекеттік дəрежеде өмір сүрген тайпалар. • Билеушілері «гуньмо», тайпа көсемдері бек деп аталады. • Жер мен малға жеке меншік болды. Үйсін билеушілері «Менің жайылымыма ешкім мал жаймасын» деп ешкімді жолатпаған. • Мүлік теңсіздігі болғандығын жерлеу орындары дəлелдейді. • Бай үйсіндердің 4-5мың жылқысы болған. Байлар өз жылқысын айыру үшін таңба салды. Қатардағы адамдардың мөрлері балшық жəне тастан, ауқатты адамдар мен əскербасыларда алтын мен мыстан жасалды. • Дəулетті адамдардың киімі көбінесе жібектен тігілді. ГЛОБУС + https://vk.com/official_globus Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы. Негізгі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы болды. Қыстаулары Балқаш, Мойынқұмда орналасқан.Дəнді дақылдардан арпа мен тары өсірді. Үйсіндер суармалы жəне тəлімді егіншілікпен айналысты. Егіншіліктің болғандығын дəлелдейтін деректер Ақтас қыстауынан табылды. Тері өңдеу кəсібі жақсы дамыды, мата тоқу үшін тоқыма кермесі пайдаланды. Саз балшықтан ыдыс жасаумен əйелдер айналысты. Тұрақты үйлері тау бөктерінде орналасты, сұйық тағамға арналаған негізгі ыдыстары былғарыдан жасалды. Қысқы үйлері шикі кірпіштен жəне тақтастан балшық лай құйылып қаланды. 2. «Мəңгілік Ел» - ұлттық идеясының негізгі мақсаты жəне тарихи маңызын анықтаңыз. Мəңгілік Ел – бұл ертеңгі күнге есік ашатын, болашаққа сенімді арттыратын идея, бұл – кері қайтпайтын жəне берік тұрақтылықтың символы» деді Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы 2014 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде. «Мəңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы- 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мəңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дəуірдің кемел келбеті... Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мəңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын. Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасының бұл жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктелген. «Мəңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – əлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, əлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тəуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мəңгілік Елдің іргетасын қаладық. Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін – деді Елбасы. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мəңгілік Ел идеясы. Мəңгілік Елдің Жеті тұғыры: 1.Мəңгілік Ел, бұл – Тəуелсіздік жəне Астана. 2.Мəңгілік Ел, бұл – Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. 3.Мəңгілік Ел, бұл – Зайырлы Мемлекет жəне Жоғары Руханият. 4.Мəңгілік Ел, бұл – Инновация негізіндегі тұрақты экономикалық өсім. 5.Мəңгілік Ел, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. 6.Мəңгілік Ел, бұл – Тарихтың, Мəдениет пен Тілдің ортақтығы. 7.Мəңгілік Ел, бұл – Ұлттық қауіпсіздік жəне Қазақстанның жалпы əлемдік жəне өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. 3. ХVІ- ХVІІІ ғғ. Қазақ хандығының астаналарын карта бойынша көрсетіңіз.

  • 8-билет 1. Қаңлылар тарихы (қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы) 2. Қазақстан ЕҚЫҰ-на тӛрағалық етуінің тарихи маңызына талдау жасаңыз. 3. Монғол шапқыншылығына қарсы күрескен қалаларды (Отырар, Сығанақ, Ашнас ) карта бойынша көрсетіңіз. Жауабы: 1.Қаңлылардың тарихы (қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы.) Қаңлы тайпаларын Қытай жазба деректері бойынша, алғаш рет қазақ халқының тарихына таныс еткен ғалымдар көрнекті қытай тілінің мамандары Н. Я. Бичурин мен Н. В. Кюнер. Жазба деректерді пайдалана отырып, қаңлылардың қысқаша болса да тарихына көңіл бөлген академик В. В. Бартольд. Ол қаңлы тайпаларын Сырдарияның орталық ағысында өмір сүрген деп тұжырым айтады. Біздің заманымыздаң бұрынғы III ғасырда қаңлы тайпалық бірлестігі құрылды. Олардың астанасы – Битянь қаласы. Олардың саны 600 мың, немесе 120 мың үй болған. Қаңлы мемлекеттік бірлестігінің басында Уын əулетінен шыққан патшалар тұрды, олар «би» немесе “ ябғу” деген титулға ие болды. Бұдан басқа мемлекеттік аппаратқа ГЛОБУС + https://vk.com/official_globus патшаның орынбасарлары жəне үш кеңесші кірді. Сол кезде (б.з.б. II ғасырдың аяғы – I ғасырдың басы) қаңлы мемлекетіне бес иелік – Сусе, Фумо, Юйни, Цзи, Юйцзянь кірді. Қаңлылар Қытай, Рим, Кавказ жəне Орта Азия елдерімен сауда байланыс жасап тұрды. Олар үйсін, ғұн тайпаларымен соғысқан. Қаңлылырдың қоғамдық құрылысы. Жазба деректер бойынша қаңлы елін хан билеген. Елді басқару оның үш орынбасары – уəзір көмектесіп отырған. Қаңлы елі өз ішінде бес иелікке бөлініп, əр иелікте кіші хандардан басқарған.Кіші хандар Ұлы ханға бағынған. Кіші хандарға бағынатын ру, тайпаларды көсемдер басқарған. Қаңлы тайпасында билік мұрагерлік жолмен əкеден балаға беріліп отырған. Шаруашылығы. Қаңлылардың негізгі кəсібі егіншілікпен ұштасқан мал шаруашылығы болды. Оларда тəлімі жəне көлдетіп суару егіншілік жақсы дамыды. Олар дəнді дақылдар еккен жəне огород өсурумен де айналасқан. Аң аулау мен балық қосалқы маңызы болды. Елік, тау теке, арқар, киік аулады. Қоныстар мен қорымдарды қазған кезде балық аулау құралдары – шанышқылар, сүңгілер, қармақтар, жүкшелер шықты. Ет, балық жəне өсімдік өнімдерімен жабайы өсетін алма, алмұрт, өрік, тау жуасы, сарымсақ т.б. пайданылды. Қаңлылар қоғамында əр түрлі кəсіптер, қол өнер, сауда жəне ақша айналысы дамыды. Олардың қоныстарында ондаған тұрғын үй мен қора – қопсылар болды. Қоныстарда тұрғын үйлерде болсын, қора-қопсыларда болсын дəн, астық сақтайтын ұра, еденді сылайтын балшыққа, шикі кірпішке қосылған сабан, толып жатқан дəнүккіштер, астық, бақша дақылдарын сақтайтын қыш кеспектер табылды. Жерді тас кетпендермен өңдеген, сүйектен жасалған егіншілік құралдары да пайданылған. 2.Қазақстан ЕҚЫҰ-на төрағалық етуінің тарихи маңызына талдау жасаңыз. Саммит дегеніміз не? Жоғарғы деңгейдегі кездесу. Қатысушы елдердің мемлекет жəне үкімет басшыларының мерзім сайын өткізіп тұратын кездесуі. Саммитте не мəселелер қаралады? Сенім мен қауіпсіздікті нығайту жөніндегі шаралар мен қаруларды бақылау мен адам құқықтары. Осы ұйымға қанша мемлекет мүше? 56 мемлекет. ЕҚЫҰ деген не? Алғашқы кезде Еуропаның қауіпсіздік жəне ынтымақтастық жөніндегі кеңестің негізі 1973 жылы Кеңестер Одағының ұйытқысымен қаланыпты. 1973 жылы шілде айында Шығыс пен Батыс елдері арасында орын алған шиеленісті жағдайды реттеу үшін Хельсинкиде 33 мемлекеттің басшысы кездесіпті. Сол кездегі келісім-шарттың қорытындысына 1975 жылы қол қойылып, ол тарихта «Хельсинки келісімі» деген атпен қалды Жұмыс бағыты 1. Қауіпсіздік 2.Ынтымақтастық 3.Адам құқығы 30 қаңтар 1992 жыл- Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің ішінде алғашқы болып Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымына мүшелікке кірді. Қазақстанның Еуропа Қауіпсіздігі жəне Ынтымақтастығы Ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық еткен уақыты: 2010 жыл,желтоқсан. Астанада ЕҚЫҰ саммитінің өтуі — бұл: Қазақстанның халықаралық беделі мен Мемлекет басшысының бейбітшілікті нығайту жолындағы ерен еңбегін мойындау. Еліміздегі ұлтаралық татулық пен келісімнің бірегей моделінің. ҚР тəуелсіздік жолындағы əлеуметтік – экономикалық, саяси жетістіктерінің нəтижесі мен танылуы. Елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге, тəуелсіздікті нығайтуға қосқан үлес. Қазақстандық экономикаға инвестицияларды молайтудың, туризмді дамыту мен іскерлік байланыстарды кеңейтудің факторы. Орталық Азия өңіріндегі мəселелерді шешуге əлемдік қауымдастықтың назарын аударуға мүмкіндік берді. Қазіргі жаңа Қазақстан тарихындағы маңызды белестің бірі елдің 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) – Еуропада, Орталық Азияда жəне Солтүстік Америкада орналасқан 56 елдің басын біріктіретін ірі аймақтық ұйымға төрағалық етуі болды. Қазақстан – бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдер арасынан бұл ұйымға ең алғаш төрағалық еткен мемлекет. Мүше мемлекеттердің тең құқықтылығы қағидатын жəне «Ванкуверден Владивостостокке дейінгі ортақ кеңістік» доктринасының пəрменділігін ЕҚЫҰ-ның сақтағанын көрсеткен бұл тарихи шешім республикамыздың халықаралық саясаттағы барған сайын артып келе жатқан рөлінің мойындалуының айғағына айналды. Еліміздің ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының ұраны латынның төрт «T» əрпі болды: сенім (trust), дəстүр (tradition), транспаренттілік) жəне төзімділік. Сенім – халықаралық қатынастардағы басты ресурс. Елдер арасындағы өзара сенімге құрылған қарым-қатынас пен ұдайы үнқатысып отыру ұжымдық қауіпсіздіктің заманауи жүйесінің негізін құрайды. Дəстүр Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның іргелі қағидаттары мен құндылықтарына адалдығын айшықтайды. Транспаренттілік мейлінше ашықтықты, «қосарланған стандарттың» жəне «жіктеу шектерінің» жоқтығын, сонымен қатар қауіпсіздік саласында басты назарды сындарлы ынтымақтастыққа бағыттауды аңдатады. Төзімділік – бұл мəдениеттер жəне өркениеттер арасындағы диалогтың барған сайын артып отырған маңызын түйсіну. Төрағалықтың басты нəтижелі түйіні – ЕҚЫҰ-ның онжылдық үзілістен кейінгі 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда өткен Астана Саммиті. Оған дейінгі жоғары деңгейдегі басқосу 1999 жылы Ыстамбұлда өткен болатын. Саммитке ЕҚЫҰ-ға мүше 38 мемлекет жəне үкімет басшысы, жоғары лауазымды шенеуніктер, сонымен қатар басқа да халықаралық жəне өңірлік ұйымдардың өкілдері қатысты. Олардың қатарында ЕҚЫҰ Бас Хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун, Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев, АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, Германия Федеральдық Канцлері Ангела Меркель, Италия Премьер-министрі Cильвио Берлускони, т.б бар. Астана Саммиті ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының халықаралық саясатта алдын ала байқалған поляризация нышандарын еңсерудегі жəне Ұйымға қатысушы елдерінің өзара алыстау бағытына қатысты саяси жігерінің айқын көрінісі болды. Еуро-атлантикалық жəне Еуразиялық кеңістіктердегі тұрақты қауіпсіздік мəселелері, Ауғаныстан түйткілі, «тоңы жібімей келе жатқан» қақтығыстарды шешу жайы Саммиттің негізгі тақырыптары ретінде талқыланды. Форумға қатысушылар алдында сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа парадигмасына көшу, яғни ынтымақтастықтың төрт мұхит шекарасындағы – Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа жəне Солтүстік Мұзды мұхитынан Үнді мұхитына дейінгі біртұтас кеңістіктігін қалыптастыру қажеттігі жөнінде мəлімдеді. Кездесу соңында аса жоғары деңгейде Астана декларациясы қабылданды. Онда Саммитке қатысушылар ЕҚЫҰ-ның Хельсинки актісінде жəне Жаңа Еуропаға арналған Париж хартиясында, Ұйымның өзге де құжаттарында бекітілген міндеттемелерін, қағидаттары мен құндылықтарын қуаттады. Сонымен қатар, қатысушы елдер өкілдері ЕҚЫҰ-ның барлық үш өлшемі бойынша жұмысты жалғастыруға, ұйымның жауапкершілігі аймағында орын алып отырған қақтығыстарды реттеуде күш-жігерді артыруға, адам құқықтарын қорғауға, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, жаңа қатерлерге лайықты түрде қарсы тұру мүддесі жолында Ұйым жұмысын жаңаша жолға қоюға міндеттенді. Астанадағы Саммит делегациялар басшылары тарапынан жоғары бағаға ие болды. Мəселен, Ұйымның Бас Хатшысы Марк Перрен де Бришамбо Қазақстан елордасында қабылданған шешімдер ортақ қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың біртұтас стратегиясын жасауға ықпал ететінін атап өтті. БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан төрағалығының мейлінше табысты болғанын атады. Ал АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон ЕҚЫҰ Саммиті Қазақстанның халықаралық қоғамдастықта үлкен рөл атқаратынының дəлелі екенін атап айтты. ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Саммиті «еуропалық ортақ үй» салуға қайтадан кірісуге нақты мүмкіндік берді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана рухы» айрықша белгісіне айналған екікүндік Саммитті «бүкіл ЕҚЫҰ қоғамдастығы үшін тарихи оқиға» ретінде сипаттап берді. 3. Монғол шапқыншылығына қарсы күрескен қалаларды (Отырар, Сығанақ, Ашнас ) карта бойынша көрсетіңіз.

  • 9-билет 1. Қола дəуіріндегі шаруашылық жəне қоғамдық – мəдени өміріндегі өзгерістер. 2. Ж.Нұрмұхамедұлы мен Е.Көтібарұлы бастаған көтерілістердің ортақ жəне ерекше белгілерін анықтаңдар. 3. Қарақытай мемлекетінің аумағын карта бойынша көрсетіңіз. Жауабы: 1.Қола дəуіріндегі шаруашылық пен қоғамдық –мəдени өміріндегі өзгерістер. Қола дəуірі. (б.з.б. 2-1 мың жылдықтар). Тас ғасыры аяқталғаннан кейін, қола ғасыры басталады. Қола ғасыры деп аталуының себебі, осы кезде Евразияда қола өндіру тəсілі меңгеріліп, қола заттарын жасай бастады. Қола еңбек құралдары мен қару үшін қолданылатын негізгі шикізат болды. Қола дəуірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылды.Қола дəуірінің басты үш ерекшілігі болды.1.Қола металлургиясы. Түсті металлдар мен алтын өндірістік жолмен игеріле бастады. Қазақстанның бірнеше өңірлерінде кен өндірілген орындардың табылуы бұған дəлел болады.2.Бақташылық, мал шаруашылығы. Б. з. б. II мың жыл аяғында – I мың жыл басында далалық өңірлердегі халықтардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне - көшпелі мал шаруашылығына көшеді.3.Егіншілік. Егіншілік орташа дəрежеде дамыды. Қола дəуіріндегі экономиканың басты – екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металургияның, сондай – ақ егіншіліктің дамуы ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті; мұның өзі қоғамдағы ер азаматтардың ролін арттырды. Андронов мəдениеті. Қазақстанда қола дəуіріндегі тайпалардан көптеген тұрақтар, кен ескерткіштер қалған. Бұларды Андронов мəдениеті деп атайды. Бұл мəдениет – Евразиядағы ең ірі қола дəуірінің мəдениеті. Андронов мəдениетінің бірінші ескерткіші 1914 жылы Сібір жеріндегі Андронов қонысындағы Ашинск селосы маңынан табылған. Андронов мəдениеті шығыстағы Минусинск шұнқырынан бастап солтүстік аса үлкен Батыс Сібір жазығынан Қазақстанның оңтүстігіндегі Памир тауларына дейінгі кең-байтақ аумақты қамтыған. Қазақстандағы ескерткіштері Солтүстік Батыс жəне Орталық Қазақстанда орналасқан осылардың ішіндегі ең ірісі - Орталық Қазақстан. Бұл аймақта қола дəуірінің 150- ге жуық қабірі, 30 – дай елді мекен тұрағы бар. Шаруашылығы. Андроновтықтарда, негізінен, отырықшы шаруашылық басым болған. Бұл егін шаруашылығының дамығанын көрсетеді. Жер тесемен өнделгендіктен, сол кездегі, егіншілік Андронов тайпаларында «теселі егіншілік» деп аталған. Көбінесе бидай, тары өсіріген: бақшалық шаруашылық та дамыған. Андроновтықтар жылқы, сиыр, қой, ешкі, кейіннен түйе өсірген: жануарлардың терісі мен жүнін киім ретінде, еті мен сүтін тамақ ретінде жəне қосымша жануарларды көлік, күш ретінде пайдаланған. Олар жүннен тоқылған баскиім, теріден тігілген құлақшын, өкшесі жоқ аяқкиім т.б. киген. Андронов кеншілері. Қола дəуіріндегі Қазақстанның кен орындары: Жезқазғандағы мыс, Қалба мен Нарымдағы қалайы, Ақжал мен Степняктағы алтын кен орындары (б.з.б. үш мыңжылдық). Кен өндіру əдістері: а) опыру əдістері; ə) отпен үгіту əдісі; б) үңгіп қазу əдісі. Андронов тайпалары өндірген кенді суда жуған. Ол кендер балқыту пештеріне тасылған. Мұндай балқыту пештері Атасу, Суықбұлақ, Қанай манындағы андроновтықтар елді мекендерінен табылған. Қоғамдық қатынастар. Шаруашылықтың дамуындағы өзгерістер андроновтықтарда қоғамдық үйымдағы өзгерістерге жеткізді. Əлеуметтік жəне əскери саяси құрылымдарда рулық – тайпалық бөлімшілер пайда болды. Еркек - көсем, еркек – жауынгер, қоғамда, материалдық игіліктерді өндіруге үстем дəреже алды; ол рулық қауымнның басшысы болды, туыстық əке жағынан есептеле бастады. Əр рудың өз аты болды. Мал, үй мүліктері; еңбек құралдары рудың байлығы болып есептелді. Жеке меншік пайда болды. Осыдан мүлік теңсіздігі күшейіп, бай мен кедей ұғымы дүниеге келді. Тұрғын үйлері: жертөле немесе жартылай жер бетіндегі үйлер. Қала дəуірінің соңындағы үйлер – жер бетінде салынған сопақша үйлер. Дін жəне өнер. Қола дəуіріндегі адамдар ең алдымен табиғат күштеріне табынды. Андроновтықтар арасында өлгендерге табыну да күшті болған, сондықтан жерлеу ғұрпына ерекше мəн берілген: 1. Адамдарды жерлегенде басын батысқа немесе оңтүстік - батысқа қаратқан. 2. Өліктің аяқ -қолын бүгіп қабірге жатқызған 3. Адам өлігін өртеп, күлін қабірге қою ғұрпы да болған. Тасқа салынған суреттер: жабайы бұқа, билеген адамдар, қос өркешті түйе, екі аяқты арба, əскерлер шайқасы. Əшекейлер: сақина тəріздес дөңгелек сырға, алтын білезік т.б. Бұл əшекейлер Жетісудағы Мыңшұнқыр қабірінен, Орталық Қазақстандағы Айбас сағасынан табылған Беғазы- Дəндібай мəдениеті — қола дəуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. 9 - 8 ғасырлар) Орталық Қазақстанды қоныстанған тайпалар мəдениеті. Бегазы мəдениетіне жататын тарихи жəдігерлер ерте заманнан, дəлірек айтқанда, қола дəуірден жеткен мұралар болып табылады. Мандаты «Беғазы» деген атау сол жердегі Беғазы тауына, Беғазы өзеніне байланысты қойылған. Дəндібай да жер атауы. Осы екі атау біріктіріліп, сол жердегі ежелгі өркениет қонысын «Беғазы - Дəндібай мəдениеті» деп атайды. Ерте дəуірдегі Қазақстанның тарихынан сыр қозғайтын «Беғазы - Дəндібай мəдениеті» Қарағанды облысындағы аудан орталығы Ақтоғай кентінен 40 шақырымдай жерде. Бұл тарихи мекенді зерттеп, оның ежелгі тарихымыз үшін маңызын айқындаған ғалым - əйгілі академик оқымысты, тарихшы, этнограф Əлкей Марғұлан болды. Осы ғалым бастаған арнаулы археологиялық топ Бегазы - Дəндібай мекенін 1947-1949 жəне 1952 жылдары жан-жақты зерттеді. Осы зерттеулер негізінде Қазақстан тарихы ғана үшін емес, көне дəуірлердегі жалпы адамзат тарихы үшін маңызды ғылыми қорытындылар жасалды. Беғазы - Дəндібай қонысынан табылған заттар айғақтағандай, бұл обалар біздің заманымыздан бұрынғы ғасырларға, яғни қола дəуірінің соңғы кезеңіне жататын мəдениетті сипаттайды. Академик Əлкей Марғұланның анықтауынша, Беғазы - Дəндібай мəдениетінің ерекшелігі - ескі қола мəдениетінің түрлері өзгеріп, соның негізінде оған ұқсамайтын жаңа мəдениет түрлері қалыптасқан. Атап айтқанда, билігі, діни сенімі, саяси əкімшілік орталығы, өндірісі мен өндіргіш күштері дамыған , алғашқы мемлекеттік бірлестіктер құру деңгейіне көтерілген тайпалардың болғандығы анықталды. Беғазы - Дəндібай мəдениетін қалыптастырған бұл тайпалар, ғалымдардың айтуынша, шығысында Абыралы, Шыңғыс тауларына, батысында Ұлытауға дейінгі аралықты мекендеген. Бегазы - Дəндібай мəдениеті ғылымда - Беғазы кешені, Беғазы қорымы, Дəндібай, Бұғылы, Саңғыру, Қойшоқы сынды бірқатар археологиялық орындар деректері мен жəдігерліктерін қамтиды. 2.Ж.Нұрмұхамедұлы мен Е.Көтібарұлы бастаған көтерілістердің ортақ жəне ерекше белгілерін анықтаңыз. XIX ғасырдың ортасы Ресейдің Сырдарияның оңтүстігін жəне Оңтүстік Қазақстанды отарлауын кеңейтуіне қарсы, сонымен қатар Хиуа хандарының өктемдігіне қарсы бағытталған антифеодалдық ірі көтерілістерімен белгілі болды. Қазақ елді мекендерінен жиналатын көптеген алымдар онсыз да кедей елдің жағдайын қиындатып жіберді. Оған қоса, Хиуа феодалдарының өздерінің саяси ықпалын күшейтуге тырысуына қазақтар қарсылық көрсетті. Сонымен қатар Хиуа ханының ұлы Мұхаммед-Рахым Аллақұлдың Жаңадария мен Қуаңдария аудандарында көптеген қамал тұрғызуы - халық батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтерілістің тууына себеп болды.1843 жылы халық қолдауымен Жанқожа батыр Хиуа бекінісін құлатты. 1845 жылы оның қолы жақсы қаруланған екі мыңдай хиуалықтарды жеңіп шығып, батырдың даңқы үш жүзге тарады. Хиуа ханы Жанқожа батырдың өсіп келе жатқан даңқ-беделінен қауіптеніп, ескі əдісті колдануға көшті. Батырға оның Кіші жүз ішіндегі саяси қарсыластарын айдап салды. Хиуалықтар бұл аймақта орыс əскери бақылау пункттерін салуға қарсылық білдірді. 1847 жылы Хиуаның Райым бекінісін жойып жіберуге тырысқан əрекеті сəтсіз аяқталды. Қазақтарды құнарлы жерлерінен біртіндеп ығыстыру саясаты көтерілісшілердің қатарын көбейтті. 1856 жылдың жазында Жанқожаның қасына екі мыңдай қарулы топ жиналды. Жаңақала ауданы көтерілісшілердің ошағы болды. Көтеріліске Арал теңізі маңындағы көшпелі ірі рулар: кішкене шектілер, шөмекейлер, төртқаралар, қарасақалдар, жəне т.б. белсене қатысты. 1856 жылы желтоқсанның аяғында батырдың батыл қимылының арқасында Қазалы порты қоршауға алынды. Көтерілісшілер мен Булатов басқарған топ арасында қарулы қақтығыс басталды. Жанқожа басқа да жасақтардың қолдауына сүйену үшін, отаршылдыққа қарсы қозғалыс басшыларының бірі Есет Көтібарұлына сенімді өкілін жіберді. Патша үкіметі күштерді біріктірмеу үшін, генерал- майор Фитингоф басқарған ірі топты қарсы жіберді. Казактар майор Булатовтың жазалаушы отрядымен қосылып үлгерді. Сөйтіп саны жəне қару-жарағы жағынан қазақ батырларының күшінен асып түсті, ал Жанқожа батырдың сол кезде мыңдай ғана сарбазы бар еді. 1856 жылы Жанқожа батырдың туы астында 1500 адам, 1857 жылы -5 000 адамға дейін болды. Жанқожа көтерілісі тек 1860 жылы жаншылды. Патша əскерлерінің ізіне түсіп қуғындауы Жанқожаны Арал маңынан бірте- бірте шегінуге мəжбүр етті. 3. Қарақытай мемлекетінің аумағын карта бойынша көрсетіңіз.

  • 10-билет 1. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (мақсаты, кезеңдері жəне сипаты) 2. Қазақстан Республикасын нарықтық қатынастарға көшірудегі орын алған қиыншылықтарға сипаттама беріңіз. 3. Сармат тайпаларының қоныстанған аумағын карта бойынша көрсетіңіз. Жауабы: 1.Кенесары Қасымұлының бастаған ұлт- азаттық көтеріліс (мақсаты,кезеңдері жəне сипаты) Көтерілістің алғышарттары. Ресей империясының қазақ даласындағы хандық билікті жоюы, шекаралық аймақтарда жаңа бекіністерді салып, қазақ жерлерін күштеп тартып алуды одан əрі жалғастыруы, қазақ қоғамында əлеуметтік қатынастардың шиеленісуі Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің шығуына себеп болды. Бұл күрестің кең қанат жайып, бүкілхалықтық сипат алуы, Кенесары күресінің өзіне тəн саяси ерекшелігі деу керек. Азаттық күреске қатысушы рулардың саны күрестің алғашқы жылдарына қарағанда 1843-1845 жылдары көбейе түскені байқалады. Кенесарыны анағұрлым белсенді қолдаған рулар: Қыпшақ, Төрткара, Жағалбайлы, Табын, Тама, Бағаналы, ІІІекті, Алшын, Керей, Жаппас, Арғын, Үйсін, Дулат т.б. Кенесары жетекшілік жасаған азаттық күресіне ру басылары мен билер жəне басқа да ауқатты топ өкілдері қатысты. Көтерілістің мақсаты 1. Россияның отарлау саясатына шек қою. 2. Патша үкіметінің құрамына кірмеген өңірлердің дербестігін сақтау. 3. Қазақ жеріне бекіністер мен əскери шептердің салуын тоқтату. 4. Қазақтарды Қоқан бектері мен Хиуа хандығының езгісінен азат ету. Көтерілістің қозғаушы күштері.Негізгі қозғаушы күштері қарапайым қазақ шаруалары болды. Жалпы, көтеріліске үш жүздің қазақтары, сонымен қатар ақсүйектер, сұлтандар, үстем тап өкілдері де қатысты. Дерек бойынша, бұл көтеріліске 80-ге таяу старшын мен сұлтан қатысқан. Мысалы, Қанқожа, Шеген, Тани Тортайұлы, Күшік, Жанай Айшуақұлы сияқты сұлтандар көтерілісті қолдаған. Олардың мақсаты:1. Көтерілісті пайдалынып, бұрынғы артықшылықтарын қайтарып алу. 2. Көшпелі феодалдық дербес мемлекеттің негізін салу. Көтеріліске əртүрлі ұлттардың өнілдері қатысып, (орыс, өзбек, қырғыз т.б.) кейде көтерілісшелер саны 20 мыңға жетті. Көтерілісшелердің жеке əскери бөлімдерін басқарған қазақ батырлары: Ағыбай, Имак, Бұхарбай, Жоламан, Бұғыбай, Жеке, Бейсейіт, Сұраншы, Анғал батыр т.б.. Көтеріліске Кенесарының інілері Наурызбай, Əбілғазы, Əпкесі Бопай қатысты. Көтерілістің барысы.1837-1847 жылдардағы көтеріліс бүкіл Қазақстан жерін қамтыды. Көтеріліске Абылай ханның немересі, Қасым сұлтанның баласы Кенесары (1802-1847 жж.) сұлтан басшылық жасайды. 1837 жылы қараша айында Кенесары Қызылжар (Петропавл) маңында Ақтау бекінісіндегі қазак отрядына шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді. Бұл көтерілістің басталуы болды. 1838 жылы 26 мамыр күні Кенесары бастаған көтерілісшілер Ақмола бекінісін шабуылмен басып алып, өртеп жіберді. Ақмолаға иелік еткен Карбышев пен сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендіулы бекіністі тастап, қашып кетеді. 1838 жылдың жазы мен күзінде Орта жүз қазақтарының басым бөлігі Кенесарыны қолдайды. 1838 жылы күзде көтеріліс Кіші жүз өңіріне тарайды. Батыр Жоламан Тіленшіұлы көтеріліске қосылады. Көтерілістің кеңеюінен сескенген патша үкіметі көтерілісті тезірек басуға тырысады. Орынбор губернаторы Обручев пен Батыс Сібір генерал- губернаторы Горчаков көтерілісті басуға əскер жібереді. 1842 жылы Кенесары қолына қарсы бағытталған Сотниковбасқарған жазалау отрядтары жіберілді. Сібір жазалау отрядтары бейбіт қазақ ауылдарын ойрандап, 14000-ға жуық малын алып, 100-ге жуық адамды өлтірді.1843 жылы 27 маусымда старшын Лебедев басқарған, 300 адамнан тұратын казак отрядтары көтерілісшілерге қарсы аттанады. 1843 жылы тамызда көтерілісшілерге қарсы Жантөреұлы, Айшуақұлы, Бизанов, подполковник Генс басқарған 5000 адамнан құралған жазалаушы топ ұйымдастырылды. Омбы жəне Қарқаралы маңында жазалаушылырдың қосымша тобы жасақталды. Кенесарының басын кескенге 3 мың сом белгіленді.1843 жылы 1 жəне 7 тамызда көтерілісшілер казактардың Орынборлық тобымен шайқасып, казак Сарбаздары шегінді. 1843 жылы 17 тамызда полковник Бизановтың төбы ешқандай нəтижеге жетпей Ор бекінісіне оралды.1844 жылы 21 шілдеде көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлы басқарған отрядты женіп, 44 сұлтан қаза табады, сұлтанның аман қалған тобы Тобыл өзеніне қарай шегінеді. Кенесарыға қарсы күресте дəрменсіздігі үшін старшын Лебедев Орынборға шақылырып, сотқа берілді.1844 жылғы Кенесарының жеңістері Орынбор əкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мəжбур етті. Кенесары патша үкіметімен тартысты келіссөз арқылы шешуге бұдан бұрында ойлаған болатын. 1838 жылғы желтоқсанда Батыс Көтерілістің сипаты: Қазақ жерін əскери отарлаудан, яғни Ресей бодандығынан, Қоқан бектерінің озбырлығынан құтқаруға бағытталған азаттық жолындағы күрес болды.Бұл ұлт-азаттық қозғалыстың маңызы зор, ол Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының тарихында өшпес із қалдырды, кейінгілердің азаттық, тəуелсіздік жолындағы күресіне үлгі-өнеге əрі тарихи сабақ болды. Кенесарының күресі, оның өзінің халықтың мақсат-мүддесіне шын берілгендігі, қолбасшылық өнері, ақылды саясаткер ретіндегі сирек кездесетін қасиеті XIX ғасырдың өзінде-ақ халық тарапынан қадірлеушілік туғызды. Патша өкіметі тұсында бұл қозғалыстың мүлде сөз болмауы, ал бола қойса, оны бұрмалап теріс түсіндіру себептері белгілі. Жеңілу себептері: 1. Көптеген қазақ феодалдары Кенесарыны қолдамады. 2. Қазақ халқы арасында рулық алауыздықтар, руға жіктелу басым болды. 3. Россия билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігінің орталықтанған феодалдық мемелекет қуруға мүдделі болмауы. 4. Көтерілісті қолдамаған ауылдарға Кенесары аса қатты жаза қолданды. 5. Қазақтар қырғыздармен, қоқандықтармен болған шайқастарда Кенесарыны қолдамады. 6. Бұхар, Қоқан феодалдарымен соғысып, күшін сарқыған Кенесары қолы Россияға қарсы тұра алмады. 2.Қазақстан Республикасын нарықтық қатынастарға көшірудегі орын алған қиыншылықтарға сипаттама беріңіз. Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда бағаны ырықтандыруға, мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті.Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең – 1991,1992 жылдар, екінші кезең – 1993-1995 жылдар.Үшінші кезең 1996-1998 жылдар болып белгіленді. Нарықтық қатынастарға көшу барысында көптеген қиыншылықтарға кездестік. Атап айтқанда, жекешелендіру барысында қателіктер жіберілді, бағаны ырықтау оңай болмады. Сонымен бірге индустрияландыру жылдары Қазақстанда өндіруші кəсіпорындардың салынбауы, ел экономикасын дамытуда үлкен қиыншылықтар туғызды 3. Сармат тайпаларының қоныстанған аумағын карта бойынша көрсетіңіз.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет