Неолит ескерткіштерінің шоғырланған аймақтары, олардың негізгі белгілері. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдаңы



бет4/7
Дата08.10.2019
өлшемі124,82 Kb.
#49385
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 билет Неолит ескерткіштерінің шоғырланған аймақтары
fd5gd1s4f, fd5gd1s4f

  • 16 Билет 1. Сақтардың мəдениеті, діни нанымдары мен əдет-ғұрыптары туралы түсінік беріңіз. 2. Тың жəне тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, нəтижелері мен салдарын анықтаңыз. 3. 1891 жылғы ереже бойынша қазақ жерінде құрылған генерал - губернаторлық жəне оның құрамына кірген облыстарды карта бойынша белгілеңіз. Жауабы: 1. Сақтардың мəдениеті, дінинанымдары мен əдет ғұрыптары туралы түсінік Сақ мəдениеті — ерте темір дəуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы жəне грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мəдениеті жөнінде (б.з.б. 7 — 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мəдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жəдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам) Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық жəне Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мəдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, əр өлкенің мəдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан. Олардың жерлеу ғұрпы, мүліктік мəдениеттегі жергілікті ерекшеліктері мен өзара жақындығы да анықтала бастады. Беріге дейін сақтар тек қана бақташы, көшпелі тайпалар болған деген ескі көзқарастың əсерімен көп уақыт бойы бұлардың отырықшы орындары, яғни қоныстық мекендері зерттеулер аясынан тыс қалған. Ондаған жылдар бойы зерттелген жерлеу ескерткіштерімен (обалар) қатар, қазір жер- жерлерде сақ дəуірінің көптеген қоныстары да ашылды. Талғар өңірінде ашылған 50-ге жуық қоныстың деректері мұнда сақ тайпалары егіншілікті де кеңінен өрістеткенін көрсетті. Қарқаралы өңіріндегі Қарақуыс, Едірей тауларымаңынан табылған 20-дан астам сақ қоныстары осы пікірді дəлелдей түседі. Мұндағы беткейлерде тау ықтасындарында орналасқан қоныстар кейінгі қазақ қыстауларына топографиялық тұрғыдан өте жақын орналасқан. Қазбалар барысында көптеп табылған тас кетпендер мен дəнүккіштер Орталық Қазақстан сақтары егіншіліктің қыстақ маңында орналасқан түрін ұстанған деген пікірді негіздеді. Сақ ескерткіштерін зерттеуде əлемдік ғылымның бүгінгі қол жеткен əдіс-тəсілдерін қолданудың маңызы зор. Қазақ Алтайынан ашылып отырған Берел обаларындағы жасанды тоң қабатында сақталған жылқы денелері, шірімей жеткен ағаш бұйымдар, сондай-ақ бальзамдалған адам мəйітін зерттеу маңызды мəліметтер береді. Сақ мəдениеті ескерткіштерін тек зерттеу ғана емес, оларды сақтап қалу, қалпына келтіру мен консервациялау, музейлендіру шаралары қолға алынды. Б.з.б. 7 — 6 ғ-ларда қалыптасқан сақ өнерінің хайуанаттық нақышы дүниежүзілік адамзат өркениетінің тамаша жетістіктеріне жатады. Осындай атаумен белгілі болып отырған сақ қолданбалы өнерінің бұйымдары Қазақстанда, Сібір, Орталық Азия өлкелерінде, Еуропаның оңтүстігінде кеңінен тараған. Нақыштың негізгі құрамын жыртқыш аңдар мен басқадай жануарлар, сондай-ақ мифол. зооморфтық құбыжықтар түрінде жасалған бейнелер түзеді. Бұлар жекелеген бұйымдар немесе бұйымдар мен беттердегі бейнелер, аралас тұрған күрделі композициялар арқылы беріледі. Мазмұны бойынша мифологиялық, пішімі бойынша реалистік деп атауға болатын хайуанаттық нақышты қолдану бағыты бойынша декоративтік өнер болып табылады. Хайуанаттық нақыш дəстүрімен берілген қолдану тəсілдері көбіне металл қазандар мен құрбандық ыдыстарды, қанжарлар мен семсерлерді, қорамсақтар мен айбалталарды, ат əбзелдері мен айналарды, сондай-ақ тулар мен түрлі киімдерді əшекейлеуде пайдаланылған. Табиғат аясын ерекше құрметтеп, оны астарлы мағынада қабылдай білген сақтар арқар, таутеке, жолбарыс, қабан, бұғы, марал, түйе, жылқы, бұлан, бүркіт, сайғақ, қасқыр, қоян сияқты жануарлардың өздеріне етене таныс тұлғаларын тамаша шеберлікпен бейнелеген. Бізге жеткен бұйымдар, ең алдымен, қола, алтын сияқты металдардан, ішінара сүйек, мүйіз, темірден жасалған. Ағаш, тері, киізден жасалған аң бейнелері де бар. Сақ мəдениеті дəуірінен жеткен сəнді бұйымдардағы асқақ дүниетанымдық рухта берілген бейнелер мен əшекейлер Қазақстанның мемлекеттік рəміздерінде, бүгінгі өнерде, ел өмірінің басқа да салаларында қолданылады. Ғылымда С. м-нің мемл. қалыптасу деңгейінде тұрғандығы жайлы мəселе айқындалып келеді. Есік обасынан табылған тостағандағы жазу сақтардың əліпби қолданғандығынан хабардар етеді. Сақ мəдениетіне байланысты “Далалық өркениет” деген ғылыми ұғым тарих, археология салаларында кеңінен қалыптасты 2.Тың жəне тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, нəтижелері мен салдарын жаз Одақ ведомстволары қабылдаған «Елімізде астық өндіруді одан əрі арттыру туралы, тың жəне тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы бойынша Қазақстанның солтүстік аудандарында, Сібірде, Оралда жəне Солтүстік Кавказда дəнді дақылдар егуді шұғыл арада арттыру туралы шешім шығарылды. Жаңа жерлерді игеру есебінен 1954-1955 жылдарда 13 млн гектар жер жыртылып, 1955 жылы одан 1100-1200 млн пұт астық алу жоспарланды. КСРО-да тың көтеруге байланысты белгіленген тапсырма 1954 жылғы тамыздың басына қарай орындалды: 13,4 млн гектар жер немесе жоспар бойынша 103,2%, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн гектардан аса тың жер жыртылды. Тамызда «Астық өндіруді молайту үшін тың жəне тыңайған жерлерді одан əрі қарай игеру туралы» жаңа қаулы қабылданды. Онда 1956 жылы тың жерлердегі дəнді дақылдар егуге арналған аудан көлемін 28-30 млн гектарға дейін жеткізу міндеті қойылды. Ғалымдардың тың жерлерді осыншама кең көлемде игеру өзін-өзі ақтамайтындығы туралы пікірлерін ешкім есепке алмады. 1955 жылы тың жерлерде жоспарланған 7,5 млн гектардың орнына 9,4 млн гектар жер жыртылды. Тың жерлерді игерудің басым көпшілігі негізінен Қазақстанның солтустігіндегі алты облыста - Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай жəне Павлодар облыстарында жузеге асырылды. Республика еңбекшілерінің алдында 6,3 млн гектар тың жəне тыңайған жерді игеру арқылы дəнді дақылдар өнімін арттыру міндеті тұрды. Партия комитеттерінің қысымымен жалпы жиындарда жоғарылатылған міндеттемелер қабылданды, олар əрдайым орындала бермеді жəне жүзеге аспады. Нəтижесінде тек 1954 жылдың өзінде қосьмша 636 мың гектар тың жəне тыңайған жерлер жыртылды. Тек сол жылы ғана колхоздар жəне МТС-тap 4847 мың, ал совхоздар 3 684 мың гектар жаңа жерлерді игерді. Осылайша, тың жəне тыңайған жерлерді көтеру туралы екі жылға есептелген мемлекеттік жоспар елеулі қарқынмен бір жыл ішінде жүзеге асты. Республикада жаппай жолдар салынып, жаңа елді мекендер тұрғызылды. 3.1891ж ереже бойынша қазақ жерінде құрылған генерал губернаторлық жəне оның құрамына кірген облыстарды картаға бейнеле

  • 17 Билет 1. Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы. 2. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың майдандағы ерлігін ашып көрсетіңіз. 3. Қазақстан Республикасындағы 14 облысты карта бойынша көрсетіңіз. Жауабы: 1. Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы Сарматтар — көне дəуірде Қазақстанның батыс өлкелерін, Оңт. Орал алқаптарын мекендеген, үлкен тобы Еділден батысқа қарай өтіп, Солт. Қара т. өңірлерін жайлаған тайпалардың шартты атауы. “Сарматтар”, “Сарматия” сияқты атаулар антик дəуірінің жазба деректерінен келген жəне көптеген тайпалар мен олардың одақтарына таңылатын жалпылама ұғым болып табылады шікті жайға айналды. Осы реформаның куəсі болған Абай Қүнанбайүлы, Ыбырай Алтынсарыүлы сияқты алдыңғы қатарлы ойшылдар, оның отаршыл, теріс жақтарын өз шы- ғармаларында талай рет сынап, мысқылдаған еді.Сарматтар қыс кезінде қысқа тон киіп, қайыс белбеу таққан, аяқтарына қысқа қонышты етік киген, кең шалбарының балағын етіктің қоншына салған. Əйелдері де ерлерше киінген, алайда олардың киімдері əртүрлі əшекейлермен безендірілген. Сарматтардың ыдыстары қыштан жəне металдан жасалған. Қыш құмыралардың түбін шұңғыл əрі жайпақ етіп жасаған. Тамақ пісіретін қазандарды темірден құйып жасаған. Обаларда шыныдан жасалған ыдыстар да кездескен, бірақ оларды өздері жасамаған, шығыс елдерінен алғызған. Сарматтар кейбір торсық, саба, көнек, мес сияқты ыдыстарды теріден жасап пайдаланған 2.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерліггін ашып көрсетіңіз Отан соғысына Қазақстан біртұтас елдің бір бөлігі ретінде қатысты.Қазақ КСР-і КСРО Қорғаныс Халық Комиссариатының нарядтары бойынша жəне еріктілердің қатарынан майданға 1,9 млн адам,яғни əрбір бесінші қазақстандық аттанды,сондай-ақ еңбек армиясының құрылыс батальондары мен жұмысшы саптарына 700 мыңнан астам адам аттандырды.Бұлардан бөлек 178мыңға жуық адам соғыс басталар алдында Кеңес қарулы күштерінің қатарында қызмет етті.Сонымен, барлығы 1374 мың қазақстандықтар қолына қару алып сапқа тұрды.Республикада 2 млн-нан астам адам əскери даярлықтан өтті жəне соғыстың алғашқы кезеңінде 14атқыштар жəне атты əскер дивизиясы,6 бригада құрылып,майданға жіберілді.Қазақстандық 36-жеке атқыштар бригадасы 30-дан астам ұлттан құралды.Соғыс жылдары майданға жақын өңірлерден көшіріліп əкелінген 27əскери оқу орны 16мың офицер даярлап шығарды.Соғыстан оралмаған қазақстандықтар саны 601 мыңға жетіп отыр, оның ішіндегі қазақтар саны 350 мың. Ұлы Отан соғысы жылдарында барлығы 11 600 жауынгер мен офицерлерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді,солардың 520-сы қазақстандықтар.Олардың ішінде 100-ден астамы қазақтар.Ұлы Отан соғысының батыры атағы алғаш рет 1941жылғы 22шілдеде 19-танк дивизиясының командирі,генерал- майор К.А.Семенченкоға берілді.Соңғы Кеңес Одағының Батыры атағы 1991жылы 11желтоқсанда аты аңызға айналған ержүрек жауынгер Б.Момышұлына берілді.Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақтар:Т.Тоқтаров,М.Ғабдуллин,С.Баймағамбетов,Қ.Сыпатаев,А.Үсенов,С.Нұрмаға мбетов,Ə.Нұрмағамбетқызы,М.Мəметова,А.Үсенов,А.С.Егоров,З.У.Құсайынов сынды батырларымыз.Екі мəрте Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар- Т.Бигелдинов.Л.Беда,И.Павлов,С.Луганский.Əрқайсысы 200-ден астам ұшу сапарына шығып,10-нан астам жау ұшағын,көптеген соғыс техникасын,100-деген фашистерді жойған.Үш мəрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған Шымкентте орналасқан Чугуев əскери авиация училищесінің түлегі-И.Н.Кожедуб. Соғыстағы ірі шайқастардың бірі Мəскеу түбіндегі шайқас (1941жылдың 30 қыркүйегінен 1941жылдың 6 желтоқсанына дейін).Күзге қарай дұшпан Балтық жағалауын,Белоруссия,Молдаваны,Украинаның едəуір бөлігін жаулап алып,Ленинградт пен Қырымды қоршады.Мəскеуді алу үшін арнайы « Тайфун» операциясын ойлап тапты.Шабуылға есе,танк бойынша 1,7 есе,қару-жарақ пен миноменттер бойынша 1,8 есе,ұшақтар бойынша 2 есе асып түсті.Мəскеу түбінде ерлік көрсеткен қазақстандықтар:Б.Момышұлы,Т.Тоқтаров,М.Ғабдуллин,Р.Амангелдиев,Е.П.Рыков,К .А.Семеченко,Б.Бейсекбаев,Л.А.Владимирский,В.Г.Клочков,И.В.Панфилов,П.Б.Вихр ев,И.В.Карпов.Мəскеу шайқасының тарихи маңызы-гитлерлік армия жеңіліп,кеңес армиясы стратегиялық бастаманы қолға алды.Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен,Батыс шекараларында жаумен айқасқандар арасында қазақстандықтар болды.Шекарашылар К.Əбдірахманов,В.Лобанов,атқыш К.Иманқұлов,пулеметші Е.Качанов,минометші В.Фурсов,зеңбірекші Ғ.Жұматов жəне басқа да Қазақстаннан əскер қатарына алынған жауынгерлер Брест қамалын қорғады.Сталинград түбіндегі шайқас 1942жылдың шілдесінен 1943 жылдың ақпанына дейін жалғасты.Сталинград шайқасына қатысқан қазақстандық əскер құрамалар:17-гвардиялық танк полкі, 19- гвардиялық атты əскер полкі, 27,29,38,72,73,116-гвардиялық атқыштар дивизиялары,74-теңіз атқыштар бригадасы,81-атты əскер дивизиясы, 129-миномет полкі, 152,565-атқыштар бригадасы, 156-жеке көпір құрылысы батальоны, 292,387- атқыштар дивизиясы.Сталинград шайқасында ерлік көрсеткен қазақтар:Н.Əдбіров,А.Жамбылұлы,Ғ.Сафиуллин,Қ.Аманжолов,Т.Мырзаев,Қ.Сыпатае в,М.А.Баскаков.Ленинград шайқасы-1941жылдың қыркүйегінен 1943 қаңтарына дейін созылды.Қазақстандық əскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты.Қоршау жылдарында 850 мыңғ жуық бейбіт тұрғын қаза тапты жəне қаланы 900 күн əскерлер ерлікпен қорғап тұрды.Ерлік көрсеткет қазақстандықтар:С.Баймағамбетов,Қойбағаров,С.Жылқышев,Д.Шыныбеков,Г.П.Зубк ов.Ленинград шайқасында Гитлершіл Германия ірі жеңіліске ұшырады,халықтар достастығы мен ерлігінің көрінісі болды. 3. Қазақстан Республикасындағы 14 облысты картабойынша көрсет

  • 18 Билет 1. Көшпелілер өркениетінің əлем мəдениетіне қосқан үлесі. 2. Бөкей хандығының құрылуы (экономикалық, саяси жəне əлеуметтік жағдайы) 3. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанға көшіріліп əкелінген кəсіпорындар орналасқан қалаларды карта бойынша көрсетіңіз. Жауабы: 1.Көшпелілер өркениетінің əлем мəдениетіне қосқан үлесі Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан əлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мəдени типі. Біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықта еуразиялық жəне афроазиялық аридтік аймақта қалыптасты. Көшпелілік тайпалық одақтар құрылған кезден-ақ өнім өндіру шаруашылығы ретінде орнығып, эволюциялық жолмен дами бастады. Көшпелілер мал жаюдың тəсілдерін жетілдіре отырып, игерілмей жатқан жерлерді пайдаға асыруға қолайлы жағдай туғызды. Əрдайым көшіп-қонуға дайын отырған дала көшпелілері үшін мал күзету, аң, балық аулау, егін егу тұрмыстың дағдылы машығына айналды. Көшпелілік отырықшылар мəдениетімен тікелей өзара байланысты болды, өйткені олар Шығыс пен Батыс елдері арасында делдалдық рөл атқарды. Еуропалық қоғамда зат иелену мен азаматтық қатынастар шешуші қызмет атқарса, көшпелілерде туысқандық, рулық байланыстар аса құнды болып есептелінді. “Ата қоныс” ұғымы көшпелілер үшін қасиетті болды. Қоршаған орта киелі таулардан, өзендер мен көлдерден, аруақтар жатқан молалардан, т.б. тұрды. Көшпелілер уақыт пен кеңістікті игере отырып, климат ерекшеліктерін ұтымды қолданады. Мысалы, Қазақстанда ерте заманнан бері Арқаның теріскейіндегі орманды-далалы алқапты, оңтүстік-шығыстағы таулы өңірді — жайлау, ал оңтүстік жəне орталық аймақты қыстау ретінде пайдаланды. “Құрғақ даланы, — дейді ағылшын тарихшысы, социолог Арнольд Джозеф Тойнби — тек бақташы ғана меңгере алады, бірақ сол далада тіршілік етіп, табыстарға жету үшін ол өзінің шеберлігін тынбай жетілдіре беруге міндетті, ол ерекше адамгершілік жəне парасаттылық қасиеттерді қалыптастырады”. Көшпелі өмір, төрт түлік мал, жер-ана барлығы жинала келе көшпелілердің материалдық игілігін, дүниетанымын қалыптастырып, төл мəдениетін жасады. Көшпелі өмір тіршілігіне сай қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді, құбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш, ат үстіндегі алыс сапарларды қайыспай көтеретін дала перзенттері, жан-жақты жетілген адамдар қалыптасты. Дала көшпелілерінің ақынжанды болуы, ой-қиялының жүйрік болып келетіні көшпелі тіршіліктің арқасы еді. 19 — 20-ғасырларда, əсіресе еуропалық зерттеушілер арасында көшпелі халықтардың рухани өмірі мен дүниетанымы жүйесіз деп танылып, олардың адамзат өркениетінің дамуына қосқан рөлі төмендетіліп, оған қатысты жабайылық, тағылық секілді орынсыз пайымдаулар айтылды. Алайда, ғылыми негізделген дəйектер көшпеліліктің отырықшы өркениет елдерінің шаруашылығынан, қоғамдық билік жүйесінен, мəдени бітімінен ешбір кем емес екендігін дəлелдеп отыр 2.Бөкей хандығының құрылуы (экономикалық, саяси жəне əлеуметтік жағдайы) ХІХ ғасырдың бас кезінде Кіші жүз қазақтары өздерінің ата-қонысы Жайықтың оң жағына көшуге, жайылымдық жерлерін қайта алуға тырысты. Əкімшілік басқарылуы жағынан Ішкі Орда Орынбор шекара комиссиясына бағындырылды, орналасқан аумағы Астрахан губерниясына қарайтын. Еділ мен Жайық арасын, Каспий теңізінің солтүстігінен Ырғыз өзеніне дейінгі жазықты бірнеше жыл Еділ Қалмақтары мекендеді.Олардан бұрын да бұл далада қазақ рулары көшіп-қонып жүрді. Бертін келе патша үкіметі Орал казак əскери басшылары қазақ ауылдарына Жайықтан өтуге əлденеше рет тыйым салып көрді.Ол үшін əскер күшін де пайдаланды.Бірақ оған қарамай жеке рулар, ауылдар көшіп келіп, қоныстанып жүрді. 1771 жылы Еділдің бойын мекендеген қалмақтар Жоңғарияға қарай көшіп, Еділ мен Жайық арасындағы дала босап қалды. Бұл жерді Кіші жүз рулары мекендеді. Орал казак əскері қазақтарға маза бермеген соң,қоныстануға жоғарыдан ресми құжат қажет болды. Осыны алдына мақсат етіп отырған Бөкей сұлтаны Ресей императорына 1799 жылы хат жазып, өзінің қол астындағы қазақтарымен Жайықтың оң жағына өтіп қоныстануға рұқсат сұрайды. 1801жылы 11 наурызда патша Еділ мен Жайық арасын Бөкей сұлтанға қарауындағы елімен түгелдей иеленуге ресми рұқсат берді.Шын мəнінде,рұқсат беруге төмендегідей жайттар себеп болған. Қазақтарды Жайықтан өткізбеуге тосқауыл қоя алмайтынына өкіметтің көзі жетті. Қалмақтардың көшіп кетуіне байланысты орнында қалған аз қалмақ-ноғайдың Жайық бойындағы орыс- казактармен бірігіп қонысты қорғауға күші жетпеді. Ал шеп бойында қазақтардың көптеп жиналуының салдарынан казактармен қақтығыстар жиілей түсті. Ресей үкіметі бұдан ұтылған жоқ. Біріншіден, Кіші жүз екі иелікке бөлінді. Екіншіден Еділ мен Жайық аралығындағы сауда жолдары қауіпсіздендірілді. Осыдан Ресей үкіметінің Қазақстанға ықпалы күшейе түсетін болды. Ордабасы Мемлекеттік мүлік министрлігіне, кейіннен Сыртқы істер министрлігіне қарады. Патша жарлығында Бөкей қарамағындағы Еділ-Жайық арасындағы даланың солтүстікке Қараөзен, Сарыөзендерден, оңтүстіккте Каспий жағалауына дейінгі жайлауы көрсетілді. Қоныстанған аймақта Бөкей сұлтан басқарған Ішкі Орда құрылды. Аумағы 70 мың шаршы шақырым, Батысы Астрахан, Солтүстігі мен шығысы Саратов, Орынбор губернияларымен, оңтүстік жəне оңтүстік шығысы Каспий теңізі жəне Жайық шекара шебіне дейін жетті. Жалпы саны 5 мыңға жуық отбасы көшіп барды. Жер көлемі 6 млн. десятинаны құрады. Олардың көпшілігі кедейлер еді. 1812 жылы Бөкей сұлтанға хан лауазымы берілді. Бөкей 1815 жылы 12 мамырда қайтыс болады, тақты мұрагерлікпен иелену құқығы бойынша ұлы Жəңгір отырады. Бірақ жас (14 жас) болуы себепті, ол кəмелеттік жасқа толғанша елді Шығай сұлтан биледі. Ішкі орда немесе Бөкей хандығының саяси-экономикалық жағдайының,географиялық жəне тарихи жағдайларға байланысты өзгешеліктер болды. Алғашқы жылдары мал саны аз ауылдар Нарын құмында Қараөзен, Сарыөзен бойында еркін көшіп жүрді. Бірте-бірте көшіп келушілер саны 1812-1814 жылдар аралығында көбейе түсті. Жерге құныққан əскербасылары 1813 жылы Бөкей ордасының солтүстігін түгел иемденіп, əскери шептерін көшіріп, қос өзен аралығындағы шұрайлы жайылымды Қамыс-Самар көлдерімен қоса тартып алды. Сол жерлерге бекіністер салып (Таловка, Абинск, Вербовск, т.б.), казак-орыстарды көшіріп əкелді. Қыстауларынан айырылған қазақтар күйзеліске ұшырап,елдің бірқатары бөкейліктерді тастап бері өте бастады. 1824 жылы Жəңгір хан Орал қаласында хан болып жарияланады. 1827 жылы ол Нарын құмының батыс бөлігіне хан ордасын салғызады. Елді басқару осы жерден жүргізіледі. Хан ордасында хан үлгісімен билер, сұлтандар, старшындар да үй салғыза бастайды. Жəңгір хан саяси-экономикалық дамуға бірқатар өзгерістер енгізді. Барлық жерде іс-қағаздарын енгізу тəртібін енгізді. Денсаулық сақтау саласында жұқпалы ауруларға қарсы егу тəжрибесін енгізді. Қару-жарақ палатасын ашу жөнінде бастама көтерді. Оны толық қалыпқа келтіру біршама уақытқа созылды. Хан ордасы жанынан мектептер ашып, оқушылардан өзі емтихан қабылдаған кездері де болған. Мал шаруашылығы саласына, əсіресе мал тұқымын асылдандыруға ерекше көңіл бөлді. Ағаш өсіру, шөп шабу мəселелеріне қатты көңіл аударды. Оның дəлелі бір кездердегі құм басқан даланы гүлденген алқапқа айналдырды. Міне, осы жасаған еңбегі, прогресшіл мемлекет қайраткері ретінде І-дəрежелі Қасиетті Анна орденімен марапатталды. Билікті дербес басқарды, қолында əкімшілік жəне сот билігі болды. Билер сотының өкілдігіне едəуір шек қойды. Жер өз туыстарының арасында бөлінді. Жер жалға берілді. Халық отырықшылыққа көше бастады. Сауда-саттық дамыды. Саудагерлерді тарту үшін баж салығының ең төменгі мөлшері белгіленді. Іс қағаздарын жүргізу тəртібін енгізді, аурухана жəне дəріхана ашылды. Мал тұқымын асылдандырды, ағаш егу ісіне көңіл бөлді. Жəңгір хан 1845 жылы қайтыс болды. Шығайдың заманында елдің қонысы едəуір тарылды. Қазақ шаруалары жайылым, өзендер бойындағы бос жерлерді жайлауға,не суаттарды офицерлерден жалдап алуға мəжбүр болды жəне оған байлардың ғана мүмкіндігі болатын. Шаруа арыздарын жергілікті патша əкімшілігі тыңдамады, дау-жанжалды ылғи өз пайдасына шешіп отырды. Қыста бекініс тұрғындары шаруаларға сатып,əрбір шана шөпті 6-20 сомға дейін қымбат бағамен өткізді. Сол кездегі патша офицерлерінң мойындауынша, қазақ шаруалары екі оттың ортасында қалды. Отарлық əкімшіліктің өз үстемдігін іске асырып,бұратана елге қысым-зорлық, озбырлық күш көрсетуі тоқталмады. Жайылым,суат, орман,қыстауға қолайлы өңір мəселесі қазақ шаруалары үшін шешілмес іс болып, олардың шаруашылық, тұрмыс жағдайын күйзелтіп,қайыршылыққа əкелді. Мұнымен шектелмей,орал əскерінің атаманы қазақ шаруаларына егін салуға, үй салуға, ағаш шабуға, балық алауға, сордан тұз алуға да тыйым салды. Осы тұста патша үкіметі Ішкі Орданы Ресейдің отаршылық басқару жүйесіне беру саясвтын жүргізген болатын. 1846 жылы Ішкі Орданы басқару үшін Əділ сұлтан (Бөкейдің ұлы) төрағасы болып бекіткен Уақытша Кеңес құрылды. Құрамында сұлтандар тобынан екі өкіл, мемлекеттік мүлік министрлігінен бір кеңесші кірді. Соңынан Уақытша кеңесті басқару үшін Ресей шенеулігі бекітілді. 1872 жылы Ішкі Орда Астрахан губерниясы құрамына берілді. Бөкей хандығының Қазақстан тарихындағы алатын орны ерекше.Кіші жүз қазақтарының күш-жігер жұмсауымен қазақтар Жайвқ өзенінің оң жақ бетіндегі өздерінің ежелгі атамекеніне қайта оралып, қоныстануы, кейінірек дəстүрлі қазақ жерінің бір бөлігін біржола иемденуге мүмкіндік тудырды. Жəңгір ханның ағартушылық жəне реформаторлық қызметінің арқасында Еділ-Жайық арасындағы қазақтар өздерінің əлеуметтік- экономикалық жəне мəдени ағарту салаларында ерекше табыстарға қол жеткізе алды. Ал жер мəселесінің шиеленісуі И.Тайманов, М.Өтемісов бастаған ұлт-азаттық көтеріліске ұласты 3.Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанға көшіріліп əкелінген кəсіпорындар орналасқан облыс

  • 19 Билет 1. ХVІ-ХVІІ ғғ. Қазақ халқының материалдық мəдениеті (киім-кешегі, ұлттық тағамдары) 2. Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу жолындағы əскери қимылдары жəне оның зардаптары. 3. 1930 жылдары Қазақстан аумағында орналасқан концентрациялық лагерьлерді карта бойынша көрсетіңіз. Жауабы: 1.XVI-XVIIғ Қазақ халқының материалдық мəдениеті. Қазақ хандығы (XVI-XVII ғасырларда) — Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. XVIXVII ғ. Қазақ хандығының шекарасы едəуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жəнібек ханның ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында (1511-1523) феодал ақсүйектердің қарсылығы əлсіреп, əскери қуаты артты. “Тарихи-Рашиди”, “Шайбанинама”, т.б. деректерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген Қазақ хандығы – көшпелі жəне жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан феодалдық мемлекет болды.Оның көшпелі жəне жартылай көшпелі далалық өңірінде патриархалдық – феодалдық қатынас басым болды, ал отырықшы, егінші аймақтарда феодалдық қатынас қалыптасты. Қазақ хандығында облыстық басқару жүйесі емес, ұлттық (ру-рулар бойынша) басқару жүйесі қолданылды. Басқару жүйесінде ру- тайпалық тəртіп сақталып отырды. Туыстығы жақын он шақты түтін бір ауыл, ал жеті атадан тараған бірнеше ауыл бір ата (аймақ) болды. 13-15 атадан қосылатын аймақтар бір ру болды. Осы рулардан тайпа құралды. Қазақ қауымы үш жүзге бөлінді. Ол қазақ хандығына бағынды. Хан – қазақ хандығының азаматтық, əскери, əкімшілік жəне сот құқын қолына ұстады. Жүздерді кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар, тайпаларды билер, руларды ру басылары, аймақтарды (аталар) ақсақалдар, ауылдарды ауыл ағалары басқарды. Бұл жеті сатылы басқару жүйесі көшпелі екінші қазақ қоғамында тым ертеден келе жатқан тəртіп болатын. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар далалық өңірлерде қой, жылқы, түйе жəне сиыр өсірді. Мал – жылдың төрт маусымында табиғи жайылымдарда бағылды. Талай ғасырлық тəжірибеден туған шаруашылық басқару тəсілі жайылымдарды маусымға қарай пайдалану тəртібін қалыптастырды. Бұл: жаздағы жайлау, қыстағы қыстау, көктемдегі көктеу, күздегі күзеу.[5] Көшіп-қону өрісі түрліше болды, малы көп, əсіресе түйесі мен жылқысы бай малшылар алысқа көше алды (кіші жəне орта жүз жерінде жылына 700-1000 шақырым артық жерге көшіп отырды), 200-300 шақырым жерде əр түрлі жайылым жерлер кездесіп отыратын Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда көшіп-қону əлдеқайда шағын болды. Əрбір рудың өзінің көш жолдары болды. Басқа рулар қол сұға алмады. Малдың дені қой мен жылқы болды. Қазақтар көбінесе еті семіз, қылшық жүнді, құйрықты қойлар өсірді. Қой еті негізгі тамақ болды. Қойдың сүтінен құрт, ірімшік, сүзбе, айран, сары май алды. Қой ең бағалы шикізат – жүн, тері, елтірі өнімдерін берді. Оңтүстік Қазақстан өңірі ертеден бері егіншілік мəдениетінің бесігі болған орын. Қазақ хандығы тұсында бұл аймақтардың дəстүрлі егін шаруашылығы үздіксіз өркендеп отырды. Сырдария Арыс, Шу, Талас өзендерінің алқабында суармалы егін шаруашылығы жақсы жолға қойылды. Өзен суларын тартып жер суландыратын каналдар мен арықтар болды. Қазақ егіншілері арпа, бидай, жүгері екті. Егіншілік саймандары тесе, кетпен, қарапайым соқа, тіс ағаш, тырма, қол орақ болды. XV-XVII ғасырларда қазақтар арасында ислам діні тарады. Алайда, ислам діні еңбекші халық арасында терең тамыр жойған жоқ. Оған себеп дүркін-дүркін жүргізіліп отырған қақтығыстар, соғыстар т.б. Сондықтан халықтың бір бөлігі ислам дінін көпке дейін қабылдамай, тəңірге табынуға негізделген нанымды ұстады. Қазақтар өмірінде отты қасиеттеу үлкен рөл атқарды. XVI-XVII ғасырларда ауыз əдебиеті кең өріс алды. Ауыз əдебиетінің асыл қазыналарын жасаған, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырған халық арасынан шыққан дарынды-ақындар, сал, серілер, жыраулар еді. Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары – Шалкиіз (XV ғ.), Доспамбет (XVI ғ.), Жиембет (XVII), т.б. жыраулар. Қазақтың батырлар жыры мысалы: Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып келе жатқан шығармалар. Қазақтың əлеуметтік – тұрмыстық дастандары да (Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Қыз-Жібек т.б.) феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді. Халық арасында ана тіліндегі жазба əдебиет діни жəне тарихи мазмұндағы кітап түрінде тарады. “Тарихи-и Рашиди” – Орта Азия мен Қазақстанның XIV ғ. II-жартысынан XVI ғ. басына дейінгі тарихы баяндалған шығарма. Бұл шығарма 1541-1546 жылдары жазылған. Оның қолжазбасы екі дəптерден құралған. Бірінші дəптерде Шағатай əулетінің тарихы баяндалады, екіншісінде XV-XVI ғ. Шынжаң өлкесінде, Орталық Азияда, Үндістан мен Ауғанстанда өткен тарихи оқиғалар баяндалады. Онда қазақ тарихына қатысты құнды деректер бар. XV ғасырырдың ортасында батыс Жетісуда қазақ хандығының құрылуы, қазақ-қырғыз, өзбек халықтарының қатынасы. Шығыс Қазақстанның қоғамдық шаруашылық жағдайы берілген. Ол еңбекті жазған Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) тарихшы, əдебиетші. Ол араб, парсы тілдерін жетік білген. Хан сарайында сақталған құжаттарды пайдаланған. “Жамих ат-тауарих” (Жылнамалар жинағы) – ерте кездегі қазақ тілінде жазылған тарихи шығарма. Онда: ерте кезден бері қазақ даласын мекендеген қаңлы, жалайыр, қыпшақ, найман, керей, қоңырат, алшын, т.б. тайпаларының шежіресі беріледі. XI ғ. Орта Азия мен Қазақстан территориясында өмір сүрген қарахандар əулетінің, оғыз-қыпшақ тайпалар одағының дəуірінен бастап 1600 жылға дейінгі тарихы баяндалады. Əсіресе XIII ғ. мен XVI ғ. арасындағы қазақ жерінде болған ірі тарихи оқиғалар баяндалады. Қазақ қоныстанған жерлердің жағдайы, ондағы қалалар, қазақ хандығы мен хандардың өмірбаяны, қазақ хандығының заңды ережелері жайында деректер берілген. “Жамих ат-тауарих” кітабыныің жазушысы Қадырғали Қосынұлы Жалайыр (1530- 1605) Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан, сол себептен “Жалайыр” аталған. Ол қазақ хандығының орда-сарайында ханның ақылшысы жəне ханзадалардың тəрбиешісі болып қызмет істеген. Бұл еңбек алғаш рет 1854 ж. Қазанда жарық көрген. 2)Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу жолындағы əскери қимылдары жəне оның зардаптары ХІХ ғасырдың 20-жылдары Ресей Орта жүз бен Кіші жүзде хандық билікті жойып, Ресейлік басқару жүйесін енгізгенімен, Ұлы жүз мəселесіне əлі де көңіл бөле қоймаған болатын. Жалпы, ХІХ ғ. 30-жылдарына дейін Ресей империясының “үлкен саясатынан” Орта Азия мəселесі де тыс қалды. Ресей ол тұста негізінен Түркия мен оның иеліктеріне көп көңіл бөлді. Ағылшын-орыс бақталастығында бұл үрдістердің белсенділігі арта түсті. Ресейдің Таяу Шығыстағы жетістіктері Англия қарсылығының күшеюіне əкелді. 1841 жылы Лондон конвенциясы Ресейдің Таяу Шығыс мəселесіндегі ірі дипломатиялық жеңілісі болды. Орта Азия мен Қазақстан біртіндеп ағылшын-орыс бақталастығының негізгі аймақтарының біріне айналды. Қазақстанның стратегиялық аймақ ретінде Орта Азия хандықтары мен Ресей жəне Қытай аралығында орналасуын патша əкімшілігі жақсы түсінді. Қазақстандағы өз ұстанымын нығайту үшін түрлі шаралар қарастыра бастады. Ресей Сыртқы Істер министрлігінің Азия департаментінің ұсынысымен ХІХ ғ. 30-жылдары Қоқан хандығына Н.Г.Потанин, Бұхар əмірлігіне П.И.Демезон мен И.В.Виткевич, Е.П.Ковалевский, Хиуаға Г.И.Данилевский бастаған дипломатиялық миссиялар жіберді. Бұл сапарлардың барысында Ресей Хиуа жəне Бұхарамен орыс-азия сауда мəселелері бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізіп, Орта Азия хандықтарының ішкі жағдайы мен Хиуа хандағының Сырдария бойындағы қазақтарға қатысты саясаты туралы бірқатар мəліметтер алып қайтты. 30-жылдардың аяғы мен 40- жылдардың басында патша үкіметі хиуалықтардың шекаралық аймақтардағы күш көрсету жəне тонаушылық əрекеттерін тоқтату, хиуалықтардың қолындағы орыс тұтқындарын босату, Хиуаның орыс-қазақ қатынастарына араласуын бейтараптандыру үшін Хиуаға əскери экспедиция ұйымдастыру туралы декларациясын жариялады. Ресейдің мұндай ресми мəлімдеме жасауына Англияның Орта Шығыстағы саяси ықпалын нығайту қаупінің күшеюі себеп болды. 1839 жылы қараша айының ортасында Орынбор губернаторы В.А.Перовский 12 зеңбірек, 4 мың жаяу əскер жəне 10 мың түйеге артқан жүгімен Хиуаға қарсы жорығын бастады. Қатты суық пен боранның салдарынан Перовский 2 мың түйесінен айырылып, үлкен шығынмен Ембі бекінісіне дейін ғана жете алды. 1840 жылы 1 ақпанда тағы да 5 мың түйе азық-түлікпен басқа да құрал-жабдықтарын жоғалтып Ақбұлаққа жетті. Ақпан айының ортасында Орынборға кері қайтты. Бірақ, жағдайдың бұлай шиеленісуіне қарамастан Хиуа жорықтың қайталануынан қауіптеніп Ресейге 124 орыс тұтқынын қайтарды жəне Петербургке елшілік жіберді. билігін мойындамаған қазақтарды бағындыруға жəне Орта Азия хандықтарының шекарасына орыс əскерін жақындату мақсатында Ресей Сырдарияның төменгі ағысының бойына əскери бекіністер сала бастады. 1847 жылы Райым бекінісі, 1848 жылы Қазалы форты салынды. Жаңа бекіністердің салынуы орыс əскерлеріне біртіндеп Сырдарияны бойлап жоғары жылжуға жəне қоқандықтардың ірі бекіністерінің бірі Ақмешітке жақындауға мүмкіндік берді. 1848-1849 жылдары утаковтың басшылығымен келген экспедиция Арал теңізін зерттеп, теңіздің картасын жасады. Арал теңізінде кеме айлағы ашылды. Оның болашақта Орталық Азия жəне Хорезммен сауда қарым-қатынасында, əскери мəселелерде маңызы зор болды. 12 күндік қоршаудан кейін 1853 жылы 28 маусымда орыс əскерлері Ақмешітті басып алды. Осыдан кейін Сырдарияның төменгі ағысында Сырдария шебі құрылды. Оған Райым бекінісінен Ақмешітке дейінгі аудандар кірді жəне 1864 жылы Түркістанды алғанға дейін сақталып тұрды. Ресей Қоқан жəне Хиуа хандықтарына саяси қысым көрсетуге мүмкіндік алды. ХІХ ғасырдың 50-жылдары Орталық Азия мен Оңтүстік Қазақстанның Ресейдің сыртқы саясатындағы маңызы арта түсті. 1854-1856 жж. Қырым соғысында Ресей жеңілуіне байланысты батыстағы рыногынан айырылып, енді оған шығыстан жаңа рынок іздестіру қажет болды. 1858 жылы Орталық Азия аймағындағы Хиуа мен Бұхараға Н.Игнатьев бастаған дипломатиялық елшілік, Шығыс Иранға көпес ретінде Ч.Ч.Ханыков бастаған экспедиция жіберді. Бұл аймақтан алынған материалдар патша үкіметіне Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Азия хандықтарындағы əскери қимылдарын ұлғайтпаса, ол аймақта Англияның мүддесінің арта түсетіндігіне толық көзі жетті. Өйткені, Англияның бұл аймаққа қатысты кең көлемде жаулап алу жоспары бар екені дəлелденген болатын. 1860 жылы Қоқанға хандықтың билеушісі Маллабектің сеніміне кіріп, Үндістандағы Англия басшыларымен байланыс орнатуға ағылшын барлаушысы Абзал-Мажит жіберіледі. Біраз уақыттан кейін Қоқан хандығының басты тірек пункттеріне қару-жарақтар жеткізіліп, əскери нұсқаушылар мен қару жасайтын мамандар жіберіле бастады. Қоқан өкіметі өздерінің əскери қамалдары мен форттарын, əскери шептерін күшейтуге кіріседі. Ресейдің жалпы Оңтүстік Қазақстанды əскери жаулауы Ақмешіт, Түркістан, Əулиеата, Шымкент, Ташкент т.б. бекіністердің қорғаушыларына деген ерекше қатыгездікпен жүзеге асырылды. Орыс əскерлері мұсылмандардың қасиетті жерлерін (Қожа Ахмет Яссауи, т.б.) қорлап, оларды қиратты. Ақмешітті 25 күн қатарынан атқылап талқандады, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зеңбіректің 12 снаряды атылып, оның 11-і кесененің қабырғаларын ойып кетті. Шымкент қаласын қорғап, қаза тапқандардың саны 3170- ке дейін жетті, Сайрам қаласы жермен-жексен етіліп талқандалды. Шоқан Уəлиханов өзінің діндестері мен руластарына орыс əскерлерінің көрсеткен тағылық əрекеттеріне байланысты одан əрі жорыққа қатысудан бас тартуға мəжбүр болды. Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия тұрғындары қарсылық көрсеткендері үшін қатыгездікпен, аяусыз басып-жанышталды. Ресей болса, бұл əрекеттерін үкіметтің, “өзіне бағынышты территориядағы елдерді көшпенділер шапқыншылығынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған үкіметтің Орталық Азиядағы саясатының қорғаныстық сипаты” деп мəлімдеді Осылайша, ХІХ ғасырдың 60 жылдары Оңтүстік Қазақстанды жаулап алғаннан кейін Қазақстанның бүкіл территориясы ұзақ уақытқа Ресейдің отарына айналды. 1867-68 жылдары Түркістан жəне Далалық өлкені басқару туралы “Уақытша Ереженің” қабылдануымен Орта Азия жəне Қазақстан Ресей империясының отары ретінде заңдастырылды. 3. 1930 ж. Қазақстан аумағында орналасқан концентрациялық лагерьлерді карта бойынша көрсет


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет