Неолит ескерткіштерінің шоғырланған аймақтары, олардың негізгі белгілері. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдаңы



бет7/7
Дата08.10.2019
өлшемі124,82 Kb.
#49385
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 билет Неолит ескерткіштерінің шоғырланған аймақтары
fd5gd1s4f, fd5gd1s4f

  • 29 Билет 1. Кейінгі ортағасырлардың тарихи жəне мəдени ескерткіштеріне сипаттама беріңіз. 2. 1960 ж. ортасындағы экономикалық реформалар жəне олардың нəтижесіз аяқталуының себептерін талдаңыз. 3. Шағатай ұлысының аумағын карта бойынша көрсетіңіз. Жауабы: 1.Кейінгі ортағасырлық тарихи жəне мəдени ескерткіштеріне сипаттама бер Кең-байтақ Қазақстан даласында 4970-ке жуық археологиялық ескерткіш мемлекеттік есепте тұр. Орта ғасырлар кезеңінде тарихшылар мен географтар, саяхатшылар, ғалымдар ескі қоныстар мен қалалардың орны туралы мəліметтер қалдырған. 1707 жылы жарық көрген С.Ремезовтің «Сібір картасында» қазақ даласындағы археологиялық ескерткіштер туралы жазылған. 1733 жылы Г.Ф.Миллер бастаған бірінші академиялық экспедиция қазақ жерінде жұмыс істеді. 1774 жылғы жарық көрген П.И.Рычковтың «Орынбор топографиясы» атты еңбегінде ертедегі кеніштердің орны туралы мəліметтер бар. Бұл кездегі зерттеулер ғылыми негізде жүргізілмей, тек қана кездейсоқ табылған жəдігерлерді жинаумен айналысты. Ресейдегі археологиялық зерттеулердің кеңеюі Қазақстандағы көне ескерткіштерді ғылыми түрде зерттеуді қажет етті. Атақты қазақ ғалымы Ш.Уəлиханов өз қолжазбаларында ортағасырлық Талғар, Шеңгелді қалалары туралы кескіндеме қалдырған. Орыс шығыстанушысы В.Радлов Шығыс Қазақстандағы археологиялық ескерткіштерді бірінші рет тарихи кезеңдерге бөлді. Оның еңбектері Қазақстан археологиясының дамуында үлкен қадам болды. 1867 жылы ресейлік Археологиялық комиссияның шешімімен орыс шығыстанушысы П.Лерх Түркістан өлкесін зерттеуге кірісті. Сауран, Сығанақ, Тараз қалаларының жоспарын картаға түсіріп, Жаңакент қаласындағы археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Ол ортағасырлық қалаларды зерттеудің ғылыми негізін қалады. 1862 жылдан бастап В.Радлов Шығыс Қазақстан жерінде археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қазақстандағы археологияның дамуына 1893-1894 жылдардағы белгілі ғалым В.Бартольдтың Орта Азияға барған ғылыми сапары негіз болды. Оның ғылыми еңбегі əлі күнге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. 1895 жылы академик В.Бартольд Ташкент қаласында алғашқы археологтар үйірмесін ашты. Осы үйірме мүшелері В.Кларе мен А.Черкасов 1904 жылы Отырар қаласында қазба жұмыстарын жүргізді. 1920 жылы Түркістан мəдени ескерткіштерді қорғау жəне мұражайлар комитеті ашылды. Комитеттің негізгі міндеті тарих ғылымының үлкен бір саласы – археологияны дамытуды қолға алу болды. Сайран, Тараз қалаларында археологиялық зерттеулер жүргізіліп, М.Массоның Түркістан туралы алғашқы ғылыми еңбектері жарық көрді. XX ғасырдың 30 жылдарында Қазақстан жерінде М.Грязнов, И.Синицын, С.Черников, ГЛОБУС + https://vk.com/official_globus О.Кривцова-Гракова бастаған экспедициялар республиканың орталық жəне шығыс аудандарында жұмыс істеді. 1936-1940 жылдар – А.Бернштам бастаған археологиялық зерттеулер ғылыми жағынан өте құнды болды. Экспедиция Оңтүстік Қазақстан, Жетісу жеріндегі сақ дəуірінен соңғы орта ғасырлардағы ескерткіштерге археологиялық зерттеулер жүргізд 2. 1960 ж ортасындағы эканомикалық реформалар жəне олардың нəтижесіз аяқталуының себептерін талдаңыз 1965 жылғы шаруашылық реформасы. 60-жылдардың ортасында кеңес экономикасын барынша нығайтуға тырысқан ел басшылығы жаңа шаруашылық реформаларын жүргізе бастады. Бұл бір уақытта бірнеше саланы - енеркəсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығын қамтыған, соғыстан кейінгі кезеңдегі экономиканы қайта ұйымдастырудағы ең, ірі шаралар болды. Сол кездегі КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы A.Н.Косыгин бастаған реформашыл күштер экономиканы басқарудағы əкімшілдікті сынай отырып, өнеркəсіпті басқаруды салалық қағидамен, жузеге асыруды, өнеркəсіп салалары бойынша одақтық-республикалық министрліктер құруды ұсынды. Кəсіпорындарға дербестік берілді, оларға шаруашылық есеп əдісі кеңінен ене бастап, қызметкерлерді экономикалық жағынан ынталандыру мен материалдық жағынан марапаттау шаралары неғұрлым ойластырылған түрде қолданыла бастады. 1965 жылы алтыншы шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясы өнеркəсіпті басқару жүйесіне өзгерістер енгізу мен бірқатар мемлекеттік жоспарлау органдарын қайта құру жөнінде заң қабылдады. Мұның соңынан осындай қаулылар мен заңдарды республикалық басқару органдары қабылдады. Осыған сəйкес өзгерістер Қазақ КСР Конституциясының мəтініне де енді. Қабылданған шешімдерге сай Қазақ КСР халық шаруашылығы Кеңесі мен экономикалық аудандардың совнархоздары таратылды. Республикада бірқатар одақтық- республикалық салалық министрліктер (түсті металлургия, геология, мелиорация мен су шаруашылығы т. б.) құрылып, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза-кағаз жəне ағаш өңдеу, тамақ өнеркəсібі кəсіпорындары біріктірілді. 3.Шағатай ұлысының аумағын карта бойынша көрсет

  • 30 Билет 1. Дамыған ортағасырлардың тарихи жəне мəдени ескерткіштеріне сипаттама беріңіз. 2. «Қайта құру» жылдарындағы Қазақстанның саяси жағдайына талдау жасаңыз. 3. Жошы ұлысының аумағын карта бойынша көрсетіңіз. Жауабы: 1. Дамыған орта ғасырлардың тарихи жəне мəдени ескерткіштеріне сипаттама бер Дамыған орта ғасыр ескерткіштері тек төңірегі ормен қоршалған үлкен емес үйінділерден тұратын қорған зираттарымен көрінеді. Ағаш көмірі түріндегі алаулардың қалдығы, жанған бөренелер мен қақталған жерлер байқалады. Өлгендер тік бұрыш формалы, солтүстіктен оңтүстікке немесе батыстан шығысқа бағытталған грунт шұңқырларға, түпсіз астауға немесе ағаш «жəшіктерге» жерленген. Əйелдердің қабірлерінен темір пышақ, біз, қола өрнектелген айна, моншақ, білезік, алтын түйреуіш, моншақ пен жалпақ күмістен жасалған бас киімдердің қалдықтары табылды. Еркектердің зираттарында жебе, ат əбзелдері мен тұрмыс заттары бар. Бұл ескерткіштер Евразияның ортағасырлық тарихында елеуміз қалдырған қыпшақтарға, қимақтармен туыстас түркі тілді тайпаларға қатысты. Павлодар облысында Х-ХІІІ ғасырлардағы қыпшақтардың зираттары Жданов, Леонтьев, Қашыр зираттарында, Кенжекөл ауылының маңынан, Ертістің сол жағалауында Тасмола ІV зиратының қорған 2-де табылды, даталары ХІV ғасыр. Осы кезеңге Шідерті 3 қонысына тақау қорған 1-гі монгол уақытының зираты жатады, датасы ХІІІ-ХІ ғасырлардың тоғысы. 2. «Қайта құру» жылдарындағы Қазақстанның саяси жағдайына талдау жаса 1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сəуірде КОКП ОК-тың пленумында əлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мəселесіне сəйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сəтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Əзірбайджанда Г.Əлиев сияқты басшылар кінəлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді. Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы. 1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру жəне партияның кадр саясаты туралы» мəселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. 1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мəселеріне арналды. Пленум əзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кəсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кəсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық əдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді. Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа əдістері нəтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. 1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Букілодақтық конфернцияда қоғамның əлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қабылдады: 1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше əлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау 2. Демократияландыру мен жариялылық. 3. Төрешілдікке қарсы күрес. 4. Халықтық реформа жүргізу. 5. Əлеуметтік əділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру. Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды 3.Жошы ұлысының аумағын карта бойынша көрсет


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет