Нооқабат өркениетіне апаратын қиын жол



Дата07.12.2016
өлшемі121,82 Kb.
#3393
Ю. В. Яковец
Питирим Сорокин– Николай Кондратьев халықаралық институт президенті, Ресей табиғи ғылымдар академиясының Циклдарды зерттеу және болжау бөлімі төрағасы, РФ ғылымының еңбегі сіңген қайраткері, Ресей табиғи ғылымдар академиясының мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, профессор
Нооқабат өркениетіне апаратын қиын жол
1. Нооқабат өркениеті – адамзат болашағы

Мыңдаған жылдар бойындағы әлем өркениеттерінің және тарихи дәуірлердің ауысуы энергетикалық төңкерістер, адамдардың еңбек өнімділігін арттыру және әл-ауқатын жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатын адамзат пайдаланатын энергия көздері құрамының өзгерістерімен бірге жүреді. Индустриялық дәуір – көмір, содан кейін мұнай, газ, уран сияқты қазба отын ресурстарын игерумен сипатталады. Бүгінгі таңда қазба отын әлемдік пайдалану теңгерімінің 81% алады және энергоэкологиялық өндіру жолының негізі және индустриялық өркениеттің пайдалану көзі болып табылады.

Бірақ, ХХІ ғасырдың басында өрістеген жаһандық дағдарыс кластері бүл өркениет негізінен өзінің даму әлеуетін тауысты және жаңамен ауыстыруға жатады, ең жоғары даму деңгейі – интегралдық, гуманистік-нооқабаттық әлемдік өркениет [1; 2; 3]. Оның құрамдық элементі энергияны үнемдеуге бағытталған өндірістің және пайдаланудың нооқабаттық энергоэкологиялық жолының қалыптасуы, қазба отынды жаңармалы энергия көздерімен біртіндеп ауыстыру, атмосфераға газдардың қалдықтарын азайту болып табылады. ХХІ ғасырдың энергоэкологиялық төңкеріс мәні осында [4].

Нооқабат туралы ғылым негізі адам санасын, еңбегін және еркін туғанына 150 жыл толуына орай 2013 жылы бүкіл әлемде тойланатын В.И.Вернадский қалаған биоқабатты құрайтын геологиялық күшке айналдыру [5]. Бұл ілім жан-жақты басқа ұлы орыс ғалымы Н.Н.Моисеев дамытылған, туғанына 100-жыл толуы 2017 жылы тойланатын болады.

Ресей табиғи ғылымдар академиясымен (РЖҒА) ұсынылған қазіргі заманғы ғылыми мектептер Қазақстан ғалымдарымен бірге нооқабат туралы ғылым мен өркениет теориясын дамыта отырып, нооқабат өркениетінің қалыптасу тұжырымдамасын ұсынды, энергоэкологиялық болашақ өркениеттің ұзақ мерзімді болжамын әзірледі [4], БҰҰ-ға және РИО+20 конференциясына өркениеттер ынтымақтастығы базасында жаһандық энергоэкологиялық стратегиясының негізі дәйектелді және ұсынды. Бұл стратегия Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың монографиясында жан-жақты негіздеме берілді [6; 7], БҰҰ-ға ұсынылды, өркениеттік форумдарда және Астана экономикалық форумында әлденеше рет талқыланды.

2. Ұзақ мерзімді энергоэкологиялық стратегия негізі

Әзірленген жаһандық энергоэкологиялық стратегия негізгі ережесі келесіден тұрады.

Бүгінде басым болған өндіру және пайдаланудың индустриалды энергоэкологиялық ысырапты және болашағы жоқ. Оның негізгі кемшіліктері:

Энергияны ысыраптау. Дүние жүзінде энергияны пайдалану аса қарқынмен өсуде. 1990-2009 жж. дүние жүзілік энергия пайдалану мұнай баламасы 8574-ден 11787 млн.т. дейін өсті немесе 37,5%. Осы қарқын сақталғанда 2050 жылға дүниежүзілік энергияны пайдалану 2009 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2,16 есеге өссе, 2010 жылмен салыстырғанда - 5,45 есеге өседі, бұл мүлдем мүмкін емес жағдай. Өндірісте де, үй шаруашылығында да энергияны ысыраптау технологиясы басым, энергияның көп бөлігі тасымалдау үдерісінде ысырапталады, жарнамаға бағытталады. Бұл тұйыққа тірелген жол. Тұрақтандыру қажет, ал келешекте – дүние жүзінде энергияны пайдалануды азайту керек.

Қазба отын ресурстарын тауысу. Қазба отын ресурстары толтырылмайды. Сонымен бірге, мұнай қайтарымының төмен коэффициентіне байланысты мұнайдың елеулі бөлігі қайтарымсыз жер қойнауында жоғалады, табиғи газ қорының бөлігі төмен қысымды ұңғымаларда консервіленген, мұнай газының бөлігі жағылады.

Осындай жағдайларда келесі ұрпақ үшін оның сақталуын қамтамасыз ететін қазба отынын толық көлемде алу және кешенді өңделуін қамтамасыз ететін технологияларды әзірлеу және ірі көлемде ендіру қажет.

2011-2012 жж. «тақта тас төңкерісінен» байқайтынымыз, гидро жарылу қабатымен ұңғыманың тік және көлденең бұрғылауымен біріктіретін технологияны пайдалану тақтатас газдың кең таралған қорын өндіріске ендіруге мүмкіндік береді. Мұнай-газ өнеркәсібіндегі инновациялық-инвестициялық саясаттың негізгі күшін дамыған инфрақұрылымы және кадрлары бар әрекет етіп тұрған кен орнының өміршеңдік кезеңін ұзарту үшін жаңа кен орындарын игеруге жұмсау қажет. Бірінші кезекте бұл Арктика мұнай-газ кешеніне қатысты.

Жаңармалы энергия көздерін қолдану мәселесіне де аса назар аудару қажет, 2009 жылы энергияны пайдаланудың дүние жүзілік теңгерімде оның үлесі 10% құрады [8, стр.164].



Энергия ресурстарының қымбаттауы. Егер соғыстан кейінгі онжылдықта энергияны пайдалану өндіріске жанармайды өндіру және тасымалдау шығынын төмендетуде жаңа бай мұнай-газ кен орындарын тарту жолы арқылы ендірілсе, 70-ші жылдары басқа үрдіс байқалады. Дүниежүзілік банк деректері бойынша 1970 жылдан бастап 2010 жыл аралығында энергия тасымалдағыштарға әлемдік баға индексі 13,9 есеге өсті, ал қалған тауарларға – 1,24 есеге өсті [8, 349 б.]. Бұл әлеуметтік және басқа мақсаттарға бағытталған ресурстар үлесінің қысқаруы есебінен энергияны пайдалануға бағытталған қоғамдық еңбек үлесінің артуына әкелді. Энергия ресурстарын арзандатуға қатысты осы үрдісті іске асыру нооқабаттық өркениеттің қалыптасуының негізгі бағыты болып табылады.
Экологиялық қауіпсіздік. Қазба отынын өндіру және пайдалануын өсуі әлеуетті экологиялық тәуекелдермен байланысты, әсіресе, қайраңда отынды өндіру кезінде, бұны Мексика шығанағындағы апатынан және де көшеттік газ қалдықтарының артуынан көрдік, бұл эколог ғалымдардың пікірінше, соңғы жылдардағы қолайсыз климаттық өзгерістердің бір факторы болып табылады. 1990 жылдан бастап 2008 жылды қоса алғанда СО2 жалпы қалдықтар көлемі 22311 ден 32083 млн. т. дейін – 43 % өсті [8, 172 б.]. Сонымен, РИО+20 конференциясының қорытынды құжаттарында «жасыл экономикаға» көшудің стратегиялық міндеті қойылды. G8 және G20 құжаттарында бұл міндет нақты тұжырымдалған – 2050 жылға СО2 қалдықтарын екі есеге азайту, АҚШ Президенті Барак Обама аса жоғары қиын міндет қойды – СО2 қалдықтарын 80% азайту (2009 жылы АҚШ-та жан басына шаққанда қалдықтар орташа әлемдік деңгейдің 3,8 есесінен астам болған) [8,172 б.].

Алайда бұл міндеттің шешімі – ұзақ мерзімді энергоэкологиялық стратегия – белгісіз кедергілерге кездеседі.



Біріншіден, атмосферадағы көшеттік газдың артуы энергияны өндіру және пайдаланумен ғана байланысты емес, сондай-ақ алдын ала болжау қиын және реттеуге келмейтін табиғи факторлармен де байланысты.

Екіншіден, жер шарындағы кедейлікті жою үшін ЖІӨ өндірісін және көшеттік газ қалдықтарының өсуімен байланысты кедей елдердегі энергияны пайдалануды бірнеше рет өсіруді қажет етеді. Бұл Қытай тәжірибесі растайды. Мұнда 1990 жылдан бастап 2009 жыл аралығында энергияны пайдалану 2,63 есеге өссе, ал СО2 қалдықтарын – 2,9 есеге [8, 170 б.]. Қытай АҚШ-тан эстафетаны қабылдап, жер шарының атмосферасын негізгі ластаушысы болды.

Бұл қайшылықты жаңа заманның экологиялық таза технологияларын энергетикада жаппай пайдалану негізінде шешуге болады. Өркениет пен мемлекеттердің энергоэкологиялық ынтымақтастығы негізінде артта қалған елдерде ірі ауқымды технологиялық төңкеріс жолында бұдан шығар жол табылуы мүмкін.



Ренталық фактор. Жаһандық энергоэкологиялық стратегияның негізгі бағыты энергия тасымалдағыштарына әлемдік бағаны салыстырмалы тұрақтандыру болып табылады. Осы бағалардың кенет ауытқуы көбінесе алыпсатарлық сипатта болады және экономиканың тұрақтылығын, инвестициялау сенімділігін бұзады, әлемдік энергорента және экологиялық антирентаның кенет ауытқуына әкеледі. Ренталық табыс жаһандық энергоэкологиялық стратегияны жүзеге асыратын көздерінің бірі болуы мүмкін. Бұл ұсыныстар РИО+10 тұрақты дамуы бойынша Саммит аясындағы Дөңгелек үстел отырысында (Йоханнесбург, 2002) менімен ұсынылды, бірақ әлі күнге дейін түсіністік пен қолдау тапқан жоқ.

Дүниежүзілік банк есебі бойынша дүниежүзі бойынша жалпы ЖІӨ рентасы 2010 жылы 4% құрады; оның ішінде Ресейде – 19,9%; Қазақстанда – 27,6%; Әзербайжанда – 46,5; Түркменияда – 43,9%; Сауд Аравиясында – 53,7% [8, 204-206 бб].

Әлі күнге дейін экологиялық антирента, сондай-ақ шығын көлемі бағаланған жоқ, нәтижесінде қоршаған ортаға көшеттік газдың қалдықтарының нормасы бұзылған. «Киот хаттамасы» арқылы қоршаған ортаны ластаудың квота нарығын орнату әрекеті нақты нәтижелер бермеді. Ренталық табысты негізінен ТҰК және энергия өндіруші елдер иемденеді және осы табыстардың тек азғантай бөлігі ғана экономиканы инновациялық жаңғыртуға жұмсалады.

Табиғи рента мен экологиялық антирентаның көлемін анықтаудың нақты негізделген қажет және ренталық табысты аса әділ және тиімді әдістерін әзірлеу. Жаһандық экологиялық қоры базасында Жаһандық энергоэкологиялық қорын құруға болады, әлемдік энергорента бөлігі және экологиялық антирентаның негізгі бөлігі есебінен оның көлемін едәуір өсіру және экологиялық бағдарламаларды («Барлығымыз үшін тұрақты энергетика», «Арктика энергиясы», «Жасыл көпір» және басқалар) қаржыландырудың негізгі көзі және табысы төмен елдердің энергоэкологиялық дамуын қолдау көрсету ретінде пайдалану.



3. РИО+20 конференциясы – үміт пен түңілу

2007 жылдан бастап, бес жыл бойында Ресей және Қазақстан ғалымдары басқа елдердің ғалымдарының қатысуымен жаһандық энергоэкологиялық стратегияны әзірледі. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев екі рет (2007 жылғы қыркүйекте және 2011 жылғы қыркүйекте) БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-ші және 65-ші сессияларының ашылуында жаһандық энергоэкологиялық бағдарламаларды әзірлеу туралы ұсыныспен баяндама жасады. 2009 жылғы [11] және 2011 жылғы [12] монографияларында ол осы бағдарламаларға негізді дәйектемелер берді.

Питирим Сорокин-Николай Кондратьев Халықаралық институтымен қалыптастырылған Ресей, Қазақстан және басқа елдер ғалымдарының халықаралық ұжымы «Өркениеттің энергоэкологиялық болашағы» ұзақ мерзімді болжамын (2050 жылға дейінгі кезеңге «Өркениет болашағы» Жаһандық болжамның 3 тарауы) әзірледі және ІІ Өркениет форумына (Астана, 2008 жылғы қазан) талқылауға ұсынды. Болжам Алматы ІІІ Өркениет форумында (2009 жылғы қыркүйек), БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-ші сессиясының шеңберінде Дөңгелек үстел отырысында (2009 жылғы қазан), ЭКСПО-2010 Дүниежүзілік көрме шеңберінде IV Өркениет форумында (2010 қазан, Шанхай) қолдау тапты.

Болжам негізінде ғалымдардың халықаралық ұжымы БҰҰ конференциясына «Өркениеттер ынтымақтастығы негізінде жаһандық тұрақты дамудың ұзақ мерзімді стратегиясының негізі » РИО+20 тұрақты дамуы бойынша баяндама әзірледі, бұл баяндама БҰҰ Бас Ассамблеясының 65-ші сессиясы шеңберінде Дөңгелек үстел отырысында (2011 жылғы маусым), БҰҰ Өркениеттер Альянсы IV форумында (Катар, 2011 жылғы желтоқсан), Форумның арнайы сессиясы энергоэкологиялық стратегияға арналған РИО+20 тұрақты дамуы бойнша БҰҰ Конференциясы шеңберінде VI Өркениеттер форумында (Рио-де-Жанейро, 2012 жылғы маусым) талқыланды. Бұл стратегия IV және V Астана экономикалық форумдарында (2011 жылғы мамыр және 2012 жылғы мамыр) талқыланды.

Біз, өркениеттер ынтымақтастығы негізіндегі жаһандық тұрақты дамудың ұзақ мерзімді стратегиясы (оның маңызды бөлігі – жаһандық энергоэкологиялық стратегия) РИО+20 тұрақты дамуы бойынша БҰҰ Конференциясында талқылаудың басты тақырыбы болады және жаһандық қауымдастыққа ХХІ ғасырдың мәселелеріне тәнік қабылдауға көмектеседі деп үміттендік.

Алайда, 2009 жылғы желтоқсанда Бас Ассамблеяның 64-ші сессиясында тұжырымдалған РИО+20 Конференциясының күн тәртібі ХХІ ғасырда тәнік түбегейлі өзгерістерімен жаңартылған стратегияға емес бұрынғы шешімдерді орындауға бағытталғанын білгенде алғаш көңіліміз қалды.

Конференцияның Қорытынды құжатымен (283 тараудан тұратын) танысқанда екінші рет көңілім қалды. Мұнда көптеген ортақ ұсыныстар мен жеке инновациялар бар, бірақ іс жүзінде, БҰҰ тұрақты дамуы бойынша Комиссия базасында Жоғары саяси форумды құрудан басқа базистік инновациялар жоқ, алайда оның орны БҰҰ жүйесінде нақты анықталмаған. Жаһандық экологиялық стратегияны әзірлеу туралы Қазақстанның ұсынысы қорытынды құжатқа енгізілмеді. Маңызды шешімдерге бағытталған «Барлығымыз үшін тұрақты энергия» және «Жасыл көпір» бағдарламалар қолдау тапты. Мен Саммит отырысына қатыстым. 2002 жылы Йоханнесбургтегі РИО+10, мұнда барлығы үшін электр энергиясын қолжетімді болу қажеттілігі туралы мәселе талқыланды, бірақ он жыл ішінде ешнәрсе өзгерген жоқ.

РИО+20 Конференциясының қорытынды құжатын талқылаған және қабылдаған мемлекеттік және халықаралық шенеуліктердің мұндай ұстанымы кездейсоқ емес. «Өмірге қабілетті адамдардың өмірге қабілетті жер шары: біз таңдайтын болашақ» жаһандық тұрақтылық бойынша «Жоғары дәреже тобы» 2010 жылы құрылған баяндама ұсынылған кейбір ұсыныстар қабылданбады [12].

Бұл соңғы онжылдықта қалыптасқан үкімет пен БҰҰ жүйесі озық ғылымнан қалыс қалуы, стратегиялық әрекеттер жасауға қабілетсіздігі, түбегейлі түрлендіруді қолданбай оларды жартылай жақсарта отырып бар тәртіпті сақтауға ұмтылыстарынан байқалады.

Нәтижесінде, РИО+20 Конференциясының қорытынды құжатында еретеректе қабылданған стратегияның көп бөлігі орындалмаған деп жазылғанмен (іс жүзінде ХХІ ғасыр басындағы жаһандық даму бұдан бұрынғы екі онжылдыққа қарағанда аса тұрақсыз және ретсіз), қабылданған құжат жартылай жақсартуы бар бұрынғы стратегиямен шектелді. Қорытынды құжатта тұрақты дамуды құрайтын экономиканы, әлеуметтік және экологияны келісу қажеттігі бірнеше рет баса айтылған, бірақ өркениет диалогы туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының бұрынғы шешімі ұмытылған, ал «Тұрақты даму мүддесінде жаһандық ынтымақтастықты құру» мыңжылдық мақсаты жеке мәселелер бойынша мемлекеттік-жеке серіктестік ретінде түсіндіріледі.

Жалпы, РИО+20 конференциясы өзінің тарихи миссиясын орындай алған жоқ, яғни ХХІ ғасырға лайықты жауап қайтару үшін мемлекет пен өркениет ынтымақтастығына бағытталған жаһандық стратегия негізін қалай алмады.
4.Келесі қадамдар

Ғалымдарға жайбарақат журуге болмайды. Жаһандық энергоэкологиялық стратегия өзекті мәселе болып қалады. Оған деген қажеттілік артуда, бұны 2012 жылғы дағдарыстың екінші толқыны растайды. Неолибералдық реформаларда өз банкроттығын растауына негізделген Еуропа одағының және халықаралық валюта қорының антикризистік саясаты дағдарыстың тереңдеуіне және әлеуметтік-саяси жарылыс қаупінің үдеуіне әкеледі. Жаһандық революциялық жағдай қалыптасады. Революциялық толқудың қозғаушы күші ретінде жұмыссыздықтан ең көп зардап шегетін жастар болып табылады. Әлемді салдары белгісіз болатын жаңа ірі толғаныстар, өркениет аралық, мемлекетаралық және конфессия аралық қайшылықтардың үдеуі күтіп тұр.

Осындай тынышсыз кезеңде қоғамдық және экологиялық ғылымдардың постиндустриялық парадигмасын қалыптастыратын ілгерімелі ғалымдардың бірінші кезектегі міндеті – жаһандық дағдарысты жеңудің жаһандық тұрақты даму траекториясын шығудың, ғылымдардың, білімнің, мемлекет пен бизнестің инновациялық ынтымақтастығының, өркениет пен мемлекеттің геосаяси ынтымақтастығының, үкімет пен азамат қоғамының әлеуметтік ынтымақтастығының ғылыми негізделген стратегиясын әзірлеу мен жаңа заман көшбасшыларына ұсыну және табандылықпен алға жылжыту.

РЖҒА циклдарды зерттеу және болжау бөлімі, Питири Сорокин-Николай Кондратьев халықаралық институты, Экономикалық стратегиялар институты басқа ғылыми ұйымдар және Ресей, Қазақстан, Украина (Саймон Кузнец атындағы Даму және өз-өзін ұйымдастыру халықаралық институты), Бразилия (Кандидо Мендесуниверситеті) университеттерімен, Табиғи ғылымдарының Еуропалық академиясымен (Германия) бірлесе отырып, осы стратегиялық міндеттерді шешу үшін келесі қадамдарды ұсынады:

1. ҚЖАҚ, ЭСИН, ҚазҰЖҒА және жаһанды болжау және стратегиялық жоспарлаудың халықаралық институтының басқа құрылымдар (ЮНЕСКО сияқты ұйымдар) базасында дағдарысты жеңудің ұзақ мерзімді болжамын әзірлеу функциясын оған жүктеумен және өркениеттер ынтымақтастығы базасында жаһандық тұрақты даму шығу (тұрақты энергоэкологиялық даму стратегиясын қоса алғанда) және стратегиялық басымдылықтардың жүзеге асуын қамтамасыз ететін халықаралық бағдарламаларды құру.

2. Ұсынылатын стратегия жаңа ұрпақ үшін рас қолжетімді болуы үшін Ашық өркениет Интернет-университетін құру; 2014 жылы Ашық өркениет Интернет-университеті бағдарламалары бойынша оқытумен «Өркениет Нух кемесімен» Жерорта теңізі және Қара теңіз бойынша жаңа ұрпақ көшбасшыларына арналған білім теңіз саяхатын және «ХХІ ғасырдың әлем өркениеті – жаңа ұрпақ көрінісі» жалпы тұғырнамасын құру. Университет бағдарламасына өркениет ынтымақтастығының энергоэкологиялық зерттеуі ену қажет.

3. «Жоғары дәреже тобын» құру және Астана экономикалық форумдарында (Нобель лауреаты клубының қатысуымен) стратегия тұжырымдамасы мен жобасын талқылау үшін энергоэкологиялық стратегия жобасын әзірлеу үшін ондағы ғылыми топты құру және Астанада «Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017 Дүниежүзілік көрмесі шеңберінде энергоэкологиялық саммитте ұсыну.

Бұл нооқабаттық өркениет, нооқабаттық энергоэкологиялық өндіру және пайдалану тәсілін қалыптастыруда нақты ірі көлемді жоспар болады.



Әдебиет

  1. Яковец Ю.В., Кузык Б.Н. ХХІ ғасыр шақырысына жауап – ықпалдастырылған өркениеттің қалыптасуы. М.: ҚЖАҚ, 2000.

  2. Кузык Б.Н., Яковец Ю.В. Өркениет: теория, тарих, диалог, болашақ. 6 т. Ықпалдастырылған өркениеттің келешекте қалыптасуы. М.: ЭСИН, 2010. www.librery.newparadigm /

  3. Яковец Ю.В. ХХІ ғасырдың жаһандық түрлену. М.Экономика, 2011

  4. 2050 жылға дейінгі кезеңде «Болашақ өркениет» жаһандық болжамы 1-10 тараулары. Ю.В. Яковец ред. М.: ҚЖАҚ, 2008-2009 www.globfuture.newparadigm

  5. Өркениеттер ынтымақтастығы базасында жаһандық тұрақты дамудың ұзақ мерзімді стратегиясының негізі. РИО+20 тұрақты дамуы бойынша БҰҰ Конференциясына халықаралық ғалымдар ұжымының баяндамасы. М.: ҚЖАҚ, 2011.

  6. Назарбаев Н.Ә. Жаһандық қауымдастықтың және өркениеттер ынтымақтастығының түбегейлі жаңарту стратегиясы. Астана: 2009.

  7. Назарбаев Н.А. ХХІ ғасырда тұрақты дамудың жаһандық энергоэкологиялық стратегиясы Мәскеу-Астана: Экономика, 2011.

  8. 2012 World Development Indicators. Washington: The World Bank/ 2012.

  9. Яковец Ю.В. Жаһандық-өркениет өлшемінде рента, антирента, квазирента. М.: Академкнига, 2003.

  10. Өмірге қабілетті адамдардың өмірге қабілетті жер шары: біз қалайтын болашақ. Жаһандық тұрақтылық бойынша Жоғары дәрежелі топтың баяндамасы. Нью-Йорк, ООН, 2012.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет