Новоишим қазақ орта мектебінің аналитикалық талдауы 2011-2012 оқу жылы



Дата25.01.2017
өлшемі160,06 Kb.
#8126
Новоишим қазақ орта мектебінің аналитикалық талдауы

2011-2012 оқу жылы.

2011-2012 оқу жылында мектеп «Оқу-тәрбие үрдісін жаңа технологиялар негізінде жетілдіру және шығармашыл тұлға шығаруға бағыттау» тақырыбы бойынша жұмыс атқарды.

Мұғалімдер келесі міндеттерді шешуге қатысты:

Білім сапасы - басты көрсеткіш. Барлық сыныптағы оқушылардың білім сапасы деңгейін жаңа қабылданған білім стандарты талаптарына сәйкестендіру үшін күш салу;

Күнтізбелік жоспарлар талапқа сай әзірленуін назарда ұстау;

Мектеп мұғалімдерінің түрлі кәсіби байқауларға қатыстыру, шығармашылықпен жұмыс жасауға бейімдеу;

Интерактивті тақта мүмкіншіліктерін толық пайдалану жұмыстарын қолға алу;

Негізгі пәндер білім сапасының мониторингісімен жұмыс жасау, тоқсан сайын тестік тексеруді жолға қою;

Пән әдістеме бірлестіктерінің белсенді жұмыс істеуіне ықпал жасау;

Жүйелі түрде мұғалімдердің сабақтарына қатысып, әдістемелік көмектер ұйымдастыру;

Аттестатциядан өтетін мұғалімдердің аттестаттау талабына сай болуын бақылауда ұстау.

Пәндерді оқытуда мультимедиялық, электронды интернет, интерактивтік технология арқылы он-лайн режімінде шаралар ұйымдастыру;

Оқушылардың өз бетінше білім алу және оны практикада қолдану қажеттігі мен дағдысын қалыптастыру, негізгі құзыреттіліктерді игеруге бағдарландыру;

МАБ және ҰБТ-ге жан-жақты дайындық жүргізу, тестілеуді оқу үрдісінде жоспарлы қолдану;

Диагностиканы және бақылаудың формаларын, түрлерін жетілдіру;

Оқушылардың олимпиадалық резервімен жұмысты жандандыру;

Жеке тұлғаны қазақстандық отаншылдыққа, толеранттылыққа, жоғары мәдениеттілікке тәрбиелеу және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатындағы жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру;

Мұғалімдер қауымы, ішкі істер бөлімі, отбасы щарасындағы ықпалдастықты күшейте отырып, мектеп оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың тиімді жолдарын қарастыру.



Мектептің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

- Мектеп оқушыларының жеке қасиеттері, бағыттылығы мен қабілеттілігіне, ұлттық құндылықтар жүйесіне сүйене отырып, оқу процесіне жаңа технологияларды енгізе отырып, оқушыларды дамыту және өзін-өзі дамытуға оптималды жағдай жасау жүйесінің сапасын арттыру.

- Адамгершілігі мол, шығармашылық қабілеті жоғары тұлғаны тәрбиелеу.

Жалпыға міндетті білім беру стандартының міндетті мөлшерін игеру негізінде білім алушылардың жалпы мәдениет тұлғасын қалыптастыру.

Олардың қоғамдағы өмірге бейімделуі.

Азаматтық пен елжандылыққа, еңбексүйгіштікке, адамның құқықтары мен бостандығын құрметтеуге, қоршаған табиғатқа, Отанына, отбасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Оқу үрдісінің ұйымдастырылуы келесі нормативтік-ақпараттық құжаттармен реттеледі:

-ҚР «Білім туралы» Заңы.

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.

-ҚР «Тіл туралы» Заңы.

-«2011-2012 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беру оқу мекемелерінде ғылым негіздері оқытылуының ерекшеліктері туралы» нұсқаулық-әдістемелік хаты.

-Мектеп жарғысы.

-Жұмыстың жеке тараптарын реттейтін актілер, ережелер (ҰБТ, ОЖСБ және ішкі еңбек тәртіп ережелері).

-Жылдық жұмыс жоспары.

-Штаттық кесте.

Әр мұғалім ӘБ бекіткен жоспар бойынша жұмыс істейді.

Куәліктер мен аттестаттарды тіркеу кітаптары.Оқу жылының нәтижелері бойынша қатаң есептегі бланктарды тіркеу кітабында және сынып журналдарында бағалар сәйкес. Мақтау қағаздарын тіркеу кітабы қанағаттанарлық жағдайда.

Оқушылардың жеке іс қағаздары. Оқу жылы барысында жеке іс қағаздары бірнеше рет тексерілді. Сынып жетекшілер кейде сынып журналына жеке бас істердің нөмірін алфавиттік кітаптағы нөмірлерімен сәйкес жазбаған, оқушылардың кету немесе келу туралы мәлімет уақытында белгіленбеген. Кейбір оқушылардың іс қағаздарында аты-жөнінің сәйкессіздігі болды, бұл туралы кемшіліктер тексеру нәтижелері бойынша анықтамаларда көрсетілген.

Сынып журналдары.

-Көптеген мұғалімдер қатаң есептегі құжаттардың толтыруларына ұқыпты қарайды.

-Білім мазмұнының минимумы сақталған.

-Жазбаша, практикалық жұмыстар күнтізбелік-тақырыпта жоспарға сәйкес орындалған.

Бағалар қоры жеткілікті.

Бірақ оқу жылы ішінде тоқсандық және қорытынды бағалардың нақтылығы жөнінде ескертулер жасалды, кейбір мұғалімдер журналды уақытында толтырмаған, үй тапсырмаларын жазбаған, түзетулер, қатені өшірулер болған.

2010-2011 оқу жылына арналған кабинеттерде ТҚ бойынша нұсқаулар әзірленген, нұсқаулар уақытында жүргізіліп, оқушылардың қолы қойылған.

Мектеп басшылығы оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыздандыруына үнемі көңіл бөледі. Оқу жылы ішінде бракераж комиссиясы тағамдардың сапалығын тексеріп отырады. Бастауыш мектеп оқушылары тегін тамақтанды

Тұрмысы төмен отбасыларындағы балалардың әлеуметтік кепілділігін мектеп қамтамасыз етеді. 2011-2012 оқу жылында есепте ----- бала тұрды.

Материалдық жәрдем көрсету мақсатында бұл оқушыларға жалпы оқу қорынан ---------теңге бөлінген.

Бұл қаражат: оқу-құралдарын, киім-кешек, аяқ киімдерді алуға------- теңге;

-Мектеп жанындағы лагерьде балалар ата-аналалардың демеушілігі арқасында тамақтанды. Жалпы17600 теңгеге тамақтанды 3 кезеңде

-«Бөбек» рес.демалыс және сауықтыру орталығына Балташ Чингиз – 8б-сынып оқушысы

-«Арман» демалыс және сауықтыру орталығына -5 оқушы жолдама алды: Жолбарыс Ақбота, Абай Әзімхан,

- облыстық демалыс-сауықтыру орталығына «Солнечный» - 6 оқушы: Социалов Е, Жолкенов Ж, Әлеумет педагог (Кабдуллин А.Б. қарашадан бастап Мамбеталинова Б.А.) жұмыс жоспарын құрған. Жұмыстарын жұмыс жоспарына сәйкес жүргізді.

Оқыту мен тәрбие үрдісінде оқушыларды психологиялық тұрғысынан қамтамасыздандыру психологиялық қызмет жұмысының мақсаты болып табылады:



Міндеттері:

1. Балалардың психологиялық әлеуетінің жүйелі диагностикасы.

2. Балалардың жаңа әлеуметтік жағдаятына бейімделуінің деңгейі мен ерекшеліктерін зерделеу.

3. Мұғалім, оқушы мен ата-аналарда туындайтын мәселелерді тиімді шешу мақсатында психологиялық ағартыушылық қызметі мен профилактикасы.

4. Педагогикалық ұжымда психологиялық ахулды жасауда әкімшілікке көмек көрсету.

Психологиялық қызметінің жұмысы 4 бағытта дамуда: диагностика, түзету, ағартушылық-профилактикалық іс-әрекет және консультация беру.

Оқуға деген ынтаның деңгейін, зияткерлік қабілеттерін, мектепке көңіл бөлуін, мазасыздығын, танымдық үрдісін, өзін-өзі бағалауын, социометрия мен кәсіби бағдарын анықтау мақсатында 1,4,5,9 және11 сыныптарында диагностикалық жұмыс жоспар бойынша жүргізіледі. 7,8 сыныптарда жас өспірімдердің суицидік бағыттылығы.

Бастауыш және орта буында жоспар бойынша және сынып жетекшілердің сұранысы бойынша ұжымды нығайту мақсатында түзету-дамытушылық жұмыс жүргізілді, сондай-ақ қауіп-қатер тобының балаларымен және девианттық мінез-құлықты балалармен жеке түзету жұмыстары жүргізілді.

ОЖСБ және ҰБТ-ге психологиялық дайындық бойынша 4,9 және 11 сыныптарда профилактикалық жұмыс, сонымен қатар оқушылар мен мұғалімдер арасында ЖИТС, суицид және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Оқу жылы барысында ата-аналар жиналыстарында мына тақырыптар бойынша мәселелер көтерілді: «Баланың мектепте оқуға психологиялық дайындығы», «Бірінші сынып оқушыларының қарама-қайшы рөлдері», «Отбасы жағдайындағы баланың психологиялық денсаулығы», «Балаға стресс қалай болғанын білуге болады?», «Оқу іс-әрекетінің табыстылығына ынтаның ықпалы».

«Білім тұрақты даму үшін» инновациялық жобаның психологиялық қамтамасыздығы бойынша жоспардан тыс жұмыс болды, жұмыстың қорытындысы ретінде «Қоғамның тұрақты дамуы үшін мектеп моделін жетілдіру» қалалық семинарда «Эксперименттің психологиялық қамтамасыздығы: мониторингтің нәтижелері» тақырыбында баяндама жасалды.

Сынып жетекшілер мен оқушылар үшін консультациялар. Отбасылық және жеке консультациялар ата-аналар үшін.

Атқарылған жылдық жұмысты талдай келе негізінде психологиялық қызмет алдына қойған міндеттерін жүзеге асырды. Жұмыстың әлсіз жақтарын да айта кету керке: ол педагогикалық ұжымның психологиялық қызметтпен өзара әрекетінің нашарлығы және коррекциялық жұмыстар жеткіліксіз дамығаны.

2011-2012 оқу жылында психологтар жұмысын жетілдіру үшін келесі жұмыс жоспарланды:

-әдістемелік қызметтің жабдықтауын жақсарту, әдістемелік инструментарийді көбейту;

-кәсіби біліктілікті дамыту үшін өздігінен білім алуды жалғастыру.

Мектепте 2 мектепалды даярлық тобы жұмыс істейді. Сыныптары безендірілген және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыздырылған.

Мектептің оқу үрдісі оқу жоспарымен, жылдық күнтізбелік жоспарлармен, сабақ кестесімен реттеледі.

Сабақ үш ауысымда жүргізіледі, сабақтардың ұзақтығы 45 минут.

Оқу жүктеменің максималды көлемі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен санитарлық нормаға сәйкес. Мектептің оқу жоспары базалық, мектеп және оқушы компоненттерінен құрылған.

Мектебіміз педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілген. Педагогикалық ұжым 48 адамнан құрылған. Олардың 45-і- жоғары білімді, 3 адамның білімі орта арнаулы.

Мұғалімдер уақытында қайта даярлау курстарынан өтіп тұрады.

2011-2012 оқу жылында 15 мұғалім біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Педагогикалық қызыметкерлерді аттестаттау нәтижелері бойынша: 3 жоғары санатты (биыл Рамазанова Ж.Н. біліктілігін жоғарылатты), 13-бірінші санатты, 12 мұғалім – екінші санатты (биыл 6 мұғалім біліктілігін жоғарылатты,), 12 мұғалімде – санаты жоқ

.

Мектепте 5 әдістемелік бірлестік «Оқу пәнінің оқытылу әдістемелік аймағында мұғалімдердің педагогикалық шеберлігінің, олардың білімдарлығының және құзырлығының деңгейін үздіксіз жетілдіру» тақырыбы бойынша жұмыс істейді.



ӘБ жетекшілері мектептің әдістемелік кеңесінің құрамында, олар жұмыстың негізгі бағыттарын үйлестіреді.

Әдістемелік жұмыстың ұйымдастыруында пәндердің оқытылу сапасының және оқушымен бағдарламалық материалдары игеру деңгейінің мониторингісі жүзеге асырылады.

2010-2011 оқу жылындағы білім беру үрдісінің нәтижелілігі.

Пән

1-11 сынып

Қазақ тілі

67,5 %

Қазақ әдебиеті

80,8%

Орыс тілі

70 %

Ағылшын тілі

64,2 %

Математика

59,6 %

Физика

84,8 %

Химия

74,6%

География

51,1%

Биология

76 %

Д.тарихы

65,4

Қазақстан тарихы

60,7 %

АӘД

86,8

Информатика

84,4%

құқық

66,7 %

Дене шынықтыру

99,8 %

Технология

98,3 %

Курстар жүйесі арқылы біліктілікті арттыру мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін үнемі жетілдіру ӘБ пен мектеп әкімшілігі жұмысының маңызды бағыты болып табылады.

Оқу жылдары

2009-2010

2010-2011

2011-2012

Біліктілігін арттыру курстардан өткен мұғалімдердің саны

11

16

15

Биылғы оқу жылында біліктілігін арттыру курстарында орыс тілі және ағылшын тілінің мұғалімдері, математика,тарих ,дене шынықтыру,бейнелеу өнері, биология, бастауыш сынып мұғалімдері мен мектеп алды даярлық топ тәрбиешілері курстардан өтті.Математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану пәндерінен проблемалық курстар өтілді. Оның ішінде 3айлық курсқа Кабдуллин А.Б., Даирова А.Б., Карамандинова А.М. және Сүйесинова С.Т. РИПСО электрондық оқыту жүйесі бойынша курсқа барды.

Оқу жылы барысында мектеп мұғалімдері пәндер бойынша тұрақты өткізілетін аудандық, облыстық семинарларға қатысып отырды: Баумағанбетова З.Қ. облыстық шығармашылық топ бойынша жұмыс істейді,Алгожина Г.А. эксперимен сыныптары бойынша облыстық сем инар, Ғ.Мүсіреповтің туғанына 110 жылдығына орай облыстық семинар

Қазақстандық жазушылардың шығармалары бойынша оқуларына мектеп оқушылары белсене қатысып, оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды.: Абай, Мағжан, Ғабит Мүсірепов оқулары.

Оқу жылы ішінде пән онкүндіктері өткізілді, онда пән бойынша мұғалімдер ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар көрсетті.

Бастауыш сынып онкүндігі, жаратылыстану-математикалық бағыт пәндерінің онкүндігі, қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндерінің онкүндігі, өнер – әскери-спорт, өзін-өзі тану пәндерінің онкүндіктері қызықты да мазмұнды өтті.

Ақпараттық коммуникативтік технологияларды және интерактивті тақтаны қолдану арқылы ашық сабақтардың саны артты.

Дарынды балалармен жұмыс оқу жылының басында бекітілген жоспарға сәйкес өткізілді.

ӘБ жұмысының арқасында мектеп пәндік олимпиадасын өткізу үшін материал дайындалды, олардың қорытындысы былтырғы жылмен салыстырмалы түрде талданды. Мектепішілік және аудандық олимпиадалардың нәтижелері бойынша мұғалімдер мынадай қорытындыға келді: дарынды балалармен пәндер бойынша жұмысты күшейту қажет.

ӘБ отырыстарында білім алушылардың ОЖСБ аттестаттауының қорытындысы талданды, шаралар жүйесі әзірленді.

Олимпиадаларға қатысу.



Байқаудың атауы

2010-2011

2011-2012




Ақбота

19

36




Золотое руно

2

10




Кенгуру – математик

20

29
















Бритиш бульдог

4

11




























Абай оқулары

13

5
















Республикалық байқау «Физмат»

4

2




Орыс тілінен, математикадан КИО дистанциялық олимпиадасы

-

22




Русский медвежонок

21

11




















































Олимпиадалар жүлдегерлері.



Конкурс олимпиада, конференциялар, атауы

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Мұғалімнің аты-жөні

1

«Ақбота», 2 орын

Қайыржан Дархан

5

Рамазанов Д.Б.

2

«Ақбота», 3 орын

Ракпанов Данияр

5

Рамазанов Д.Б.

3

«Ақбота», 3 орын

Оразбай Али

5

Рамазанов Д.Б.

4

«Ақбота», 3 орын

Алпыспай Дидар

5

Рамазанов Д.Б.

5

«Ақбота», 3 орын

Бекболат Мадина

5

Рамазанов Д.Б.

6

«Ақбота», 3 орын

Темиргали Темирлан

5

Рамазанов Д.Б.

7

«Золотое руно»

Касин Алишер

6

Сулейменова Б.Б.

8

Русский медвежонок

Жакен Аружан

3

Батыргожинова Ш.К.

9

Русский медвежонок

Алпыспай Даурен

8

Батыргожинова Ш.К.

11

Аудан олимпиадасы










12

Орыс тілі

Капенова Салтанат

3 /1-орын

Батыргожинова Ш.К.

13




Алпыспай Айбек

9/3-орын

Батыргожинова Ш.К.

14

Қазақстан тарихы

Биржанова Айгерим

11/2орын

Дуйсенбин Е.Б.

15




Биржанова Айдана

10/3орын

Даирова А.Б.

16

Қазақ тілі

Куркебаева Лейлагуль

11/2орын

Сулейменова С.Қ.

17




Мырзагельдина Дина

10/1 орын

Рамазанова Ж.Н.

18




Боршенова Нұрбақыт

9/3орын

Рамазанова Ж.Н.

19

ФИЗИКА

Молдашева Айнұр

9/3орын

Жумағалиев К.Қ

20

КАТЕВ олимпиадасы

Айсенова Назгүл

7/2орын

Жахина Ж.М.







Букенова Асель

11/1орын

Рамазанова Ж.Н.

21




Боршенова Ж.Н.

9/3орын

Рамазанова Ж.Н.

Ұсыныстар:
-оқуға төмен ынтасы бар балалармен және дарынды балалармен жұмыс күшейтілсін;

-өз бетімен білім алудың тақырыбы бойынша мұғалімдер жұмысын жоспарласын.

Мектептік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарының орындалуына әкімшілік тарапынан бақылау басқарушылық қызметтің негізгі міндеті болып табылады, бақылау 2010-2011 оқу жылына арналған мектеп жұмысының жоспары негізінде жүзеге асырылды.

Әкімшілік бақылаудың түрлі формаларын қолданады: тақырыптық, жеке, қорытынды-сыныптық. Осыған орай сабақтар қатысылды. Қатысылған сабақтардың талдауы мұғалімдердің заманауи сабақтарды дайындау кезінде кездесетін негізгі қиындықтарын анықтауға мүмкіндік берді:

1. Барлық оқушыларға оқу материалын тек игеретіп қана қоймай, олардың қабілеттері мен дайындық көлемінде дербестігін қамтамасыз ететін сабақтарды ұйымдастыру.

2. Оқытудың түрлі құралдарының кешенді қолданылуының, оның ішінде техникалық құралдардың да қолданылуының қажеттілігі.

3. Оқуға деген ынтаны тұжырымдау, тақырып бойынша оқушылардың танымдық қызығушылығын қозғау, олардың эмоционалдық көңіл-күйін арттыру және тәрбие, оқу мен дамудың бірлігін қамтамасыз ету күрделілігі.

Келесі сабақтар айқындалды:

1. Оқу үрдісінде мұғалім мен оқушылардың байланысы өзгергендіктен сабақта мұғалім мен оқушылар әрекеттестігінің жаңа схемаларын іздеуді талап етеді.

2. Оқу материалының ақпараттылығы арттырылды, сонымен қатар сабақта мақсат пен міндеттерді қоюда және көптеген оқу-практикалық міндеттерді орындауда оқушылардың белсенділігі төмендеді.

3. Көптеген мұғалімдер оқытудың түсіндіру-иллюстративтік түрінен толық арыла алмауы. Оқулықтарда оқу материалдың мазмұндауы ақпараттық сипатта, тапсырмалардың вариативтік түрінің, шығармашылықпен орындайтын тапсырмалардың жоқтығы.

4. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға сабақта мұғалім жұмысының негізінде мақсаттылығы жоқ, оқуға ынта бар оқушылармен жүйелі жұмыс жоқ.

Шығармашылық ізденістегі мұғалімдерге көңіл аударайық Нұғыманова А.Қ., Сулейменова С.Қ., Алгожина Г.А., Ильясова М.Е.,Баумағанбетова З.Қ., Даирова А.Б., Зекекрина Ш.С.олардың сабақтары жұмыстың дәл ұйымдастыруылығымен (тақтаны безендіруден, әр сабақтың мақсаттылығынан, сабақтың үш мақсатын жүзеге асырылуына дейін», сабақ өткізудің түрлілігімен ерекшеленеді. Деңгейлік тапсырмаларды қолданады, дербестікті мадақтайды, дамытушылық және шығармашылық сипаттағы тапсырырмаларды ұсынады.

Рамазанова Ж.Н. сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолданады.

Кожахметова А.С., Жакетова Г.О., Суйесинова С.Т., Дүйсенбин Е.Б., Жолдаспаева Г.М., Сулейменова Б.Б. сабақтарында пәнге деген қызығушылықты дамытуға себепкер болуда, нашар және жақсы оқитын оқушылармен жұмыс істейді.

Мектепішілік бақылаудың жүйеленген мәліметтер кестелер, диаграммалар мен графиктер түрінде безендірілген. Нәтижелер педагогикалық кеңестерде, директор жанындағы кеңестерде талқыланады.

Материалдардың талдауы мектеп оқушыларының оқу мүмкіншіліктерін пайымдауға, жұмыстарын мақсатты өткізуге мүмкіндік береді.

«4» пен «5» оқитын түлектердің тұрақты саны, ОЖСБ және ҰБТ нәтижелері, гранттар-оқыту нәтижелілігінің маңызды көрсеткіші.

Ұсынылсын:

Жаңа оқу жылында пән мұғалімдері сынып жетекшілерімен бірлесіп оқушылардың үлгерімі төмендеуіне байланысты оқытудың нәтижелілігін жүргізсін, үздік және екпінді оқушылар саны азаюына байланысты орта буында қатаң бақылау саясатын жүргізу.



Мұғалімнің кәсібилік аксиомасы бұрынғыдай болу керек: «Мұғалім кешегіден жақсы оқытуға міндетті. Оқушылар өздерінің білімдік және құзырлық деңгейін төмендетпей арттыруға тиісті. Тек осы жағдайда мұғалім өзін кәсіпқой педагогпын деп санайды».

Оқушылардың білімін нақты бағалауға ұмытпайық. Бұл проблема бар пән мұғалімдері оқушының әлсіз жақтарын білуге тиісті, жай бағаларды журналға қою түрінде емес, әр оқылатын тақырып бойынша өз мониторингін жүргізу керек.
Каталог: document library
document library -> Оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісінде жүргізілген жұмыстарға сараптама
document library -> Оқу жылы бойынша №29 Александр Герцен атындағы орта мектебінің «Жас Ұлан», «Жас Қыран»ұйымының жылдық есебі. Мақсаты
document library -> БАҒдарламасы 3 Сүгірбаева А. С 37 10-11 сынып оқушыларына арналған «шешендік өнер» курсы 37
document library -> «№4 жалпы орта білім беретін мектеп» кмм бойынша Ұбт-ға дайындық жұмысының жайы
document library -> Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын- өнер Жүсіпбек Аймауытов Алғы сөз
document library -> Сабақтың түрі: кіріктіру сабағы. Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, бейнеролик,суреттер,сергіту сәті


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет