Нұрбапа Өмірзақов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен



Дата11.01.2017
өлшемі30,53 Kb.
#7099
  • Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қаратоған ауылы “Нұрбапа Өмірзақов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  • география-экология пәнінің мұғалімі
  • Куберова Гаухар Дүйсенқызы
  • Дарынды және талантты баланы оқыту.
  • Мақсаты:
  • Дарынды және талантты балаларды оқытуда олардың кең өрісті қабілетін дамытуға , талантты және дарынды балаларды анықтауға мұғалімдерге бағыт-бағдар беру.
  • Күтілетін нәтиже:
  • Дарынды және талантты баланы біледі
  • Дарынды және талантты баланы сипаттайды
  • Дарынды және талантты балаларды анықтайды
  • Дарынды балаларды қабілетіне қарай саралайды
  • Дарынды балаларды қабілетіне қарай дамытады
  • Дарынды балалардың дарындық қасиеттерінің дамуына жағдай жасаудың тиімді жолдарына қорытынды жасайды.

“Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты Адам болады” Абай

  • Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен демекілік. Не көрсе соған талпынып, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені.
  • Жетінші сөз

Дарынды және таланатты баланың бейнесін жасау және сипаттау

  • Дарынды және таланатты баланың бейнесін жасау және сипаттау
  • Топтардың тақырыптары:
  • 1. Дарынды және талантты баланың бейнесі
  • 2. Дарынды және талантты балалармен қандай жұмыс түрлерін жүргізесіз?
  • 3. Дарынды және талантты баланы қалай анықтайсыз?
  • Постермен жұмыс
  • Талант – музыка, өнер,түрлі қолөнер, би немесе спорт, т.б. салалардағы жоғары деңгейде дамуы. (тума қасиет)
  • Дарын – орта қабілеттен сәл жоғары деңгейде орындай алатын зияттың немесе қабілеттің жоғары деңгейі. (жүре келе, ізденіп, қабілетін аша келе көрінетін қасиет.)
  • Дарынды бала дегеніміз:
  • өз қатарларынан әлде қайда дамыған, ерекше зейіні бар, белгілі бір іс-әрекет бойынша асқан қабілеттілік танытып, жоғары жетістіктерімен дараланатын бала!

  • Дарынды балаларды қалай тануға болады?
  • Ересек жастан байқалады
  • Ерте
  • жастан байқалады
  • Дарындылық:
  • Белгілі зерттеуші Н.С.Лейтес қабілетті балалардың 3 категориясын анықтап берді.
  • Бірінші категория – ой-өріс қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар;
  • Екінші категория – жеке бір іс-әрекет түрі мен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар;
  • Үшінші категориядарындылық күш – қажырымен ерекшеленетін оқушылар.
  • Дарынды және талантты оқушылар
  • Өздерінің оқуларының нәтижелігін арттыру әдістерін іздеуге және өзін-өзі бақылау қабілетіне ие;
  • Осындай балалар қарым-қатынас жасауға, оқуға және жазуға деген қабілеттерін ерте жастан бастап көрсетеді;
  • Олар қызығушылықты арттыру мақсатында анағұрлым күрделі ойындар мен тапсырмаларды құрастыруға қабілетті болып келеді.

Дарынды балалардың ерекшеліктері:

  • Әділетті,
  • әзілқой
  • Сөздік қоры мол
  • Есте сақтау қабілеті жоғары
  • Танымдық
  • қасиеті
  • жоғары
  • Қиыншылықтан
  • қорықпайды
  • Дарынды бала

Дарынды баланың мінез-құлқындағы ерекшеліктер:

  • 1. Іс-әрекетінің өзіндік стратегиялық ерекшеліктері бар оқушы.
  • 2. Кез келген іс-әрекетті «өзінше орындауы».
  • 3. Кез келген қиын істен жеңілді, жеңілден –қиынды көру ерекшелігімен дараланады.

Дарындылық:

  • Айқын дарындылық дарынды оқушының жетістіктерінің айқындығы соншалық, «бұл бала дарынды» деген қағидаға еш күмән жоқ.
  • Жасырын түрде кездесетін
  • дарындылық
  • баланың іс-әрекетінің нәтижесі көбінде жасырын түрде байқалады.
  • Дарындылық
  • жалпы (немесе интеллектуалды) дарындылық
  • нақты дарындылық
  • Жалпы дарындылық деп, жалпылау икемдігі, есте сақтау қабілеті жақсы дамыған, ойлау қабілеті жан-жақты, кез-келген тақырыпта әңгімелесу, мәселелерді шешу және өз тәжірибесінде үйрену деп тұжырымдайды.
  • Инттеллектуалдық (немесе жалпы танымдық ) қабілеттер- жалпы дарындылықтың психологиялық ядросы болып табылады.
  • Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың мақсаты:
  • Жан-жақты дамыған, білімді, білікті жеке тұлғаны қалыптастыру
  • Оқу - тәрбие жұмысының  негізгі өзегі ретінде тұлғалық бағдарлы, гуманды - тұлғалық педагогика идеясы  ұстанымдарын  қолдану, шығармашылық қабілетін дамыту, сөздік қорын арттыру, өмірлік көзқарастарын дамыту.
  • Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың міндеттері:
  • Өзін-өзі дамытуға құштар, икемді, ақпараттық,  интеллектуалдық ресурстарды қолдануға қабілетті жеке тұлға  қалыптастыру;
  • Оқушының жеке  тұлғасын дамытуға бағытталған оқу - тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды  кеңінен қолдану;
  • Оқушының өмірін  ізгілендіру мен демократияландыру арқылы  жеке тұлғасының дамуына қолдайлы жағдай  туғызу;
  • Ауызша, жазбаша тілдік қорларын арттыру. Шығарма , ойтолғау жаза біліуге дағдыландыру;
  • Оқушылардың ғылыми жоба жарыстарына пәндік олимпиадаларға,  түрлі танымдық байқауларға қатысуын қамтамасыз ете отырып, дарынды тұлғаны дамыту.
  • .
  • Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауды мынандай жұмыс түрлерін қолдануға болады:
  • Дарынды оқушылардың қызығушылығын анықтау;
  • Дарынды оқушылардың қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құру;
  • Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал ету;
  • Шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу;
  • Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыру.
  • Дарынды баланы анықтауға қажет әдістер: 
  • Дарынды баланың психикасын анықтауда кең ауқымды түрлі әдістер қолданылады:  - арнайы психологиялық сауалнама, әдістемелер;  - баланың іс-әрекетін мұғалімдер, ата-аналар, психологтар тарапынан экспертті бағалау, бақылау әдістері;  - балалардың шығармашылық жұмысының нақты нәтижелерін мамандар тарапынан сараптау;  - түрлі танымдық әрі пәндік олимпиадалар, конференциялар, спорт жарыстарын, шығармашылық байқаулар, фестивальдар және т.б, ұйымдастыру;  - белгілі дарын түрін талдау міндеттеріне байланысты түрлі әдістерді пайдалана отырып, психодиогностикалық зерттеу жүргізу.     

Дарынды балаларды айқындау мен дамытудың тиімді жолдары

  • Арнайы
  • бағдарламалар
  • Бақылау әдісі
  • Мұғалімнің және
  • ата-ананың
  • эксперттік
  • бағалауы
  • Психо-
  • диагностикалық
  • тренингтер
  • .
  • Психо-
  • диагностикалық
  • зерттеу
  • Эксперттік
  • бағалау
  • (әдіскер, ғалым т.б.)
  • Олимпиада,
  • конференция,
  • ғылыми жоба т.б

Дарындылық тағылымы

  • Сен « білуге міндеттісің» дегеннің орнына,
  • « Сенің қолыңнан келеді!» ұстанымы;
  • Белгілі жағдайдан белгісіздікке бетбұрыс жасау қағидасы;
  • Іс -әрекеттің нәтижесіне емес, сол нәтижеге жету барысындағы қуаныш!
  • Баланың қиялын ұштай отырып, сұрақ қоя білуге үйрету!
  • «Қателеспейтін адам болмайды» қағидасына үйрету!
  • Болашаққа бейімдеу;
  • Дамыта оқыту;
  • Жеке ғана емес, әлеуметтік ойлау қабілетін дамыту!

Ренцулли (1978) дарындылықты адами қасиеттердің 3 негізгі тобының өзара әрекеттестігі негізінде нақты анықтады:

  • Қабілеттері ортадан жоғары;
  • Тапсырмаға жоғары деңгейде беріліп орындау;
  • Жоғары деңгейлі шығармашылық
  • Макэлпайн мен Рид (1996) дарынды және талантт оқушылардың мінез-құлықтарының пайдалы тізімін жасап ұсынды:
  • Дарынды және талантты оқушылардың қалай оқитынының сипаттамасы;
  • Креативті ойлаудың сипаттамасы;
  • Ынталандыру сипаттамасы;
  • Қоғамдық көшбасшылық сипаттамасы;
  • Табандылық сипаттамасы.
  • Фриман (1998) ғылыми негізделген критерийлерді дарынды және талантты балаларды анықтауда қолдануға болады деп санайды:
  • Олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары;олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады;
  • Олар оқу үдерісінің қалай жүретінін басқадан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады;
  • Олар оқуда және проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады;
  • Қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойындар мен тапсырмаларға ұмтылады ж/е т.б.
  • (Нұсқаулық,54 бет)
  • Дарынды және талантты оқушыларды анықтау
  • Дарынды балаларды оқытуда Выготскийдің еңбектерін атап өту аса маңызды деп ойлаймын. Кез келген баланы дамытуға қолайлы орта ұйымдастыру үшін алдымен бастапқы негізді біліп алған жөн. Яғни оқушының негізгі мотивациясының деңгейін, оның математикалық есептеулерді жүргізу қабілеттерінің деңгейін, логикалық ой-өрісін бағамдау қажет. Бұл туралы Эйр де айтып кеткен болатын. Выготский бойынша «Жақын арадағы даму аймағы» теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. Эйр тым күрделі жұмыс балаларға қиын орындалатын және олардың ынтасын жоятын жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдеген (2001). Шынымен де мұндай тапсырмалар оқушылардың өздеріне деген сенімсіздігін арттырып, пәнге қызығушылығын кемітеді. Сол себептен, әр оқушының жеке қабілеттерін зерттей отырып, олардың білім алуына қолайлы жағдайлар туғызғанда ғана жүйелі нәтижеге қол жеткізуге болады.
  •  
  • Ренцулли мен Райс (1985) дарынды және талантты оқушылардың білімін жетілдіру бойынша қызметтің өзара байланысты 3 кезеңінің негізінде модель жасады:
  • 1 кезең- жалпы зерттеу жаттығулары(жетілдіру,байыту)
  • 2 кезең- топтық оқу жаттығулары (үдеріс)
  • 3 кезең- нақты проблемаларды жеке ж/е шағын топтарда шешу (нәтиже)
  • Сыныптағы ынтасы мол, өзін-өзі жақсы ұстап, тек қана “5” алатын оқушы дарынды болмауы мүмкін
  • Ал сабақ үлгерімі төмен және көп жағдайда «сайқымазақ» рөлін атқаратын бала шындығына келгенде әбден дарынды болуы мүмкін.
  • Оларға тәуелсіз жобалармен айналысуға мүмкіндік беріңіздер. Көптеген дарынды балалардың сабақта бос уақыттары көп болады, себебі жұмысты бәрінен бұрын аяқтайды. Осы уақытты олардың «креативтілігін» дамытуға жұмсаңыздар, Оқылып жатқан тақырып аясында оларды қызықтыратын жобамен айналысуға мүмкіндік жасаңыздар.
  • Дарынды балаларды көптеген академиялық сайыстарға тартыңыз. Осындай мотивацияны көтеруге арналған іс-шаралар сіздердің мектептеріңізде өткізіледі және көп шығынды қажет етпейді. Олар түрлі пәндер бойынша компьютерленген тестілер болуы мүмкін...
  • Дарынды балалармен «Вертикалды жетістіктерді» дамыту жұмысын жоспарлаңыз. Сыныпта оқытылатын тақырыптардан кеңірек, әрі дамытуға болатын жоба ұйымдастырыңыз. Оларға тек «тура содан артығын емес», «басқадан артығын» беріңіз. (Не давайте им просто «больше того же самого», дайте «больше другого»….)
  • Дарынды балаларды көмекші не тьюторға айналдырмаңыз. Оның орнына сол баланың қызығушылығы аясында жұмыс жасай алатын «тәлімгер» тауып алыңыз. Ата-аналардан, басқа оқушылардың ата-анасынан, басқа мұғалімдерден бастаңыз. Жергілікті органдарға барыңыз. Сіздің негізгі мақсатыңыз – дарынды балаға өз потенциалын дамытуға көмектесу және кейде сырттан келген экспертті жұмысқа тарту өте қажет. Дарынды балаларға да «тәлімгер» қажет !!!
  • Дарынды балалармен жұмыс істеген кезде әдіс-тәсілдеріңізді өзгертіңіз. «Эксперт» болмаңыз, «көмекші» болыңыз. Ақпарат бермеңіз, керісінше сол ақпаратты табуға жәрдемдесіңіз…
  • Блум таксономиясы Bloom's Taxonomy дарынды балалармен жұмысыңыздың жетекшісі (нұсқаулығы) болсын. Дарынды балаларға үш жоғары ойлау дағдылары сияқты - анализ, синтез және бағалау қойылу керек.
  • Деңгей
  • Оқушылар:
  • Нәтиже және
  • іс-әрекет:
  • Анализ
  • Салыстырады Зерттейді
  • Қолданады
  • Жіктейді
  • Тексереді
  • Есеп Қорытынды Жоспар, Зерттеу Шешім
  • Сауалнама
  •  Синтез
  • Жасайды дамытады құрастырады
  • Ойлап табады
  • Өзгеше әңгіме Ойын Музыкалық шығарма поэма Ойлап табу (изобретение) Гипотеза Эксперимент Шығарма
  • Бағалау
  • Таңдайды Бөледі Бағалайды
  • Сын айтады
  • Соттайды
  • Кітапқа щолу
  • Өзіндік бағалау
  • Өзекті тақырыптарға дебаттар
  • Рөлдік ойын – сот

Дарындылық туралы екі түрлі көзқарас қалыптасқан

  • Дарынды балалар
  • сирек кездеседі
  • Балалардың барлығы да
  • дарынды болады
  • Сіздің ойыңызша?..
  • Құрметті әріптестер!
  • Сіздерге оқушыларыңыздың бойында
  • кездесетін дарындылықты анықтау
  • сауалнамасы ұсынылады.
  • Сауалнама ережесі бойынша сұрақты
  • мұқият оқып, оқушыңыздың бойындағы
  • өзіңізге ұнайтын қабілетін «+» белгісімен, ұнамайтын қасиеттерін «-» белгісімен белгілеңіз.
  • Іске сәт!
  • Сауалнама сұрақтары:
  • 1. Тәртіпті.
  • 2. Үлгерімі әртүрлі.
  • 3. Жинақы.
  • 4. Тәртібі “түсініксіз”.
  • 5. Ұқыпты.
  • 6. Ситуацияға байланысты көпшілікпен немесе басшымен келіспей қалады.
  • 7. Үнемі жақсы оқиды.
  • 8. Сабақ үстінде қолайсыз сұрақтар қояды.
  • 9. Сабақтан себепсіз қалмайды.
  • 10. Жаңа бастаманы қолдайды.
  • 11. Ортамен тез тіл табысады.
  • 12. Өзіне ұнайтын істі құлшына орындайды.
  • 13. Қабылдауы өте тез.
  • 14. Әзілқой, ашуланшақ.
  • 15. Өз ойын анық жеткізе алады.
  • 16. Өте әділетті.

Құрметті әріптес!

  • Егер сауалнаманың
  • жұп сандары, яғни «+»
  • көп болса, онда сіз
  • дарыны жасырын
  • түрде кездесетін
  • баланың бір қырын
  • аша алдыңыз.
  • Құттықтаймыз!

Жұмыстарыңызға сәттілік пен шығармашылық тілеміз!!!


Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет