Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет50/58
Дата15.12.2016
өлшемі6,93 Mb.
#3880
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   58

Әйел намысы(436-3-438)беттер

Кенет шеткі отаудан әсем киінген сымбатты келіншек көрінді. Ол батыл басып, әйел бас сұқпайтын мынау даулы ортаға

қарай келе жатыр. Жұрттың бәрі аң-таң. Аққұл өз келінін көріп шоршып түсті. Екі қолын ербеңдетіп, сасқалақтап жалбарынған үнмен:

Иә, оның үнінде бұйрықтан гөрі жалыныш, зекуден гөрі жалбарыну басым еді. Бірақ әйел жалынышын естімегендей топқа қарап қадамын соза басып келеді. Әйел жақын келді де, үлкендерге иіліп сәлем берді. Әкесінің қасында бүрісіп отырған күйеуіне жек көре бір қарады. Қанын ішіне тартып бозарып кетіпті. Жанары ызалы ұшқын атып, жас тығылып тұрғандай.

- Көргенсіз деп жүрмеңіз, айналайын атажан. Үстімізге баса-көктеп келді деп көңіліңізге ауыр алмағайсыз, жарықтық! - деді ол Жарымбетке бұрылып. Үні мен қимылының батылдығы сонша, тіптен отырғандардың біреуі де «тәйт әрі» дей алмады. - Мен де біреудің перзенті едім. Жат-жұрттық боп жаралды демесеңіз, мен де ата- анамның аялап өсірген баласы едім. Қыз боп туғаныма қорланбап ем, мына қорлық сай-сүйегімді сырқыратты ғой. Сіздер де ұл-қыздың атасысыз ғой, жарықтық. Сіз үшін ұл мен қызыңыздың арасында ала-құласы бар ма? Екеуінің де бақытын тілеп, әлдилеген әкенің бірі сіз емес пе едіңіз? Перзенттің бәрін бірдей көру, бәрін бірдей аялау ата-ананың парызы емес пе еді. Мені де әке-шешем маңдайымнан шертпей, ұлдан кем көрмей өсірді. Босағамды оңғара көр деп ақ тілеумен алдарыңызға алғаш келгенде, алалау көрем деп ойлаппын ба? Өзге табалдырықты аттап, өзге отаудан, өзге елден бақыт іздеп

келін боп келгенде, қағажу көрем, қақпай көрем деп өңімде ойлап, түсімде көрем деппін бе? Келіннің қуанышы өзге қуаныштан кем бе еді, ата! Мен де сіздің балаңыз емес пе едім? - деп Аққұлға қарады. - Мен де осы босағаны сондай ізгі үмітпен аттап едім. Амалым қанша, алдаған екен үмітім.

Жарықтық, алдыңызға мен де бір балаңызбын деп келіп тұрмын. Амалсыздан әдепсіз көрінгендей жайым бар. Айыпқа бұйыра көрмеңіз. Келмей тұра алмадым. Кеудемді бір жалын кеулеп, запыран құсқандаймын қазір. Тыңдай көріңіз мені. Рас, мен жалғызбын, қорғансыз әйелмін. Маған ара тұрар адам жоқ. Жаман еркектің әлі жақсы әйелге жетеді дегендей, тап қазір қай еркек болса да сабап, тіптен өлтірем десе де шамасы келеді. Табанда осы жерден қуып шығамын десеңіздер де еріктеріңізде. Алайда мені тыңдауға, аз ғана көңіл бөліп, жайымды ұғуға дәтіңіз шыдай ма, жарықтық? Тыңдайды деп келіп тұрмын!

Бұл сөздің бәрін келіншек бойындағы дірілін, кеудесіндегі ызасы мен толқуын жеңіп тұрып, қолмен қойғандай, шегемен қаққандай айқын баяндады. Адал адам ғана осылай батыл сөйлей алады деп ойладым мен ішімнен. Өйткені оның сөзі жан сезімнің нұрын шашып, жалаға қарсы жалындап тұр еді. Әйелдің бүкіл бітімі, жан дүниесі, тіптен киімінің әр түймесіне дейін әділетсіздікке деген айбатын айқын танытатын сияқты. Қаны қашып, сұрланған жүзі қуқылданып көрінсе де, батыл шешімнің, ұстамдылықтың, өжеттіктің нышанын әйгілей түседі.

Жарымбет ақсақал да, өзге жұрт та келіншектің батылдығына қайран қалып ұйып отыр. Қарт келіншектің бетіне тура қарап еді, одан сезіктенуді, әлде имену нышанын

аңғара алмады.

- Айта ғой, балам, айта ғой, - деді Жарымбет абыржып. Сөйтіп екі қолымен сақалын кезек-кезек сипай берді.

- Мен алдарыңызға келгенде,-деді Зәуре өзін-өзі әдепті ұстап, - сіздермен айтысайын, тартысайын, соттасайын деп келгем жоқ. Ондай күн туса, ол үшін жаңа заманның соты, Советтің әділ заңы бар. Алдымен соған жүгінем. Ол соттың алдына ерлермен бірдей өз сөзімді өзім айта алам. Маған арашалаудың керегі жоқ. Бірақ айтайын дегенім ол емес еді. Мен сіздердің алдарыңызда, мына күйеуіме өз шешімімді естірте кетейін деп келіп түрмын. Өйткені осының байбаламымен жұрттың бәріне күлкі болдық. Сөйтіп тектен-тек мазақ болып, жұрт көзіне түрткі боп тұрмын. Таза жүрегім өсектің қозына көмілгендей, өне бойым ұяттан өртеніп барады. Енді бұл күйікке шыдай алмаспын. Жаңа өкімет еркіндікке, теңдікке ерік беріпті. Сол теңдігімді енді пайдаланам. Масқара боп жүре алмаймын. Сондықтан, бұл үйден біржола кетуге бел байладым.

Қараниеттің қасында қалуға енді менде шама жоқ.   Мына сөзді естігенде, отырғандар ауыр күрсініп алды.

- Келгелі өзіңізден кейіс естіп көрген жоқ едім. Қабақ шытып, көңіліме тиген жоқсыз. Мұныңызға мың да бір рақмет, ата. Алдыңыздан өтіп, қоштаса кетейін деп келдім, - деді Зәуре енді Аққұлға бұрылып. Зәуре бұл сөзді естімегендей Жарымбет жаққа бұрылып:

- Жарықтық, мені төркініме жеткізіп сал деп, бір жігітке тапсыруға жарайсыз ба? Сізге айтар тілегім осы еді, - деп Зәуре енді күйеуіне тесіле қарады да. - Ал, сенің босағаңнан тірі жүріп аттамаспын, - деді.

Ақсақалдардың алдында тағы да кешірім сұрап, келіншек бұрылып жүре берді. Жұрттың бәрі томсырайып, төмен қарап отырып қалды. Қолайсыз тыныштықты ешкім бұза алмады.



Б. Момышұлы Екі томдық шығармалар жинағы, «Жазушы» баспасы, 2004ж.

«Қанмен жазылған кітап» романы



Ерлікке тәрбиелеу ( 34-39-беттер)

. Солдат, әскери қызметші болу оңай емес. Біріншіден, себебі, солдат кызметі жағынан ешқандай да демократиялык праволарға ие бола алмайды, мен сайлау системасында емес, кызметінде деп айтып отырмын. Сапта тұрған кезде, ол еркін қозғала алмайды, жеке күнделікті тіршілікте өз еркінше жүруіне правосы жоқ. Солдат мұның бәрінен айырылған – кажеттілік осындай, солдаттық жеке үлесі осындай. Әскерде демократизм элементі зиянды. Бәлкім сіздер – бұл дұрыс емес қой деп дау айтарсыздар. Бізде кейбір әскери-саяси кызметшілер бұған қарсы дау айтады, бірақ мен командир мен қатардағы жауынгердің арасындағы күнделікті карым-қатынаста тіпті демократизмнің элементтері де болмауға тиіс деген осындай қорытындыға келдім. Әмір етуші және мойын ұсынушы, бүйрықты орындаушы бар! Баскару мен бағынудың әскерлік принципі осындай, бұл кажеттілік. Мен оған істе деймін, ал егер істемесен, бәрібір істеуге мәжбүр етемін. Қарамағындағы солдат пен командирдің арасында сапта ешкандай да тепе-тендік болуы мүмкін емес. Бұл мәселе мүмкіндігіне карай соғыстан кейін талкылана жатар, бірақ та Отан соғысына қатысып, едәуір тәжірибе жинаған маған осындай қорытынды жасаудың дұрыс екеніне көзім жетті. Әскердегі жалған және өтірік теңдік жөніндегі мәселе соғыстан кейін талқыланар – мен бұған сенімдімін.

Солдат болу онай емес, басқаның еркіне мойын ұсыну женіл емес, бірақ сен бұйрықты, команданы сөзсіз орындауға тиіссің, тіпті бүйрық саған ұнамай тұрған күннін өзінде де сен сөзге келмей, орындауың керек. Бүл мәселеге байланысты менің қолжазбаларымда бір сыпыра тереңірек жасалған тұжырымдар бар. Менің көзқарасыма күдік келтіретін әрі бұл мәселемен айналыскысы келетін адам болса, қолжазбаммен танысып керсін.

Командирге әскерді темірдей тәртіпті ету, бағындыру оңай емес. Мен сіздерге тәрбиелеу жұмысындағы игі дәстүрлер жөнінде айтып кеттім, оны енді кайталап айтып жатпаймын. Осыған орай мен Қазак ССР Халык Комиссарлары Советінің председателіне жастарды тәрбиелеу туралы, ұлтка әскери тәрбие беру мен әскери мәдениеттілік жөнінде, жігітгеріміздің бойында жауынгерлік қасиеттер қалыптастыратын біздің халкымыздың игілікті дәстүрлері хакында хат жаздым (хаттын тексін окиды). Егер халық әскери тұрғыдан алғанда мәдениетсіз болса, онда мұны жөргекте жаткан кезден бастап тәрбиелеу мәселесіне жатқызу керек, егер адамды жауынгерлік касиетке тәрбиелемесе – онда бұл халык жауынгер халык болмағаны. Мұны өткен тарихымызға қатысты, біздің халкымыз жауынгер халык болмаған деп айта аламыз ба? Жоқ, біз бұлай деп айта алмаймыз, өксікті өкінішке орай біздің жауынгерлік, ержүректік касиет-терімізге соңғы уакыттарда өткенге жаппай тас лақтыру, қаралауға байланысты жатсына тосырқана қарай бастаған сияқты. Өткенге жатсына қараушылық орыс және басқа да ұлттарда да болған. Мұның өзін республиканын ескі басшыларының тарапынан жасалынған белгілі дәрежедегі зиянды іс деп санаймын. Халыкты жауынгерлік асыл қасиеттерге тәрбиелейтін дәстүрлерінен қалай айыруға болады? Игі дәстүрлерді архивтің сөрелеріне қаттап коюға бола ма екен? Бұл пайда келтірер ме еді? Бұл бір ұлттык масштабта ғана емес, сонымен бірге халық сиякты мемлекеттік масштабта, әлемдік масштабта да өте үлкен зиян келтіреді. Егер біздер қазақ халкының барлық жаксы дәстүрлерін керегі жок деп қудалайтын болсақ, ата-бабаларымыздың кім екенін білмейтін болсақ, мұның өзі пайда бере кояр ма екен? Бұдан Одаққа да үлкен зиян келеді. Өйткені кез келген парасатты адам Африкада, Қытайда, не кез келген баска елде болмасын біздердің нағыз адам болғанымызды қалайды емес пе! Ал біз не істедік десеңізші, өткен тарихымызды барып тұрған хайуандықпен жермен-жексен ете аяққа таптап, содан кейін «өткенге қарсы шыққан бунтарлар» деген жалпы қорытынды жасауға келіп тірелдік, ал кейбіреулер бұл игі дәстүрлерді қайта дамыта түсудің, орнына, түкке тұрғысыз мәселелермен, үлттың одан әрі дамып жетілуіне зиянды нәрселермен айналысты. Барлық өткен нәрселерді жаппай, ақ-қарасына көз жеткізбей қаралау қандай жағдайда болса да мактай қоярлык қылык емес, өте тар өрістілік, қатігездік, надандық, тіпті бұзақылық әрекет. Ол зияннан басқа түк те емес.

Мен осылай деп жазуға неге мәжбүр болдым? Онын себебі мынада. Қатарымызды толыктырар жаңа күш келіп косылып жатады, олардың кейбіреулеріне қарасақ бет әлпеті біздікі, ал кеудесіне үнілсек аяғы аспаннан салбырап түскендей. Бұл калай деп ойлайсың? Оған орысша айтсаң ұкпайды, қазақша айтсаң да түсінбейді. Оның бойында не қазаққа, не орыска тән еш нәрсе жоқ. Бұл жағдай менің зығырданымды қайнатты, неге бұлай болды деп мұның себебін іздеуге мәжбүр болдым, сөйтсем бұл сорлы бейбақ өзінің халқының игі дәстурлерінен мүлдем бейхабар, мақұрым екен. Егер бұл саналы түрде істелінсе – онда зиянкестік болғаны, ал егер саналы түрде істелінбесе – онда халқымыздын игі дәстүрлерін аяққа басып таптағандық – нағыз ақымактық әрекет болғаны. Дәстүр тәрбиенің басты кайнарларының бірі болып табылады әрі онын өте үлкен мәні бар. Әскери тәрбиенің негізі – командирдің әміріне міндетті түрде бағынушылыкты жете түсіну, ұғыну, кызмет бабы талап ететін әскери өмірге сөзсіз түрде толық мойын ұсынушылыққа кол жеткізу.

Егер егжей-тегжейлі айтар болсақ, әскери тәрбиенін басты мақсаты жауынгердің бойында әскери кызметтің жауынгерлік өмірдің киындығы, мұктаждығы мен ауыртпалығын жеңе алатындай кабілеттілікке тәрбиелеу, денесін, оның рухы мен еркін қиындықтан тайсалмайтындай етіп шыныктыру. Командирдің әміріне мойын ұсыну – бұл да ауыр нәрсе. Әскери тәрбиенің мәні қиындық пен ауыртпалықты, мұктаждықты және қорқынышты жене аларлық қабілеттілікке баулу, тәрбиелеу, ал бұл тек парасатты адамның ғана қолынан келетін іс. Әскери тәрбиенің әдісі – көз жеткізу, мәжбүр ету және талап ету. Ал кейбіреулердің санасын таяқ билейді. Бес саусақ бірдей емес, амал не, кейде мәжбүр етуге дейін барып қаласың – мәжбүр ету әдісі әлі талай ғасырлар колданылар. Мен тәрбиелеудегі басты әдіс деп көз жеткізуді мойындаймын, ал мәжбүр етуге қосалқы құрал ретінде қараймын. Мәжбүр еткеннен гөрі адамға көзін жеткізген әлдеқайда ұнамды емес пе. Көзі жеткен адам өз міндетін тек саналы түрде ғана емес, сондай-ак творчестволыкпен де орындайды. Мәжбүр ету көз жеткізу әдісі ретінде практикада, былайша айтқанда тәртіптік қару ретінде де қолданылып отыр. Ерлік дегеніміз не? Ерліктің анасы – мақтаныш. Кәне, мақтаныштың қандай қайнар көздері бар екеніне талдау жасап көрейікші. Тазалык, ұқыптылык, тән мен жан жүйесінің кіршіксіздігі жеке мақтаныш сезімін тудырады, өзін өзі ұстай білушілікке үйретеді, өзі мен айналасындағыларға талап коя білушілікке дағдыландырады. Сыртқы тәртіпсіздік – адамның ішкі кемістігінің белгісі. Кір-қоқыс адамды аздырып-тоздырады.

Жеке мактаныш сезімі дегеніміз не нәрсе – бұл ең алдымен жеке бастың гигиенасы. Адам өзін көйлегі көк, қайғысы жоқ, қарыны тоқ кезде лайықты ұстап жүре алады. Егер де сіз үстіңізге алба-жұлба киім киген болсаңыз, онда қоғамдык орында өзіңізді лайықты ұстай алмайсыз. Тұрмыста салақ, ұкыпсыз адам – әскери қызметте де, жұмыс орнында да салақ ұқыпсыз келеді. Егер адам сырттай тәртіпсіз, көргенсіз болса, онда ол жұмыста да дәл сондай, егер адам ұкыпты болса, ол онда жұмыста да ұкыпты болға-ны. Кір-коқыс адамды бүлдіріп, оның бойында жеке мактаныш сезімін біртіндеп көмескілендіре бастайды. Сырткы ұқыптылық– ішкі жинақылыктың, өзін-өзі ұстай білушіліктің, өзіне және айналасындағыларға талап қоя білушіліктің белгісі болып табылады. Осымен бұл мәселе жөніндегі әңгімемізді аяқтаймыз.

Жеке мактаныш сезімі дегеніміз не? Жеке мактаныш сезімі ерлікті тудырады. Жасық жан ержүрек бола алмайды. Жасық жан жанкиярлық ерлік жасауға да қабілетсіз.

Үлттық мақтаныш сезімі дегеніміз не? Ұлттық мактаныш сезімі дегеніміз белгілі бір ұлт адамының жеке мактаныш сезімі, белгілі бір немесе басқа бір ұлт адамының көптеген жеке мақтаныш сезімінің жиынтығы болып табылады. Ұлттық мактаныш сезімі әрбір ұлт адамдары үшін бұзылмас заң. Кім де кім өз ұлтын сыйламаса және оны мақтан тұтпаса, ол сөзсіз барып түрған арамза, отансыз қаңғыбас. Өзін сыйлай алған адам өзгені де сыйлай алады, белгілі бір ұлттың толық азаматы болып әрі өз ұлтыңды мақтан ете отырып, сен басқа халыққа да лайыкты қарай аласың. Мысалы үшін: нағыз интернационалист болуы үшін орыстар шын мәнінде бар болмысымен орыс болуға тиіс. Екі түрлі ұғым бар: ұлттык рух – бүл асыл касиет, ұлтшылдық – бұл ұлт ішіндегі жеке адам бойындағы көркеуделік. Бұл мәселені дұрьіс түсіне білу керек.

Кейбіреулер ұлттык рухты немесе ұлттык патриотизмді ұтшылдықпен оп-онай-ақ шатастырып алады. Бұл жерде міндетті түрде үғыну қажет. Соғыс кезінде орыстар да бұлмәселені дұрыс түсінуге ұмтылып отыр, олар біз орыстармыз дейді! Бұл дұрыс па, ал соғысқа дейін біздер күшті «интернационалистер» болған едік. ¥лттық рух пен ұлтшылдыктын ара жігін ажырата білген жөн. ¥лттык рух тамаша қасиеттерге ие, өз ұлтынды тануға көмектеседі, ал бізге осы асыл касиеттерді дамыта түсу кажет, осындай адам ғана отандастарының алдындағы өз халқының және ең алдымен халықтардың бауырластығы алдындағы өз борышын терең де жоғары сезінеді.



Барлық халыктар ұлы әрі тамаша нәрселер жасауға кабілетті. Айбарлы адам жасық жанға дос бола алмайды. Егер сен жасық жан екенсің, онда достықты талап етуге қандай құқын бар деу, әбден занды, сені тек жек көруге болады. Халықтардың бауырмалдық ұлы сезімі мына қырғын соғыста үлкен сынға түсіп, бұл сынақтан сүрінбей өтті әрі көптеген адамдардың көзін ашты. Бүл соғыста Совет Одағында тұратын ұлыстар мен үлттардың бірде бірі өзгелерден жаман соғысуға правосы жок. Айталык, бір халық нашар соғысты дейік; онда бұл халыкты күрметтеуге қандай негіз болмақ, ал жаксы соғысып жүрген халық әрқашан ізгі құрмет көрсетуге лайық. Халыктардық достығы мен бауырмалдығының осы айтылған негіздеріне суйеніп ұлттық мақтаныш сезімі дегеніміз ұлттар достығынын кепілдігі деуге болады.

Әрбір солдат өзіне өзі төмендегідей сұрақтар кояды. Біздер кім едік? Біздер кімбіз? Біздер кандай болмақпыз?

Сонымен біздер кімбіз және біздер кім болмақпыз? Егер сіздердін біріңізге: сіздің атаңыз тамаша адам болған десе, онда сіздің де көніліңіз көкке көтеріліп қалмай ма? Сондықтан да бізден біз кімбіз деп сұрайтын болса онда біздің өткен тарихымызға, біздің данқты ата-бабаларымызға деген біздін бойымызда мактаныш сезімі сезілетіндей етіп жауап беруге тиістіміз.

Мен: «Біз мал едік, қаранғы едік»,– деп соғатын кейбір шешенсымақтарға қатты ашу-ызам келеді. Бұл бізде ғана бар көркеуделік емес, баска ұлттарда да бар нәрсе, тіпті орыстардың арасында да соғысқа дейін өздерінің ата-бабалары жөнінде ұнамсыз нәрселерді айтудан үялмайтындар табылатын. Суворовтың өзін де жакында ғана көпшілікке насихаттай бастаған жок па. Сол кезде, яғни өткен ғасырда өмір сүрген біздің кейбір хандарымыз бен билерімізге, мемлекет кайраткерлерімізге байланысты да осындай көзкараста болдық, ал бізде хан екен, демек антұрған деп қарайтын ұғым-түсінік болды. Мұның өзін парасаттылық еді деп кім айта алады – сөз жоқ,ешкім де айта алмак емес. Өйткені Кенесарыдан онын көзқарасының Маркс көзқарасымен сәйкес келуін талап етуге болмайды! Олар өз заманының мемлекет қайраткерлері әрі жақсы адамдар болған, сірә мұны теріске шығара қоюға болмас, және де оларды мақтаныш етуіміз керек – олар халықтың абыройы ғой. Мұндай сұраққа немере-шөберелері өзінін ата-бабаларына, өзі өмір сұрген қоғамдық формацияда көшке ілескен елеусіз адам емес, жұртқа пайдалы өз заманының прогрессивті, өнегелі адамы болғанына мақтанатындай етіп айта білу қажет. Өткен тарихымызды аякка баспай, қиянат жасамай мұны дұрыс ажырата білгеніміз жен.

Біздер осы кімбіз? Біздер кім болмакпыз? Бұған былай жауап беру керек: жақсы адамдар бар, одан да жақсырақ болуымыз керек. Әйтпесе ертеректе біз мал едік, жылдар өте нағыз адам болыппыздың кері келмей ме. Бұлайша койылған сауалға жауап қайыру жөнсіздік.

Окып-үйрету, тәрбие беру деген ұғым-түсінік бар. Окыту дегеніміз не? Бұл өте катал түрде тәрбиелеу жолымен солдат кәсібінің техникасын үйрету. Барлык айла-тәсілдерді солдат снарядтарда жаттығу орындайтын гимнасттай дағдылы түрде істей беретіндей дәрежеге жеткізу керек. Тәрбие адам бойында жаксы мінез-құлык калыптастырады. Тәрбиелеудегі бірінші максат – саналылык, бұл ен басты мәселе, ал мәжбүр етушілік – қосалқы тәртіп режимі болмак. Көнтерілікке, көнбістікке, бас июшілікке тәрбиелеу, бұл, шын мәнінде, адамды моральдық жағынан толық езіп-жаншу деген сөз. Тіл алғыштыкқа бейімділікті адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді жетілдіру мен жандандыра түсудің куатты да икемді құралына айналдыра білген жөн. Көнтерілілік, көнбістік – асқақ адамның сергек ойына тұсау.



Армияда адамның адамгершілік сезімін терең кұрметтей білуге негізделген катаң тәртіп болуға тиіс.

Ерлікке тәрбиелеу: сенімді түрде шешімділік жасау кезіндегі сақтық – батырдың басты қасиеті. Ойланбай көзсіз жасалған ерлік – батылдық емес, есерсоктық және оны ерлік деп атауға келмейді.

Адам бойындағы адамгершілік сезімді аяққа баспай, қорламай кұрметтей білген жөн. Біздің суретшілер болса: немістін суретін салған кезде үрейлі-каррикатура, жан түршігер құбыжық етіп салып жүгенсіздік жасайды. Міне мен ешқашанда ұрыста болып көрмеген солдатпын дейік, алайда көп үзамай қызу шайқасқа қатыспақпын, алдыма қарасам тәңірім бүрын-сонды жер бетінде жарата қоймаған суретші қолымен салынган алып құбыжык тұр. Мұнысы насихатының түрі, осылайша суретшілер одағы жауға деген өшпенділікті тәрбиелеу жұмысына көмектеспек болады, бірақ шын мәнінде суретшілер одағының мүндай әрекетінің пайдасынан зияны көп, осындай жүгенсіздігімен ол тек жас жауынгерді шошыта түседі. жауынгерді шошыта түседі. Бұл жүгенсіздік менің жан дүниемді тітіркендіріп ашу-ызамды кайнаггы: бұл суретшілерді түрмеге жауып тастаудың орнына, оларға калам акы төлейтіні калай? Немістерді жан түршігерлік кұбыжык етіп суреттейтін шығармалар да баршылык—бұл жалған, өтірік. Егер әтірікті айта алмайды екенсін, дұрысы үнінді өшір, ал айта алады екенсің, онда жөнімен, мөлшерімен айт. Кейбіреулер немістерді адам емес дегенді айтады. Мен мүндай пікірмен келіспеймін, және өзімнін солдаттарыма немістер де сүйек пен еттен жаралған, бірак олар мінез-кұлкы жағынан барып түрған азғындаған, бұзылған адамдар деп айтамын.

Немісті де найзамен шаншып, окпен атып өлтіруге болатынына, оған да коркыныш тән екендігіне жауынгерлердің көзін жеткізу кажет. Сонымен, барып тұрған өтірік үлкен зиян алып келеді екен. Екінші бір шектен шығушылык немістерді біздін жалғыз жауынгеріміздің өзі-ақ «ура» деп атой салса алды- артына карамай зыта жөнелетін су жүрек коркак етіп көрсетушілік. Екі жылдыңішінде мен мүндай немістерді көргенім жоқ. Олар карсылыккөрсетіп бағады, оларға коркыныш сиякты, ержүректілік те тән.

Дұшпанды бейшара етіп, онын жауынгерлік касиетін, карсыласуға кабілеттілігін жасырып, керсету жөн емес. Дүшпан туралы шектен шықкан кез келген каррикатура жәнсіздік қана емес, сонымен бірге зиянды да. Дұшпан туралы шындық нәрсені айту керек — тек шындық мысалдарында ғана жауға деген өшпенділікке және батылдыққа тәрбиелеуге болады.

Тәрбие жүмысынын максаты — адамның бойында жауынгерлік қасиетті, жауынгерлік өнегелілікті қалыптастыру. Бүған адамды иландыру аркылы кол жеткізіледі, семьяңа, халкыңа, отаныңа, мемлекетке берілгендік, үлкенді сыйлау заңды, тәртіпті, салт-дәстүрлерді сактау, жеке адамнын игілігімен етене байланысты, коғамдык игілік жөнінде камкорлық жасау өмірлік әрі рухани кажеттілік болып табылады, коғамдык кажет- тіліктерге (әркімнің кабілетіне карай) деген дұрыс көзкарас когамнан лайыкты бағасын алады.



Бүл үғымдар тәрбиелеу аркылы сана сезімге сініріледі де адамның бойында саналы іс-әрекет жасау үшін дербес мінез- құлык калыптастырады; жауынгердің адамгершілік келбетіне қорқыныш пен қүлдық ұрушылық жат болуға тиіс, мұның өзі шексіз сүюшілік пен мемлекетке, халкына шын жүректен сенушіліктің мән- мағанасын білдіреді.Жауынгерге шындықты айтып қана ерлікке тәрбиелеуге болады.
Парыз ( 43—45) беттер
Парыз – бұл орындалуға тиіс міндет пен әрекет. Парыз алға қойылған міндеттен туады, яғни міндет адамға парызды жүктейді, сондықтан да парыз бен міндет адамның қызмет әрекетінде әр түрлі. Халық: «Билік кімде болса, сұрау да содан» дейді. «Міндет адамға жауапкершілікті жүктейді». Егер бізді коршаған табиғат пен жануарлар әлеміне тіл біткен болса, онда олар мұлдем әділ түрде дауыспен: «Адамнын қолына қыруар билік берілген, одан көбірек сұрағын, жаратушым!»– деген болар еді.

Әскери қызмет әскери қызметшілерге біз әскери парыз деп айтатын ерекше спецификалық міндет жүктейді. Мемлекетті қолына кару алып сырткы және ішкі жаулардан қорғау – армия-ньің басты міндеті мен мақсаты. Армияның негізгі максаты – ұрыс жұргізу, бұл әскери мақсатка жету жолындағы бірден-бір қүрал. Кез келген ұрыстың міндет-мақсаты дұшпанға қақырата соққы беру, демек әскери парыз дегеніміздің өзі – бұл жеңісті сезіну, жеңіске жету жолында кауіп-катерден тайсалмай, намыс пен абыройды жоғары ұстап, өлімге тәуекел етіп, жауды жеңген кездегі мақтаныш сезімі деген сөз. Әскери парыздың өзегі әскери рух, әскерлердің моральдык-адамгершілік бейнесі жоғары идеялык пен патриотизм болып табылады. Әскери рухтың – парыздың мән-маңызы елімге бас тіксең де дұшпанның еркіне мойынсұнбау.

Әскери рухтын көрінісі – өзін барлык кезде сергек те көңілді ұстаудан, өз міндетін дәл, мінсіз атқарудан, ұқыптылық, тиянақтылық танытудан үсті басын таза, мұнтаздай етіп ұстаудан тәртіп пен қызметтік міндеттерді дұрыс орындаудан, полктың туын касиетті ту етіп жоғары ұстай білуден көрінеді.Адамның жан-тәніне түсетін жөнсіз сын мен ауыртпалықтан арып-ашу мен қажудан мүмкіндігінше аулақ болған жөн, әскердің күш-қуаты мен рухын түсірмей, қайта көтеріп жауынгердің санасына біртіндеп қызмет етудің кажеттігіне жеткізу керек.

Парыз дегеніміз өзінің мағыналық аясына акыл, сезім, ерік, абырой, ар-ождан, әділдік, шындык, махаббат, тағы басқа да мәселелерді камтып, оларға адамның қызмет аясындағы кайшы құбылыстарды қарама-қарсы қоятын ен жоғарғы интеллектуалдық ұғым.

Төменіректе парыз туралы толығырақ айту үшін алдымен мынандай аныктамаларға токтала кету кажет деп санаймын: парызды түсіну ар-ұят деп айтылады.

(43-44) беттер

Ар – жаксылык пен зұ-лымдықты, шындық пен жалғандықты, әділдік пен әділетсіздікті және басқаларды аныктайтын адамгершілік ұғымы. Бұл адамның қызметін оның ақиқат, шындық пен әділдік жөніндегі ұғым түсінігіне байланысты реттейтін парыздың қаншалыкты орындалған немесе орындалмағанын (осыдан келіп бірде сергектік, бірде жасушылык) анықтайтын, нені істеп неден бас тартуға тура келетінін керсететін, көңіл-күйдің жайбарақат-тығын білдіретін сезім.

Қыскасын айтканда ар – парыздың бақылаушысы, адам қызметін реттеп отырушы.



Абырой – жеке адамның ар-намысын ұғыну деген сөз. Абыройды, жоғары моральдык рухты сақтау жолында өз өмірін қиюға дейін баруға ниет ету намыс деп аталады.

¥ят – жасаған әрекетінін жөнсіздігін түсінушілік. Намысқа кір келтірушілік, моральдық рухтың асқақтығын қорлау – масқара болушылық.

Сенімділік, соғыс пен ұрыстағы сенімділік–дұшпаннан басым түсу сезімі, өзінің жеке басынын ар-намысын сезіну. Сенімділікке істі білу мен жауынгерлік рухты көтеру аркылы кол жетеді.

Жігерлендіру дегеніміз – рухани күш беру, күш-қуаттың тасуы, сергектік күй. Әскерді жігерлендірудің құралдары мыналар: инабаттылықпен, кішіпейілділікпен ыкпал ету,адамның адамгершілігін құрметтеу, бастықтың жеке өнегесі, акыл-кеңес беру, айтқанын түсінікті етіп ұғындыру, көнілден шыққан қарапайым сөз, тапқырлық, шешендік, орынды айтылған әзіл-қалжың, ойын-күлкі, ән-күй, жауынгерлік және басқа да әндерді айту, би билеу мен бөлімшелердегі басқа да көркемөнерпаздық жатады. Көркемөнерпаздыққа ерекше көңіл бөлген жөн, өйткені, солдат өзін дегенмен бәрібір көбінесе керермен ретінде сезінетін, әрі артистерге тек қана кәсіпқойлар деп қана қарайтын нағыз артистердің көрсеткен өнеріне қарағанда, ол бірге қызмет ететін жолдастарының қойған ойын-сауығында көңілі көбірек көтеріліп, шабыттанып, өзін әлдеқайда жеңіл сезінеді. Сенімділікке істі білу мен жауынгерлік рухты кетеру арқылы қол жетеді.

(44-45) беттер
. Ақыл — бұл зат мен құбылыстарды танитын күш. . Ақыл оларды өте сезімталдықпен ажыратып,анықтайды, яғыни адам өзінің мүшелері арқылы әсер алып, оны нерв жүйелеріне беріп мида тез арада қорытып, пайда болған нәрсе түсінік пе, немесе образ ба,анық жауабын береді. Ақылдың жұмысы адамнын ішкі сезім күйін бейнелейді. жекелеген ұғымдар

Ойлау — алған әсерлерді өңдей отырып, объективті шындықты бейнелейтін танымның жоғары сатысы.

Сенімділік — бұл заттар мен құбылыстар туралы, болып жатқан нәрсе туралы нақты ұғым мен оның зардабы туралы айкын түсінік. Сенімділік табысқа жетуге деген құлшынысты арттырады, бойға қуат береді, әбден айқындалған әмір беруге немесе жеке іс-қимылға шақырады, дереу әрекет жасауға итермелейді.

Күдік — алған әсерді шала әрі айқын сезіне алмаудың, түсіне және өндей алмаудың салдарынан ақылдың арса болуы, ойдың және толқуы... Күдік корқыныштың бір түрі, соғыста толқуы-- бір нәрсеге шешіліп тәуекел ете қоюға, бір нәрсеге әрекет қылуға мүмкіндік бере коймайтын, көбіне сасқалақтап асып-сасуға дейін жеткізетін оте кауіпті, көбіне залалды астан-кестен болған ішкі дүниенің күйі; жаңыла бастаған адам, басқаларды да есінен жанылыстырады.

Ес—бұл ақыл-ойдың бастан өткен әсерлерді өз қалауынша қабылдау сақтау және қайта жаңғырту қабілеті. Ол тәжірибені негіздеуге қызмет етеді. Ес алдағы пайдалы қызметтер үшін сетті және сәтсіз әрекеттерден тағылым ала отырып құбылыстарды сұрыптап, жинақтайды. Бізге бұл әділ түрде тәжірибеден үйрену, басқалардың тәжірибелерін жинақтап, зеттеу ұсынылады. Әрине, жеке тәжірибе -- ұлы іс, ол санада терең із қалдырады, дегенмен де оның да аясы тар,сондықтанда басқаның тәжірибесі мен зердесіне, оларды үйрену мен жинақтауға ерекше көңіл бөлген жөн, бұл кезкелгшен ойлы офицердің парызы әрі оның жеке басының іштей өсуінің құралы болуға тиіс.
Патриотизм (49-53) беттер
Патриотизм – Отанға (мемлекетке) деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзіңнің мемлекетке тәуелді екенінді, мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды кушейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды, оның жеке адаммен барлық жағынан өткенімен, бүгінгі кунімен және болашағымен қарым-қатысын біріктіреді.Отанға деген сұйіспеншілік қана соғыс кезіндегі өлімді моральдык тұрғыдан ақтап, соғыс ісінің адамгершілік негізі бола алады.Барлық кезде патриотизмді дерексіз, ұзақ-сонар сөзбен ұғындырудан, кобінесе мемлекетке берілген адамның мақсат-мүддесімен байланыссыз түсіндіруден қашу кажет. Осы мәселеге қатысты мен 1941 жылы «Үкім» деген атпен бірнеше бетке ой-пікірімді жазған едім, ол ойларым Александр Бектің «Панфиловшылар алғы шепте» деген алғашкы повесінде толық түрде керініс тапты, сондықтан мен осымен шектелгім келеді.

Патриотизмнің маңызды элементтерінің бірі, онымен етене байланысып жатқан ұлттық рух пен үлттық патриотизм жөнінде айтып өту қажет. Үлттық рух пен ұлттық патриотизм – бұл Ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен касиеті – өз халқына деген сүйіспеншілігі, жеке адам өз халқымен қан жағынан да және шыққан тегі, территориясы, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, психологиялық және этнографиялық ерекшеліктері, қалыптасқан тарихи дәстүрлері жағынан да әбден айқын әрі дербес басқа қасиеттері және ерекшеліктерімен де байланысты. Мұнын бәрін міндетті түрде есепке алу үшін әрі бұл сезімді әскерлерге күш-жігер беретін мықты құрал ретінде пайдалана отырып, патриотизм, отанға, үлтқа сүйіспеншілік ұғымының жалпы арнасына бағыттап жіберу үшін білу қажет. Менің қолжазбамда былай деп жазылған: «Қазіргі заманғы соғыс -- саяси соғыс, біріккен ұлттардың соғысы болып табылады, оған біздің Совет мемлекетінін барлық халқы. қолына қару алып қатысуда. Олар бірлесе күш салғанда ғана жеңіске жетеміз». Әрбір командир жауынгердің бойында патриоттық, сезімді дамыту үшін күнделікті, практикалык әрі дүрыс та саналы түрде жұмыс жүргізудің сөзсіз қажеттігін терең түсіне білуі тиіс... Барлық халык барлық ұлы да тамаша нәрселер жасауға қабілетті. Біз үнемі лайықты бауырмалдық қарым-қатынас жасауға әрі кез келген ұлт пен халықты құрметтеуге тәрбиелеуіміз керек.

¥лы орыс ұлтының орта тобынан шыққан кейбір өкілдері басқа шағын халықтарға «екінші сортты» адам деп ойлап қараушылығына мүлдем жол бермеу керек, мұндай қате, мәдениетсіздік көзқарас өте зиянды. Өкінішке орай, олар мұндай көзқарастарымен үлттық тудағы асқақ озық жоғарғы идеяны шовинизмнің жиіркенішті ұсақ-түйегіне айырбастай отырып, бірінші кезекте, ең алдымен өз ұлтының ұлы абыройына кір келтіреді. Орыс жолдастарға қатысты бұл кесірлілікті Калинин «орыс берекесіздігі» деп атаған.

Практикалық жұмыста барлық кезде де ұлтшылдық пен ұлттық рух ұғымын ешқандайда шатастырып алмау жағын үнемі есте ұстау керек. Мынаны білген жөн, ұлтшылдықтың негізінде басқа халықтарға өзін қарсы қоюшылык, антогонизм жатса, ал ұлттык рухтың табиғатына өз халқына деген сүйіспеншілік арқылы баска халықтарды сүю мен құрметтеу тән.

Кейбір республикаларда ұлттык мәдениет пен тілдің негізі қорғалмайды, мүның өзі ең алдымен осы республиканың басшылары мен коммунистеріне абырой әпермесе керек, өйткені марксизм бұл негізді түп тамырымен жоюға қарсы, марксизм керісінше, барлық жағынан: түрі жағынан ұлттык, мазмұны жағынан социалистік мәдениетті жалпы адамзаттық мүдде тұрғысынан дамытуды көздейді, сондықтан да кімде кім мәдениеттің негізін бөлшектеуге жол берсе, ол адамға барлық жағьінан айып пен әділ кінә тағылуға тиіс.



Күншілдік – басқа адамның басымдығын және өзінің әлсіздігі мен түкке шамасы келмейтіндігін түсіну. Басқалардың тасының өрге домалау, күш-куатының, кайратының артықтығы, сондай-ақ материалдық игілігі күншілдік сезімін тудырады. Өйткені әркімге іс-әрекет етуге құлшыныс танытушылық, мен басқалардан кеммін бе деп өзін-өзі жоғары қоюшылық пен сенімділік тән. Абай былай деген: «Адам - бір боқ көтерген, боқтың қабы...» Іс-әрекеттің табыстылығы басым түсудін нәтижесі болып табылады әрі атақ, данқ, танымал, қоғамдық ықпал және с. с. формада көрінеді. Мұнын бәрі күншілдің сасық намысын қоздырып, ашу ызасын тудырады, жан дүниесін күйзелте түседі. Моральдық жағынан азапқа салады, бұдан ол өз бәсекелесінің сыртынан өсек айтып кемсітіп, үстінен әртүрлі өсек-аяң таратып, оның пайдалы істері мен әділ еңбектері жөнінде тіс жармай даттау жолымен құтылғысы келеді. Достық қарым-қатынас әдебін сақтап «Жамандығын жасырып, жақсылығын асырудың» орнына «түймедейді түйедей етіп көрсетеді». Күншіл өзінің кескін келбеті жағынан әрқашан да өзі күндеп жүрген адамнан төмен тұрады, немесе әскер тілімен айтқанда, сөз тасушы адам өсектеп жүрген адамының тырнағына да тұрмайды. Ең алдымен өзі өсектеп жүрген адамнан гөрі сөз тасып жүрген адамның жеке басын тексеріп көру қажет. Өкінішке орай, бізде кейде керісінше істеп жатады.

Күншіл – әсіресе, армияда жексұрын да зиянды адам, өйткені ол жаман адамгершілікке, жат кылыққа, тіпті қылмыска да бейім. Тіпті күншіл адамның біреудің лайықты еңбегін елемеуі, ауызға да алмауы және басқалардын пайдалы істерін жұртшылықтың тануына қалайда кедергі келтіруге тырысып бағуы сиякты енжарлык әрекеттері өте зиянды. Оның бұл әрекеті талантты да қабілетті адамдардың еңбек өнімділігін төмендетеді, сөйтіп іс пен жалпы мүддеге орасан зор нүқсан келтіреді. Күншіл адам ыждағаттылык, әділдік пен берілгендік сиякты адамның жақсы қасиеттерінің арасында кикілжің, іріткі салады. Сондықтан да Мен «Ерлік елеусіз қалмасын. Олжа – елге сауға, атақ – ерге сауға» деп жазып едім. Күншіл кісі, әдетте атақ, данқ, шен құмар, мақтаншақ келеді.

Мақтан сүйгіш – алғашкы мағынасы абыройды, ар-намысты құрметтеу әрі ерік-жігердің қозғаушы күші деген ұғымды білдірген, жағымсыз ұғымда – атақ, данққа жөнсіз ұмтылуды білдіреді. Сый-құрметке, атақ-даңқа, адамгершілікке жатпайтын, ойдан шығарылған жалған жымысқы әрекетпен, шын мәнінде болған жайды өсіріп, өзінің еңбегі етіп көрсетуге ұмтылушылық. Бұған кейде біздің тілшілер де атақ құмар жандардың айтқанына елтіп, өздерінің аңғырттығымен жел беріп қояды. Мақтан сүйгіштікке қарсы қолданылатын бірден бір құрал - қара қылды қақ жарар әділдік, ерлікті ете сезімталдықпен айыра біліп, тауып, көре білушілік. «Ерлікті таба білу, ерді тани білу». «Олжа – елге сауға, атак–ерге сауға». «Ерлік елеусіз қалмасын» деген қағиданы қатал да парасатты түрде ұстан. Өзінің атқарған пайдалы қызметі үшін бірге қызмет істейтін жолдастары мен бастықтары тарапынан қолдау, мақұлдау күту- әрбір адамға тән нәрсе. Бүл сезімді қанағаттандыру бастықтардың тарапынан әділеттілік пен парасаттылықты талап етеді. Мұның өзі адамды рухтандырып, күш-жігер беріп, жүмыс өнімділігін арттырады. Өйткені әрбір адам өзіне ықылас қойып, көңіл аударуды аңсайды, ал солдат болса өзінін тырмысқан талпынысы үшін бағалы сыйға емес, өзі сенімді қызмет етіп келе жаткан командирінің – халық-тың, мемлекеттің өкілінін ықыласына бөленсем дейді.

Солдаттан қарапайым жан жок Оған сергек те, ыкыласты әрі әділ болған жөн. Далалық уставтың 14 параграфында жауынгерден зор жігер, барлық күш-қайрат жүмсауды талап ететіндігі тегін болмаса керек, сондықтан да командир қандай жағдайда болмасын ол жөнінде қамқорлық жасауы тиіс. Уставта былай деп жазылған: «Өзінің қарамағындағы жауынгерлерді жақсы білуі, олармен үнемі жеке қарым-қатынаста болу, олардың жауынгерлік өміріне, ерлігі мен мүқтажына көңіл бөліп отыру командирге бөлімнің (кұрамының) жауынгерлік бірлігін, ұйымшылдығын және ұрыс кезінде жеңіске жетуін қамтамасыз етеді».

Каталог: upload -> Book
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Рухани-адамгершілік білімге байланысты әндер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   58




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет