Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет56/58
Дата15.12.2016
өлшемі6,93 Mb.
#3880
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58

 Отан


http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=7024&Itemid=23

Біздер үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз,

Қорғамасақ несін ұл боп туғанбыз?!

Кіндігіміз тар қапаста кесілген,

Ит көйлекті қанды жаспен жуғанбыз.

Туған жұртқа тірек болу ерге-сын,

Құлдықты енді құдай басқа бермесін.

Атаң өлсе, өзің ата боларсың,

Ешқашанда Отан өле көрмесін!

Әкең өлсе, шешең өлсе жыларсың,

Балаң өлсе, бір жығылып тұрарсың.

Отан өлсе, опырылып түскенің,

Күңіреніп көрге бірге құларсың.

Біздің Отан өліп, қайта тірілген,

Біздің Байрақ құлап, қайта тігілген.

Опат болған ерлер рухы оянар,

Отан деген лебіз шықса тілімнен.

Отанменен аспандағы Күн егіз,

Екеуінің амандығын тілеңіз.

Жас азамат, бұл Отанның қадірін,

Отансыз боп көрген біздер білеміз!

Керек қылса, жолында оның құрбанбыз,

Бәріне де белді бекем буғанбыз.

Бір кеудеге екі жүрек сыймайды,

Қазақ үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз! .

Д. Исабеков

«Ескі үйдегі жаңа қоныс» әңгімесінен үзінді


http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=7449&Itemid=23&limit=1&limitstart=1

Есіркеп түскі тамағын ішіп болған соң бет- аузын тыржитып, көзін жұмып, рақаттана құлағын шұқып отырған кезде жер сілкініп, дабыл жарғағын жарып ала жаздады да, столды қимылдатқан сол екен деп, қарсы бетте отырған төрт жасар жазықсыз баласын жақтан тартып жіберді. Әлгіде ғана келесі жексенбіде әкесімен бірге қалаға барып ойыншыққа кенелетін боп отырған бала шырқырап қоя берді.

-        Әй, жын қағып кетті ме, баланы неге ұрдың?-деді әйелі түкке түсіне алмай. Күйеуі себебін түсіндірмек боп, көзін ежірейтіп саусағын шошайта беріп еді, жер тағы қимылдады. Есіркеп баласы мен әйеліне, сонан соң төбеге қарады. Тебедегі лампочка әткеншек теуіп тұр екен.

-        Ойбай, кұрыдық! Далаға!- деді де, Есіркеп алды артына қарамастан аулаға шықты. Сол екпінімен ауланың қауіпсіз-ау деген қақ ортасына барып тоқтап, артына ентіге қарады. Әйелі мен баласы әлі жоқ!

-        Ойбай, Кәмәсия! Шық, шық тез!- деп ол жіңішке дауысымен жан ұшыра айғайлады.

   Жер тағы қимылдады. Зәресі кеткен Есіркеп жайшылықта аузына алмайтын "бісмілләніи-кін»~қайталап, жерге отыра кетті.

  Жарты минуттай уақыттан соң барып тажал аузындай боп үңірейіп тұрған үйдің есігінен баласын көтеріп әйелі шықты. Ол күйеуінің қасына таянған соң:

-        Иә, жаның қалды ма?- деді баласын жерге түсіріп.

  Есіркеп сонда барып есін жиды. Жазықсыздан-жазықсыз баласын ұрғаны, жер қимылдағанда соларды сүйрелей шығудың орнына қарақан басын алып қашқаны, енді кеп ауланың ортасындағы ыстық тақырдың үстінде отырғанын сезіп, ұялғаннан денесі шымырлап кетті.

  "Қап, құлағымды бекер шұқыған екенмін" деді ол барлық кінәсі соған тіреліп тұрғандай.

-        Келі жасайтын ағаштай күнге қақталып нағып отырсың? Тұр былай!- деді әйелі одан бетер жерлеп.-Жанының тәттісін! Бала кезімде екі қасқырмен айқасқанмын дейді ғой тағы!- Әйелі кенет қаркылдап күліп жіберді.- Екеуі бірдей саған әуре болатындай қасқырлардың сенен басқа шаруасы жоқ па?!

-        Болды... болды,- деді басқа сөз таппаған Есіркеп қызарақтап.

-        Боса болды, тұр орныңнан. Ел көрсе ұят-ты. Анна моторың өшіп қалар, жұмысыңа кет.

  Есіркеп еңсесін басқан ұятты әзер көтеріп тұрып, жан-жағына қарады. Құдай сақтағанда мұның ерсі қимылын ешкім көрмепті.

  Ол сол орнында аз-кем аялдады да, артындағы семіз түйенің ізіндей шаңын алақанымен бір-екі қағып, үндемеген бойы қақпадан шығып кетті.
 «Есепшот, түйетауық және домино» әңгімесінен үзінді

http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=7448&Itemid=23


Момындық

...  Әу баста Сопытайдың осы момын мінезін ұнатып еді.Үстінен түйе жүріп өтсе де, селт етпейтін жігіттің бар бітімі мен болмысы Пістекүлді қызықтырған да. Бертін келе, үйлі-баранды болған соң, жұртпен араласар көз туғанда шаңырақ иесінің қойдан жуас мінезі оны жалықтырып, бірте-бірте оның намысын оята бастады. Үй иесі момын болған соң, осы ауылдың итіне дейін бұлардың ауласына кіріп, шалдуар әйелдің ашу-ызасын келтірді.

Өзге жұрт бұларды сыйлаудан қалып бара жатқандай көрінді. Өзге әйелдердің, әсіресе, совхоз директорының,бас агрономның, бас зоотехниктің т. т. "бетке шығарлардың" әйелдерінің алдында үлкен беделге ие болып жүруіне күйеуінің ынжықтығы ғана кесір келтіретін сияқтанды. Ол үшін Сопытай бұдан гөрі қаталдау,қытымырлау, ашушаңдау болу керек. Пістекүл күйеуінің дауыс көтеріп біреу-міреуге ұрысқанын, зекігенін көргісі келді. Кім болса о болсын,- қарауылға ма, сауыншыға ма, ұсақ тиындарын қайтаруды ұмытып кеткен піркәншікке ме, әйтеуір біреуге ұрысса екен деп тіледі.

  Бірақ қас қылғандай Сопытай да өзгермей-ақ қойды.Қайта, күннен-күнге кейін кетіп бара жатқан секілді.Пістекүлді бұл намыс пен ашу-ызаның тұйығына тіреп,шайпаулығын өршіте түсті. "Шайып ала саласың","Құдай-ау, әрине шайып ала аламын. Бірақ мұның түп-төркінінде аяққа тапталған намыс жатқанын ол неге байқамайды?".

  Кенет ол бөлменің қақ ортасына кеп, күйеуінен көз алмай қалшиып тұрып қалды. Сопытайдың жанары әлдеқандай белгісіз бір нүктені ішіп-жеп, ұшқын шашып,күлім қағып тұр екен. Еркектерде мұндай көзқарас Джорджононың "Ұйқыдағы Зенера" атты картинасын, немесе,әйтеуір бір жалаңаш әйелдің денесін көргенде пайда болады. "Есі дұрыс па мынаның? Тағы не пәле ойлап отыр,- деп Пістекүл шошына бастады.- Бәлкім, ақылы кіре бастаған шығар".

- Таптым!- деді Сопытай кенет айғай сап.- Таптым!- Оқыс дауыстан Пістекүл талып құлай жаздады.-Бәсе-е, сүрлем тасуға жұмсалған ақша есімнен шығып отыр екен ғой! Енді бәрі жөнге келді деген сөз.- Ол алақанын ысқылап, есеп шотқа тың бір қажырмен кірісті.Күйеуінің тарапынан не материалдық, не рухани көмек болмаған соң, әйелі бөлме ортасында ұзақ тұрып, ешкімнің көмегінсіз өзі есін жиды да, сыбысын білдірмей сыртқа шығып кетті.

  Арада біраз күн өтіп, Пістекүлдің ашу-ызасы біршама ұмыт боп келе жатқан кез еді. Әдетте, бұрқ етпесе әйелдердің ашуы жазғы жаңбырдай өткінші келеді.Пістекүл де солардың қатарына жататын. Оның үстіне өткен жексенбіде Шымкенттен вокальды-инструментальды ансамбль кеп концерт қойып, бұл да директордың, бас агрономның, бас зоотехниктің әйелдерімен бірге бірінші қатарда қалып қойды. Концерттен шыққан соң, олар қатарласып жүріп отырып, қазіргі республикалық эстрадалық қозғалыс жайлы пікірлерін ортаға салды. Управлайштің әйелін есептемегенде олар төртеу еді. Пістекүл сол кезде шешіліп бір қоя берді дейсің. Ол халықаралық деңгейдегі белгілі боп келе жатқан "Бон и М", "АББА","БАК - Қара" ансамбльдері жайлы сөз қозғап, бәрін өзінің аузына қаратты да қойды. Сол кезде физикадан сабақ беретін совхоз директорының әйелі ойламаған жерден Пістекүлді мақтап ала жөнелсін. "Қазіргі әйел - от басы-ошақ қасының адамы емес. Ол - адал жар,мейірімді ана, белсенді қоғам қайраткері. Сонымен бірге ол - қала мен ауыл мәдениетінің арасындағы алшақтықты жоюшы бірден-бір қозғаушы күш. Пістекүл -менің ұғымымда сол деңгейден табылатын бүгінгі заманға лайық әйел",- деді.Пістекүлдің кеудесін мақтаныш кернеп, аяғы жерге тимей кетті.

  Сол қуаныштың табы әлі басыла қоймаған бір кеште даладан Сопытайдың қарқ-қарқ күлген дауысы естілді.Күйеуі сирек күлетін, әсіресе, қарқылдап күлу оның табиғатында жоқ еді. Қамыр илеп жатқан Пістекүл еңсесін көтеріп, назарын сыртқа бағыштап тұрған сәтте ішке Сопытай да кіріп келді. Күлкісі әлі басылмапты. Екі иығы селк-селк етеді.

- Ей, не болған, денің сау ма?- деді әйелінің көзі аларып.

-        Сау, денім сау,- деді Сопытай қолымен ішін басып.- Уһ, күлкіден ішегім үзіліп кетер ме екен!

-        Айтсаңшы, неге мәз боп келесің!

-        Міне, көр... Біз... өткен жолы...- Ол әйеліне бір парақ қағаз ұсынды.

  Пістекүл қолының қамырын да сүртпестен күйеуінен қағазды жұлып алды. Өлең екен. Бар-жоғы бір-ақ шумақ.

Әй, Пістекүл. Пістекүл.

Сен қылатын іс не бұл?

Саған жақсы ат әпермес

Ұрыс деген түспегір.

  Пістекүл жуған матадай боп-боз боп тұрып қалды.Әлгі бір көтеріңкі көңілдің күлі көкке ұшты.

  Пістекүлдің көз алды бұлдырап, орындыққа барып отыра кетті де, еңіреп жылап жіберді.
Н. Келімбетов

«Жарлы емеспін, зарлымын» повесінен Алматы. «Санат»,2001ж(298-300 беттер)

Үлым менің!

Жалпы мейірімділік жайын сөз еткенде, ең алдымен, аяулы анамның жарқын бейнесі коз алдыма келе қалады. Тегінде қайырымдылық, бауырмалдық, жомарттықсезімдері адамға гуа бітетін қасиет қой деп ойлаймын.

Озімнің балалық шағымды, марқүм анамды ойласам-ақ сонау бір сүрапыл жылдары біздің шағын ауылға алыс өлкелерден қарашай, түрік, авар, поляк және неміс отбасы- ларының қоныс аударып келгені есіме түседі.

Бәрі де дәл бүгінгідей көз алдымда түр. Сол жылы қыс қатты болды. Қаңтар айы еді. Бір күні колхоз кеңсесінің алды адамдарға толып, аяқ астынан у-шу боп кетті. Бір топ бала жүгіріп, жетіп бардық. Он шақгы арба үстінде бейтаныс адамдар қыбыр етпей отыр. Іштерінде өзіміздей балалар коп екен. Колхоз торағасы езі шақыртқан адамдарға қарата сойлегі, бірдемені ынты-шынтымен түсіндіріп жатыр. Бір кезде әкем коштің орталау түсында түрған арбаға барып, жегілген аттарды тізгінінен үстады да, жетелей жөнелді. Арбаның артынан біз де жүгірдік. Әкем әлгі арбадағы он шақты адамды үйге алыгі келді. Қоныс аударған қарашайлар екен. Он бір баласы бар.

Біздің ортасында долізі бар шағын екі болмелі қоржын үйіміз болатын. Озіміз әрең сыйып отырғанбыз. Сол күні әкем мен анам жабылып жүріп, бір болме мен ортадағы дәлізді әлгі қарашай отбасына босатып берді.

Анам болса, бейне бір жақын туыстары көшіп келгендей- ақ қуанып жүр. Нағыз ашаршылық жылдары ғой. Әрбір отбасы үйіндегі бір-екі қап жүгерісіне сеніп, шықгіа жаны.м, шықпа деп отыр. Біздің үйде әйтеуір картоп, сәбіз, кеп- тірілген орік пен қауын қағы біраз бар еді. Тіпті үйдегі бір сиырдың сүтіне ауыз ашып отырған алты баланы айтпа- ғанның озінде, кейбір көршілеріміздің бесіктегі сәбилеріне де анам күн сайын сүт апарып беретін.

Міне, енді соның бәріне ойда жоқта тағы он бір бали қосылды. Әкем не болар екен дегендей анамның жүзіпс қарады.

Анам абыржыған жоқ.

— Қазан аузы жоғары деген ғой. Бір мәнісі болар. Тәңірдің берген ризығын жер. Бұларды да қүдай пенде қылып жаратқан ғой.

Сол күннен бастап анам күні-түні көшіп келген көрші- леріміздің балаларымен әуре болып кетті. Оларға тамақпісі- ріп беретін де, шомылдыратын да, шаштарын алып, киім- дерін жамайтын да менің анам еді. Бүлардың әке-шешесі таң атпай жатып, елең-аланда колхоз жүмысына кетіп қалатын. Содан түн ортасында ғана үйге оралушы еді.

Бүгін ойлап қарасам, анамныңсол қарашай балаларына жасаған кдмқорлығы шексіз болған екен ғой. Бөтен адамның баласы үшін соншалықты бәйек болып, өз жанын отқа да, суға да салу тек аналардың қолынан келетін шығар. Сол кездегі анамның күні бойы тыным таппай ошаққа от жағып, тандырға нан пісіріп, самауырынға шай қайнатып, сүт пісіріп, күбі пісігі жүргені әлі күнге кез алдымда түр.

Үлым менің!

Менің әкем өз анасын мақтап отыр деп ойлайтын шығарсың. Иә, сенің мейірімді әжең шынында да мақта- ныш етерліктей жан еді. Алайда мен саған тек өз анам туралы ғана айтып отырғаным жоқ. Мен өз анамды сөз ету арқылы сонау қиын-қыстау кездегі барлық тауқыметті әз мойын- дарымен көтерген қазақ ауылындағы қаһарман аналар хақында әңгіме қөзғап отырмын. Сол кездегі аналардың ерлігі әлі күнге тарихтан да, әдебиеттен де. өнерден де өзінің толық көрінісін тапқан жоқ. Біз солардың ерлік бейнесін жасау арқылы бүгінгі үрпақты тәрбиелеуіміз керек.

Менің ойымпга, әрбір жас жігіт, бойжеткен қыз өздерінің әкелері мен аналары, аталары мен әжелері басып өткен емір жөлын жақсы білуге міндетті. Сөлар басып әткен өмір белестері ауыр бөлды ма, жеңіл бөлды ма, бәрібір білуі тиіс. Бүгінгі үрпақ солардың жақсысынан үйреніп, жаманынан жиренуі қажет-ақ.

Егер мен әкем мен анамның өз балаларына ғана емес, өзгелерге де жасаған қамқорлықтарын көрмей өскенімде, өнда өз үлдарыма да, басқаларға да осыншалықты ыстық ықылас, шынайы мейірім корсете алмас едім. Кдзіргі кейбір ата-аналар өз үлдары мен қыздарына дүрыс ақыл айгып, жақсы кеңес беріп жатады. Бірақ өздері мүлдем басқаша қағида бойынша өмір сүреді. Ал, жас бала ешқашан ата- ананың айтканын емес, істегенін істейді. Оларға қүлақпен естігеннен гәрі көзбен керген көбірек әсер етеді.

Анам абыржыған жоқ.

— Қазан аузы жоғары деген ғой. Бір мәнісі болар. Тәңірдің берген ризығын жер. Бұларды да қүдай пенде қылып жаратқан ғой.

Сол күннен бастап анам күні-түні көшіп келген көрші- леріміздің балаларымен әуре болып кетті. Оларға тамақпісі- ріп беретін де, шомылдыратын да, шаштарын алып, киім- дерін жамайтын да менің анам еді. Бүлардың әке-шешесі таң атпай жатып, елең-аланда колхоз жүмысына кетіп қалатын. Содан түн ортасында ғана үйге оралушы еді.

Бүгін ойлап қарасам, анамныңсол қарашай балаларына жасаған кдмқорлығы шексіз болған екен ғой. Бөтен адамның баласы үшін соншалықты бәйек болып, өз жанын отқа да, суға да салу тек аналардың қолынан келетін шығар. Сол кездегі анамның күні бойы тыным таппай ошаққа от жағып, тандырға нан пісіріп, самауырынға шай қайнатып, сүт пісіріп, күбі пісігі жүргені әлі күнге кез алдымда түр.

Үлым менің!

Менің әкем өз анасын мақтап отыр деп ойлайтын шығарсың. Иә, сенің мейірімді әжең шынында да мақта- ныш етерліктей жан еді. Алайда мен саған тек өз анам туралы ғана айтып отырғаным жоқ. Мен өз анамды сөз ету арқылы сонау қиын-қыстау кездегі барлық тауқыметті әз мойын- дарымен көтерген қазақ ауылындағы қаһарман аналар хақында әңгіме қөзғап отырмын. Сол кездегі аналардың ерлігі әлі күнге тарихтан да, әдебиеттен де. өнерден де өзінің толық көрінісін тапқан жоқ. Біз солардың ерлік бейнесін жасау арқылы бүгінгі үрпақты тәрбиелеуіміз керек.

Менің ойымпга, әрбір жас жігіт, бойжеткен қыз өздерінің әкелері мен аналары, аталары мен әжелері басып өткен емір жөлын жақсы білуге міндетті. Сөлар басып әткен өмір белестері ауыр бөлды ма, жеңіл бөлды ма, бәрібір білуі тиіс. Бүгінгі үрпақ солардың жақсысынан үйреніп, жаманынан жиренуі қажет-ақ.

Егер мен әкем мен анамның өз балаларына ғана емес, өзгелерге де жасаған қамқорлықтарын көрмей өскенімде, өнда өз үлдарыма да, басқаларға да осыншалықты ыстық ықылас, шынайы мейірім корсете алмас едім. Кдзіргі кейбір ата-аналар өз үлдары мен қыздарына дүрыс ақыл айгып, жақсы кеңес беріп жатады. Бірақ өздері мүлдем басқаша қағида бойынша өмір сүреді. Ал, жас бала ешқашан ата- ананың айтканын емес, істегенін істейді. Оларға қүлақпен естігеннен гәрі көзбен керген көбірек әсер етеді.

Иә, анам жайындағы ой-толғаныстарым таусылар емес. Жан-жүрегіме мейірім-нүрын құйған анам жайында айта бергім, айта бергім келеді. Қысқа хатга бәрін әңгімелеп шығу мүмкін емес. Әйтеуір анам жайында айтқаным сенің мейірімді жан боп өсуіңе септігін тигізер деп ойлаймын.

Үлым менің!

Мен саған кедейлік жайында да, байлық туралы да өз білгенімше біраз пікір айттым ғой деп ойлаймын. Әйтсе де сен со^ айтқандарымның ішінде, әсіресе, адамның ішкі жан- дүниесГ, рухани байлығы жайындағы ой-толғаныстарыма көбірек назар аударсаң екен. Өйткені рухани жағынан шындалған адам ғана өзі үшін де, елі үшін де шексіз мол игілікті істер тындыра алады.

Мен сені рухани жағынан аса бай адам болса екен деп армандаймын. Ал, дүние-қоңыз бірде жетіп, бірде жетпей жатады ғой. “Ер жігіт бірде малды, бірде малсыз” деген емес пе. Дүниеқұмарлық мінез — ешқашан адамды жақсы- лыққа қарай жетелеген емес. Қалай болған күнде де сен тоқпын деп тасыма, жоқпын деп жасыма, балам. Әкем марқұм маған осы бір қанатты сөзді коп айтатын.

Ең бастысы — адамның пейілі кең болуы.керек. Пейілің тарылып тұрса, онда саған мына дүниенің кеңдігінен не пайда? Бағанадан бері саған айтып отырған ой-пікірімнің бәрі қазақтың: “тарылмай түрсаң, көңіл әдемі, тарықпай жүрсең, өмір әдемі” деген бір мақалына сыйып кететін сияқты. Шіркін, тарылмай түрып, тарықпай жүруге не жетсін. Күнделікті атқаратын барлық іс-әрекетің осы кдрапайым қағиданы жүзеге асыруға бағытталуы тиіс. Менің саған байлық пен кедейлік, қанағат пен мейірімділік жайында айтқан ой-пікірлерімнің бәрі осыған келіп саяды. Соны үмытпағаның жөн, құлыным.

Сау-саламат бол. Өзіңнен хат күтем.

Қүдайға шүкір, еліміздің егемендік алуы көіі адамдарды осы касіреггі дерттен айықт,ыра бастады ғой. Мен ығармын. Дегенмен бүл жетпіс жылга созылган кеселден бірден сауыгып кетудің өзі қиын. Бар арманым — бүгінгі жастар осы науқасқа шалдыгып қалмаса екен.

Қадым замандарда-ақ кейбір залым патшалар миллион- даган адамдарды бірдей киіндіріп, бірдей тамақтандырып, бірдей ойландырып басқарып отыруды мақсат еткен. Соншама адам бір гана дінде болып, бір ғана сенімге еніп, бір ғана көсемді үнатып, бір ғана өлеңді айтып өмір сүруі қажет еді. Мүндай өрекеттердің салдарын фашизм тарихынан, коммунизм өнегесінен көрдік.

Қарапайым, ақкөңіл адамдар жалған үғымға, биік лауазым күдіретіне илануға бейім тұрады. Мұны кезінде әр заманның зымиян әміршілері ды пайдаланган. Тарихтан саған бір ғана мысал келтірейін. Англияның бір королі өзінің ат ын жалшы- ларына даладан тышқан аулатады екен. Әлгі жалшылар сол деревняда түратын адамдарды тышқан аулауға көмектесуге шақырыпты. Тіпті оларға еңбегі үшін көп ақша төлемек болыпты. Бірақ бірде-бір адам жәрдемдесуге ынта білдір- мепті. Бүл жағдайды түзетпек болып, әккі король әлгі тышқан аулап жүрген жалшыларына “Король сарайының тышқан аулаушылары” деген атақберіпті. Сол-ақекен бүкіл деревня түрғындары жабылып тышқан аулауға кірісіп кетіпті. Олар король сарайының тышқан аулаушыларына қолғабыс тигізуді өздеріне зор мәртебе санапты.



Міне, көрдің бе, адам табиғатының осындай да қызықгы сырлары бар. Адамдар өздері ойлап тапқан атақ-дөрежені, биік лауазымды біреуге беріп қояды да, сосын өздері сол кісінің биік мөртебесіне табынып жүруді үнатады. Міне, осындайда мен қазақтың “жаманга жалынба, адамға табынба” деген қанатты сөзінің рас екеніне тағы бір рет көз жеткізгендей боламын. Бірқатар елдерде кдзір күдайдың өзін қолдан жасап алып, сосын соған тәуетеді ғой. Менің ойымша, адам баласы үшін ең қиын нәрсе - ұзақ жылдар бойы қалыптасып, адам бойына әбден сіңісіп қалған наным- сенімді теріске шығару болса керек. Бұл жәйтті саған тегін айтып отырғаным жоқ. Елімізде егемендікті нығайтудың өзі бүрыннан әбден қалыптасып қалған көзқарастарды өзгертуді талап етеді. Жаңа қоғамды тек өз бетімен, жаңаша ойлай алатын адамдар ғана орнатуы мүмкін. Әрине, менің айткднымның бәрі бірдей ақикдт , ойланбай қабылдай беруге болатын қағида деп отырғаным жоқ. Дегенмен “жаңа қазақтар” жөніндегі пікірімді ойға салып, өзіңше талдап көргенің жөн. Менің ойымша, “жаңа қазақтардың” басты міндеті - қоғамға, түрмысы нашар адамдарға көмектесу. Мемлекет сол үшін оларға кезінде жеңіл несие беріп, көмектескен болатын. Өкінішке орай, кейбір “жаңа қазақтардың” ой-өрісі қара бастың қамынан артпай жүр. Әбден ақшага қүнығып, ашкөзденіп кеткен. Өздеріне қабат- кабат үй салып, қос-қостан шетелдік жеңіл машиналар сатып алудан қолдары тимей келеді.Кедей-кепшікке қол үшын беру қашаннан-ақ ата дәстүріміз ғой. Соны неге үмытамыз. Халыққа жасаған қайырымдылық істерімен кезінде кең даланы тандандырған жомарт бабаларымыЗдың есімдерін бүгін неге еске алмаймыз? Түрлі себептермен үмытылып кеткен ата-баба дәстүрлерін неі е.-қайта жандандырмаймыз? Жомарттықты жыр еткен “Атымтай жомарт” сияқгы дастандарды неге бүгін мектептерде оқытпаймыз? Бүгінгі таңца өмірдің өзі қойып отырған осындай сауалдар көп. Алайда ешқайсысына жауап жоқ. Жауап іздеп жүрген жан жоқ. Соған күйінем.


Каталог: upload -> Book
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Рухани-адамгершілік білімге байланысты әндер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет