Нұсқаулар. «Бастауыш сынып мұғалімінің ерекшелігі»



бет1/3
Дата11.01.2017
өлшемі0,56 Mb.
#7226
түріНұсқаулар
  1   2   3
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

«Бастауыш сынып мұғалімінің ерекшелігі» пәнін оқытуға арналған әдістемелік нұсқаулар.
«Бастауыш сынып мұғалімінің ерекшелігі» курсының бағдарламасы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер цикліндегі «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарына арналған. Қазақстан Республикасы ұлттық мектептерінің қалыптасуы жағдайында бұл курс қазіргі замандағы оқыту және тәрбиелеу теориясы мен практикасында өте көкейтесті. Бұл пәннің негізгі ұстанымдары әр ғылымдардың саласынан мұғалімдердің шығармашылықтарын қамтамасыз ететін жеке тұлғаға және ұжымға жасайтын іскерлікті қалыптастыратын білімдерді іріктеу. Сондықтан бағдарламада педагогикалық шеберлік туралы, педагогикалық техника сұрақтарынан басқа оқушыларға ықпал ету тәсілдері, театралдық педагогика, сөйлеу техникасы, шешендік өнер элементтері қамтылады. 

Міндеттері ретінде:

мұғалім мамандығы туралы түсінік бере отырып, болашақ мұғалімдердің тәрбие проблемаларын шеберлікпен шеше алу дағдыларын қалыптастыру;

- мұғалім мамандығының ерекшеліктерімен, мәдениетімен танысу;

-кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттерін жетілдіру;

-тәрбие әдістерін дұрыс таңдай және практикада қолдана білулерін ұйымдастыру;

. - студенттерге ұстаздық шеберлік және педагогикалық іс-әрекет бойынша негізгі білімдер жүйесін меңгерту; 

- студенттердің педагогикалық іскерліктері мен дағдыларын дамыту;

- болашақ мұғалімнің мамандыққа деген сүйіспеншіліктерін, кәсіби біліктілікті жетілдіруге деген қызығушылықтарын ояту;

- оқыту мен тәрбие әдістемесін шығармашылықпен іздеуге тәрбиелеу.



Дәріс – студенттерге оқытылатын тақырып бойынша барлық материал. Дәріс жазуды үйренейік: мұндай жазу конспектілеу (латынның conspectus сөзінен шыққан - «шолу»деген мағынаны білдіреді) деп аталады, шығармашылық үдеріс болып табылады, белгілі бір білік пен дағдыны талап етеді. Меңгеруге жеңіл болуы үшін, бірнеше практикалық ақыл-кеңестерді есте сақтауды ұсынамыз: Оқытушы айтқанның бәрін сөзбе сөз жазуға тырыспаңыз, ол мүмкін емес әрі қажеті де жоқ. Егер сіз осыған талпынсаңыз, сіздің жазып алғаныңызда аяқталмаған, тастап кеткен сөйлемдер болады, сондықтан айтылған материалдың логикасы бұзылып, конспектіңіз жарамсыз болады. Ойды ең мәндісін жаза отырып, өз сөзіңізбен және қысқаша жазуға үйреніңіз; негізгісін қосымшасынан ауызша бөліп көрсетуге үйреніңіз;жазып алғаныңыз ашып көрсетілген дәріс-жоспар сияқты логикалық байланысты және жинақталған болуы керек;егер, дәрісте сызбанұсқа, кесте, сурет ұсынылса, онда міндетті түрде дәптерге ұқыпты және көңіл қойып көшіріп алыңыз;дәріс барысында оқытушы сол немесе басқа да ойды белгілеп айтады, сондықтан жазуыңыздағының біреуінің мәніне сәйкес бөліп көрсетіңіз.

Семинар сабағы тақырып бойынша оқу материалдарын меңгерудің қорытынды кезеңі болып табылады, мұндай сабақта студенттердің өзіндік жұмыстары қорытылып, бағаланады. Дәріспен салыстырғанда, семинар сабағында студенттер теориялық мәселелерді тереңінен қарастырып, оларды практикада қолдану дағдыларын қалыптастырады. Студенттер талқыланатын мәселелерді түсіндіру, талдау, бағалау, сараптау, ситуацияларды жан-жақты талдау, логикалық тұжырымдау, жүйелі түрде ойлау, негізгі мәселе аясында нақты баяндау, басқаның пікірін тыңдау және сыни тұрғыдан бағалау сияқты белсенді әрекеттері арқылы өз пікірлерін, ұстанымдарын келтіреді. Семинар сабағын топтық талқылау және пікірталас арқылы ұйымдастырған тиімді. Семинарға дайындық барысында: семинардың тақырыбын талқылап, талдауға ұсынылатын негізгі мәселелер мен мақсаты туралы ойластырыңыздар; осы тақырып бойынша оқытушының дәрісте берген материалын көңіл қойып оқып шығыңыздар; ұсынылған әдебиеттерді оқып, оқығаныңыздың ішінен семинарда талқылауға қажеті болатындарынан конспекті жазыңыз; әрбір сұраққа оны нақты мәліметпен дәлелдей отырып, өз пікіріңізді айтуға талаптаныңыз; оқулықпен және ғылыми әдебиетттермен өзінік жұмыс жасаған уақытта туындаған сұрақтарды жазып алыңыз, сосын семинарда оған жауап аласыз. Семинардағы жұмыс кезіндегі үдерісте: семинарға қатысушылардың сөйлеген сөзін көңіл қойып тыңдаңыздар, оның айтқандарын өзіңіздің пікіріңізбен салыстырыңыз; қарастырылатын сұрақтарды талқылауға белсенді қатысыңыздар, өз пікіріңізді айтудан қорықпаңыз, бірақ ол сенімді дәлелдермен бекітілуі тиіс; егер сіз біреудің пікірімен келісетін болсаңыз, оған сыни тұрғыдан қараңыз, бірақ есіңізде болсын, сын негізделген және қалыптасқан болуы керек, яғни баламасы ретінде нақты ұсыныс беруіңіз қажет; семинардың соңында қарастырылған сұрақтардың дұрыс жауаптарын қысқаша тұжырымдаңыз. 



СОӨЖ-ны, СӨЖ-ді ұйымдастырудың мақсаты: студентердің пәнді жүйелі түрде меңгерту, игерілген білім, білік, дағды, түсінік пен құзыреттіліктерді бекіту, дәріс және семинар сабақтарына жан-жақты дайындалуын қамтамасыз етіп, оларда өздігімен үйрену дағдыларын қалыптастыру; алған теориялық білімдерін талдап, қорытынды мен тұжырымдар жасап, оларды практикада қолдануға үйретеді. Кез келген тақырыптың ішкі мазмұнын толық ашу осы мәселеге қатысты ғылыми еңбектер мен оқулықтардағы тұжырымдар мен пікірлермен танысып, жүйелеуді, көзқарастардағы қайшылықтар мен айырмашылықтарды талдап, топтастыра білуді қажет етеді. Студенттердің өзіндік жұмысы мақсатты түрде объектіні белгілі бір көзқарас тұрғысынан зерттеуді қамтамасыз ететін зерттеу тәсілдері мен іс-әрекеттердің жүйесі. Әдіс жалпы және жеке түрлерге бөлінеді. Жалпы әдіс белгілі бір теория мен ортақ методологияға сүйенеді. Мыс.: салыстырмалы-тарихи. Жеке әдіс жекелеген әдіс-тәсілдерді құрайды. Мыс.: компоненттік талдау, трансформациялық анализ, т.б. Студенттің өзіндік жұмысы оқулықта берілген материалдарды, білім қорын өз зерттеу жұмыстары негізінде жаңаша қорытындылап, кәсіби міндеттерді шығармашылық тұрғыда шеше алатын дағдыға айналдыруды мақсат етеді. Студент – белсенді, сыни ойлау қабілетіне ие жеке тұлға. Оның кез келген мәселеге қатысты өз пікірі, өзінің дербес шешімі болуға тиіс. Силлабуста ұсынылып отырған СӨЖ түрлері осы мақсаттарды ескере отырып құрылды. Студенттердің өзіндік жұмыстары зерттеу, ізденіс және шығармашылыққа негізделіп, жазбаша түрде орындалуы керек. Өзіндік жұмыстарын төмендегі үлгілер бойынша беруге болады: 

Баяндама – берілген тақырып бойынша анықталған пікірлер мен тұжырымдарды жүйелеп беруі. 

Мақала – нақты тақырып бойынша ғылыми зерттеулерге талдау жасап, қорытынды беріледі. Сонан соң зерттеудегі өзінің аталған мәселеге қатысты көзқарасын ұсынып, оны дәлелдейді. Мақала соңында қорытынды тұжырымдар жасайды. 

Тезистер – бұл тақырып және оның негізгі мағынасының бірізділікпен қысқартылып, жетекші талаптарының қысқаша берілуі. Тезистердің жоспардан айырмашылығы мәтінде қарастырылатын сұрақтардың атының ғана емес, мәнінің де ашылып берілуімен ажыратылады. Сондықтан егер жоспар «Мәтінде не туралы айтылады?» деген сұраққа жауап берсе, ал тезис «Мәтінде бір нәрсе туралы не айтылады?» деген сұраққа жауап береді. Тезистер авторлық және қосымша болуы мүмкін. Авторлық тезистер автормен жазылған, сонымен қатар авторлық мәтінді сөзбе-сөз көшіру болып табылады. Қосымша (вторичные) тезистер авторлық мәтіннің өңделген түрі. Тезисте мәтіннің тақырыбы қысқа және логикалық (түсінікті) даму тұрғысынан айтылады. Тезистердің қысқалығы мысал, үлгі және цитат келтіруге мүмкіндік бермейді. Көбінесе бастауыш пен баяндауыштан тұратын тезистер қолданылады. Бұл тезистер конспектіге қарағанда мәтіннің ең қысқа вариантын ұсынады. Тезис - белгілі бір мәселе туралы қысқаша түрде баяндалған қағида. 

Реферат (лат. referre – баяндау, хабарлау) – бұл мәтіннің мазмұнын бұрмалаусыз айтып беру. Реферат: 1) Әдеби және басқа деректерге жасалған шолудан тұратын белгілі бір тақырып бойынша жасалған баяндама; 2) Ғылыми жұмыстың, кітаптың, т.б мазмұнын баяндау (Словарь иностранных слов. – М., 1985. –С.433.). Реферат – алғашқы түпнұсқаның негізгі мазмұнының қысқа, ықшамдалған түрі, онда көтерілген барлық мәселені қамтуға тиіс. Реферат сонымен тек қана ойсыз көшіру емес, таңдалған тақырып бойынша ақпарат көздеріне талдау мен сараптау жасау, оларға баға беру. Рефераттан студенттің «Мен» тұжырымы көрініп тұруы қажет. 

Рефераттың өз құрылымы бар: 

1. Реферат жасалатын құжат саласының не бөлімінің аты. 

2. Тақырыбы. 

3. Түпнұсқаның авторының аты-жөні, шығарған баспа, жылы (журнал болса аты және нөмері). 

4. Реферат жазылатын материалдағы басты ойды ықшамдап береді, оған өз пікірін қосуға болмайды.

5. Рефераттың мазмұны түпнұсқада берілген жүйемен, ізбен баяндалады. 

Рефератты репродуктивті және продуктивті деп ажыратады. Репродуктивті ре­фераттар мәтіннің мазмұнын жаңадан өндіреді. Мұндай рефераттарға реферат-түйіндеме (резюме) және реферат-конспект жатады. Реферат-түйіндемеде (резюме) тақырып мәтіні бойынша негізгі ережелер келтіріледі. Реферат-конспект мәтіннің негізгі мазмұнын, дәлелдерін, мысалдарын, нәтижелерін береді. Продуктивті рефераттар мәтіннің мазмұнын ғана емес, оған сыни тұрғыдан, шығармашылықпен қарауды ұсынады. Рефераттың мұндай түріне реферат-шолу және реферат-баяндама жатады. Реферат-шолу (обзор) бірнеше мәтіннің негізінде жазылады. Онда мәтіндегі айтылған мәселе әр түрлі көзқарас тұрғысынан салыстырылып жазылады. Реферат-баяндамада (доклад) мәтіндегі бар ақпаратқа талдау жасалып, мазмұнына бағалау беріледі. Реферат жазу мәтінді саналы түсінуді, ақпаратты аналитикалық-синтетикалық қайтадан өңдеуді және осының негізінде жаңа мәтінді құруды талап етеді. 

Ақпарат көздерімен (оқулықтар, ғылыми әдебиеттермен зерттеулер, интернет, т.б.) жұмыс жасау. Ол үшін студент ең бірінші кітапханада катологпен жұмыс істеудің әдісін меңгеруі; тақырыптық, алфавиттік каталогтерден өзіңе қажетті әдебиеттер тізімін жасап, олармен танысуы; қажетті ақпаратты жинауды үйренуі қажет. Оқулық және ғылыми еңбектермен жұмысолардың мазмұнынан өзіне қажетті тақырыпты тауып, онымен танысу шолып оқудан басталады. Мұнан соң зерттей оқу орын алады. Зерттей оқу барысында қажетті тұжырымдар бойынша конспект жасалады. Оқу және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу үшін ұсыныстар: оқу әдебиеттерін оқи білу біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру студенттің дербес және алдымен сол уақыттағы оқитын материалына байланысты болады. Оқулықты оқуға кірісе отырып, студент не үшін оқитыны жөнінде өзіне есеп беруі керек. Сосын жалпы конспектіде нақты тақырыптың алатын орнын анықтап, мазмұндық құрылымын, жақын құрылымдық бірлігін ойластыруы керек. 



«Дөңгелек үстел» әдісі ең біріншіден студенттердің өзара пікір алмасу формасы ретінде көрініс табады. «Дөңгелек үстел» барысында оның қатысушылары берілген бір мәселе бойынша баяндама жасап қана қоймай, пікірлерімен алмасып, әрқайсысының позициясын айқындайды. Дөңгелек үстел – шағын топ ішінде студенттердің қарастырылып отырған тақырып (сұрақ, мәселе, идея, тұжырым, т.б.) бойынша белгіленген уақыт аумағында өз ойларын ортаға салу тәсілі. Дөңгелек үстелде сөз бір студентке бірнеше рет айналып келуі мүмкін. Келесі сөйлегенде студенттер алдындағы ойларын қайталамай, оларды ары қарай жалғастыруы және басқалардың пікірін ескеріп отыруы қажет. Дөңгелек үстел жазбаша да өтуі ықтимал, онда өз ойларын белгіленген уақытта жазып, бір-біріне оқытады. Жазбаша өткізілген дөңгелек үстелде барлық студенттер бір мезгілде жұмыс жасайды. 

ЭССЕ (фр. « essay » - попытка, проба, очерк) - очерк, шығарма, белгілі бір тақырыптарға ой толғау. Рефератпен салыстырғанда, эссе автордың өзіндік ойларының жиынтығы болып табылады. Бұл философиялық, тарихи-биографиялық, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми-көпшілік немесе беллетристикалық (көркем шығармалық) сипаттағы жаңа сөз. Барлық аргументтер, идеялар, анықтамалар егер студенттің өзінікі болмаса, сілтеме жасалуы керек. Эсседе пайдаланған дерек көздер, дәйектемелер көрсетілуі керек. Эссе көлемі 3-5 бет. Эссе жанры шығармашылық еркіндікті қажет етеді, ол кез-келген стилде жазылады, бұл оқылған, естілген, көрілген заттар туралы өзіндік ой. Эссенің бірінші жоспарында - автор тұлғасы, оның ойы, сезімі, дүниеге көзқарасы тұрады, бұл шығарманың басты ұстанымы. Эссе студенттің сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдарын келтіретін бағалау тәсілі. Эссе арқылы оқытушы студенттің ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды. Эссені бағалау барысында мына факторларды есте сақтау қажет: Кіріспе мен жұмыстың қорытындысын құрастыра білуі; Логикалық тұрғыдан аргументтерді келтіре алу қабілетінің болуы; Кеңінен және тереңірек талдау жасай білу, тұжырымдар мен қорытындыны бағалау және сын тұрғысынан қарай білу қабілеті; Шығармашылық стилде маңызды материалға шолу жасай білу және сұрақтарға нақты әрі дұрыс жауап беру, жүйелілік пен дәлдікті біріктіре алу қабілеті; Қарастырылатын әдебиеттердің кеңдігі мен тереңдігінің қажеттілігі; Түсінікті және нақты бейнелеп жаза алу сауаттылығы; Жұмысты ұқыпты рәсімдеу, оның түйіндемесін, сілтемесін, библиографиясын құра білуге қабілеттілігі. 



Конспект – басқа формалармен салыстырғанда жазудың ең әмбебап формасы. Конспект жазғанда оқылған мәтінді қайта жазуда дұрыстығын қамтамасыз ету керек. Конспекттің басты сипаты қысқалық әрі нақтылық. конспектіде ой сабақтастығы мен айтылған мәтіннің қисыны сақталуы тиіс. Конспектілеуде мәтін мазмұнының ең мәнді компоненттері, есте сақталуға тиісті тіректер жазылады (мәселен, атаулар, даталар, кейбір терминдер, символдар). Шартты түрде конспектілерді төрт түрге бөлуге болады: жоспарлы; мәтіндік; еркін; тақырыптық. 

Презентация – бұл пайдаланушының осы затқа ерекше назарын аудартудың бір формасы, жариялау деген мағынаны білдіреді. Презентация нысаны белгілі бір ұжымның жеткен жетістігі, затты сипаттау, даму тенденциялары мен жоспарлары. Презентациялар конференция мен семинарларда жүргізілуі мүмкін. Презентация көмегімен семинар, курс тыңдармандарын оқытуға болады. Мұндай презентация пәнді көрнекі етіп, оны жандандыра түседі. 

Колло́квиум: (лат. colloquium - әңгіме, жиналыс, мәжіліс) - ғылыми жиналыстар, оның маңызы баяндамаларды оқып, талқылау. Сонымен қатар колло́квиум - білім беру жүйесінде білімді бағалау мен тексерудің бір формасы. Әдетте жоғарғы оқу орындарында ол семестр ортасында жүргізілетін, өзіндік мини-емтихан, мақсаты емтихан тақырыптарының тізімін азайту. Коллоквиум барысында жобалар, рефераттар және басқа жазба жұмыстары тексерілуі мүмкін. Коллоквиумде алынған баға емтихан бағасына тікелей қатысы болуы мүмкін. Коллоквиум мазмұнына 2 практикалық міндет, 2 нақты теориялық сұрақ кіреді. 

Проект (жоба) уникалды өнім яки қызмет тудыру мақсатымен уақытша айналысатын жұмыс. Себебі әр жобаның өз уақыты, яғни басталуы мен аяғы болады. Уникалдылығы туралы айтқанда өзге осындай тапсырмаларға ұқсамайтындығын айту керек. Жобаға бірнеше студент қатысуы мүмкін. Жоба ретінде тапсырманы құру, журналдың номерін дайындау, ақпараттық жүйесін құру және т.б. 



Пресс-конференциялар журналисттермен қарым-қатынас жасау формасы, ақпаратты ең бірінші алудың жолы. Пресс-конференцияда әдетте басшылық немесе көтерілген мәселеге құзырлы адамдар қатысады. Пресс-конференцияны дайындау үшін: пресс-конференция тақырыбы мен қатысушыларды анықтау, жүргізуші тағайындау; өткізілетін орынды таңдау, жолын нұсқау; пресс-конференцияға шақырылған БАҚ-н, БАҚ e-mail анықтау, факстерді тарату; слайдтар көрсетілуін демонстрациялау; пресс-релиз тарату (конференцияға дейін 3-5 күн). Пресс-релизде келесі мәліметтер қамтылуы керек: · орны, уақыты өту уақытын көрсету; контактілік телефон. 

Пікірталас (дискуссия) - қандай да болмасын проблема бойынша қарама-қарсы пікірлерді келтіру арқылы ақиқатқа жету тәсілі. Оны өткізудің түрлері баршылық. Дискуссияның мақсаты:қатысушыларының белгілі тақырыптар мен мәселелерге қатысты қызығушылығын оята алу; кереғар пікірлерге жетелейтін оқу мазмұнын әр қырынан қарастыру, мүмкін көзқарастарды анықтау. Дискуссияның барысы: 1. Дискуссияны оқытушының немесе жүргізуші студенттің ашуы: талқылайтын тақырыптың мақсаты мен міндетін көрсету. Сөз алуға шақыру; Дискуссияны баяндамаларды тыңдаудан бастауға болады; Ең болмаса, бір альтернативті сұрақтың болуын қадағалау; жақтаушы және керіге шығарушы 3-5 аргумент бөліп көрсетіледі; Қатысушылар сұрақтар қояды, өз пікірі мен ұсыныстарын айтады; соңынан «ия» немесе «жоқ» деген пікірлер саналады. 2.Дискуссияның жағымды жақтары: мәселелер әр қырынан талқыланады; жүргізуші дискуссияны үйлестіріп отырады, өз пікірін ала алады, алайда пікірталастыруға міндетті емес; оқытушы қорытындыны жинақтап түсіндіреді. Егер дискуссия соңында топ екіге бөлініп кетсе, онда дебат өткізген жөн. Ол студенттерді бір-бірімен айтысуға; түрлі пікірлерді айтуға; оппоненттерді тыңдауға үйретеді. Дебат өткізуде қажетті нәрселер: оппоненттің не туралы айтқанын мұқият тыңдау; әр 15 минут сайын студенттер сенімді аргументтерді жазып алып отырады; түрлі пікірлерді тыңдап, олармен келісу яки керіге шығару; соңында оқытушы аргументтерді қорытындылайды, маңызды сәттер мен қисынды қорытындыларды шығарады. 



«Ойға шабуыл» әдісі – бұл жаңа идеяларды шығару үшін кеңінен қолданылатын әдіс, қойылған мәселелердің спонтанды түрде шешілуі. Мұнда:1) Міндеттерді анықтау; 2) 5-8 адамнан тұратын шығармашылық топты құру. Шығармашылық топ 2 топтан тұрады. (ұдайы және уақытша қатысушылар). Ұдайы топқа топ жетекшісі кіреді. Уақытша қатысушы ретінде шешілетін мәселенің құрамына қарай анықтайды: а) Өту уақыты 1.5-2 сағат. шақыруды 2 -3 күн бұрын алады. б) Идеялардың санына көп көңіл бөлінеді. Олар қысқа, әрі нақты болуы тиіс.в) Ойын барысында сын айту жіберілмейді. Сынның болмауы жақсы микроклимат тудырады. г) Микроклимат тудыруға қалжың, әзіл өз көмегін тигізеді. «Миға шабуылдың » нағыз сеансы адамдардың ерекше психологиялық көңіл-күйі. д) Жүргізушінің міндеті бейтарап жағдаят тудыру, жаңа адамдарды таныстыру, әзілмен әңгімелеу. Ақыл ой шабуылы - бір проблема жайында ұйымдастырылған пікірлесу, жоба туралы толық, ашық, еркіндікте әңгімелесу. 

Портфолио – студенттің семестр бойы жасаған жұмыстары және жетістіктерінің айғағы мен дәлелі. Онда студент өзінің жазба жұмыстарының үлгілерін сақтап, семестр аяғында үйренгені туралы есеп берген кезде дәлел ретінде қолдана алады. Портфолионы электронды түрде де келтіруге болады. Портфолио бірнеше қызмет атқарады: жинақтаушы – студенттің жұмыстарының жиынтығы; үлгі – студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастырудың құралы; ой-толғаныс пен шығармашылық тудырушы – студенттерге оқу/үйрену және кәсіби тұрғыдан қажетті әдістер мен тәсілдердің қолдануын ұғынуға және т.б. мүмкіндік береді. Портфолионың бөлімдері: 1.Студент туралы мәлімет.2.Пәннің теориялық мазмұны. 3.Студенттің жұмыс үлгілері. 4.Студенттің жетістіктері. 5.Студенттің ой-толғанысы. Портфолионы бағалау критерийлері: барлық бөлімдердің болуы; өздігінен қосымша бөлімді енгізуі; зерттеу әдістері; дербестігі; материалдарды безендіруі; қорытынды жасауы; басқалардың пікірлері; ой-толғанысқа негізделген материалдары; портфолионы таныстыруы (жариялау, презентациялау). 

Топтық зерттеу (бірлескен жұмыс) – семинар немесе практикалық сабақтарда студенттердің бірлесе отырып белгілі бір проблеманы графикалы түрде шешу тәсілі. Оқытушы тақырып бойынша шешуді талап ететін проблеманы студенттерге ұсынады. Студенттер шағын топтарға бөлініп, аталған проблеманы шешу жолдарын талқылап, өздерінің шешімін плакатқа түсіреді. Студенттер өздігінен мазмұн мен тапсырма орындаудың формасын таңдайды, ақпарат жинастырады, оларды талдап, бағалайды. Содан кейін плакат қабырғаға ілінеді де, топ атынан спикер шығып жұмысты қорғайды. Қорғау соңында топ мүшелері басқаларының сұрақтарына жауап береді, олардың өз шешімдеріне түзету енгізуі де мүмкін. Оқытушы әр топқа жеке тапсырма беруі немес топтар тапсырманы өздері де таңдап алуы мүмкін. 



Ойындар:

  1. Рөлдік ойындар: көшбасшылық ойындар.

  2. Іскерлік ойындар: саяхат, блиц-ойындар, өндірістік ойындар.

  3. Имитациялық ойындар. 

Тренингтер - қысқа мерзім ішінде практикалық қолданыста қажетті әрі тиімді біліктер мен дағдыларды игеруге бағытталған оқу сабақтары. Тренингтердің мақсаты  үйренудің ең тиімді жолдарын игеру. Мұнда үйренушілер өз әрекеттерін қалайша тиімді түрде ұйымдастырып, жұмыста оң нәтижеге қалайша жету керектігі мәселесімен айналысады. 

Тест студенттердің оқу жетістіктерін, олардың білім, білік, дағдыларының жиынтығын обьективті түрде өлшеу мүмкіндіктерін береді. Тесттерді әдетте ашық және жабық деп екіге бөледі. Жабық тест дегеніміз – келтіріліген жауаптардың ішінде біреуі дұрыс болатын тапсырма, студенттер бұл жауапты таңдап көрсетуі тиіс. Ашық тесттер дайын күйде берілген бір немесе бірнеше дұрыс жауаптарды іздестірмей, шығармашылық тұрғыдан шешім келтіруді талап етіп,келесідей тапсырмалардан тұрады: өзіндік түсінікті келтіру, мәсеелні шешу, ой-өрістерін дамытуға бағытталған шығрмашылық жұмыстары. 

Бақылау – қандай да бір фактілерді анықтау үшін ақпаратты жинақтау құралы. Бақылау арқылы студенттің сабақта қалай жұмыс жасағандығын немесе сабақтың қалай өткендігі туралы ақпарат жинап, талдау жұмысын жүргізуге болады. 

Сауалнама – берілген сұрақтарға жауап беру арқылы ақпарат жинақтау. Сауалнама алдын-ала құрастырылып, респонденттерге таратылып беріледі. 

Интервью – сұрақ-жауап арқылы қандай да болмасын мәселені талқылау және өзіндік пікір келтіру. Интервью арқылы студенттің немесе оқытушының сабақ тақырыбы жайлы пікірлерін білуге болады. 

Аннотация ( лат. сөзі annotatio – белгі, естелік) – кітаптың, мақалының қысқаша сипаттамасы, яғни кез келген мәтіннен оның көзқарасы бойынша мазмұнын, формасын және басқа ерекшеліктерін белгілеп қою. Аннотацияның мақсаты – мәтінде не туралы айтылатыны жөніндегі сұраққа жауап беру, ол туралы жалпы түсінік беру. Аннотация – материалды сұраптау арқылы мазмұнын ашып, баға беру. Аннотацияның құрылымы: 1. Мәтіннің библиографиялық баяндалуы, суреттелуі. Автор туралы мәліметтер, басылымның аты, орны және уақыты (Шыққаны туралы мәліметтер). 2. Мәтіннің тақырыбы. Жалпы тақырып көздері көрсетіледі. Онда төмендегілер көрсетіледі: тақырыпқа, мәселеге, мақаланың тақырыбына, т.б. арналған мақала (кітап, монография және т.б.) Мақаланың тақырыбы .....болып табылады. 3. Мәтіндегі мәселе. Мәтіндегі айтылатын мәселелер немесе сұрақтар төмендегідей беріледі: мақалада (кітапта) келесі мәселелер талданады (арналады, сипатталады, талқыланады, ашып көрсетіледі, қарастырылады); талдау жасалады (сипаттау, суреттеледі, шолу); нәтижелері келтіріледі; теориясы беріледі (тарихы, әдістемесі, мәселесі); сұрақтар зерттелінеді (мәселе, үрдіс, тәуеледілік, қасиеті) және т.б. 4.Адресат. Мәтіннің біреуге арналғаны белгіленеді: мақала ....саласындағы мамандарға арналады; мақала ....қызығушылық тудырады (оқырмандарға) және т.б. Аннотация кітаптың титульный парағының астыңғы бетінде болады. Негізінде кітаппен танысқанда алдымен аннотациясын оқиды. Аннотацияның тілі әдеби, түсінікті және қарапайым болуы керек. Онда артық ақпарат болмауы керек. 


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет