Облыс Атырау облысы Аудан, қала Атырау қаласы Мектеп



Дата26.08.2017
өлшемі43,41 Kb.
Облыс Атырау облысы

Аудан, қала Атырау қаласы

Мектеп Талғайран негізгі мектебі

Пәні Қазақ тілі

ФИО Кубландиева Г.А.

" Мемлекеттік тіл - менің тілім" сайыс сабақ

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Өз ана тілін біліп, өзге тілдерді құрметтеуге шақыру.

Мұғалім сөзі:
-Қайырлы күн, құрметті Ана тіліміздің меркесіне жиналған қауым. Баршамызға  Тіл мерекесі құтты болсын!   Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған 8-сыныптар арасында өткізілетін "Мемлекеттік тіл - менің тілім »  атты сайыс сабағын  бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл мерекеміз елбасымыз «Н.Ә.Назарбаевтың 22 қыркүйек Тіл мерекесі күні болып атап өтілсін деген бастауын қолдап,мерекеге жиналып отырсыздар. Яғни 1997жылы 22 қыркүйек күні қабылданған Қазақстанның тіл туралы Заңында Республика халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту құқығының негізі бекітілген.

Тіл – әрбір ұлттың заңы сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл. Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған тіл болса, ол да – қазақ тілі және қазақ әдебиеті, шын ғылым үшін біз мұны ашық айтуымыз керек. Мектебімізде Қазақстан халқының «Тілдер күніне» арналған апталық жалғасуда. Сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін. Сайыс 4 турдан тұрады,



І- тур. Ана тілі – қазақ тілі туралы өлеңдер оқу. Екі топтан екі оқушы өлең оқиды.

Жүргізуші: ойынымыздың ІІ -туры «бәйге». Мұнда қазақ,орыс,ағылшын тілдері бойынша сұрақтар беріледі. Берілген сұрақтарға тез,шапшаң жауап беру керек. Белгі картасын бірінші көтерген топ оқушысы жауап береді, жауап дұрыс болмаса, келесі көтерген топ оқушысы жауап береді. Сұрақтар:

1.Мәтін дегеніміз не? 2. Ағылшын тілінде неше әріп бар? «26» 3.Назови виды сказок? (волшебные,о животных,бытовые) 4. В слове «знание» сколько гласных букв? 5. Ағылшын тілінде неше дауысты дыбыс бар және ата? «6» 6. «where are you from?» қазақ тіліне аудар 7. «қайырлы таң»ағылшын тіліне аудар? «good morning» 8. 2817417 ағылшын тілінде ата 9. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).


10. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989). 11. Ағылшын алфавитіндегі 5ші әріпті ата?

ІІІ -тур. Полиглот. Бұл ойында мақал-мәтелдерде түсіп қалған сөздерді тауып, 2 тілдегі баламасын айтады. Өнер алды-... (қызыл тіл) Слово серебро-... (молчание золото) Айтылған сөз-... (атылған оқ пен тең) Нет друга ищи, а найдешь-... (береги) Оқусыз білім жоқ,білімсіз ... (күнің жоқ) Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
Бас кеспек болса да, … (тіл кеспек жоқ).
Бал тамған тілден … (у тамған).
Тіл қылыштан … (өткір).
Жыланның уы тісінде, адамның уы … (тілінде). Тілден артық … (қазына жоқ). Сүңгі жарасы бітер, … (тіл жарасы бітпес). Труд кормит-лень ... (портит)

ЖүргізушіІV-тур «Ғажайып 6-лык»

Бұл жетілікте қазақ,орыс,ағылшын тілі мен әдебиетінен сұрақтар беріледі:

1.қазақ тілі: баяндауыш неше сызықпен сызылады? 2.қазақ әдебиеті: «үш бақытым» авторы кім? 3.орыс тілі: сколько слогов в слове ши-пов-ник 4.орыс әдебиеті: назови виды сказок? (волшебные,о животных,бытовые) 5. «қалың қалай»ағылшын тіліне аудар 6 «fine thank you» қазақ тіліне аудар

V.тур- « жорға 2 оқушы қатысады 1мин.ішінде 15 сұраққа жауап берулері керек.

1. Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқсан) 2. Елбасы кім? (Н.Ә.Назарбаев) 3. Білім күні қай күн? (1 қыркүйек) 4. Абай Құнанбаев кім? (қазақтың ұлы ақыны) 5. Тіл мерекесі қашан тойланады? (22 қыркүйек) 6. Қазақстан Республикасының елордасы қай қала? (Астана) 7. Рәміздерді ата? (ту,елтаңба,ән ұран) 8. Біз қай мемлекетте тұрамыз? (Қазақстан Республикасында) 9. «Кел балалар, оқылық» кімнің өлеңі? (Ы.Алтынсарин) 10. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі? (қазақ тілі) 11. Өлең жазатын адамды кім дейді? (ақын) 12. Төрт түлікті ата? (түйе,сиыр,ешкі,қой,жылқы)

13. Ең асыл жан кім? (ана) 14. Қазақша жылбасы? (наурыз) 15. Тұнғыш әліппе оқулығын жазған кім? (А.Байтұрсынов)

VІ. Бейне ролик. Екі топқа тақырып беріледі. Оқушылар эссе жазады.

Мұғалім: Қалың елің қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп  орман бол, Шет тілі мен компьютерді меңгеріп, Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!

Жомарттық пен мәрттік. Бұлардың негізінде  үш нәрсе бар: бірі – өз айтқан сөзіңді өзің орындау; екіншісі — әділдік пен туралыққа нұқсан келтірмеу; үшіншісі — қайырымдылықты есіңе ұстап ұмытпау. Егер мәрттік пен жомарттық жолында жүрмек  болсаң, әр уақытта үш нәрседен сақтанғайсың: көзді — жаман назардан, қолды — жаман істен, тілді — жаман сөзден.



Осымен бізді тіл мерекесіне арналған сайыс сабағымыз аяқталды.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу