Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасымен келісілген 2010 жыл



Дата08.07.2018
өлшемі245,5 Kb.
#48417



Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасымен

КЕЛІСІЛГЕН

« » __________ 2010 жыл

__________




Сырдария ауданы

әкімдігінің 2010 жылғы

« » ____________

қаулысымен



БЕКІТІЛГЕН


«Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ

Тереңөзек, 2010 жыл
Мазмұны


1

Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімінің миссиясы және көрінісі............................................


3

2

Қазіргі жай–күйді талдау.....................................................................



4-5

3

Бөлім қызметінің стратегиялық бағыты және негізгі индикаторлары мен даму мақсаттары................................................




6-8

4

Функционалдық мүмкіндіктері ..........................................................



9

5

Басқарма аралық өзара іс–қимылдар..................................................



10-11

6

Нормативтік құқықтық актілердің тізбесі..........................................




12-13


7

Бюджеттік бағдарламалардың тізбесі.................................................


13-22


1. Миссия және көрінісі

Миссия:

Сырдария ауданында халық мекендейтiн және тiршiлiк ететiн қолайлы ортаны қамтамасыз ету мақсатында сәулет және қала құрылысын дамыту.


Көрінісі:

Аудандағы елді мекендердің аумағын тұрақты түрде дамыту және құрылыстар салу, құрылыс салу сапасының жоғары деңгейін қалыптастыру.



2. Қазіргі жайкүйді талдау
Бүгінгі таңда, аудан көлемінде 1 кент және 14 ауылдық округтер бар. Аудандағы халықтың саны 39,697 мың адам.

Аудан аумағын игеру барысында кешенді жоспарлауды анықтайтын тиісті қала құрылысы құжаттары – елді мекендердің бас жоспарлары мен даму сызбалары өткен ғасырдың 1972-92 жылдары әзірленген.

Елдi мекендердiң бас жоспарлары қаланы, кенттi, ауылды не басқа да қонысты дамытуды кешендi жоспарлауды айқындайтын және аумақты ұйымдастырудың бекiтiлген бас сызбасы мен аймақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi сызбасына сәйкес әзiрленетiн негiзгi қала құрылысы құжаты болып табылады.

Жоғарыда аталған қала құрылысы құжаттарының ескіруі және кейбір елді мекендерде олардың болмауына байланысты 2007 жылға дейін құрылысқа жер телімдерін бөлу уақытша даму сызбалары арқылы жүзеге асырылып келді.

Осыған орай, қала құрылысы саласында қордаланып қалған мәселелерді шешу мақсатында облыста «Қызылорда облысында қала құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған» өңірлік бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырылуда.

Аталған бағдарламаның аясында кенттің бас жоспары мен елді мекендердің даму сызбалары әзірленуде. 2008 жылы Тереңөзек кентінің бас жоспарларын әзірлеуге 10,658 млн. теңге және халық саны 5000-ға дейінгі 5 ауылдық елді мекендердің даму сызбаларын әзірлеуге 7,200 млн. теңге бөлінді.

Жоғарыда көрсетілген барлық қала құрылыстық құжаттар толығымен әзірленді және қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жергілікті мәслихаттардың шешімдерімен бекітіліп, 2009 жылдың қаңтар айынан бастап қолданысқа енгізілді.

Сонымен қатар, 2009 жылы 5 ауылдық елді мекендердің даму сызбаларын әзірлеуге 6,904 млн. теңге, 2010 жылы 4 ауылдық елді мекендердің даму сызбаларын әзірлеуге 7,021 млн. теңге бөлінді.

Сондай–ақ аудан аумағын кешенді және тиімді дамыту үшін қажетті облыс аумағын қала құрылыстық жоспарлаудың кешенді сызбасы әзірленбеген.

Бүгінгі жаңа экономикалық даму кезеңінде аумақтардың жағдайы мен шаруашылық-экономикалық кешенді дамуы туралы ақпараттардың өте көп көлемде жинақталуы аумақтардың даму проблемаларын жүйелі түрде шешудің қажеттілігін тудырып отыр. Бұл проблемаларды шешу аумақтағы барлық салынған және салынатын объектілердің экономикалық, шаруашылық, табиғи және құқықтық жағдайлары туралы мәліметтерді жинау, жүйелеу, сақтау және жаңартып отыру жөнінде біртұтас басқару жүйесін жасау жолымен ғана жүзеге асырылады.

Осыған орай, Базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құру және жүргізу жөніндегі іс-шаралар енгізілді. Бұл мақсаттарға 2013 жылы – 42,983 млн. теңге қарастырылып отыр.

Мемлекеттік қала құрылысы кадастры - қала құрылысын ретке келтіру аумағын, оны пайдаланудың әлеуметтік-құқықтық режимінің белгілері, инженерлік-техникалық жарақтану деңгейі, ресурстық жағынан қамтамасыз етілуі және айналадағы ортаның жағдайы бойынша сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштердің бірыңғай жүйесі.

Ауданның барлық елді мекендерінде жаңа қоныстану аумақтарының түбегейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу (ТЖЖ ) жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Бірінші кезекте Тереңөзек кентінен 484 га елді мекендерден 100 га жерге түбегейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу жұмыстары тұр. Бұл жұмыстарға 49869,0 теңге қаржы керек, шешілген жағдайда 2200 тұрғын үйге жер беріледі. 2011 жылға Тереңөзек кенті, Айтек каналының оңтүстік бетінен жаңа қоныстану аумақтарының түбегейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу (ТЖЖ ) үшін жергілікті бюджеттен 8000,0 мың теңге қаржы қажет етіледі.

Айта кету керек, жұмыс барысындағы оң нәтижелермен бірге өңірде сәулет және қала құрылысының үйлесімді дамуына кері әсерін тигізетін бірқатар проблемалар да бар.



Бұл проблемалар мыналар:

Бас жоспарлары әзірленіп, күшіне енген елді мекендердің түбегейлі жоспарлау жобаларының болмауы;

Ауылдық елді мекендердің даму сызбаларының болмауы;

Базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық–графикалық жүйесінің болмауы;

қолданыстағы ғылыми-техникалық базаның халықаралық нормативтермен үйлеспеуі;

сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында халықаралық стандарттарды енгізу деңгейінің төмендігі;

экономика салалары бойынша типтік жобалардың болмауы.

Аталған проблемаларды тиісті деңгейде шешкен кезде кенттің, ауылдардың не басқа да қоныстардың үйлесімді және тұрақты дамуы, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің, көлік және инженерлік коммуникациялардың, байланыс және энергетиканың жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.



3. Бөлім қызметінің стратегиялық бағыты және негізгі индикаторлары мен даму мақсаттары
Аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімінің негізгі стратегиялық бағыты Сырдария ауданында халық мекендейтiн және тiршiлiк ететiн қолайлы ортаны қамтамасыз ету мақсатында өңірде сәулет және қала құрылысын дамыту болып табылады.

Сырдария ауданының сәулет және қала құрылысының келешектегі қалыптастырылған жүйесін құру.

Құрылысы жүріп жатқан және салынуы жоспарланған (қайта жаңғыртылатын, кеңейтілетін, жетілдірілетін, күрделі жөнделетін) объектілер мен нысандардың мониторингісін жүргізуге, сондай-ақ облыстың елді мекендерінде білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет нысандарының, инженерлік инфрақұрылымдар құрылыстарының сапалы жүргізілуіне жүйелі түрде бақылау жасау.

Аудан орталығы және ауылдық елді мекендердің сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында ауданның ескі бөліктеріне қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу, қайта жоспарлау арқылы аудан аумағында қазіргі заманға сай ғимараттарды салу жұмыстарын елді мекендердің белгіленген тәртіп бойынша бекітілген бас жоспарларына сәйкес кезең-кезеңмен жүзеге асыру.

Тарихи-мәдени, инженерлік-техникалық, өндірістік, қаржы, әлеуметтік, еңбек ресурстары, материалдық, энергетикалық, табиғи және жер әлуеттерін ұтымды пайдалануды дамыту арқылы қала құрылысы мен әлеуметтік-экономикалық және экологиялық міндеттерді мемлекеттік қала құрылысы кадастры арқылы шешу.

Сонымен қатар, жаңа технологияларды пайдалану және жергілікті құрылыс индустриясын дамыту арқылы аудан аумағында құрылыс жұмыстарының сапасын арттыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу.

Бас жоспарларға сәйкес елді мекендерде ескі және авариялық үйлерді бұзу жөніндегі жұмыстарды жүргізу.




Атауы


Өлшем

бірлігі

Есепті кезең

2008

(есеп)

2009

(бағалау)


2010


2011


2012


2013


2014



2015


Стратегиялық бағыт. Сәулет және қала құрылысын дамыту

Мақсат 1.1. Аудандағы елді мекендердің бас жоспарлары мен даму сызбаларын әзірлеу.
Мақсатты көрсеткіштер:

Аудандағы елді мекендердің қала құрылыстық құжаттарын әзірлеу және бекіту.


Міндет 1.1.1. Сырдария ауданындағы халық саны 500-ден 5000-ға дейінгі елді мекендердің бас жоспарларын, даму және құрылыс салу сызбаларын әзірлеу.
Сырдария ауданындағы халық саны 500-ден 5000-ға дейінгі елді мекендердің бас жоспарлары мен даму сызбаларын әзірлеу жөніндегі жобаларды жүзеге асыру деңгейі.

Елді


мекен

саны


%


5


31



5


62



6


100



-


-



-


-



-


-


-


-


-


-


Мақсат 2.1. Тиімді дамуды және аумақта құрылыс салуды реттейтін құжаттарды әзірлеу.
Мақсатты индикаторлар:

Тиімді дамуды және аумақта құрылыс салуды реттейтін қала құрылыстық құжаттарды әзірлеу және бекіту.


Міндет 2.1.1. елді мекендерде түбегейлі жоспарлау жобасын әзірлеу.
елді мекендерде түбегейлі жоспарлау жобасын жүзеге асыру деңгейі.

%
саны

%


-
-


-

-
-


-

50
-

-


100
1

100


-
1


100

-
1


100

-
1


100

-
2


100

Міндет 2.1.2. Сырдария ауданының базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құру және жүргізу.
Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құру және жүргізу жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру деңгейі.

МҚҚК

деңгейлерінің саны


%

-


-

-


-

-


-

-


-


-

-

1

100



-

-

-

-


4. Сырдария ауданының қала құрылысы және сәулет бөлімінің функционалдық мүмкіндіктері
Бөлімнің ұйымдық құрылымына келесі алғы шарттар қарастырылған:

«Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің аясында стратегиялық, бақылау және іске асырушылық функциялары бөлек көрсетілген;

Бөлім басшыларының жеке жауапкершілігін арттыру;

бөлімде мамандар бөлу арқылы жұмыс көлемін оңтайландыру;

мамандар арасында функционалдық міндеттердің қосарлануын болдырмау.

Бөлім қызметін жақсарту мақсатында төмендегі іс-шаралар жүзеге асырылатын болады:

сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін басқаруға қатысты жергілікті мемлекеттік органдардың өзара іс қимылының тиімді сызбасы әзірленіп, қолданысқа енгізіледі;

аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі қызметінің тиімділігі мен сапалылығын рейтингілік бағалау жөніндегі Ереже әзірленіп, қолданысқа енгізіледі. Бағалауды жүргізу қолда бар кемшіліктерді анықтауға және оларды жою жөнінде тиісті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді;

басқарудың тиімді шешімдерін және тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында сәулет және қала құрылысы саласында «электрондық әкімдік» жүйесімен біріктірілген біріңғай ақпараттық базаны құру жөніндегі жұмыстар жүргізіледі;

кадрлық әлеуетті дамыту жөніндегі жұмыстар жалғасын табады. Мемлекеттік қызметкерлерді конкурс арқылы іріктеудің және олардың қызметтік мансабын ұйымдастырудың негізі тетігі болып кәсіптік деңгей қала береді;

бөлімнің қаржылық қызметімен байланысты тәуекелдіктерді болдырмау мақсатында алдын ала бақылау, уақытылы анықтау, талдау және тәуекелдіктерді бағалау шаралары қолданылатын болады;

бөлімнің қаржылары мен активтерін басқару мақсатында бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарын енгізу жоспарлануда.

Аумақтың дамуын болжау және ретке келтіру мақсатында аумақтың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi сызбасын әзірлеуге және Сырдария ауданының Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының біріңғай автоматтандырылған ақпараттық-графикалық жүйесін құруға қажетті қаржы көлемін облыстық бюджеттен бөлуді қарастыру қажет.

Бөлім өз қызмет үдерісінде бірқатар тәуекелдіктермен ұшырасуы мүмкін. Қауіптің көзі мен түріне орай оларды басқарудың стандарттық және арнай ситуативтік шаралары жүзеге асырылатын болады. Төменде негізгі қауіптердің тізбесі көрсетіліп отыр.




Қауіп

атауы


Шара қабылдамау және уақытылы ескеріп, шара көрмеген жағдайдағы күтілетін зардаптар

Басқару шаралары

мен тетіктері



Еларалық

Бюджеттік қаржыландырудың болмауы







Бұрын қабылданып, басталған жобалар бойынша сұралған қаржыларды ала алмау қауіпі







Институционалдық

Білікті құрамның бөлімнен жұмыстан кетуі

Мемлекеттік

органның кәсіптік мүмкіндіктерінің шұғыл төмендеуі және негізгі міндеттерді орындауға қабілетсіздігі





- жұмыс күнінің ұзақтылығын қалыпқа келтіру;

- моралдық және материалдық ынталандыру;

- жұмыс бабында көлікпен

қамтамасыз ету;

- еңбектің қолайлы жағдайын жасау.




5. Бөлім аралық өзара іс-қимылдар
Бөлімнің стратегиялық бағыттары бойынша таңдалған мақсаттарға табысты жетуі басқа да мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау мен қалыптасқан жұмыс деңгейіне байланысты:


Стратегиялық бағыт

Үйлестіруді талап

ететін ісшаралар

Сәулет және қала құрылысын дамыту

ЭжБЖБ және АЭжБЖБ - облыстық және жергілікті бюджеттердің есебінен жүзеге асырылатын іс-шараларды қаржыландыру;

ЭжКШБ, ТҮКШ,ЖК және АЖ - салаларды инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етудің біріңғай жүйесін қалыптастыру (газ, жылу, су, кәріз, электр энергия және тағы басқалар);

ЭжКШБ,ТҮКШ,ЖК және АЖ - салаларды көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету.

ҚБ - Бекітілген жоба-сметалық құжаттарға сәйкес объектілердің құрылысын жүргізу.

ЖҚБ - Азаматтарға жеке тұрғын үй салуға жер телімдерін беру механизмін жетілдіру.

МСҚББ - Облыс аумағында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүргізуді қамтамасыз ету.

Аудан әкімдігі - Қызылорда облысында 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын, құрылыс индустриясын дамытудың салалық және өңірлік бағдарламаларын жүзеге асыру, бас жоспарлар мен даму сызбаларын әзірлеу және бекіту, облыстық және базалық деңгейлердегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құру және жүргізу.

ӘӨК - Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту, жер асты суларын пайдалану.

Табиғи монополиялардың субъектілері - инженерлік желілер туралы деректерге қол жеткізу, қордаланған мәселелерді талқылау, өндірістік қажеттіліктерге орай өзара іс–қимыл жасау.


ЭжБЖБ - Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы;

АЭжБЖБ – Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі;

ЭжКШБ - Қызылорда облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы;

ТҮКШ ,ЖК және АЖ тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары;

ҚБ - құрылыс бөлімі;

ЖҚБ - жер қатынастары бөлімі;

МСҚББ - Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы;

ӘӨК - Әлеуметтік өндірістік корпорация.

6. Нормативтік құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

2. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» № 242 Заңы.

3. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» №2688 Конституциялық Заңы,

4. 1999 жылғы 1 маусымдағы «Қазақстан Республикасының азаматтық Кодексі».

5. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының бюджеттік Кодексі».


  1. 2007 жылғы 15 мамырдағы «Қазақстан Республикасының еңбек Кодексі».

  2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 2 шілдедегі «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамудың стратегиясы туралы» № 627 Жарлығы.

  3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы «Қазақстан Республикасының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы туралы» № 383 Жарлығы.

  4. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексі .

  5. Қазақстан Республикасының  2003 жылғы 8 қаңтардағы «Инвестициялар туралы» Заңы.

  6. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» № 124 Заңы.

  7. Қазақстан Республикасының  2003 жылғы 19 желтоқсандағы «Жарнама туралы» Заңы.

  8. Қазақстан Республикасының  1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңы.

  9. Қазақстан Республикасының  2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» №107 Заңы.

  10. Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңы.

  11. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» № 2335 Заңы.

  12. «Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1297 Қаулысы.

  13. «Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1332 Қаулысы.

19. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 6 шілдедегі «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры туралы» № 931 қаулысы.

20. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы  «Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды рәсімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы» № 425 қаулысы.

21. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қарашадағы «Қазақстан Республикасының 2008-2010 жылдарға Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» № 867 қаулысы.

22. Қазақстанның 2030 жылдарға дейін даму стратегиясы.

23. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1217 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары.

24. Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 12 желтоқсандағы №17 шешімімен бекітілген «Қызылорда облысында қала құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы».

25. «Қызылорда облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2012 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

7. Бюджеттік бағдарламалар
мың теңге

Бюджеттік бағдарламалардың атауы

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2008

(есеп)


2009

(бағалау)



2010

2011

2012

2013

2014

2015

1

3

4

5

6

7

8

9

10

468. Қала құрылысы және сәулет бөлімі бойынша, барлығы:

22779,0

13028,0


13580,00

18103.1

20218.1

64467.693

22253.3

25062.8

468 001. Қала құрылысы және сәулет бөлімінің қызметін қамтамасыз ету.
001 000. Аппаратты ұстау.

001 007. Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

001 009. Материалдық-техникалық жарақтандыру.

4921,0

4921,0


-

6124,0

6124,0


-

6559,0

6559,0


-


10103,1

9103,1


-

1000,0


10218,1

10218,1


-

-


11484,4

10984,4


-

500,0


12253,3

11753,3


-

500,0


13193,8

12693,8


-

500,0


468 003. Тереңөзек кентінің бас жоспарын әзірлеу

10658,0

-

-

-

-

-

-

-

Елді мекендердің даму сызбасын әзірлеу

7200,0

6904,0

7021,0

-

-

-

-

-

468 003. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйелерін құру және жүргізу.

базалық деңгей:



-

-

-

-

-

42983,293

-

-

468 003. Елді мекендерде түбегейлі жоспарлау жобасын әзірлеу.

-

-

-


8000.0


10000.0


10000.0


10000.0


11869.0


Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі

Бюджеттік бағдарлама

468 003. Елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу.


Сипаттама

Елдi мекендердiң бас жоспарлары кенттi, ауылды (селоны) не басқа да қонысты дамытуды кешендi жоспарлауды айқындайтын және аумақты ұйымдастырудың бекiтiлген бас сызбасы мен аймақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi сызбасына сәйкес әзiрленетiн негiзгi қала құрылысы құжаты болып табылады.

Стратегиялық бағыт

Өңірде сәулет және қала құрылысын дамыту

Мақсат

Бас жоспар әлеуметтiк, рекреациялық, өндірiстiк, көлiк және инженерлiк инфрақұрылымдарды қоса алғанда, табиғи-климаттық, қалыптасқан және болжанып отырған демографиялық және әлеуметтiк-экономикалық жағдайларды ескере отырып, елдi мекеннiң аумағын дамытудың негiзгi бағыттарын анықтайды.

Міндет

Елдi мекендердiң бас жоспарлары олардың аумақтарын аймақтарға бөлуді көздеуге, жекелеген функционалдық аймақтардың нақты аумағын пайдалану түрлерiн айқындауға, олардың пайдаланылуына шектеу белгiлеуге тиіс.



Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі

Бюджеттік бағдарлама

468 003. Елді мекендерде түбегейлі жоспарлау жобасын әзірлеу.






Көрсеткіш-тер

атауы


Өлшем

бірлігі

Жоспарлы кезең

2011

2012

2013

2014

2015

Сан

көрсеткіш-

тері


Елді мекендерде түбегейлі жоспарлау жобасын әзірлеу.

саны

1

2

2

2

2


Сапа көрсеткіш-

тері

Нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес.



















Тиімділік

көрсеткіш-

тері

Х



















Нәтиже

көрсеткіш-

тері

Мәслихат шешімімен

бекіту және



қолданысқа енгізу.



















Бағдарла-

маны

жүзеге асыруға

қажетті

шығындар




мың теңге

8000.0


10000.0


10000.0


10000.0


11869.0

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі

Бюджеттік бағдарлама

272 003. Базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрыысы кадастрының ақпараттық жүйелерін құру жіне жүргізу.

Сипаттама

Мемлекеттiк қала құрылысы кадастры Қазақстан Республикасы кадастрларының мемлекеттiк ақпараттық-құқықтық жүйесiне кiредi және аумақтардың, ғимараттардың және құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының және абаттандыру бөліктерінің жай-күйi туралы, сондай-ақ аумақтар мен елдi мекендердi дамыту мен құрылысын салудың қала құрылысын жоспарлау туралы мәлiметтердi, аумақтар мен объектiлердiң тиiстi функционалдық аймақтарға тиесiлiлiгi, олардың қазiргi және болашақтағы мақсаттары, экологиялық, инженерлiк- геологиялық, гидрогеологиялық, геотехникалық және сейсмикалық жағдайлары, инженерлiк қамтамасыз етiлуi туралы деректердi қамтиды.

Стратегиялық бағыт

Сәулет және қала құрылысын дамыту.

Мақсат

Аумақтың дамуы үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс объектілері жөніндегі қажетті ақпараттарды ұсыну.

Міндет

Мемлекеттiк қала құрылысы кадастры Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi объектiлерi жөніндегi ақпаратты жинаудың, өңдеудiң, есепке алудың, тiркеудiң, сақтау мен табыс етудiң Қазақстан Республикасы үшiн бiрыңғай жүйесi бойынша жүргiзiледi.





Көрсеткіштер

атауы


Өлшем

бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең





2011


2012


2013


2014


2015

Сан

көрсеткіш-тері


Базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құру және жүргізу.

Деңгей-лер саны



-


-

-


1


-


-


Сапа көрсеткіш-тері

Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелердің негізінде.

Деңгей-лер саны

-


-

-

1

-

-


Нәтиже

көрсеткіш-тері

Базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құру және жүргізу.

Деңгей-лер саны



-


-

-


1


-


-


Бағдарла-маны

жүзеге асыруға

қажетті

шығындар



мың теңге


-





-


-


42983,293

-



-

Каталог: upload -> userfiles -> file
upload -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
upload -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
file -> Жоба 2014 жылғы мектепке дейінгі
file -> Сырдария ауданы бойынша сайлау учаскелері
file -> Халықаралық білім беру корпорациясы қазақ бас сәулет-қҰрылыс


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет