Қоғамтану мұғалімінің педагогикалық шеберлігі курсына арналған қосымша материалдар



Дата26.12.2019
өлшемі44,52 Kb.
#54903
Байланысты:
қосымша

«Қоғамтану мұғалімінің педагогикалық шеберлігі" курсына арналған қосымша материалдар



Апта /күні

Рет саны

қосымша материалдар атаулары

Сағат саны

1

№2

3

4

1


1

№ 1 дәріске семинар сабағының тақырыбы: «Қоғамтану мұғалімінің педагогикалық шеберлігі" курсының мақсаты мен мазмұны, тақырыбқа қатысты білім беруге арналған құжаттарды талдау.

Жоспар:


1.1 «Қоғамтану мұғалімінің педагогикалық шеберлігі" пәніне қатысты құжаттардың мазмұнын талдау.

1.2«Педагогикалық кәсіптік қызметі» ұғымының мазмұны мен мәні.



ҚР ның «Білім туралы» Заңы

7-тарау. ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ МӘРТЕБЕСІ

50-бап. Педагог қызметкердің мәртебесі

1. Білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да

ұйымдарда білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқытуға және тәрбиелеуге байланысты білім беру

қызметімен айналысатын адамдар педагог қызметкерлерге жатады.

Мемлекеттік мекемелер және қазыналық кәсіпорындар ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған

мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог жұмыскерлері (әскери, арнаулы оқу орындарының әскери

немесе арнаулы атақтары бар қызметкерлерін және әскери қызметшілерін қоспағанда) азаматтық

қызметшілер болып табылады.

2. Мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердің ерекше мәртебесін таниды және кәсіптік

қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасайды.

Ескерту. 50-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



51-бап. Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

1. Тиісті бейіні бойынша арнайы педагогтік немесе кәсіптік білімі бар адамдар педагогтік

қызметпен айналысуға жіберіледі.

Білім беру ұйымдарындағы жұмысқа:

1) медициналық қарсы көрсетілімі бар;

2) психатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұратын адамдар;

3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулер негізінде жіберілмейді.

2. Педагог жұмыскердің:

1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен

айналысуға;

2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға

жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;

3) дара педагогтік қызметке;

4) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары

сақталған жағдайда педагогтік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға;

5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;

6) бес жылда бір реттен сиретпей, ұзақтығы төрт айдан аспайтын біліктілігін арттыруға;

7) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға;

8) педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар,

сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түрінде моральдық және материалдық көтермеленуге;

9) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;

10) әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;

11) ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік өтілі сақтала отырып, шығармашылық демалыс

алуға;


12) білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағым жасауға;

13) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары немесе өзге де заңды

өкілдері тарапынан өз ар-намысы мен қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар.

3. Педагог жұмыскер:

1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және

оқыту дағдыларын меңгеруге;

2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес ұсынылатын

білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;

3) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет

көрсету, қоршаған дүниеге ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге;

4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, құзыретін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық

қабілеттерін дамытуға;

5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы

жетілдіріп отыруға;

6) бес жылда бір реттен сиретпей аттестаттаудан өтуге;

7) педагогтік әдеп қағидаларын сақтауға;

8) білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды

өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

9) білім алушылар жасаған, оның ішінде білім алушыларға қатысты қылмыстық құқық

бұзушылықтар фактілері туралы не өздеріне белгілі болған, білім беру ұйымдарынан тыс жерде

болған осындай құқық бұзушылықтар жасау фактілері туралы құқық қорғау органдарына дереу

хабарлауға;

10) өмірде қиын жағдайға тап болған баланы анықтағаннан бастап бір жұмыс күні ішінде

кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың

профилактикасы жүйесі органдарына хабарлауға міндетті.

Міндеттерін бұзғаны және педагог жұмыскер атағына кір келтіретін теріс қылық жасағаны

үшін педагог жұмыскер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартылуы

мүмкін.


4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагог

жұмыскерлерді өздерінің кәсіптік міндеттерін орындаумен байланысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға

жол берілмейді.

5. Педагог жұмыскерлердің білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу

мақсатында немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан

Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалануына тыйым салынады

.

Ескерту. 51-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми



жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501

-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

Заңдарымен.

52-бап. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі


1

2

2

№ 2 дәріске семинар сабағының тақырыбы: Қоғамтану пәні мұғалімінің кәсіби педагогикалық қызметінің мазмұндық сипаттамасы - психологиялық-педагогикалық мәдениет ретінде.

Жоспар:


1.1.Психологиялық -педагогикалық мәдениеттің мазмұны.

1.2Белгілі педагогтардың мұғалімнің психологиялық -педагогикалық мәдениеті туралы

1 .3Кәсіби –педагогикалық мәдениеттің қызметі.

Глоссарийлер



Анкеталау:

психология мен педагогикадағы зерттеу әдісінің әртүрлілігі, берілген сұраққа жазба түрінде жауап беріп, көзқарастары мен тенденцияларын анықтау.

Ақпараттық іскерлік –

оқу материалын түсіндіру, оны алу және өңдеу әдістерімен байланысты қолданылатын іскерлік.

Аттракция

(латын тілінен attractic - тартылыс-педагогтың тартымдылық күшіне ие болу, өзге жанды баурап алу, ашық, сүйкімді болу кабілеттілігі.







Іс-әрекет:

адамның өзінің қажеттілігіне және қызығушылығына бағытталған адамның іс-әрекетінің жиынтығы.

Білім:

объективті шындықтың құбылыстары, заттар туралы түсініктері мен елестері, алынған мәліметтер жиынтығы.

Білім беру философиясы

мәдени ортада адамның ақыл-ойы мен адамгершілік дамуы қалай жүретінін және бұл процеске білім беру жүйесі қалайша әсер ететінін қарастырады

Білік (умение)

оқушының өмірдегі тәжірибесі мен меңгерген білімі негізінде тез, саналы орындалатын практикалық–теориялық әрекеттерге даярлығы. Жетіле, автоматтандырыла келе білік дағдыға айналады. Біліктің негізгі белгілері: икемділік, тұрақтылық, беріктілік, шынайы жағдайлар мен міндеттерге барынша жақындау.

Білім беру

білім, іскерлік, дағдыны игеру процесі мен нәтижесі.

Білім беру

процесс ретінде бұл тұлғаның жетістікке жетуі үшін арнайы ұйымдастырылған оқу-тәрбие процесі, яғни педагогикалық процесс. Ол мұғалімнің сабақ беруі мен оқушының оқуы арқылы жүзеге асады.


1

3-4

3

№ 3 дәріске семинар сабағының тақырыбы: Қоғамтану пәні мұғалімінің педагогикалық шеберлігінің қалыптасу жолдары.«Педагогикалық шеберлік» ұғымы.

Жоспар:


1.1 «Педагогикалық шеберлік» ұғымының анықтамасы, мазмұны.

1.2 «Педагогикалық шеберлік» ұғымы туралы еңбек жазған ғалымдардың еңбегін талдау.

1.3Педагогикалық шеберліктің негізгі өлшемдері.

1.4Педагогикалық шеберліктің негізгі өлшемдері (мақсатқа лайықтылық, шығармашылық, үйлесімділік).

Педагог ғалымдардың тұжырымдауынша, педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан-жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік:

1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 21

2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі;

3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады.

Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу-тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар, жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады.

Болашақ ұстаздың педагогикалық мамандыққа өзін-өзі бағыттап, жұмысты ұйымдастыруы педагогикалық шеберлік негіздерін білумен шарттас. Бұл саланы зерттеуші ғалымдардың пікірінше педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөлінеді:

- педагогикалық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылығы;

- педагогикалық кәсіби білгірлігі;

- педагогикалық іс-әрекетке бейімділігі;

- педагогикалық техникасы.

Бұл аталған педагогикалық шеберлік жүйелері бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асады.

Зерттеу жүргізген ғалымдардың пікірінше, педагогикалық шеберлік жөніндегі ғылыми-зерттеу пайымдаулар мыналар:

- педагогикалық мақсаттылық, бағыттылық;

- тәрбие мен білім беру ісінің нәтижелілігі;

- әдістерді, құралдарды қолдана білудегі үйлесімділік;

- іс-әрекет мазмұнының шығармашылық сипат алуы.

Сонымен қатар әлеуметтік-қоғамдық өмірдің жаңаруына байланысты кәсіптік педагогикалық шеберлік деңгейіде дамуы тиіс. Педагог ғалымдардың пікірінше, педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттер:

1. Педагогикалық білім бірлігі.

2. Педагогикалық кәсіпке бейімділігі.

3. Ситуацияларды меңгеру.

4. Балалардың психологиялық жағдайын меңгеру.

Мұғалім шеберлігі – бұл өте жоғары білімді сапалар жиынтығы, әрі ұдайы жетіліп отыратын тәрбиелеу мен оқыту өнері. 22

Қазіргі заман мұғалімінің тұлғалық белгісі – ой өрісінің кеңдігі мен оның ауқымды дүниетанымы. Заман ағымымен теңдей қадам басамын деген әрбір адам өте көп ақпараттан хабардар болуы қажет. Қазіргі заман оқу әдістерін жеке меңгеру де осы шеберліктің бір қыры. Енді бір қыры – шәкіртпен қарым-қатынастың, шәкірттің іс-әрекетін қуаттау немесе тежеу болып табылады. Ұстаз өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен яғни дәлелдеп сендіру, шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете білу. Осы ықпал түрлерін іске асыруда ұстаз нағыз шебер болуы керек.

Педагогикалық шеберлік – мұғалімге оқу-әрбие процесін ұйымдастыруда қажетті кәсіби білім, білік және дағдылардың жиынтығы. Педагогикалық шеберліктің негізі жоғары оқу орнында қалыптасады. Оның мазмұнына:

1. Кәсіби педагогикалық білім;

2. Педагогикалық тәжірибе;

3. Шығармашылық тәжірибе;

4. Тұлғалық қасиеттері;

5. Кәсіби педагогикалық бағыты енеді.

Мысалы, педагогикалық тәжірибе – біріншіден, мұғалімнің нақты жағдайларды, балалардың, балалар ұжымының ерекшеліктерін және өзінің жеке ерекшелігін есепке ала отырып, педагогиканың практикадағы заңдарын және принциптерін шығармашылықпен, белсенді меңгеру мен іске асыруы.

1. Педагог шеберлігі, оның компоненттері:

Тәжіррибелік тапсырма:

1.Заману мектептің қоғамтану мұғалімі қандай болу керек?

2.Мұғалім кәсіби бейнесін жасау:

Рангілеу

мектеп мұғалімі

Ағылшын тілі мұғалімі

Қоғамтану пәні мұғалімі

1

Оқытушылық қабілет (әрі оқытушы, әрі тәрбиеші)

2

Қоғамдық жауапкершілік

3

Тәртіптілік

4

Әділдік

5

6
















1

4


4

№ 4 дәріске семинар сабағының тақырыбы дәріс: Қоғамтану пәні мұғалімінің мектептегі беделі, оның компоненттері мен жағдайы

Жоспар:


    1. Қоғамтану пәні мұғалімінің мектептегі беделі, оның компоненттері мен жағдайы

    2. Қоғамтану пәні мұғалімінің мектептегі беделі, оның компоненттері мен жағдайы

1. Мұғалімнің жеке тұлғасы – оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі

Тапсырма: «Менің сүйікті ұстазым», «Мұғалім идеалы», «Қазіргі мұғалім... Ол қандай болу керек?» және т.б. тақырыпқа өз таңдауыңыз бойынша шығарма жазыңыз.

Әдістемелік нұсқау: Онда мұғалім тұлғасының әлеуметтік-адамгершілік, кәсіби-педагогикалық және танымдық бағытталу қасиеттеріне сипаттама беріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Сухомлинский В. А. Сто советов учителю // Избр. Произв.: В5т. – Т.2. – Советы 53, 94-96.

2. Кан-Калик В. А. Учителю о педагогическом общении.-М., 1987. – С.122-137.

3. Ильин Е. Н. Искусство общения. – М., 1988.

4. Натанзон Э. Ш. Приемы педагогического воздействия. – М., 1972.

2. Мұғалімнің кәсіби білімінің ерекшеліктері

Тапсырма: Педагогикалық қызметтің мұғалім тұлғасына әсері қандай? Ауыл мектебіндегі мұғалім қызметінің спецификасы неде?

Әдістемелік нұсқау. Қалаған тақырыбыңыз бойынша мәнжазба дайындаңыз.238

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Сухомлинский В. А. Сто советов учителю // Избр. Произв.: В5т. – Т.2. – Советы 53, 94-96.

2. Кан-Калик В. А. Учителю о педагогическом общении. – М., 1987. – С.122-137.

3. Ильин Е. Н. Искусство общения. – М., 1988.

4. Натанзон Э. Ш. Приемы педагогического воздействия. – М., 1972.


1

5

5

№ 5 дәріске семинар сабағының тақырыбы: Қоғамтану пәні мұғалімінің өзіндік педагогикалық қызметіндегі стиліне сипаттама.

Жоспар:


1.1 Қоғамтану пәні мұғалімінің өзіндік педагогикалық қызметіндегі стилі.

1.2 Жеке өзіндік педагогикалық қызметтегі стилдің әртүрлілігі мен ерекшеліктері.

Педагогикалық еңбектерде педагогикалық этиканың төмендегідей принциптері қарастырылады.

Педагогикалық этиканың негізгі принциптері:

- Ізгілік принципі;

- Педагогикалық оптимизм;

- Педагогикалық ынтымақтастық және ұжымшылдық;

- Азаматтық, патриотизм;

- Тұлғаға талап қоя алу және оны құрметтеу;

- Кәсібилік, шығармашылық;

Сөз бен істің бірлігі



Педагогикалық моральдың мәні мен өлшемедері

Кәсіби мораль – бұл мұғалімнің кәсіби парызы, оның адамгершілік міндеттері.

Педагогикалық еңбекке қатынасының өлшемдері:

а) өмірдің басты мазмұны ретінде;

ә) өзінің қажеттіліктері мен қабілеттерін іске асыру құралы ретінде;

б) іс-әрекет ретінде



1

6

6

№ 6 дәріске семинар сабағының тақырыбы: Қоғамтану пәні мұғалімінің кәсіби қызметіндегі педагогикалық техниканың маңызы.

Жоспар:


1.1 «Педагогикалық техника ұғымы

1.2 Педагогикалық техниканың негізгі қызметі



1.3Қоғамтану пәні мұғалімінің кәсіби қызметіндегі педагогикалық техника ролі. Глосарри

педагогикалық іскерлік

мұғалімнің әр түрлі әрекеттерінің жиынтығы, ең бастысы олар педагогикалық әрекет функцияларына сәйкес, белгілі бір мөлшерде мұғалімнің жеке психологиялық ерекшеліктерін анықтайды

Педагогика-лық іскерлік

бұл теориялық білімге негізделген және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны дамытуға бағытталған, автоматтандырылған бірізді жүзеге асатын әрекеттердің жиынтығы

Педагогикалық жүйе (грек. - «бөліктерден құралған, қосылған»)

белгілі бір педагогикалық тұжырым және оны шынайы педагогикалық практикада жүзеге асыратын тәжірибені қамтитын кең педагогикалық ұғым.

Перцептивті іскерлік

қарым-қатынаста басқаларды қабылдау, түсіну түрінде көрініс табатын іскерлік.

Педагогика-лық техника

мұғалімнің өзін-өзі басқара алу және өзара әрекеттесу іскерліктерінен құралады. Педагогикалық техника мұғалім іс-әрекетінің ішкі мазмұны мен сыртқы көрінісінің үйлесімді жарасымдықта болуына ықпал етеді.

Педагогика-лық мораль

мұғалім тәртібіне, мінез-құлқына, өзін-өзі ұстау, қарым-қатынас жасау мәдениетіне қойылатын белгілі бір талап-тілектердің, қағида-ережелердің, қалыптың мазммұндық тұжырымның жүйесі, жиынтығы.

Педагогика-лық іс-әрекет

аға ұрпақтың жас ұрпаққа адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжірибені беруіне бағытталған, олардың тұлғалық дамуына жағдай жасап, қоғамда белгілі бір әлеуметтік рольдерді орындауға дайындайтын әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрі.

Педагогика-лық импровиза-ция

жасау мен қайта жаңғырту уақыты жағынан сәйкес келгенде кездейсоқ жағдаятқа жауап ретінде пайда болатын педагогикалық үдеріс барысындағы әрекет. Егер мұғалім фундаменталды білімдерді меңгерген, реакциясы жылдам, қиялы және интуициясы дамыған, қабылданатын шешімді сол сәтте жүзеге асыра алатын болса, онда импровизация жасау қиын емес.




1

7

7

№ 7 дәріске семинар сабағының тақырыбы: Өзін өзі жетілдірудің мақсаты, міндеттері, іске асыру жолдары.

Жоспар:


1.1 Өзін өзі жетілдірудің мақсаты, міндеттері.

1.2 Өзін өзі жетілдіруді іске асыру жолдары.



1.3Қоғамтану пәні мұғалімінің өз білімін шығармашылықпен жетілдіру қабілетінің маңызы.

Әдістемелік әдебиеттерде тарих сабағының нәтижелі болуының негізгі белгілері және оған қойылатын талаптар атап көрсетілген. Олардың қатарына қазіргі тарих сабағына қойылатын төмендегідей талаптарды жатқызуға болады:

- сабақтың ғылыми, теориялық жағынан жоғары деңгейде болуы;

- мазмұны мен құрылымы, тарихи үрдістерді дәуірлеуі «Қазақстан тарихы» ғылымының соңғы жаңалықтарына, педагогикалық-психологиялық және әдістемелік ғылымның дамуына сәйкес болуы;

- тарихты оқытудың өмірмен және қазіргі қоғамда болып жатқан оқиғамен байланыстылығы;

-оқытудың жалпы және ұлттық құндылықтарға, ғылым мен практика жетістіктеріне бағытталуы;

- мұғалім сабақтың түрін, құрылымы мен өткізу әдістемесінің тиімді жолдарын іздестіріп, дұрыс таңдап алуы;

- сабақтың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерінің ойдағыдай жүзеге асырылуы;

- өтілетін жаңа сабақтың өткен сабақтармен тығыз байланыстылығы;

- сабақтың біртұтастығы, ішкі бөліктерінің өзара байланыстылығы, мұғалім мен оқушының логикалық жағынан өзара тығыз бірлікте жұмыс істеуі;

-оқушылардың танып-білу жөніндегі белсенділігін арттыру, олардың өздігінше жұмыс істеу біліктерін қалыптастыру;

- мұғалімнің алға қойған білімдік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерді сабақ үстінде ойдағыдай іске асыруы;

- тарихты оқытуда оқушының белсенді танымдық қызметі, оның өзінің білімін үнемі толықтыруы мен біліктерін дамытуы;

- тарихи фактілерді бағалаудың көптүрлілігі, яғни оқушыны бір оқиға немесе құбылыс туралы түрлі көзқараспен таныстыру арқылы оларда өзіндік көзқарас қалыптастыру;

-оқыту үрдісін жаңа сапалық дәрежеге көтеру, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, тарихи білім беру саласында халықаралық байланыстарға шығу, осыған орай әдістемені жетілдіру;

- жаңа сабақты игеруде тарихтан басқа пәндерден алған білім, білік, дағдыны тиімді пайдалану;

- оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру

-мұғалім оқу материалын іріктегенде оқушының қабілетіне, жасына, деңгейіне сәйкестендіруі және т.б. жатады (4; 7; 8; 9;10).




1

8-9

8

№ 8 дәріске семинар сабағының тақырыбы: Қарым-қатынас – педагогикалық технологиясы.

Жоспар:


1.1 Қарым-қатынас – педагогикалық технологиясы

1.2 Қарым-қатынас – педагогикалық технологиясының маңызы.



Педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы (Г. М. Андреева бойынша)

- Коммуникативті

- Интерактивті

- Перцептивті



Педагогикалық қарым-қатынастың атқаратын қызметі:

- әлеуметтік

- психологиялық

- инструменталдық



Педагогикалық қарым-қатынаста кездесетін қиындықтар:

- Байланыс орната алмау:

- Сабақта оқушылардың қарым-қатынасын басқара алмау;

- Педагогикалық міндеттерге сәйкес қарым-қатынасты құрастыра және өзгерте алмау;

- Оқушының ішкі психологиялық позициясын түсінбеу;

- Өзінің психикалық жағдайын басқара алмау т.б.

Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас - бұл педагогтар мен тәрбиеленушілердің әлеуметтік психологиялық өзара әрекеттесу жүйесі, оның мазмұны ақпарат алмасу, тәрбиелеуші әсер жасау, коммуникативті құралдар көмегімен өзара қарым-қатынасты орнатуға бағытталады.

Педагогикалық іс-әрекеттегі қарым-қатынас –



1

9

9

№ 9 дәріске семинар сабағының тақырыбы: Мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар, негізгі қызметі, принциптері

Жоспар:


1.1 Мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар.

1.2 Мұғалімнің сөйлеу мәдениетінің қызметі, принциптері.

1 2. Зязюн И. А. Основы педагогического мастерства. – М., 1989.

Мұғалім сөзінің мәдениеті мен техникасы



Тапсырма:

1. Сөйлеу техникасы және оның педагогикалық қызметтегі рөлі.

2. Сөйлеу техникасын дамтыу жолдары.

Әдістемелік нұсқау: Фонационды тыныс алуды дамытуға арналған жаттығу түрлеріне мысал келтіріңіз. И. А. Зязюннің «Педагогикалық шеберлік негіздері» еңбегінің 121-125 беттеріндегі жаттығуларды орындауға дайындалыңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Василенко Ю. С. О голосе педагога. // Сов педагогика.-1972. -№7.-С.86-92.

2. Ножин Е. А. Основы советского ораторского искусства.-2-е изд., перераб.-М., 1981.иетінің маңызы.

1.4Оқытушы мен студенттің талап ету этикасы



1

10-11

10

№ 10 дәріске семинар сабағының тақырыбы: Технология ұғымы. Оқыту технологиясы пәні, мақсаты мен міндеттері.

Жоспар:


1.1 Оқытудағы педагогикалық инновациялық технологияның ғылыми негіздері

1.2 Оқытудағы педагогикалық инновациялық технологияның түрлері мен қызметі



1.3 Қоғамтану пәні мұғалімінің кәсіби қызметіндегі педагогикалық технологиянын орны.

Педагогикалық технологияның ерекшеліктері:

- оқытудың мақсатының айқын, нақтылы анықталуы;

- нәтижелердің жетістігіне бағытталуы;

- тәрбиелеу мен оқыту субъектілерінің іс-әрекетінің әрбір кезеңдері бойынша қадамдық құрылымының анықталуы;

- мониторинг, аралық және соңғы нәтижелерді бағалауы;

- тәжірибенің қайталануы мен алмасуы (10,362).

Ғылыми-педагогикалық еңбектерде дәстүрлі оқыту технологиясының төмендегідей белгілері атап көрсетіледі:

- ХУП ғасырда қалыптасқан, оның негізін Я.А. Коменский қалыптастырған.

- оқушылардың жас шамалары мен дайындық деңгейлері бірдей;

- бірдей жылдық жоспар мен бағдарлама бойынша сыныптық жұмыс;

- сабақ оқытудың негізгі бірлігі, әрбір сабақтың бір пәніне, тақырыбына, сынып оқушыларының бір материалмен жұмыс істеуіне арналуы;

- сабақтардың үнемі кезектесуі (оқу кестесі);

- мұғалімнің басқарушылық рөлі, т.б.

- оқыту мақсаты негізінен білім, білік, дағдыны меңгеруге бағытталған;

-иллюстрациялық-түсіндіру әдістері: лекция, баяндау, әңгімелесу, тәжірибелер, экскурсия, т.б.; репродуктивті әдіс: оқушылар сұрақтарға жауап береді, жаттығуларды орындайды, оқушы оқу материалын қайтадан қайталап айтып береді, т.б.;

-білімді меңгеру әдістері дайын білімдерді, ақпараттарды хабарлауға, жекеден жалпыға қарай үлгімен ғана оқытуға, механикалық есте сақтауға, ауызша айтып беруге, айтқанды қайталап айтып беруге негізделген(16; 17; 18, 19).




1

11

11

№ 11 дәріске семинар сабағының тақырыбы: Қоғамтану пәнін оқытуда қолданылатын инновациялық технологиялар.

Жоспар:


1.1 Курсты оқытуда ақпараттық және коммуникациалық технологияларды (АКТ)пайдаланудың тиімділігі

1.2 Қоғамтану курсын оқытуда ақпарттық технологияны пайдаланудың тиімділігінің диагностикасы

1.3 Дамыта оқыту технологиясын пайдалану жолдары. Нақты сабақты өткізу әдістемесінен мысал келтіріңіз.

1.4 Модульдік оқыту технологиясын пайдалану жолдары..

1.5 Тірек-сызба, саралап- деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану жолдары. Тиімді жақтарынан мысал келтіріңіз. т.б.

Дәстүрлі оқыту технологиясының жағымды жақтары:

- білім жүйесін, ғылым негіздерін қалыптастыру;

- жүйелілік сипаты;

- оқу материалының реттеліп, логикалық жағынан дұрыс берілуі;

- ұйымдастырудың айқындылығы;

- инвариативтілігі;



Дәстүрлі оқыту технологиясының тиімсіз жақтары:

- сабақты бірқалыпты жоспар бойынша құрастыру, біржақтылығы;

- сабақ уақытының үнемсіздігі;

- оқушылардың енжарлылығы, дербестігінің жоқтығы;

- орташа оқушыға бейімделуі;

- кері байланыстың нашарлылығы;

-оқушылардың дербестігі мен танымдық белсенділігін дамыту жағ-дайларының жеткіліксіздігі, т.б.

Педагогикалық технологиялардың қызметі:

- жеке тұлғаның даралығын, құндылығын, қабілетін, мүмкіндігін ескере отырып, тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған;

- дұрыс қойылған мақсаттарға сай мұғалім мен оқушының әрекетін жобалау; - оқыту үрдісін, сабақ жоспарын тиімді құру және жүзеге асыру;

- әрбір оқушының өзіндік тәжірибесіне сүйенуі;

-педагогикалық технологияның мақсатын, міндеттерін, әдістерін, құралдарын оқушының да, мұғалімнің де жете түсінуі, меңгеруі және ұтымды пайдалануы;

- ұстаз бен оқушының бірлескен белсенділігін дамытатын іс-әрекетінің ұйымдастырылуы;

-мұғалім пен оқушының өзара түсіністік жағдайға келуі, интерактивті қатынас үшін жағдай жасау;

-оқушының өздігінен білім алуы, ақпаратты іздеуі, табуы, шешуі, өзін-өзі тануы, өзін-өзі анықтауы, өзін-өзі жүзеге асыруы;

- мұғалімнің кәсіби шеберлігінің дамуын, т.б. қамтамасыз етеді (10,365-366).

1.5 Қоғамтану материалдарын оқыту үрдісінде жаңашыл білім беру технологиясының тиімді әдістерін пайдалану.



1

12-13

12

№ 12 дәріске семинар тақырыбы: Түрлі ақпаратты жинау, өндеу, оқыту қызметін ұйымдастыру процесінде қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану.

Жоспар:


1.1Түрлі ақпаратты жинау, өндеу, оқыту қызметін ұйымдастыру процесінде қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану.

1.2Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану.

1.3 АКТ-ны қолдану арқылы өздігінен оқу материалдарын даярлау.

1.4.АКТ-ны қолдану арқылы сабақтарды жоспарлау, ақпараттық және компьютерлік технологиямен жұмыс жасау, т.б. 1 Кесте- Ақпараттық технология ұғымы туралы ғалымдардың пікірі




¥ғым

Авторлар


Анықтамалар

2

3

4

Ақпараттық технология дегеніміз:




В. Глушков

«Ақпараттық технология» ұғымын В. Глушков енгізді. Ғалымның анықтамасы бойынша: Ақпараттық технология дегеніміз — ақпаратты өндеумен байланысты үрдістер. Оқытуда ақпараттық технологияларды үнемі қолдану, ал оқыту дегеніміз — ақпаратты оқытушыдан тәлімгерге немесе оқушыға жеткізу.




В.Апатова

— ақпаратты өндеу үрдісі арқылы жүзеге асатын құралдар мен әдістер жиынтығы.






Д.Матрос

- кез келген әдістер немесе педагогикалық технологиялар ақпаратты тәлімгерлер, оқушылар меңгеру үшін қалай өңдеу және жеткізу керектігін суреттейді, яғни, оның анықтамасы бойынша, кез келген педагогикалық технология дегеніміз — бұл ақпараттық технология.

Ақпарттық технология

Ақпараттық технологиялар ақпараттық үрдістердің әр қилылығына байланысты мынандай технологияға жіктеледі:



-ақпаратты жинау;
-ақпаратты жеткізу;
-ақпаратты өндеу;
-ақпаратты жинақтау;
-ақпаратты сақтау;
-ақпаратты ұсыну;
-ақпаратты пайдалану;
-ақпаратты қорғау.






Ғалымдар:

оқытудың ақпараттық технологиясы: оқытушылық іс-әрекетті және құралды іске қосу, олардың жұмыс істеуі кезіндегі пайдаланылатын электрондық және бағдарламалық құралдар жиынтығы.

«Оқытуды компьютерлендіру – тар мағынада компьютерді оқыту құралы ретінде пайдалану, кең мағынада компьютердің оқу процесінде көп мақсатты пайдалануы» деп педагогикалық-психологиялық сөздікте анықтама берілген (1,162-163). Компьютер ақпараттық технологияның бір құраушысы болғандықтан, «оқытуды компьютерлендіру» терминінің орнына дәл осы мағынадағы «оқытуды ақпараттандыру» термині қолданылады. Оқытуды компьютерлендірудің мақсатыжас ұрпақты ақпараттандырылған қоғамда, яғни ақпаратты ұқсату туралы қызметтің алуан түрі кеңінен тараған, ақпараттық технология өндіру қаракетінің барлық салаларында жетекші орын алып отырған қоғамда өмір сүруге даярлау; ақпараттандыру құралдарын ендіру арқылы оқытудың нәтижелілігін арттыру (2; 37).


1

13

13

№ 13 дәріске семинар сабағының тақырыбы:

Қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы, «Адам.Қоғам.Құқық негіздері» пәні бойынша жаңа тұжырымдама, стандарт, оқулық, бағдарлама және оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнын сипаттау, олармен өздігінше жұмыс жасау.

Жоспар:

1.1 «Адам.Қоғам.Құқық негіздері» пәні бойынша оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру мәселесі



1.2 Қоғамтану пәнінде өзіндік жұмысты ұйымдастыру әдістемесі

1.3Қоғамтану курсын оқытуда оқушылардың өзіндік жұмысын орындау әдістері.

Педагог-ғалымдар мен әдіскерлер өз еңбектерінде өздігінше ұғымының мынадай белгілерін: мұғалім жағынан көмектің болмауы; оқушының жұмыстың мақсатын түсінуі; өзінің белсенділігі (ойлаудың күшеюі); жаңа білімді игеруі немесе білімді шығармашылықпен қайта өңдеуі т.б. атап көрсетілген (13;14; 15; 16 ;17; 18;19).

Өздігінше жұмыстың маңызды міндеттерінің бірі – оқушыда жеке тұлға ретінде шығармашылық танымдық қызметін қалыптастыруы болып табылады.

Оқушы өздігінен білім алып, ізденіп, қорытынды жасап, талдау үшін, өзіндік өмір тәжірибесіне сүйенеді. Бүгінгі таңда білім берудің жаңа мазмұнына сай оқушының оқу қызметінің субъектісі ретінде дара, өзіндік жұмыс істеуге, өзін-өзі тануға, өздігінен білім алу арқылы дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны басты құндылық ретінде қалыптастыру маңызды болып табылады.

Қазақстан тарихын оқып-үйрену барысында оқушылардың өздік жұмысын мынадай тұпнұсқалармен а/ оқулық ә/ тарихи көздер мен материалдар: құжаттар, фотоқұжаттар, статистика және басқалар: б/ анықтамалық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік әдебиеттер; в/ күнделікті бұқаралық ақпарат құралдары және баспасөз материалдары; г/ иллюстрация, нобай, диаграмма, кесте; д/ жұмыс дәптерлері: ж/ компьютермен және басқалармен ұштастыруға болады.




1

14

14

№14 дәріске семинар сабағының тақырыбы:

Қазақстан Республикасы мектептерінде тарих пәнінен білім беруді дамытудың замануи жүйесі.

Жоспар:

1.1 Қазіргі кезеңдегі тарихи білім берудің сипаттамасы.



1.2 Тарихи білім берудегі жаңа стандарт, оқу бағдарламамлары мен оқу құралдары.

1.3 Тарих пәнін оқытудағы қолданыстағы оқу бағдарламаларының мазмұны.

1.4 Тарих пәнінен жаңа буын оқулықтарына сипаттама.

1.5Тарих пәнін оқытудағы қолданыстағы оқу әдістемелік кешеннің сипаттамасы.

1.6Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұны.

Тарих пәнінің білім стандарты бойынша жаңартылған оқу бағдарламасы, оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендері дайындалды

Кесте-1. Қолданыстағы және жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша Дүниежүзі тарихы мен Қазақстан тарихы бағдарламаларының негізгі компоненттері: (жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша нұсқаулықтан алынды).

рр/с

Қолданыстағы Дүниежүзі тарихы мен Қазақстан тарихы бағдарламаларының негізгі компоненттері:


Жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша Дүниежүзі тарихы мен Қазақстан тарихы бағдарламалары қамтиды:

1

1


Қазіргі қолданыстағы оқу бағдарламаларында білім мазмұны мен құрылымы сипатталады, түсінік хат жазылады, тарих мәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар, біліктілігі, оқу біліктерін тәжірибеде қолдану анықталады, әр тараулар мен тақырыптарды оқуға бөлінетін сағат саны, т.б. белгіленеді.


Қазақстан тарихы бойынша жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұны жалпы білім беретін мектептерге арналған қолданыстағы Үлгілік оқу бағдарламасында көрсетілген мазмұнды қамтиды. Сонымен бірге, оқиғаларды, фактілерді толығырақ зерделеуге емес, оларды пайымдауға ерекше көңіл аударылады, сөйтіп тарихи ойлау дағдыларын дамытуға көмектеседі [ ].

11

Түсінік хат

Ерекшеліктері: Қазақстан тарихы» пәні

бойынша оқу бағдарламасы келесі бөлімдерден тұрады:



22

2


Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы

Жалпы ережелер – бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, оның мазмұнын іске асырудың негізгі әдістемелік және педагогикалық тәсілдері туралы ақпаратты қамтиды;

33

2


Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру – оқу жүктемесінің көлемі туралы ақпаратты және пән бойынша тақырыптық мазмұнды қамтиды;

44

2


Білуі тиіс

Оқу мақсаттарының жүйесі – сыныптар мен бөлімдер бойынша ұсынылған оқытудың күтілетін нәтижелерін (оқыту мақсаттары) қамтиды[ 67 ].



1

15

15

№ 15 дәріске семинар сабағының тақырыбы: Тарих пәнінен білім беру мәселесі бойынша нормативті құқықтық құжаттардың мазмұны.

Жоспар:


1.1 ҚР Конституциясы, «Білім туралы» Заңы, білім беруді дамытуға қатысты мемлекеттік бағдарламалардың мазмұнын талдау.

1.2 Білім беруді дамытуға қатысты тұжырымдамалардың мазмұны.

1.3 Тарихты оқыту әдістемесі мен оқыту технологиясы бойынша заңдарды оқып үйрену.

Қазақстан Республикасында мектептерде тарихи білім беру мәселесі жөніндегі нормативті құжаттарды оқып үйрену

Білім беру «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Елбасы республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойды. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.


    Осы ретте, еліміздің мектептерінде тарихи білім сапасын арттыруда білім беруді дамытуға қатысты нормативті құжаттарды оқып үйрендің мәні зор. Олардың қатарында: «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жж. арналған Мемлекеттік бағдарламасы», «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жж. арналған Мемлекеттік бағдарламасы», Қазақстан Республикасының 2007 жылғы «Білім туралы Заңы», 1995 жылғы «Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасуы тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасының 1997 жылғы «Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» , «Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» , «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы", Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасы» сияқты маңызды құжаттардың мазмұнын терең білу маңызды. Өйткені қазіргі білім беру саласына қатысты құжаттарда: еліміздің жаңа экономикалық және әлеуметтiк-жағдайларға сай мемлекеттiк саясаттың стратегиясы, негiзгi бағыттары, білім беру мемлекеттік бағдарламаларының, тұжырымдамаларының мақсаты, міндеттері мен негізгі басымдықтары, жастардың тарихи санасы мен патриотизмін тәрбиелеудің қағидаттары мен амалдары, құзыреттілік тұрғыдағы білім беру мазмұны, кадрларды даярлаудың сапасын көтеру, қазіргі заманғы мұғалімдерді дайындау, оның мәртебесі, оқыту жүйесін ақпараттандыру, елімізде индустриалды-инновациялық даму жағдайында білім беру жүйесін қайта құру және осы шараларды іске асырудың тетіктеріне баса назар аударылған.

мен оқыту технологиясы бойынша құжаттар мен басқа деректерді пайдаланудың сипаттамасы. т.б.



1




Барлығы:




15


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет